Осы Заң асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi, асыл тұқымды малдың тектiк қорын сақтауға және көбейтуге, сондай-ақ оны өз төлiнен өсiруге және өнiмдiк сапасын жақсартуға бағытталған, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласымен айналысатын мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн реттейдi.
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.12.14 № 269 Заңымен.1 тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) асыл тұқымды аналық бал арасы – асыл тұқымды бал ара ұясын молайтуды қамтамасыз ететін асыл тұқымды ұрықтанған аналық бал ара;
2) асыл тұқымды бал ара ұясы – ұрпақ буынына өзінің тұқымдық белгілерін ұдайы беріп отыратын, таза тұқымды, жоғары сыныпты бал араларының жоғары өнімді бал ара ұясы;
2-1) асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімі – асыл тұқымды жануарлардың саны, тұқымдары, өнімділік бағыттары бойынша деректер жиынтығы;
3) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
4) асыл тұқымдық куәлiк – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен республикалық палата беретін, асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) тұқым-тегін, өнімділігін және өзге де сапаларын растайтын құжат;
5) асыл тұқымдық кiтап – белгiлi бiр тұқымдағы неғұрлым құнды асыл тұқымды малдың шығу тегi, өнiмдiлiгі және өзге де сапалары туралы деректер жиынтығы;
6) асыл тұқымдық құндылық – асыл тұқымды жануардың селекцияланатын белгілерінің деңгейі және оларды ұрпағына беру мүмкіндігі;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!7) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 09.07.2024 № 123-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7) асыл тұқымды жануар – Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық палатада тіркелген, тұқымның өнімділік бағыты мен деңгейіне сай келетін таза тұқымды жануар;
8) асыл тұқымды малдың жеке карточкасы – уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ресімделетін, оның шығу тегi туралы, өнiмдiлiгі және өзге де сапалары жөніндегі деректерді қамтитын, шаруашылық ішіндегі бастапқы есепке алу нысаны;
9) алып тасталды – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;10) асыл тұқымды жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық (бұдан әрi – дистрибьютерлiк орталық) – асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын, эмбриондарды сатып алу, сақтау және өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны) туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға;
11) асыл тұқымды мал шаруашылығы – тектік әлеуеті жоғары малды өз төлінен өсіруге, оларды сақтауға және өсіруге бағытталған асылдандыру жұмысының жүйесiмен қамтылған мал шаруашылығы саласы;
11-1) алып тасталды – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;12) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
13) асыл тұқымдық орталық – асыл тұқымды тұқымдық жануарларды күтіп-ұстау жөніндегі қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны) туралы уәкілетті органды хабардар еткен, асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын, эмбриондарды алумен, жинақтаумен, сатып алумен, сақтаумен және өткізумен айналысатын заңды тұлға;
14) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
15) асыл тұқымдық өнім (материал) – асыл тұқымды мал, сондай-ақ асыл тұқымды малдан алынған ұрық, эмбриондар, инкубациялық жұмыртқа, тәуліктік балапандар, уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар, асыл тұқымды аналық бал аралары, асыл тұқымды бал ара ұялары және бал ара пакеттері;
16) асыл тұқымды тұқымдық жануар – ауыл шаруашылығы жануарын өз төлінен өсіру үшін пайдаланылатын асыл тұқымды жануардың дара аталығы;
17) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
18) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
19) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
20) ауыл шаруашылығы жануары (бұдан әрі – жануар) – адам өсiретiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей қатысы бар жануарлардың, құстардың, балықтардың және бал араларының барлық түрi;
21) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
22) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
23) бал ара пакеті – құрамында асыл тұқымды ұрықтанған аналығы, тұқымдығы (кәрез пакетінде), тірі бал аралары және тасымалдау үшін қажетті бал араларының қорегі бар, асыл тұқымды бал ара ұясынан бөлінген қалемше;
23-1) бонитер (сыныптаушы) – бонитирлеу бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны) туралы уәкілетті органды хабардар еткен жеке тұлға;
23-2) бонитирлеу – жануарларды тиiстi сынып бере отырып, шаруашылыққа пайдалы белгілер кешенi (тұқымдылығы, өнiмдiлік сапалары, сыртқы тұрпаттық-бiтiмдiк ерекшелiктерi) бойынша бағалау;
23-3) бірінші санатты етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара мал – тұқым стандартына сәйкес келетін, тегінің кемінде үш буыны бойынша ақпарат бар, әкесі жағынан шығу тегі молекулярлық генетикалық сараптама негізінде расталған және республикалық палатада тіркелген таза тұқымды ірі қара мал;
23-4) геномдық бағалау – уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылатын, жануардың селекцияланатын белгілерінің генетикалық құндылығын олардың геномдық ақпараты негізінде болжамды бағалау;
24) екінші санатты етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара мал – тұқым стандартына сәйкес келетін, тегінің кемінде үш буыны бойынша ақпарат бар және республикалық палатада тіркелген таза тұқымды ірі қара мал;
24-1) ен салу – тиiстi жануарды дәл сәйкестендіруге мүмкiндiк беретiн, нөмiр салу (белгі, татуировка жасау, таңба басу), сырға және чип салу, сақиналау арқылы асыл тұқымды жануарды белгiлеу;
24-2) жануардың тұқым-тегi – асыл тұқымды жануардың шығу тегі туралы мәлiметтер;
25) желi – асыл тұқымдық және өнімділік сапалары тиісті таңдау және іріктеу жүйесімен ұсталынатын және жетілдірілетін, үздік тұқымдық тектерден тарайтын тұқымдағы асыл тұқымды мал тобы;
26) зауыттық тип – тұқымның бір бөлігі болып табылатын, сол тұқымға ортақ қасиеттерден басқа, өнiмдiлiгi, дене тұрқы мен бiтiмiнiң сипаты жағынан өзiнiң кейбiр айрықша ерекшелiктерi бар, өсірілетін аймақтың жағдайына жақсы бейiмделген, ауруға төзiмдi мал тобы;
26-1) зауытшы – мал туылған кездегі оның енесінің иесі;
27) индекстік бағалау – уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылатын, селекцияланатын белгілері бойынша жануардың асыл тұқымдық құндылығы деңгейін айқындау әдісі;
28) кросс – малдың бiр желiсiн басқа бiр желiсiмен будандастырудан тарайтын мал тобы;
29) қолдан ұрықтандыру – жеке-жеке iрiктелiп алынған малды маманның бақылауымен шағылыстыру;
30) құстардың тұқымдары мен кросстарының арғы ата-енелік тобы – құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелік тобын молайту үшін пайдаланылатын еркек және ұрғашы құстар;
31) құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелік тобы – будандастырылған ұрпақ буыны инкубациялық жұмыртқа немесе ет өндірісі үшін пайдаланылатын еркек және ұрғашы құстар;
31-1) мамандандырылған зертхана – молекулярлық генетикалық сараптаманы жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлға немесе оның атынан әрекет ететін құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ заңды тұлғаның аккредиттелген құрылымдық бөлімшесі;
32) молекулярлық генетикалық сараптама – жануардың шығу тегінің анықтығын бағалау және (немесе) генетикалық ауытқуларды анықтау мақсатында жүзеге асырылатын, оның биологиялық материалын зерттеу;
33) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс – жануарлардың асыл тұқымдық сапаларын жетілдіруге бағытталған іс-шаралар кешені;
34) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қоры – уәкілетті орган айқындаған оператор жүргізетін, жануарлардың генетикалық әлеуетін жетілдіру және арттыру үшін, сондай-ақ асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу үшін пайдаланылатын, асыл тұқымды жануарлар және селекциялық процеске тартылатын жануарлар туралы деректерді жинаудың, жинақтаудың және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі;
34-1) селекциялық процеске тартылған ауыл шаруашылығы жануарының карточкасы – шығу тегі, өнімділік және оның өзге де сапалары туралы деректерді қамтитын, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ресімделетін бастапқы шаруашылықішілік есепке алу нысаны;
34-2) таза қанды жануар – бекітілген кезінен бастап шығару кезінде бір тұқым пайдаланылған жануар;
35) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
36) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
36-1) таза тұқымды жануар – мыналардың:
бір тұқымның таза тұқымды ата-енелерін шағылыстыру;
екі тұқымның біреуі бойынша қан құрамы кемінде 75 пайыз болған жағдайда тұқымдар генотипі бойынша жақын, туыс екі малды шағылыстыру;
бір тұқымның қан үлесі кемінде 93,75 пайыз болған кезде туыс емес тұқымдарды будандастыру;
екі және одан көп туыс емес тұқымдардың қатысуымен жаңа тұқым жасау нәтижесінде алынған жануар;
37) таза тұқымды өсіру – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыста тектес тұқымдағы малдарды пайдалана отырып, осы тұқымға тән белгілерді топтастыру және түрге бөлу мақсатында бір тұқымдағы асыл тұқымды малды өсіру;
37-1) таңбалау – асыл тұқымдық материалға және (немесе) оның қаптамасына салынатын мәтіндік және (немесе) графикалық ақпарат;
38) тектiк қоры шектеулi тұқым – селекциялық мақсаттарда пайдалану үшiн қажет және құрып кету қаупi төнген отандық тұқымның сирек кездесетiн және дүние жүзінде өзiне теңдесі жоқ мал тобы;
39) техник-ұрықтандырушы – жануарларды қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны) туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға;
40) тұқым – адамның шығармашылық қызметiнiң ықпалымен белгiлi бiр шаруашылық және табиғи жағдайда қалыптасқан, "өз ішінде" өсiру үшiн саны жеткiлiктi және iрiктеліп, таңдалып, тектiк типіне сәйкес келетін технологиялық жағдай жасалып, қолдау көрсетілетін шаруашылық және асыл тұқымдық құндылығы, сондай-ақ оны бір түрге жататын басқа тұқымдардан ерекшелендіретін морфологиялық, физиологиялық және шаруашылыққа пайдалы қасиеттерiнің белгiлi бiр өзгешелiгi бар, шығу тегi ортақ бiр түрге жататын малдың тобы;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!41) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 09.07.2024 № 123-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
41) тұқым стандарты – республикалық палаталар бекітетін тиiстi тұқымдағы асыл тұқымды жануарлардың фенотиптік және өнiмдiлiк көрсеткіштеріне қойылатын ең төмен талаптар;
42) эмбрион – ұрықтанған жұмыртқа жасушадан дамитын ұрық;
43) эмбриондарды телу (ауыстырып салу) – асыл тұқымды малдардан төл басын көбірек алудың биотехнологиялық әдісі;
44) эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөнiндегi маман – асыл тұқымды жануарлардың эмбриондарын алу, криоконсервациялау және транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны) туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.2-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi ұйымдастырудың негiзгi принциптерi
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызмет:
тиiмдiлiгi мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
тұқымның сақталуын қамтамасыз ету;
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердiң тиiсiнше есепке алынуын қамтамасыз ету;
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ақпараттық жедел өңдеу және оны асыл тұқымды малды өсiрудi, пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға беру принциптерiне негiзделедi.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдары
Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.12.14 № 269 Заңымен.4-бап. Азаматтық құқық объектiсi ретiндегi асыл тұқымды өнiм (материал)
Асыл тұқымды өнiм (материал) мүлiктiк және соған байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастарда азаматтық құқық объектiсi бола алады.
Асыл тұқымдық өнiмге (материалға) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген мүлiк туралы жалпы ережелер қолданылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.5-бап. Асыл тұқымды өнiмге (материалға) меншiк құқығы және оны пайдалану
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) жеке және заңды тұлғалардың меншiктену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.6-бап. Асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) айналымда болуы
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) өткізуді жүзеге асырады.
Асыл тұқымды өнiмге (материалға) меншiк құқығынан айыруға немесе оның ауысуына осы Заңның ережелерiне сәйкес берiлетiн асыл тұқымдық куәлік болған жағдайда рұқсат етiледi.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.12.14 № 269, 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.7-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң экономикалық қызметiнiң ерекшелiктерi
Ескерту. 7-бап алып тасталды – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8-бап. Жердi және су объектiлерiн асыл тұқымды мал шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану
Ескерту. 8-бап алып тасталды – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9-бап. Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты мен импорты
Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы және ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты уәкiлеттi орган берген ветеринариялық сертификат және асыл тұқымдық куәлiк болған кезде жүзеге асырылады.
Асыл тұқымдық өнiм (материал) импорты ветеринариялық сертификат және белгіленген тәртіппен танылған, экспорттаушы елдiң құзыретті органдары берген асыл тұқымдық куәлiк немесе оған балама құжат болған кезде жүзеге асырылады.
Ұрықтың импортын одан әрі өткізу мақсатында асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтар жүзеге асырады.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 2-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік
реттеу
Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
10-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жүйесі
Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жүйесіне:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары;
4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер кіреді.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді.
Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.12-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік басқару органдары
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік басқару органдарына асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган жатады.
2. Уәкілетті органның басшысы ведомство басшысына "Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы" арнайы атауын беруге құқылы.
Ведомство басшысы "Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының орынбасары" арнайы атауын, ал ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің тиісті лауазымдарына – "асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспектор" және "асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспектордың орынбасары" арнайы атауларын беруге құқылы.
Ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында тікелей мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамдары асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады.
13-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіруді және әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
4) бонитирлеу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
4-1) индекстік бағалау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4-2) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4-3) мамандандырылған зертханаларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
4-4) асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4-5) асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4-6) геномдық бағалау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4-7) бонитерді (сыныптаушыны), техник-ұрықтандырушыны және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманды оқыту курстарының үлгілік бағдарламаларын және олардың сағат көлемін әзірлейді және бекітеді;
4-8) бонитердің (сыныптаушының), техник-ұрықтандырушының және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманның біліктілігін арттыру курстарының үлгілік бағдарламаларын және олардың сағат көлемін әзірлейді және бекітеді;
5) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
7) мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткiзу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
7-1) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
8) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
10) асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
11) асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың нысанын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
12) асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
13) асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
13-1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны) туралы хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;
13-2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
14) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
14-1) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
15) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
16) алып тасталды – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;17) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
18) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
19) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
20) асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізуді және оны уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады;
21) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді және басып шығарады;
22) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізеді;
23) өткізілетін асыл тұқымды өнімге (материалға) берілетін асыл тұқымдық куәліктер деректерінің дәйектілігіне бақылауды жүзеге асырады;
24) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
25) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
25-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік қолдаудың бағыттарын айқындайды;
26) мыналарды:
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын;
мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандарын;
асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру (жою) тәртібін;
асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларын;
асыл тұқымды жануардың жеке карточкасының, сондай-ақ селекциялық процеске тартылған ауыл шаруашылығы жануары карточкасының нысаны мен оларды толтыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
27) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);28) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
29) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
30) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
31) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
31-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
32) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
1-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) алып тасталды – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;3) алып тасталды – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) алып тасталды – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
7) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асырады;
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.15-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Ескерту. 15-бап алып тасталды – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
16-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау – уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарының жиынтығы.
2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2-1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау:
1) ақпараттық жүйелерден;
2) ашық көздерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған деректер мен ақпаратты талдау, салыстыру арқылы жүргізіледі.
Асыл тұқымдық орталықтар мен дистрибьютерлік орталықтар, бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалар, республикалық палаталар бармай профилактикалық бақылау субъектілері (объектілері) болып табылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшелері бақылау субъектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным (бұдан әрі – ұсыным) жібереді. Ұсынымда оны орындау мерзімі көрсетіледі, бұл табыс етілген (алынған) күнінен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.
Ұсыным бақылау субъектісіне қолын қойғызып, жеке өзіне немесе оны жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол – ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен – тапсырысты хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;
3) электрондық тәсілмен – сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді (алынды) деп есептеледі.
Ұсыным табыс етілген (алынған) күнінен кейінгі, ұсынымда көрсетілген мерзім ішінде орындалуға тиіс.
Бақылау субъектісі уәкілетті органның ведомствосын немесе оның аумақтық бөлімшелерін бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынымның орындалғаны туралы жазбаша хабардар етеді.
Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті орган ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшелеріне ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың жиілігі деректер мен ақпараттың келіп түсуіне қарай, бірақ айына бір реттен жиілетпей айқындалады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды тіркеудің арнаулы журналында есепке алуына жатады, ол нөмірленуге, тігілуге және уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекемделуге тиіс.
3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттік инспекторлар:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердегі, бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалардағы есепке алу мен есептіліктің жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
2) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);3) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) асыл тұқымдық куәліктерде көрсетілген деректердің анықтығын тексеруге;
5) алып тасталды – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;6) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға;
7) нұсқамалар беруге және олардың орындалуын бақылауға;
7-1) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар беруге және олардың орындалуын бақылауға құқылы;
8) алып тасталды – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.4. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың өз құзыретi шегiндегі актілерiн асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң, бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалардың орындауы мiндеттi.
5. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.16-1-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу:
1) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылау жүргізу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер және малдың тектік қорын сақтау, дамыту және пайдалану бойынша селекция жүргізу;
4) асыл тұқымды, оның ішінде тектік қоры шектеулі малдың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялау;
5) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін асыл тұқымдық өнімге (материалға) қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды субсидиялау;
6) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шараларын субсидиялау;
7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізу;
8) асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізу;
9) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 16-1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.16-2-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлама жасау
1. Осы бапта аталған жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағанға дейін бұл жөнінде уәкілетті органды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабардар етуге міндетті.
2. Алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Асыл тұқымдық орталық ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға:
1) меншік немесе жалға алу (кемінде үш жыл) немесе лизинг құқығында материалдық-техникалық базаға (асыл тұқымды тұқымдық жануарларды күтіп-ұстауға арналған үй-жайға, асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын төменгi температурада мұздатуға және сақтауға арналған зертханаға, ветеринариялық-санитариялық тексеру өткізетін орынға, карантиндік үй-жайға, изоляторға, зертханалық және криогендiк жабдыққа) иелік етуі;
2) бонитирлеу және (немесе) индекстік бағалау жүргізуге;
3) асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпақ сапасы бойынша бағалау және (немесе) геномдық бағалау жүргізуге;
4) штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуға;
5) асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізуге міндетті.
Хабарламаға мынадай құжаттар:
1) заңды тұлғаны (заңды тұлға үшін) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
2) объектіге ветеринариялық-санитариялық қорытындының және есепке алу нөмірінің берілгені туралы растаудың көшірмелері;
3) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;4) асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың болуын растайтын асыл тұқымдық куәліктердің көшірмелері;
5) өндірістік үй-жайлар кешендерінің (асыл тұқымды тұқымдық жануарларды күтіп-ұстауға арналған үй-жайдың, асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын төменгi температурада мұздатуға және сақтауға арналған зертхананың, ветеринариялық-санитариялық тексеру өткізетін орынның, карантиндік үй-жайдың, изолятордың, зертханалық және криогендiк жабдықтардың (Дьюар ыдысының), еріткіш термостаттың, су моншасының, микроскоптың, жылыту үстелінің, мұздатқыштың, асыл тұқымды материалды буып-түюге және таңбалауға арналған жабдықтардың) меншік құқығында болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың немесе жалға алу (кемінде үш жыл) шартының немесе лизинг шартының көшірмелері;
6) сәйкестендіру жүргізілгенін растайтын ветеринариялық паспорттар қоса беріледі.
7) алып тасталды – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.5. Дистрибьютерлік орталық ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға:
1) меншік немесе жалға алу (кемінде үш жыл) немесе лизинг құқығында материалдық-техникалық базаға (стационарлық биоқоймалары бар өндiрiстiк үй-жайларға, зертханалық және криогендiк жабдыққа) иелік етуі;
2) штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы міндетті.
Хабарламаға мынадай құжаттар:
1) заңды тұлғаны (заңды тұлға үшін) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
2) объектіге ветеринариялық-санитариялық қорытындының және есепке алу нөмірінің берілгені туралы растаудың көшірмелері;
3) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;4) стационарлық биоқоймалары бар өндiрiстiк үй-жайларды, зертханалық және криогендiк жабдықтарды қоса алғанда, материалдық-техникалық базаның (Дьюар ыдысының), еріткіш термостаттың, су моншасының, микроскоптың, жылыту үстелінің) меншік құқығында болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың немесе жалға алу (кемінде үш жыл) шартының немесе лизинг шартының көшірмелері қоса беріледі.
6. Малдың белгілі бір түрі және өнімділігінің бағыты бойынша бағалаушы (сыныптаушы) ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:
1) жеке куәлігінің;
2) "ауыл шаруашылығы және биоресурстар" немесе "ветеринария" бағыты бойынша білімі туралы дипломның;
3) жануардың тиісті түрі бойынша бонитерлерді (сыныптаушыларды) оқыту курсынан өткені туралы құжаттың көшірмелерін қоса береді.
7. Техник-ұрықтандырушы ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:
1) жеке куәлігінің;
2) "ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "ветеринария" бағыты бойынша білімі туралы дипломның немесе техник-ұрықтандырушыны оқыту курстарынан өткені туралы құжаттың немесе осы бейін бойынша кемінде алты ай жұмыс өтілін растайтын құжаттың;
3) алып тасталды – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;4) материалдық-техникалық базаның (зертханалық үй-жайдың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрал-саймандардың, криогендiк жабдықтардың (Дьюар ыдысының), еріткіш термостаттың, су моншасының, микроскоптың, жылыту үстелінің, шприц-катетердің) меншік құқығында болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың немесе жалға алу (кемінде бір жыл) шартының немесе лизинг шартының көшірмелерін қоса береді.
8. Эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі маман ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:
1) жеке куәлігінің;
2) "ауыл шаруашылығы және биоресурстар" немесе "ветеринария" бағыты бойынша білімі туралы дипломның;
3) эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманды оқыту курстарынан өткені туралы құжаттың;
4) материалдық-техникалық базаның (зертханалық үй-жайдың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрал-саймандардың, криогендiк немесе технологиялық жабдықтардың (Дьюар ыдысының), еріткіш термостаттың, жылыту үстелінің, микроскоптың, шприцтің) меншік құқығында болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың немесе жалға алу (кемінде бір жыл) шартының немесе лизинг шартының көшірмелерін қоса береді.
9. Алып тасталды – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.10. Осы бапта көзделген құжаттарды ұсыну оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда, талап етілмейді.
Құжаттар "электрондық үкімет" веб-порталы немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы берілген кезде құжаттар электрондық нысанда ұсынылады.
Ескерту. 16-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 408-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.16-3-бап. Асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) есепке алу
Ескерту. 16-3-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Асыл тұқымдық өнiм (материал) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық дерекқорында және (немесе) қағаз жеткізгіштерде есепке алынуға жатады.
Асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізіліміне уәкілетті орган айқындаған тәртіппен асыл тұқымды жануарлар туралы деректер енгізіледі.
Асыл тұқымды малдың шығу тегі, өнімділігі және өзге де сапалары бойынша неғұрлым құндылары туралы деректер асыл тұқымдық кітапқа енгізіледі.
Асыл тұқымдық кiтапқа және асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізіліміне енгiзiлген деректер мүдделi тұлғалар үшiн қолжетiмдi болып табылады.
Жануардың шығу тегін, өнімділік және өзге де сапаларын растау мақсатында жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысандар бойынша есепке алуды жүргізеді.
Ескерту. 16-3-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.16-4-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қолдаудың негiзгi нысаны:
1) асыл тұқымды малдың, оның iшiнде тектiк қоры шектеулi тұқымдардың тектiк қорын сақтауға, дамытуға және қалпына келтiруге;
2) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер үшін асыл тұқымды өнiмге (материалға) қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 09.07.2024 № 123-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердің селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуіне бағытталған іс-шараларды субсидиялау болып табылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 09.07.2024 № 123-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау бағыттарын уәкілетті орган айқындайды.
3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Ескерту. 16-4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.16-5-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулердi ауыл шаруашылығы бейiнiндегi Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары жүзеге асырады. Аталған ұйымдар уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттiк ғылыми-техникалық бағдарламаларды;
2) бонитирлеу жөніндегі нұсқаулықтарды;
3) асыл тұқымды өнiмдi (материалды) бағалау мен генетикалық бақылау үшін әдiстемелер мен техникалық құралдарды;
4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында, оның ішінде селекциялық және асыл тұқымдық жұмыста ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерiн;
5) индекстік бағалау жүргізу қағидаларын;
6) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу қағидаларын;
7) асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпақ сапасы бойынша бағалау жүргізу қағидаларын;
8) асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларын;
9) геномдық бағалау жүргізу қағидаларын әзірлеуді жүзеге асырады.
Ескерту. 16-5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.3-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк реттеу
Ескерту. 3-тарау алып тасталды - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4-тарау. Асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) тану және пайдалану
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
17-бап. Асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) тану
1. Өнiмді (материалды) республикалық палата уәкілетті орган айқындаған тәртіппен асыл тұқымдық деп таниды.
2. Осы Заңның 9-бабы үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес келген кезде импортталған асыл тұқымдық өнiм (материал) асыл тұқымды деп танылады.
Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.18-бап. Асыл тұқымдық өнімді (материалды) пайдалану және өткізу
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, асыл тұқымдық өнімді (материалды) пайдалану және өткізу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Ұрық мынадай шарттарға бір мезгілде сәйкес келген кезде:
1) ұрпақ сапасы және (немесе) геномдық бағалау бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық жануардан алынған;
2) тиісті морфофункционалдық көрсеткіштері болған;
3) генетикалық детерминделген аурулары болмаған;
4) сәйкестендіруге мүмкіндік беретін таңбалауы болған кезде пайдаланылады және өткізіледі.
3. Эмбрион мынадай шарттарға бір мезгілде сәйкес келген кезде:
1) асыл тұқымды жануарлардан алынған;
2) генетикалық детерминделген аурулары болмаған;
3) асыл тұқымдық куәлігі болған;
4) сәйкестендіруге мүмкіндік беретін таңбалауы болған кезде пайдаланылады және өткізіледі.
4. Ені (таңбалауы) жоқ асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізуге жол берілмейді. Асыл тұқымды жануар асыл тұқымдық мақсатқа өткізілген кезде асыл тұқымды жануардың асыл тұқымдық куәлігі де болуға тиіс.
5. Тұқымның өсімін молайту үшін осы Заңның 19 және 20-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келетін асыл тұқымды жануарлар ғана пайдаланылады.
6. Асыл тұқымды жануарлар алынған шаруашылықтар туралы деректерді сақтау мақсатында зауытшылар туралы мәліметтер асыл тұқымдық куәліктерде көрсетіледі.
7. Жануарлардың тұқымдық және өнімділік сапаларын жақсарту мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші:
1) осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келетін жаңадан алынған ұрықты;
2) осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген талапқа сәйкес келетін жаңадан алынған эмбрионды пайдалануға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының талабы асыл тұқымды тұқымдық жануарды меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде иелік ететін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге қолданылады.
Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.19-бап. Асыл тұқымды жануарларды бонитирлеу және индекстік бағалау
Егер Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнамасында өзгеше көзделмесе, асыл тұқымды жануарлар бонитирлеуге және (немесе) индекстік бағалауға жатады.
Бонитирлеуден және (немесе) индекстік бағалаудан өтпеген асыл тұқымды жануарларды асыл тұқымдық мақсаттарға өткізуге жол берілмейді.
Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.20-бап. Асыл тұқымдық орталықтарда күтіп-ұсталатын асыл тұқымды тұқымдық жануарларды бағалау
Асыл тұқымдық орталықтарда күтіп-ұсталатын, ұрығы таза тұқымды және асыл тұқымды жануарлар алу үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық жануарлар:
бонитирлеуге және (немесе) индекстік бағалауға;
ұрпақ сапасы бойынша бағалауға және (немесе) геномдық бағалауға;
асыл тұқымды жануарларды өз өнімділігі бойынша бағалауға (сынақтарға) жатады.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.20-1-бап. Молекулярлық генетикалық сараптама
1. Молекулярлық генетикалық сараптама мамандандырылған зертханаларда жүзеге асырылады, олар оның нәтижелерін селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық дерекқорына енгізеді.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар молекулярлық генетикалық сараптамаға тапсырыс берушілер болып табылады.
2. Молекулярлық генетикалық сараптаманың теріс қорытындысын алу тапсырыс берушіні молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу үшін басқа мамандандырылған зертханаларға қайта жүгіну құқығынан айырмайды.
3. Тапсырыс берушінің:
1) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізудің кез келген кезеңінде өтінімді кері қайтарып алуға;
2) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу барысында туындайтын мәселелерді қарауға қатысуға құқығы бар.
4. Тапсырыс беруші:
1) жануардың биологиялық материалдарының үлгілерін іріктеуге және мамандандырылған зертханаға жеткізуге;
2) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу үшін мамандандырылған зертханаға берілетін жануардың биологиялық материалдары үлгілерінің жиналуын бақылауға;
3) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу үшін іріктелген жануардың биологиялық материалдарының үлгілерін абайсызда немесе қасақана ауыстыру жағдайларын болғызбауды қамтамасыз етуге;
4) ілеспе құжаттаманы тиісті түрде ресімдеуге және мамандандырылған зертханаға ұсынуға;
5) қаптамалардағы жазбалар мен сәйкестендіргіштердің және ұсынылып отырған барлық ілеспе құжаттардың көрсетілген сәйкестендіргіштері бар нақты жануарларға сәйкес келуіне кепілдік беруге;
6) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу құнын, оның ішінде молекулярлық генетикалық сараптаманың теріс қорытындысын алған жағдайда да төлеуге міндетті.
5. Тапсырыс беруші осы баптың 4-тармағының 1) – 5) тармақшаларында және молекулярлық генетикалық сараптама жүргізуге арналған шартта көзделген міндеттерді орындамаған жағдайда, мамандандырылған зертхананың көрсетілетін қызметтерді ұсынудан толық көлемде не ішінара бас тартуға құқығы бар.
6. Мамандандырылған зертхана:
1) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізуге арналған шартта белгіленген мерзімде толық көлемде қызметтерді көрсетуге;
2) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізуге арналған шарт бойынша өз міндеттемелерін үшінші тұлғаларға бермеуге;
3) тапсырыс берушіге оның талабы бойынша молекулярлық генетикалық сараптаманың жүргізілу барысы туралы барлық мәліметтерді хабарлауға;
4) егер молекулярлық генетикалық сараптама жүргізуге арналған шартта көзделген міндеттемелерді сапалы және мерзімінде орындау мүмкін болмаса және бұл тапсырыс беруші тарапынан қажетті шаралар қолдануды қажет етсе, тапсырыс берушіге дереу хабар беруге міндетті.
7. Молекулярлық генетикалық сараптамаға тапсырыс беруші мен мамандандырылған зертхананың Қазақстан Республикасының заңнамасында және молекулярлық генетикалық сараптама жүргізуге арналған шартта көзделген өзге де құқықтары мен міндеттері болады.
Ескерту. Заң 20-1-баппен толықтырылды – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 21-бап алынып тасталды – ҚР 2006.01.10 № 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
5-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн ұйымдастыру
22-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер осы Заңның 16-3-бабының бірінші бөлігіне сәйкес деректерді есепке алуды жүргізеді.
Асыл тұқымдық орталықтар, дистрибьютерлік орталықтар және республикалық палаталар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептілік ұсынады.
Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.12.14 № 269, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10 № 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.23-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң түрлерi
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге:
1) асыл тұқымдық орталықтар;
2) дистрибьютерлiк орталықтар;
3) бонитерлер (сыныптаушылар);
4) техник-ұрықтандырушылар;
5) эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар;
6) республикалық палаталар;
7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жатады.
Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.24-бап. Асыл тұқымды мал зауыттары қызметiнiң негiзгi бағыттары
Ескерту. 24-бап алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
25-бап. Асыл тұқымдық шаруашылықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары
Ескерту. 25-бап алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
26-бап. Асыл тұқымдық орталықтар қызметiнің негiзгi бағыттары
Ескерту. 26-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Асыл тұқымдық орталықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары:
1) асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын, эмбриондарды алу, жинақтау, сатып алу, сақтау мен өткізу және оларды селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркеу;
2) алып тасталды – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;3) алып тасталды – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) алып тасталды – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын және эмбриондарды пайдалану нәтижелерiн есепке алу, олар туралы деректер банкiн жүргiзу;
6) тектiк қормен алмасуды жүзеге асыру болып табылады.
7) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын, эмбриондарды алуды, жинақтауды, сатып алуды, сақтауды және өткізуді асыл тұқымдық орталықтар осы Заңның талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - ҚР 2001.12.14 № 269 Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.27-бап. Дистрибьютерлік орталықтар қызметінің негізгі бағыттары
Дистрибьютерлік орталықтар қызметінің негізгі бағыттары асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын, эмбриондарды сатып алу, сақтау мен өткізу және оларды селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркеу болып табылады.
Асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын, эмбриондарды сатып алуды, сақтауды және өткізуді дистрибьютерлік орталықтар осы Заңның талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.28-бап. Бағалаушылар (сыныптаушылар), техник-ұрықтандырушылар және эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар қызметiнiң негiзгi бағыттары
1. Бонитерлер (сыныптаушылар) қызметiнiң негiзгi бағыттары бонитирлеу жүргізу болып табылады.
2. Техник-ұрықтандырушы қызметiнiң негiзгi бағыттары жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді көрсету болып табылады.
3. Эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар қызметiнiң негiзгi бағыттары асыл тұқымды жануарлардың эмбриондарын алу, криоконсервациялау және транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі қызметтерді көрсету болып табылады.
4. Бонитер (сыныптаушы), техник-ұрықтандырушы және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маман уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес біліктілікті арттыру курстарынан өтеді және біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат алады.
Ескерту. 28-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.28-1-бап. Асыл тұқымдық репродукторлар қызметiнiң негiзгiбағыттары
Ескерту. 28-1-баппен толықтырылды - ҚР 2001.12.14 № 269 Заңымен; алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
28-2-бап. Республикалық палата
1. Республикалық палата асыл тұқымды жануарларды өсiрудi және (немесе) өсімін молайтуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн білдіру және қорғау үшiн құрылатын және жұмыс істейтін, коммерциялық емес, өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.
2. Республикалық палата заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен әдiлет органдарында тiркеледi.
3. Республикалық палата облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқылы.
4. Республикалық палатаның қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен және палатаның алқалы органы қабылдаған жарғымен реттеледi.
5. Қазақстан Республикасының аумағында ірi қара малдың әр тұқымы бойынша ірі қара малдың тиісті тұқымы жөніндегі бiр республикалық палата құрылады және жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының аумағында қой шаруашылығы және жылқы шаруашылығы республикалық палаталары қойлардың және жылқылардың әр өнімділік бағыты бойынша біреуден құрылады.
Қазақстан Республикасының аумағында құстардың барлық түрі мен өнімділік бағыттарына бір құс шаруашылығы республикалық палатасы құрылады.
Қазақстан Республикасының аумағында түйе шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, ешкі шаруашылығы, марал шаруашылығы (бұғы шаруашылығы), қоян шаруашылығы, аң шаруашылығы, бал ара шаруашылығы, балық өсіру шаруашылығы республикалық палаталары жануардың әр түрі бойынша біреуден құрылады.
6. Егер ірі қара малдың бір тұқымы бойынша немесе қой мен жылқының өнімділік бағыттары бойынша асыл тұқымды жануарларды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүдделері ірі қара малдың өнімділік бағыттары бойынша немесе қой мен жылқының өнімділік бағыттары бойынша республикалық палатада білдірілсе, жекелеген республикалық палатаны құру ірі қара малдың өнімділік бағыттары бойынша немесе қой мен жылқының өнімділік бағыттары бойынша жұмыс істеп тұрған республикалық палатаны қайта ұйымдастыру (бөлу, бөліп шығару нысанында) арқылы жүзеге асырылады.
Ірі қара малдың өнімділік бағыттары бойынша немесе қой мен жылқының өнімділік бағыттары бойынша республикалық палатаны қайта ұйымдастыру (бөлу, бөліп шығару нысанында) үшін республикалық палата мүшелерінің жалпы жиналысында шығарылған және республикалық палата мүшелерінің кемінде елу пайыз дауысын алған, ірі қара малдың бір тұқымы бойынша немесе қой мен жылқының өнімділік бағыттары бойынша асыл тұқымды жануарларды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін білдіретін республикалық палатаның кемінде үш мүшесінің және республикалық палата кеңесінің кемінде бір мүшесінің бірлескен шешімі негіз болып табылады.
7. Республикалық палатаның кірісін (мүлкін) қалыптастыру көздері:
1) республикалық палата мүшелерінен жарналардың түсуі;
2) асыл тұқымдық куәліктерді беру бойынша қызметтер көрсетуден алынған кірістер (бланкінің құны);
3) ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздер болып табылады.
Ескерту. Заң 28-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.28-3-бап. Республикалық палатаның құрылымы мен өкілеттіктері
1. Республикалық палатаның құрылымы селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу мен үйлестіруге бірлесіп жауап беретін алқалы органнан, республикалық палата кеңесінен және атқарушы органнан тұрады.
2. Алқалы орган – республикалық палата мүшелерінің жиналысы, ол жоғары басқару органы болып табылады.
Алқалы орган республикалық палатаны дамытудың стратегиялық бағыттары бойынша шешімдерді айқындайды және қабылдайды.
Алқалы орган жылына бір реттен сиретпей шақырылады. Алқалы органның кезектен тыс жиналысы республикалық палата мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісінің талап етуі бойынша шақырылуы мүмкін.
3. Республикалық палатаның жарғысына сәйкес республикалық палата кеңесін үш жыл мерзімге алқалы орган сайлайды және ол республикалық палата мүшелерінің мүдделерін білдіреді.
Республикалық палата кеңесінің құрамы алқалы органның шешімімен қайта сайлануы мүмкін.
Республикалық палата кеңесінің құрамы жыл сайын үштен біріне жаңартылып отырады, республикалық палата кеңесінің төрағасы үш жылда бір рет сайланады.
Республикалық палата кеңесінің құрамын қалыптастыру кезінде өңірлердің тең өкілдігі қамтамасыз етіледі.
4. Республикалық палата кеңесі Қазақстан Республикасының заңдарында және республикалық палатаның жарғысында белгіленген құзыретке сәйкес республикалық палата қызметіне жалпы басшылықты және оны басқаруды жүзеге асырады.
5. Республикалық палата кеңесінің құрамына ауыл шаруашылығы бейініндегі Қазақстан Республикасы ғылыми ұйымдарының өкілдері және республикалық палата мүшелері кіреді.
6. Республикалық палата кеңесінің төрағасы республикалық палата кеңесі мүшелерінің арасынан сайланады және оны алқалы орган бекітеді.
Сол бір адам республикалық палата кеңесінің төрағасы болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.
7. Республикалық палата кеңесінің отырысы республикалық палата жарғысына сәйкес белгіленеді.
8. Республикалық палата кеңесі:
1) жұмыс регламентін айқындайды және атқарушы органның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асырады;
2) республикалық палатаның бюджетін бекітеді;
3) алқалы органға тарифтік саясатқа өзгерістер енгізуді ұсынады;
4) алқалы органға атқарушы директор кандидатурасын бекітуге ұсынады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9. Атқарушы орган:
1) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) арқылы асыл тұқымды мал шаруашылығының таңдалған бағытына қарай асыл тұқымды мал басын есепке алуды ұйымдастырады;
1-1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) арқылы бірінші санатты етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малды және екінші санатты етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малды есепке алуды ұйымдастырады;
2) бонитирлеу жөніндегі нұсқаулыққа және (немесе) индекстік бағалау жүргізу қағидаларына және (немесе) асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпақ сапасы бойынша бағалау жүргізу қағидаларына және (немесе) геномдық бағалау жүргізу қағидаларына және (немесе) асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларына сәйкес асыл тұқымды жануарлардың, оның ішінде асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың асыл тұқымдық құндылығын айқындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
3) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен асыл тұқымды өнімге (материалға) асыл тұқымдық куәліктер беруді (жоюды) жүзеге асырады;
4) импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты уәкілетті орган бекіткен тәртіппен тануды жүзеге асырады;
5) алып тасталды – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;6) таза қанды және таза тұқымды жануарлар бойынша асыл тұқымдық кітаптарды бөлек жүргізеді және басып шығарады;
7) бонитирлеу, индекстік бағалау, асыл тұқымды тұқымдық жануарларды ұрпақ сапасы бойынша бағалау, геномдық бағалау, асыл тұқымды жануарларды өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) деректеріне мониторингті жүзеге асырады, сондай-ақ мүдделі тұлғаларға оның нәтижелері туралы хабар береді;
8) алқалы органмен келісу бойынша тұқым стандартын бекітеді;
8-1) асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізіліміне енгізу үшін уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша асыл тұқымды жануарлар тізілімін жүргізеді және оның деректерін уәкілетті органға ұсынады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10. Асыл тұқымдық өнімге (материалға) мәртебе мен асыл тұқымдық куәлік беруді – республикалық палатаға мүшелігіне қарамастан, жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші негізінде республикалық палата жүзеге асырады.
Ескерту. Заң 28-3-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.6-тарау. Ауыл шаруашылығы малын қолдан ұрықтандыру және эмбриондарды телу
Ескерту. 6-тарау алып тасталды - ҚР 2001.12.14 № 269 Заңымен.
7-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы дауларды шешу және оның қызметiн жүзеге асыру кезiндегi жауаптылық
30-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiндегi дауларды шешу
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
31-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.8-тарау. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастығы
32-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастығы
Қазақстан Республикасы мал шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуына жәрдемдеседi.
33-бап. Шетелдiң қатысуымен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жасау құқығы
Шетелдiң қатысуымен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жобаларды жүзеге асыруға қатысатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шетелдіктермен және (немесе) шетелдiк заңды тұлғалармен шарттар жасасады.
Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының Президентi |