Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 465 Жарлығымен

      1-бап. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 316-құжат; 2008 ж., № 10-11, 40-құжат; 2009 ж., № 8, 42-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      3-бап мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.».
      2-бап. Осы Заң қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ