Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 30 наурызда N 1442 болып тiркелген "Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi Төрағасының 2001 жылғы 15 ақпанда

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 25 желтоқсандағы N 157 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 10 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2116. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 1 шілдедегі N 290 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Түркiменстандағы Елшiлiгiн әкiмшiлiк орналастыру үшiн Ашгабад қаласы, Гарашсызлык даңғылы, N 11 және N 13 мекен-жайы бойынша орналасқан ғимараттарды (бұдан әрi - Ғимараттар) Қазақстан Республикасының меншiгiне сатып алу туралы ұсынысы қабыл алынсын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру үшiн шет елдерде жылжымайтын мүлiк сатып алу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен Ғимараттарды сатып алуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ақы төленетiн күнге белгiлеген бағам бойынша 740000 (жетi жүз қырық мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлiнсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі