Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 мамырдағы N 523 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 1553 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.06 № 1553 Қаулысымен.

      "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы Заңының 6-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу ережесі бекітілсін.

      2. Аудитке жұмсалған шығындарды өтеу Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органға тиісті қаржы жылына бөлінген бюджет қаражаты шеңберінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      3. Бір эмитенттің аудитке жұмсалған шығындарын өтеу мөлшері 12000 (он екі мың) айлық есептік көрсеткішке баламалы сомадан аспайды.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2008 жылғы 30 мамырдағы
N 523 қаулысымен  
бекітілген  

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарын өтеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы Заңының 6-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының (бұдан әрі - қаржы орталығы) арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу тәртібін айқындайды.

2. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі

      2. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша қаржы есептілігі аудитін бұдан бұрын өткізбеген, қаржы орталығының арнайы сауда алаңында қаржы құралдарын орналастыруды жүзеге асырған эмитент осы Ережеге 2-қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудитке жұмсалған шығындарды өтеуге арналған өтінішті қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсынады.

      3. Осы Ережеге 2-қосымшада санамаланған бірнеше парақтан тұратын құжаттардың көшірмелері нөмірленген, тігілген және лауазымды адамдардың қолдарымен және соңғы парағының артқы жағында тігілген парақтар санын көрсете отырып, тігіс түйініне жапсырылған құлақшаның үстінен жартылай эмитенттің мөрімен куәландырылған күйде ұсынылады.

      4. Эмитенттерге аудитке жұмсалған шығындарын өтеуге арналған өтініштер ағымдағы жылдың бірінші мамырына дейін қабылданады.

      5. Эмитенттің аудитке жұмсалған шығындарын өтеу үшін ол ұсынған құжаттарды уәкілетті органның қарау мерзімі осы Ережеге 2-қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсыну сәтінен бастап он жұмыс күнін құрайды.

      6. Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетіні не сәйкес келмейтіні туралы шешім қабылдайды, бұл туралы үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде эмитентке хабарлайды.

      7. Ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі жағдайында уәкілетті орган өзі белгілеген соманы келесі қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімге енгізеді.

      8. Эмитенттерге аудитке жұмсалған шығындарын өтеу аудитке жұмсалған шығындарды өтеуге өтініш берілген жылдан кейінгі жылдың бірінші ақпанынан бастап жүзеге асырылады.

      9. Аудитке жұмсалған шығындар эмитентке бір рет өтеледі.

3. Қорытынды ережелер

      10. Осы Ережеде реттелмеген өзге мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

Алматы қаласының өңірлік 
қаржы орталығының арнайы 
сауда алаңына жіберілген 
қаржы құралдары      
эмитенттерінің аудитіне 
жұмсалған шығындарды өтеу
ережесіне      
1-қосымша     

Алматы қаласының    
өңірлік қаржы орталығының
қызметін реттеу жөніндегі
уәкілетті орган    
басшысы       
_______________   

Аудитке жұмсалған шығындарды
өтеуге өтініш

Алматы қ.                               200__ж. "___"________N_____
___________________________________________________________________
                 (эмиттенттің толық атауы)
____________________________________________________________атынан
                  (аты-жөні, лауазымы)
 
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
қызметін реттеу агенттігінен (200_ ж. "___"________ - 200_ ж."___"
______________ мынадай аудиторлық ұйым
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(заңды мекен-жайын көрсете отырып, аудиторлық ұйымның толық атауы)
жүзеге асырған аудитке жұмсалған шығындарды өтеуін сұрайды.
      Бұл ретте _________________________________________________
                        (эмиттенттің толық атауы)
     1) жоғарыда көрсетілген аудиторлық ұйыммен аудиторлық қызметтер
көрсетуге арналған шарттың 200 _ ж. "___"________N ____ жасалғанын;
     2) аудитке жұмсалған шығындардың 200 _ ж. "___"_____________
төленгенін
_________________________________________________________________
    (аудитке жұмсалған шығыстардың төленгенін растайтын құжат,
                   нөмірі және күні)

      3) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда
алаңының ресми тізіміне енгізілген қаржы құралдары Алматы қаласының
өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында ашық сауда-саттық
әдісімен 200 ж. "___"________________________________ мөлшерінде
орналастырылғанын;
      4) аудиторлық ұйым біздің ұйыммен аффилиирленбегенін және
(Қазақстан Республикасының резиденттері үшін) Қазақстан
Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит
жүргізуге құқықтары шектелмейтінін растайды.
_______________________________________________________ мынадай
          (эмитенттің толық атауы)

деректемелер бойынша төлем жүргізуді сұрайды:
_________________________________________________________
       (шот нөмірі және банктік деректемелері)

      ___________________
         (аты-жөні)

      ___________________
           (қолы)

      М.О.

Алматы қаласының өңірлік 
қаржы орталығының арнайы 
сауда алаңына жіберілген 
қаржы құралдары    
эмитенттерінің аудитіне 
жұмсалған шығындарын өтеу
ережесіне       
2-қосымша       

Эмитенттер аудитке жұмсалған шығындарын өтеуге ұсынатын құжаттардың тізбесі

      Эмитенттер уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) қаржы есептілігі аудитін жүргізуге аудиторлық ұйыммен жасалған шарттың көшірмесі;
      2) аудитке жұмсалған шығыстардың төленгендігі фактісін растайтын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі (құжат көшірмесінің шынайылығы тексерілгеннен кейін түпнұсқа эмитентке қайтарылады);
      3) аудиторлық ұйымның қаржы орталығының арнайы сауда алаңына қаржы құралдарын жіберу үшін уәкілетті орган белгілеген аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
      4) эмитенттің қаржы құралдары эмиссиясы проспектісінің көшірмесі, сондай-ақ олар болған кезде шығарылым проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар;
      5) аудиторлық ұйымның эмитентпен аффилиирленбегені туралы, бұдан басқа, Қазақстан Республикасының резиденті - аудиторлық ұйым үшін аудиторлық ұйымда Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқықтарын шектеулердің жоқтығы туралы жазбаша растама;
      6) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған қаржы есептілігі аудиторлық есебінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      7) бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      8) биржалық куәліктердің көшірмесі;
      9) орталық депозитарийдің жазбаша растамасы;
      10) мөрмен куәландырылған, эмитент атынан құжаттарды ұсыну мен алу құқығына эмитенттің өкіліне заңды тұлғаның бірінші басшысының атынан берілген сенімхат.