Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 278 Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      Осы Заң асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi, асыл тұқымды малдың тектiк қорын сақтауға және көбейтуге, сондай-ақ оны өз төлiнен өсiруге және өнiмдiк сапасын жақсартуға бағытталған, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласымен айналысатын мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн реттейдi.
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР 2001.12.14 № 269 Заңымен.

1 тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) асыл тұқымды аналық бал арасы – асыл тұқымды бал ара ұясын молайтуды қамтамасыз ететін асыл тұқымды ұрықтанған аналық бал ара;
      2) асыл тұқымды бал ара ұясы – ұрпақ буынына өзінің тұқымдық белгілерін ұдайы беріп отыратын, таза тұқымды, жоғары сыныпты бал араларының жоғары өнімді бал ара ұясы;
      3) асыл тұқымдық зауыт - асыл тұқымды iрi қара малды қоспағанда, белгiлi бiр тұқымға жататын, сапалық сынақтан өткізілген құндылығы жоғары малдың зауыттық және бiр тұқым iшiндегi, аймақтық типтерін, зауыттық желiсін өсiру, жетiлдiру және өткізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға;
      4) асыл тұқымдық куәлiк – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын асыл тұқымдық зауыт, асыл тұқымдық шаруашылық, асыл тұқымдық орталық, асыл тұқымды мал ұрықтарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор және ірі қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палата беретін асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) тұқымдық тегін, өнімділік және өзге де сапаларын растайтын құжат;
      5) асыл тұқымдық кiтап – белгiлi бiр тұқымдағы неғұрлым құнды асыл тұқымды малдың шығу тегi, өнiмдiлiгі және өзге де сапалары туралы деректер жиынтығы;
      6) асыл тұқымдық құндылық – ұрпағының шаруашылыққа пайдалы белгілеріне әсер ететін асыл тұқымды малдың тектік әлеуетінің деңгейі;
      7) асыл тұқымды мал – тұқымның өнімділік типіне, бағыты мен деңгейіне сай келетін, асыл тұқымды малдың карточкасы немесе асыл тұқымдық куәлігі бар таза тұқымды, жоғары сыныпты, өнімділігі жоғары мал;
      8) асыл тұқымды малдың карточкасы – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен ресімделетін, асыл тұқымды малдың шығу тегiн, өнiмдiлiк және өзге де сапаларын растайтын асыл тұқымды малды есепке алу нысаны;
      9) асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмi – асыл тұқымды малдың сандық, сапалық және тұқымдық құрамы туралы деректер жиынтығы;
      10) асыл тұқымды малдың ұрығын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық (бұдан әрi – дистрибьютерлiк орталық) – бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрығын сатып алу, сақтау және өткізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға;
      11) асыл тұқымды мал шаруашылығы – тектік әлеуеті жоғары малды өз төлінен өсіруге, оларды сақтауға және өсіруге бағытталған асылдандыру жұмысының жүйесiмен қамтылған мал шаруашылығы саласы;
      11-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің тізілімі – уәкілетті органның интернет-ресурсында қалыптастырылатын және орналастыралатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлғалардың тізбесі;
      12) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      13) асыл тұқымдық орталық – асыл тұқымды тұқымдық малды күтіп-ұстау, олардың ұрығын, эмбриондарын алу, жинақтау, сақтау және өткізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға;
      14) асыл тұқымдық репродуктор – құстардың тұқымдары мен кросстарының арғы ата-енелiк немесе ата-енелiк тобын өсiру, жетiлдiру және өткiзу жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлға;
      15) асыл тұқымдық өнім (материал) – асыл тұқымды және селекциялық мал, сондай-ақ асыл тұқымды малдан алынған ұрық, эмбриондар, инкубациялық жұмыртқа, тәуліктік балапандар, уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар, бал араларының асыл тұқымды аналық бал аралары, асыл тұқымды бал ара ұялары мен бал ара пакеттері;
      16) асыл тұқымды тұқымдық мал – асыл тұқымды малды өз төлінен өсіру үшін пайдаланылатын асыл тұқымды малдың дара аталығы;
      17) асыл тұқымдық шаруашылық – асыл тұқымды iрi қара малды қоспағанда, асыл тұқымды малдың белгiлi бiр түрін, тұқымын, желілерін және типтерін өсiру мен өткізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлға;
      18) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      19) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      20) ауыл шаруашылығы малы (бұдан әрі – мал) – адам өсiретiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей қатысы бар малдардың, құстардың, балықтардың және бал араларының барлық түрi;
      21) бағалау – тиiстi сынып немесе индекс бере отырып, малды белгiлер кешенi (тұқымдылығы, өнiмдiлік сапалары, сыртқы тұрпаттық-бiтiмдiк ерекшелiктерi) бойынша бағалау;
      22) бағалаушы (сыныптаушы) – малды бағалау жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға;
      23) бал ара пакеті – құрамында асыл тұқымды ұрықтанған аналығы, тұқымдығы (кәрез пакетінде), тірі бал аралары және тасымалдау үшін қажетті бал араларының қорегі бар, асыл тұқымды бал ара ұясынан бөлінген қалемше;
      23-1) бірінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал – тұқым стандартына сай келетін, таза тұқымды мал тегінің кемінде үш ұрпағының тұқым-тегі туралы анық деректер қамтылған асыл тұқымдық куәлігі бар таза тұқымды ірі қара мал;
      23-2) екінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал – тұқым стандартына сай келетін, асыл тұқымдық куәлігі бар таза тұқымды ірі қара мал;
      24) ен салу (таңбалау) – тиiстi малды дәл бірдейлендiруге мүмкiндiк беретiн нөмiр салу (татуировка жасау, таңба басу, сырға салу және чип салу) арқылы асыл тұқымды малды белгiлеу;
      25) желi – асыл тұқымдық және өнімділік сапалары тиісті таңдау және іріктеу жүйесімен ұсталынатын және жетілдірілетін, үздік тұқымдық тектерден тарайтын тұқымдағы асыл тұқымды мал тобы;
      26) зауыттық тип – тұқымның бір бөлігі болып табылатын, сол тұқымға ортақ қасиеттерден басқа, өнiмдiлiгi, дене тұрқы мен бiтiмiнiң сипаты жағынан өзiнiң кейбiр айрықша ерекшелiктерi бар, өсірілетін аймақтың жағдайына жақсы бейiмделген, ауруға төзiмдi мал тобы;
      27) индекстік бағалау – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен анықталған аса маңызды селекциялық белгілердің кешені бойынша малдың асыл тұқымдық құндылығының салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау әдісі;
      28) кросс – малдың бiр желiсiн басқа бiр желiсiмен будандастырудан тарайтын мал тобы;
      29) қолдан ұрықтандыру – жеке-жеке iрiктелiп алынған малды маманның бақылауымен шағылыстыру;
      30) құстардың тұқымдары мен кросстарының арғы ата-енелік тобы – құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелік тобын молайту үшін пайдаланылатын еркек және ұрғашы құстар;
      31) құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелік тобы – будандастырылған ұрпақ буыны инкубациялық жұмыртқа немесе ет өндірісі үшін пайдаланылатын еркек және ұрғашы құстар;
      32) жануардың тұқым-тегi – асыл тұқымды жануардың шығу тегі туралы мәлiметтер;
      33) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс – малды өсіру кезінде өнімділік бойынша ең жоғары нәтижелерге қол жеткізуге арналған дәйекті іс-қимылдардың жиынтығы;
      34) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қоры – уәкілетті орган айқындаған оператор жүргізетін, малдың табындарын жетілдіру және генетикалық әлеуетін арттыру үшін пайдаланылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілеріндегі асыл тұқымды мал туралы және селекциялық процеске тартылған мал туралы деректерді жинаудың, жинақтаудың және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі;
      35) селекциялық карточка – селекциялық жануарды есепке алу нысаны;
      36) селекциялық жануар – тұқым стандартына сай келетiн жануар;
      37) таза тұқымды өсіру – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыста тектес тұқымдағы малдарды пайдалана отырып, осы тұқымға тән белгілерді топтастыру және түрге бөлу мақсатында бір тұқымдағы асыл тұқымды малды өсіру;
      38) тектiк қоры шектеулi тұқым – селекциялық мақсаттарда пайдалану үшiн қажет және құрып кету қаупi төнген отандық тұқымның сирек кездесетiн және дүние жүзінде өзiне теңдесі жоқ мал тобы;
      39) техник-ұрықтандырушы – ауыл шаруашылығы жануарын қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға;
      40) тұқым – адамның шығармашылық қызметiнiң ықпалымен белгiлi бiр шаруашылық және табиғи жағдайда қалыптасқан, «өз ішінде» өсiру үшiн саны жеткiлiктi және iрiктеліп, таңдалып, тектiк типіне сәйкес келетін технологиялық жағдай жасалып, қолдау көрсетілетін шаруашылық және асыл тұқымдық құндылығы, сондай-ақ оны бір түрге жататын басқа тұқымдардан ерекшелендіретін морфологиялық, физиологиялық және шаруашылыққа пайдалы қасиеттерiнің белгiлi бiр өзгешелiгi бар, шығу тегi ортақ бiр түрге жататын малдың тобы;
      41) тұқым стандарты – уәкiлеттi орган бекiткен, өнiмдiлiгi, дене тұрқы бойынша тиiстi тұқымдағы асыл тұқымды және селекциялық жануарлар үшiн қойылатын ең төменгі талаптар;
      42) эмбрион – ұрықтанған жұмыртқа жасушадан дамитын ұрық;
      43) эмбриондарды телу (ауыстырып салу) – асыл тұқымды малдардан төл басын көбірек алудың биотехнологиялық әдісі;
      44) эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөнiндегi маман – жоғары өнiмдi асыл тұқымды малдың эмбриондарын алу, криоконсервациялау және ауыстырып салу жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      2-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi
              ұйымдастырудың негiзгi принциптерi

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызмет:                      тиiмдiлiгi мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;                      тұқымның сақталуын қамтамасыз ету;                                   асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердiң тиiсiнше есепке алынуын қамтамасыз ету;                                               асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ақпараттық жедел өңдеу және оны асыл тұқымды малды өсiрудi, пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға беру принциптерiне негiзделедi.
      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал
             шаруашылығы туралы заңдары

      Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.                                                         Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.12.14 № 269 Заңымен.

      4-бап. Азаматтық құқық объектiсi ретiндегi асыл тұқымды
              өнiм (материал)

      Асыл тұқымды өнiм (материал) мүлiктiк және соған байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастарда азаматтық құқық объектiсi бола алады.                                                                      Асыл тұқымдық өнiмге (материалға) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген мүлiк туралы жалпы ережелер қолданылады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5-бап. Асыл тұқымды өнiмге (материалға) меншiк құқығы және
              оны пайдалану

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) жеке және заңды тұлғалардың меншiктену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6-бап. Асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) айналымда
              болуы

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) өткізуді жүзеге асырады.         Асыл тұқымды өнiмге (материалға) меншiк құқығынан айыруға немесе оның ауысуына осы Заңның ережелерiне сәйкес берiлетiн асыл тұқымдық куәлік болған жағдайда рұқсат етiледi.
      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.12.14 № 269, 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      7-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
             субъектiлердiң  экономикалық қызметiнiң
             ерекшелiктерi

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құрылып, жұмыс iстейдi.
      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн қайта бейiмдеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жол берiледi.
      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2001.12.14 № 269 Заңымен.

      8-бап. Жердi және су объектiлерiн асыл тұқымды мал
             шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану

      Жер учаскелерi мен су тоғандары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден асыл тұқымды мал өсiру үшiн жеке және заңды тұлғаларға берiледi.
      Жер учаскелерi мен су тоғандарын беру тәртiбi және пайдалану режимi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

      9-бап. Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты мен импорты

      Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы және ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты уәкiлеттi орган берген  ветеринариялық сертификат және асыл тұқымдық куәлiк болған кезде жүзеге асырылады.
      Асыл тұқымдық өнiм (материал) импорты ветеринариялық сертификат және белгіленген тәртіппен танылған, экспорттаушы елдiң құзыретті органдары берген асыл тұқымдық куәлiк немесе оған балама құжат болған кезде жүзеге асырылады.
      Ұрықтың импортын одан әрі өткізу мақсатында асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтар жүзеге асырады.
      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік
реттеу

      Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      10-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал
               шаруашылығы жүйесі

      Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жүйесіне:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
      2) уәкілетті орган;
      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;
      4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер кіреді.

      11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
      2) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      12-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
               мемлекеттік басқару органдары

      1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік басқару органдарына асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган жатады.
      2. Уәкілетті органның басшысы ведомство басшысына «Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы» арнайы атауын беруге құқылы.
      Ведомство басшысы «Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының орынбасары» арнайы атауын, ал ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің тиісті лауазымдарына – «асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспектор» және «асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспектордың орынбасары» арнайы атауларын беруге құқылы.
      Ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында тікелей мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамдары асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады.

      13-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастырады және іске асырады;
      2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      3) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      3-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
      4) малды бағалау, оның асыл тұқымдық құндылығына баға беру және малды өз төлінен өсіру жөніндегі нұсқаулықтарды бекітеді;
      5) тұқым стандартын бекітеді;
      6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      7) мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткiзу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
      7-1) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      8) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      10) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы және асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
      11) асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      12) асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      13) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      13-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;
      13-2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
      14) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
      14-1) танылуын ірі қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палата жүзеге асыратын, экспорттаушы елдердің құзыретті органдары ірі қара малдың импортталған асыл тұқымдық өніміне (материалына) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты қоспағанда, экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тануды жүзеге асырады;
      15) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      16) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін асыл тұқымдық өнімге (материалға) қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында басым тәртіппен субсидиялауға жататын мал тұқымдарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      17) ғылыми ұйымдармен бірлесе отырып, асыл тұқымдық орталықтардағы асыл тұқымды тұқымдық малдың тұқымдық, сапалық және сандық құрамын айқындайды;
      18) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді және статистикалық ақпарат қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
      19) бағалау туралы деректердің мониторингін жүргізеді және оның нәтижелері туралы мүдделі адамдарды хабардар етеді;
      20) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімі деректерінің мониторингін жүргізеді және оның нәтижелері туралы мүдделі адамдарды хабардар етеді;
      21) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді және басып шығарады;
      22) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізеді;
      23) өткізілетін асыл тұқымды өнімге (материалға) берілетін асыл тұқымдық куәліктер деректерінің дәйектілігіне бақылауды жүзеге асырады;
      24) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      25) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      25-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік қолдаудың бағыттарын айқындайды;
      26) мыналарды:
      асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әрбір түріне субсидиялар нормативтерін;
      асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау тәртiбiн;
      асыл тұқымдық зауыттарды, асыл тұқымдық шаруашылықтарды және асыл тұқымдық репродукторларды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштерін;
      жеке және заңды тұлғалардың бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды пайдалануы тәртібін;
      мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандарын;
      асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру тәртібін;
      асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      27) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      28) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      29) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      30) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
      31) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
      31-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
      32) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
               астананың жергілікті атқарушы органдарының
               құзыреті

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      1-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізеді және басып шығарады;
      3) ірi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палаталардың және мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымдық өнiмге (материалға) арналған субсидияларды бөледі;
      4) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізеді;
      5) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      6) құндылығы жоғары асыл тұқымды малды тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында бағалау туралы деректерді қорытады және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етеді;
      7) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асырады;
      8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      15-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың
               жергілікті атқарушы органдарының құзыреті

      Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асырады;
      2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу үшін деректер жинауды жүзеге асырады;
      3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден және асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалардан бекітілген нысандар бойынша есептер қабылдайды;
      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша бағалау туралы деректерді қабылдап, қорытады және оның нәтижелері туралы мүдделі адамдарды хабардар етеді;
      5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымдық өнімді (материалды) жыл сайынғы өткізу көлемдеріне өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады;
      6) асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палата беретін асыл тұқымдық куәліктердің есебін жүргізеді;
      7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      16-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
               мемлекеттiк бақылау

      1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау – уәкілетті органның лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарының жиынтығы.
      2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттік инспекторлар:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердегі, бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалардағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың жай-күйін, оның есепке алынуы мен есептілігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
      2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің малды күтіп-ұстау, азықтандыру, сондай-ақ асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сақтау жағдайларының талаптарына сәйкестігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
      3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер көрсететiн малды бағалау және өз төлiнен өсiру жөнiндегі қызметтердің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
      4) жеке және заңды тұлғалардың бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды пайдалануы тәртібін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
      5) өткізілетін өнімге (материалға) асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымдық мал орталығы, дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталар беретін асыл тұқымдық куәліктерде көрсетілген деректердің дәйектілігін тексеруге;
      5-1) барлық бақылау және қадағалау объектілеріне кедергісіз баруды, Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі орындау үшін міндетті нұсқамалар беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
      6) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға;
      6-1) нұсқамалар береді және орындалуын бақылайды.
      7) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаларды қабылдауға құқылы.
      4. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың өз құзыретi шегiндегі актілерiн асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң, бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалардың орындауы мiндеттi.
      5. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгіне) жоғары тұрған органдарға және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      16-1-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
                 мемлекеттiк реттеу

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу:
      1) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылау жүргізу;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер және малдың тектік қорын сақтау, дамыту және пайдалану бойынша селекция жүргізу;
      4) асыл тұқымды, оның ішінде тектік қоры шектеулі малдың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялау;
      5) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін асыл тұқымдық өнімге (материалға) қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды субсидиялау;
      6) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шараларын субсидиялау;
      7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізу;
      8) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу;
      9) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 16-1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      16-2-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
                 қызметтің басталғаны туралы хабарлама жасау

      1. Жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағанға дейін бұл жөнінде уәкілетті органды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабардар етуге міндетті.
      2. Асыл тұқымдық зауыттар, асыл тұқымдық шаруашылықтар немесе асыл тұқымдық репродукторлар ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлғалар:
      1) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу немесе лизинг құқығында материалдық-техникалық базаға иелік етуге;
      2) асыл тұқымдық зауытты немесе асыл тұқымдық шаруашылықты немесе асыл тұқымдық репродукторды бағалаудың ең төменгі көрсеткішіне сай болуға;
      3) малға өз өнiмдiлiгi және ұрпағының сапасы бойынша бағалау (асыл тұқымдық зауыттар үшiн) жүргiзуге;
      4) асыл тұқымды малға бағалау жүргізуге;
      5) штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы міндетті.
      3. Асыл тұқымдық зауыттар, асыл тұқымдық шаруашылықтар немесе асыл тұқымдық репродукторлар ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлғалар хабарламаға мыналардың:
      1) жеке куәліктің көшірмесін (жеке тұлғалар үшін);
      2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманы (заңды тұлға үшін);
      3) жеке және заңды тұлғалар мамандарының қатысуымен ғылыми ұйымдардың ғалымдары әзірлеген, тұқымдары, типтері, кросстары сапалық анықтаудан өткізілген немесе жасалған малмен жүргізілетін селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жоспарының көшірмесін (асыл тұқымды мал зауыттары мен асыл тұқымды мал шаруашылықтары үшін);
      4) мыналарды:
      тұқымы сапалық сынақтан өткізілген асыл тұқымды малды, бір тұқым ішіндегі және зауыттық типтерді, зауыттық желiлер мен белгiлi бiр тұқым кросстарын күтіп-ұстауды және пайдалануды (асыл тұқымдық зауыттар үшiн);
      тұқымы сапалық сынақтан өткізілген асыл тұқымды мал төлін, бір тұқым ішіндегі және зауыттық типтерді, зауыттық желiлер мен белгiлi бiр тұқым кросстарын бағыттап өсiрудi (асыл тұқымдық зауыттар үшiн);
      малды өз өнiмдiлiгi және ұрпағының сапасы бойынша бағалау жөнiндегi бақылау-сынақтан өткiзу аулалары мен пункттерiнiң жұмыс iстеуiн (асыл тұқымдық зауыттар үшiн);
      асыл тұқымды малдың белгiлi бiр түрін, тұқымын, желiлері мен типтерін өсiруді және өткізуді (асыл тұқымдық шаруашылықтар үшін);
      құстардың тұқымдары мен кросстарының желілерін және (немесе) арғы ата-енелiк тобын өсiруді, жетiлдiруді және өткізуді (бірінші реттегі асыл тұқымдық репродукторлар үшін);
      құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелiк тобын өсiруді, жетiлдiруді және өткізуді (екінші реттегі асыл тұқымдық репродукторлар үшін) қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында материалдық-техникалық базасының болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелерін;
      5) объектіге жасалған ветеринариялық-санитариялық қорытындының және есепке алу нөмірінің берілгені туралы растаудың көшірмелерін;
      6) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері берген жұқпалы аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қойдың эпидидимиті, хламидиоз, жылқының күйеңкі ауруы, эпизоотиялық лимфангит) бойынша, сондай-ақ Халықаралық эпизоотиялық бюро тізіміндегі аурулар бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы ветеринариялық анықтаманың көшірмесін қоса береді.
      4. Асыл тұқымдық орталық ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға:
      1) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу немесе лизинг құқығында материалдық-техникалық базаға иелік етуі;
      2) малға өз өнiмдiлiгi және ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргiзуі;
      3) асыл тұқымды малға бағалау жүргізуі;
      4) штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы міндетті.
      Хабарламаға осы баптың 3-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ:
      1) жоғары өнiмдi асыл тұқымды тұқымдық малдың болуын растайтын асыл тұқымдық куәліктердің;
      2) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында өндірістік үй-жайларының (ауыл шаруашылығы малының тұқымдық малын күтіп-ұстауға арналған үй-жайдың, тұқымдық малдың ұрығын төменгi температурада мұздатуға және сақтауға арналған зертхананың, ветеринариялық-санитариялық тексеру өткізетін орынның, карантиндік үй-жайдың, изолятордың, зертханалық және криогендiк жабдықтардың) болуын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың;
      3) сәйкестендіру жүргізуді растайтын ветеринариялық паспорттардың;
      4) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстардың ақпараттық базасының болуын растайтын жергілікті атқарушы органның анықтамасының көшірмелері қоса беріледі.
      5. Дистрибьютерлік орталық ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға:
      1) меншік немесе ұзақ мерзімді (бес жылдан кем емес) жалға алу немесе лизинг құқығында материалдық-техникалық базаға иелік етуі;
      2) штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы міндетті.
      Хабарламаға осы баптың 3-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ стационарлық биоқоймалары бар өндiрiстiк үй-жайларды, зертханалық және криогендiк жабдықтарды қоса алғанда, меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында материалдық-техникалық базасының болуын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
      6. Малдың белгілі бір түрі және өнімділігінің бағыты бойынша бағалаушы (сыныптаушы) ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:
      1) жеке куәлігінің;
      2) «зоотехния» немесе «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология» тиісті мамандығы бойынша білімі туралы дипломның;
      3) ауыл шаруашылығы малының тиісті түрі бойынша бонитерлер курсынан өткені туралы құжаттың көшірмелерін қоса береді.
      7. Техник-ұрықтандырушы ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:
      1) жеке куәлігінің;
      2) «зоотехния» немесе «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология» немесе «ветеринария» тиісті мамандығы бойынша білімі туралы дипломның немесе осы бейін бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттың;
      3) ауыл шаруашылығы малын қолдан ұрықтандыру курстарынан өткені туралы құжаттың;
      4) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында материалдық-техникалық базасының (зертханалық үй-жайдың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрал-саймандардың, криогендiк жабдықтардың) болуын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелерін қоса береді.
      8. Эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі маман ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:
      1) жеке куәлігінің;
      2) «зоотехния» немесе «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология» немесе «ветеринария» тиісті мамандығы бойынша білімі туралы дипломның;
      3) ауыл шаруашылығы малының эмбриондарын транспланттау (ауыстырып салу) курстарынан өткені туралы құжаттың;
      4) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында материалдық-техникалық базасының (зертханалық үй-жайдың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрал-саймандардың, криогендiк немесе технологиялық жабдықтардың) болуын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелерін қоса береді.
      9. Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палаталар асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметін уәкілетті органға хабарлама жасамай-ақ жүзеге асырады.
      10. Осы бапта көзделген құжаттарды ұсыну оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда, талап етілмейді.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      10-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы берілген жағдайда құжаттар электрондық нысанда ұсынылады.
      Ескерту. 16-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      16-3-бап. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) мемлекеттiк
                 есепке алу

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге, бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғаларға тиесілі асыл тұқымдық өнiм (материал) мемлекеттік есепке алынуға жатады.
      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң асыл тұқымды малының саны, сапасы мен өнiмдiлiгi туралы деректер асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне малдың түрлерi мен тұқымдары бойынша енгiзiледi.
      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердің малдың шығу тегі, өнімділігі және асыл тұқымдық қасиеттері неғұрлым құнды асыл тұқымды мал туралы деректері асыл тұқымдық кітапқа енгізіледі.
      Асыл тұқымды малы бар және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды өнiмдi (материалды) есепке алуды жүргiзуге және қолда бар асыл тұқымды малдарын асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзу мақсатында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына есеп беруге құқылы.
      Жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды малды бюджет қаражаты есебінен сатып алған жағдайда, қолда бар асыл тұқымды малын асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзу үшін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына есеп ұсынады.
      Асыл тұқымды малдың асыл тұқымдық кiтабына және асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлген деректер мүдделi тұлғалар үшiн қолжетiмдi болып табылады.
      Малдың шығу тегін, өнімділік және өзге де сапаларын растау мақсатында жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша селекциялық карточканы және асыл тұқымды мал карточкасын ресімдейді.
      Ескерту. 16-3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      16-4-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау

      1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк қолдаудың негiзгi нысаны:
      1) асыл тұқымды малдың, оның iшiнде тектiк қоры шектеулi тұқымдардың тектiк қорын сақтауға, дамытуға және қалпына келтiруге;
      2) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер үшін асыл тұқымды өнiмге (материалға) қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3) тармақша 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі.
      3) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердің селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуіне бағытталған іс-шараларды субсидиялау болып табылады.
      2. Бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдаудың бағыттарын, асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне, асыл тұқымды малдың, оның iшiнде тектiк қоры шектеулі тұқымдардың тектiк қорын сақтау және қалпына келтiру жөніндегі iс-шараларға арналған субсидиялардың нормативтерiн уәкілетті орган айқындайды.
      3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 16-4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      16-5-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми
                 зерттеулер

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулердi ауыл шаруашылығы бейiнiндегi ғылыми-зерттеу ұйымдары жүзеге асырады. Аталған ұйымдар уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттiк ғылыми-техникалық бағдарламаларды;
      2) малды бағалау, оның асыл тұқымдық құндылығына баға беру және малды өз төлінен өсіру жөніндегі нұсқаулықтарды;
      3) асыл тұқымды өнiмдi (материалды) бағалау мен генетикалық бақылау үшін әдiстемелер мен техникалық құралдарды;
      4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерiн әзірлеуді жүзеге асырады.

3-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк реттеу

       Ескерту. 3-тарау алып тасталды - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-тарау. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) тану және пайдалану
және оны бағалау

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      17-бап. Асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) тану

      1. Өнiм (материал) егер:
      1) малдың селекциялық карточкасы, асыл тұқымдық карточкасы немесе асыл тұқымдық куәлігі болған;
      2) ұрық асыл тұқымдық орталықтарда асыл тұқымды тұқымдық малдан алынған және өңделген және асыл тұқымдық куәлiгi болған;
      3) эмбрион асыл тұқымды малдан алынған және асыл тұқымдық куәлігі болған;
      4) аурудан амандығы және бактериялар қонбағандығы туралы ветеринариялық сертификаты болған;
      5) инкубациялық жұмыртқа және тәуліктік балапандар асыл тұқымды репродукторларда алынған және асыл тұқымдық куәліктері болған;
      6) уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар асыл тұқымдық шаруашылықтарда алынған және асыл тұқымдық куәліктері болған;
      7) асыл тұқымды бал ара ұялары, асыл тұқымды аналық бал аралары және бал ара пакеттері асыл тұқымдық шаруашылықтарда алынған және асыл тұқымдық куәліктері болған жағдайларда, асыл тұқымды деп танылады.
      2. Уәкілетті орган бекіткен тәртіппен халықаралық нормаларға сәйкес болған кезде, импортталған асыл тұқымдық өнiм (материал) асыл тұқымды деп танылады.
      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      18-бап. Асыл тұқымдық өнімді (материалды) пайдалану

      Асыл тұқымды малдың ұрықтары мен эмбриондары, егер:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерде алынған;
      2) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген асыл тұқымды малдан алынған;
      3) өздерін бірдейлендiруге мүмкіндік беретін жеке таңбасы болған;
      4) асыл тұқымдық куәлiктерi болған жағдайларда пайдаланылады.
      Жеке таңбасы жоқ ұрықтар мен эмбриондарды өткізуге жол берілмейді.
      Жеке және заңды тұлғалар бюджет қаражаты есебінен сатып алған асыл тұқымды және селекциялық мал уәкілетті орган бекіткен тәртіппен пайдаланылады.
      Өз төлінен өсіру үшін уәкілетті орган бекіткен тәртіппен бағалаудан өткен және бағаланған тұқымдық малды өз төлінен өсіру үшін ғана пайдаланылады.
      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      19-бап. Бағалау

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерге тиесілі асыл тұқымды және селекциялық мал міндетті түрде бағалауға жатады.
      Бағалауды бағалаушылар (сыныптаушылар) жүргізеді.
      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер бағалаудан өтпеген асыл тұқымды және селекциялық малды тұқымды өз төлінен өсіру үшін өткізуге құқылы емес.
      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      20-бап. Асыл тұқымды тұқымдық малды тексеру және бағалау

      Тұқымды өз төлінен өсіру үшін іріктелген асыл тұқымды тұқымдық мал тексеруге және бағалауға жатады.
      Асыл тұқымды тұқымдық малды тексеру және бағалау уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізіледі.
      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      21-бап.
      Ескерту. 21-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.10 № 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

5-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
субъектiлердiң қызметiн ұйымдастыру

      22-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
               субъектiлер

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.                                               Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi заңды тұлғаларды құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаларға тиiсiнше, егер Қазақстан Республикасы заңдарынан немесе құқықтық қатынастың мәнiнен өзгеше туындамаса, осы Заңның асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн реттейтiн ережелерi қолданылады.        Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нысандар бойынша деректердi есепке алуды жүргiзедi және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына есептiлiктi табыс етеді.
      Асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалар оларды уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркейді.
      Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.12.14 № 269, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10 № 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      23-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
              субъектiлердiң түрлерi

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге:
      1) асыл тұқымдық зауыттар;
      2) асыл тұқымдық шаруашылықтар;
      3) асыл тұқымдық орталықтар;
      4) дистрибьютерлiк орталықтар;
      5) бағалаушылар (сыныптаушылар);
      6) техник-ұрықтандырушылар;
      7) эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар;
      8) асыл тұқымдық репродукторлар;
      9) ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталар жатады.
      Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      24-бап. Асыл тұқымды мал зауыттары қызметiнiң негiзгi
               бағыттары

      Асыл тұқымды мал зауыттары қызметiнiң негiзгi бағыттары:
      асыл тұқымды ірі қара малды қоспағанда, құндылығы жоғары малдың белгілі бір тұқымының сынақтан өткен зауыттық және бір тұқым ішіндегі, аймақтық типін, зауыттық тұқымдық желісін өсіру, жетілдіру және сату;
      асыл тұқымды малдың, оның iшiнде тектiк қоры шектеулi тұқымдардың тектiк әлеуетiн ғылым жетiстiктерiне сәйкес жетiлдiру;
      малдың жаңа тұқымдарын және зауыттық, бір тұқым ішіндегі, аймақтық типтерін, зауыттық желілерді шығару;
      асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.
      Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 2001.12.14 № 269 Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      25-бап. Асыл тұқымдық шаруашылықтар қызметiнiң
              негiзгi бағыттары

      Ескерту. 25-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Асыл тұқымдық шаруашылықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары:
      асыл тұқымды ірі қара малды қоспағанда, асыл тұқымды малдың белгiлi бiр тұқымдарын, асыл тұқымдық желiлерiн және типтерiн, оның iшiнде шектеулi тектiк қоры бар тұқымдарды, оларды өз төлiнен өсiру, өсiру, сондай-ақ шығарылған асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) сату;
      асыл тұқымды малдың тектiк әлеуетiн ғылым жетiстiктерiне сәйкес жетілдіру;
      асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.
      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2001.12.14 № 269, өзгерістер енгізілді - 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      26-бап. Асыл тұқымдық орталықтар қызметiнің
              негiзгi бағыттары

      Ескерту. 26-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Асыл тұқымдық орталықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары:
      1) асыл тұқымды тұқымдық малдың малдың ұрығын алу, жинақтау, сақтау және оларды селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркеу;
      2) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен асыл тұқымды тұқымдық малдың асыл тұқымдық құндылығын айқындау;
      3) бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрықтарын өткізу;
      4) эмбриондарды алу, сатып алу, сақтау және өткізу;
      5) ұрық пен эмбриондарды пайдалану нәтижелерiн есепке алу, олар туралы деректер банкiн жүргiзу;
      6) тектiк қормен алмасуды жүзеге асыру;
      7) асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.
      2. Асыл тұқымдық орталықтардағы тұқымдық малдың тұқымдық, сапалық және сандық құрамын уәкілетті орган ғылыми ұйымдармен бiрлесе отырып өңірлік мамандануға, тұқымдық жерсiндiрiлуге қарай және Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыруды өткiзуге арналған ұрыққа деген қажеттiлiктерiн ескере отырып, белгiлейдi.
      Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - ҚР 2001.12.14 № 269, өзгерістер енгізілді - 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      27-бап. Дистрибьютерлік орталықтар қызметінің негізгі
               бағыттары

      Дистрибьютерлік орталықтар қызметінің негізгі бағыттары бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрығын алу, сақтау және өткізу, оларды селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркеу, сондай-ақ оларға асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.
      Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      28-бап. Бағалаушылар (сыныптаушылар),
               техник-ұрықтандырушылар және эмбриондарды телу
               (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар қызметiнiң
               негiзгi бағыттары

      1. Бағалаушылар (сыныптаушылар) қызметiнiң негiзгi бағыттары малға бағалау жүргізу болып табылады.
      2. Техник-ұрықтандырушы қызметiнiң негiзгi бағыттары ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру болып табылады.
      3. Эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар қызметiнiң негiзгi бағыттары асыл тұқымды малдың эмбриондарын алу және телу (ауыстырып салу) болып табылады.
      Ескерту. 28-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      28-1-бап. Асыл тұқымдық репродукторлар қызметiнiң негiзгi
                 бағыттары

      Асыл тұқымдық репродукторлар қызметiнiң негiзгi бағыттары:
      1) құстардың тұқымдары мен кросстарының тұқымдық желілерін және (немесе) арғы ата-енелік үйірін өсіру, жетілдіру және өткізу;
      2) құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелік үйірін өсіру, жетілдіру және өткізу;
      3) құстардың, оның ішінде тектік қоры шектеулі құстардың тектік әлеуетін ғылым жетістіктеріне сәйкес жетілдіру;
      4) асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.
      Ескерту. 28-1-баппен толықтырылды - ҚР 2001.12.14 № 269 Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      28-2-бап. Iрi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық
                 палата

      1. Iрi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палата бір немесе бірнеше тұқымның бірінші және екінші санаттардағы асыл тұқымды iрi қара малын өсiрудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн iске асыру және қорғау үшiн құрылатын және әрекет ететiн коммерциялық емес, өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.
      2. Iрi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палата заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен әдiлет органдарында тiркеледi.
      3. Қазақстан Республикасының аумағында iрi қара малдың әр тұқымы бойынша ірі қара мал тұқымдары жөніндегі бiр республикалық палата құрылады және әрекет етедi, ол облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдарын және өкiлдiктерін) құруға құқылы.
      4. Егер, бiр тұқымның бірінші және екінші санаттардағы асыл тұқымды ірі қара малын өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн бір немесе бірнеше тұқымның iрi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палаталардың қайсы бірі білдіретін болса, онда ірі қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палатаның қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы жағдайларын қоспағанда, осындай тұқым жөніндегі жеке республикалық палата құруға жол берiлмейдi.
      5. Iрi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палатаның қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен және жарғымен реттеледi.
      Ескерту. Заң 28-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      28-3-бап. Iрi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық
                палатаның өкілеттіктері

      Iрi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палата:
      1) бірінші және екінші санаттардағы асыл тұқымды ірі қара малмен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында тiркеу арқылы оны есепке алуды ұйымдастырады;
      2) табындағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты үйлестiредi;
      3) бірінші және екінші санаттардағы асыл тұқымды ірі қара малға мәртебе бередi;
      4) бірінші және екінші санаттардағы асыл тұқымды ірі қара малға асыл тұқымдық куәлiктер және селекциялық жануарларға селекциялық карточкалар берудi жүзеге асырады;
      5) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары ірі қара малдың импортталған асыл тұқымдық өніміне (материалына) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тануды жүзеге асырады;
      6) көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегiнде асыл тұқымдық өнiмге (материалға) арналған субсидияларды бөлу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      7) асыл тұқымды ірі қара мал тұқымдары бойынша асыл тұқымдық кiтапты жүргiзедi және басып шығарады;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де өкілеттіктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. Заң 28-3-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-тарау. Ауыл шаруашылығы малын қолдан ұрықтандыру және
эмбриондарды телу

      Ескерту. 6-тарау алып тасталды - ҚР 2001.12.14 № 269 Заңымен.

7-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы дауларды
шешу және оның қызметiн жүзеге асыру кезiндегi жауаптылық

      30-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
              қызметтi жүзеге асыру кезiндегi дауларды
              шешу

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.

      31-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал
              шаруашылығы туралы заңдарын бұзғаны
              үшiн жауаптылық

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
      Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-тарау. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал
шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастығы

      32-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал
              шаруашылығы саласындағы халықаралық
              ынтымақтастығы

      Қазақстан Республикасы мал шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуына жәрдемдеседi.

      33-бап. Шетелдiң қатысуымен асыл тұқымды мал
              шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық
              жасау құқығы

      Шетелдiң қатысуымен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жобаларды жүзеге асыруға қатысатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шетелдіктермен және (немесе) шетелдiк заңды тұлғалармен шарттар жасасады.
      Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi