Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 166 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 977 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 139 Жарлығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 27.06.2014 № 240-Ө бұйрығымен.

      «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағы 21) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Балық аулауға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құралдар тізбесі және балық аулау әдістері  бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін  қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     А. Күрішбаев

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 27 сәуірдегі  
№ 296 бұйрығымен бекітілген

Балық аулауға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құралдар түрлерінің және балық аулау әдістерінің тізбесі


Балық аулау кәсіпшілік құралдар түрлері

1.

Полиамидтік және илемді моножіп және моноталшықтан жасалған аулардан басқа аулардың барлық түрлері

2.

Вентерлер

3.

Сүйреткіштер

4.

Жылым ау

5.

Аулардың барлық түрлері (шиланды, тастама, түпті, бұрап лақтыратын, тіректі, қойылатын)

6.

Тралдардың барлық түрлері (электрлық, егіздік, тіректі)

7.

Сүзгіштер (аулық, лақтырғыш, көтерілетін, екі ауыздық)

8.

Мереждер

9.

Төбелер

Балық аулау кәсіпшілік емес құралдар түрлері

10.

Қармақ

11.

Қапты ілмек

12.

Сапсыз қармақ

13.

Ілмек

14.

Су астында аңшылық ететін мылтық

15.

Шаянаулағыштар

16.

Спиннингтердің барлық түрлері

Балық аулау әдістері

17.

Ұяшықтайтын құралдарымен аулау балықтың ұяшықтарда немесе торда ұяшықталуына (оралып қалуына) негізделген: қойылмалы ауларға қазықтың, зәкірдің көмегімен қозғалмайтын жайда орнатылатын ұяшықтайтын құралдардың барлық түрлері кіреді;
жүзбелі өзен аулары – жұмыстық жағдайда өзен ағысымен қалқып, жолда кездескен балықты аулайтын ұяшықтайтын аулау құралдары;
дрифтерлік (қалқымалы) аулар жұмыстық жағдайда нашар ағысы бар су айдынында қалқып, оған жақындаған балықты аулаумен сипатталады;
лақтырмалы ауларға кейіннен балықты ауға қуып кіргізуінде балықты аулық қабырғамен толық немесе жартылай қоршауында негізделген аулаудың ұяшықтайтын құралдары жатады.

18.

Тұзақтармен аулау балықтың кері шығуы қиындатылған кірістері бар аулық және басқа құрылғыларға өз еркімен кіруіне негізделген: қойылмалы аулар – үстері ашық ірі тұзақтар;
вентерлер – үстері жабық ұсақ тұзақтар.

19.

Сүзетін құралдармен аулау (тралдық аулау, лақтырмалы аулармен аулау, судын түбінде аулармен аулау, шошақ аулармен аулау, борттық қапсырмаларымен аулау, қалталы аулармен аулау) ау қабырғасымен балықты қоршап, оны аулау құралы орнын ауыстыру барысында судан бөліп алынуында негізделген:
тралдар – суда кемелердің көмегімен жетектелетін тор қапшық түрі бар аулау құралдары;
лақтырмалы аулар – су айдынын түбінен су бетіне дейін жабатын және балықты аулық қабырғамен қоршап, кейіннен ауларды жағаға немесе қозғалмай тұрған кемелерге алып шығарылуында негізделген аулау құралдары;
судың түбінде аулайтын аулар – түбіне жақын судың бөлігін қоршап, балықты аулық қабырға және лай су жолағымен қоршап, кейіннен аулау құралын кемеге шығаруда негізделген аулау құралдары;
қоршағыш лақтырмалы (шилан) аулар – судың ортаңғы бөлігінде мекендейтін балықты аулық қабырғамен қоршап, кейіннен аулау құралын кемеге шығаруда негізделген аулау құралдары;
түптіктер – балықтың астыңғы жағынан әкелініп, кейіннен кеменің үстіне шығарылатын аулау құралдары (борттық қапсырма және конустық аулар).

20.

Қармақ құралдарымен аулау – жемі бар ілмектерді балықпен жұту немесе жемсіз ілмектермен аулау объектін іліп алуда негізделген аулау құралдары:
жемделетін (қармақтар, троллдер және ярустар);
жемделмейтін (әр түрлі өзі аулайтын жабдықтар мен түйірлер).

21.

Балық сору қондырғыларымен аулау – балықты сумен бірге аулау құрылғысына сорып, кейіннен кеме үстінде балықты судан бөлуде негізделген аулау құралдары.

Ескертпе: аулау құралдардың түрлері әртүрлі болуы мүмкін, бірақ негізгі құрамдас бөліктері өзгертусіз болуы тиіс.