Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мініс және мініс-жегін жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 9 шілдедегі № 123-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      7) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық палатада тіркелген, тұқымның өнімділік бағыты мен деңгейіне сай келетін" деген сөздер "тұқым стандартына сай келетін және Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық палатада тіркелген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      41) тармақшадағы "және өнімділік" деген сөздер ", өнімділік және (немесе) өзге де" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 16-4-баптың 1-тармағының екінші бөлігі 3) тармақшасындағы "жұмыс жүргізуіне бағытталған іс-шараларды субсидиялау болып табылады." деген сөздер "жұмыс жүргізуіне;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының аумағында өсірілген мініс және мініс-жегін жылқылар тұқымдарының асыл тұқымды мал басын күтіп-бағуға жұмсалған шығындарды өтеуге бағытталған іс-шараларды субсидиялау болып табылады.".

      2. "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      2-баптың 3) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық палатада тіркелген, тұқымның өнімділік бағыты мен деңгейіне сай келетін" деген сөздер "тұқым стандартына сай келетін және Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық палатада тіркелген" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ