Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 278

Қолданыстағы
      Осы Заң селекциялық мақсаттар үшiн пайдалы, өнiмдiлiгi жоғары, асыл тұқымды малды өсiру мен олардың тектiк қорын сақтау мақсатында асыл тұқымды малды өз төлiнен өсiрудiң құқықтық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi.

                       I тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      бағалау (бонитировка) - асыл тұқымды малдың асыл тұқымдылық және өнiмдiлiк сапасын, сондай-ақ өзге де асыл тұқымды өнiмдердiң (материалдардың) сапасын оларды одан әрi пайдалану мақсатында кешендi бағалау;
      асыл тұқымды малды және асыл тұқымды мал табындарын мемлекеттiк тiркеу - асыл тұқымды малды және асыл тұқымды мал табындарын сәйкестендiру, шығу тегiн айқындау және өнiмдiлiгiн анықтау мақсатында асыл тұқымды мал және асыл тұқымды мал табындары туралы мәлiметтердi тиiсiнше мемлекеттiк асыл тұқымды мал тiркелiмiне, асыл тұқымды малдың мемлекеттiк кiтабына есепке алу;
      асыл тұқымды малдың мемлекеттiк кiтабы - асыл тұқымды малдың белгiлi бiр тұқымындағы ең құндылары туралы немесе асыл тұқымды малды таза тұқымды етiп өсiру нәтижесiнде алынған асыл тұқымды мал табындары туралы деректер жиыны;
      мемлекеттiк асыл тұқымды мал тiркелiмi - асыл тұқымды мал табындары туралы деректер жиыны;
      саны аз тұқым - тектiк-селекциялық ерекшелiктерiмен бiрегейленетiн және құрып кету қаупi туған белгiлi бiр тұқымда сирек кездесетiн мал тобы;
      таңбалау - асыл тұқымды малға нөмiр салу - тиiстi асыл тұқымды малды дәл сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн татуировка жасау, таңба басу, бирка бекiту арқылы белгiлеу;
      асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi ұйым - асыл тұқымды мал өсiрудi, асыл тұқымды өнiмдi (материалды) өндiрудi және селекциялық мақсаттарға пайдалануды, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызмет көрсетудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
      асыл тұқымды мал шаруашылығы - тұқымы жақсы және өнiмдiлiгi жоғары асыл тұқымды мал өсiру, асыл тұқымды өнiмдi (материалды) өндiру және селекциялық мақсаттарға пайдалану;
      асыл тұқымды мал - өнiмдiлiгiнiң үлгiсi, бағыты және деңгейi жөнiнен тұқым стандартына сәйкес келетiн, құжатпен расталған шығу тегi бар таза тұқымды, тұқымы жақсы және өнiмдiлiгi жоғары мал;
      асыл тұқымды өнiм (материал) - асыл тұқымды мал, оның ұрығы мен эмбриондары;
      асыл тұқымды құндылық - асыл тұқымды малдың тектiк әлеуетiнiң жоғары деңгейi және осы тектiк әлеуеттiң өз төлдерiнiң шаруашылық жағынан пайдалы белгiлерiне ықпалы;
      асыл тұқымды малдың өнiмдiлiгi - асыл тұқымды малдың шаруашылық

жағынан пайдалы белгiлерiнiң жиынтығы, соның iшiнде олардан алынатын
өнiмнiң саны мен сапасы;
     сертификат (куәлiк) - асыл тұқымды малдың шығу тегiн,
өнiмдiлiгiн және өзге де сапасын, сондай-ақ ұрықтың немесе
эмбрионның шығу тегi мен сапасын растайтын құжат;
     таза асыл тұқымды мал өсiру - осы тұқымға тән селекцияландыру
белгiлерiн топтастыру мен типтендiру мақсатында бiртектi асыл
тұқымды өсiру.

     2-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
            қызметтi ұйымдастырудың негiзгi принциптерi

     Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызмет:
     тиiмдiлiгi мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
     тұқымның сақталуын қамтамасыз ету;
     асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердiң тиiсiнше
есепке алынуын қамтамасыз ету;


      асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ақпараттық жедел өңдеу және оны асыл тұқымды малды өсiрудi, пайдалануды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға беру принциптерiне негiзделедi.
      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы жұмыстарды орындауды тиiстi бiлiктiлiгi бар қызметкерлер жүзеге асырады.

      3-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
                           құқықтық реттеу

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы құқықтық реттеу осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен жүзеге асырылады.
      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      4-бап. Азаматтық құқық объектiсi ретiндегi асыл
                       тұқымды өнiм (материал)

      Асыл тұқымды өнiм (материал) мүлiктiк және соған байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастарда азаматтық құқық объектiсi бола алады.
      Егер осы Заңда және өзге де заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, асыл тұқымды өнiмге (материалға) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген мүлiк туралы жалпы ережелер қолданылады.

      5-бап. Асыл тұқымды өнiмге меншiк құқығы
                  және оны пайдалану

      Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) заңды және жеке тұлғалардың меншiктену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.

      6-бап. Асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың)
                  айналымда болуы

      Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды және жеке тұлғалардың ғана сатуына болады.
      Асыл тұқымды өнiмге (материалға) меншiк құқығынан айыруға немесе оның ауысуына осы Заңның ережелерiне сәйкес берiлетiн сертификат (куәлiк) болған жағдайда рұқсат етiледi.

      7-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi ұйымдардың
                 экономикалық қызметiнiң ерекшелiктерi

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi ұйымдар меншiк нысандарының алуан түрлi болуы негiзiнде құрылады және жұмыс iстейдi.
      Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi ұйымдардың қызметiн қайта бейiмдеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жол берiледi.

      8-бап. Жердi және су объектiлерiн асыл тұқымды мал
             шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану

      Заңды және жеке тұлғаларға асыл тұқымды малды өсiру мен пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы (пайдалануындағы) жерден жер учаскелерi мен суаттар берiледi.
      Жер учаскесi мен суаттарға құқық, оларды беру тәртiбi мен пайдалану режимi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

      9-бап. Асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) экспорты
                            мен импорты

      Асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының Үкiметi арнайы уәкiлеттiк берген асыл тұқымды мал шаруашылығын басқару жөнiндегi мемлекеттiк органның рұқсаты болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) импорттауға рұқсат

импортталатын асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) асыл тұқымдылық
құндылығы Қазақстан Республикасы таныған сертификатпен (куәлiкпен)
расталған жағдайда берiледi. Аталған рұқсатты алу үшiн мүдделi тұлға
Қазақстан Республикасының Үкiметi арнайы уәкiлеттiк берген асыл
тұқымды мал шаруашылығын бақылау және қадағалау жөнiндегi
мемлекеттiк органға асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) сапасы туралы
құжаттар тапсыруға мiндеттi.

           2-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығын басқару

     10-бап. Мемлекеттiк асыл тұқымды мал өсiру қызметi

     Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк басқаруды
Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген орган жүзеге
асырады.
     Мемлекеттiк асыл тұқымды мал өсiру қызметi мал дәрiгерлiк
iс-шаралар өткiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мал
дәрiгерлiгi туралы" Заң күшi бар Жарлығын және мал дәрiгерлiгi
жөнiндегi басқа да нормативтiк-құқықтық актiлердi басшылыққа алады.

     11-бап. Мемлекеттiк асыл тұқымды мал өсiру
                қызметiнiң негiзгi бағыттары

     Мемлекеттiк асыл тұқымды мал өсiру қызметi осы Заңға сәйкес:


      малдың тұқымдық және өнiмдiлiк қасиеттерiн арттыруға және оларды ұтымды пайдалануға бағытталған бiртұтас ғылыми-техникалық саясат жүргiзедi;
      асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларын және тиiстi аумақтық (аймақтық) бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруды ұйымдастырады;
      асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) тиiсiнше сараптамадан өткiзудi қамтамасыз етедi;
      асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы стандарттарды, нормалар мен ережелердi бекiтедi;
      асыл тұқымды мал мен асыл тұқымды табынды тиiсiнше асыл тұқымды малдың мемлекеттiк кiтабына және мемлекеттiк асыл тұқымды мал тiркелiмiне тiркейдi;
      асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға арнайы рұқсат бередi;
      сертификаттар (куәлiктер) бередi;
      мал шаруашылығы саласында селекциялық және биотехнологиялық әдiстердi қолдану шарттарын белгiлейдi;
      жеке басы асыл тұқымды мал ретiнде пайдаланылатын мал түрлерiнiң тiзбесiн белгiлейдi;
      асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi ұйымдар түрлерiн айқындайды;
      асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк ынталандыру, соның iшiнде селекциялық мақсаттар үшiн пайдалы, саны аз және құрып бара жатқан тұқымдардың, ауыл шаруашылық малының тектiк қорын сақтап қалу жөнiндегi шаралар туралы ұсыныстар әзiрлейдi;
      Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастығын үйлестiредi;
      экономикалық, климаттық және коммуникациялық жағдайларды ескере отырып, малдың жерсiндiрiлген тұқымдарын айқындайды.

          3-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк
                                реттеу

      12-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында
                         қызмет үшiн негiз

      Заңды және жеке тұлғалардың асыл тұқымды мал өсiру, асыл тұқымды өнiм (материал) өндiру мен пайдалану саласындағы қызметi арнайы рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады.

      13-бап. Асыл тұқымды мал мен асыл тұқымды табындарды
                          мемлекеттiк тiркеу

      Асыл тұқымды мал мен асыл тұқымды табындар мемлекеттiк тiркеу объектiлерi болып табылады.
      Асыл тұқымды мал мен асыл тұқымды табындарды мемлекеттiк тiркеу тиiсiнше мемлекеттiк асыл тұқымдық тiркелiмге асыл тұқымды малдың, асыл тұқымды табындардың асыл тұқымдық және өнiмдiлiк сапасы туралы деректер, сондай-ақ асыл тұқымды малды, асыл тұқымды табындарды сәйкестендiру, олардың шығу тегiн және шаруашылық құндылығын айқындау үшiн қажеттi басқа да деректер енгiзу арқылы жүзеге асырылады. Аталған деректер оларды мүдделi адамдар үшiн ашық болуға тиiс.
      Асыл тұқымды малдың мемлекеттiк кiтабын және мемлекеттiк асыл тұқымды мал тiркелiмiн мемлекеттiк асыл тұқымды мал өсiру қызметiнiң тиiстi органдары жүргiзедi.
      Асыл тұқымды малдың мемлекеттiк кiтабы туралы ереженi және мемлекеттiк асыл тұқымды мал тiркелiмi туралы ереженi, Қазақстан Республикасының Үкiметi арнайы уәкiлеттiк берген, асыл тұқымды мал шаруашылығын басқару жөнiндегi мемлекеттiк орган бекiтедi.

      14-бап. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сертификаттау

      Асыл тұқымды өнiм (материал) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы белгiленген стандарттарға, нормалар мен ережелерге сәйкестiгiне мiндеттi сертификаттауға жатады.
      Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сертификаттау асыл тұқымды малдың шығу тегiн, өнiмдiлiгiн, оларда тектiк ақаулықтың жоқтығын, сондай-ақ ұрығы мен эмбриондарының шығу тегiн және сапасын анықтау және құжатпен растау мақсатында жүргiзiледi. Сертификаттау нәтижелерi туралы құжат - сертификат (куәлiк) нақты малды асыл тұқымды мал деп тану үшiн негiз болып табылады және асыл тұқымды өнiмдi (материалды) пайдаланушы асыл тұқымды мал шаруашылығын жүргiзудiң технологиясын сақтаған жағдайда оны пайдалану тиiмдiлiгiнiң белгiлi бiр деңгейiне кепiлдiк бередi.
      Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сертификаттауды мемлекеттiк асыл тұқымды мал өсiру қызметiнiң, мал шаруашылығы бақылау-сынақ станцияларының, ипподромдардың, сүт, жүн сапасын селекциялық бақылау зертханаларының және төзiмдiлiк-тектiк сараптама зертханаларының қатысуымен мемлекеттiк стандарттың, ауыл шаруашылығының тиiстi органдары жүзеге асырады.
      Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сертификаттаудан өткiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

      15-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк
                                реттеу

      Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк көтермелеудi қаржыландыру асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау шараларын көздейтiн асыл тұқымды мал шаруашылығын өркендету бағдарламаларының негiзiнде жүзеге асырылады.
      Асыл тұқымды мал шаруашылығын қаржыландыру Республикалық бюджеттiң ауыл шаруашылығын дамытуға жұмсалатын қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша ұйымдарға белгiленген тәртiппен кепiлдiктер, жеңiлдiктi несиелер берiлуi мүмкiн.
      Селекциялық мақсаттар үшiн пайдалы саны аз және құрып бара жатқан отандық мал тұқымдарының тектiк қорын сақтап қалу саласындағы мемлекеттiк қолдау Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      16-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
                        ғылыми зерттеулер

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулердi

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық бейiмiндегi ғылыми-зерттеу
ұйымдары жүзеге асырады.
     Мемлекеттiк асыл тұқымды мал қызметiнiң тиiстi органдарымен
бiрлесе отырып, осы аталған ұйымдар:
     асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттiк
ғылыми-техникалық бағдарламалар;
     асыл тұқымдық малды өз төлiнен өсiру процесiн жетiлдiру
әдiстерi мен тәсiлдерiн;
     асыл тұқымды өнiмдi (материалды) бағалау мен тектiк бақылауды
әдiстемелерi мен техникалық құралдарын;
     асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ақпараттық қамтамасыз
ету жүйелерiн жасауды жүзеге асырады.

           4-тарау. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) тану
                             және оны бағалау

     17-бап. Асыл тұқымды малды өз төлiнен өсiру мақсатында
                асыл тұқымды малды пайдалану шарттары

     Асыл тұқымды мал осы тұқымды өз төлiнен өсiру мақсатында, егер:
     оны дәл сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн таңба немесе қандай
да бiр өзге әдiспен малға белгi салынған;
     ол тiркелген және (немесе) оның сертификаты (куәлiгi) болған
жағдайларда пайдаланылады.

     18-бап. Асыл тұқымды малдың ұрықтары мен эмбриондарын
              оларды өсiру мақсатында пайдалану шарттары

     Асыл тұқымды малдың ұрықтары мен эмбриондары, егер:
     олар тиiсiнше қолдан ұрықтандыру жөнiндегi ұйымдарда және
эмбриондарды телу жөнiндегi ұйымдарда алынған;
     олар белгiленген тәртiппен тiркелген асыл тұқымды малдан
алынған;
     олар сәйкестендiру мақсатында анық белгiленген (малда эмбрион
табылған жағдайда, ол таңбалануға тиiс);
     олардың сертификаты болған жағдайларда пайдаланылады.
     Асыл тұқымды малдың ұрығын тек ауыл шаруашылығы малдарын қолдан
ұрықтандыру жөнiндегi ұйымдар ғана басқа тұлғаларға сата алады
немесе бере алады.
     Эмбриондарды телу жөнiндегi ұйымдар ғана эмбриондарды басқа
тұлғаларға сата алады немесе бере алады.

     19-бап. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) бағалау



      Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) бағалаудың тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi арнайы уәкiлеттiк берген асыл тұқымды мал шаруашылығын басқару жөнiндегi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) бағалау аталған өнiм (материал) бар барлық ұйымдарда жыл сайын жүргiзiледi.

      20-бап. Асыл тұқымды тұқымдық малды бағалау

      Тұқымды өз төлiнен өсiру үшiн iрiктеп алынған асыл тұқымды тұқымдық мал төлiнiң сапасы және (немесе) өзiнiң өнiмдiлiгi жөнiнен тексеруге және бағалауға жатады.
      Асыл тұқымды тұқымдық малды тексеру асыл тұқымды мал белгiленген өнiмдiлiк деңгейiне жеткiзiлген асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi ұйымдарда жүргiзiледi.
      Асыл тұқымды тұқымдық малды бағалауды мемлекеттiк асыл тұқымды мал өсiру қызметiнiң мамандары жүргiзедi.
      Асыл тұқымды тұқымдық малды тексеру мен бағалау Қазақстан Республикасының Үкiметi арнайы уәкiлеттiк берген асыл тұқымды мал шаруашылығын басқару жөнiндегi мемлекеттiк орган бекiтетiн әдiстемеге сәйкес жүргiзiледi.

      21-бап. Бағалау туралы деректерге қол жеткiзу мүмкiндiгi

      Мемлекеттiк асыл тұқымды мал өсiру қызметi бағалау туралы деректердi жинақтап қорытады және жоғары бағалы асыл тұқымды малды тиiмдi пайдалануды ынталандыру мақсатында оның нәтижелерi туралы мүдделi тұлғаларды хабардар етедi.

      5-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
                        қызметтi ұйымдастыру

      22-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi ұйым

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi ұйымдар және жеке тұлғалар жүзеге асырады.
      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi заңды тұлғаларды құрмай жүзеге асыратын азаматтарға тиiсiнше, егер Қазақстан Республикасы заңдарынан немесе құқықтық қатынастың мәнiнен өзгеше туындамаса, осы Заңның асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi

ұйымдардың қызметiн реттейтiн ережелерi қолданылады.
     Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi ұйымдар Қазақстан
Республикасының Үкiметi арнайы уәкiлеттiк берген асыл тұқымды мал
шаруашылығын басқару жөнiндегi мемлекеттiк орган белгiлеген нысандар
бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректер есебiн
жүргiзедi.

     23-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi
                     ұйымдардың түрлерi

     Қызметiнiң бағытына қарай асыл тұқымды мал шаруашылығы
жөнiндегi ұйымдар мынадай түрлерге бөлiнедi:
     асыл тұқымды мал зауыты;
     асыл тұқымды қалыптастырғыш;
     ауыл шаруашылығы малдарын қолдан ұрықтандыру жөнiндегi ұйым;
     эмбриондарды телу жөнiндегi ұйым;


      асылдандыру жұмысы жөнiндегi ұйым, малдың өнiмдiлiк деңгейi мен өнiмдiлiк сапасын, асыл тұқымдылық құндылығын есепке алу, бақылау, бағалау жөнiндегi ұйымдар (мал шаруашылығының бақылау-сынақ станциясы, ипподром, сүттiң, жүннiң сапасын селекциялық бақылау зертханасы, ауруға төзiмдiлiк-тектiк сараптама зертханасы, ақпараттық қамтамасыз ету орталығы) және асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi басқа да ұйымдар.
      Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi ұйымның құрылтай құжаттарында осы ұйымның ұйымдық-құқықтық нысаны, түрi, сондай-ақ осы ұйым қызметiнiң мәнi мен мақсаты көрсетiледi.

      24-бап. Асыл тұқымды мал зауыты

      Асыл тұқымды мал зауыты - белгiлi бiр тұқымның өнiмдiлiгi жоғары асыл тұқымды мал табыны бар және асыл тұқымды малдың таза тұқымын өсiрудi пайдаланатын асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi ұйым (асыл тұқымды малдарды будандастыруға Қазақстан Республикасының Үкiметi арнайы уәкiлеттiк берген асыл тұқымды мал шаруашылығын басқару жөнiндегi мемлекеттiк органның келiсiмiмен ғана рұқсат етiледi). Асыл тұқымды мал зауыты асыл тұқымды малды, әдетте, асыл тұқымды қалыптастырғыштар үшiн өсiредi.

      25-бап. Асыл тұқымды қалыптастырғыш

      Асыл тұқымды қалыптастырғыш - ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң қажеттерiн қамтамасыз ету мақсатында асыл тұқымды мал өсiрудi жүзеге асыратын асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi ұйым.

      26-бап. Ауыл шаруашылығы малын қолдан ұрықтандыру
                        жөнiндегi ұйым

      Ауыл шаруашылығы малын қолдан ұрықтандыру жөнiндегi ұйым асыл тұқымды тұқымдық мал ұстайды, олар ұрық алуға пайдаланылады. Аталған ұйым барлық технологиялық процестердi тiркей отырып, ауыл шаруашылығы малын қолдан ұрықтандыру үшiн ұрықты алу, сұрыптау, сапасын бақылау, сақтау және жеткiзiп беру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзедi.
      Малды қолдан ұрықтандыру жөнiндегi ұйым Қазақстан Республикасының Үкiметi арнайы уәкiлеттiк берген асыл тұқымды мал шаруашылығын басқару жөнiндегi органның келiсiмiмен құрылады.
      Тиiстi бiлiмi немесе бiлiктiлiгi бар маман ғана ауыл шаруашылығы малын қолдан ұрықтандыру жөнiндегi ұйымның басшысы бола алады.

      27-бап. Эмбриондарды телу жөнiндегi ұйым

      Эмбриондарды телу жөнiндегi ұйым барлық технологиялық процестердi тiркей отырып, басқа ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге арнап асыл тұқымды малдың эмбриондарын алу, сұрыптау сапасын бақылау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзедi.
      Эмбриондарды телу жөнiндегi ұйым Қазақстан Республикасының Үкiметi арнайы уәкiлеттiк берген асыл тұқымды мал шаруашылығын басқару жөнiндегi органның келiсiмiмен құрылады.
      Зоотехникалық жоғары немесе мал дәрiгерлiк жоғары бiлiмi бар маман ғана эмбриондарды телу жөнiндегi ұйымның басшысы бола алады.

      28-бап. Тұқымды асылдандыру жұмысы жөнiндегi ұйым, малдың
              өнiмдiлiк деңгейi мен өнiмiнiң сапасын, асыл
              тұқымдық құндылығын есепке алу, бақылау, бағалау
              жөнiндегi ұйымдар

      Тұқымды асылдандыру жұмысы жөнiндегi ұйым, малдың өнiмдiлiк

деңгейi мен өнiмiнiң сапасын, асыл тұқымдық құндылығын есепке алу,
бақылау, бағалау жөнiндегi ұйымдар (мал шаруашылығының бақылау-сынақ
станциясы, ипподром, сүттiң, жүннiң сапасын селекциялық бақылау
зертханасы, төзiмдiлiк-тектiк сараптама зертханасы, ақпараттық
қамтамасыз ету орталығы) асыл тұқымды малдың генотиптiк және
фенотиптiк нышандарын мал селекциясында пайдалану үшiн аталған
нышандарды есепке алуды жүзеге асырады.

     
         6-тарау. Ауыл шаруашылығы малын қолдан ұрықтандыру
                           және эмбриондарды телу

     29-бап. Асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрығын және
             эмбриондарды ауыл шаруашылығы малын өсiру
                        үшiн пайдалану



      Асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрығы және ауыл шаруашылығы малын қолдан ұрықтандыру жөнiндегi ұйымдарда алынған эмбриондар, сондай-ақ эмбриондарды телу жөнiндегi ұйымдарда алынған эмбриондар ауыл шаруашылығы малын өсiру үшiн пайдаланылады.

     Ауыл шаруашылығы малын қолдан ұрықтандыруды және (немесе)
эмбриондарды телудi Қазақстан Республикасының Үкiметi арнайы
уәкiлеттiк берген асыл тұқымды мал шаруашылығын басқару жөнiндегi
мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен аталған жұмыстарды жүргiзуге
рұқсат етiлген маман орындайды.

         7-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
                  дауларды шешу және оның қызметiн жүзеге
                        асыру кезiндегi жауаптылық

     30-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
             қызметтi жүзеге асыру кезiндегi дауларды шешу

     Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру
кезiнде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген тәртiппен шешiледi.

     31-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал
              шаруашылығы саласындағы заңдарын бұзғаны
                         үшiн жауаптылық

     Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы
саласындағы заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жауаптылыққа әкеп соғады.

          8-тарау. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды
                   мал шаруашылығы саласындағы халықаралық
                              ынтымақтастығы

     32-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал
               шаруашылығы саласындағы халықаралық
                          ынтымақтастығы

     Қазақстан Республикасы мал шаруашылығы саласындағы халықаралық
ынтымақтастықтың дамуына жәрдемдеседi.

     33-бап. Шетелдiң қатысуымен асыл тұқымды мал шаруашылығы
                 саласындағы ынтымақтастық жасау құқығы

     Шетелдiң қатысуымен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында
жобаларды жүзеге асыруға қатысатын Қазақстан Республикасының заңды
және (немесе) жеке тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес шетел азаматтарымен және (немесе) шетелдiк заңды тұлғалармен
шарттар жасасады.


     Қазақстан Республикасының
           Президентi
     
     
     оқығандар:
     
     Багарова Ж.
     Икебаева А.