Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесін, "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы" N 1-ОЛ нысанды статистикалық есепті және оның құрылуы бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2007 жылғы 30 мамырдағы N 20 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 4 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4699 болып енгізілді. Күші жойылды - ҚР Бас прокурорының 2011.11.16 № 109 бұйрығымен, 2012.07.01 бастап күшін жоятын 1-тармақтың 1) тармақшасын және 2012.02.01 бастап  күшін жоятын 1-тармақтың 2) және 3) тармақшаларын қоспағанда.

      "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" және»"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы"
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 14 наурыздағы N 56-ө  өкіміне  мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген»"Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" және»"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде:
      реттік нөмірі 2-жолдың 5-бағанындағы»"наурыз" деген сөз»"маусым" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-жолмен толықтырылсын:
      "5  Сәйкестендіру    Қазақстан       Әділетмині     2007
          нөмірін          Республикасы    (жинақтау),    жылғы
          интегралдық      Үкіметінің      АБА            маусым
          микросхемаға     қаулысы
          енгізу ережесін
          бекіту туралы                                        ".

       Премьер-Министр