Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 278 Заңы.

Жаңартылған

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы

     

      МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "рұқсат етілген" деген сөздер "ұсынылатын" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

      Осы Заң асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi, асыл тұқымды малдың тектiк қорын сақтауға және көбейтуге, сондай-ақ оны өз төлiнен өсiруге және өнiмдiк сапасын жақсартуға бағытталған, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласымен айналысатын мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн реттейдi.

      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР 2001.12.14 № 269 Заңымен.

1 тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) асыл тұқымды аналық бал арасы – асыл тұқымды бал ара ұясын молайтуды қамтамасыз ететін асыл тұқымды ұрықтанған аналық бал ара;

      2) асыл тұқымды бал ара ұясы – ұрпақ буынына өзінің тұқымдық белгілерін ұдайы беріп отыратын, таза тұқымды, жоғары сыныпты бал араларының жоғары өнімді бал ара ұясы;

      3) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;

      4) асыл тұқымдық куәлiк – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен республикалық палата беретін, асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) тұқым-тегін, өнімділігін және өзге де сапаларын растайтын құжат;

      5) асыл тұқымдық кiтап – белгiлi бiр тұқымдағы неғұрлым құнды асыл тұқымды малдың шығу тегi, өнiмдiлiгі және өзге де сапалары туралы деректер жиынтығы;

      6) асыл тұқымдық құндылық – ұрпағының шаруашылыққа пайдалы белгілеріне әсер ететін асыл тұқымды малдың тектік әлеуетінің деңгейі;

      7) асыл тұқымды мал – республикалық палатада тіркелген, тұқымның өнімділік бағыты мен деңгейіне сай келетін таза тұқымды мал;

      8) асыл тұқымды малдың жеке карточкасы – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен ресімделетін, оның шығу тегi туралы, өнiмдiлiгі және өзге де сапалары жөніндегі деректерді қамтитын, шаруашылық ішіндегі бастапқы есепке алу нысаны;

      9) асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмi – асыл тұқымды малдың сандық, сапалық және тұқымдық құрамы туралы деректер жиынтығы;

      10) асыл тұқымды малдың ұрығын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық (бұдан әрi – дистрибьютерлiк орталық) – бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрығын сатып алу, сақтау және өткізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға;

      11) асыл тұқымды мал шаруашылығы – тектік әлеуеті жоғары малды өз төлінен өсіруге, оларды сақтауға және өсіруге бағытталған асылдандыру жұмысының жүйесiмен қамтылған мал шаруашылығы саласы;

      11-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің тізілімі – уәкілетті органның интернет-ресурсында қалыптастырылатын және орналастыралатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлғалардың тізбесі;

      12) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      13) асыл тұқымдық орталық – асыл тұқымды тұқымдық малды күтіп-ұстау, олардың ұрығын, эмбриондарын алу, жинақтау, сақтау және өткізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға;

      14) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;

      15) асыл тұқымдық өнім (материал) – асыл тұқымды мал, сондай-ақ асыл тұқымды малдан алынған ұрық, эмбриондар, инкубациялық жұмыртқа, тәуліктік балапандар, уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар, асыл тұқымды аналық бал аралары, асыл тұқымды бал ара ұялары және бал ара пакеттері;

      16) асыл тұқымды тұқымдық мал – асыл тұқымды малды өз төлінен өсіру үшін пайдаланылатын асыл тұқымды малдың дара аталығы;

      17) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;

      18) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      19) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      20) ауыл шаруашылығы малы (бұдан әрі – мал) – адам өсiретiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей қатысы бар малдардың, құстардың, балықтардың және бал араларының барлық түрi;

      21) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;

      22) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;

      23) бал ара пакеті – құрамында асыл тұқымды ұрықтанған аналығы, тұқымдығы (кәрез пакетінде), тірі бал аралары және тасымалдау үшін қажетті бал араларының қорегі бар, асыл тұқымды бал ара ұясынан бөлінген қалемше;

      23-1) бонитер (сыныптаушы) – бонитирлеу (бағалау) бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны туралы уәкілетті органды хабардар еткен жеке тұлға;

      23-2) бонитирлеу (бағалау) – тиiстi сынып немесе индекс бере отырып, шаруашылыққа пайдалы белгілер кешенi (тұқымдылығы, өнiмдiлік сапалары, сыртқы тұрпаттық-бiтiмдiк ерекшелiктерi) бойынша малдардың асыл тұқымдық құндылық деңгейін айқындау;

      23-3) бірінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал – тұқым стандартына сәйкес келетін, тегінің кемінде үш қатары бойынша ақпараты, әкесі бойынша шығу тегінің генетикалық сараптамасы бар және республикалық палатада тіркелген таза тұқымды ірі қара мал;

      23-4) екінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал – тұқым стандартына сәйкес келетін, әкесі бойынша тегінің кемінде үш қатары бойынша ақпараты бар және республикалық палатада тіркелген таза тұқымды ірі қара мал;

      24) ен салу (таңбалау) – тиiстi малды дәл бірдейлендiруге мүмкiндiк беретiн нөмiр салу (татуировка жасау, таңба басу, сырға салу және чип салу) арқылы асыл тұқымды малды белгiлеу;

      25) желi – асыл тұқымдық және өнімділік сапалары тиісті таңдау және іріктеу жүйесімен ұсталынатын және жетілдірілетін, үздік тұқымдық тектерден тарайтын тұқымдағы асыл тұқымды мал тобы;

      26) зауыттық тип – тұқымның бір бөлігі болып табылатын, сол тұқымға ортақ қасиеттерден басқа, өнiмдiлiгi, дене тұрқы мен бiтiмiнiң сипаты жағынан өзiнiң кейбiр айрықша ерекшелiктерi бар, өсірілетін аймақтың жағдайына жақсы бейiмделген, ауруға төзiмдi мал тобы;

      26-1) зауытшы – мал туылған кездегі оның енесінің иесі;

      27) индекстік бағалау – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен анықталған аса маңызды селекциялық белгілердің кешені бойынша малдың асыл тұқымдық құндылығының салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау әдісі;

      28) кросс – малдың бiр желiсiн басқа бiр желiсiмен будандастырудан тарайтын мал тобы;

      29) қолдан ұрықтандыру – жеке-жеке iрiктелiп алынған малды маманның бақылауымен шағылыстыру;

      30) құстардың тұқымдары мен кросстарының арғы ата-енелік тобы – құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелік тобын молайту үшін пайдаланылатын еркек және ұрғашы құстар;

      31) құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелік тобы – будандастырылған ұрпақ буыны инкубациялық жұмыртқа немесе ет өндірісі үшін пайдаланылатын еркек және ұрғашы құстар;

      32) жануардың тұқым-тегi – асыл тұқымды жануардың шығу тегі туралы мәлiметтер;

      33) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс – малды өсіру кезінде өнімділік бойынша ең жоғары нәтижелерге қол жеткізуге арналған дәйекті іс-қимылдардың жиынтығы;

      34) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қоры – уәкілетті орган айқындаған оператор жүргізетін, малдың табындарын жетілдіру және генетикалық әлеуетін арттыру үшін пайдаланылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілеріндегі асыл тұқымды мал туралы және селекциялық процеске тартылған мал туралы деректерді жинаудың, жинақтаудың және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі;

      35) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;

      36) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;

      36-1) таза тұқымды мал – бір тұқым бойынша кемінде он алтыдан он бес қан үлесі бар мал;

      37) таза тұқымды өсіру – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыста тектес тұқымдағы малдарды пайдалана отырып, осы тұқымға тән белгілерді топтастыру және түрге бөлу мақсатында бір тұқымдағы асыл тұқымды малды өсіру;

      38) тектiк қоры шектеулi тұқым – селекциялық мақсаттарда пайдалану үшiн қажет және құрып кету қаупi төнген отандық тұқымның сирек кездесетiн және дүние жүзінде өзiне теңдесі жоқ мал тобы;

      39) техник-ұрықтандырушы – ауыл шаруашылығы жануарын қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға;

      40) тұқым – адамның шығармашылық қызметiнiң ықпалымен белгiлi бiр шаруашылық және табиғи жағдайда қалыптасқан, "өз ішінде" өсiру үшiн саны жеткiлiктi және iрiктеліп, таңдалып, тектiк типіне сәйкес келетін технологиялық жағдай жасалып, қолдау көрсетілетін шаруашылық және асыл тұқымдық құндылығы, сондай-ақ оны бір түрге жататын басқа тұқымдардан ерекшелендіретін морфологиялық, физиологиялық және шаруашылыққа пайдалы қасиеттерiнің белгiлi бiр өзгешелiгi бар, шығу тегi ортақ бiр түрге жататын малдың тобы;

      41) тұқым стандарты – республикалық палаталар бекітетін, фенотиптік және өнiмдiлiк көрсеткіштері бойынша тиiстi тұқымдағы асыл тұқымды малдар үшiн қойылатын ең төменгі талаптар;

      42) эмбрион – ұрықтанған жұмыртқа жасушадан дамитын ұрық;

      43) эмбриондарды телу (ауыстырып салу) – асыл тұқымды малдардан төл басын көбірек алудың биотехнологиялық әдісі;

      44) эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөнiндегi маман – жоғары өнiмдi асыл тұқымды малдың эмбриондарын алу, криоконсервациялау және ауыстырып салу жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға.

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi ұйымдастырудың негiзгi принциптерi

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызмет:

      тиiмдiлiгi мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;

      тұқымның сақталуын қамтамасыз ету;

      асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердiң тиiсiнше есепке алынуын қамтамасыз ету;

      асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ақпараттық жедел өңдеу және оны асыл тұқымды малды өсiрудi, пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға беру принциптерiне негiзделедi.

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдары

      Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.12.14 № 269 Заңымен.

4-бап. Азаматтық құқық объектiсi ретiндегi асыл тұқымды өнiм (материал)

      Асыл тұқымды өнiм (материал) мүлiктiк және соған байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастарда азаматтық құқық объектiсi бола алады.

      Асыл тұқымдық өнiмге (материалға) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген мүлiк туралы жалпы ережелер қолданылады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-бап. Асыл тұқымды өнiмге (материалға) меншiк құқығы және оны пайдалану

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) жеке және заңды тұлғалардың меншiктену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.

      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-бап. Асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) айналымда болуы

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) өткізуді жүзеге асырады.

      Асыл тұқымды өнiмге (материалға) меншiк құқығынан айыруға немесе оның ауысуына осы Заңның ережелерiне сәйкес берiлетiн асыл тұқымдық куәлік болған жағдайда рұқсат етiледi.

      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.12.14 № 269, 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң экономикалық қызметiнiң ерекшелiктерi

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құрылып, жұмыс iстейдi.

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн қайта бейiмдеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жол берiледi.

      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2001.12.14 № 269 Заңымен.

8-бап. Жердi және су объектiлерiн асыл тұқымды мал шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану

      Жер учаскелерi мен су тоғандары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден асыл тұқымды мал өсiру үшiн жеке және заңды тұлғаларға берiледi.

      Жер учаскелерi мен су тоғандарын беру тәртiбi және пайдалану режимi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.

      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-бап. Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты мен импорты

      Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы және ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты уәкiлеттi орган берген ветеринариялық сертификат және асыл тұқымдық куәлiк болған кезде жүзеге асырылады.

      Асыл тұқымдық өнiм (материал) импорты ветеринариялық сертификат және белгіленген тәртіппен танылған, экспорттаушы елдiң құзыретті органдары берген асыл тұқымдық куәлiк немесе оған балама құжат болған кезде жүзеге асырылады.

      Ұрықтың импортын одан әрі өткізу мақсатында асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтар жүзеге асырады.

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік
реттеу

      Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

10-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жүйесі

      Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жүйесіне:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

      2) уәкілетті орган;

      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;

      4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер кіреді.

11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне:

      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;

      2) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.

      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

12-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік басқару органдары

      1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік басқару органдарына асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган жатады.

      2. Уәкілетті органның басшысы ведомство басшысына "Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы" арнайы атауын беруге құқылы.

      Ведомство басшысы "Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының орынбасары" арнайы атауын, ал ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің тиісті лауазымдарына – "асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспектор" және "асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспектордың орынбасары" арнайы атауларын беруге құқылы.

      Ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында тікелей мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамдары асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады.

13-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастырады және іске асырады;

      2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;

      4) малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      5) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;

      6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      7) мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткiзу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      7-1) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      8) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      10) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы және асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      11) асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      12) асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      13) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      13-1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;

      13-2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

      14) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      14-1) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;

      15) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      16) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін асыл тұқымдық өнімге (материалға) қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында басым тәртіппен субсидиялауға жататын мал тұқымдарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      17) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;

      18) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді және статистикалық ақпарат қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

      19) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;

      20) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімі деректерінің мониторингін жүргізеді және оның нәтижелері туралы мүдделі адамдарды хабардар етеді;

      21) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді және басып шығарады;

      22) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізеді;

      23) өткізілетін асыл тұқымды өнімге (материалға) берілетін асыл тұқымдық куәліктер деректерінің дәйектілігіне бақылауды жүзеге асырады;

      24) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      25) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      25-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік қолдаудың бағыттарын айқындайды;

      26) мыналарды:

      асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) әр түріне субсидиялар нормативтерін;

      асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау тәртiбiн;

      мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандарын;

      асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру (жою) тәртібін;

      асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) тәртібін;

      асыл тұқымды малдың жеке карточкасын толтыру нысаны мен тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      27) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      28) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      29) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      30) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

      31) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;

      31-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;

      32) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:

      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      1-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізеді және басып шығарады;

      3) республикалық палаталардың және мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымдық өнiмге (материалға) арналған субсидияларды бөледі;

      4) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізеді;

      5) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      6) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;

      7) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асырады;

      8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті

      Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:

      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу үшін деректер жинауды жүзеге асырады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жүзеге асырады.

      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

16-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау

      1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау – уәкілетті органның лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарының жиынтығы.

      2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттік инспекторлар:

      1) бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалардағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың жай-күйін, оның есепке алынуы мен есептілігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;

      2) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      3) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      4) асыл тұқымдық куәліктерде көрсетілген деректердің анықтығын тексеруге;

      5) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;

      6) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға;

      7) нұсқамалар беруге және олардың орындалуын бақылауға;

      8) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаларды қабылдауға құқылы.

      4. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың өз құзыретi шегiндегі актілерiн асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң, бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалардың орындауы мiндеттi.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      5. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгіне) жоғары тұрған органдарға және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-1-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу:

      1) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылау жүргізу;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер және малдың тектік қорын сақтау, дамыту және пайдалану бойынша селекция жүргізу;

      4) асыл тұқымды, оның ішінде тектік қоры шектеулі малдың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялау;

      5) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін асыл тұқымдық өнімге (материалға) қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды субсидиялау;

      6) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шараларын субсидиялау;

      7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізу;

      8) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу;

      9) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 16-1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-2-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлама жасау

      1. Жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағанға дейін бұл жөнінде уәкілетті органды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабардар етуге міндетті.

      2. Алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Асыл тұқымдық орталық ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға:

      1) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу немесе лизинг құқығында материалдық-техникалық базаға иелік етуі;

      2) малға өз өнiмдiлiгi және ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргiзуі;

      3) асыл тұқымды малға бонитирлеу (бағалау) жүргізуі;

      4) штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы міндетті.

      Хабарламаға мынадай құжаттар:

      1) заңды тұлғаны (заңды тұлға үшін) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      2) объектіге ветеринариялық-санитариялық қорытындының және есепке алу нөмірінің берілгені туралы растаудың көшірмелері;

      3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері берген инфекциялық аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қойдың эпидидимиті, хламидиоз, жылқының күйеңкі ауруы, эпизоотиялық лимфангит) бойынша, сондай-ақ Халықаралық эпизоотиялық бюро тізіміндегі аурулар бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы ветеринариялық анықтаманың көшірмесі;

      4) өнiмдiлігі жоғары асыл тұқымды тұқымдық малдың болуын растайтын асыл тұқымдық куәліктердің көшірмелері;

      5) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында өндірістік үй-жайлар кешенінің (ауыл шаруашылығы малының тұқымдық малын күтіп-ұстауға арналған үй-жайдың, тұқымдық малдың ұрығын төменгi температурада мұздатуға және сақтауға арналған зертхананың, ветеринариялық-санитариялық тексеру өткізетін орынның, карантиндік үй-жайдың, изолятордың, зертханалық және криогендiк жабдықтардың) болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері;

      6) сәйкестендіру жүргізілгенін растайтын ветеринариялық паспорттардың көшірмелері;

      7) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстардың ақпараттық базасының болуын растайтын жергілікті атқарушы орган анықтамасының көшірмесі қоса беріледі.

      5. Дистрибьютерлік орталық ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға:

      1) меншік немесе ұзақ мерзімді (бес жылдан кем емес) жалға алу немесе лизинг құқығында материалдық-техникалық базаға иелік етуі;

      2) штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы міндетті.

      Хабарламаға мынадай құжаттар:

      1) заңды тұлғаны (заңды тұлға үшін) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      2) объектіге ветеринариялық-санитариялық қорытындының және есепке алу нөмірінің берілгені туралы растаудың көшірмелері;

      3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері берген инфекциялық аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қойдың эпидидимиті, хламидиоз, жылқының күйеңкі ауруы, эпизоотиялық лимфангит) бойынша, сондай-ақ Халықаралық эпизоотиялық бюро тізіміндегі аурулар бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы ветеринариялық анықтаманың көшірмесі;

      4) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында, стационарлық биоқоймалары бар өндiрiстiк үй-жайларды, зертханалық және криогендiк жабдықтарды қоса алғанда, материалдық-техникалық базасының болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

      6. Малдың белгілі бір түрі және өнімділігінің бағыты бойынша бағалаушы (сыныптаушы) ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:

      1) жеке куәлігінің;

      2) "зоотехния" немесе "мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы" не "биотехнология" тиісті мамандығы бойынша білімі туралы дипломның;

      3) ауыл шаруашылығы малының тиісті түрі бойынша бонитерлер курсынан өткені туралы құжаттың көшірмелерін қоса береді.

      7. Техник-ұрықтандырушы ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:

      1) жеке куәлігінің;

      2) "зоотехния" немесе "мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы" не "биотехнология" немесе "ветеринария" тиісті мамандығы бойынша білімі туралы дипломның немесе осы бейін бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттың;

      3) ауыл шаруашылығы малын қолдан ұрықтандыру курстарынан өткені туралы құжаттың;

      4) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында материалдық-техникалық базасының (зертханалық үй-жайдың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрал-саймандардың, криогендiк жабдықтардың) болуын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелерін қоса береді.

      8. Эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі маман ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:

      1) жеке куәлігінің;

      2) "зоотехния" немесе "мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы" не "биотехнология" немесе "ветеринария" тиісті мамандығы бойынша білімі туралы дипломның;

      3) ауыл шаруашылығы малының эмбриондарын транспланттау (ауыстырып салу) курстарынан өткені туралы құжаттың;

      4) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында материалдық-техникалық базасының (зертханалық үй-жайдың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрал-саймандардың, криогендiк немесе технологиялық жабдықтардың) болуын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелерін қоса береді.

      9. Республикалық палаталар асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметін уәкілетті органға хабарламай жүзеге асырады.

      10. Осы бапта көзделген құжаттарды ұсыну оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда, талап етілмейді.

      Құжаттар "электрондық үкімет" веб-порталы немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы берілген кезде құжаттар электрондық нысанда ұсынылады.

      Ескерту. 16-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-3-бап. Асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) мемлекеттiк есепке алу

      Бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғаларға тиесілі асыл тұқымдық өнiм (материал) мемлекеттік есепке алуға жатады.

      Асыл тұқымды малдың саны, сапасы мен өнiмдiлiгi туралы деректер асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне малдың түрлерi мен тұқымдары бойынша енгiзiледi.

      Асыл тұқымды малдың шығу тегі, өнімділігі және өзге де сапалары бойынша неғұрлым құндылары туралы деректер асыл тұқымдық кітапқа енгізіледі.

      Асыл тұқымдық кiтапқа және асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлген деректер мүдделi тұлғалар үшiн қолжетiмдi болып табылады.

      Малдың шығу тегін, өнімділік және өзге де сапаларын растау мақсатында жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша асыл тұқымды малдың жеке карточкасын немесе асыл тұқымдық куәлігін ресімдейді.

      Ескерту. 16-3-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

16-4-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау

      1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      Мемлекеттiк қолдаудың негiзгi нысаны:

      1) асыл тұқымды малдың, оның iшiнде тектiк қоры шектеулi тұқымдардың тектiк қорын сақтауға, дамытуға және қалпына келтiруге;

      2) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер үшін асыл тұқымды өнiмге (материалға) қолжетімділікті қамтамасыз етуге;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3) тармақша 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізілді.

      3) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердің селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуіне бағытталған іс-шараларды субсидиялау болып табылады.

      2. Бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдаудың бағыттарын, асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне, асыл тұқымды малдың, оның iшiнде тектiк қоры шектеулі тұқымдардың тектiк қорын сақтау және қалпына келтiру жөніндегі iс-шараларға арналған субсидиялардың нормативтерiн уәкілетті орган айқындайды.

      3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 16-4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

16-5-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулердi ауыл шаруашылығы бейiнiндегi ғылыми-зерттеу ұйымдары жүзеге асырады. Аталған ұйымдар уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып:

      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттiк ғылыми-техникалық бағдарламаларды;

      2) малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және олардың өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықтарды;

      3) асыл тұқымды өнiмдi (материалды) бағалау мен генетикалық бақылау үшін әдiстемелер мен техникалық құралдарды;

      4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерiн әзірлеуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 16-5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк реттеу

      Ескерту. 3-тарау алып тасталды - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-тарау. Асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) тану және пайдалану
мен оны бонитирлеу (бағалау)

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

17-бап. Асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) тану

      1. Өнiм (материал) егер:

      1) республикалық палата берген асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесі және асыл тұқымдық куәлігі немесе асыл тұқымды малдың жеке карточкасы болған;

      2) ұрық асыл тұқымдық орталықтарда асыл тұқымды тұқымдық малдан алынған және өңделген және асыл тұқымдық куәлiгi болған;

      3) эмбрион асыл тұқымды малдан алынған және асыл тұқымдық куәлігі болған;

      4) аурудан амандығы және бактериялар қонбағандығы туралы ветеринариялық сертификаты болған жағдайларда, асыл тұқымдық деп танылады.

      2. Уәкілетті орган бекіткен тәртіппен халықаралық нормаларға сәйкес болған кезде, импортталған асыл тұқымдық өнiм (материал) асыл тұқымды деп танылады.

      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

18-бап. Асыл тұқымдық өнімді (материалды) пайдалану

      Асыл тұқымды малдың ұрықтары мен эмбриондары, егер:

      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерде алынған;

      2) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген асыл тұқымды малдан алынған;

      3) өздерін бірдейлендiруге мүмкіндік беретін жеке таңбасы болған;

      4) асыл тұқымдық куәлiктерi болған жағдайларда пайдаланылады.

      Жеке таңбасы жоқ ұрықтар мен эмбриондарды өткізуге жол берілмейді.

      Өз төлінен өсіру үшін уәкілетті орган бекіткен тәртіппен бонитирлеуден (бағалаудан) өткен тұқымдық малды өз төлінен өсіру үшін ғана пайдаланылады.

      Асыл тұқымды малдар алынған шаруашылықтар туралы деректерді сақтау мақсатында зауытшылар туралы мәліметтер асыл тұқымдық куәліктерде көрсетіледі.

      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

19-бап. Бонитирлеу (бағалау)

      Республикалық палатада тіркелген асыл тұқымды малдар уәкілетті орган бекіткен нұсқаулыққа сәйкес бонитирлеуге (бағалауға) жатады.

      Бонитирлеуден (бағалаудан) өтпеген асыл тұқымды малдарды асыл тұқымдық мақсаттарда өткізуге жол берілмейді.

      Бонитирлеуді (бағалауды) бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.

      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

20-бап. Асыл тұқымды тұқымдық малды тексеру және бағалау

      Тұқымды өз төлінен өсіру үшін іріктелген асыл тұқымды тұқымдық мал тексеруге және бағалауға жатады.

      Асыл тұқымды тұқымдық малды тексеру және бағалау уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізіледі.

      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

21-бап.

      Ескерту. 21-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.10 № 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

5-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
субъектiлердiң қызметiн ұйымдастыру

22-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi заңды тұлғаларды құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаларға тиiсiнше, егер Қазақстан Республикасы заңдарынан немесе құқықтық қатынастың мәнiнен өзгеше туындамаса, осы Заңның асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн реттейтiн ережелерi қолданылады. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нысандар бойынша деректердi есепке алуды жүргiзедi және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына есептiлiктi табыс етеді.

      Асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалар оларды уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркейді.

      Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.12.14 № 269, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10 № 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

23-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң түрлерi

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге:

      1) асыл тұқымдық орталықтар;

      2) дистрибьютерлiк орталықтар;

      3) бонитерлер (сыныптаушылар);

      4) техник-ұрықтандырушылар;

      5) эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар;

      6) республикалық палаталар жатады.

      Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

24-бап. Асыл тұқымды мал зауыттары қызметiнiң негiзгi бағыттары

      Ескерту. 24-бап алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

25-бап. Асыл тұқымдық шаруашылықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары

      Ескерту. 25-бап алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

26-бап. Асыл тұқымдық орталықтар қызметiнің негiзгi бағыттары

      Ескерту. 26-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Асыл тұқымдық орталықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары:

      1) асыл тұқымды тұқымдық малдың малдың ұрығын алу, жинақтау, сақтау және оларды селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркеу;

      2) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен асыл тұқымды тұқымдық малдың асыл тұқымдық құндылығын айқындау;

      3) бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрықтарын өткізу;

      4) эмбриондарды алу, сатып алу, сақтау және өткізу;

      5) ұрық пен эмбриондарды пайдалану нәтижелерiн есепке алу, олар туралы деректер банкiн жүргiзу;

      6) тектiк қормен алмасуды жүзеге асыру болып табылады.

      7) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - ҚР 2001.12.14 № 269 Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

27-бап. Дистрибьютерлік орталықтар қызметінің негізгі бағыттары

      Дистрибьютерлік орталықтар қызметінің негізгі бағыттары бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрығын алу, сақтау және өткізу, оларды селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркеу болып табылады.

      Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

28-бап. Бағалаушылар (сыныптаушылар), техник-ұрықтандырушылар және эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар қызметiнiң негiзгi бағыттары

      1. Бағалаушылар (сыныптаушылар) қызметiнiң негiзгi бағыттары малға бонитирлеу (бағалау) жүргізу болып табылады.

      2. Техник-ұрықтандырушы қызметiнiң негiзгi бағыттары ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру болып табылады.

      3. Эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар қызметiнiң негiзгi бағыттары асыл тұқымды малдың эмбриондарын алу және телу (ауыстырып салу) болып табылады.

      Ескерту. 28-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

28-1-бап. Асыл тұқымдық репродукторлар қызметiнiң негiзгiбағыттары

      Ескерту. 28-1-баппен толықтырылды - ҚР 2001.12.14 № 269 Заңымен; алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

28-2-бап. Республикалық палата

      1. Республикалық палата асыл тұқымды малдарды өсiрудi және (немесе) өсімін молайтуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн iске асыру және қорғау үшiн құрылатын және жұмыс істейтін, коммерциялық емес, өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.

      2. Республикалық палата заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен әдiлет органдарында тiркеледi.

      3. Республикалық палата облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқылы.

      4. Республикалық палатаның қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен және палатаның алқалы органы қабылдаған жарғымен реттеледi.

      5. Қазақстан Республикасының аумағында ірi қара малдың әр тұқымы бойынша ірі қара малдың тиісті тұқымы жөніндегі бiр республикалық палата құрылады және жұмыс істейді.

      Қазақстан Республикасының аумағында қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы және құс шаруашылығы республикалық палаталары қойлардың, жылқылардың және құстардың әр өнімділік бағыты бойынша біреуден құрылады.

      Қазақстан Республикасының аумағында түйе шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, ешкі шаруашылығы, марал шаруашылығы (бұғы шаруашылығы), қоян шаруашылығы, аң шаруашылығы, бал ара шаруашылығы, балық өсіру шаруашылығы республикалық палаталары ауыл шаруашылығы малының әр түрі бойынша біреуден құрылады.

      6. Асыл тұқымды малдардың бір тұқымын немесе қойлардың, жылқылардың және құстардың өнімділік бағыттары бойынша өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша жеке республикалық палатаны құру жұмыс істеп тұрған республикалық палатаны қайта ұйымдастыру немесе тарату шартымен жүзеге асырылады.

      7. Республикалық палатаның кірісін (мүлкін) қалыптастыру көздері:

      1) республикалық палата мүшелерінен жарналардың түсуі;

      2) асыл тұқымдық куәліктерді беру бойынша қызметтер көрсетуден алынған кірістер (бланкінің құны);

      3) ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздер болып табылады.

      Ескерту. Заң 28-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

28-3-бап. Республикалық палатаның құрылымы мен өкілеттіктері

      1. Республикалық палатаның құрылымы селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу мен үйлестіруге бірлесіп жауап беретін алқалы органнан, республикалық палата кеңесінен және атқарушы органнан тұрады.

      2. Алқалы орган – республикалық палата мүшелерінің жиналысы, ол жоғары басқару органы болып табылады.

      Алқалы орган республикалық палатаны дамытудың стратегиялық бағыттары бойынша шешімдерді айқындайды және қабылдайды.

      3. Республикалық палатаның жарғысына сәйкес республикалық палата кеңесін бір жыл мерзімге алқалы орган сайлайды және ол республикалық палата мүшелерінің мүдделерін білдіреді.

      4. Республикалық палата кеңесі Қазақстан Республикасының заңдарында және республикалық палатаның жарғысында белгіленген құзыретке сәйкес республикалық палата қызметіне жалпы басшылықты және оны басқаруды жүзеге асырады.

      5. Республикалық палата кеңесіне ғылыми-бейінді ұйымдардың өкілдері мен республикалық палатаның мүшелері кіреді.

      6. Республикалық палата кеңесінің төрағасы республикалық палата кеңесі мүшелерінің арасынан сайланады және оны алқалы орган бекітеді.

      7. Республикалық палата кеңесінің отырысы республикалық палата жарғысына сәйкес белгіленеді.

      8. Республикалық палата кеңесі:

      1) жұмыс регламентін айқындайды және атқарушы органның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асырады;

      2) республикалық палатаның бюджетін бекітеді;

      3) алқалы органға тарифтік саясатқа өзгерістер енгізуді ұсынады;

      4) алқалы органға атқарушы директор кандидатурасын бекітуге ұсынады;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      9. Атқарушы орган:

      1) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) арқылы асыл тұқымды мал шаруашылығының таңдалған бағытына қарай асыл тұқымды мал басын есепке алуды ұйымдастырады;

      2) уәкілетті орган бекіткен, малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және олардың өсімін молайту жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес асыл тұқымды малдардың, оның ішінде асыл тұқымды тұқымдық малдардың асыл тұқымдық құндылығын айқындайды;

      3) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен асыл тұқымды өнімге (материалға) асыл тұқымдық куәліктер беруді (жоюды) жүзеге асырады;

      4) импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты уәкілетті орган бекіткен тәртіппен тануды жүзеге асырады;

      5) бюджет қаражаттары шегінде асыл тұқымдық өнімге (материалға) субсидиялар бөлу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына ұсыныс енгізеді;

      6) таза асыл тұқымды малдар бойынша асыл тұқымдық кітаптарды бөлек жүргізеді және басып шығарады;

      7) бонитирлеу (бағалау) туралы деректерге мониторингті жүзеге асырады және мүдделі тұлғаларға оның нәтижелері туралы хабарлайды;

      8) алқалы органмен келісу бойынша тұқым стандартын бекітеді;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      10. Асыл тұқымдық өнімге (материалға) мәртебе мен асыл тұқымдық куәлік беруді – республикалық палатаға мүшелігіне қарамастан, жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші негізінде республикалық палата жүзеге асырады.

      Асыл тұқымдық өнімге (материалға) асыл тұқымдық зауыттар, асыл тұқымдық шаруашылықтар және асыл тұқымдық репродукторлар берген асыл тұқымдық куәліктер республикалық палата осындай асыл тұқымдық өнімге (материалға) мәртебе бергенге дейін өз күшін сақтайды.

      Ескерту. Заң 28-3-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6-тарау. Ауыл шаруашылығы малын қолдан ұрықтандыру және
эмбриондарды телу

      Ескерту. 6-тарау алып тасталды - ҚР 2001.12.14 № 269 Заңымен.

7-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы дауларды
шешу және оның қызметiн жүзеге асыру кезiндегi жауаптылық

30-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiндегi дауларды шешу

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.

31-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

      Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-тарау. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал
шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастығы

32-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастығы

      Қазақстан Республикасы мал шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуына жәрдемдеседi.

33-бап. Шетелдiң қатысуымен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жасау құқығы

      Шетелдiң қатысуымен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жобаларды жүзеге асыруға қатысатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шетелдіктермен және (немесе) шетелдiк заңды тұлғалармен шарттар жасасады.

      Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Қазақстан Республикасының
Президентi