Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 20 наурыздағы N 04.2-44/78 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 14 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5633 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 87 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 21 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2006 жылғы 5 маусымдағы "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу ережесі бекітілсін.
      2. Келесі бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының м.а. 2007 жылғы 9 тамыздағы N 02-02/192 "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу ережесі туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4899 тіркелген, 2007 жылғы 12 қыркүйектегі N 139 (1168) "Заң газетінде" жарияланған);
      2) Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 02-02/10 "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының м.а. 2007 жылғы 9 тамыздағы N 02-02/192 "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу ережесі туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5138 тіркелген).
      3. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Тіркеу департаменті:
      1) Заң басқармасымен бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі бойынша шаралар қабылдасын;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде Агенттіктің мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы мен "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет түрінде жеткізсін;
      3) осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бағыттаушы орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялануынан он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Төраға                                       А. Арыстанов

Қазақстан Республикасы  
Алматы қаласының өңірлік 
қаржы орталығының қызметін
реттеу агенттігі Төрағасының
2009 жылғы 20 наурыздағы 
N 04.2-44/78 бұйрығымен  
бекітілген        

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы ереже       1. Жалпы ережелер

      1. Осы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) 2006 жылғы 5 маусымдағы "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
      Ереже Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларын (бұдан әрі – брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымдар), қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен берілген брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясы бар, аккредиттеуді жүргізу тәртібін белгілейді.
      2. Аккредиттеудің мақсаты бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы (бұдан әрі - қаржы орталығының қатысушысы) ретіндегі қызметін жүзеге асыру құқықтарын ресми тану болып табылады.
      3. Зейнетақылық активтерді инвестициялық басқару бойынша қызмет атқаратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, банктік ұйымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорлары қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттелуге жатпайды.

2. Аккредиттеуді жүргізу тәртібі

      4. Брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымдар қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеуден өтуі үшін уәкілетті органға келесі құжаттарды ұсынады:
      1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес белгіленген тәртіпте мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аккредиттеу туралы өтініш;
      2) Жарғының нотариалды расталған көшірмесі;
      3) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      4) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен берілген брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензияның нотариалды расталған көшірмесі;
      5) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шетел жұмыс күшінің бар екендігі туралы мәлімет;
      6) заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжаттар (заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжаттар: жалға алудың, сатып алу-сату шартының, ғимаратқа деген құқықтың тіркелу куәлігі немесе азаматтық заңнамада қарастырылған басқа да құжаттың нотариалды көшірмесі болып саналады);
      7) бірінші басшымен қол қойылған, брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымның мөрімен расталған (егер құжаттар оның өкілімен ұсынылған жағдайда), құжаттарды ұсыну мен алуға сенімхат.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2010.05.04 № 04.2-40/88 Бұйрығымен. 
      5. Аккредиттеу туралы өтінішті қарастыру нәтижелері бойынша уәкілетті орган брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымды қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы бұйрық шығарады, бұйрыққа уәкілетті органның басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.
      Уәкілетті орган келесі жағдайларда брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымды қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеуден дәлелді жазбаша түрде бас тартады:
      1) осы Ереженің 4-тармағында қарастырылған құжаттардың бірі немесе бірнешесі ұсынылмаған;
      2) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен берілген лицензияның уақытша тоқтатылуы, күшінің жойылуы немесе өтініш беруші мұндай лицензиядан айырылған;
      3) ұсынылған құжаттардың дерексіздігі анықталған.
      Брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымның жоғарыда айтылған бұзушылықтарды жойған жағдайда, аккредиттеу туралы өтініш құжаттарды қайта тапсырған күннен бастап жаңадан қарастырылады.
      6. Уәкілетті орган қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеуге ұсынылған құжаттар өтініш тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2010.05.04 № 04.2-40/88 Бұйрығымен.
      7. Брокерлік және (немесе) дилерлік ұйым мен оның құжаттары осы Ережеге, сәйкес болған жағдайда, осы Ереженің 3-қосымшасына сай қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәлік беріледі.
      Аккредиттеу туралы куәлік уәкілетті органның басшысы немесе оның орынбасарымен қол қойылатын, брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымның басшысына не болмаса оның сенімхат бойынша өкіліне берілетін ресми құжат болып табылады.
      8. Атауы өзгертілген жағдайда брокерлік және (немесе) дилерлік ұйым бір ай мерзімінде қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу мен Қаржы орталығының қатысушыларының мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізу үшін уәкілетті органды хабарландыруы тиіс. Хабарландыру (өтініш), осы Ереженің 4-тармағының 2)-4), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен қоса, еркін түрде ұсынылуы шарт.
      Брокерлік және (немесе) дилерлік ұйым жаңа басшының сайлануы, өзінің мекен-жайының өзгеруі және Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігі туралы уәкілетті органды он күндік мерзімде хабарландыруы тиіс. Хабарландыруда басшыны сайлау туралы шешімнің күні мен нөмірі, басшының жеке куәлігінің күні мен нөмірі, сондай-ақ ұйымның заңды және тұрғылықты мекен-жайы қоса көрсетіледі.
      Брокерлік және (немесе) дилерлік ұйым осы Ереженің 9 және 10-тармақтарында қарастырылған жағдайларда өзінің қызметіне қатысты барлық өзгерістер туралы уәкілетті органды осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мерзімде хабарландыруы тиіс.
      9. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен берілген лицензияның күші тоқтатылған жағдайда, қаржы орталығы қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәліктің күші лицензияның қайта қалпына келтіру уақытына дейін тоқтатылады. Аккредитеу туралы куәлігі күшінің тоқтатылуы және қайта қалпына келтірілуі уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарының сәйкес бұйрықтарымен рәсімделеді.
      10. Брокерлік және (немесе) дилерлік ұйым тарату немесе қайта ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен берілген лицензияның күші тоқтатылған немесе айырылған жағдайда, қаржы орталығы қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәліктің күші тоқтатылады.
      11. Уәкілетті органның сәйкес бұйрығымен келесі жағдайларда онымен берілген қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәліктің күшін жояды:
      1) қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен берілген брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру лицензиясынан айырылған немесе тоқтатқан;
      2) брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымның тарату немесе қайта ұйымдастырылу;
      3) брокерлік және (немесе) дилерлік ұйым қаржы орталығының қатысушысы ретінде акредиттеу туралы куәлікті өз еркімен қайтарған.
      12. Брокерлік және (немесе) дилерлік ұйым уәкілетті органның аккредиттеу туралы куәліктің күшін жою туралы шешімін алған күннен бастап, брокерлік және (немесе) дилерлік ұйым қаржы орталығының қатысушысы ретінде акредиттеу туралы куәлігін уәкілетті органға он күндік мерзім ішінде қайтарады.

3. Қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесін беру

      13. Брокерлік және (немесе) дилерлік ұйым қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәлікті жоғалтқан жағдайда:
      1) нөмірі мен берілген уақыты көрсетілген, қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәліктің жоғалтуы туралы хабарлама Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімдік басылым беттерінде жария етуі;
      2) уәкілетті органға осы Ереженің 4-қосымшасына сай белгіленген тәртіпте қаржы орталығы қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәлік көшірмесін беру туралы өтінішке басшы немесе оның орынбасары қол қойған және брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымның мөрі басылған, өтініш ұсынуы қажет. Өтінішке осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген хабарландыру жарияланған мерзімдік басылым түпнұсқасының бір данасы қоса ұсынылады.
      14. Қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесі уәкілетті органның өтінішті қабылдаған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде беріледі, ол уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарының сәйкес бұйрықтарымен рәсімделеді.
      15. Қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесіне уәкілетті орган мемлекеттік және орыс тілдерінде "көшірме" мөртаңбасын қояды және құжат көшірмесін беру мерзімін көрсетеді.

Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығының қатысушысы ретінде
аккредиттеу туралы ережеге 
1-Қосымша        

________________________
Тіркеуші органның атауы 

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы  ретінде аккредиттеу туралы өтініш

      Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде қызмет атқаруы үшін
______________________________________________________________
      (брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымның толық атауы) аккредиттеуді өтінемін.

Брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымның мекен-жайы:
_________________________________________________________________
              (қала, пошталық индекс, қала ауданы,
___ ______________________________________________________________
      көше, шағын аудан, үй нөмірі, телефон, факс)

Қызметінің негізгі түрі: ________________________________________

Брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымның құрылтайшыларының құрамы:
_________________________________________________________________

Брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымның басшысы туралы мәліметтер:
Аты-жөні:________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат:__________________________________
                             (нөмірі, берілген күні, берген мекеме)

ЖИН: ____________________________________________________________
Телефон нөмірі: _________________________________________________
Факс нөмірі: ____________________________________________________
Е-mail: _________________________________________________________

__________________________________              _________________
       Басшының аты-жөні                             қолы

      "____" ________________ 20__ жыл

Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығының қатысушысы ретінде
аккредиттеу туралы ережеге 
2-Қосымша        

   _______________________________________________
    (брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымның атауы)
       шетелдік жұмыс күшінің барлығы туралы мәліметтер      

р/б
N

Аты-жөні мен туған күні

Азаматтығы

Тұрақты түрде тұратын мемлекеті

Мамандығы және білімі

Классификаторлық қызметі немесе біліктілік анықтамасына сәйкес ұйымдағы лауазымы

Еңбек қызметін атқарудың басталуы (еңбек шартының жасалған күні)

  Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығының қатысушысы ретінде
аккредиттеу туралы ережеге 
3-Қосымша         

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі        Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәлік

      ____________________________
      нөмір

Алматы қаласы                               "___" __________ 20__ жыл


Заңды тұлғаның атауы:


Куәлік Қазақстан Республикасы заңнамасы шегінде Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде қызмет атқаруға құқық береді.

басшы                             қолы                    аты-жөні

   М.О.

Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығының қатысушысы ретінде
аккредиттеу туралы ережеге
4-Қосымша       

____________________________
  Тіркеуші органның атауы

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесін беру туралы өтініш

1. Брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымның атауы ___ _______________
____________________________________________________________________

2. Брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымның тіркеу нөмірі___________
____________________________________________________________________

3. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесін берудің негіздемесі_________

____________________________________________________________________                      (куәлікті жоғалту мән-жайлары)

4. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәлік түпнұсқасының жоғалғандығы туралы хабарландыру жарияланған мерзімдік басылымның атауы, нөмірі және мерзімі
____________________________________________________________________

_______________________________________              ______________
          Басшының аты—жөні                                қолы

      М.О.

"____" ___________ 20__ жыл

Өтінішке қосымша: