Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 433 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 17 шілдедегі
№433 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 21 мамырдағы № 543 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 14, 149-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 20 наурыздағы № 237 және 2002 жылғы 21 мамырдағы № 543 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 қазандағы №1124 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 34, 373-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 20 наурыздағы № 237 және 2002 жылғы 21 мамырдағы № 543 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 9 қыркүйектегі № 915 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 36, 370-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 20 наурыздағы № 237 және 2002 жылғы 21 мамырдағы № 543 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 2 ақпандағы № 121 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 5, 68-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 маусымдағы № 684 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 324-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 20 наурыздағы № 237 және 2002 жылғы 21 мамырдағы № 543 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 342 қаулысы.

      7. "Қазақстан Республикасының радиожиiлiктер жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 549 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 22, 254-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 549 және 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 852 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 35, 396-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 549 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 100 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 54-құжат).

      10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 549 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 сәуірдегі № 325 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 173-құжат).

      11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 549 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1562 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 42, 411-құжат).

      12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 549 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1298 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 3-4, 46-құжат).

      13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы" 2007 жылғы 30 маусымдағы № 549 және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2008 жылғы 21 қарашадағы № 1080 қаулыларына өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 857 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 50, 670-құжат).

      14. "Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 549 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 358 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 506-құжат).

      15. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 1445 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістердің 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 79, 1166-құжат).

      16. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 15 және 27-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 26, 212-құжат).

      17. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 14 және 26-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 540-құжат).

      18. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., 36, 209-құжат).

      19. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 34 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 1-2, 13-құжат).