Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 сәуiрдегі N 306 Қаулысы.

      Ескерту. Мәтінге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.06.13. N 491 қаулысымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "Мәдениет" деген сөз "Байланыс" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.26 № 1112 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Мемлекетаралық "Мир" телерадиокорпорациясының жұмысын үйлестіру жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 866 қаулысымен.

      2. Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының 1997 жылғы 5 қыркүйектегі жарғысына сәйкес Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының Мемлекетаралық үйлестiру кеңесiнiң құрамына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы енгiзiлсiн.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 866 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қазақстан Республикасының Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының жалпы жиналысындағы өкілетті өкілі болып бекітілсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 866 қаулысымен.

      4. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.03.20 N 364 Қаулысымен.

      5. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.06.17 N 663 Қаулысымен.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүктелсін.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 866 қаулысымен.

      7. "Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 23 маусымдағы N 533 қаулысының 4, 5, 6 және 7-тармақтарының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 24, 298-құжат) күшi жойылған деп танылсын.

      Ескерту. Қаулыға өзгерту енгізілді - Қазақстан Респеубликасы Үкіметінің 2002.06.29. N 710 қаулысымен .

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi