Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 27 мамырдағы N 523 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы N 883 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 27 мамырдағы N 523  қаулысына  мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінiң        
2005 жылғы 26 тамыздағы 
N 883 қаулысына     
қосымша         

Қазақстан Республикасы 
Yкiметінің       
2005 жылғы 27 мамырдағы 
N 523 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2006-2008 жылдарға
арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты

МАЗМҰНЫ

       Кiрiспе

      Алдыңғы жылдардың бюджеттерi келер жылдардың бюджеттерiн қалыптастыруға және атқаруға едәуiр ықпал етедi. Ұзақ мерзiмдi кезеңде оларды атқару тиiмділігін барынша ұлғайту үшiн бiрнеше жылға есептелген тиiстi iс-қимыл бағдарламасының болуы қажет. Мұндай бағдарламаның негiзгi өлшемдерiн мемлекеттік билiк органдарының бюджет саясаты айқындайды. Экономикалық саясаттың бiр бөлiгі бола отырып, фискалдық саясат бюджет қаражатын қалыптастырумен және жұмсаумен байланысты құралдарды пайдаланады. Бюджеттiк тетiктердi тарту туралы сөз қозғалғанда, кiрiстер мен шығыстар бойынша жеке-жеке емес, тұтастай жоспарланып отырған нәтижеге ықпал етуге қабілетті барлық ықтимал факторларды барынша ескеру қажет. Сондықтан экономикалық мiндеттердi мемлекеттiк деңгейде шешу үшiн мемлекеттiк бюджеттендiру элементтерiн, оларға фискалдық саясат деп аталатын бiрыңғай тұжырымдама шеңберінде сүйене отырып пайдалану қабылданған.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты (бұдан әрi - Орта мерзiмдi фискалдық саясат) Мемлекет басшысының " Бәсекеге қабілеттi  Қазақстан үшiн, бәсекеге қабілетті экономика үшiн, бәсекеге қабілеттi халық үшiн" атты 2004 жылғы 19 наурыздағы және " Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында " атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарының жобасы (екiншi кезең) (бұдан әрi - Әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарының жобасы), Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткiштерінің және үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттiк реттеуiштердiң болжамы, мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар мен басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізінде әзiрлендi.
      Орта мерзiмдi фискалдық саясат әлеуметтiк-экономикалық дамудың негізгi бағыттарын iске асырудың негiзгi тетiктерiн (тәсiлдерiн) - кiрiстер мен шығындар саясатын, бюджеттік кредит берудi, қаржы активтерiн басқаруды, бюджетаралық қатынастарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген қарыз aлу мен борышты басқаруды қамтиды.
      Орта мерзімдi фискалдық саясатты әзiрлеу мынадай мақсаттарға қол жеткiзуге:
      алдағы үш жылдық кезеңге арналған қолда бар ресурстар көлемiн айқындауға;
      Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң фискалдық стратегиясын және оның ағымдағы және келешектегі мақсаттарына қол жеткізу жөнiндегі жоспарларын белгілеуге;
      стратегиялық басымдықтарды iске асыруға арналған шектеулi бюджет ресурстарын бөлу жөнiндегi шешiмдердi қабылдауға ден қоюға;
      келешекте бюджеттің шектеулерi мен мүмкiндiктерiн барынша жақсы түсiнудi қамтамасыз етуге;
      бюджет процесiнiң тиiмдiлігі мен ашықтығын жоғарылатуға;
      бюджет процесiнiң дәйектілігін қамтамасыз етуге және фискалдық тәртіптi жоғарылатуға бағытталған.
      Бұл құжатта Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған фискалдық саясатының негiзгi мақсаттары, мiндеттерi мен бағыттары айқындалған.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты 2006 жылға арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру процесiнiң негізi әрi бастауы және мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерiнде салық және бюджет саясатын iске асыру кезiндегі үйлестірушi құжат болып табылады.

       1. Әлеуметтiк-экономикалық жағдай

        Параграф 1. Елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау және әлеуметтік-экономикалық дамудың 2006-2008 жылдарға арналған негізгi көрсеткiштерi

      Қазақстандық экономиканың қазiргi жай-күйi барынша қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктурамен сипатталады, бұл экспортты, сондай-ақ аралық тұтыну тауарлары мен қызметтерiн дамытуға оң ықпал етедi.

                                                          1-кесте

        Металдар мен мұнайдың орташа әлемдiк бағалары


өлшем
бір-
лігі

2001жыл

2002
жыл

2003
жыл

2004
жылғы
қаң-
тар-
нау-
рыз

2004
жылғы
қаң-
тар-
мау-
сым

2004
жылғы
қаң-
тар-
қыр-
күй-
ек

2004
жыл

2005
жылғы
қаң-
тар-
нау-
рыз

2005
жылғы
қаң-
тар-
мау-
сым

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

мыс

долл/
тонна

1578

1559

1779

2731

2760

2790

2866

3268

3328

қор-
ға-
сын

долл/
тонна

476

453

515

844

828

863

887

978

982

мы-
рыш

долл/
тонна

886

779

828

1070

1049

1026

1048

1315

1294

ал-
тын

долл/
унция

271

310

363,
5

408,4

400,
8

401

409,2

427,
1

427,
2

кү-
міс

долл/
унция

4,4

4,6

4,9

6,7

6,5

6,5

6,7

7

7,1

Brent
мұ-
найы

долл/ барр.

24,
42

24,
97

28,
85

31,
95

33,
72

36,
34

38,
3

47,
64

49,
63

та-
биғи
газ

брит.
терм.
бірл.
млн.

4,06

3,05

3,91

3,87

3,92

4,06

4,28

5,49

5,69

би-
дай
(Ка-
на-
да)

долл/
тонна

151,5

175,
8

177,
4

189,
6

187,
7

183,
3

186,5

200,
8

195,
9

би-
дай
(АҚШ
қат-
ты
сор-
ты)

долл/
тонна

126,8

148,
1

146,1

164,
7

163,
2

158

156,9

151,
9

147

би-
дай
(АҚШ
жұм-
сақ
сор-
ты)

долл/
тонна

107,7

130

138,
6

156,
6

152,
1

145,
7

144,4

145,
4

138,
8

Көзі: Дүниежүзілік банк

      2005 жылғы 1 жарты жылдықта тазартылған мыстың 1 тоннасының орташа әлемдiк бағасы 2001 жылмен салыстырғанда 2,1 есе, металл мырыштiкi - 1,5 есе, алтынның бiр унциясыныкі - 1,6 есе, мұнайдың бiр баррелiнікі - 2 есе ұлғайды.
      Қазақстандық экспорттың аса маңызды баптарына әлемдiк бағаның биiк деңгейi экспорттық пайданың өсуiне негiз болды. 1998 жылмен салыстырғанда 2004 жылы экспорттың номиналды ұлғаюы 3,7 есенi, ал мұнай экспорты бойынша - 6,4 есенi құрады. Бұл бағаның жоғары болуынан басқа осы кезеңде мұнай өндiрудің 2,4 есенi құрағанына байланысты. Қазiргi уақытта экспорт көлемiндегi мұнай үлесі 52,3%-ды құраса, 1998 жылы ол тек 27,4 %-ды құрады.
      Экспортты дамытудың аталған қарқыны негiзiнен сыртқы экономикалық фактор есебiнен қазақстандық экономиканың экономикалық әлеуетінiң ұлғаю үрдiсiн сипаттайды. Сайып келгенде, бұл шағын экономика үшiн дамудың дұрыс бағыты, алайда Қазақстандағы экспорт өсiмi негiзiнен, шикiзатты және оның бастапқы өңдеу өнiмдерiн жеткiзу есебiнен қамтамасыз етiледi.

                                                    1-диаграмма

      Қазақстандық экспорттың 1998-2008 жылдарындағы серпіні

       (қағаз мәтіннен қараңыз)

      Көзi: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

      Кестеде көрсетiлгендей, қазақстандық экспорттың сұлбасын мұнай сатудың серпінi айқындайды.
      Соңғы жылдары экспорттың өсуi жалпы iшкi өнiмнiң (бұдан әрі - ЖIӨ) серпiнiне айтарлықтай әсер ете бастады. ЖIӨ көлемiнiң ұлғаюына баға факторының басып озу әсерi 2003 - 2005 жылдардағы экономика дамуының ерекшелiгi болып табылады. 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда ЖIӨ-нiң 22,3 %-ға, оның iшінде өндірiстiң табиғи көлемiнiң 8,8 %-ға өсуi, өндiрiлген тауарлар мен қызметтерге бағаның 12,5 %-ға ұлғаюы есебiнен номиналды ұлғаюы болжанып отыр.
      Елдегі макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң фискалдық саясаты мұнай мен металдардың әлемдiк бағаларының жоғары болуынан алынған кiрiстердi iшкi айналымнан шығару жөнiндегi шараларды iске асыруға бағытталған.
      Шикiзат экспортынан түсетiн үстеме кiрiстердiң барлығы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына (бұдан әрi - Ұлттық қор) шоғырландырылады, бұл ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттілігін қолдауға инфляция өсуiнiң жоспарланған өлшемдерiне қол жеткiзуге, "голланд ауруы" туындауының, яғни, өндiрiстiк құрылымның шикiзаттық салалардың пайдасына "тоқырауының" алдын алуға ықпал етедi.
      Мысалы, энергия жеткiзгiштердiң әлемдiк бағасының айтарлықтай өсуi салдарынан елге шетелдiк валютаның ағылуы кiрiстердiң бiр бөлiгін Ұлттық қорға аудару есебiнен ішiнара тазартылды.

                                                       2-кесте

         Қазақстан Республикасының жалпы iшкi өнiмiнiң
 2001-2004 жылдардағы серпiнi және 2008 жылға дейiнгi болжам


2001
есеп

2002
есеп

2003
есеп

2004
есеп

болжам

2005
баға-
лау

2006

2007

2008

ЖІӨ, млрд. теңге

3250,5

3776,3

4612,3

5542,5

6780,0

8065,4

9183,8

10471,8

Ал-
дыңғы
жылға
%-бен
ЖІӨ-
нің
нақты
өз-
геруі

113,5

109,8

109,3

109,4

108,8 

108,3

108,3

108,9

ЖІӨ
деф-
лято-
ры, %

110,0

105,8

111,7

109,9

112,5

109,8

105,1

104,7

ЖІӨ-
нің
номи-
налды
өсуі,
млрд.
тең-
ге,
ал-
дыңғы
жылға
шақ-
қан-
дағы
өсім


525,8

835,7

930,5

1237,5

1285,4

1118,4

1288,0

оның ішінде:

тау-
арлар
мен
қыз-
мет-
тер
өнді-
рісі-
нің
таби-
ғи
көле-
мінің
өсуі
есе-
бінен


318,2

352,0 

432,5  

487,7 

562,7 

669,4

817,4

тау-
арлар
мен
қыз-
мет-
терге
баға-
ның
өсуі
есе-
бінен


207,6

483,6

498,0

749,8

722,7

449

470,6

      Көздер: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi, Қазақстан
Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігі

      Көптеген факторлар ecкepiлетін экономикалық өсу факторларын - капиталды, еңбек ресурстарын және жалпы факторлық өнiмділіктi талдау 2000-2004 жылдары экономикалық өсу негiзiнен, капиталдың өсуi есебiнен және aз деңгейде жалпы факторлық өнiмділiктiң (бұдан әрi - ЖФӨ) өсуi есебiнен қамтамасыз етiлгенін көрсетедi.

                                                          3-кесте

            Қазақстандық экономиканың өсу факторлары
                                             пайызбен


2000
жыл

2001
жыл

2002
жыл

2003
жыл

2004
жыл
(бағалау)

2000-
2004
жылдар

Капитал

3,4

5,9

8,4

7,6

4,4

6,0

Еңбек

0,6

2,8

0,1

1,5

0,9

1,2

ЖФО

5,8

4,8

1,3

0,2

4,1

3,2

ЖІӨ өсуі

9,8

13,5

9,8

9,3

9,4

10,4

      Көзi: Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi

      2000-2004 жылдары экономикалық өсуге капитал факторының
үлесi орта есеппен 6 %-ды, еңбек факторының үлесi - 1,2 %-ды құрады. Жалпы факторлық өнімділiктің өсу үлесi 3,2 % құрады. Қарастырылып отырған кезеңде экономикалық өсудiң негізгi факторы негізгі капиталды ұлғайту болып табылды.
      Экономикадағы негізгі қорлардың айтарлықтай тозуын ескерсек, осы даму кезiнде бұл ақталған болып табылады. Уақыт өте келе дамыған елдер экономикасының өсуiне негізгi үлес қосатын жалпы факторлық өнiмдiлiктiң артуы негiзгi өсу факторына айналуға тиiс.
      Жалпы еңбек өнімдiлігі факторы экономикадағы еңбек өнiмділiгiнiң өсуiн ғана емес, жүргiзiлiп жатқан құрылымдық реформаларды, адами капитал мен технологияларды пайдалану тиiмділігін де көрсететінiн айта кету қажет.
      2000-2001 жылдары экономиканың өсуiне реформалардың әсерi ерекше болды. 2002-2003 жылдары олардың тиiмдiлігінiң едәуiр төмендеуi байқалды, бұл 2004 жыл қорытындылары бойынша айтарлықтай өсуге алмасты.
      Негiзгi капиталдың жинақталуы ұзақ мерзiмдi перспективада экономика өсуiнiң басты факторы бола алмайтынын ескерсек, жүргізiлiп жатқан реформалардың тиімдiлігі, еңбек өнiмділігінiң, инновациялардың және адами капиталдың өсуі қазақстандық экономиканы дамытудың басты факторлары болуы тиiс.
      Халықаралық капитал рыноктарында жоғары iшкi сұраныс пен қарыз ресурстарының салыстырмалы төмен құны байқалуда. Бұл Қазақстанға шетелдiк инвестициялардың едәуiр көлемiн тарту үшiн басты ынталандыру болды. Бұл ретте, Қазақстанның инвестициялық мүмкiндiктерiнiң жоғары бағасы қазақстандық қарыз алушылар үшін шетелдiк капитал құнының төмендеуіне ықпал етті. Аca iрi халықаралық рейтингтiк агенттіктер тұтастары республикаға да, қазақстандық жетекшi банктерге де инвестициялық санатқа жататын рейтингтердi бердi.
      Экспорттық кірістердiң күрт өсуі және қарыз капиталының ағылуы сияқты iшкi валюта рыногына жасалған қысымның салдары теңгенiң АҚШ долларына қатысты айырбас бағамының номиналды қымбаттауы болды - биржалық айырбас бағамы номиналды мәнде жыл басынан берi 9,3%-ға нығайып, 2004 жылдың соңында бір доллар үшiн 130 теңгенi құрады. Алдын ала болжамдар бойынша 2005-2008 жылдары орташа жылдық инфляция деңгейi 5-7% аралығында болады.
      Iшкi рынокта валюта сатып алу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) халықаралық резервтерi өсiмiнiң негізгі көзi болды, бұл жыл бойы екi есе дерлiк көбейдi және 2004 жылдың аяғындағы жағдай бойынша 9,3 млрд. АҚШ долл. бағаланды. Халықаралық резервтердiң бұл қоры тауарлар мен қызметтер импортын қаржыландырудың қажеттілігін 4,5 айдан астам қамтамасыз етедi.

                                                          4-кесте

    Қазақстанның сыртқы секторының негiзгi көрсеткiштерi 1


2000 жыл

2001 жыл

2002
жыл

2003
жыл

2004
жыл

Ағымдағы опе-
рациялардың
шот сальдосы
(млн.долл 2 )

366

-1390

-1024

-270

533

 ЖІӨ-ге %-бен

2,0

-6,3

-4,2

-0,9

1,3

Тауарлар мен
қызметтер
экспорты
(кезең үшін
млн. долл.)

10341

10188

11567

14945

22604

 ЖІӨ-ге %-бен

56,5

46,0

47,0

50,2

55,5

Тауар мен
қызметтер
импорты
(кезең үшін
млн. долл.)

8970

10579

11578

13306

18805

 ЖІӨ-ге %-бен

49,0

47,8

47,1

44,7

46,1

Тікелей
шетелдiк
инвестиция-
лардың
нетто-ағымы
(кезең үшін
млн. долл.)

1278

2861

2164

2210

5548

 ЖІӨ-ге %-бен

7,0

12,9

8,8

7,4

13,6 

Ұлттық
Банктің
халықаралық
резервтерi
(кезең
соңында млн.
долл.)

2102

2508

3141

4962

9280

тауарлар мен
қызметтер
импорты
айларда

2,8

2,9

3,3

4,5

4,5

Ағымдағы
бағалардағы
ЖIӨ (кезең
үшін млрд.
теңге)

2600

3251

3776

4612

5543

 нақты өсу (%)

9,8

13,5

9,8

9,3

9,4

Мұнай мен газ
конденсатының
экспорты
(млн. тонна)

27,7

32,4

39,3

44,3

52,4

Шикi мұнайдың
әлемдiк бағасы
(баррель/USD
спот, жылына
орта есеппен)

28,2

24,5

24,9

28,9

37,7

KZT/USD
биржалық
айырбас
бағамы (кезең
үшін орта
есеппен)

142,26

146,92

153,49

149,45

135,92

Нақты тиiмдi
айырбас бағамы
индексiнiң
өзгеруi
(өткен жылдың
желтоқсанына
%-бен)

2,5

-1,5

-7,4

-2,5

6,1

Көзi: Ұлттық Банк
_____________________
       1  2000-2003 жылдардағы ағымдағы операциялар шоты бойынша
мәліметтер тауарлар импорты кезінде жалдау және сақтандыру жөніндегі
шығыстарды есептеу әдістемесін нақтылау нәтижесінде мәліметтерді
қайта қарау ескеріле отырып келтірілген.
       2  Осындай және бұдан әрі млн. АҚШ доллары.

      Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасының соңғы үш жылдағы әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау экономиканың тұрақты жоғары даму қарқыны сақталған кезде орта мерзiмдi кезеңде сыртқы және iшкi рыноктарда экономиканың шикiзат емес секторларының бәсекеге қабiлеттілігіне едәуір әсер етуі мүмкiн жаңа үрдiстер нақты көрiнiс бере бастады.
      Қазiргi уақытта экономиканың "қызып кетуiне" жол бермеу ең өзектi мәселелердiң бiрi болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстан экономикасының дамуына ықпал ететiн сыртқы факторлар айтарлықтай өзгердi. Бұл, ең алдымен, мұнай экспортының жоғары өсу қарқынына және мұнайдың, газ бен металдардың әлемдiк бағаларының ұлғаюына, АҚШ долларының әлемдiк валюта рыногындағы айырбас бағамының өзгеруiне, елге шетелдiк капиталдың едәуір ағылуына байланысты.
      Бүгінгі күнi Қазақстан экономикасында экономиканың "қызып кетуiнiң" нақты қаупін айғақтайтын үрдiстер белгiлi болды. Бұл мұнай секторының экономикалық өсуге ықпалының ұлғаюы, инфляциялық процестердің жеделдеуі, сыртқы берешек пен екiншi деңгейдегi банктердiң кредит беру көлемдерiнiң шамадан тыс өсуi, ұлттық валютаның нақты нығаюы.
      Ұлттық қор қаражатын есепке ала отырып, бюджеттің жалпы профициті мен мұнай кiрiстерiн жинақтау үлесі азаюда ал мұнай емес сектордың тапшылығы өсуде. Соңғы жылдары мемлекеттiк бюджет шығыстарының орташа өсу қарқыны номиналды ЖIӨ-нiң өсу қарқынын басып озды.
      Қазақстандық экономиканың шикiзат емес салаларының бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі орта мерзiмдi перспективада Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096  Жарлығымен  бекiтілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын (бұдан әрi - Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы) iске асыру қарқынын едәуір бәсеңдетуi, сондай-ақ шикiзат салаларының пайдасына қарай экономика құрылымына келеңсiз әсер етуi мүмкiн.
      Экономиканың "қызып кетуiн" болдырмайтын фискалдық саясат жүргізу мақсатында:
      фискалдық саясаттағы негізгi өлшем ретiнде пайдалануға болатын бюджеттiң мұнай емес тапшылығы жөнiндегi оңтайлы орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi бағдарларды айқындау;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмдi перспективаға арналған тұжырымдамасының жобасында көзделетiн Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тетігін пайдалану қажет.
      Макроэкономикалық тұрақсыздыққа жол бермеу және Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру жөнiнде жүйелi шараларды жалғастыру үшін Орта мерзiмдi фискалдық саясат әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспары жобасының басты мiндеттерiн iске асыруға:
      2006-2008 жылдары орташа жылдық инфляцияның 7 %-дан жоғары өсуiне жол бермеуге;
      Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру жөнiнде жүйелi шаралар жүргiзуге;
      телекоммуникациялар, энергетика және темiр жол көлiгі саласында монополиялық құрылымдарды қайта құрылымдауға;
      экономикалық өсудi қамтамасыз ету жөнiндегi қарқынды факторлардың үлесiн арттыруға бағытталатын болады.
      Бұл мiндеттердi шешу Мемлекет басшысының "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілеттi экономика үшiн, бәсекеге қабілеттi халық үшiн" және "Қазақстан экономикалық әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына жолдауларын iске асыруға ықпал етуi тиiс.

       Параграф 2. Мемлекеттiк бюджеттi атқару

      2004 жылғы мемлекеттiк бюджеттi атқару қорытындылары бойынша бюджетке түсетiн түсiмдер ЖIӨ-ге 23,5 %-ды, оның iшiнде кiрiстер - ЖIӨ-ге 23,2 %-ды, оның iшiнде салықтық түсiмдер - ЖIӨ-ге 21,4 %-ды, салықтық емес түсiмдер - ЖIӨ-ге 1,5 %-ды, капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кiрiстер - ЖIӨ-ге 0,3 %-ды құрады, кредиттер ЖIӨ-ге 0,3 % қайтарылды.
      2004 жылы мемлекеттiк бюджет шығыстары ЖIӨ-ге 23,9 %-ды құрады.
      Мемлекеттiк бюджет тапшылығы ЖIӨ көлемiнiң 0,3 %-ын құрады.
      2005 жылы түсiмдер ЖIӨ-ге 23,5 %-ды, шығыстар - ЖIӨ-ге 25,5%-ды, мемлекеттiк бюджет тапшылығы ЖIӨ-ге 1,9 %-ды құрайды деп болжанып отыр.
      Мемлекеттік бюджет көрсеткiштерiнiң 2003-2005 жылдардағы серпiнi 5-кестеде келтiрілген.
                                                         5-кесте

            Мемлекеттiк бюджет көрсеткiштерiнiң
               2003-2005 жылдардағы серпіні
                                                 ЖIӨ-ге пайызбен

Атауы

2003
жыл есеп

2004
жыл есеп

2005
жылы
бағалау

1

2

3

4

Түсімдер

22,2

23,5

23,5

Кірістер

21,8

23,2

23,3

Салықтық түсімдер

20,5

21,4

22,2

Салықтық емес түсімдер

1,0

1,5

0,7

Негізгі капиталды сатудан
түсімдер

0,3

0,3

0,5

Бюджеттік кредиттерді өтеу

0,4

0,3

0,2

Мемлекеттің қаржы
активтерін сатудан
түсетін түсімдер



0,1

Шығыстар

23,2

23,9

25,5

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету

1,4

1,5

1,5

Қорғаныс

1,0

1,0

1,2

Қоғамдық тәртіп,
қауіпсіздік, құқық, сот,
қылмыстық атқару қызметі

2,0

2,1

2,2

Білім беру

3,3

3,5

3,9

Денсаулық сақтау

 1,9 

2,4 

2,7

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек

 5,2   

4,9

5,1

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

0,8

1,2

1,9

Мәдениет, спорт, туризм
және ақпараттық кеңістік

0,7

0,8

0,8

Отын-энергетикалық кешен
және жер қойнауын
пайдалану

0,2 

0,5 

0,4

Ауыл, су, орман, балық
шаруашылығы, ерекше
қорғалатын табиғи
аумақтар, қоршаған ортаны
және жануарлар дүниесiн
қорғау, жер қатынастары

1,4  

1,5

1,4

Өнеркәсіп, сәулет, қала
құрылысы және құрылыс
қызметі

0,1         

0,0 

0,1

Көлік және коммуникация

1,8  

1,9

1,9

Өзгелер

2,3 

1,6

1,6

Борышқа қызмет көрсету

0,8 

0,6

0,5

Ресми трансферттер

0,3

0,2 

0,2

Бюджет тапшылығы
(профициті)

-1,0 

-0,3

-1,9

Анықтамалық:
ЖІӨ, млрд. теңге

4612,0

5542,0

6780,0

        Параграф 3. Бюджет жүйесін жетілдіру

      2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Бюджет  кодексi  (бұдан әрi - Бюджет кодексi) қолданысқа енгiзiлгеннен берi бюджет процесiн ұйымдастыру соның нормалары негiзiнде жүзеге асырылады.
      Бюджет кодексiнiң қабылдануы орта мерзiмдi жоспарлаудың рөлiн күшейтуге мүмкiндiк бердi және бюджет жүйесiндегi заңнаманы үйлестiрудi қамтамасыз eттi.
      Елдегi экономикалық және бюджеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу практикасы тұрғысынан алдағы үш жылға арналған фискалдық саясат мемлекеттiң ұзақ мерзiмдi, орта мерзiмдi бағдарламалық құжаттарына сәйкес құрылатын болады.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға
    арналған орта мерзімді фискалдық саясатын қалыптастыру

      ( схеманы қағаз мәтіннен қараңыз)

      Бюджет кодексiн iске асыру үшiн 31 нормативтiк құқықтық кесiм, оның iшiнде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің және төтенше мемлекеттік бюджеттің жобаларын әзiрлеу, сондай-ақ жергілікті бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген қарыздарын тiркеу және есепке алу, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқару тәртiбiн айқындайтын ереже қабылданды.
      Бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң бюджеттік өтiнiм жасау және ұсыну ережесi қабылданған Бюджет кодексiне сәйкес келтiрiлдi.
      Бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлау, орындау және олардың орындалуын iшкi бақылау процесiнде олардың тиiмділiгіне бағалау жүргiзу тәртiбiн және көрсеткiштерiнiң жүйесiн айқындау мақсатында Бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігiн бағалауды жүргiзу ережесi әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 шiлдедегі N 779  қаулысымен  бекiтілдi.
      Бюджеттiк бағдарламаларға тән егжей-тегжейлi ерекше өлшемдер мен көрсеткiштердi белгiлей отырып, бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды бiртiндеп енгiзу мақсатында 2005-2007 жылдарға арналған бюджет процесiне бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігін бағалауды енгiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспары әзiрлендi және пилоттық бюджеттiк бағдарламалар тiзбесi айқындалды.
      Сондай-ақ пилоттық бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлігін бағалау өлшемдерi мен көрсеткiштерiнiң тiзбесi және оларды пайдалану жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлендi.
      Бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлігін пилоттық бағалау бюджет процесiнiң барлық сатысында жүргiзiлетiн болады, бұл бюджеттiк бағдарламалар бойынша тиiмдiлiктi бағалауды түсiнудi және енгiзудi жеңiлдетуге мүмкiндiк бередi.
      Кейiннен тиiмдiлiктi бағалауды барлық бюджеттiк бағдарламаларға тарату және әрбiр бюджеттік бағдарлама бойынша ерекше өлшемдер мен көрсеткiштердi әзiрлеу ұйғарылып отыр.
      Бюджет кодексiнiң  71-бабына  сәйкес бюджеттік процеске нормативтік жоспарлау әдiсiн кезең-кезеңімен енгiзу шеңберiнде орталық мемлекеттiк органдар қолданыстағы нормативтік құқықтық кесiмдердi қайта қарау және ведомстволық бұйрықтармен, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларымен бекiтiлген заттай нормалар өзектi болған жағдайда оларды қайта бекiту жөнiнде жұмыс жүргізiп жатыр.
      Мемлекеттік сатып алу рәсiмдерiн жетiлдiру шеңберінде жүргiзiлiп жатқан iс-шаралар бюджет қаражатын оңтайлы және тиiмдi жұмсауға бағытталған.
      Мемлекеттік органдардың, мемлекеттiк мекемелердiң, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындардың иелiгiндегі ақшаны тиiмдi пайдалану мақсатында олардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруы процесiнде туындаған қатынастарды реттеу "Мемлекеттiк сатып aлу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы  Заңымен  (бұдан әрi - Заң) жүзеге асырылады.
      Бюджет қаражатын уақтылы және сапалы игеру, мемлекеттiк сатып алу рәсiмдерiн жақсарту мақсатында 2004 жылы Заңға өзгерiстер енгізiлдi, бұл өзгерiстерге сәйкес мемлекеттік органдар мен мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар конкурстық рәсiмдердi бюджет (бизнес-жоспар) бекiтілгеннен кейiн бiрден бастауға құқылы.
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды жетiлдiру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы әрекет етуге бағытталған іс-шараларды орындау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы  заңнаманың  сақталуы үшiн жауапкершілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегi тәртiп пен реттілiкті нығайту жөнiңдегi шаралар туралы" 2005 жылғы 14 сәуiрдегі N 1550  Жарлығы  бекiтiлдi. Бұған сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттік сатып алудың тендерлік жүйесінен басымды биржалық саудаға, сондай-ақ бюджет қаражатын жұмсаудың ашық және тиiмдi қағидаттарындағы электрондық мемлекеттiк сатып алуға көшу үшiн жағдайлар жасау жөнiнде iс-шаралар жүргізетiн болады.
      Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1471  Жарлығымен  бекiтілген Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде "Электрондық мемлекеттік сатып алу" ақпараттық жүйесiн енгiзу жөнiндегi жұмыс жүргiзiлуде.

  2. Фискалдық саясаттың мақсаттары мен мiндеттерi

      Орта мерзiмдi кезеңде фискалдық саясаттың негiзгi мақсаты әлеуметтiк-экономикалық дамудың басым мiндеттерiн шешу үшiн салық-бюджет құралдарын тиiмдi қолдану, атап айтқанда, Қазақстанды әлеуметтiк және экономикалық жедел жаңғыртуға бағытталған ел экономикасының бәсекеге қабілеттiлiгiн арттыру болып табылады.
      Орта мерзiмдi кезеңде бұл мақсатқа қол жеткiзуге мынадай негiзгі мiндеттердi шешу:
      бюджеттiк заңнаманы жүйелендiру;
      бюджеттiк жоспарлауды жетiлдiру;
      мемлекеттік шығыстардың тиiмділігi мен нәтижелілiгiн арттыру;
      жүргiзілiп жатқан әлеуметтiк реформаларды қаржылық қамтамасыз ету, білім берудi, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын және қоғамдық инфрақұрылымды дамыту;
      перспективалы бюджеттiк жоспарлаудың рөлiн жоғарылату;
      көлеңкелі экономиканың үлесiн азайту;
      бюджетаралық қатынастардың ашықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тетiгiн жетілдiру;
      жүргiзілiп жатқан жинақтар саясатын ескере отырып, республикалық бюджет тапшылығының және үкiметтiк борыштың оңтайлы өлшемдерiн айқындау;
      үкiметтік борыш құрылымындағы сыртқы борыш үлесін бiртiндеп азайту ықпал ететiн болады.
      Бұдан басқа, мемлекеттiң жалпы экономикалық саясатының аса маңызды құрамы бола отырып, фискалдық саясат жоспарланып отырған кезеңде инфляцияның орташа жылдық деңгейi бойынша белгiленген дәлізді ұстап тұруға, төлем балансының тұрақтылығына, тауарлар мен қызметтердi түпкi тұтынуды және капитал жинақтауды өсiруге жәрдемдесетiн болады.

                                                      6-кесте
  2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттiк бюджет болжамы                                               ЖIӨ-ге пайызбен

Атауы

  Болжам

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

1

2

3

4

Кірістер

22,6

22,8

23,1

Шығындар

22,4

22,9

23,3

Операциялық сальдо

0,2

-0,1

-0,2

Таза бюджеттiк кредит беру

0,5

0,1

0,1

Бюджеттік кредиттер

0,6

0,2

0,1

Бюджеттiк кредиттердi өтеу

0,1

0,1

0,1

Қаржы активтерiмен
жасалатын операция-
лар бойынша сальдо

1,1

0,8

0,2

Қаржы активтерiн сатып алу

1,2

0,8

0,3

Мемлекеттiң қаржы
активтерiн сатудан
түсетiн түсiмдер

0,02

0,02

0,01

Бюджет тапшылығы
(профицитi)

-1,4

-1,0

-0,5

Бюджет тапшылығын
қаржыландыру
(профицитiн
пайдалану) 

1,4

1,0

0,5

  3. Кірiстер саясаты

      2003-2004 жылдардағы салық заңнамасындағы өзгерiстер экономикаға салықтық жүктеменi азайтуға, елдiң инвестициялық тартымдылығын күшейтуге, жаңа техника мен алдыңғы қатарлы технологиялар ағынын және оларды енгiзудi көтермелеуге, мемлекет пен салық төлеушілердiң өзара қарым-қатынастарын жақсартуға бағытталды.
      Қазақстан Республикасы Президентiнің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларына, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес салықтық жүктеменi азайту және елдiң экономикалық өсуiн ынталандыру, сондай-ақ белгілi бiр санаттағы азаматтардың кiрiстерiн заңдастыруын ынталандыру және жалақыны ұлғайту мақсатында 2004 жылдан бастап жеке табыс салығының ставкалары азайтылды, әлеуметтiк салық бойынша ставкалардың кемiмелi шәкілi енгiзiлдi, қосылған құн салығының ставкасы азайтылды, арнайы экономикалық аймақтар аумағында салық салудың ерекше режимi белгiлендi, арнайы салық режимдерiн қолдану аясы кеңейтілдi.
      Экономиканы одан әрi тұрақты дамыту, жүргізілiп жатқан реформаларды тереңдету, мұнай операцияларына, қаржы лизингiне, резидент еместерге, қаржы құралдарына салық салуды, сондай-ақ салықтық әкiмшілендiру нормаларын жетiлдiру және кәсiпкерлердiң инвестициялық тартымдылығын күшейту мақсатында инвестициялық салық преференцияларын беру нысаны кеңейтiлдi, мұнай-химия өндiрiстерi, қосылған құны жоғары тауарлар өндiрiсi үшiн жеңiлдiктер енгiзiлдi.
      Негізгi құралдарды жаңарту және жаңғырту процестерiн жеделдету үшiн салық салу мақсатында елде амортизациялық саясат жетiлдiрiлдi.
      Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру, сондай-ақ инвестициялар көлемiн өсiру және салықтық әкiмшілендiрудi одан әрi жетілдiру есебiнен ел экономикасын теңгерiмдi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында орта мерзiмдi кезеңде салық саясатының негізгi бағыттары:
      шағын кәсiпкерлiк субъектілерi үшiн арнаулы салық режимiн қолдану аясын кеңейту және оларды ең алдымен, экономиканың шикiзат емес секторына инвестициялар салуға тарту үшiн шаралар қабылдау;
      салық төлеушілер үшiн қашықтық және ақпараттық сервис әдiстерiнiң көмегiмен салықтық әкiмшілендiру процестерiн одан әрi жетiлдiру және дамыту;
      талдау тәсiлдерi мен әдiстерiн және салықтық есептілiктiң камералдылығын дамыту;
      ақпараттық қызметтердi бiрiктiру, мемлекеттiк органдармен ақпараттық өзара iс-қимылды жетілдiру және оның тиiмділігін арттыру;
      халықтың әл-ауқатының өсуi шартымен, қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілiгiн күшейту мақсатында 2008 жылдан бастап салықтық ауыртпалықты заңды тұлғалардың кiрiстерiнен жеке тұлғалардың кiрiстерiне бiртiндеп ауыстыру мүмкiндiгiн қарау болады деп ұйғарылып отыр.
      Мемлекеттік бюджет кiрiстерi салық заңнамасы, Әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспары жобасының маңызды макроэкономикалық көрсеткiштерi мен салық саясатының ел экономикасын одан әрi дамытуға және инвестициялар тартуға бағдарланған бағыттары негiзiнде айқындалды.
      Мемлекеттiк бюджет кiрiстерiнiң 2006-2008 жылдарға арналған болжамы 7-кестеде келтiрiлген.

                                                        7-кесте

     Мемлекеттік бюджет кірістерінің 2006-2008 жылдарға
                      арналған болжамы                                                 ЖIӨ-ге пайызбен

Атауы

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

Кірістер

22,6

22,8

23,1

Салықтық түсімдер

21,6

21,7

22,0

Салықтық емес түсімдер

0,5

0,5

0,5

Негiзгi капиталды
сатудан түсетiн
түсiмдер

0,4

0,7

0,7

      Әлемдiк тауар рыноктарындағы қолайлы жағдай, халықтың өмiр сүру деңгейiнiң жақсаруы нәтижесiнде iшкi сұраныстың артуы, инвестициялық климаттың жақсаруы, Индустриялық-инновациялық стратегияны iске асыру экономиканы дамытудың жоғары қарқынына және тиiсiнше бюджет кiрiстерi түсiмдерiнiң ұлғаюына негiз болды.
      Кiрiстер болжамының есептерiнде жоспардан тыс салықтық және бюджетке төленетін өзге де мiндетті төлемдерi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке алынатын мұнай секторы ұйымдарының тiзбесi бойынша салық түсiмдерiнiң есебi бiр баррель үшiн 19 АҚШ доллары болатын мұнайдың әлемдiк тұрақты бағасы есепке алына отырып жүргізiлгенi ескерiлдi.
      Салықтық түсiмдер болжамында:
      Қазақстан Республикасы Салық  кодексiнiң  ережелерiне енгізiлген, тiркелген активтер бойынша амортизациялар аударымдарды есептеу тәртiбiн реттейтiн, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетін өзгерiстер; Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1388  Жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрi - Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы) iске асырудан түсетiн қосымша салықтық түсiмдер;
      Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына  Жолдауына  (бұдан әрi - Мемлекет басшысының Қазақстан хатына Жолдауы) сәйкес мемлекеттік басқару және мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнің жалақысын жоғарылатуға байланысты төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша қосымша түсiмдер;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "Теңiзшевройл" ЖШС арасындағы өзара түсiнiстiк туралы меморандумға сәйкес 2007-2008 жылдары роялтидiң 200 млн. АҚШ доллары мөлшерiнде қайтарылуы ескерiлдi.
      Бұдан басқа, салықтық түсімдер "Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегі  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды есепке ала отырып айқындалған әлеуметтік салық ставкаларының өзгеруiне түзетілдi.
      Залалды қызметіне байланысты салықтық емес түсiмдердiң 2006-2008 жылдарға арналған болжамында Ұлттық Банкiнiң кiрiсiнен түсетiн түсімдер болжанбайды. Сондай-ақ, салықтық емес түсiмдерге АҚШ долларына теңге бағамының болжамды азаюы әсер eттi.
      Негізгi капиталды сатудан түсетiн 2006-2008 жылдарға арналған түсiмдер Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру мақсатында тұрғын үй салуды қамтамасыз ету үшін бұрын республикалық бюджеттен қайтарымды негiзде бөлiнген қаражатты қамтиды.
      Мемлекеттік бюджет кiрiстерiнiң құрамындағы мұнай және мұнай емес секторлар кәсiпорындарынан түсетiн түсiмдердiң арақатынасы 8-кестеде көрсетiлген.

                                                         8-кесте

             Мемлекеттiк бюджет кiрiстерiнiң құрылымы
                           мемлекеттiк бюджет кiрiстерiне пайызбен

Кәсiпорындардан түсетiн түсiмдер

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

Мұнай секторынан

20,0

17,8

16,4

Мұнай емес сектордан

80,0

82,2

83,6

      Мұнай кiрiстерiне тәуелсiз салықтық базаны дамыту экономиканы әртараптандыру жөніндегі мақсаттарға қол жеткiзуге ықпал етедi және жүргiзілiп жатқан фискалдық саясаттың тұрақтылығын қамтамасыз етедi.
      Өткен жылға қарағанда 2006 жылы мұнай емес сектордан түсетiн түсімдер 26,3 %-ға, 2007 және 2008 жылдары тиiсiнше 18,4 %-ға және 17,5 %-ға өседi.
      Әлемдiк мұнай бағасы елеусiз төмендеген жағдайда мұнай өндiрудiң өсу қарқыны ЖIӨ-нiң өсу қарқынынан төмен болуы есебiнен орта мерзiмдi кезеңде мұнай секторы кәсiпорындарынан түсетiн салықтар мен төлемдер түсiмi азаяды.
      Ұлттық қор көлемiнiң болжамы орта мерзiмдi кезеңде:
      мұнайдың (Brent қоспасы) әлемдiк бағасының тұрақты есептi әлемдiк бағадан асып түсуi нәтижесiнде шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердiң жоспардан тыс түсiмдерi;
      республикалық бюджеттен берілетiн, шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердiң жоспарлы түсiмдерi көлемiнiң 10%-ы мөлшерiнде есептелген ресми трансферттер;
      республикалық меншiктегi, тау-кен өндiру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден, жердi сатудан түсетiн түсiмдер және өзге де түсiмдер есебiнен күтіледi.
      Бүгiнгi таңда тұтастай қазақстандық экономиканың жай-күйiн белгілi бiр дәрежеде табиғи ресурстар секторындағы ахуал айқындайды. Ұлттық қор табиғи запастардың орны толтырылмайтынына байланысты оларды пайдалануды дұрыс жоспарлау және мемлекеттiк шығыстар көлемiнiң табиғи ресурстардың әлемдiк бағаларының күрт ауытқуларына тәуелдiлiгiн азайту мәселелерiн шешедi.
      Қолданыстағы заңнама жағдайларында Ұлттық қорға 2006 жылы 167,5 млрд. теңге сомасында немесе ЖIӨ-ге 2,1%, 2007 жылы 119,2 млрд. теңге (ЖIӨ-ге 1,3%), 2008 жылы 115,2 млрд. теңге (ЖIӨ-ге 1,1%) түсімдер болжанып отыр.
      Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттiк бюджет пен Ұлттық қор арасындағы өзара қарым-қатынастар тетiгін жетiлдiру жөнiнде жұмыс жүргізiп отыр. Қор жинақтарын одан әрi қалыптастырудың оңтайлы жолдарын және оның активтерiн басқарудың тиiмдi әдiстерiн айқындауға бағытталатын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмдi перспективаға арналған тұжырымдамасы әзiрленуде.

  4. Шығындар саясаты

      2006-2008 жылдары бюджет саясаты жедел әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары мен мiндеттерiн кешендi шешуге және ағымдағы мiндеттемелердi бiр мезгiлде орындауға негiзделетін болады.
      Тұтастай алғанда, орта мерзiмдi кезеңде жүргізiлiп жатқан бюджет саясатының жалпы бағыты сақталады және мыналарға:
      денсаулық сақтауды реформалауға және дамытуға;
      бiлiм берудi дамытуға;
      әлеуметтiк реформаларды одан әрі тереңдетуге;
      индустриялық-инновациялық дамуға;
      аграрлық секторды дамытуға;
      жаңа тұрғын үй саясатын iске асыруға;
      қоршаған орта сапасын тұрақтандыруға;
      шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға;
      Астана қаласын дамытуға;
      көрсетiлетiн мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталатын болады.
      Орта мерзiмдi кезеңдегі мемлекеттiк бюджет шығыстары 2006 жылы - ЖIӨ-ге 24,1 %, 2007 жылы - 23,9 %, 2008 жылы - 23,7 % болып болжанады (9-кесте).

                                                      9-кесте

        2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттiк бюджет
                   шығыстарының болжамы

Атауы

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл


ЖIӨ-
ге
%-бен

 үлес,
   %

ЖIӨ-
ге
%-бен

 үлес,
  %

ЖIӨ-
ге
%-бен

 үлес,
  %

1

2

3

4

5

6

7

Шығыстар

24,1 100,0 23,9 100,0 23,7 100,0

Жалпы
сипаттағы
мемлекеттік
қызметтері

1,3

5,3

1,3

5,4

1,3

5,6

Қорғаныс

1,3

5,3

1,3

5,3

1,3

5,5

Қоғамдық тәртiп, қауіпсіздік, құқық, сот, қылмыстық-
атқару қызметi

2,0

8,4

2,2

9,1

2,1

8,8

Білім беру

3,5

14,5

3,8

16,0

4,1

17,3

Денсаулық
сақтау

2,5

10,5

2,7

11,3

3,0

12,6

Әлеуметтiк
көмек және
әлеуметтiк
қамсыздандыру

5,2

21,5

5,2

21,6

5,1

21,6

Тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық

1,9

8,1

2,1

8,6

1,4

5,9

Мәдениет,
спорт, туризм
және ақпарат-
тық кеңiстiк

0,7

3,1

0,7

2,7

0,8

3,3

Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

0,3

1,4

0,2

0,8

0,3

1,1

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

1,2

5,1

1,1

4,7

1,4

5,7

Өнеркәсiп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi

0,1

0,5

0,0

0,1

0,0

0,1

Көлiк және
коммуникация

1,9

7,7

1,7

7,0

1,7

7,1

Басқалар

1,5

6,2

1,2

5,0

0,9

3,9

Борышқа қызмет көрсету

0,5

1,9

0,4

1,8

0,2

1,0

Ресми трансферттер

0,1

0,5

0,1

0,5

0,1

0,5

      Инвестициялық саясатты қалыптастыру, оның iшiнде республикалық бюджеттен инвестицияларды жоспарлау, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi кезеңге арналған орта мерзiмдi жоспары шеңберiнде жүзеге асырылады.
      Алдағы орта мерзiмдi кезеңде даму бағдарламалары шеңберiндегі шығыстар саясаты мемлекеттік инвестицияларды пайдалану тиiмділігiн, бюджет заңнамасының ережелерiн қатаң сақтауды, мемлекеттiк бюджеттен бөлiнетiн қаражаттың әлеуметтiк-экономикалық маңыздылығы мен пайдалану тиiмдiлігін арттыруға бағытталған.
      "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" функционалдық тобы бойынша шығыстар 2006 жылы ЖIӨ-нiң 1,3%-ы, 2007 жылы - 1,3%-ы және 2008 жылы - 1,3%-ы деңгейiнде болжанып отыр.
      Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру мақсатында мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымын оңтайландыру және бiрiздендiру, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттіктердiң аражігін нақты әрі оңтайлы қайта бөлу және бекіту, мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелi секторға беру арқылы мемлекеттік басқару жүйесiн жетiлдірудi көздейтiн әкімшiлiк реформа бойынша жұмыс жүргізiлуде.
      Әкiмшiлік реформаны толыққанды iске асыру функцияларды төмен тұрған мемлекеттiк басқару деңгейiне берумен қатар, тиiстi ақпараттық-әдiснамалық, материалдық қамтамасыз етуді және тиiстi штат санын да берудi, сондай-ақ республикалық меншiктi жергiлiктi мемлекеттiк басқару деңгейіне берудi көздейдi.
      Бұдан басқа, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлігі мен сапасын бағалаудың бiрыңғай жүйесiн әзiрлеу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң негiзгi мiндеттерiнiң бiрi болып айқындалды. Соған байланысты мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлігі мен сапасын бағалаудың бiрыңғай жүйесiн әзiрлеу жөнiндегi жұмыс жүргiзiлiп жатыр, мұнда барлық: жоспарлау, iске асыру, қызмет нәтижелерi кезеңдерiн қамтитын мемлекеттік органның қызметiн толық ұйымдастыру, қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшiн мемлекеттiк орган қызметін ұйымдастыру, бюджеттiк және адами ресурстарды пайдаланудың тиiмдiлігі қамтылады.
      Бұл шаралар функцияларды төмен тұрған, халыққа неғұрлым жақын мемлекеттiк басқару деңгейiне беру жолымен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға, мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметтер көрсету жөнiндегi жауапкершілігін жоғарылатуға, олардың тиiмдiлiгiн арттыруға, бюрократияны қысқартуға, қол жетiмділіктi жоғарылатуға, халықты мемлекеттiк қызметтермен толық қамтуға, әлеуметтiк-экономикалық әл-ауқатты жақсартуға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және басқаларға ықпал етеді.
      Мемлекеттік қызметтiң қазақстандық жүйесi Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа мен ТМД мемлекеттерiнiң кейбiр алдыңғы қатарлы елдерi арасында неғұрлым жедел қарқынмен дамуда және мықты институционалдық негізден бастау алған. Соңғы жылдары басым болып отырған тұрақтандыруға және институционалдық дамуға ден қою мемлекеттiк қызметтi одан әрi дамыту үшiн негіз болды.
      Мемлекеттiк қызметшілерге жалақы төлеу жүйесiн жетілдiру мақсатында 2000 жылдан бастап 2004 жылға дейiнгі кезеңде жалақы төлеу жүйесiн реформалаудың екi сатысы жүргiзілдi:
      бiрiншi сатыда базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттерге негізделген жалақы төлеу жүйесi енгізiлдi;
      екiншi саты - жалақы төлеу жүйесiне жоғарғы, орта және төменгі басқару деңгейлерiн (буындарын) енгізу болды. Бұл шара мемлекеттік қызметшілердi карьералық жоғарылауға ынталандыруға бағытталған.
      Жетілдiрудiң үшінші сатысындағы мақсат мемлекеттік қызметшілердi өнiмділікке және орындалатын жұмыстың сапасына ынталандыруды жоғарылату болып табылады.
      Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап бюджет саласы қызметкерлерінің және мемлекеттік қызметшілердiң жалақысы орта есеппен 32%-ға көтерілдi. 2006 жылдың аяғына дейiн жалақы төлеу жүйесін жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және 2007 жылдан бастап жалақыны орта есеппен 30%-ға ұлғайту жоспарланып отыр.
      Осыған байланысты мемлекеттің әкімшілік қызметтерiн жетiлдiруге, басқарудың бюрократиялануын азайтуға, мемлекеттiк қызметтің білiктілiк деңгейiн оңтайландыруға бағытталған шараларды пысықтау талап етіледi.
      2006 жылы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1471  Жарлығымен  бекiтiлген, азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсетулерге жылдам әрі сапалы қолжетiмділігін қамтамасыз етуге, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңiнен қолдану жолымен мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеу тиiмділігін арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жалғасады.
      Бұл бағдарлама шеңберiнде "электрондық үкiметтің" базалық құрамдас бөлiктерi құрылады, бұған өкілеттік орталығы, "электрондық үкiметтiң" порталы мен шлюзi, қол жеткiзудiң және халықты "электрондық үкіметпен" өзара iс-әрекет ету негiздерiне оқытудың жалпыға бiрдей қол жетiмдi желілерiн құру, ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тiзілiмi, сондай-ақ ұлттық бiрiздендiру жүйесі жатады.
      "Қорғаныс" функционалдық тобы бойынша шығыстар қорғаныс қажеттілiктерiне, төтенше жағдайлардың алдын алуды және оларды жоюды ұйымдастыруға, қорғалатын тұлғалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және салтанатты рәсiмдердi орындауға арналған шығыстарды қамтиды және 2006 жылы ЖIӨ-нiң 1,3%-ы, 2007 жылы - 1,3%-ы және 2008 жылы - 1,3%-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 10 ақпандағы N 334  Жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы қорғаныс мұқтаждарына арналған шығыстарды жоспарлаудың негізi болып табылады, бұған сәйкес қорғанысқа арналған шығыстардың көлемi кемiнде ЖIӨ-нiң 1%-ы мөлшерiнде көзделеді, мұнда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн (бұдан әрi - Қарулы Күштер) құру, реформалау кезеңдері мен әскери-экономикалық қамсыздандырудың негізгі бағыттары айқындалған.
      Қарулы Күштердi жасақтау мен қалыптастырудың келiсiм-шарттық жүйесiне көшу жолымен армияны кәсiбилендiру болжанып отырған шаралардың негізгі мiндеті ретiнде қойылады, оның мақсаттары бөлiмдер мен бөлiмшелердiң әскери дайындығын жоғарылату, әскери-оқытылған резервтi дайындау, әскери қызметтiң және тұтастай Қарулы Күштердiң беделiн арттыру болып табылады.
      Қарулы Күштерді құру мен дамытудың өткен кезеңдегі тәжiрибесi мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлердi "келiсiм-шарттағыларға" ауыстыру армия қызметіне оң әсер ететінін көрсеттi. Мысалы, Қарулы Күштерде адам шығыны мен қылмыс саны азаяды, моральдық-психологиялық ахуал жақсарады.
      Қарулы Күштерді жасақтаудың келісім-шарттық жүйесiне көшудi 2005 жылы солдаттар мен сержант лауазымындағы келісім-шарт қызметінiң әскери қызметшiлерiнiң сандық құрамын штаттың 65%-ына дейiн ұлғайту жолымен жүзеге асыру және 2007 жылға дейiн осы пайыздық ара қатынасты тұрақтандыру көзделiп отыр.
      Жоспарланып отырған кезеңде Қарулы Күштердің материалдық-техникалық базасын жақсарту көзделуде. Бұл үшін қару-жарақ пен әскери техника санын оңтайландыру жөнiнде шаралар қабылдау керек.
      Қазақстан Республикасының халқын, экономикалық әлеуеті мен қоршаған ортасын табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар әсерiнен тиiмдi қорғауды арттыруға және қамтамасыз етуге, олардың салдарының, оның iшiнде iрi көлемдi жер сiлкiнiстерiнiң, су тасқындарының, селдiң және жер көшкiннiң алдын aлу, залалды төмендету мен жою үшін күштер мен құралдарды дамытуға қол жеткiзу мақсаттарында Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзiрленуде.
      "Қоғамдық тәртіп, қауiпсiздiк, құқық, сот және қылмыстық атқару қызметi" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нiң 2,0%-ы, 2007 жылы - 2,2%-ы және 2008 жылы - 2,1%-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
      Жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттiң өмiрлiк маңызды мүдделерінің сыртқы және iшкi қауiптерден қорғалуын қамтамасыз ету үшін әлемдегi террорлық агрессия жағдайларында мемлекеттің қауiпсiздігін қамтамасыз eту мәселелерiнің зор маңызы бар.
      Жоспарланып отырған орта мерзiмдi кезеңде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1355  қаулысымен  бекiтiлген, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн тиiмдi қорғауды қамтамасыз етуi; қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы өтiнiштер мен хабарламаларды шешу кезiнде заңдылықты сақтауға; қоғамдық қауіпсіздіктің тиiстi жағдайын қамтамасыз етуге; алдын алу қызметiн жетiлдiруге; қылмыстарды мақсатқа сай әлеуметтiк-құқықтық алдын алуды жүзеге асыруға бағытталған Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жалғасады.
      Бұл бағдарламаны iске асыруға 2006-2007 жылдары 5,3 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр.
      Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1376  қаулысымен  бекiтiлген, іс-шаралары түзеу мекемелерінде ұсталатын сотталғандарды ұстау жағдайларын, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындаудың сапасын жақсартуға бағытталған Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару жүйесін одан әрі дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жалғасады.
      Бұл бағдарламаны iске асыруға 2006 жылы 2,3 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр.
      Мықты әрі тәуелсіз сот билiгi демократияның, адам құқықтары мен бостандықтарының басымдылығын қамтамасыз етудiң маңызды шарты болып табылады.
      Мемлекеттің қалыптасу және даму кезеңiнде сот жүйесiнiң тиiмділігiн арттыруға бағытталған шаралар кешенi жүзеге асырылды.
      Соттар тәуелсiздігінiң кепілдiгi қамтамасыз етiлдi. Мемлекет тарихында тұңғыш рет жергiлiктi соттардың барлық судьяларын ел Президентi тұрақты мерзiмге сайлай бастады, кәсіптік жүйе құрылды, функциялары жалпы құқықтық құзырлы coттapғa берілiп, төрелік соттар таратылды, мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк және экономикалық соттар құрылды.
      Сот жүйесін дамытудың негiзгi бағыттары Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 20 қыркүйектегi N 949  Жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында айқындалған, оның негiзгi мiндеттерiнiң бiрi сот төрелiгі органдарын жетiлдiру, ең алдымен бiрiншi деңгейдегi соттардың (аудандық, қалалық соттар) қызметiн жетiлдiру болып табылады.
      Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы объективтiктi, сондай-ақ сот кесімдерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз ететiн сот өндiрiсiн оңайлату, сот жүргізу шеңберiнде және сот шешiмдерiн атқару кезеңiнде азаматтар құқығына берілетiн кепiлдiктердi күшейту, сот корпусының тәуелсiздігін қамтамасыз ету және қылмыстық сот жүргiзу мен сот шешiмдерi шеңберiнде адвокаттардың рөлін арттыру жөнiндегi іс-шараларды жүргiзу қажеттігiне баса назар аударды.
      Алға қойылған міндеттерді iске асыру мақсатында сот жүйесiн жетілдiру және судьялардың мәртебесiн көтеру бөлiгiнде Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн әзiрлеу және қабылдау қажет.
      Қылмыстық тергеудi жүзеге асырған және iстердi сотта қараған кезде заңдылық қағидаттарын нығайту үшiн Қазақстан Республикасында халық өкiлдерiнiң әділ сотты жүзеге асыруға қатысуын көздейтiн алқабилер соты институтын енгізу мәселелерi жөнiндегi заң жобасы әзiрленуде.
      Атқарушы билiк реформасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шеңберiнде, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың халықпен өзара iс-қимылын оңайлату және олардың арасындағы тiкелей байланыстарды барынша азайту мақсатында Халыққа "жалғыз терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсететiн орталықтар құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
      "Бiлiм беру" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нiң 3,5%-ы, 2007 жылы - 3,8%-ы және 2008 жылы - 4,1%-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
      Бiлiм беру саласындағы бюджет саясаты әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне бiрiктiрiлген және әлемдiк еңбек рыногындағы бәсекеге қабiлеттi мамандар даярлауды қамтамасыз ететiн бiлiм берудiң ұлттық моделiн қалыптастыруға бағытталады.
      Мақсаттарға қол жеткiзу үшін Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459  Жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде мынадай негізгі мiндеттердi шешу:
      барлық балалардың мектепке дейiнгі бiлiмге тең қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;
      2008/2009 оқу жылынан бастап 12-жылдық жалпы орта бiлiм бepугe көшу;
      жоғары буын оқушыларын бейiндi және кәсiптiк бағдарланған оқыту жүйесiн құру;
      кәсiптiк және техникалық бiлiм беру саласында бiлiктi жұмысшы кадрларды даярлаудың жаңа ұстанымдарын қалыптастыру;
      жаңа - ортадан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру деңгейiн құру;
      академиялық кредиттер жүйесiне негізделген кәсiптiк кадрлар даярлаудың үш деңгейлi - бакалавриат - магистратура - докторантура (Ph.D) жүйесiн қамтамасыз ету;
      Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесiн құру көзделiп отыр.
      Алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн:
      мектепке дейiнгi бiлiм бepу ұйымдары желiсiн кеңейту;
      балалардың 30%-ын мектепке дейiнгi ұйымдармен қамту есебiнен атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларды білім беруде қолдау жүйесiн құру;
      мемлекеттік жалпыға мiндетті жалпы орта бiлiм берудiң ұлттық бiлiм бepу мақсаттарының жүйесiн белгiлейтiн, бітірушiлердiң базалық құзыретi түрiндегі нәтижеге бағдарланған жаңа стандартын әзiрлеу;
      бiлiм беру сапасын iшкi және сыртқы бағалауды енгiзу, оқушылардың оқу жетiстiктерiнiң деңгейiн айқындайтын стандартталған бағалау құралдарын жетiлдiру;
      білім беру бағдарламаларын әртараптандыру және олардың икемділігi, жоғары оқу орындарын қайта құрылымдау және академиялық еркiндiктердi кеңейту негізінде кәсiптік жоғары білім беру сапасын жоғарылату;
      жаңа магистрлік бағдарламалар бойынша кадрлар даярлау;
      ұлттық білім беру бағдарламаларын халықаралық таныту және студенттердiң өздiгiнен бiлiм алу деңгейiн жоғарылату мақсатында кәсiптiк орта және жоғары білім беру жүйесiне кредиттік технологияны енгiзу;
      ауыл мектептерiн дамыту, шағын жинақталған мектеп балалары үшiн бейінді мектеп-интернаттар салу және ашу;
      республикалық бюджет есебiнен 2008 жылдың аяғына дейiн 176 жалпы бiлiм беретiн мектеп салу;
      арнаулы түзеу бiлiм беру ұйымдары желiсiн және мүмкiндiгi шектеулi балалардың кәсiптiкке дейiнгi және кәсiптiк даярлыққа қол жеткiзуiн өрiстету;
      мүмкiндiгi шектеулі адамдарды бiрiктірiлген оқытуды мемлекеттiк қолдау жөнiндегi, бұрын оқытылмайды деп есептелген балаларды оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi шараларды әзiрлеу;
      Алматы және Қарағанды қалаларында көзi нашар көретiн балалар үшiн әрқайсысының жобалық қуаты 250 орын мектеп-интернаттар салу;
      оқу процесiн ұйымдастырудың қашықтық және өзге де инновациялық нысандарын енгiзудi кеңейту ұйғарылып отыр.
      Мемлекет басшысының мұғалім мамандығының беделiн қамтамасыз ету туралы тапсырмасын iске асыру үшiн 2005-2006 оқу жылында педагог кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы 5000 бiрлiкке ұлғайтылады.
      2006 жылдан бастап кез келген шетелдегі тағлымдаманы қоса алғанда, жыл бойы ғылыми зерттеулер жүргiзуге арналған грант мәртебесi бар жыл сайынғы мемлекеттік "Үздiк оқытушы" стипендиясы енгізіледi.
      Көрсетiлген мақсаттарға 2006-2008 жылдары шамамен 1,3 млрд. теңге бөлу ұйғарылып отыр.
      Сондай-ақ "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамы арқылы студенттердiң кредиттерiне мемлекеттік кепілдiк беру жүйесін iске асыру мақсатында таяу арадағы 4 жыл iшiнде шамамен 1,4 млрд. теңге бөлiнетiн болады.
      2007 жылы "Білiм туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  жаңа редакциясына педагог қызметкердiң мәртебесi туралы норманы қосу ұйғарылып отыр.
      Техникалық бiлiм берудi дамыту үшiн жыл сайын техникалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын ұлғайту көзделуде. 2005-2006 оқу жылында техникалық мамандықтарға мемлекеттік тапсырысты тағы да 700 бiрлiкке ұлғайту көзделiп отыр.
      Білiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесiнiң жұмыс iстеуi мақсатында Бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық орталығы, Ұлттық аккредиттеу орталығы, Республикалық білiктілікті растау және беру орталығы, "Мектепке дейiнгi балалық" республикалық орталығы, "Оқулық" ғылыми-практикалық орталығы құрылды.
      "Болашақ" бағдарламасын институционалдық қолдау үшін Халықаралық бағдарламалар орталығы құрылды. Аталған бағдарлама шеңберiнде әлемнiң озық жоғары оқу орындарында оқу үшiн жыл сайын үздiк үш мың студентке республикалық бюджеттен қаражат бөлiнетін болады.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 25 маусымдағы N 632  қаулысымен  бекiтiлген "Жасыл ел" бағдарламасының шеңберiнде жастар арасында жұмыссыздық деңгейiн азайту мақсатында ормандарды молықтыру, республика аумақтарын көгалдандыру мен абаттандыру жөнiндегi iс-шараларға оқушылар мен студенттер, сондай-ақ жұмыс iстемейтін жастар тартылатын болады. Сондай-ақ жазғы демалыс кезiнде тұрғын үй салу жөніндегі іс-шараларға студенттердің қатысуы үшін құрылыс жасақтары ұйымдастырылатын болады.
      Бiлiм берудi басқаруды одан әрі демократияландыру негізiнде ұлттық бiлiм беру жүйесiнiң жұмыс iстеуiнiң нормативтік құқықтық базасын жетiлдiру ұйғарылып отыр.
      "Денсаулық сақтау" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нiң 2,5%-ы, 2007 жылы - 2,7%-ы, 2008 жылы - 3,0%-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13 қыркүйектегi N 1438  Жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру шеңберiнде денсаулық сақтау саласында 2006-2008 жылдары:
      сапалы бастапқы медициналық-санитарлық көмекпен (БМСК) қамтамасыз ету, оның iшiнде:
      халықтың жекелеген санаттарын кейіннен серпінді байқау және сауықтыру жұмысын жүргiзе отырып, жыл сайын алдын ала медициналық тексеруді кезең-кезеңiмен енгізу, бұған 2006 жылы - 4,5 млрд. теңге, 2007 жылы - 4,7 млрд. теңге, 2008 жылы - 6,0 млрд. теңге бөлу талап етiледi;
      материалдық-техникалық жарақтандыру 2006-2008 жылдары шамамен 11,5 млрд. теңгенi, соның iшiнде ауылдық жерлердегi денсаулық сақтау объектілерi үшiн 7,8 млрд. теңгенi құрайды. Бұл ретте БМСК ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейi бiртiндеп медициналық жабдықпен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және санитарлық автокөлiкпен жарақтандырудың ең төменгі нормативiне дейiн жеткiзiледi.
      2006 жылдан бастап неғұрлым көп таралған ауру түрлеріне шалдыққан үлкендердi амбулаториялық деңгейде жеңiлдiктi дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету көзделiп отыр, бұл үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ауру түрлерiнiң тиiстi тiзбесiн бекiтедi. 2006-2008 жылдары барлығы шамамен 5,8 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр;
      ана мен бала денсаулығын нығайту, оның iшiнде:
      2006-2008 жылдары жекелеген ауру түрлері бойынша бес жасқа дейiнгi балаларды амбулаторлық деңгейде дәрілiк заттармен, сондай-ақ жүктi әйелдердi құрамында темiр және йод бар препараттармен тегiн қамтамасыз ету жалғасады, бұған тиiсiнше шамамен 1,6 және 3,0 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр;
      2006-2008 жылдары диспансерлік есепте тұрған балалар мен жасөспiрiмдердi амбулаториялық емдеу кезiнде тегiн дәрілік заттармен қамтамасыз етуге шамамен 3,4 млрд. теңге бөлу жоспарлануда.
      Жоғарыда көрсетiлген бағыттарды iске асыру үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ауру түрлерiнiң тиiстi тiзбелерiн бекiтедi.
      Балалар және бала туу ұйымдарының жарақтандырылуы медициналық жабдықпен жарақтандырудың ең төменгi нормативiне дейiн жеткiзiледi, бұл ретте 2006-2008 жылдары қажетті қаражат сомасы шамамен 8,0 млрд. теңгенi құрайды;
      ел халқының қауiпсiз, тиiмдi және сапалы дәрілік құралдарға қол жеткізуін қамтамасыз ету сияқты басым іс-шараларды iске асыру жалғасады.
      Бұдан басқа, денсаулық сақтаудың жекелеген бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 30 маусымдағы N 905  қаулысымен  бекiтiлген "Салауатты өмiр салты" кешендi бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 тамыздағы N 850  қаулысымен  бекiтілген Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы күресті күшейтудің 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы iске асырылуда.
      Тұтастай алғанда, денсаулық сақтау саласындағы бюджет саясаты халықтың салауатты өмiр салтын қалыптастыруға, оның артықшылықтары туралы хабардар болуын жоғарылатуға, мемлекет пен азаматтардың ортақ жауапкершілігіне, бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейiнде денсаулықты, аурулардың алдын алу жүйесін нығайтуға, азаматтардың сапалы медициналық және дәрілік көмекке қол жетiмділігін арттыру жолымен халық денсаулығын жақсартуға, еркiн медициналық сақтандыруды дамытуды ынталандыруға бағытталады.
      "Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нiң 5,2%-ы, 2007 жылы - 5,2%-ы, 2008 жылы - 5,1%-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
      Елде сақталып отырған экономикалық өсу Қазақстан Республикасының Үкiметiне халықты әлеуметтiк қорғауды дамытуға арналған шығыстарды ұлғайту жолымен саясаттың әлеуметтік бағдарлануын жалғастыруға мүмкiндiк бередi.
      2005 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшерi 6200 теңгенi құрады, ал 2005 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақы жасына жеткен адамдарға жұмыс өтiлiне, жалақысына және зейнетақы мөлшерiне қарамастан 3000 теңге мөлшерiнде қосымша ай сайынғы базалық зейнетақы төлемi енгiзіледi, оның мөлшерi кейiннен кезең-кезеңiмен ұлғайтылады. Осылайша, базалық зейнетақы төлемiн ескергенде зейнетақы мөлшерi 9200 теңгенi, ал орташа зейнетақы мөлшерi 12 мыңнан астам теңгенi құрайды. 2005 жылы базалық зейнетақы төлемiн енгiзуге қосымша 28,8 миллиардтан астам теңге бөлiнедi.
      Сондай-ақ 2005 жылы:
      мүгедектiгi бойынша төленетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар мен асыраушысынан айырылған отбасыларға төленетін жәрдемақылардың қолданыстағы мөлшерi көтерiлдi. Көрсетiлген мақсаттарға қосымша шамамен 13,1 млрд. теңге жiберiлдi;
      Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына төленетiн арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар мөлшерi 15 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн ұлғайтылды және 30 мың теңге мөлшерiнде бiржолғы материалдық көмек көрсетілдi. Көрсетiлген iс-шараларды жүргізуге 7,0 млрд. теңгеден астам сома бөлiндi.
      2006-2008 жылдары әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек саласындағы бюджет саясатының негізгі мақсаттары әлеуметтiк қамсыздандырудың қаржылық орнықты, әлеуметтік әдiл үш деңгейлi жүйесiн құру, атаулы әлеуметтік көмектi күшейту болып табылады.
      Көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы N 1241  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасында әлеуметтiк реформаларды одан әрі тереңдетудiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрi - Әлеуметтiк реформаларды тереңдету бағдарламасы) iске асыру жалғасады, мұнда әлеуметтiк қамсыздандырудың үш деңгейлi жүйесін енгiзу көзделедi.
      2006 жылы:
      ана мен баланы қорғау мақсатында төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгiлерiмен немесе бiрiншi және екiншi дәрежелi "Ана даңқы" атағымен марапатталған аналарға арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылардың мөлшерi 4000 теңгеге дейiн ұлғайтылады. Бұған 2005 жылғы нақтыланған базаға қосымша 2006 жылы - 7,6 млрд. теңге, 2007 жылы - 8,6 млрд. теңге, 2008 жылы - 9,6 млрд. теңге талап етiледi;
      aз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына жәрдемақылар енгізіледі. Бұл мақсатқа арналған шығыстар мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады;
      барлық санаттағы мүгедектер мен жасына байланысты жәрдемақы алушыларға, сондай-ақ мемлекеттiк арнаулы жәрдемақыларды алушыларға төленетiн мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері тағы да 1000 теңгеге ұлғайтылады. Сондай-ақ асыраушысынан айырылған 249 мың отбасыға 300 теңгеден 1000 теңгеге дейiнгі сомада қосымша қолдау көрсетiледi. Бұл мақсаттарға 2005 жылғы нақтыланған базаға қосымша 2006 жылы 8,5 млрд. теңге, 2007 жылы - 14,3 млрд. теңге, 2008 жылы - 18,8 млрд. теңге бөлiнедi.
      2006 жылғы 1 шілдеден бастап бiр жасқа дейiнгi бала күтiмiне байланысты мемлекеттiк жәрдемақылар енгiзіледi, бұл ретте бала санына қарай жәрдемақы мөлшерiнiң прогрессивтiк шәкілi болады. Бұл мақсаттарға 2006 жылы 6,3 млрд. теңге, 2007 жылы 14,3 млрд. теңге, 2008 жылы 16,0 млрд. теңге қосымша бөлу жоспарланып отыр.
      Халықаралық стандарттарға жақындау мақсатында 2006 жылдан бастап ең төменгi күнкөрiс деңгейi базалық көрсеткiш ретiнде алынады, оның негiзiнде әлеуметтік төлемдердiң мөлшерлерi қайта қаралады. Осыған байланысты, ең төменгi күнкөрiс деңгейiн айқындау әдiстемесi өзгертіледi, оның негiзi тұрмыстық игілiктер мен қызметтердiң ең төменгi әлеуметтiк қажетті деңгейiн көрсететін тұтыну бюджеті болмақ.
      2007 жылдан бастап еңбекке уақытша жарамсыздық жөнiндегі жәрдемақылардың көлемi ұлғайтылады, бұған 2 миллиардтан астам теңге жiберіледi.
      Әлеуметтiк реформаларды тереңдету iс-шараларын iске асыруға және халықты әлеуметтiк қолдау жөнiндегi қосымша шараларды қаржыландыруға 2004 жылғы деңгейге шаққанда 2006-2007 жылдары мемлекеттiк бюджеттен шамамен барлығы 272,7 млрд. теңге қосымша бөлiнедi.
      2007 жылдан бастап уақытша еңбекке жарамсыздық жөнiндегi жәрдемақы мөлшерi ұлғайтылады, оған 2 млрд. теңгеден астам жiберiледi.
      Елге қоныс аударушылардың ағынын одан әрi көтермелеу, демографиялық ахуалды жақсарту және Қазақстан Республикасының халық санының өсуiн қамтамасыз ету мақсатында 2006-2008 жылдары көші-қон квотасы бойынша келген оралмандар отбасыларын көшiрудi ұйымдастыруға, әлеуметтiк қорғауға және тұрғын үймен қамтамасыз етуге бюджет қаражаты бөлiнедi. 2006-2007 жылдары оралмандардың көші-қон квотасы жыл сайын 15000 отбасын құрайды.
      "Tұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобы бойынша бюджет шығыстарын 2006 жылы ЖIӨ-нiң 1,9%-ы, 2007 жылы - 2,1%-ы және 2008 жылы - 1,4%-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
      Қазiргi уақытта тұрғын үй қоры түгелдей дерлік жеке сектордың иелігінде, мұнда бәсекелестiк жағдайлары жасалған және қызметтердің iс жүзінде пайдаланылған көлемiне ақы төлеуге көшу жүзеге асырылуда. Сонымен қатар оны пайдалану және ұстау мәселесi проблемалы болып отыр, ескiрген және авариялы тұрғын үй көлемi өсуде.
      Қолдағы тұрғын үй қорын тиiстi деңгейде пайдалану мен ұстауды, онда тұрудың қауiпсiз әрi ыңғайлы жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы әзiрлендi. Бұл бағдарлама шеңберiнде, атап айтқанда, тұрғын үй-коммуналдық салада қызмет көрсетудегi бәсекенi дамыту үшiн құқықтық жағдайлар жасау мақсатында заңнамалық база әзірленедi, тұрғын үй қорын күрделi жөндеудi жүзегe acыpу үшiн қолданыстағы тұрғын үй қорының жай-күйiн қолдауды және жаңартуды қаржыландыру жүйесi жасалады, пайдаланылатын тұрғын үй қорының жай-күйiн тиiстi бақылау қамтамасыз етiледi.
      Халықтың қалың бұқарасының тұрғын үйге нақты қол жеткiзуiн қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын шешу қажет.
      Осыған байланысты, арзан тұрғын үй ұсыну және тұрғын үйге қол жетімдiлiкті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың тұрғын үйлерде қауiпсiз әрi сапалы тұруы үшiн жағдайлар жасау негізгi мiндеттер болып табылады.
      Халықтың қалың бұқарасының тұрғын үйге қол жеткiзуiн қамтамасыз ететiн тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешендi шешу мақсатында Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен арзан коммерциялық және коммуналдық тұрғын үй салу, сондай-ақ Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкiндегі салымдар бойынша сыйақылар төлеу жүзеге асырылады.
      "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нiң 0,7%-ы, 2007 жылы 0,7%-ы, 2008 жылы 0,8%-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
      Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк саласындағы негiзгi мақсаттар:
      Жiбек жолы трассасының қазақстандық учаскесiн урбандаудың тарихи жүйесiнiң жалпы ұлттық, әлеуметтiк-экономикалар және халықаралық рөлiн қайта өрлету;
      қазақстандық және шетелдiк азаматтардың әр алуан туристiк қызметтерге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға арналған мүмкiндiктердi қамтамасыз ететiн қазiргi заманғы туристік кешен құруға жәрдемдесу;
      елдегi дене шынықтыру мен спортты одан әрi дамыту;
      әсiресе ауылда халықтың дене шынықтырумен және спортпен айналысуы үшiн жағдай жасау; спорттың және ұлттық ойындардың олимпиадалық, ұлттық, техникалық, қолданбалы түрлерiн дамыту;
      бұқаралық спорт және жоғары жетiстiктер спорты саласында спорт резервi мен халықаралық сыныптағы спортшыларды дайындауды ғылыми-әдiстемелiк, медициналық-биологиялық және психологиялық қамтамасыз ету жөнiнде зерттеулер жүргiзу;
      спорт резервiн және халықаралық сыныптағы спортшыларды даярлау;
      Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
      бiрыңғай ақпараттық кеңiстіктi нығайту, теңгерiмдi тілдiк және әлеуметтік бағдарланған жастар саясатын нығайту;
      мемлекеттік тiлдi одан әрi дамыту;
      этносаралық және конфессияаралық келiсiмнiң қазақстандық моделiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және оның негізгі өлшемдерiн жетілдiру болып табылады.
      Бұл мақсаттар тиiстi бағдарламалық құжаттар шеңберiнде бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру арқылы iске асырылатын болады.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 27 ақпандағы N 3859  Жарлығымен  бекітілген "Жiбек жолы тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркi тiлдес мемлекеттердің мәдени мұраларын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау" атты Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде оның іс-шараларының ауқымдылығын, көп салалы сипатын және капитал сыйымдылығын ескере отырып, республикалық бюджеттен туризм объектілерiнiң тізбесіне енгiзілген және кәдеге жаратуға жатпайтын, республикалық санатта қорғалатын ескерткiштердi қорғау, қалпына келтiру және зерттеу мақсатына жыл сайын бөлінетін қаржы бөлу шегінде қаражат көзделедi. Жыл сайын жергіліктi бюджеттен жергілiктi санатта қорғалатын, туристiк бағыттарға қосылған ескерткiштерге тиiстi қаражат көзделедi.
      2006 жылы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 1277  Жарлығымен  бекітілген, халықтың зор мәдени мұрасын зерделеудiң бiртұтас жүйесін жасауға, ұлтымыздың тарихы үшiн ерекше маңызы бар бiрқатар тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қалпына келтiрудi қамтамасыз етуге, өрiстетілген көркем, ғылыми, биографиялық серияларды жасауға, әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттің үздiк жетістіктерi базасында гуманитарлық бiлiм берудiң мемлекеттiк тілдегi толыққанды қорын құруға бағытталған 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру аяқталады.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 сәуiрдегі N 398  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында ұлттық сипаттағы, саяси маңызы бар неғұрлым ірі әрі маңызды проблемаларды шешу, соның iшiнде теледидар және радио хабарларын таратудың арнайы дайындалған бағдарламаларын ТМД елдерiне және алыс шетелдерге трансляциялауды ұйымдастыру, қазiргi заманғы технологияларды пайдалану есебiнен жаңа таратқыштарды орнату немесе Қазақстан Республикасының радио және телехабарларын таратудың қолданыстағы желiсiн жаңғырту жолымен халықтың мемлекеттік теледидар және радио бағдарламалармен барынша көп қамтылуын қамтамасыз ету көзделеді.
      Мемлекеттік тiлдiң әлеуметтiк-коммуникативтiк функцияларын кеңейту және нығайту, орыс тілiнiң жалпы мәдени функцияларын сақтау және этникалық топтардың тiлдерiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550  Жарлығымен  бекітілген Тілдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде тиiсті бюджет қаражаты көзделедi.
      2006 жылы:
      Этносаралық және конфессияаралық келiсiмнiң қазақстандық моделiн жетілдiрудiң 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы, оны iске асыру этносаралық және конфессияаралық қатынастарды үйлестiру, қоғамдағы әлеуметтiк шиеленiстi азайту үшiн негiз құруға мүмкiндiк бередi, әлеуметтiк практикаға толеранттық мiнез-құлық нормаларын және экстремизмнiң алдын aлу және оған қарсы әрекет ету тетiктерiн енгізудi қамтамасыз етедi, қоғамдағы әлеуметтiк-саяси жағдайлардың өзгеруiне икемдi ден қою үшiн жағдайлар жасайды;
      мәдениетті дамыту және классикалық халық өнерiнiң үздiк дәстүрлерiн сақтау мақсатында Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы әзiрленедi.
      Әзiрленiп жатқан, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт объектiлерi желiсiн дамытуға, мамандарды даярлауға және саланы бiлiктi кадрлармен қамтамасыз етуге, саланы ұйымдық, ғылыми-әдiстемелiк және медициналық қамтамасыз етуге, жоғары бiлiктi және спорт резервiнiң спортшыларын даярлау мәселелерiн шешуге бағытталған Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру көзделiп отыр.
      Қазақстанның тартымды туристік объект ретіндегi беделiн қалыптастыру, ұлттық туризм өнiмдерiн қалыптастыру және оның әлемдiк деңгеймен салыстыруға болатын сапасын қамтамасыз ету, саланы мемлекеттiк реттеудi қолдау және оның оңтайлы әдiстерiн таңдау негiзiнде туризмдi кешендi дамыту мақсатында 2006 жылы Туризм саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы әзiрленедi.
      Рынок сегменттерiнiң бiрi ретiнде туризм кластерiн дамытуға ерекше көңiл бөлiнедi.
      "Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нiң 0,3%-ы, 2007 жылы 0,2%-ы және 2008 жылы 0,3%-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
      Осы саладағы орта мерзiмдi перспективадағы бюджет саясаты:
      Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларының барланған қорларын толықтыруды және олардың тиiмдi пайдаланылуын арттыруды қамтамасыз ететiн минералдық-шикiзат ресурстарын мемлекеттік басқару жүйесiн жетiлдiруге және табиғи капитал - көмiрсутек шикiзатын терең әрi кешендi қайта өңдеудi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдауға;
      жер қойнауын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге;
      Каспий теңізiнiң қазақстандық секторының көмірсутек ресурстарын ұтымды әрi қауiпсiз игеру жолымен елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз етуге және Қазақстан халқының сапалы өмiр сүруiн жақсартуға жәрдемдесуге;
      мұнай-газ кен орындарының iлеспе газын пайдалану арқылы электр энергиясын өндiру жөнiндегi жаңа қуаттарды қолданысқа енгізу жөнiнде iс-шаралар жүргiзуге;
      ел өңірлерiнiң табиғи және сұйытылған газбен үздiксiз қамтылуын қамтамасыз eтугe;
      Қызылорда қаласын газдандыруды қамтамасыз етуге;
      елдiң энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткiзу үшін жағдайлар жасауға;
      ғылымның, техника мен технологиялардың қазiргi заманғы бағыттарын дамытуға, жоғары технологиялы әзірлемелерді рынокқа жылжытуға және оларды өнеркәсiптiк өндiрiске енгiзуге, атом және термоядролық энергетика, атом және мұнай-химия өнеркәсiбi, геология және жер қойнауын пайдалану, ядролық медицина саласындағы жоғары білікті ғылыми және инженер кадрларды даярлауға жәрдемдесуге;
      бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының, Қазақстан аумағындағы ядролық зерттеу және жеделдету кешендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады.
      Бұл мiндеттер тиiстi бағдарламалардың іс-шараларын қаржыландыру арқылы шешілетін болады.
      Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игеру - ұзақ әрі күрделі жасампаз процесс, бұған едәуір табиғи, техникалық, еңбек және зияткерлік ресурстар тартылады. Мұнда теңiз мұнай-газ операцияларын дамытудың саяси және экономикалық жағдайлары, Каспий жағалауы өңіріндегі жұмыстардың ауқымы және олардың елдiң экономикалық өсуiне оң әсерi, сондай-ақ табиғи факторлардың жоғары маңызы назарға алынады.
      2006-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 16 мамырдағы N 1095  Жарлығымен  бекiтiлген Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасында көзделген, соның iшiнде көмiрсутектердi теңiзде өндiрудi жоғарылатуды, жаңа теңiз блоктарын тендерлерге жоспарлы шығаруды, барлық теңiз жобаларының мониторингін, жоғары экологиялық стандарттарға сай келетін қосымша табиғат қорғау іс-шараларын әзiрлеудi және жүзеге асыруды, қосымша құбыр қуаттарын (экспорттық мақсаттағы емес) салуды қамтитын iс-шаралар мен жұмыстарды iске асырудың екiншi кезеңi басталады.
      Бұл ретте теңiз мұнай-газ кешенi үшiн негiзгi отандық тауарлар мен қызметтердiң бәсекеге қабiлеттілігі дамытылады (теңiз операцияларын жүргізу үшiн импорт алмастыру).
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1449  қаулысымен  бекітілген Елдiң минералдық-шикізаттық кешенi ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберiнде мынадай мiндеттердi шешу:
      өңiрлiк және геологиялық түсiру жұмыстарын жүргізген кездегі дайындық iс-шаралары;
      1:200000 масштабында жер қойнауын жете геологиялық зерттеу;
      1:200000 масштабында кендi аудандарды геологиялық-минерагеникалық картаға түсiру;
      қатты пайдалы қазбаларды iздеу, іздеу-бағалау және іздеу-барлау жұмыстары;
      мұнай мен газды iздеу, іздеу-бағалау және iздеу-барлау жұмыстары;
      елдi мекендердi сумен жабдықтау үшiн іздеу-барлау жұмыстары;
      геотермалдық суларды іздеу-барлау жұмыстары;
      минералдық-шикізат базасының және жер қойнауын пайдаланудың мониторингі;
      жерасты суларының және қауiпті геологиялық процестердің мониторингі;
      геологиялық ақпаратты қалыптастыру;
      геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер;
      геологиялық зерттеулердi ақпараттық қамтамасыз ету және ғылыми-техникалық қолдау;
      мұнай және өздігінен ағып жатқан гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және тоқтатып қою көзделiп отыр.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысымен  бекiтiлген "Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытудың" 2004-2008 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын iске асыру жөніндегі жұмыс жалғасады.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 20 тамыздағы N 926  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбiн және атом энергетикасын дамытудың 2002-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес отандық атом энергетикасын жалпы теңгерімді энергетикалық даму саясатының құрамдас бөлiгінiң бiрi ретінде дамытуды негiздеу үшін республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын кешендi зерттеулер жүргізiледi.
      Қазақстан Республикасының радиациялық қауіпсiздігін қамтамасыз eтугe бағытталған: республика аумағын радиоэкологиялық зерттеу және осы салада кешенді мемлекеттiк бағдарлама әзiрлеу жөнiндегi; бұрынғы Семей сынақ полигонының қауiпсiздігін қамтамасыз ету жөнiндегi; радиоактивті қалдықтарды қайта өңдейтін және көметiн объектілердi салу жөнiндегi; Қазақстан Республикасының базалық ядролық зерттеу және жеделдету кешендерiн жаңғырту жөнiндегі, сондай-ақ ядролық жарылыстар мен жер сiлкiністерiнiң тарихи сейсмограммаларының электронды мұрағатын құру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруға тиiстi қаражат көзделетін болады.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 шiлдедегі N 1006  қаулысымен  бекiтiлген Уран өндіретін кәсiпорындарды консервациялаудың және уран кен орындарын өндірудің салдарларын жоюдың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде уран өндiретiн әрекетсіз кәсiпорындарды консервациялауға және уран кен орындарын өндiрудiң салдарларын жоюға тиiстi қаражат көзделеді.
      2006 жылы республикалық бюджет есебiнен басымды инвестициялық жобаларды iске асыру: қазақстандық термоядролық Тоқамақ материалтану реакторын (бұдан әрі - ҚТМ) құру, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ауыр иондарды жеделдетуші базасында пәнаралық ғылыми-зерттеу кешенiн құру, Курчатов қаласында "Ядролық технологиялар орталығы" технопаркін құру, Ядролық медицина және биофизика орталығын құру жалғастырылады.
      ҚТМ қондырғысында жүргізілетiн тәжiрибелiк зерттеулердi ғылыми және техникалық қолдау әрi оны пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында тиiстi қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламаны iске асыру жалғасатын болады.
      Пайдаланылатын және игеруге дайындалатын аз зерттелген әрi шығарып алынуы қиын ресурстық база әлеуетiнiң ұлғаюын, минералдық шикiзатты қолданудың кешендiлігін және кен орындарының инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ететiн орташа, кiшi кен және кен емес орындардың техникалық-технологиялық дайындық деңгейiн арттыруды қамтамасыз ету мақсатында тиiсті қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламаны iске асыру жалғасады.
      Ауыр иондарды жеделдетуші базасындағы пәнаралық ғылыми-зерттеу кешенiндегi зерттеулердің тиiмділігiн арттыру, кешен қондырғыларындағы тәжiрибелердiң пайдаланылу сипаттамалары мен сапасын жақсарту және ғылыми ортаны қалыптастыру әрі физика, химия, биология саласындағы кешендi ғылыми зерттеулердi және ДЦ-60 ауыр иондарды жеделдетушi базасында алдыңғы қатарлы технологияларды дамыту мақсатында 2006 жылы тиiсті ғылыми-техникалық бағдарламаны iске асыру басталады.
      Қалпына келтiрілетiн, әлеуеті төмен энергия көздерiн пайдалана отырып тиiмдiлiгi жоғары энергия үнемдеушi жылу сорғы қондырғыларын (бұдан әрi - ЖСҚ) жасау және ЖСҚ пайдалану негiзiнде энергия үнемдеушi жаңа технологиялардың демонстрациялық аймақтарын құру мақсатында тиiстi бағдарламалар iске асырыла бастайды.
      "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесiн қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нiң 1,2%-ы, 2007 жылы 1,1%-ы және 2008 жылы 1,4%-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
      Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесiн қорғау, жер қатынастары саласындағы 2006-2008 жылдарға арналған шығыстардың негiзгi бағыттары:
      астықтың ішкі рыногын тұрақтандыру жөніндегi шараларды қабылдау;
      отандық ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласын дамыту және машина трактор паркiн жаңарту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушілерге сервистiк және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi құрылым жасау;
      ауылда мал шаруашылығы өнімдерін сатып алумен және сатумен айналысатын мамандандырылған дайындау пункттерiн құру;
      қолайлы эпизоотиялық және фитосанитарлық ахуалды қамтамасыз ету;
      элиталық тұқым шаруашылығы мен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдау;
      ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң өнiмдiлігін және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу үлесiн арттыру;
      iс-шараларды iске асыруға жастарды белсендi түрде тарта отырып, орманды және жануарлар әлемiн сақтау мен молықтыру, жасыл көшеттер отырғызу алаңын ұлғайту, елдi мекендердi көгалдандыру және олардың айналасында жасыл аймақтар құру үшiн жағдайлар жасау;
      автомобиль және темiр жолдардың бойында көгалдандыру көшелерiн құру;
      ауыз судың сапасын және оның қол жетімділігін қамтамасыз ету;
      жер қойнауының және қоршаған ортаның тиiстi дәрежеде қорғалуын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық жүйесiн құру;
      өсiмдiк шаруашылығындағы сақтандыруды қолдау;
      ауыл шаруашылығын институционалдық дамыту;
      жер реформасын тереңдету, геодезия мен картографияны дамыту негiзiнде жер қатынастарын жетілдiру болады.
      Осы функционалдық топ шеңберiндегі бюджет қаражатының едәуiр үлесi аграрлық өндiрiстi қайта өрлетуге және дамытуға, ауылдық инфрақұрылымды құруға және ауылдағы тұрмыс деңгейiн жоғарылатуға бағытталады.
      Елдiң азық-түлiк қауіпсiздігін қамтамасыз ету, астықтың экспорттық әлеуетiн ұлғайту, отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi мемлекеттік қолдау және астық бағасы демпингінiң алдын алу үшін жыл сайын мемлекеттiк ресурстарға белгiленген баға бойынша астығы сатып алынады, көктемгі егiс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге аванс беруге мүмкiндiк беретiн фьючерстiк екi деңгейдi астық сатып алу енгiзiлді.
      Бұл iшкi астық рыногын тұрақтандыру және реттеу, көктем-жаз кезеңiнде нан және тоқаш-нан өнiмдерi бағасының негізсiз қымбаттауына жол бермеу мақсатындағы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушілердiң тұқым материалына, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының жемге қажеттіліктерiн тұрақты қамтамасыз eтугe және мемлекетаралық келiсiмдердiң орындалуын қамтамасыз етуге арналған кейiнгi интервенциялар үшiн қажет.
      Кедейшiлiк пен жұмыссыздықты азайту, халықтың кiрiстерi мен тұрмыс деңгейiнiң өcуi, экономиканың басқа салалары көлемiнiң өсуiн қамтамасыз ету, салық базасын кеңейту және бюджетке түсетiн кiрiстер түсiмiн ұлғайту ауыл шаруашылығын қолдаудың мультипликативтік әсерi болады.
      Субсидиялау жолымен ауыл, су шаруашылығын мемлекеттік қолдау көзделiп отыр, мұндағы шаруашылық жүргізудiң қолайсыз әрi тәуекелдi жағдайлары мемлекет көмегiн ақтайды.
      Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын және алдағы уақытта Дүниежүзiлiк сауда ұйымына (бұдан әрi - ДСҰ) кiрудi ескере отырып, заңды тұлғаларды субсидиялау саясаты еңбек өнiмдiлігін жоғарылатуға және отандық өндiрушілердiң бәсекеге қабiлеттiлiгін арттыруға бағытталған. Келешекте ДСҰ талаптарына сәйкес еңбек өнiмдiлігін және өнiм сапасын apттыруғa жәрдемдесу сияқты субсидиялаудың рұқсат етiлген нысанына көшудi біртіндеп жүзеге асыру қажет.
      ДСҰ-ға алдағы кiру отандық ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң бәсекеге қабілеттілiгiне ерекше талаптар қояды. Бұдан әрі ауыл шаруашылығы шикiзатын өндiру және қайта өңдеу саласында кластерлiк бастамаларды iске асыру арқылы аграрлық өндiрiсті индустрияландыру iске асырылатын болады.
      Азық-түлік қауiпсiздігін қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік кешеннiң бәсекеге қабiлеттілiгiн арттыру үшiн жағдайлар жасау мақсатында, сондай-ақ ауылдық аумақтарды кешендi дамыту және ауыл тұрғындарын ұлттық стандарттағы өмiр сапасы бар қалыпты өмiрмен қамтамасыз ету үшін "Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенi мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегi N 66 Қазақстан Республикасының  Заңы  бекiтiлдi.
      Аграрлық азық-түлік рыногында бәсекелестікті дамыту және ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсаттарына сай келетiн аграрлық индустриялық саясатты iске асыру үшін жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 30 маусымдағы N 654  қаулысымен  Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп кешенiн тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары бекiтілдi.
      Халықты сапалы ауыз сумен одан әрi қамтамасыз етуге және су ресурстарының тапшылығын қысқартуға бюджет қаражатын бөлу Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 93  қаулысымен  бекiтiлген 2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз cу" салалық бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 10 шілдедегi N 1149  Жарлығымен  бекітілген "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
      Тұтастай алғанда, 2002-2005 жылдар кезеңінде сумен жабдықтау объектiлерiн қаржыландырудың ұлғайғаны байқалады.
      2003-2004 жылдары негiзiнен республиканың орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы басқару жүйесін қайта ұйымдастыру, облыс әкiмдiктерiнде орманды және жануарлар әлемiн қорғау жөнiндегi құрылымдық бөлiмшелердi құру жөнiндегi iс-шаралар аяқталды.
      Тұтастай алғанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың алаңы 940 мың гектарға немесе 40%-ға ұлғайды және 3 млн. 286 мың гектарды құрады.
      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту жөніндегі барлық жұмыс Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 қарашадағы N 1692  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын 2030 жылға дейiн дамытудың және орналастырудың тұжырымдамасына және 2004 жылы өткен Парламенттiк тыңдаулар ұсынымдарына сәйкес жүргiзіледi.
      Қазақстан Республикасы аумақтарының орманды жерлерiн ұлғайту және елдi мекендердi көгалдандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 25 маусымдағы N 632  қаулысымен  бекітiлген Қазақстан Республикасын көгалдандырудың 2005-2007 жылдарға арналған "Жасыл ел" бағдарламасы iске асырылады.
      Қоршаған ортаны қорғау жөнiнде тиiмдi әрi нәтижелi шаралар қабылдау үшiн қолданыстағы тиiстi бағдарламалар шеңберiнде қоршаған ортаның ластану деңгейiн азайту және оның мониторингі жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
      Ұзақ мерзiмдi перспектива шеңберiнде экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету тұрғысындағы тұрақтылықты дамытуға инвестициялау pecуpc үнемдейтiн технологияларды енгізуге, жаңартылып отыратын энергетикалық ресурстар (су энергиясы, жел және күн энергиясы) әлеуетiн пайдалануға Қазақстан бекiткен жағдайда Киот хаттамасының тетiктерiн пайдалана отырып, парник газының шығарындыларын азайтуға бағытталған жобаларды қаржыландыруға негiзделедi.
      Өзен экожүйесiне түсетiн ауыртпалықты азайту және олардың ластануы мен қоқыстануын болдырмау мақсатында iрi елдi мекендердегi ағынды суларды тазарту жөнiндегi iс-шараларға инвестициялар жүзеге асырылады.
      Қарағанды облысы Шет ауданындағы шөлейт жерлердi басқару жөнiндегі жобаны iске асыру жалғасады.
      "Өнеркәсiп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi" функционалдық тобы бойынша шығыстар шеңберiнде:
      биотехнологиялар, ядролық технологиялар саласындағы технопарктердi құру, Алатау кентiнде Ақпараттық технологиялар паркiн дамыту жөніндегі iс-шаралар;
      технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстерде тiкелей инвестициялардың көлемiн ұлғайту;
      мұнай-газ және кен-металлургия кешенi, жаңа материалдар, биотехнологиялар, ақпараттық технологиялар, машина жасау, ауыл шаруашылығы, ғарыштық технологиялар басымды бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу;
      технологиялық процестердi халықаралық стандарттарға сәйкес келтiру;
      экспортқа бағдарланған өндiрiстердi одан әрi дамыту;
      жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың жұмысын тұрақтандыру және тұрып қалған кәсiпорындарды iске қосу, өндiрiстердi өнiмнiң түр-түрiн кеңейтуi және шығарылатын өнiм сапасын жақсартуға қайта бағдарлау жөнiндегі жұмыстарды жалғастыру;
      жақын және алыс шeт елдермен бiрлескен кәсiпорындар құру жөнiндегi жұмысты жалғастыру;
      мемлекеттік сатып алу жүргізу кезiнде ұлттық компаниялар, мемлекеттiк органдар мен мекемелер сатып алатын өнiмдердiң республикадағы өндiрiсiн ұйымдастыру болады.
      2003 жылы экономика салаларын әртараптандыру және дамудың шикізаттық бағдарынан ауытқу жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру басталды. 2003-2005 жылдар кезеңiнде дайындық сипатындағы іс-шаралар жүзеге асырылды. Бұл кезеңде қажетті қосалқы база қалыптасуы және даму институттарының тиімді жұмыс iстеуi жолға қойылуы тиiс.
      Құрылған даму институттарының жүйелі жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жекелеген даму институттарын капиталдандыру жалғастырылады.
      Стратегияны iске асырудың екiншi кезеңi (2006-2010 жылдар) Стратегияның іс-шараларын iске асырудың белсендi кезеңiне айналады деп танылуда, бұл ғылым мен техника жетiстiктерi, сондай-ақ халықаралық деңгейдегi мамандар даярлау негiзiнде қуаттарды құру мәселелерін кешендi шешуге мүмкіндік бередi. Бұл кезеңде негiзiнен ғылыми-инновациялық инфрақұрылым қалыптастырылады және өнеркәсiптi жаңғырту мен экономика құрылымын әртараптандыруға бағытталған жобалар iске асырыла бастайды.
      Отандық және шетелдiк ғылыми әлеуеттi пайдалану негiзiнде бәсекеге қабілетті түпкi өнiм жасауды қамтамасыз ететiн ашық түрдегі инновациялық жүйе қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 25 сәуiрдегi N 387  қаулысымен  "Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру және дамыту жөнiндегi 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама" бекiтілдi.
      Бұл бағдарлама шеңберiнде мемлекет венчурлік капиталға сұранысқа да, оның ұсынысына да:
      венчурлiк қорларды құруға қатысу;
      институционалдық инвесторлар мен қаржы институттарының венчурлiк инвестициялауға қатысуы үшін жағдай жасау;
      жеке инвесторлар желiсiн ("бизнес қамқоршысы") құруға жәрдемдесу;
      венчурлiк инвестициялардың өтiмділігін қамтамасыз ету;
      ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық әзірлемелер (ҒЗТКӘ) мен инновациялық жобаларды қаржыландыруда жеке капиталмен әрiптестiк;
      инновациялық жобаларды iске асыруда инвестицияларды мемлекеттік сақтандыру жүйесін құру;
      инновациялық менеджментті, оның iшiнде венчурлік қорлардың менеджмент қызметiн жүзеге асыратын кәсiби басқару институттары (басқарушы компаниялар) болуын дамытуға жәрдемдесу жолымен ықпал ететiн болады.
      Сондай-ақ 2006 жылы металлургия кешенiнде, машина жасауда, радио электроникасында және байланыста жоғары технологиялы, импорт алмастыратын және экспортқа бағдарланған өнiм өндiрiсiн ғылыми-техникалық қамтамасыз етуге тиiстi қаражат бөлу көзделiп отыр.
      "Көлiк және коммуникация" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нiң 1,9%-ы, 2007 жылы 1,7%-ы және 2008 жылы 1,7%-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
      Көлiк-коммуникация кешенiн дамытудың негiзгi мақсаты оны тұрақты қарқынды дамыту және экономика мен халық тарапынан көлiк қызметтерiне сұраныс өзгерген кезде жедел ден қоюды қамтамасыз ету және оны толық көлемде қанағаттандыру болып табылады.
      Оған қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi iске асыру:
      көлiк процестерiнiң барынша тиiмдiлiгiне қол жеткiзу және iшкi, транзитті және экспорттық-импорттық бағыттарда түпкi өнiм құнындағы көлiктiк құрамды азайту, Қазақстанның көлiк жүйесiн әлемдiк көлiк жүйесiне бiрiктiру;
      ұлттық көлiк заңнамасын өңiрлiк және халықаралық ұйымдар шеңберiндегi халықаралық заңнамамен үйлестіру;
      бiрыңғай экономикалық кеңiстiктi нығайту және өңiраралық байланыстарды дамыту, сондай-ақ экономикалық даму мен әлеуметтiк тұрақтылыққа кепiлдiк беретiн деңгейде көлiктiк қол жетiмділіктi арттыру;
      көлiк әлеуетін дамыту және оны тиiмдi пайдалану;
      көлiк процестерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, көлiктегi оқиғалардың санын және ауыртпалығын төмендету;
      экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз eту және энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану;
      көлiк секторында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру қажет.
      2006-2008 жылдарға арналған көлiк және коммуникация саласындағы шығыстардың бағыттары:
      автомобиль жолдарын, су көлiгін және ғарыш қызметiн дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды iске асыру;
      транзиттi әуе кеңістiгін, оның iшiнде қазақстандық әуежайларды пайдалана отырып кеңейту;
      автомобиль жолдарын пайдалануға болатын жағдайда қамтамасыз ету;
      радиожиiлiк спектрi және радио-электрондық құралдар мониторингі жүйесiн құру және оны техникалық сүйемелдеу;
      мемлекеттік техникалық өзен флотын жақсарту және жаңғырту;
      су жолдарының кеме жүретiн жағдайда болуын қамтамасыз ету және шлюздердi ұстау;
      әлеуметтiк маңызы бар бағыттарда темiр жол жолаушылар тасымалын субсидиялау;
      темiр жол саласының стандарттарын әзiрлеу;
      ауылдағы байланыс операторларының әмбебап байланыс қызметтерiн көрсету жөнiндегі залалдарын өтеу;
      қалалық телекоммуникация желiлерiнiң абоненттерi болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттiк төлем тарифiнiң көтерiлуiн өтеу;
      ауылда почта байланысының инфрақұрылымын құру және қайта жаңарту болады.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарына сәйкес 2006-2008 жылдарға арналған жол саласын дамыту бағдарламасы әзiрленуде.
      Аталған салада қазiргi жол желiсiн күтiп-ұстау, пайдалану және жолдарды салу, қайта жаңарту арасындағы оңтайлы теңгерiмге қол жеткiзу саясатын жүргізу қажет.
      Қазақстанның климат жағдайын ескере отырып, автомобиль жолдарын салу мен ұстаудың халықаралық стандарттарына көшу жөнiнде жұмыстар жүргiзу жоспарланып отыр.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 6 ақпандағы N 145  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгін қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру шеңберiнде мемлекет пен қоғам үшiн темiр жол көлiгi қызметiнiң оңтайлы жүйесiне қол жеткiзу үшiн жолаушылар көлігін одан әрi дамыту жөнiндегi iс-шаралар, оның iшiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау жалғасады.
      Қазақстан Республикасындағы ғарыш қызметiн одан әрi дамыту, оның iшiнде:
      байланыс пен хабар таратудың қазақстандық ғарыш жүйесiн дамыту;
      "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" зымыран-ғарыш кешенiн құру жалғасады.
      Сондай-ақ 2006-2008 жылдары экономиканың және қоғамның қажеттілiгiне сәйкес келетiн және сыртқы рыноктарға шығуды қамтамасыз ететiн коммуникациялардың техникалық жағдайын жақсарту, коммуникациялардың ұтымды желiсiн қалыптастыру көзделiп отыр.
      Тарифтердi қайта теңгерiмдеу қызметкер мен абоненттер санаттары арасындағы кросс-субсидиялауды жоюға және телекоммуникациялық рыноктың әрбiр секторында бәсекенiң пайда болуы үшiн экономикалық негiздер құруға бағытталған. Ол тарифтердi мемлекет жалпыға бiрдей қол жетімдi қызметтер пакетiне жатқызғандардан басқа барлық қызметтерге қалыпты рентабелділiктi қамтамасыз етуге дейiн жеткiзудi көздейдi.
      Тарифтердi кезең-кезеңiмен қайта теңгерiмдеудi жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл ретте қалаларда тарифтердi толық қайта теңгерiмдеудi жүзеге асыру және оларды нарықтық негiзделген деңгейге дейiн жеткiзу ұйғарылып отыр, бұл операторларға өз шығындарының орнын толтыруға және пайдалылықтың осы рынок сегментiндегі бәсеке нәтижесiнде белгiленетiн белгiлi деңгейiн алуға мүмкiндiк бередi. Ауылдық жерлердегi қайта теңгерiмдеу тарифтерiнiң төмендеуi болжанып отырған қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерi бойынша жүзеге асырылады. Ауылдағы жеке тұлғалар үшiн абоненттiк төлем қызметтердiң өзiндiк құнын ақтамайтын бұрынғы деңгейде қалады.
      "Басқалар функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нiң 1,5%-ы, 2007 жылы 1,2%-ы және 2008 жылы 0,9%-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
      Шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымын кеңейту маңызды аспектiлердiң бiрi болады. "Шағын кәсiпкерлiкті дамыту қоры" акционерлiк қоғамының базасында (бұдан әрi - Қор) "үлкен қаржы маркетi" құрылады.
      Қорға жарғылық капиталын ұлғайту үшiн, оның iшiнде:
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне одан әрi шағын кредиттер берудi қамтамасыз ету үшiн Қордың жүз пайыз қатысуымен шағын кредит беру ұйымдарын құру үшiн;
      олардың жеке инвесторлар мен банктерден кредиттер алған кезде шағын кәсiпкерлiк субъектілерi үшiн кепiлдiк беру жүйесiн құру үшiн;
      жобалық кредит берудi қаржылық қолдау үшiн, франчайзинг негiзiнде жобаларды қаржыландыру, бизнес-жобаларды әзiрлеу үшiн, одан кейiн оларды конкурстық негiзде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне берумен олардың бастапқы элементтерiн iске асыру үшiн, оларды одан кейiн қайта құрылымдап және кәсiпкерге бере отырып, дайын бизнесті сатып алу жөнiндегi жобаларды қаржыландыру үшiн 2005 жылы республикалық бюджеттен 11 миллиардтан астам теңге бөлiнді.

  5. Бюджеттiк кредит беру

      Бюджеттiк кредит беру саясаты экономика саласында шешiмдердi қабылдау рәсiмдерiне қойылатын талаптардан туындайды.
      2006-2008 жылдарға арналған бюджеттiк кредит берудiң мақсаттары экономика салаларында бәсекелi ортаны қалыптастыру әрi дамыту, сондай-ақ адами капиталды дамыту болып табылады. Бюджеттiк кредит беру мемлекеттiк және салалық (секторалдық) даму бағдарламалары шеңберiнде жүзеге асырылады және олардың уақыттық шеңберлерi болады.
      Бюджеттiк кредиттер мынадай негiзгi бағыттар бойынша берiледi:
      инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қаржыландыру;
      мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау;
      жергiлiктi атқарушы органдарға, оның iшінде жергiлiктi бюджеттердiң кассалық алшақтығын жабуға кредит беру;
      қаржы агенттiктерi мәртебесi бар қаржылық даму институттарына кредит ресурстарын бepу.
      Жүргiзілетiн сыртқы саясатқа қарай бұдан былай қарыз алушылардың санаттары шетелдік мемлекеттермен толықтырылуы мүмкiн.
      Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы республикалық бюджеттен инвестициялық жобаларды қаржыландыруға, сондай-ақ кассалық алшақтықты жабуға бюджеттiк кредиттер алу нысанында ғана жүзеге асырылатын болады.
      Жергiлiктi атқарушы органдардың кредит саясаты тек мемлекеттiк, салалық (секторалдық) және өңiрлiк даму бағдарламаларын iске асыруға ғана шоғырландырылады. Жергiлiктi бюджеттерден бюджеттік кредит беру қарыз берушi банктер мен қаржы агенттігi мәртебесi бар қаржылық даму ұйымдары арқылы жүзеге асырылады.
      Қаржы агенттіктерi мәртебесi бар қаржылық даму ұйымдарына бюджеттік кредит берудi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда нақты қаржылық даму ұйымына кредит беруге қаражат көздей отырып, осы орайда бұл қаражатты пайдаланудың мақсаттары мен бағыттарын айқындай отырып, кредит ресурстарын беру жолымен жүзеге асырған орынды.
      Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде 2005-2006 жылдары 84 млрд. теңге сомасында Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкiне жеңiлдiктермен кредит беру және жергіліктi атқарушы органдарға тұрғын үй салуға сыйақының нөлдiк ставкасы бойынша бюджеттiк кредит беру, сондай-ақ 2007 жылы 2005 жылы кредитке берілетiн 42 млрд. теңгенi қайта инвестициялау жүзеге асырылатын болады.
      Орта мерзiмдi перспективада кредит қаражатын тиiмдi пайдалануға, кредиттердi қайтару жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды жоғарылатуға, қарыз алушылардың бюджет алдындағы мерзiмi өткен берешектерiн азайтуға жәрдем ететiн бюджеттiк кредит беру рәсiмдерi мен тетiктерiн жетiлдiру жалғасатын болады.
      Орта өлшемдi қарыз алу ставкасының болжанып отырған төмендеуiне байланысты түпкiлiкті қарыз алушылар үшiн пайыздық ставкаларды азайту мүмкiндiгi пайда болады, бұл кейiннен сыйақы ставкасын өтеу практикасынан бас тартуға мүмкiндiк бередi.

  6. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар

      Орта мерзiмдi перспективада мемлекеттік активтердi басқару саласындағы мемлекеттiк саясат экономиканың стратегиялық маңызды салаларын дамытуды, соның iшiнде мемлекеттiк меншiктiң мақсаты әрi тиiмдi пайдаланылуын бақылау жүйесiн қалпына келтiру және күшейту, мемлекеттік меншiктiң құрылымын оңтайландыруды жүзеге асыру жолымен реттеуге бағытталған.
      Қаржы активтерiн сатып алу экономиканың стратегиялық салаларына мемлекет тарапынан елдiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды тиiмдi дамытуға бағытталған тиiстi бақылау орнату құралдарының бiрi болып табылады.
      Мемлекеттiк меншiкке заңды тұлғалардың акцияларын, қатысу үлестерiн сатып алу Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендiру  тұжырымдамасына  сәйкес жүзеге асырылатын болады. Жалпы мемлекеттік мiндеттердi орындау мақсатында экономиканың стратегиялық салаларында жұмыс iстейтiн, бiрақ меншiк иелерiн тиiмдi басқармайтын кәсiпорындардың акциялары, қатысу үлестерi, сондай-ақ қоғамдық және әлеуметтік маңызды кәсiпорындардың акциялары, қатысу үлестерi сатып алу (иелiкке алу) объектiлерi ретiнде танылатын болады.
      Халықаралық ұйымдардың бағалы қағаздарын сатып алу қолданыстағы заңдар шеңберiнде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының мүдделерiн халықаралық деңгейде қорғауға бағытталады.
      Мемлекеттің қаржы активтерi - акциялардың мемлекеттік пакеттерiн, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың және мемлекеттiк меншiктiң өзге де объектiлерiнiң қатысу үлестерiн сату - тиiсті бағдарламалық құжаттарды iске асыру шеңберiнде белгiлi бiр салалар мен нақты кәсiпорындарға қатысты жекешелендiру мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес жүзеге асырылады.

  7. Бюджетаралық қатынастар

      Орта мерзiмдi кезеңдегі бюджетаралық қатынастар саясатының негізгi мақсаты мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерiне бекiтілiп берiлген мемлекеттiк қызметтердi толық көрсетуi және өздерiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруы үшін оларды жеткiлiктi қаржы қаражатымен қамтамасыз ету болып табылады.
      Бюджетаралық қатынастар Бюджет  кодексiнде  белгiленген қағидаттардан және түсiмдер мен шығыстардың бюджет деңгейлерi арасында бөлiнуiнен бастау алады әрi өзара қатынастардың, ең алдымен, облыс-аудан деңгейiндегi анықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге, әрбiр басқару деңгейiнiң дербестiгiн күшейтуге, сондай-ақ тиiмдi бюджет саясатын жүргiзуге бағытталған.
      Бюджет кодексiне сәйкес бюджетаралық қатынастар ресми трансферттер мен бюджеттiк кредиттер арқылы, облыстық және аудандық бюджеттер арасында, сондай-ақ кiрiстердi бөлу нормативтерiмен реттелетiн болады.
      Ресми трансферттер жалпы сипаттағы ресми трансферттер, ағымдағы мақсатты трансферттер, дамуға мақсатты трансферттер болып бөлiнедi.
      Аумақтардың экономикалық дамуының тым күшті саралануы салдарынан кiрiс базасының өңiрлер арасында бiркелкi бөлiнбеуiне байланысты халықтың мемлекеттiк сектордың қызметтер көрсетуiне тең қол жеткізуiне жету үшiн өңiрлердiң бюджеттiк қамтамасыз етiлу деңгейiн теңестіру саясаты жүргiзiледi.
      2005 жылдан бастап үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемiн айқындау Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған жалпы сипаттағы ресми трансферттердi есептеу әдiстемесi негізiнде жүргiзіледi.
      Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы бюджеттiк субвенциялар мен алып қоюлардың 2005-2007 жылдарға арналған көлемi Қазақстан Республикасының Заңымен, ал облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасында - абсолюттi көрiнiсте облыстық мәслихаттардың шешiмдерiмен бекітілген. Бюджеттiк субвенциялар мен алып қоюлардың көлемi әр үш жыл сайын өзгертiлуi тиiс, осыған байланысты 2007 жылы 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемi туралы Қазақстан Республикасы Заңының және облыстық мәслихаттар шешiмдерiнiң жобалары әзiрленедi.
      Орта мерзiмдi кезеңге арналған субвенциялар мен алып қоюлардың мөлшерiн бекiту тұрақтылығы жергілiкті атқарушы органдардың салық әлеуетiн ұлғайтуға мүдделілiгiн, жергiлiктi бюджеттердің шығыстарын жоспарлаудың анықтығын қамтамасыз етедi. Жергілiкті атқарушы органдар республикалық бюджет жобасының жасалуын күтпей, жергіліктi бюджет жобасын қалыптастыруды жүзеге асыруға мүмкiндiк алады.
      Жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң үш жылдық көлемiнiң әрекет ету кезеңiнде мақсатты ағымдағы трансферттер бюджетаралық қатынастарды реттеу құралы болады.
      Алдағы кезеңде төмен тұрған бюджеттерге қосымша функциялардың шығасыларды тиiстi өтеусiз жүктелуiне жол бермеу қағидаты қатаң сақталады.
      Жоғары тұрған органдар жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң үш жылдық көлемiнiң әрекет ету кезеңiнде жергiлiктi бюджеттер шығыстарының ұлғаюына немесе кiрiстерiнiң азаюына әкеп соғатын нормативтiк құқықтық актілердi қабылдаған жағдайда, төмен тұрған бюджеттердің шығасыларын өтеу мақсаты ағымдағы трансферттердi бөлу жолымен жүргiзіледi.
      2005 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметшілер мен бюджет саласы қызметкерлерiнiң жалақысы орта есеппен 32%-ға, 2007 жылдан бастап 30%-ға көтерiледi, сондай-ақ кәсiптiк орта білім беретiн ұйымдар оқушыларының стипендия мөлшерi екі еседен астам ұлғайтылады.
      Жалақы мен стипендияның көтерілуiне байланысты шығасыларды өтеуге республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер көзделген.
      Ағымдағы нысаналы трансферттер қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттік, салалық (секторалдық) немесе өңiрлiк бағдарламаларды орындауға берiлетiн болады.
      Нысаналы даму трансферттерi мемлекеттiк, салалық (секторалдық) бағдарламаларды көзделген жергілiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру үшiн беріледi.
      Бұл ретте төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерiн бepу, олардың көлемi өңiрлердің бiлiм беру мен денсаулық сақтаудың басымды мекемелерi желісімен, сумен жабдықтау қызметтерiнiң көрсетiлуiмен қамтамасыз етілу деңгейін теңестіру мiндеттерiмен өзара байланысты болады.
      Бюджеттік даму бағдарламаларының орта мерзiмдi кезеңге арналған жергiлiктi деңгейдегі басымды бағыттары бiлiм бepу, денсаулық сақтау, ауыз сумен жабдықтау объектілерiн салу және тұрғын үй салу болады.
      Нысаналы трансферттердi тек мақсатты бағытына сәйкес пайдалану мүмкiндiгiне байланысты, оларды пайдалану тиiмдiлiгін бақылауды күшейтуге ерекше назар аударылатын болады.
      Алдағы үш жылдық кезеңде билiктi одан әрi орталықсыздандыруға, мемлекеттік басқару жүйесін реттеуге және оның тиiмділігін арттыруға бағытталған атқарушы билiк реформасы жалғасады. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi өзiн өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және Жергiлiктi өзiн өзi басқаруды қолдаудың және дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы әзiрленедi.
      2006 жылдан бастап мәслихаттардың бақылау өкілеттiктерiн кеңейту көзделіп отыр.
      Бюджетаралық қатынастар саясаты жүргiзiлген жұмыс нәтижелерiмен үйлестiрiледi.

  8. Мемлекеттiк және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борышты басқару

      Мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген борыш мемлекеттiң көптеген мемлекеттік бюджет, инфляция деңгейi, шетелдiк инвестициялар, төлем балансы, ақша-кредит саясаты және валюта жүйесi сияқты құрамдауыштарына ықпал ететiн, оның қаржы жүйесiнiң негiзгі бөлiгі болып табылады.
      Елдiң iшкi экономикалық тұрақтылығы және Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы рыноктарындағы ұстанымы мемлекеттiк борышты тиімдi басқаруға байланысты. Сыртқы берешек дағдарысы экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік-саяси сипаты бар келеңсіз салдары болуы мүмкін.
      2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша үкiметтiк борыш 586,4 млрд.теңге (ЖIӨ-ге 10,6 %) немесе 4,5 млрд. АҚШ долларын құрады.
      Мемлекет кепілдік берген борыш 82,3 млрд.теңге (ЖIӨ-ге 1,5%) немесе 0,6 млрд.теңге АҚШ долларын құрады.
      Қазақстан Республикасының үкiметтiк және мемлекет кепiлдiк берген борышы 668,7 млрд.теңге (ЖIӨ-ге 12,1%) немесе 5,1 млрд.теңге АҚШ долларын құрады.
      ЖІӨ-ге қатысты үкіметтік борыш 2000 жылдан бастап төмендейді және болжамдар бойынша осы үрдіс сақталатын болады.

                                                     2-диаграмма

       (қағаз мәтіннен қараңыз)

      Үкіметтік борыштың құрылымындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің ішкі борышының үлесі 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 39,4% (231,1 млрд.теңге немесе 1,8 млрд. АҚШ доллары) құрады, Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыртқы борышының үлесі 60,6% (355,3 млрд. теңге немесе 2,7 млрд. АҚШ доллар) құрады.
      Үкіметтік борыштың құрылымындағы сыртқы борыш үлесі де азаю үрдісіне ие.

                                                     3-диаграмма

      Үкіметтік борыш құрылымының 2000-2004 жылдардағы серпіні

       (қағаз мәтіннен қараңыз)

      2005 жылғы 1 қаңтарға үкiметтiк борыштың iшкi құрылымында жалпы көлемнiң (205,5 млрд.теңге немесе 1,6 млрд. АҚШ доллары) 89%-ын мемлекеттік орта мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер (МЕОКАМ), 9% - мемлекеттік қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер (MEККAM) құрады.
      2005 жылғы 1 қаңтарға үкiметтік борыштың сыртқы құрылымындағы халықаралық қаржы ұйымдарына мiндеттемелер (Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкi, Ислам Даму Банкi) үкiметтiк сыртқы борыштың жалпы көлемiнiң 52,6%, шетел мемлекеттерiнiң үкiметтерiне (Caуд Аравиясы, Кувейт, Австрия, Швеция, Корея, Жапония, Германия, БАӘ) - 25,4%, шетелдiк коммерциялық банктерге - 9,2%, капиталдың халықаралық рыноктарына эмиссиялайтын мемлекеттік бағалы қағаздар - 12,8% құрады.
      Үкiметтік сыртқы борыштың валюталық құрылымы жеткілiктi дәрежеде әртараптандырылмаған. 2005 жылғы 1 қаңтарға АҚШ долларының үлес салмағы 70,6%-ды құрады, жапон йені - 24,4%, арнайы қарыз алу құқықтары - 2,1%, евро - 1,1%, өзгелерi - 1,8%.
      Қазiргі уақытта қалыптасқан АҚШ долларының едәуiр басым болуымен сыртқы борыштың валюталық құрылымы айтарлықтай валюталық тәуекелдерге бейiм. Валюталық тәуекелдерге байланысты шығасыларды азайту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң борыштық портфелiн әртараптандыру қажет.
      Халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша Қазақстан Республикасы қалыпты борыш деңгейiмен бір тұрғынға орташа кiрiс деңгейi бар елдер тобына жатады. Қазақстан Республикасының үкіметтік және мемлекет кепiлдiк берген борышының көрсеткіштерi 1992 жылғы 7 ақпандағы Маастрихск шартында Еуропалық Одақ елдері үшiн белгіленген мемлекеттік борыш жөнiндегi макроэкономикалық көрсеткiштер өлшемдерiнен аспайды.
      Елдегi экономикалық тұрақтылық пен тартымды инвестициялық ахуал елдiң беделiнде оң тұрғыдан көрiндi.
      Қазақстан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерi арасында бiрiншi болып қазiргі таңда үш озық халықаралық рейтингтік агенттiктердiң инвестициялық сынып рейтингіне ие.
      "Moody's Investors Service" халықаралық рейтингтік агенттiктiң барлық рейтингтерi бойынша болжамдар "оң", Standard & Рооr's және Fitch Rating's Ltd. халықаралық рейтингтiк агенттіктер рейтингтерiнiң "тұрақты" деген болжамы бар.
      2005 жылдың қаңтарында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстанның рейтингін көтеру және республиканы 5-тен 4-шi тәуекел тобына ауыстыру туралы шешiм қабылдады.

                                         10-кесте

Көрсеткiштердiң
атауы

ЕО елдерi
  үшiн

Қазақстан

Yкiметтік борыштың
ЖIӨ-ге қатынасы, %

60

10,6

Сыртқы үкiметтiк
борыш көлемiнiң
тауарлар мен
қызметтер экспортына
қатынасы, %

200

13,5

Сыртқы үкiметтік және
мемлекет кепiлдiк
берген борыш
көлемiнiң ЖIӨ-ге
қатынасы, %


8,0

      2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Yкiметінің мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясаты мынадай екі бағытта iске асырылатын болады:
      жүргізіліп жатқан жинақтар саясатын ескере отырып, қалыптасып отырған бюджеттің мұнай емес тапшылығы мөлшерi негiзiнде республикалық бюджет пен үкiметтiк борыш тапшылығының өлшемдерiн айқындау;
      үкiметтік борыш құрылымындағы сыртқы борыш үлесін біртіндеп азайту.
      Республикалық бюджет тапшылығы мен үкіметтік борыш параметрлерiн айқындау жүргізіліп жатқан жинақтау саясатын ескере отырып, бюджеттiң қалыптасып отырған мұнайдан тыс тапшылығының мөлшері негiзiнде жүзеге асырылады.
      Экономикалық өсу жағдайларында, әсiресе табиғи ресурстардың бір бөлігін қаржы активтеріне айырбастауға ұмтылушы елдер үшін экономиканың "тым қызып кетуiн" болдырмау мақсатында бюджет тапшылығы мен мемлекеттiк борыш мөлшерiн қысқартудың орынды екендігіне әлемдік тәжiрибе куә.
      Мысалы, 1995 жыл соңындағы жағдай бойынша Норвегияның мемлекеттік борышы шамамен 43,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Алайда, бюджет профицитiнiң мақсатты бағытталу саясатын жүргiзу нәтижесінде 2000 жылдың аяғында мемлекеттік борыш 30,4 млрд. АҚШ долларға дейiн қысқарды. Бұл ретте, экономиканың "тым қызып кетуiн" болдырмау мақсатында бiр мезгiлде мұнай өнiмдерiн сатудан түскен қаражаттың жоспардан тыс түсімдерін Мұнай қорында жинақтау жүргізілді (1990 жылы мұнай бағалары өсуiнiң құбылуына байланысты құрылған болатын, Қорға алғаш түскен түсімдер 1996 жылы шамамен 300 млн. АҚШ долларын құрады. 2002 жылдың соңындағы жағдай бойынша Мұнай қорының активтерi 91,3 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл елдiң мемлекеттік бюджетiнен (2002 жылы шамамен 77 млрд. АҚШ доллары) асып түсті.
      Нәтижесiнде 3-5 жыл iшiнде Норвегия үкiметтiк борыш мөлшерiн едәуiр қысқартуға қол жеткiздi. Бұл peттe, Мұнай қорында жинақталған қаражат Үкiметтiң қабылданған мiндеттемелерiн орындау қабiлетіне кепiлдiк бередi және дефольттың басталу мүмкiндігін болдырмайды, өйткенi қазiргi уақытта елдiң мемлекеттік борышы Мұнай қоры мөлшерiнiң кемiнде 45 %-ын құрайды (2002 жылдың соңындағы жағдай бойынша Норвегияның мемлекеттiк борышы 2001-2002 жылдар кезеңiнде негiзiнен АҚШ долларына норвегия кроны бағамының нығаюы нәтижесiнде доллар көрiнiсiнде ұлғая отырып, 39,3 млрд. АҚШ долларын құрады).
      Сонымен қатар, бiздiң елде қалыптасқан жағдай бойынша Қазақстан Республикасы бiр жағынан, Ұлттық қор арқылы әлемдiк қор рыноктары мен несиелiк капитал рыноктарына қаржы ресурстарын инвестициялайды, ал екiншi жағынан сыртқы қарыздарды тартады. Бұл ретте тартылған қарыздарға қызмет көрсетуге арналған шығыстар Ұлттық қор активтерiн түрлі қаржы құралдарына орналастырудан түскен кiрiстерден асып түседi, бұл сайып келгенде жүргізiлетін қарсы операциялар бойынша терiс маржаны қалыптастырады. Ел нетто-кредитор болып отырған шақта, мұндай практиканы жалғастыруға жол бермеу керек. Ұлттық қор активтерiмен жасалатын операциялардан алынатын кiрiстер сомасы осы уақыт кезеңiндегі үкiметтiк борышқа қызмет көрсетуге арналған шығыстар сомасынан артық болуы тиiс. Бұл шартты орындау үшiн бюджеттiң мұнайдан тыс тапшылығы мен үкiметтік борыш мөлшерiн қысқарту қажет.
      Мемлекеттiң борышты азайту саясатына бейiмдiлiгi Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін арттыруға жәрдем етедi.
      Сонымен қатар, мұнайға әлемдiк баға төмендеген және елдегі экономикалық ахуал нашарлаған жағдайда экономикалық өсудi ынталандыру мақсатында қосымша инвестициялар тарту арқылы бюджет тапшылығын ұлғайтуға қайта бағдарлануға болады.
      Үкiметтiк борыш құрылымындағы сыртқы борыш үлесiн бiртiндеп азайту республикалық бюджет тапшылығын қаржыландырудың жалпы құрылымындағы сырттан қарыздар есебiнен республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үлесін азайту жолымен жүзеге асырылатын болады.
      Борыштық портфельдiң бар құрылымы дағдарыстың және валюталар бағамының, энергия көздерiне пайыздық ставкалар мен әлемдiк бағамдардың ауытқуы нәтижесiнде қаржы шығасыларының пайда болу тәуекелiне едәуір бейiм және осы көзқарас тұрғысынан алғанда осал, экономикалық қауiпсiздiктiң өлшемдеріне сәйкес келмейтiн болып табылады. Үкiметтiң борыштық портфелiн әртараптандыру мақсатында бiр мезгiлде iшкi рыноктағы қарыз алуды ұлғайта отырып, сыртқы қарыз алу көлемін қысқарту қажет.
      Iшкi қарыз алу көлемiн ұлғайту зейнетақы активтерiн орналастыру үшiн жинақтаушы зейнетақы қорларына сенiмдi әрi өтiмдi қаржы құралдарын (мемлекеттiк бағалы қағаздарды) беру қажеттігімен байланысты.
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1385  қаулысымен  Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы бекiтiлдi. Бұл Бағдарламада зейнетақы қорларының, соның iшiнде, зейнетақы активтерiнiң кiрістілігі мен рыноктағы қаржы құралдарының тапшылығын азайту проблемаларының шешiмдерi көзделген. Аталған проблемаларды шешу 1 жылдан 30 жылға дейiнгi әртүрлі өтеу мерзiмдерi бар және кірiстiлігі инфляцияның болжамды деңгейiнен төмен емес немесе инфляция деңгейiне байланысты мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыру жолымен елдiң iшкi рыногындағы ұзақ мерзiмдi мемлекеттік қарыз алудың Қазақстан Республикасы Yкiметі мен Ұлттық банкi арасында келісілген саясатын тұжырымдау арқылы iске асырылады.
      2006-2008 жылдары мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген қарыз алу мен борыш саласында жүргiзiлiп жатқан саясат шеңберiнде мынадай мiндеттердi шешу көзделедi (бағыттар бойынша):
      1) бюджет тапшылығы мен борыш параметрлерi:
      Мемлекет басшысы айқындаған мiндеттердi ескере отырып, орта мерзiмдi перспективада мұнайдан тыс тапшылықтың мөлшерi мен бюджет теңгерiмдiлiгіне қол жеткiзуге негiзделе отырып, республикалық бюджет тапшылығының параметрлерiн айқындау;
      жинақтау жөнiндегi саясат шеңберiнде үкiметтік борыштың оңтайлы мөлшерiн анықтау;
      2) iшкi қарыз алу:
      жылдар және қағаз түрлерi бойынша бөлінiстегi мемлекеттiк бағалы қағаздар эмиссиясының орта мерзiмдi кезеңге арналған үлгi схемасын жасау;
      iшкi қарыздарды тарту мерзiмдерiне қарай түрлі қарыз алу құралдарын пайдалану;
      рыноктағы ахуалға байланысты қарыз алудың жалпы көлемiндегi индекстелген және купондық мiндеттемелер арасындағы оңтайлы ара қатынасты белгiлеу жолымен пайыздық тәуекелдердi азайту;
      бағалы қағаздар рыногында ("benсhmark") бағдарлар белгілеу;
      жалпы шығару санын азайта отырып, мемлекеттiк бағалы қағаздар шығару көлемiн ұлғайту;
      айналым мерзiмiн ұлғайта отырып, пайыздарды төлеудiң мерзiмділігін азайту;
      мiндеттемелердiң орындалмау тәуекелiн азайту әрi қысқа және орта мерзiмдi перспективада iшкi үкiметтiк борышты өтеу жөнiндегi төлемдер төлеудiң ең жоғары шегiн төмендету, бұл үшiн, негiзiнен орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi мiндеттемелердi шығаруға қайта бағдарлану ұйғарылып отыр;
      3) сырттан қарыз алу:
      Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму  стратегиясына , Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарына, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң бағдарламасына, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарына, тиiстi орта мерзiмдi кезеңге арналған донор - халықаралық қаржы ұйымдарының елдiк бағдарламаларына сәйкес, Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық маңызды мәселелерiн шешуге бағытталған инвестициялық жобаларды қаржыландыруға сырттан қарыздарды тарту;
      экономиканың басым салаларында, оның iшiнде:
      - ауыл, су және орман шаруашылығында;
      - жол саласында;
      - өндiрiстiк инфрақұрылымды дамыту үшiн;
      - астананы одан әрi дамыту үшiн сыртқы қарыздар есебiнен қаржыландырылатын жаңа инвестициялық жобаларды дайындау;
      жаңа жобаларды iрiктеуге және Қазақстанның Даму Банкiнiң қайтарымды негiзде қаржыландыруы ұсынылатын инвестициялық жобалардың банктік сараптамасын жүзeгe асыруына қойылатын талаптарды күшейту;
      республикалық инвестициялық жобалар тiзбесiне қосылатын жобалардың дайындалу және сарапталу сапасын жақсартуда көрiнетiн қарыз қаражатын тиiмдi пайдалану;
      теңгенiң айырбас бағамы өзгерген жағдайда келеңсiз салдарларды азайту мақсатында қарыздардың валюталары бойынша Үкiметтiң сыртқы қарыздар портфелiн әртараптандыру;
      бiр мезгiлде Үкiметтiң бiрлесiп қаржыландыру үлесiн ұлғайта отырып, сатып алу рәсiмдерi бойынша шектеулердi донорлардың жақсартуы шартымен инвестициялық жобаларды қаржыландыруға сырттан қарыздарды тарту;
      4) борышты өтеу және оған қызмет көрсету:
      үкiметтік қарыздарға қызмет көрсетуде неғұрлым қымбаттарын мерзiмiнен бұрын өтеу арқылы үкiметтiк борышты белсендi басқару;
      жергiлiктi атқарушы органдардың мерзiмi өткен борыштық мiндеттемелердi өтеу жөнiнде және реттелмеген борыштық мiндеттемелер проблемаларын тез арада шешу жөнiнде белсендi шаралар қабылдауы;
      фискалдық тәуекелдердi болжау - АҚШ долларына теңгенiң айырбас бағамының, шетел валюталарының "pocc-бағамдарының, пайыздық ставкалардың өзгеруi, әлемдiк бағалар конъюнктурасының өзгеруi салдарынан Ұлттық қорға қаражаттың жеткілiксiз түсуi.
      Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу мемлекеттiк борыштың қауiпсiз деңгейде сақталуын қамтамасыз етуi, оның құрылымын оңтайландыруы әрi орта және ұзақ мерзiмдi перспективада бюджеттiң тұрақтылығын жоғарылатуы тиiс.


   Қорытынды

      Қазақстан Республикасының экономикасы баға өзгерiстерiнiң үш түрi:
      әлемдiк тауар бағаларының ауытқуы;
      валюта бағамдарының ауытқуы;
      әлемдiк ақша рыноктарындағы пайыздық ставкалардың ауытқуы туындататын қауiптерге бейiм, бұларды iшкi саясат құралдарымен бақылау мүмкiн емес.
      Бұған:
      ел өндiрiсi құрылымының көлемiнде сыртқы рынокқа жеткiзілетiн шикiзаттық тауарлардың, ең алдымен мұнайдың ауқымды орын алуы;
      Қазақстанның сыртқы қарыздарының түрлi валюталарда көрiнуi;
      борыштың басым бөлiгін құбылмалы пайыздық ставка шарттарында жасалған мiндеттемелердiң құрауы себеп болды.
       Әлемдiк тауар бағаларының тәуекелдерi (мұнай бағаларының мысалында).
      Мұнай бағаларының төмен болуы да, жоғары болуы да Қазақстан экономикасы үшін келеңсіз салдарларды тудыруы мүмкiн.
      Мұнайдың әлемдік бағасы бір баррель үшiн 19 АҚШ долларынан төмен азайған жағдайда, тасымалдауға арналған шығындарды есепке алғанда, жекелеген кен орындарында мұнай өндiру рентабельдi болмайды, бұл мұнай өндiру көлемiн азайтуға алып келедi. Қазақстандағы шетелдiк капиталдың басым бағыты өндiрушi сектор болып табылатындықтан, энергия көздерiнiң төмен бағалары елдiң инвестициялық тартымдылығын азайтады.
      Мұнай өндіруші кәсiпорындар кiрiстілігiнің азаюы экономиканың аралас салаларындағы өндiрiс көлемiн азайтуға алып келедi. Атап айтқанда, бұл көлік, сауда, байланыс салаларындағы қаржы секторының қызметтері саласындағы өсу қарқындарына әсер етедi. Осылайша, ел экономикасының жалпы өнiмділігi төмендейдi, бұл, сайып келгенде, инфляциялық процестердiң күшеюіне және мемлекеттік бюджет кiрiстерiнiң азаюына алып келедi.
      Мұнайдың жоғары әлемдiк бағалары жағдайында теңгенiң нақты айырбас бағамын күшейту жағына едәуiр қысым көрсетіледi. Қазақстанда өзiнiң ұлттық валютасында жоғары кірістер алу мүмкiндiгiн иеленетiн импорттаушылар үшiн қазақстандық рынок аса тартымды болады. Бір мезгiлде қазақстандық кәсiпорындардың бәсекеге қабілеттілігі төмендейдi, жұмыс орындары айтарлықтай қысқарады.
      Қолма-қол ақшаның едәуiр ағыны нәтижесiнде инфляцияның монетарлық факторлары күшейедi.
       Валюталық тәуекелдер
      Қазiргi уақыттa Қазақстан Республикасының сыртқы қарыз алуының валюталық құрылымы АҚШ долларын, арнаулы қарыз алу құқығын (АҚҚ), жапон йенiн, евроны (немiс маркасындағы, австрия шиллингiндегі бұрынғы борыштарды қоса алғанда), швейцария франкiн, ағылшын фунт стерлингiн, сауд реалын және өзге де валюталарды қамтиды. Соның салдарынан доллар көрiнiсiндегi борышқа қызмет көрсету жөнiндегi төлемдер мөлшерi кросс-бағамдарының (AҚШ долларына қатысы бағамдардың) өзгеруiне өте бейiм.
       Пайыздық тәуекелдер
      Қазақстан Республикасына халықаралық қаржы ұйымдары кредиттерiнiң және экспорттық кредиттердiң едәуір бөлiгi құбылмалы пайыздық ставка (LIBOR халықаралық қаржы ұйымдарының ставкалары) шарттарымен берiлген. Абсолюттік көрсеткiштер тұрғысынан алғанда пайыздық ставкалардың өзгеруiне байланысты тәуекелге бейiмділік зор: базалық пайыздық ставканың бiр тармаққа өзгеруi қысқа мерзiмдiнi қoca алғанда, борышқа қызмет көрсету жөніндегі төлемдердiң өзгеруiн бiлдiредi. Сондықтан, егер нарық жағдайларында сыртқы қаржыландыруға тәуелдiлiк ұлғаятын болса, сыртқы берешектiң жағдайы пайыздық ставкалардың өзгеруiмен байланысты үлкен тәуекелге ұшырауы мүмкiн.
      Қазiргi уақытта бар, тұрақты экономикалық өсуге және маңызды стратегиялық мақсаттарға қол жеткiзуге кедергі келтіретiн тәуекелдердi iшкi факторларға жатқызуға болады. Бұл тәуекелдер мыналардан:
      белсендi жаңартуға, сондай-ақ оған қызмет көрсету үшiн жоғары бiлiктi мамандар даярлауға қомақты инвестициялар талап етілетiн табиғи тозған және моральдық ескiрген жабдықтың экономикада басым болуынан;
      негізгі өнiм массасының әсiресе өндiрiс құралдарының бәсекеге қабiлеттiлігінiң төмендігінен;
      тауарлар мен қызметтер көрсетудiң iшкi рыногында жеткiлiктi бәсекенiң болмауынан көрiнедi.
      Ұлттық қорда қаражат жинақтаудың және оларды елден тыс жерлерде орналастырудың, мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борышты басқарудың мемлекеттік саясаты, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясы фискалдық тәуекелдердiң ықтимал келеңсiз салдарларының алдын алуға бағытталған.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң фискалдық стратегиясын белгілейдi, бар мемлекеттiк ресурстар көлемi мен үш жылға арналған негізгі фискалдық басымдықтарды айқындауға мүмкiндiк бередi.
      Келешекте орта мерзiмдi фискалдық саясаттың рөлiн осы құжатты әзiрлеген кезде көзделген мақсаттар қаншалықты дәрежеде орындалғаны бойынша бағалауға болады.