Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 278 Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      Осы Заң асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi, асыл тұқымды малдың тектiк қорын сақтауға және көбейтуге, сондай-ақ оны өз төлiнен өсiруге және өнiмдiк сапасын жақсартуға бағытталған, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласымен айналысатын мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн реттейдi.
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 Заңымен.

1 тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) асыл тұқымдық куәлік - аттестацияланған асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, дистрибьютерлік орталық беретін, асыл тұқымды малдың шығу тегін, өнімділігін және өзге де сапасын, сондай-ақ ата-енесінің шығу тегін және ұрықтың немесе эмбрионның сапасын растайтын құжат;

      2) асыл тұқымдық құндылық - асыл тұқымды малдың тектік әлеуетінің төлдің шаруашылыққа пайдалы белгілеріне ықпал ететін деңгейі;

      3) асыл тұқымды мал - өнімділік типіне, бағыты мен деңгейіне, тұқым стандартына сай келетін, құжатпен расталған шығу тегі бар таза тұқымды, тұқымы жақсы, өнімділігі жоғары мал;

      4) асыл тұқымды малдың мемлекеттік кітабы - Қазақстан Республикасында бар, шығу тегі, өнімділігі мен асыл тұқымдық сапасы жағынан неғұрлым құнды белгілі бір тұқымға жататын мал туралы деректер жиынтығы;

      5) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімі - асыл тұқымды малдың және асыл тұқымды мал табындарының сан және тұқым құрамы туралы деректер жиынтығы;

      6) асыл тұқымды мал зауыты - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, сапасы анықтаудан өткен зауыттық, бір тұқым ішіндегі, аймақтық типке, зауыттық тұқымдық желіге, кроссқа, белгілі бір тұқым тобына жататын құндылығы жоғары малды өсірумен, жетілдірумен және сатумен айналысатын шаруашылық жүргізуші субъект;

      7) асыл тұқымды мал шаруашылығы - мал шаруашылығының малды асылдандыру жұмысының жүйесімен қамтылған, тектік әлеуеті жоғары малды өз төлінен өсіруге, оларды сақтауға және өсіруге бағытталған саласы;

      8) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты берілген өкілеттік шегінде іске асыратын орталық атқарушы орган;

      9) асыл тұқымды өнім (материал) - асыл тұқымды мал, оның ұрығы, эмбриондары;

      10) асыл тұқымды өнім (материал) сату жөніндегі дистрибьютерлік орталық (бұдан әрі - дистрибьютерлік орталық) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, асылдандырушылар деп танылған асыл тұқымды малдың ұрығы мен эмбриондарын сатып алуға, сақтауға және сатуға маманданған заңды тұлға;

      11) аттестат - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы беретін, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін мемлекеттің тануын куәландыратын құжат;

      12) аттестаттау - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында субъектілерді кезең-кезеңімен жүргізілетін комиссиялық бағалау;

      13) бағалау - малдың асыл тұқымдық құндылығының деңгейін тиісті сынып бере отырып, оларды белгілер кешені (тұқымдылығы, өнімдік сапасы, сыртқы тұрпаттық-бітімдік ерекшеліктері) бойынша бағалау арқылы анықтау;

      14) ен салу (таңбалау) - тиісті малды дәл сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нөмір салу (татуировка жасау, таңба басу, сырға тағу) арқылы асыл тұқымды малды белгілеу;

      15) зауыттық тип - тұқымның бір бөлігі болып табылатын, сол тұқымға ортақ қасиеттермен қатар өнімділігі, тұрқы мен бітімінің сипаты жөнінен өзінің кейбір айрықша ерекшеліктері бар, өсірілетін аймақтың жағдайына жақсы бейімделген, ауруға төзімді ауыл шаруашылық малының тобы;

      16) кросс - малдың бір тұқымдық желісін басқа бір тұқымдық желісімен шағылыстырудан тарайтын мал тобы;

      17) қолдан шағылыстыру - жеке-жеке іріктеліп алынған малды маманның бақылауымен шағылыстыру;

      18) мал - адам өсіретін, ауыл шаруашылық өндірісіне тікелей қатысы бар ауыл шаруашылығы малы мен құсының барлық түрі;

      19) малды асылдандырушы орталық - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, асыл тұқымды тұқымдық мал ұстайтын, олардың ұрығын алумен, жинақтаумен, сақтаумен, сондай-ақ асылдандырушылар деп танылған тұқымдық малдың ұрығын сатумен айналысатын заңды тұлға;

      20) малды асылдандырушы шаруашылық - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, белгілі бір түр мен тұқымға жататын асыл тұқымды малды өсіру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект;

      21) малды өз төлінен өсіру жөнінде қызмет көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғалар - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, малды өз төлінен өсіру жөнінде қызмет көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

      22) малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнінде қызмет көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғалар - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органында аттестаттаудан өткен жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

      23) малдың ата-тегі - бірнеше буын төлдің ата-енесі және арғы тегі туралы мәліметтер келтірілген, асыл тұқымды малдың шығу тегі;

      24) тұқым - адамның шығармашылық қызметінің ықпалымен белгілі бір шаруашылық және табиғи жағдайда қалыптасқан, "өз ішінде" өсіру үшін саны жеткілікті және іріктеп алып, іріктеп бөліп, тектік типіне сәйкес келетін технологиялық жағдай жасап, қолдау көрсетілетін шаруашылық және асыл тұқымдық құндылығы, сондай-ақ оны бір түрге жататын басқа тұқымдардан ерекшелендіретін морфологиялық, физиологиялық және шаруашылыққа пайдалы қасиеттерінің белгілі бір өзгешелігі бар шығу тегі ортақ бір түріне жататын ауыл шаруашылық малының тобы;

      25) тұқымдық желі - бір немесе бірнеше үздік тұқымдық малдан тарайтын ауыл шаруашылық малының бір тұқым ішіндегі немесе тұқымаралық тобы;

      26) тұқым стандарты - малды бағалаған кезде өнімділігі, тұрқының типі мен шығу тегі жөнінен тұқымға қойылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нормативтік құжаттарда белгіленген ең төмен талаптар;

      27) тұқым тобы - тұқымдағы үздік аналық малдан тарайтын буындағы ұрғашы малдан тұратын өнімділігі жоғары асыл тұқымды мал тобы;

      28) шектеулі тектік қоры бар тұқым - сирек кездесетін және дүние жүзінде өзіне ұқсасы жоқ, селекциялық мақсаттарда пайдалану үшін қажет және құрып кету қаупі төнген отандық тұқымға жататын мал тобы;

      29) эмбрион - ұрықтанған жұмыртқа клеткадан дамитын ұрық;

      30) эмбриондарды телу (алмастырып салу) - құндылығы жоғары малдан төл басын көбірек алудың биотехнологиялық тәсілі.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      2-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi
              ұйымдастырудың негiзгi принциптерi

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызмет:

      тиiмдiлiгi мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;

      тұқымның сақталуын қамтамасыз ету;

      асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердiң тиiсiнше есепке алынуын қамтамасыз ету;

      асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ақпараттық жедел өңдеу және оны асыл тұқымды малды өсiрудi, пайдалануды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға беру принциптерiне негiзделедi.

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы жұмыстарды орындауды тиiстi бiлiктiлiгi бар қызметкерлер жүзеге асырады.

      3-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал
             шаруашылығы туралы заңдары

      Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 Заңымен.

      4-бап. Азаматтық құқық объектiсi ретiндегi асыл тұқымды
              өнiм (материал)

      Асыл тұқымды өнiм (материал) мүлiктiк және соған байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастарда азаматтық құқық объектiсi бола алады.

      Егер осы Заңда және өзге де заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, асыл тұқымды өнiмге (материалға) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген мүлiк туралы жалпы ережелер қолданылады.

      5-бап. Асыл тұқымды өнiмге меншiк құқығы және оны
              пайдалану

      Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) заңды және жеке тұлғалардың меншiктену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.

      6-бап. Асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) айналымда
              болуы

      Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғана сатуға болады.

      Асыл тұқымды өнiмге (материалға) меншiк құқығынан айыруға немесе оның ауысуына осы Заңның ережелерiне сәйкес берiлетiн асыл тұқымдық куәлік болған жағдайда рұқсат етiледi.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 , 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      7-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
             субъектiлердiң  экономикалық қызметiнiң
             ерекшелiктерi

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құрылып, жұмыс iстейдi.

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн қайта бейiмдеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жол берiледi.
      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 Заңымен.

      8-бап. Жердi және су объектiлерiн асыл тұқымды мал
             шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану

      Заңды және жеке тұлғаларға асыл тұқымды малды өсiру мен пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы (пайдалануындағы) жерден жер учаскелерi мен суаттар берiледi.

      Жер учаскесi мен суаттарға құқық, оларды беру тәртiбi мен пайдалану режимi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

      9-бап. Асыл тұқымды өнiм (материал) экспорты мен импорты

      Асыл тұқымды өнiм (материал) экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      Асыл тұқымды өнiм (материал) экспорты Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы беретін асыл тұқымдық куәлік және ветеринариялық куәлiк болған жағдайда жүзеге асырылады.

     Асыл тұқымды өнiм (материал) импорты экспорттаушы елдiң ресми органдары берген және Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы таныған ветеринариялық және асыл тұқымдық куәліктер немесе оларға балама құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады.
      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 , өзгерту енгізілді - 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

2-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi
мемлекеттiк орган және оның қызметiнiң негiзгi бағыттары

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы, 10-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 Заңымен.

      10-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
               уәкiлеттi мемлекеттiк органның құзыретi

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) асыл тұқымды малдың тектiк қорын дамыту, сақтау мен пайдалану бағдарламасын әзiрлейдi және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынады;

      2) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      3) асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) асыл тұқымдық құндылығын анықтау және малды өз төлiнен өсiру жөнiндегi нормативтiк құжаттарды бекiтедi;

      4) асыл тұқымды малды және асыл тұқымды мал табындарын есепке алу ережелерi мен нысандарын әзiрлеп, оларды статистика органдарына келiсуге ұсынады және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердi есепке алуды бекiтiлген нысандар бойынша жүргiзедi;

      5) аттестаттауды жүргiзу тәртiбi туралы, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге асыл тұқымды мал зауыты, малды асылдандырушы шаруашылық, малды асылдандырушы орталық және дистрибьютерлiк орталық мәртебесiн беру тәртiбi туралы ережелердi әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынады;
      6) алып тасталды - 2006.01.10 N 116 Заңымен.
      7) алып тасталды - 2006.01.10 N 116 Заңымен.
      8) алып тасталды
      9) алып тасталды - 2006.01.10 N 116 Заңымен.

      10) мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетiстiктердi сынақтан өткiзедi және сапасын анықтайды;

      11) асыл тұқымды малдың мемлекеттiк кiтабын, өндiрiсте пайдалануға рұқсат етiлген селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi және басып шығарады;

      12) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi;
      13) алып тасталды

      14) асыл тұқымды малдың мемлекеттік кітабын және асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережесін әзірлейді және бекітеді ;

      15) экспорттаушы елдердің ресми органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәліктің немесе оған балама құжаттың қолданылуын тануды жүзеге асырады;

      16) асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      17) асыл тұқымды малдың тектік қорын дамыту, сақтау және пайдалану бағдарламасының шеңберінде ғылыми ұйымдармен бірлесе отырып, малды асылдандыру орталықтарындағы тұқымдық малдың тұқым және сан құрамын айқындайды;
      18) ауылшаруашылығы жануарларының барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәлік нысандарын және олардың берілу тәртібін әзірлейді және бекітеді.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       10-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
                 астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының
                 құзыретi

      Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:

      1) асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтау және дамыту жөнiндегi облыстық (аймақтық) бағдарламаларды әзiрлейдi;
      2) алып тасталды - 2006.01.10 N 116 Заңымен.

      3) аттестат берумен бірге асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерді аттестаттауды жүргізеді;

      4) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының нормаларын бұзған жағдайда аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрады, қайталап бұзылған жағдайда аттестаттан айыру туралы талап қойып, сотқа жүгінеді;

      5) асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді және басып шығарады;

      6) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әрбір түріне субсидияны іске асырады;

      7) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректерді есепке алуды жүргізеді;

      8) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектінің әрбір түрі бойынша және әрбір субъектіге орай субсидиялануға тиісті сатылатын асыл тұқымды өнімнің (материалдың) жыл сайынғы квотасын аталған мақсаттар үшін бюджетте көзделген қаражат шегінде белгілейді;

      9) бағалау туралы деректерді жинақтап, қорытады және жоғары бағалы асыл тұқымды малды тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етеді;

      10) асыл тұқымды малдың, оның ішінде шектеулі тектік қоры бар тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 10-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгізілді - 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      11-бап. Уәкiлеттi органның асыл тұқымды мал шаруашылығы
              жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары

      1. Уәкiлеттi органның басшысы әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң тиiстi лауазымдарына "Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы" және "Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектор" деген қосымша арнаулы атауларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен беруге құқылы.

      2. Уәкiлеттi органның асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары:

      1) қызметтiк куәлiгiн көрсеткен жағдайда асыл тұқымды мал шаруашылығының аттестатталған субъектiлерiндегi малды асылдандыру жұмысының, оны есепке алудың және оның есептiлiгiнiң жай-күйiн тексеруге;

      2) субъектiлердiң асыл тұқымды өнiмдi (материалды) ұстау, азықтандыру, сондай-ақ сақтау жағдайларының сәйкестiгiн тексеруге;

      3) аттестатталған жеке және (немесе) заңды тұлғалар көрсететiн қызмет сапасын тексеруге;

      4) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарының нормалары бұзылған жағдайда, анықталған бұзушылықты жойғанға дейiн асыл тұқымды өнiм (материал) сатуды тоқтата тұруға;

      5) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)  жергілікті атқарушы органына қызметтерi Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес келмеген кезде, малды өз төлiнен өсiру жөнiнде және тұқымдық өнімнің (материалдың) тұқымдық құндылығын анықтау жөнінде қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғаларға берiлген аттестаттың қолданылуын тоқтата тұру, асыл тұқымды мал зауытын, малды асылдандырушы шаруашылықты, малды асылдандырушы орталықты және дистрибьютерлiк орталықты аттестаттан айыру туралы ұсыныс енгiзуге;

      6) селекция және асыл тұқымды өнiмнен (материалдан) төл алу саласында жаңа технологиялардың, аспаптардың, жабдықтардың, материалдар мен биотехнологиялық әдiстердiң қолданылуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
      7) алып тасталды

      2-1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында тексеру жүргiзу мерзiмi жиырмаға дейiн күнтiзбелiк күндi құрайды, қажет болған жағдайда тексеру мерзiмi тағы да күнтiзбелiк он күнге ұзартылуы мүмкiн.

      3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың өздерінің құзыретi шегiндегi актілерiн асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң орындауы мiндеттi.

      4. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) жоғары тұрған органдарға не сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 , өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

3-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк реттеу

      12-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
             субъектiлер қызметiн мемлекеттiк аттестаттау

      Мемлекеттiк аттестаттау асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың өтiнiшi бойынша өткiзiледi. V064242

      Қайтадан аттестаттау аттестаттау мерзiмi аяқталғаннан кейiн мiндеттi түрде өткiзiледi.

      Асыл тұқымды мал зауыты, малды асылдандырушы шаруашылық, малды асылдандырушы орталық, дистрибьютерлік орталық мәртебесін, сондай-ақ малды өз төлінен өсіру және тұқымның, тұқымдық өнімнің (материалдың) құндылығын анықтау жөніндегі қызмет көрсетуді жеке және заңды тұлғаларға беру облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының шешімімен жүргізіледі.
      Аттестаттауды (қайтадан аттестаттауды) жүргiзу, сондай-ақ мәртебе беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi .
      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 , өзгерту енгізілді - 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      13-бап. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) мемлекеттiк
              есепке алу

      Заңдарда белгiленген тәртіппен танылған асыл тұқымды өнiм (материал) мемлекеттiк есепке алынуға тиiс.

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң асыл тұқымды малының және асыл тұқымды мал табындарының саны мен өнiмдiлiгi туралы деректер асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне малдың түрлерi мен тұқымдарына қарай енгiзiледi.

      Шығу тегi, өнiмдiлiгi мен асыл тұқымдық сапасы бойынша неғұрлым құнды мал туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң деректерi асыл тұқымды малдың мемлекеттiк кiтабына енгiзiледi.

      Асыл тұқымды малы немесе асыл тұқымды мал табындары бар, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды өнiмдi (материалды) есепке алуды жүргiзе алады және бар малды немесе асыл тұқымды мал табындарын асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзу мақсатында облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына есеп бере алады.

      Асыл тұқымды малдың мемлекеттiк кiтабы мен мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлген деректер мүдделi тұлғалар үшiн қол жетiмдi болып табылады.
      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 , өзгерту енгізілді - 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      14-бап. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сертификаттау
      (Алып тасталды - ҚР-ның 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      15-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау

      1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларының негiзiнде бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      Мемлекеттiк қолдаудың негiзгi нысандары мыналар:

      1) асыл тұқымды малдың, соның iшiнде шектеулi тектiк қоры бар тұқымдардың тектiк қорын сақтауға және қалпына келтiруге бағытталған iс-шараларды субсидиялау;

      2) отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлердiң асыл тұқымды өнiмге (материалға) қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шараларды субсидиялау.

      2. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдаудың бағыттарын, асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне, бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын асыл тұқымды малдың тектiк қорын сақтау және қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларға арналған субсидиялардың нормативтерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынымы бойынша белгiлейдi .
      3. алып тасталды

      4. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыру заңдарда белгiленген тәртiппен бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 , өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      16-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми
               зерттеулер

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулердi Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық бейiмiндегi ғылыми-зерттеу ұйымдары жүзеге асырады.

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бiрлесе отырып, осы аталған ұйымдар:

      асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттiк ғылыми-техникалық бағдарламалар;

      асыл тұқымдық малды өз төлiнен өсiру процесiн жетiлдiру әдiстерi мен тәсiлдерiн;

      асыл тұқымды өнiмдi (материалды) бағалау мен тектiк бақылауды әдiстемелерi мен техникалық құралдарын;

      асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерiн жасауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 Заңымен.

4-тарау. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) тану және оны
бағалау

      17-бап. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) тану және
              асыл тұқымдық куәлік беру

      Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2008.07.05.  N 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      1. Өнiм (материал) мынадай жағдайларда, егер:

      асыл тұқымдық куәлігі болса;

      ұрық аттестатталған малды асылдандырушы орталықтарда асыл тұқымды малдан алынып, сұрыпталса және асыл тұқымдық куәлігі болса;

      эмбрионды малды өз төлiнен өсiру жөнiнде қызмет көрсететiн аттестатталған жеке және (немесе) заңды тұлғалар аттестатталған асыл тұқымды мал зауытынан, малды асылдандырушы шаруашылықтан алып, сұрыптаса және асыл тұқымдық куәлігі болса;

      аурудан және бактериялармен ұрықтанудан амандығы туралы ветеринариялық куәлiгi болса, ол асыл тұқымды деп танылады.

      2. Егер экспорттаушы елдiң ресми органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган таныса және аталған куәлiк халықаралық нормаларға сәйкес келсе, ол асыл тұқымды деп танылады.
      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 , өзгерту енгізілді - 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      18-бап. Асыл тұқымды малдың ұрықтары мен эмбриондарын
              оларды өсiру мақсатында пайдалану шарттары

      Асыл тұқымды малдың ұрықтары мен эмбриондары, егер:

      олар тиiсiнше асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектiлерде алынған;

      олар белгiленген тәртiппен тiркелген асыл тұқымды малдан алынған;

      олар сәйкестендiру мақсатында анық белгiленген (малда эмбрион табылған жағдайда, ол таңбалануға тиiс);

      олардың асыл тұқымдық куәліктері болған жағдайларда пайдаланылады..
      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 , 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      19-бап. Асыл тұқымды өнімдi (материалды) бағалау

      Асыл тұқымды өнiм (материал) мiндеттi түрде бағалануға тиiс.

      Бағалауды асыл тұқымдық құндылықты анықтау жөнiнде қызмет көрсететiн аттестатталған жеке және (немесе) заңды тұлғалар асыл тұқымды малдың шығу тегiн, өнiмдiлiгiн, олардың тектiк ақаулығы жоқтығын, сондай-ақ ұрықтың немесе эмбриондардың шығу тегi мен сапасын анықтау және құжатпен растау мақсатында жүргiзедi.
      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 , өзгерту енгізілді - 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      20-бап. Асыл тұқымды тұқымдық малды бағалау

      Тұқымды өз төлiнен өсiру үшiн iрiктеп алынған асыл тұқымды тұқымдық мал төлiнiң сапасы және (немесе) өзiнiң өнiмдiлiгi жөнiнен тексеруге және бағалауға жатады.

      Асыл тұқымды тұқымдық малды тексерудi малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнiнде қызмет көрсететiн аттестатталған жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүргiзедi.

      Асыл тұқымды тұқымдық малды тексеру мен бағалау асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн тәртiппен жүргiзiледi.
      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 , 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      21-бап.
      Ескерту. 21-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

5-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
субъектiлердiң қызметiн ұйымдастыру

      22-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
               субъектiлер

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады. 

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi заңды тұлғаларды құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаларға тиiсiнше, егер Қазақстан Республикасы заңдарынан немесе құқықтық қатынастың мәнiнен өзгеше туындамаса, осы Заңның асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн реттейтiн ережелерi қолданылады.

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен нысандар бойынша деректердi есепке алуды жүргiзедi және есептiлiктi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), жергілікті атқарушы органдарына табыс етедi.
      Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 , 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      23-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
              субъектiлердiң түрлерi

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге:

      асыл тұқымды мал зауыттары;

      малды асылдандырушы шаруашылықтар;

      малды асылдандырушы орталықтар;

      дистрибьютерлiк орталықтар;

      малды өз төлiнен өсiру жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

      малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар жатады.
      Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 Заңымен.

      24-бап. Асыл тұқымды мал зауыттары қызметiнiң негiзгi
               бағыттары

      Асыл тұқымды мал зауыттары қызметiнiң негiзгi бағыттары:

      белгiлi бiр тұқымдарға жататын сапасы анықталған зауыттық типтегi малды өсiру, жетiлдiру және сату;

      асыл тұқымды малдың, соның iшiнде шектеулi тектiк қоры бар тұқымдардың тектiк әлеуетiн асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың бекiтiлген бағдарламалары шеңберiнде және ғылым жетiстiктерiне сәйкес жетiлдiру;

      ауыл шаруашылық малының жаңа тұқымдарын, зауыттық типтерiн, тұқымдық желiлерiн, кросстарын және тұқым топтарын өсiрiп шығару; P080751

      асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.
      Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 , өзгерту енгізілді - 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      25-бап. Малды асылдандырушы шаруашылықтар қызметiнiң
              негiзгi бағыттары

      Малды асылдандырушы шаруашылықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары:

      асыл тұқымды малдың белгiлi бiр тұқымдарын, тұқымдық желiлерiн, типтерiн және кросстарын, соның iшiнде шектеулi тектiк қоры бар тұқымдарды ұстау, оларды өз төлiнен өсiру, өсiру, сондай-ақ шығарылған асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату;

      асыл тұқымды малдың тектiк әлеуетiн асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың бекiтiлген бағдарламалары шеңберiнде және ғылым жетiстiктерiне сәйкес жетілдіру;

      асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.
      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 , өзгерту енгізілді - 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      26-бап. Малды асылдандырушы орталықтар қызметiнің
              негiзгi бағыттары

      1. Малды асылдандырушы орталықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары:

      1) тұқымдық малдың ұрығын алу, жинақтау және сақтау;

      2) тұқымдық малдың асыл тұқымдық құндылығын төлдiң сапасына қарай анықтау;

      3) асылдандырушылар деп танылған тұқымдық малдың ұрығын сату;

      4) эмбриондарды сатып алу, сақтау және сату;

      5) ұрық пен эмбриондарды пайдалану нәтижелерiн есепке алу, олар туралы деректер банкiн жүргiзу;

      6) тектiк қормен алмасуды жүзеге асыру;

      7) асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.

      2. Малды асылдандырушы орталықтардағы тұқымдық малдың тұқым және сан құрамын асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган ғылыми ұйымдармен бiрлесе отырып, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының шеңберiнде аймақтық мамандануға, тұқым жерсiндiрiлуiне қарай және Қазақстан Республикасының аналық малды қолдан ұрықтандыруды өткiзуге арналған ұрыққа деген қажеттiлiктерiн ескере отырып, белгiлейдi.
      Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 , өзгерту енгізілді - 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      27-бап. Асыл тұқымды өнiм (материал) сату жөнiндегi
              дистрибьютерлiк орталықтар қызметiнің
              негiзгi бағыттары

      Асыл тұқымды өнiм (материал) сату жөнiндегi дистрибьютерлiк орталықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары асылдандырушылар деп танылған тұқымдық малдың ұрығын және эмбриондарды сатып алу, сақтау және сату, сондай-ақ асыл тұқымдық куәліктерді беру болып табылады.
      Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 , өзгерту енгізілді - 2008.07.05.  N 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      28-бап. Малды өз төлiнен өсiру жөнiнде қызмет
               көрсететiн жеке және (немесе) заңды
               тұлғалар қызметiнiң негiзгi бағыттары

      Малды өз төлiнен өсiру жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметiнiң негiзгi бағыттары:

      қолдан шағылыстыру;

      қолдан ұрықтандыру;

      эмбриондарды телу (алмастырып салу) болып табылады.
      Ескерту. 28-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 Заңымен.

      28-1-бап. Малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау
                жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және
                 (немесе) заңды тұлғалар қызметiнiң негiзгi
                 бағыттары

      Малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметiнiң негiзгi бағыттары асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен әдiстемелерге сәйкес асыл тұқымды малдың асыл тұқымдық құндылығын және асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) сапасын анықтау оларды сәйкестендiру болып табылады.
      Ескерту. 28-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 Заңымен.

6-тарау.

      Ескерту. 6-тарау алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 Заңымен.

7-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы дауларды
шешу және оның қызметiн жүзеге асыру кезiндегi жауаптылық

      30-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
              қызметтi жүзеге асыру кезiндегi дауларды
              шешу

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.

      31-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал
              шаруашылығы саласындағы заңдарын бұзғаны
              үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
      Ескерту. Мәтін өзгермейді - ҚР-ның 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен

8-тарау. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал
шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастығы

      32-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал
              шаруашылығы саласындағы халықаралық
              ынтымақтастығы

      Қазақстан Республикасы мал шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуына жәрдемдеседi.

      33-бап. Шетелдiң қатысуымен асыл тұқымды мал
              шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық
              жасау құқығы

      Шетелдiң қатысуымен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жобаларды жүзеге асыруға қатысатын Қазақстан Республикасының заңды және (немесе) жеке тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шетел азаматтарымен және (немесе) шетелдiк заңды тұлғалармен шарттар жасасады.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi