Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 549 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің қарамағындағы аумақтық бөлімшелер – республикалық мемлекеттік мекемелер қайта ұйымдастырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      3. Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 26.03.2019 № 142 қаулысымен.

      4. Осы қаулы 2018 жылғы 8 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін 3-тармақтың оныншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 549 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің қарамағындағы қайта ұйымдастырылатын аумақтық бөлімшелер – республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі бірігу жолымен "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      2. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Павлодар облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі бірігу жолымен "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      3. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Маңғыстау облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Атырау облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі бірігу жолымен "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      4. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Жамбыл облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қызылорда облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі бірігу жолымен "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      5. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қарағанды облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі бірігу жолымен "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Астана қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.