Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 278 Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      Осы Заң асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi, асыл тұқымды малдың тектiк қорын сақтауға және көбейтуге, сондай-ақ оны өз төлiнен өсiруге және өнiмдiк сапасын жақсартуға бағытталған, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласымен айналысатын мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн реттейдi.
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 Заңымен.

1 тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) асыл тұқымды аналық бал арасы – асыл тұқымды бал ара ұясын молайтуды қамтамасыз ететін асыл тұқымды ұрықтанған аналық бал ара;
      2) асыл тұқымды бал ара ұясы – ұрпақ буынына өзінің тұқымдық белгілерін ұдайы беріп отыратын, таза тұқымды, жоғары сыныпты бал араларының жоғары өнімді бал ара ұясы;
      3) асыл тұқымдық зауыт - асыл тұқымды iрi қара малды қоспағанда, белгiлi бiр тұқымға жататын, сапалық сынақтан өткізілген құндылығы жоғары малдың зауыттық және бiр тұқым iшiндегi, аймақтық типтерін, зауыттық желiсін өсiру, жетiлдiру және өткізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға;
      4) асыл тұқымдық куәлiк – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, асыл тұқымды малдың ұрықтарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық өндіруші және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палата беретін, асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) ата-тегін, өнімділік және өзге де сапаларын растайтын құжат;
      5) асыл тұқымдық кiтап – белгiлi бiр тұқымдағы неғұрлым құнды асыл тұқымды малдың шығу тегi, өнiмдiлiгі және өзге де сапалары туралы деректер жиынтығы;
      6) асыл тұқымдық құндылық – ұрпағының шаруашылыққа пайдалы белгілеріне әсер ететін асыл тұқымды малдың тектік әлеуетінің деңгейі;
      7) асыл тұқымды мал – тұқымның өнімділік типіне, бағыты мен деңгейіне сай келетін, асыл тұқымды малдың карточкасы немесе асыл тұқымдық куәлігі бар таза тұқымды, жоғары сыныпты, өнімділігі жоғары мал;
      8) асыл тұқымды малдың карточкасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен ресімделетін, асыл тұқымды малдың шығу тегiн, өнiмдiлiк және өзге де сапаларын растайтын асыл тұқымды малды есепке алу нысаны;
      9) асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмi – асыл тұқымды малдың сандық, сапалық және тұқымдық құрамы туралы деректер жиынтығы;
      10) асыл тұқымды малдың ұрығын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық (бұдан әрi – дистрибьютерлiк орталық) – бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрығын сатып алу, сақтау және өткізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға;
      11) асыл тұқымды мал шаруашылығы – тектік әлеуеті жоғары малды өз төлінен өсіруге, оларды сақтауға және өсіруге бағытталған асылдандыру жұмысының жүйесiмен қамтылған мал шаруашылығы саласы;
      11-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің тізілімі – уәкілетті органның интернет-ресурсында қалыптастырылатын және орналастыралатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлғалардың тізбесі;
      12) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      13) асыл тұқымдық орталық – асыл тұқымды тұқымдық малды күтіп-ұстау, олардың ұрығын, эмбриондарын алу, жинақтау, сақтау және өткізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға;
      14) асыл тұқымдық репродуктор – құстардың тұқымдары мен кросстарының арғы ата-енелiк немесе ата-енелiк үйiрiн өсiру, жетiлдiру және өткiзу жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлға;
      15) асыл тұқымдық өнім (материал) – асыл тұқымды және селекциялық мал, сондай-ақ асыл тұқымды малдан алынған ұрық, эмбриондар, инкубациялық жұмыртқа, тәуліктік балапандар, уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар, бал араларының асыл тұқымды аналық бал аралары, асыл тұқымды бал ара ұялары мен бал ара пакеттері;
      16) асыл тұқымды тұқымдық мал – асыл тұқымды малды өз төлінен өсіру үшін пайдаланылатын асыл тұқымды малдың дара аталығы;
      17) асыл тұқымдық шаруашылық – асыл тұқымды iрi қара малды қоспағанда, асыл тұқымды малдың белгiлi бiр түрін, тұқымын, желілерін және типтерін өсiру мен өткізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлға;
      18) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      19) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      20) ауыл шаруашылығы малы (бұдан әрі – мал) – адам өсiретiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей қатысы бар малдардың, құстардың, балықтардың және бал араларының барлық түрi;
      21) бағалау – тиiстi сынып немесе индекс бере отырып, малды белгiлер кешенi (тұқымдылығы, өнiмдiлік сапалары, сыртқы тұрпаттық-бiтiмдiк ерекшелiктерi) бойынша бағалау;
      22) бағалаушы (сыныптаушы) – малды бағалау жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға;
      23) бал ара пакеті – құрамында асыл тұқымды ұрықтанған аналығы, тұқымдығы (кәрез пакетінде), тірі бал аралары және тасымалдау үшін қажетті бал араларының қорегі бар, асыл тұқымды бал ара ұясынан бөлінген қалемше;
      24) ен салу (таңбалау) – тиiстi малды дәл бірдейлендiруге мүмкiндiк беретiн нөмiр салу (татуировка жасау, таңба басу, сырға салу және чип салу) арқылы асыл тұқымды малды белгiлеу;
      25) желi – асыл тұқымдық және өнімділік сапалары тиісті таңдау және іріктеу жүйесімен ұсталынатын және жетілдірілетін, үздік тұқымдық тектерден тарайтын тұқымдағы асыл тұқымды мал тобы;
      26) зауыттық тип – тұқымның бір бөлігі болып табылатын, сол тұқымға ортақ қасиеттерден басқа, өнiмдiлiгi, дене тұрқы мен бiтiмiнiң сипаты жағынан өзiнiң кейбiр айрықша ерекшелiктерi бар, өсірілетін аймақтың жағдайына жақсы бейiмделген, ауруға төзiмдi мал тобы;
      27) индекстік бағалау – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен анықталған аса маңызды селекциялық белгілердің кешені бойынша малдың асыл тұқымдық құндылығының салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау әдісі;
      28) кросс – малдың бiр желiсiн басқа бiр желiсiмен будандастырудан тарайтын мал тобы;
      29) қолдан ұрықтандыру – жеке-жеке iрiктелiп алынған малды маманның бақылауымен шағылыстыру;
      30) құстардың тұқымдары мен кросстарының арғы ата-енелік тобы – құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелік тобын молайту үшін пайдаланылатын еркек және ұрғашы құстар;
      31) құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелік тобы – будандастырылған ұрпақ буыны инкубациялық жұмыртқа немесе ет өндірісі үшін пайдаланылатын еркек және ұрғашы құстар;
      32) малдың шығу тегі (ата-тегi) – асыл тұқымды малдың кемінде үш ұрпағының ата-енелерi мен тектері туралы мәлiметтер;
      33) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс – малды өсіру кезінде өнімділік бойынша ең жоғары нәтижелерге қол жеткізуге арналған дәйекті іс-қимылдардың жиынтығы;
      34) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қоры – уәкілетті орган айқындаған оператор жүргізетін, малдың табындарын жетілдіру және генетикалық әлеуетін арттыру үшін пайдаланылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілеріндегі асыл тұқымды мал туралы және селекциялық процеске тартылған мал туралы деректерді жинаудың, жинақтаудың және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі;
      35) селекциялық карточка – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдан алынған селекциялық малды есепке алу нысаны;
      36) селекциялық мал – таза тұқымды асыл тұқымдық малдан алынған, тұқымның түріне және өнімділік бағытына сай келетін мал;
      37) таза тұқымды өсіру – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыста тектес тұқымдағы малдарды пайдалана отырып, осы тұқымға тән белгілерді топтастыру және түрге бөлу мақсатында бір тұқымдағы асыл тұқымды малды өсіру;
      38) тектiк қоры шектеулi тұқым – селекциялық мақсаттарда пайдалану үшiн қажет және құрып кету қаупi төнген отандық тұқымның сирек кездесетiн және дүние жүзінде өзiне теңдесі жоқ мал тобы;
      39) техник-ұрықтандырушы – малды қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға;
      40) тұқым – адамның шығармашылық қызметiнiң ықпалымен белгiлi бiр шаруашылық және табиғи жағдайда қалыптасқан, «өз ішінде» өсiру үшiн саны жеткiлiктi және iрiктеліп, таңдалып, тектiк типіне сәйкес келетін технологиялық жағдай жасалып, қолдау көрсетілетін шаруашылық және асыл тұқымдық құндылығы, сондай-ақ оны бір түрге жататын басқа тұқымдардан ерекшелендіретін морфологиялық, физиологиялық және шаруашылыққа пайдалы қасиеттерiнің белгiлi бiр өзгешелiгi бар, шығу тегi ортақ бiр түрге жататын малдың тобы;
      41) тұқым стандарты – уәкiлеттi орган бекiткен, өнiмдiлiгi, дене тұрқы және шығу тегi бойынша тиісті тұқымдағы асыл тұқымды мал үшін қойылатын ең төмен талаптар;
      42) эмбрион – ұрықтанған жұмыртқа жасушадан дамитын ұрық;
      43) эмбриондарды телу (ауыстырып салу) – асыл тұқымды малдардан төл басын көбірек алудың биотехнологиялық әдісі;
      44) эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөнiндегi маман – жоғары өнiмдi асыл тұқымды малдың эмбриондарын алу, криоконсервациялау және ауыстырып салу жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi
              ұйымдастырудың негiзгi принциптерi

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызмет:

      тиiмдiлiгi мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;

      тұқымның сақталуын қамтамасыз ету;

      асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердiң тиiсiнше есепке алынуын қамтамасыз ету;

      асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ақпараттық жедел өңдеу және оны асыл тұқымды малды өсiрудi, пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға беру принциптерiне негiзделедi.
      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал
             шаруашылығы туралы заңдары

      Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 Заңымен.

      4-бап. Азаматтық құқық объектiсi ретiндегi асыл тұқымды
              өнiм (материал)

      Асыл тұқымды өнiм (материал) мүлiктiк және соған байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастарда азаматтық құқық объектiсi бола алады.

      Асыл тұқымдық өнiмге (материалға) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген мүлiк туралы жалпы ережелер қолданылады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5-бап. Асыл тұқымды өнiмге (материалға) меншiк құқығы және
              оны пайдалану

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) жеке және заңды тұлғалардың меншiктену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6-бап. Асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) айналымда
              болуы

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) өткізуді жүзеге асырады.

      Асыл тұқымды өнiмге (материалға) меншiк құқығынан айыруға немесе оның ауысуына осы Заңның ережелерiне сәйкес берiлетiн асыл тұқымдық куәлік болған жағдайда рұқсат етiледi.
      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.12.14 N 269 , 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      7-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
             субъектiлердiң  экономикалық қызметiнiң
             ерекшелiктерi

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құрылып, жұмыс iстейдi.

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн қайта бейiмдеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жол берiледi.
      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 Заңымен.

      8-бап. Жердi және су объектiлерiн асыл тұқымды мал
             шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану

      Жер учаскелерi мен су тоғандары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден асыл тұқымды мал өсiру үшiн жеке және заңды тұлғаларға берiледi.
      Жер учаскелерi мен су тоғандарын беру тәртiбi және пайдалану режимi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Жер учаскесi мен суаттарға құқық, оларды беру тәртiбi мен пайдалану режимi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

      9-бап. Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты мен импорты

      Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы және ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
       Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты уәкiлеттi орган берген ветеринариялық сертификат және асыл тұқымдық куәлiк болған кезде жүзеге асырылады.
      Асыл тұқымдық өнiм (материал) импорты экспорттаушы елдiң құзыретті органдары берген және уәкiлеттi орган таныған ветеринариялық сертификат және асыл тұқымдық куәлiк немесе оған барабар құжаттар болған кезде жүзеге асырылады.
      Ұрықтың импортын одан әрі өткізу мақсатында асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтар жүзеге асырады.
      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік
реттеу

      Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      10-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал
               шаруашылығы жүйесі

      Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жүйесіне:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
      2) уәкілетті орган;
      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;
      4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер кіреді.

      11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
      2) мыналарды:
      асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың салалық бағдарламаларын;
      асыл тұқымды, оның ішінде тектік қоры шектеулі малдың тектік қорын сақтау және пайдаланудың салалық бағдарламаларын;
      асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әрбір түріне субсидиялар нормативтерін;
      асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары бойынша субсидиялау тәртібін;
      асыл тұқымдық зауыттарды, асыл тұқымдық шаруашылықтарды және асыл тұқымдық репродукторларды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштерін;
      жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, асыл тұқымды, оның ішінде тектік қоры шектеулі малдың тектік қорын сақтау және пайдалану бағдарламалары шеңберінде бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды пайдалануы тәртібін;
      мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандарын;
      асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру тәртібін;
      асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібін бекіту;
      3) асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау бағыттарын айқындау;
      4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
      5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
      6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      12-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
               мемлекеттік басқару органдары

      1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік басқару органдарына асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган жатады.
      2. Уәкілетті органның басшысы ведомство басшысына «Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы» арнайы атауын беруге құқылы.
      Ведомство басшысы «Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының орынбасары» арнайы атауын, ал ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің тиісті лауазымдарына – «асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспектор» және «асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспектордың орынбасары» арнайы атауларын беруге құқылы.
      Ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында тікелей мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамдары асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады.

      13-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
      2) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың салалық бағдарламаларын; асыл тұқымды, оның ішінде тектік қоры шектеулі малдың тектік қорын сақтау және пайдаланудың салалық бағдарламаларын әзірлейді;
      3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
      4) малды бағалау, оның асыл тұқымдық құндылығына баға беру және малды өз төлінен өсіру жөніндегі нұсқаулықтарды бекітеді;
      5) тұқым стандартын бекітеді;
      6) асыл тұқымдық зауыттарды, асыл тұқымдық шаруашылықтарды және асыл тұқымдық репродукторларды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштерін әзірлейді;
      7) өз құзыреті шегінде мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
      8) асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру тәртібін әзірлейді;
      9) асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібін әзірлейді;
      10) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы және асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
      11) асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      12) асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      13) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      13-1) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
      13-2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
      14) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібін әзірлейді және бекітеді және оны тануды жүзеге асырады;
      15) мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысандарын әзірлейді;
      16) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін асыл тұқымдық өнімге (материалға) қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында басым тәртіппен субсидиялауға жататын мал тұқымдарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      17) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, асыл тұқымды, оның ішінде тектік қоры шектеулі малдың тектік қорын сақтау және пайдалану бағдарламалары шеңберінде ғылыми ұйымдармен бірлесе отырып, асыл тұқымдық орталықтардағы асыл тұқымды тұқымдық малдың тұқымдық, сапалық және сандық құрамын айқындайды;
      18) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді және статистикалық ақпарат қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
      19) бағалау туралы деректердің мониторингін жүргізеді және оның нәтижелері туралы мүдделі адамдарды хабардар етеді;
      20) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімі деректерінің мониторингін жүргізеді және оның нәтижелері туралы мүдделі адамдарды хабардар етеді;
      21) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді және басып шығарады;
      22) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы жаңа селекциялық жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізеді;
      23) өткізілетін асыл тұқымды өнімге (материалға) берілетін асыл тұқымдық куәліктер деректерінің дәйектілігіне бақылауды жүзеге асырады;
      24) жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, асыл тұқымды, оның ішінде тектік қоры шектеулі малдың тектік қорын сақтау және пайдалану бағдарламалары шеңберінде бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды пайдалану тәртібін әзірлейді;
      25) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      26) асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) әрбір түріне субсидиялар нормативтерін әзірлейді;
      27) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары бойынша субсидиялау тәртібін әзірлейді;
      28) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      29) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерін, жартыжылдық тексерулер жүргізудің жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
      30) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
      31) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
      32) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
               астананың жергілікті атқарушы органдарының
               құзыреті

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтау және дамыту жөніндегі облыстық (өңірлік) бағдарламаларды әзірлейді;
      2) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізеді және басып шығарады;
      3) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) әрбір түріне субсидияларды іске асырады;
      4) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізеді;
      5) ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталардың ұсыныстарын ескере отырып, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiнiң әрбiр түрi және әрбір субъект бойынша субсидиялануға жататын, өткізілетін асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) жыл сайынғы квотасын көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегiнде айқындайды;
      6) құндылығы жоғары асыл тұқымды малды тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында бағалау туралы деректерді қорытады және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етеді;
      7) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асырады;
      8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      15-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың
               жергілікті атқарушы органдарының құзыреті

      Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асырады;
      2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу үшін деректер жинауды жүзеге асырады;
      3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден және асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалардан бекітілген нысандар бойынша есептер қабылдайды;
      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша бағалау туралы деректерді қабылдап, қорытады және оның нәтижелері туралы мүдделі адамдарды хабардар етеді;
      5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымдық өнімді (материалды) жыл сайынғы өткізу көлемдеріне өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады;
      6) асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палата беретін асыл тұқымдық куәліктердің есебін жүргізеді;
      7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      16-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
               мемлекеттiк бақылау

      1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау – уәкілетті органның лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарының жиынтығы.
      2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттік инспекторлар:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер мен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларының негізінде бюджет қаражаты есебінен субсидия алған жеке және заңды тұлғалардағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың жай-күйіне, оны есепке алуға және оның есептілігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
      2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің малды күтіп-ұстау, азықтандыру, сондай-ақ асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сақтау жағдайларының талаптарына сәйкестігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
      3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер көрсететiн малды бағалау және өз төлiнен өсiру жөнiндегі қызметтердің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
      4) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары шеңберінде бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы тәртібіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
      5) өткізілетін өнімге (материалға) асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымдық мал орталығы, дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталар беретін асыл тұқымдық куәліктерде көрсетілген деректердің дәйектілігін тексеруге;
      6) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға;
      7) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағаны туралы хабарламаларды қабылдауға құқылы.
      4. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың өз құзыретi шегiндегі актілерiн асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларының негізінде бюджет қаржысы есебінен субсидия алған жеке және заңды тұлғалардың орындауы мiндеттi.
      5. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгіне) жоғары тұрған органдарға және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      16-1-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
                 мемлекеттiк реттеу

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу:
      1) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылау жүргізу;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер және малдың тектік қорын сақтау, дамыту және пайдалану бойынша селекция жүргізу;
      4) асыл тұқымды, оның ішінде тектік қоры шектеулі малдың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялау;
      5) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін асыл тұқымдық өнімге (материалға) қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды субсидиялау;
      6) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шараларын субсидиялау;
      7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізу;
      8) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу;
      9) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 16-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      16-2-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
                 қызметтің басталғаны туралы хабарлама жасау

      1. Жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағанға дейін ол туралы уәкілетті органға «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабарлама жасауға міндетті.
      2. Асыл тұқымдық зауыттар, асыл тұқымдық шаруашылықтар немесе асыл тұқымдық репродукторлар ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлғалар:
      1) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу немесе лизинг құқығында материалдық-техникалық базаға иелік етуге;
      2) асыл тұқымдық зауытты немесе асыл тұқымдық шаруашылықты немесе асыл тұқымдық репродукторды бағалаудың ең төменгі көрсеткішіне сай болуға;
      3) малға өз өнiмдiлiгi және ұрпағының сапасы бойынша бағалау (асыл тұқымдық зауыттар үшiн) жүргiзуге;
      4) асыл тұқымды малға бағалау жүргізуге;
      5) штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы міндетті.
      3. Асыл тұқымдық зауыттар, асыл тұқымдық шаруашылықтар немесе асыл тұқымдық репродукторлар ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлғалар хабарламаға мыналардың:
      1) жеке куәліктің көшірмесін (жеке тұлғалар үшін);
      2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманы (заңды тұлға үшін);
      3) жеке және заңды тұлғалар мамандарының қатысуымен ғылыми ұйымдардың ғалымдары әзірлеген, тұқымдары, типтері, кросстары сапалық анықтаудан өткізілген немесе жасалған малмен жүргізілетін селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жоспарының көшірмесін;
      4) мыналарды:
      тұқымы сапалық сынақтан өткізілген асыл тұқымды малды, бір тұқым ішіндегі және зауыттық типтерді, зауыттық желiлер мен белгiлi бiр тұқым кросстарын күтіп-ұстауды және пайдалануды (асыл тұқымдық зауыттар үшiн);
      тұқымы сапалық сынақтан өткізілген асыл тұқымды мал төлін, бір тұқым ішіндегі және зауыттық типтерді, зауыттық желiлер мен белгiлi бiр тұқым кросстарын бағыттап өсiрудi (асыл тұқымдық зауыттар үшiн);
      малды өз өнiмдiлiгi және ұрпағының сапасы бойынша бағалау жөнiндегi бақылау-сынақтан өткiзу аулалары мен пункттерiнiң жұмыс iстеуiн (асыл тұқымдық зауыттар үшiн);
      асыл тұқымды малдың белгiлi бiр түрін, тұқымын, желiлері мен типтерін өсiруді және өткізуді (асыл тұқымдық шаруашылықтар үшін);
      құстардың тұқымдары мен кросстарының желілерін және (немесе) арғы ата-енелiк үйiрiн өсiруді, жетiлдiруді және өткізуді (бірінші реттегі асыл тұқымдық репродукторлар үшін);
      құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелiк үйiрiн өсiруді, жетiлдiруді және өткізуді (екінші реттегі асыл тұқымдық репродукторлар үшін) қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында материалдық-техникалық базасының болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелерін;
      5) объектіге жасалған ветеринариялық-санитариялық қорытындының және есепке алу нөмірінің берілгені туралы растаудың көшірмелерін;
      6) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері берген жұқпалы аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қойдың эпидидимиті, хламидиоз, жылқының күйеңкі ауруы, эпизоотиялық лимфангит) бойынша, сондай-ақ Халықаралық эпизоотиялық бюро тізіміндегі аурулар бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы ветеринариялық анықтаманың көшірмесін қоса береді.
      4. Асыл тұқымдық орталық ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға:
      1) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу немесе лизинг құқығында материалдық-техникалық базаға иелік етуі;
      2) малға өз өнiмдiлiгi және ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргiзуі;
      3) асыл тұқымды малға бағалау жүргізуі;
      4) штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы міндетті.
      Хабарламаға осы баптың 3-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ:
      1) жоғары өнiмдi асыл тұқымды тұқымдық малдың болуын растайтын асыл тұқымдық куәліктердің;
      2) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында өндірістік үй-жайларының (ауыл шаруашылығы малының тұқымдық малын күтіп-ұстауға арналған үй-жайдың, тұқымдық малдың ұрығын төменгi температурада мұздатуға және сақтауға арналған зертхананың, ветеринариялық-санитариялық тексеру өткізетін орынның, карантиндік үй-жайдың, изолятордың, зертханалық және криогендiк жабдықтардың) болуын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың;
      3) сәйкестендіру жүргізуді растайтын ветеринариялық паспорттардың;
      4) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстардың ақпараттық базасының болуын растайтын жергілікті атқарушы органның анықтамасының көшірмелері қоса беріледі.
      5. Дистрибьютерлік орталық ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға:
      1) меншік немесе ұзақ мерзімді (бес жылдан кем емес) жалға алу немесе лизинг құқығында материалдық-техникалық базаға иелік етуі;
      2) штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы міндетті.
      Хабарламаға осы баптың 3-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ стационарлық биоқоймалары бар өндiрiстiк үй-жайларды, зертханалық және криогендiк жабдықтарды қоса алғанда, меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында материалдық-техникалық базасының болуын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
      6. Малдың белгілі бір түрі және өнімділігінің бағыты бойынша бағалаушы (сыныптаушы) ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:
      1) жеке куәлігінің;
      2) «зоотехния» немесе «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология» тиісті мамандығы бойынша білімі туралы дипломның;
      3) ауыл шаруашылығы малының тиісті түрі бойынша бағалау курстарынан өткендігі туралы сертификаттың көшірмелерін қоса береді.
      7. Техник-ұрықтандырушы ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:
      1) жеке куәлігінің;
      2) «зоотехния» немесе «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология» немесе «ветеринария» тиісті мамандығы бойынша білімі туралы дипломның немесе осы бейін бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттың;
      3) ауыл шаруашылығы малын қолдан ұрықтандыру курстарынан өткендігі туралы сертификаттың;
      4) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында материалдық-техникалық базасының (зертханалық үй-жайдың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрал-саймандардың, криогендiк жабдықтардың) болуын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелерін қоса береді.
      8. Эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі маман ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:
      1) жеке куәлігінің;
      2) «зоотехния» немесе «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология» немесе «ветеринария» тиісті мамандығы бойынша білімі туралы дипломның;
      3) ауыл шаруашылығы малының эмбриондарын телу (ауыстырып салу) бойынша курстардан өткендігі туралы сертификаттың;
      4) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында материалдық-техникалық базасының (зертханалық үй-жайдың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрал-саймандардың, криогендiк немесе технологиялық жабдықтардың) болуын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелерін қоса береді.
      9. Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палаталар асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметін уәкілетті органға хабарлама жасамай-ақ жүзеге асырады.
      10. Осы бапта көзделген құжаттарды ұсыну оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда, талап етілмейді.
      Құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы берілген жағдайда құжаттар электрондық нысанда ұсынылады.
      Ескерту. 16-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      16-3-бап. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) мемлекеттiк
                 есепке алу

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларының негізінде бюджет қаржысы есебінен субсидия алған жеке және заңды тұлғаларға тиесілі асыл тұқымды өнiм (материал) мемлекеттiк есепке алынуға жатады.
      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң асыл тұқымды малының саны, сапасы мен өнiмдiлiгi туралы деректер асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне малдың түрлерi мен тұқымдары бойынша енгiзiледi.
      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердің малдың шығу тегі, өнімділігі және асыл тұқымдық қасиеттері неғұрлым құнды асыл тұқымды мал туралы деректері асыл тұқымдық кітапқа енгізіледі.
      Асыл тұқымды малы бар және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды өнiмдi (материалды) есепке алуды жүргiзуге және қолда бар асыл тұқымды малдарын асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзу мақсатында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына есеп беруге құқылы.
      Жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, асыл тұқымды, оның ішінде тектік қоры шектеулі малдың тектік қорын сақтау және пайдалану бағдарламалары шеңберінде асыл тұқымды малды бюджет қаражаты есебінен сатып алған жағдайда ғана қолда бар асыл тұқымды малын асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзу үшін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына есеп береді.
      Асыл тұқымды малдың асыл тұқымдық кiтабына және асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлген деректер мүдделi тұлғалар үшiн қолжетiмдi болып табылады.
      Малдың шығу тегін, өнімділік және өзге де қасиеттерін растау мақсатында жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкіметі  бекіткентәртіппен және нысан бойынша селекциялық карточка және асыл тұқымды мал карточкасын рәсімдейді.

      16-4-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау

      1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары негiзiнде бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк қолдаудың негiзгi нысаны:
      1) асыл тұқымды малдың, оның iшiнде тектiк қоры шектеулi тұқымдардың тектiк қорын сақтауға, дамытуға және қалпына келтiруге;
      2) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер үшін асыл тұқымды өнiмге (материалға) қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3) тармақша 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі.
      3) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердің селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуіне бағытталған іс-шараларды субсидиялау болып табылады.
      2. Бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдаудың бағыттарын, асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне, асыл тұқымды малдың, оның iшiнде тектiк қоры шектеулі тұқымдардың тектiк қорын сақтау және қалпына келтiру жөніндегі iс-шараларға арналған субсидиялардың нормативтерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.
      3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

      16-5-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми
                 зерттеулер

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулердi ауыл шаруашылығы бейiнiндегi ғылыми-зерттеу ұйымдары жүзеге асырады. Аталған ұйымдар уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттiк ғылыми-техникалық бағдарламаларды;
      2) малды бағалау, оның асыл тұқымдық құндылығына баға беру және малды өз төлінен өсіру жөніндегі нұсқаулықтарды;
      3) асыл тұқымды өнiмдi (материалды) бағалау мен генетикалық бақылау үшін әдiстемелер мен техникалық құралдарды;
      4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерiн әзірлеуді жүзеге асырады.

3-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк реттеу

       Ескерту. 3-тарау алып тасталды - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-тарау. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) тану және пайдалану
және оны бағалау

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      17-бап. Асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) тану

      1. Өнiм (материал) егер:
      1) малдың селекциялық карточкасы, асыл тұқымдық карточкасы немесе асыл тұқымдық куәлігі болған;
      2) ұрық асыл тұқымдық орталықтарда асыл тұқымды тұқымдық малдан алынған және өңделген және асыл тұқымдық куәлiгi болған;
      3) эмбрион асыл тұқымды малдан алынған және асыл тұқымдық куәлігі болған;
      4) аурудан амандығы және бактериялар қонбағандығы туралы ветеринариялық сертификаты болған;
      5) инкубациялық жұмыртқа және тәуліктік балапандар асыл тұқымды репродукторларда алынған және асыл тұқымдық куәліктері болған;
      6) уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар асыл тұқымдық шаруашылықтарда алынған және асыл тұқымдық куәліктері болған;
      7) асыл тұқымды бал ара ұялары, асыл тұқымды аналық бал аралары және бал ара пакеттері асыл тұқымдық шаруашылықтарда алынған және асыл тұқымдық куәліктері болған жағдайларда, асыл тұқымды деп танылады.
      2. Уәкілетті орган бекіткен тәртіппен халықаралық нормаларға сәйкес болған кезде, импортталған асыл тұқымдық өнiм (материал) асыл тұқымды деп танылады.
      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      18-бап. Асыл тұқымдық өнімді (материалды) пайдалану

      Асыл тұқымды малдың ұрықтары мен эмбриондары, егер:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерде алынған;
      2) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген асыл тұқымды малдан алынған;
      3) өздерін бірдейлендiруге мүмкіндік беретін жеке таңбасы болған;
      4) асыл тұқымдық куәлiктерi болған жағдайларда пайдаланылады.
      Жеке таңбасы жоқ ұрықтар мен эмбриондарды өткізуге жол берілмейді.
      Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, асыл тұқымды, оның ішінде тектік қоры шектеулі малды сақтау және пайдалану бағдарламалары шеңберінде бюджет қаражаты есебінен жеке және заңды тұлғалар алған асыл тұқымды мал Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен пайдаланылады.
      Өз төлінен өсіру үшін уәкілетті орган бекіткен тәртіппен бағалаудан өткен және бағаланған тұқымдық малды өз төлінен өсіру үшін ғана пайдаланылады.
      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      19-бап. Бағалау

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерге тиесілі асыл тұқымды және селекциялық мал міндетті түрде бағалауға жатады.
      Бағалауды бағалаушылар (сыныптаушылар) жүргізеді.
      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер бағалаудан өтпеген асыл тұқымды және селекциялық малды тұқымды өз төлінен өсіру үшін өткізуге құқылы емес.
      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      20-бап. Асыл тұқымды тұқымдық малды тексеру және бағалау

      Тұқымды өз төлінен өсіру үшін іріктелген асыл тұқымды тұқымдық мал тексеруге және бағалауға жатады.
      Асыл тұқымды тұқымдық малды тексеру және бағалау уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізіледі.
      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      21-бап.
      Ескерту. 21-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

5-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
субъектiлердiң қызметiн ұйымдастыру

      22-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
               субъектiлер

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады. 

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi заңды тұлғаларды құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаларға тиiсiнше, егер Қазақстан Республикасы заңдарынан немесе құқықтық қатынастың мәнiнен өзгеше туындамаса, осы Заңның асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн реттейтiн ережелерi қолданылады.

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нысандар бойынша деректердi есепке алуды жүргiзедi және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына есептiлiктi табыс етеді.
      Асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалар оларды уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркейді.
      Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.12.14 N 269 , 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      23-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
              субъектiлердiң түрлерi

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге:
      1) асыл тұқымдық зауыттар;
      2) асыл тұқымдық шаруашылықтар;
      3) асыл тұқымдық орталықтар;
      4) дистрибьютерлiк орталықтар;
      5) бағалаушылар (сыныптаушылар);
      6) техник-ұрықтандырушылар;
      7) эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар;
      8) асыл тұқымдық репродукторлар;
      9) ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталар жатады.
      Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      24-бап. Асыл тұқымды мал зауыттары қызметiнiң негiзгi
               бағыттары

      Асыл тұқымды мал зауыттары қызметiнiң негiзгi бағыттары:

      асыл тұқымды ірі қара малды қоспағанда, құндылығы жоғары малдың белгілі бір тұқымының сынақтан өткен зауыттық және бір тұқым ішіндегі, аймақтық типін, зауыттық тұқымдық желісін өсіру, жетілдіру және сату;

      асыл тұқымды малдың, соның iшiнде шектеулi тектiк қоры бар тұқымдардың тектiк әлеуетiн асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың бекiтiлген бағдарламалары шеңберiнде және ғылым жетiстiктерiне сәйкес жетiлдiру;

      малдың жаңа тұқымдарын және зауыттық, бір тұқым ішіндегі, аймақтық типтерін, зауыттық желілерді шығару; P080751

      асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.
      Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 2001.12.14 N 269 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      25-бап. Малды асылдандырушы шаруашылықтар қызметiнiң
              негiзгi бағыттары

      Малды асылдандырушы шаруашылықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары:

      асыл тұқымды ірі қара малды қоспағанда, асыл тұқымды малдың белгiлi бiр тұқымдарын, асыл тұқымдық желiлерiн және типтерiн, оның iшiнде шектеулi тектiк қоры бар тұқымдарды, оларды өз төлiнен өсiру, өсiру, сондай-ақ шығарылған асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) сату;

      асыл тұқымды малдың тектiк әлеуетiн асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың бекiтiлген бағдарламалары шеңберiнде және ғылым жетiстiктерiне сәйкес жетілдіру;

      асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.
      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2001.12.14 N 269 , өзгеріс енгізілді - 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      26-бап. Малды асылдандырушы орталықтар қызметiнің
              негiзгi бағыттары

      1. Малды асылдандырушы орталықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары:

      1) асыл тұқымды тұқымдық малдың малдың ұрығын алу, жинақтау, сақтау және оларды селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркеу;

      2) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен асыл тұқымды тұқымдық малдың асыл тұқымдық құндылығын айқындау;

      3) бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрықтарын өткізу;

      4) эмбриондарды алу, сатып алу, сақтау және өткізу;

      5) ұрық пен эмбриондарды пайдалану нәтижелерiн есепке алу, олар туралы деректер банкiн жүргiзу;

      6) тектiк қормен алмасуды жүзеге асыру;

      7) асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.

      2. Малды асылдандырушы орталықтардағы тұқымдық малдың тұқым, сапалық және сан құрамын уәкілетті орган ғылыми ұйымдармен бiрлесе отырып, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының шеңберiнде аймақтық мамандануға, тұқым жерсiндiрiлуiне қарай және Қазақстан Республикасының аналық малды қолдан ұрықтандыруды өткiзуге арналған ұрыққа деген қажеттiлiктерiн ескере отырып, белгiлейдi.
      Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - ҚР 2001.12.14 N 269 , өзгеріс енгізілді - 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      27-бап. Дистрибьютерлік орталықтар қызметінің негізгі
               бағыттары

      Дистрибьютерлік орталықтар қызметінің негізгі бағыттары бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрығын алу, сақтау және өткізу, оларды селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркеу, сондай-ақ оларға асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.
      Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      28-бап. Бағалаушылар (сыныптаушылар),
               техник-ұрықтандырушылар және эмбриондарды телу
               (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар қызметiнiң
               негiзгi бағыттары

      1. Бағалаушылар (сыныптаушылар) қызметiнiң негiзгi бағыттары малға бағалау жүргізу болып табылады.
      2. Техник-ұрықтандырушы қызметiнiң негiзгi бағыттары малды қолдан ұрықтандыру болып табылады.
      3. Эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар қызметiнiң негiзгi бағыттары асыл тұқымды малдың эмбриондарын алу және телу (ауыстырып салу) болып табылады.
      Ескерту. 28-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      28-1-бап. Асыл тұқымдық репродукторлар қызметiнiң негiзгi
                 бағыттары

      Асыл тұқымдық репродукторлар қызметiнiң негiзгi бағыттары:
      1) құстардың тұқымдары мен кросстарының тұқымдық желілерін және (немесе) арғы ата-енелік үйірін өсіру, жетілдіру және өткізу;
      2) құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелік үйірін өсіру, жетілдіру және өткізу;
      3) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың бекітілген бағдарламалары шеңберінде және ғылым жетістіктеріне сәйкес асыл тұқымды, оның ішінде гендік қоры шектеулі құстардың тектік әлеуетін жетілдіру;
      4) асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.
      Ескерту. 28-1-баппен толықтырылды - ҚР 2001.12.14 N 269 Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      28-2-бап. Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық
                 палата

      1. Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата асыл тұқымды ірі қара мал өсіруді жүзеге асыратын, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін іске асыру және қорғау үшін құрылатын және қызмет ететін коммерциялық емес, өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.
      2. Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте әділет органдарында тіркеледі.
      Қазақстан Республикасының аумағында ірі қара малдың әр тұқымы бойынша бір республикалық палата құрылады және қызмет етеді, ол облыстың және республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдар және өкілдіктер) құруға құқылы.
      Егер, ірі қара малдың бір тұқымының мүддесі Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін ірі қара малдың бірнеше тұқымдары бойынша қандай да бір республикалық палатамен қорғалса, жұмыс істеп тұрған республикалық палатаның қайта құрылуы немесе таратылуы жағдайларын қоспағанда, ірі қара малдың бұл тұқымы бойынша жеке республикалық палатаны құруға жол берілмейді.
      Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палатаның қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен және жарғымен реттеледі.
      Ескерту. Заң 28-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      28-3-бап. Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық
                 палатаның құзіреті

      Ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталар:
      1) тиісті тұқымдағы асыл тұқымды малды есепке алуды ұйымдастырады және оларды селекциялық және асылдандыру жұмысының ақпарат қорына тіркеу арқылы деректер қорын жүргізуді жүзеге асырады;
      2) табындағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты үйлестіреді;
      3) асыл тұқымды малға мәртебе береді;
      4) асыл тұқымдық куәліктер беруді жүзеге асырады;
      5) аталған мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде субсидиялауға жататын, өткізілетін асыл тұқымды өнімнің (материалдың) жыл сайынғы квотасын айқындауға қатысады;
      6) асыл тұқымдық кітапты жүргізеді және басып шығарады;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
      Ескерту. Заң 28-3-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-тарау.

      Ескерту. 6-тарау алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 Заңымен.

7-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы дауларды
шешу және оның қызметiн жүзеге асыру кезiндегi жауаптылық

      30-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
              қызметтi жүзеге асыру кезiндегi дауларды
              шешу

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.

      31-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал
              шаруашылығы туралы заңдарын бұзғаны
              үшiн жауаптылық

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
      Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-тарау. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал
шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастығы

      32-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал
              шаруашылығы саласындағы халықаралық
              ынтымақтастығы

      Қазақстан Республикасы мал шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуына жәрдемдеседi.

      33-бап. Шетелдiң қатысуымен асыл тұқымды мал
              шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық
              жасау құқығы

      Шетелдiң қатысуымен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жобаларды жүзеге асыруға қатысатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шетелдіктермен және (немесе) шетелдiк заңды тұлғалармен шарттар жасасады.
      Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi