РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 31 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперативтері мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) бүкіл мәтін бойынша «салықтық тексеру нәтижелері», «Салықтық тексеру нәтижелері», «салықтық тексеру нәтижелеріне», «жүзеге асырған салықтық тексерудің нәтижелері», «салықтық тексеру нәтижелерімен», «салықтық тексеру нәтижесі», «салықтық тексерулердің нәтижесінде», «салықтық тексеру нәтижелерін», «Салықтық тексерудің нәтижелері», «Салықтық тексеру нәтижелеріне» деген сөздер тиісінше «тексеру нәтижелері», «Тексеру нәтижелері», «тексеру нәтижелеріне», «жүзеге асырылған тексеру нәтижелері», «тексеру нәтижелерімен», «тексеру нәтижелері», «тексеру нәтижелері туралы», «тексеру нәтижелерін», «тексеру нәтижелері», «Тексеру нәтижелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мазмұнында:
12-тарау мынадай мазмұндағы 135-4-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«135-4-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушiге салық салу»;
5-бөлім мынадай мазмұндағы 17-2-тараудың, 152-3 және 152-4-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«17-2-тарау. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйымға салық салу
152-3-бап. Жалпы ережелер
152-4-бап. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйымға салық салу»;
233-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«233-бап. Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар»;
мынадай мазмұндағы 233-2, 264-1 және 273-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«233-2-бап. Көлік экспедициясы шарты бойынша жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар»;
«264-1-бап. Талаптары комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттар бойынша шот-фактуралар жазып беру ерекшеліктері»;
«273-1-бап. Жекелеген жағдайларда қосылған құн салығының асып кетуін қайтару ерекшеліктері»;
369, 386, 438, 451-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«369-бап. Салық төлеу мерзiмдерi мен тәртібі»;
«386-бап. Автотұрақтар (паркингтер), автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне салық мөлшерлемелері»;
«438-бап. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу (аудару) тәртібі»;
«451-бап. Жекелеген салық түрлерін есептеу ерекшелігі»;
598-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«598-бап. Есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi ұсыну тәртiбi»;
87-тарау мынадай мазмұндағы 624-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«624-1-бап. Мониторинг жүргізу тәртібі»;
89-тараудың 3-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-параграф. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жекелеген жағдайларда, оның ішінде жанама әдіспен айқындау»;
мынадай мазмұндағы 661-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«661-1-бап. Жеке тұлғаларда салық міндеттемелерінің болуы туралы мәліметтерді ұсыну»;
672 және 682-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«672-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту»;
«682-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту»;
3) 12-баптың 1-тармағында:
45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«45) электрондық салық төлеуші – осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініш негізінде салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеуші;»;
мынадай мазмұндағы 46-1) тармақшамен толықтырылсын:
«46-1) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаты – осы Кодексте белгіленген жағдайларда, тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде электрондық нысанда ресімделетін құжат;»;
4) 13-бапта:
1-тармақтың 8-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1) есебі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салық органдарында жүргізілетін берешектің (бұдан әрі – есебі салық органдарында жүргізілетін берешек) жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді сұрау салу бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде алуға;»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Салық төлеуші жеке тұлғалардың көлік құралы салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша салық міндеттемелерінің бар-жоғы туралы ақпарат беру мақсатында өзінің телефон нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайлары туралы мәліметтерді салық органына ұсынуға құқылы.»;
5) 14-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы «хабардар етуге міндетті.» деген сөздер «хабардар етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарын:
тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізу кезінде – өткізу басталған күннен кешіктірмей;
тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына:
Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелу кезінде – тауарларды еркін айналымға шығарған күннен кейінгі күннен кешіктірмей;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен кешіктірмей ресімдеуге міндетті.
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу, пайдалану қағидаларын, оларды ресімдеу нысанын және мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді;
10) тексеру жүргізу кезінде осы Кодекстің 19-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін көруге қол жеткізуді, сондай-ақ көрсетілген деректерді электрондық жеткізгіштерде және (немесе) олардың көшірмелерін қағаз жеткізгіштерде беруге міндетті.
Осы Кодекстің 19-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін электрондық жеткізгіштерде ұсыну бойынша міндеттеме мониторингке жататын ірі салық төлеушілерге қатысты болады.
Бұл ретте салық төлеушінің (салық агентігінің) бухгалтерлік және салықтық есептерін автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етілімінің және (немесе) ақпараттық жүйесінің деректерін көруге қол жеткізу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.»;
6) 17-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың ережесі:
1) резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы туралы мәліметтерді өзгерту үшін салықтық өтініш;
2) осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алып тасталған салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша салық есептілігі;
3) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш ұсынылған жағдайда қолданылмайды.»;
7) 19-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың өз клиенттерінің банктік шоттары туралы, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік құпияны құрайтын мәліметтер қамтылған бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін көруге қол жеткізу құқығын қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті, оператор) осындай бағдарламалық қамтамасыз етілімді және (немесе) ақпараттық жүйені пайдаланған жағдайда, салық төлеушіден (салық агентінен, оператордан) бухгалтерлiк және салықтық есептерді автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) бастапқы есепке алу құжаттарының деректері, бухгалтерлік есеп тіркелімдері, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпарат қамтылған ақпараттық жүйенің деректерін көруге қол жеткізуді және (немесе) электрондық жеткізгіштерде және (немесе) қағаз жеткізгіштерде беруді талап етуге;»;
8) 20-баптың 1-тармағының 12-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1) есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде беруге;»;
9) 35-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) егер сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқару туындаған күні және сенімгерлік басқару кезеңінде осы Кодекстің 134, 135, 135-1, 181, 182-баптарының, 17 және 63-тарауларының ережелері қолданылатын тұлғаларға жататын болса, осы Кодексте белгіленген тәртіппен дербес орындайды.»;
10) 37-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы «есептілігін;» деген сөзден кейін «ұсынады.» деген сөзбен толықтырылып, 3) пен 4) тармақшалары және екінші бөлігі алып тасталсын;
11) 37-1-баптың 13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Осы баптың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар ұсынылғаннан және осы баптың 11 және 12-тармақтарында белгiленген ережелер орындалғаннан кейiн салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептiк тiркеудi, қайта тiркеудi, есептiк тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға таратылатын заңды тұлға бойынша есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтерді осы Кодекстiң 598-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жiбередi.»;
12) 37-2-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 5) пен 6) тармақшалары және екінші бөлігі алып тасталсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Осы баптың 8-тармағында белгiленген ережелер орындалғаннан кейiн салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептiк тiркеудi, қайта тiркеудi, есептiк тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға таратылатын заңды тұлға бойынша есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтерді осы Кодекстiң 598-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жiбередi.»;
13) 39-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) мен 3) тармақшалары және үшінші бөлігі алып тасталсын;
14) 40-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасы «есептілігін;» деген сөзден кейін «ұсынады.» деген сөзбен толықтырылып, 3) пен 4) тармақшалары және үшінші бөлігі алып тасталсын;
15) 41-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы «есептілігін;» деген сөзден кейін «ұсынады.» деген сөзбен толықтырылып, 4) пен 6) тармақшалары және екінші бөлігі алып тасталсын;
16) 46-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Осы Кодекстің 273-1-бабын қолдану мақсатында қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі:
1) өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салу кезеңі үшін – Қазақстан Республикасының аумағында мұндай ғимараттар мен құрылыстар алғаш рет пайдалануға берілген салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады;
2) геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңі үшін – кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталатын күнге тура келетін салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады.
Бұл ретте, егер экспорт 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылған болса, талап қою мерзімінің өтуі 2016 жылғы 1 қаңтардан басталады.
Осы тармақта көрсетілген қосылған құн салығын есепке жазу немесе оның есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау мақсаттары үшін талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша декларацияны қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талаппен ұсынған салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады.»;
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық төлеуші осы баптың 2 және 3-2-тармақтарында көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде ол бойынша қайтару туралы талап ұсынған қосылған құн салығының расталған асып кеткен сомасын салық органдарының қайтару мақсаттары үшін қайтаруды және (немесе) осы Кодекстің 600-бабында көзделген есепке жатқызуды жүргізуге арналған талап қоюдың ескіру мерзімі қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығы, оның ішінде тексеру нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасау қорытындылары бойынша расталған салық кезеңі аяқталғаннан кейін бес жылды құрайды.»;
17) 48-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 47-1-бабында көзделген, республикалық бюджетке келіп түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді салық төлеуші орналасқан жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған салық органы қабылдайды.»;
18) 68-баптың 7-тармағының үшінші бөлігіндегі «көтерме сатуды» деген сөздер «қыздырылатын темекісі бар өнімдерді, электронды сигареттерде пайдалануға арналған сұйықтықты көтерме саудада өткізуді» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 73-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру туралы немесе салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;
20) 74-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеушінің осы бапта белгіленген тәртіппен салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш негізінде:»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық органының салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру туралы шешімі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық өтініш берілген күні шығарылады.»;
21) 77-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын:
«4-2. Ірі салық төлеушілер мониторингін жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган:
корпоративтік табыс салығы бойынша;
үстеме пайда салығы бойынша;
қосылған құн салығы бойынша;
пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша;
ірі салық төлеушінің ағымдағы және алдағы күнтізбелік жылдарға жоспарлайтын қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштері туралы ақпарат қамтылатын салық тіркелімдерінің нысандарын белгілейді.»;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Егер осы Кодекстің 624-бабында өзгеше белгіленбесе, салық тіркелімдері құжаттық тексерулер жүргізу кезінде салық органдарының лауазымды адамдарына қағаз жеткізгіштерде және (немесе) тексеруді жүзеге асыратын салық органдары лауазымды адамдарының талап етуі бойынша электрондық жеткізгіштерде ұсынылады.»;
22) 96-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«96-бап. Өтеусіз алынған мүлік
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші өтеусіз алған кез келген мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны оның кірісі болып табылады.
2. Өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс осындай мүлік алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген салық кезеңінде танылады.
3. Өтеусіз алынған мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалады.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес алынған парниктік газдар шығарындыларына квота түрінде өтеусіз алынған мүліктің құны нөлге тең деп танылады.
5. Осы Кодекстің 100-бабының 11-тармағына сәйкес алынған мүліктің, оның ішінде жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны өтеусіз алынған мүлік деп танылмайды.»;
23) 100-баптың 12-тармағы мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың ережелері құны осы Кодекстің 111-бабының 1-2-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығы бойынша қолданылмайды.»;
24) 110-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тауар-материалдық қорлардың өзіндік құнына енгізілетіндерді және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, осындай тауар-материалдық қорлардың өзіндік құны арқылы шегерімдерге жатқызылатындарды;»;
25) 111-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жер қойнауын пайдаланушының коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн нақты жүргізген, бағалау, абаттандыру жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды геологиялық зерделеуге, барлауға, өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстары, жалпы әкiмшiлiк шығыстар, төленген қол қойылатын бонустың сомалары, оның ішінде осы Кодекстің 315-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес төленген қол қойылатын бонустың және коммерциялық табу бонусының сомалары, осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 1-1), 2) – 5), 7) – 11), 11-1), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда, негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу және (немесе) құру бойынша шығындар және осы Кодекске сәйкес шегерiмге жататын өзге де шығыстар амортизацияланатын активтердің жекелеген тобын құрайды. Бұл ретте осы тармақта көрсетілген шығыстарға:»;
1-2-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2. Егер ұңғыма Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес оны сынау кезінде көмірсутегі шикізатының өнеркәсіптік ағынының алынбауына байланысты жойылған болса (бұдан әрі осы тармақтың мақсаты үшін – өнімсіз ұңғыма), онда осындай ұңғыманы салуға және жоюға нақты жүргізілген шығыстар қосылған құн салығы ескеріле отырып, мынадай тәртіппен шегерімге жатқызылады:»;
26) 111-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«111-1-бап. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған
соң жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен уранды
өндіруге дайындық жұмыстарына арналған
шығыстар бойынша шегерімдер
1. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден кейінгі кезеңде жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен уранды өндіруге пайдалану блоктарын (полигондарын) дайындау кезінде жер қойнауын пайдаланушы нақты шеккен амортизацияланатын активтерді сатып алуға және (немесе) құруға арналған шығындар (шығыстар) жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде амортизацияланатын активтердің жекелеген тобын құрайды.
Осы тармақта көрсетілген амортизацияланатын активтерге:
1) блоктарда (полигондарда) салынған сорушы, айдаушы және технологиялық бақылау ұңғымалары, пайдалану-барлау ұңғымалары, оның ішінде олар бойынша геофизикалық зерттеулер шығындары;
2) пайдалану блоктарынан (полигондарынан) бастап өнімдік ерітінділерді қайта өңдеу учаскесінің өнеркәсіптік алаңындағы құм тоғанға дейін салынған технологиялық құбыржолдар, оның ішінде блоктардағы (полигондардағы) айдаушы және сорушы коллекторлар;
3) блоктар (полигон учаскелері) арасына салынған технологиялық құбыржолдар;
4) блоктарда (полигондарда) салынған технологиялық құбыржолдар;
5) блоктарда (полигондарда) салынған қышқылданудың технологиялық тораптары;
6) блоктарда (полигондарда) салынған өнімдік ерітінділерді тарату тораптары;
7) блоктарда (полигондарда) салынған техникалық ерітінділерді қабылдау тораптары;
8) блоктарда (полигондарда) салынған қышқылды және сұйық реагенттер қоймасын қабылдау тораптары, сондай-ақ қышқылөткізгіштер;
9) блоктарда (полигондарда) орнатылған, жабдық пен бақылау-өлшеу аппаратурасы бар технологиялық сорғы станциялары;
10) тау-кен дайындық жұмыстары кезеңінде блоктарда (полигондарда) орнатылған, жабдық пен бақылау-өлшеу аппаратурасы бар ерітінділерді айдауға арналған сорғылар;
11) тау-кен дайындық жұмыстары кезеңінде салынған ұңғымаларда орнатылған басқару шкафтары бар батырып соратын сорғылар;
12) блоктарда (полигондарда) орнатылған немесе салынған энергетикалық жабдықтау объектілері: трансформаторлық кіші станциялар, компрессорлық станциялар, әуе электр желілері, кәбелдік желілер;
13) блоктарда (полигондарда) орнатылатын бақылау және процестерді автоматтандыру аппаратурасы;
14) блоктардағы (полигондардағы) ауа құбырлары;
15) блоктарға (полигондарға) және блоктар ішіндегі технологиялық кірме автожолдар;
16) блоктардағы (полигондардағы) құм тоғандар немесе өнімдік ерітінділер және сілтілендіру ерітінділері құйылатын ыдыстар;
17) блоктардағы (полигондардағы) құмның ұшырылып әкетілуіне қарсы қорғаныс жатады.
Осы тармақта көрсетілген амортизацияланатын активтер құнына активтерді сатып алуға және (немесе) құруға арналған шығындар (шығыстар), сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес осындай активтер құнына қосуға жататын басқа да шығындар (шығыстар) қосылады.
Бұл ретте осы Кодексте көзделген жағдайларда, осы тармақта көрсетілген, амортизацияланатын активтердің жекелеген тобына жатқызылатын шығыстардың мөлшері корпоративтік табыс салығының мақсаттары үшiн осындай шығыстарды шегерiмдерге жатқызу үшін белгіленген нормалардан аспауға тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығындар (шығыстар) пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық кірістен шегерiледi.
Бұл ретте осы бапқа сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар сомасы салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есебінің деректері бойынша есептелген активтердің осындай тобының амортизациялық аударымдар сомасы шегінде шегерімге жатқызылады.
Амортизациялық аударымдар сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес құрылған амортизацияланатын активтер тобын есепке алу әдісіне сәйкес блоктар немесе жалпы кен орны (полигон) бойынша мына формула бойынша айқындалады:
С1 + С2 + С3
S = ------------ * V4, мұнда:
V1 + V2 + V3
S – амортизациялық аударымдар сомасы;
С1 – амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңiнiң басындағы құны;
C2 – ағымдағы салық кезеңінде жүргізілген, осы баптың 1-тармағында көрсетілген өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығындар (шығыстар);
С3 – жер қойнауын пайдалану құқығын иемденуге байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған немесе жарғылық капиталға салым ретiнде алынған, амортизацияланатын активтердің осы баптың 3-тармағында көрсетілген жекелеген тобының құны;
V1 – уран қорларының салық кезеңiнiң басындағы өндіруге дайын нақты көлемі;
V2 – салық кезеңінде өндіруге дайындық жұмыстарының барлық көлемі аяқталған уран қорларының өндіруге дайын нақты көлемі;
V3 – жер қойнауын пайдалану құқығын иемденуге байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған немесе жарғылық капиталға салым ретiнде алынған уран қорларының өндіруге дайын нақты көлемі;
V4 – салық кезеңінде жер қойнауындағы нормаланатын ысыраптар ескеріле отырып, уранның өтелген қорларының нақты көлемі.
2009 жылғы салық кезеңі үшін амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңінің басындағы құны деп 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалатын, уран өндіруге дайындық бойынша жинақталған шығындар (шығыстар) сомасы танылады.
2009 жылдан кейінгі салық кезеңдерінде амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңінің басындағы құны көрсетілген активтер тобының алдыңғы салық кезеңінің соңындағы құны болып табылады, ол мынадай тәртіппен айқындалады:
амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңінің басындағы құны,
қосу
ағымдағы салық кезеңінде жүргізілген, өндіруге дайындық жұмыстарына осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығындар (шығыстар),
қосу
осы баптың 3-тармағында көрсетілген, амортизацияланатын активтердің тобын үшінші тұлғалардан сатып алу бойынша шығындар,
қосу
осы баптың 3-тармағында көрсетілген, жарғылық капиталға салым ретінде алынған амортизацияланатын активтер тобының құны,
алу
салық кезеңіндегі амортизациялық аударымдар сомасы.
2009 жылғы салық кезеңі үшін уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын нақты көлемі 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша уран қорларының өндіруге дайын нақты көлемі деп танылады.
2009 жылдан кейінгі салық кезеңдерінде уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын көлемі қорлардың алдыңғы салық кезеңінің соңындағы өндіруге дайын нақты көлемі болып табылады, ол мынадай тәртіппен айқындалады:
уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын нақты көлемі,
қосу
салық кезеңінде өндіруге дайындық жұмыстарының барлық көлемі аяқталған уран қорларының нақты көлемі,
қосу
жер қойнауын пайдалану құқығын иемденуге байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған немесе жарғылық капиталға салым ретiнде алынған уран қорларының өндіруге дайын нақты көлемі,
алу
салық кезеңінде жер қойнауындағы нормаланатын ысыраптар ескеріле отырып, уранның өтелген қорларының көлемі.
Егер пайдалану блогы жұмысының бүкіл кезеңінде уранның өтелген қорларының нақты көлемінің саны осы пайдалану блогының уран қорларының өндіруге дайын нақты көлемінің санынан аз болса, осы пайдалану блогы активтерінің амортизацияланатын тобы құнының қалған бөлігі салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде өндірудің және бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) өндірістік өзіндік құнына шығарылатын салық кезеңінде шегерімге жатқызылады.
Өндіруге немесе бірлесіп барлау мен өндіруге арналған жекелеген келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану қызметін аяқтау жағдайында, жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейін өндіруді бастаған соң жер қойнауын пайдалану қызметін аяқтаған жағдайда амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңінің соңындағы құны осындай қызмет аяқталған салық кезеңіндегі шегерімге жатады.
3. Осы бапта белгiленген тәртiп амортизацияланатын активтердің осы баптың 1-тармағында көрсетілген, жер қойнауын пайдалану құқығын иемденуге байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған және (немесе) жарғылық капиталға салым ретiнде алынған, жекелеген тобына да қолданылады.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, амортизацияланатын активтердің жекелеген тобын үшінші тұлғалардан сатып алуға байланысты келіп түскен кезде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын оның сатып алу құны мұндай активтер тобының құны болып табылады.
Амортизацияланатын активтердің осы баптың 1-тармағында көрсетілген жекелеген тобын жарғылық капиталға салым ретінде алған кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салымның құны мұндай активтер тобының құны болып табылады.»;
27) 135-3-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым осы баптың 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет түрлері және өзге де қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есебін жүргізеді.
5. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым осындай қызмет бойынша осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды көздейтін осы Кодекстің басқа да ережелерін қолдануға құқылы емес.»;
28) 12-тарау мынадай мазмұндағы 135-4-баппен толықтырылсын:
«135-4-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме
тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк
тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушiге
салық салу
1. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушi Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдаудан түскен кірістер бойынша осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушiнің осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген қызметті жүзеге асырудан түскен кірістері жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен корпоративтік табыс салығын салуға жатады.
3. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушi осы баптың 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет түрі және өзге де қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есебін жүргізеді.
4. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушi осындай қызмет бойынша осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды көздейтін осы Кодекстің басқа да ережелерін қолдануға құқылы емес.»;
29) 141-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезеңде төленуге жататын, осы баптың 4 және 4-1-тармақтарына сәйкес есептелген (есепке жазылған) корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы осы Кодекстің 142-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімдерде есепті салық кезеңінің бірінші тоқсанының әрбір айы үшін теңдей үлестермен төленеді.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер салық төлеуші алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейінгі кезеңде төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеуде аванстық төлемдер сомасын төмендетсе, салық органы көрсетілген кезең үшін аванстық төлемдер сомасын есепке жазуды осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен айқындалған аванстық төлемдер сомасы мен осындай есептеуде көрсетілген аванстық төлемдер сомасы арасындағы оң айырма мөлшерінде осы Кодекстің 142-бабының 2-тармағында белгіленген төлеу мерзімдері бойынша жүргізуге құқылы.»;
30) 152-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер Қазақстан Республикасы салық заңнамасының өзгерістері және (немесе) толықтырулары салық, алым және төлемақы мөлшерлемелерін ұлғайтуды көздейтін болса, инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасасқан ұйым, осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық төлеуші салық есептілігін инвестициялық басым жобаны іске асыруға байланысты қызмет бойынша ұсынуға міндетті болатын салық міндеттемелерін осы инвестициялық келісімшартты жасасу күні қолданыста болған мөлшерлемелер бойынша айқындайды.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 152-2-бабының 1-тармағын қолдану үшін белгіленген мерзімде қолданылады.»;
31) 5-бөлім мынадай мазмұндағы 17-2-тараумен толықтырылсын:
«17-2-тарау. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйымға салық салу
152-3-бап. Жалпы ережелер
1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін заңды тұлға:
1) Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес заңды тұлға:
инвестициялық стратегиялық жобаның іске асырылуын көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған инвестициялық келісімшартты 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін;
салықтар бойынша преференцияларды көздейтін, көрсетілген инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасаса;
2) заңды тұлғаның инвестициялық стратегиялық жоба бойынша жүзеге асырылатын қызметі инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін айқындалған басым қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келсе;
3) заңды тұлға осы Кодексте көзделген бөлек салықтық есеп жүргізу қағидаттарына сәйкес, инвестициялық стратегиялық жоба шеңберінен тыс алған (шеккен) кірістері мен шығыстарынан бөлек, инвестициялық стратегиялық жоба шеңберінде берілген объектілерді пайдалану кезінде алған (шеккен) кірістері мен шығыстары бойынша бөлек есеп жүргізсе, инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйым болып табылады.
2. Егер Қазақстан Республикасы салық заңнамасының өзгерістері және (немесе) толықтырулары салықтар, алымдар және төлемдер мөлшерлемелерін ұлғайтуды көздейтін болса, инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйым, осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық төлеуші салық есептілігін инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға байланысты қызмет бойынша ұсынуға міндетті болатын салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемелерін инвестициялық стратегиялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасасу күні қолданыста болған мөлшерлемелер бойынша айқындайды.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 152-2-бабының 1-тармағын қолдану үшін белгіленген мерзімде қолданылады.
3. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату жағдайлары Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалады.
4. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттың қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда салықтар бойынша преференциялар және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік беру инвестициялық стратегиялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды көздейтін, көрсетілген инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасасқан күннен бастап күшін жояды.
Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде салық төлеуші инвестициялық келісімшарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осы инвестициялық келісімшарт жасалған күннен бастап оның бұзылған күнін қоса алғанда, салық кезеңдері үшін бюджетке төленуге жататын салықтар сомасын ұлғайтуды көздейтін қосымша салық есептілігін ұсынуға міндетті.
152-4-бап. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын
ұйымға салық салу
1. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын және арнаулы салық режимін қолданбайтын ұйым:
1) инвестициялық стратегиялық жоба шеңберінде жүзеге асырылатын қызметтен түсетін, осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады;
2) инвестициялық стратегиялық жоба шеңберінде жүзеге асырылатын қызметте пайдаланылатын тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық баланстары бойынша амортизациялық аударымдарды осы Кодекстің 120-бабының 2-тармағында белгіленген, амортизацияның шекті нормаларының кемінде 50 пайызы мөлшерінде амортизация нормаларын салық кезеңінің соңында топтардың (кіші топтардың) осындай құндық баланстарына қолдану арқылы айқындайды.
Осы тармақтың ережелері инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшартқа қосымша келісімде корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту көзделген жағдайда қолданылады.
Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:
1) инвестициялық стратегиялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасалған жылдың 1 қаңтарынан басталады;
2) инвестициялық стратегиялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан он жылдан кешіктірілмей аяқталады.
2. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйым инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланатын жер учаскелері бойынша жер салығын есептеу кезінде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады.
Осы тармақтың ережелері инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта жер салығының мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану көзделген жағдайда қолданылады.
Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:
1) инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған айдың 1 күнінен басталады;
2) инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан жеті жылдан кешіктірілмей аяқталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскесін, немесе оның бөліктерін (ондағы үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге не оларсыз) мүліктік жалдауға (жалға), өзге де негіздерде пайдалануға берілген жағдайларда қолданылмайды.
3. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйым Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға алғаш рет берілген объектілер бойынша мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейді.
Осы тармақтың ережелері:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында есепке алынатын және Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген активтерге қатысты қолданылады;
2) инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлеме бойынша есептеу көзделген жағдайда қолданылады.
Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:
1) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында есепке алынған айдың 1 күнінен басталады;
2) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында есепке алынған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан жеті жылдан кешіктірілмей аяқталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берілген жағдайларда қолданылмайды.»;
32) 155-баптың 3-тармағында:
19) тармақшадағы «меншік құқығын тіркеген күннен бастап одан да ұзақ уақыт болатын механикалық көлік құралы мен» деген сөздер «одан көп уақыт болатын механикалық көлік құралдарын және» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) және 29) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«24) егер көрсетілген шығыстар жалдау төлемінен бөлек жүргізілген жағдайда, дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға алушы жеке тұлғаның шеккен немесе дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға беруші жеке тұлғаға тұрғын үйді, тұрғын үй-жайды (пәтерді) мүліктік жалдау (жалға алу) кезінде оның өтеген мынадай:
Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға;
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген коммуналдық көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге;
тұрғын үйді, тұрғын үй-жайды (пәтерді) жөндеуге шығыстары;»;
«29) мұндай тұлғаға кредит (қарыз, микрокредит) беруден кейін басталған мынадай:
қарыз алушы жеке тұлға соттың күшiне енген шешiмiнің негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе соттың күшiне енген шешiмiнің негiзiнде ол қайтыс болды деп жарияланған;
қарыз алушы жеке тұлғаға I немесе II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ қарыз алушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда;
асыраушысынан, жүктілігіне және босануына байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайларда «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы жеке тұлғаның көрсетілген төлемдерден басқа кірісі болмаған;
қарыз алушы жеке тұлғаның және қарыз алушы жеке тұлғамен бірлесіп банк (микроқаржы ұйымы) алдында ортақ немесе субсидиарлық жауапты болатын үшінші тұлғалардың мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе өндіріп алу қолданылуы мүмкін кірістері болмаған жағдайда атқарушылық құжатты банкке (микроқаржы ұйымына) қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша сот орындаушысы қабылдаған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;
ипотекалық шарт жасалған күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен, кепілге салынған мүлік «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта сатылған немесе мұндай мүлік кепілге салынған мүлік сатылғаннан кейін өтелмеген кредиттің (микрокредиттің) сомасына кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда, кредит (қарыз, микрокредит) бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттемелер тоқтатылған кездегі кіріс.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің бесінші және алтыншы абзацтарының ережелері:
банк (микроқаржы ұйымы) жұмыскеріне, банк (микроқаржы ұйымы) жұмыскерінің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына, банкпен (микроқаржы ұйымымен) өзара байланысты тарапқа берілген;
талап ету құқығын басқаға беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды.»;
33) 156-бапта:
1-тармақта:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) осы тармақшаны қолдану күніне бұл адамның:
Ұлы Отан соғысына қатысушы және оған теңестірілген адам;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адам;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адам;
I, II, III топтардағы мүгедек;
мүгедек бала болып табылатындығының негізінде республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінің 75 еселенген мөлшерiнде айқындалатын шектен аспайтын бiр жылдағы кірістері.
Егер жеке тұлғаның осы тармақшаны қолдануға бірнеше негіздері болса, кірістерді алып тастау осы тармақшада белгіленген кіріс шегінен аспауға тиіс;»;
мынадай мазмұндағы 13-2) тармақшамен толықтырылсын:
«13-2) осы тармақшаны қолдану күніне бұл адамның:
«мүгедек бала» санатындағы адам он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін – осы адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
«бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына әрбір осындай адам үшін – осы адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін асырап алушылардың бірі болып табылатындығының негізінде республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінің 75 еселенген мөлшерiнде айқындалатын шектен аспайтын бiр жылдағы кірістері.
Осы тармақшаның ережелері қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын, тиісті білім беру ұйымдары, медициналық ұйымдар, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшіліктерінің жұмыскерлеріне қатысты олардың мұндай ұйымдармен еңбек қатынастарында болуына байланысты қолданылмайды;»;
43) тармақшаның сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде тұруға нақты жүргізілген шығыстар;»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағының 12), 13) және 13-2) тармақшаларында көзделген кірістер жеке тұлға мынадай құжаттарды:
жеке тұлғаның осы баптың 1-тармағының 12), 13) және 13-2) тармақшаларын қолдануға осы бапта белгіленген шектерде түзету мөлшері көрсетілген өтінішін;
растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынған кезде осы баптың 1-тармағының 12), 13) және 13-2) тармақшаларын қолдануға негіз туындаған, тоқтатылған немесе бар болған салық кезеңдері кіретін күнтізбелік жылы салық салуға жататын кірістерден алып тасталады.
3. Осы баптың 1-тармағының 12), 13) және 13-2) тармақшаларында көзделген нормаларды салық агенті жеке тұлғаның кірісіне жеке тұлға осындай кірістен жеке табыс салығын ұстаған күннен кейін өтініш білдіруі себепті қолданбаған болса, онда жеке тұлға осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде осындай кірістен жеке табыс салығын ұстауды жүргізген салық агентіне осы баптың 2-тармағында көрсетілген, солардың негізінде салық агенті салық салуға жататын кірістерді қайта есептеуді жүргізетін құжаттарды ұсынуға құқылы.»;
34) 163-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жұмыскердің салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
жұмыскердің ағымдағы салық кезеңінде салық салуға жататын кірісінің ағымдағы салық кезеңінде аударылуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасына азайтылған сомасы,
алу
осы Кодекстің 156-бабының 1-тармағында көзделген, ағымдағы салық кезеңіндегі жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы,
алу
осы Кодекстің 156-1-бабына сәйкес айқындалған, алдыңғы салық кезеңінен жеке табыс салығы бойынша түзетуді ауыстыру сомасы,
алу
осы Кодекстің 156-3-бабына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша салық шегерімі сомасы
алу
осы Кодекстің 156-4-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде көзделген, ағымдағы салық кезеңіндегі стандартты шегерім сомасы,
алу
осы Кодекстің 156-5-бабына сәйкес айқындалған, алдыңғы салық кезеңінен стандартты шегерімді ауыстыру сомасы,
алу
осы Кодекстің 156-6-бабына сәйкес көп балалы отбасы үшін салық шегерімі сомасы
алу
осы Кодекстің 156-7-бабына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімі сомасы
алу
осы Кодекстің 156-8-бабына сәйкес оқуға арналған салық шегерімі сомасы
алу
осы Кодекстің 156-9-бабына сәйкес медицинаға арналған салық шегерімі сомасы
алу
осы Кодекстің 156-10-бабына сәйкес сыйақылар бойынша салық шегерімі сомасы
алу
осы Кодекстің 156-11-бабына сәйкес сақтандыру сыйлықақылары бойынша салық шегерімі сомасы
алу
осы Кодекстің 156-12-бабына сәйкес айқындалған, алдыңғы салық кезеңінен басқа да салық шегерімдерін ауыстыру сомасы.»;
35) 165-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасын төлеу кезінде – жұмыс берушiнің өз қызметкерлерiнің, оның ішінде жұмыскерлермен жасалған сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге шығыстары;»;
36) 168-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
жеке тұлғаның салық агентінен алатын, ағымдағы салық кезеңінде салық салуға жататын кірісінің сомасы,
алу
осы Кодекстің 156-бабының 1-тармағында көзделген, ағымдағы салық кезеңіндегі жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы,
алу
осы Кодекстің 156-1-бабына сәйкес айқындалған, алдыңғы салық кезеңінен жеке табыс салығы бойынша түзетуді ауыстыру сомасы,
алу
осы Кодекстің 156-3-бабына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша салық шегерімі сомасы.»;
37) 180-1-бапта:
1-тармақтың 7) тармақшасындағы «меншік құқығы тіркелген күннен бастап» деген сөздер алып тасталсын;
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік бойынша – мүлікті өткізу бағасы (құны) мен бағалау құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте салық органдары жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын мәліметтер негізінде, өткізілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарында мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады;»;
38) 180-2-бапта:
1-тармақтың 7) тармақшасындағы «меншік құқығы тіркелген күннен бастап» деген сөздер алып тасталсын;
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік бойынша – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген, жарғылық капиталға салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен бағалау құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте салық органдары жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын мәліметтер негізінде, жарғылық капиталға салым ретінде берілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады;»;
39) 183-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер осы Кодекстің 61-тарауында өзгеше тәртіп белгіленбесе, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірісі осы бапқа сәйкес айқындалады.»;
40) 192-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстардың, қызметтердің нақты орындалған, көрсетiлген жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетiн кірістері, сондай-ақ осы бапта белгiленген өзге де кірістер.
Осы тармақшаның ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің аумағында тіркелген бейрезиденттің осындай мемлекеттің аумағында жеке тұлғаға туристік қызметтер көрсетуінен түсетін кірістеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған әуежай қызметінен түсетін кірістерге қатысты қолданылмайды;»;
41) 202-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі жоқ, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін бейрезидент заңды тұлғаның жұмыскері болып табылса;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның кірістерінен төлем көзінен жеке табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік бейрезидент заңды тұлға соның пайдасына жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін тұлғаға (оның ішінде қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке) жүктеледі. Мұндай тұлға салық агенті деп танылады.»;
42) 212-бапта:
3-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бейрезидент осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, резиденттікті растайтын құжатты немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін салық агентіне ұсынған кезде халықаралық шарт қолданылады.»;
екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бейрезидентке кіріс төленген немесе бейрезиденттің төленбеген кірістері шегерімге жатқызылған, осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалған салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан;»;
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, бейрезидент салық төлеушінің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті. Мұндай құжаттың көшірмесі төртінші тоқсанға салық есептілігін ұсыну үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей ұсынылады.»;
43) 212-1-баптың 3-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, бейрезидент салық төлеушінің – кірісті түпкілікті (нақты) алушының (иеленушінің) резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мұндай көшірме төртінші тоқсанға салық есептілігін ұсыну үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей ұсынылады.»;
44) 212-2-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, бейрезидент салық төлеушінің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті. Мұндай көшірме төртінші тоқсанға салық есептілігін ұсыну үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей ұсынылады.»;
45) 219-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатты куәландырған органның қолтаңбасы мен мөрі, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландыратын жағдайда, шетелдік нотариустың қолтаңбасы мен мөрі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруға жатады.
Егер резиденттікті растайтын құжаттарды өзара танудың өзгеше тәртібі:
Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шартта;
осы Кодекстің 226-бабына сәйкес жүргізілетін өзара келісу рәсімі шеңберінде уәкілетті орган мен шет мемлекеттің құзыретті органы арасында;
Еуразиялық экономикалық одақ органының шешімімен белгіленген жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылмайды.»;
46) 227-1-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтерді түпкілікті (нақты) алушы (иеленуші) тұлғаның Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжаты болған кезде салық агентінің мұндай кірістерге осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен төлем көзінен табыс салығын салмауға немесе резидент жеке тұлғаның кірістеріне осы Кодекстің 158-бабының 2-тармағында көзделген табыс салығының мөлшерлемесін қолдануға құқығы бар.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжат салық агентіне осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген, бірінші болып басталатын күндердің бірінен кешіктірілмей ұсынылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық агенті салық органына ұсынылатын салықтық есептілікте есепке жазылған (төленген) кірістердің және осы Кодекске сәйкес ұсталған, ұстаудан босатылған салықтардың сомасын, табыс салығының мөлшерлемесін көрсетуге міндетті.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық агенті осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен резидентке депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі кірістерді бейрезидент - депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы төлеу кезінде осы Кодекстің ережелерін қолданбаған жағдайда, салық агенті осы Кодекстің 194-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша төлем көзінен табыс салығын ұстауға міндетті.»;
47) алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
48) 231-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тауарды комиссия шарты бойынша немесе тапсырма шарты бойынша тиеп-жөнелтуді;»;
3-тармақтың 22) тармақшасындағы «басқаруы өткізу бойынша айналым болып табылмайды.» деген сөздер «басқаруы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
«23) тауарларды бір заңды тұлға шегінде беруге (өткізуге) байланысты оларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету – өткізу бойынша айналым болып табылмайды.»;
49) 233-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«233-бап. Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын
өткізу бойынша айналымдар
1. Сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету, сенім білдірілген адамның сенім білдіруші үшін сатып алынған тауарларды сенім білдірушіге беруі, сондай-ақ сенім білдірілген адам үшінші тұлғамен жасаған мәміле бойынша сенім білдіруші үшін осындай үшінші тұлғаның сенім білдірушінің атынан және есебінен жұмыстарды орындауы, қызметтер көрсетуі сенім білдірілген адамның өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.»;
50) 233-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
комитенттiң тапсырмасы бойынша комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комиссионердің тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі;
комиссионердің комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комитент үшін сатып алынған тауарларды комитентке беруі;
үшінші тұлға комиссионермен жасаған мәмiле бойынша комитент үшін осындай үшінші тұлғаның жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.»;
51) мынадай мазмұндағы 233-2-баппен толықтырылсын:
«233-2-бап. Көлік экспедициясы шарты бойынша жүзеге
асырылатын өткізу бойынша айналымдар
Көлiк экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін тасымалдаушы және (немесе) басқа өнім берушілер көлiк экспедициясының шартында айқындалған жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі экспедитордың өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.»;
52) 237-бапта:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Түзетілген шот-фактурада осы Кодекске сәйкес айқындалатын айналым жасау күні көрсетіледі.»;
12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Қосымша шот-фактурада айналым жасау күні көрсетіледі, онда:»;
53) 238-баптың 12, 14 және 15-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Көлік экспедициясы шарты бойынша жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде экспедитордың салық салынатын айналымының мөлшері көлік экспедициясы шарты бойынша оның сыйақысы негізінде айқындалады.»;
«14. Сенім білдірілген адамның сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі, сенім білдірілген адамның сенім білдіруші үшін сатып алынған тауарларды сенім білдірушіге беруі, сондай-ақ сенім берілген адам үшінші тұлғамен жасаған мәміле бойынша сенім білдіруші үшін осындай үшінші тұлғаның сенім білдірушінің атынан және есебінен жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде сенім білдірілген адамның салық салынатын айналымының мөлшері тапсырма шарты бойынша оның сыйақысы негізінде айқындалады.
15. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, комиссионердің комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комитент үшін сатып алынған тауарларды комитентке беруі кезінде, сондай-ақ үшінші тұлға комиссионермен жасаған мәмiле бойынша комитент үшін осындай үшінші тұлға жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде комиссионердің салық салынатын айналымының мөлшері оның комиссиялық сыйақысы негізінде айқындалады.»;
54) 248-баптың бірінші бөлігінің 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) осы Кодекстің 244, 276-12-баптарына сәйкес халықаралық болып табылатын тасымалдауға байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде поштаны, сондай-ақ транзиттiк жүктердi тиеу, түсiру, қайта тиеу (ағызу, құю, өнімді басқа магистральдық құбыржолдарға беру, басқа көлік түріне ауыстыру), Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өту кезінде вагондарды арбаларға немесе ені басқа дөңгелек жұптарға ауыстыру жөнiндегi жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді; вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін; әуежай қызметіне техникалық және аэронавигациялық қызмет көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді; халықаралық рейстерге қызмет көрсету жөнінде теңіз порттарындағы көрсетілетін қызметтерді;»;
55) 250-баптың 2-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) инвестициялық алтынды екінші деңгейдегі банктерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызмет көрсететін заңды тұлғалар санаты үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған металл шоттары арқылы өткізу;»;
56) 256-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импортталған жағдайда төленген салық қосылған құн салығын төлеу бойынша салық міндеттемесі орындалған сол салық кезеңінде есепке жатқызылады.»;
57) 257-баптың 3-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қосылған құн салығының сомасы:»;
3) тармақшадағы «мәмілелер бойынша есепке жатқызылмайды.» деген сөздер «мәмілелер бойынша;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) комиссионер – комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комитент үшін сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша;
5) экспедитор – көлiк экспедициясы шарты бойынша міндеттерді атқару кезінде, осындай шарт бойынша клиент болып табылатын тарап үшін тасымалдаушыдан және (немесе) басқа өнім берушілерден сатып алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылмайды.»;
58) 258-бап мынадай мазмұндағы 4-3-тармақпен толықтырылсын:
«4-3. Егер өткізу бойынша осындай айналым жасалғанға дейін қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызылған бөлінетін жер учаскесінің бір бөлігін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) иелік ету құқығын беру жөніндегі өткізу бойынша айналым осы Кодекстің 249-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған болып табылса, онда есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осындай жер учаскесіне тура келетін қосылған құн салығының сомасына жүргізіледі, ол мына формула бойынша айқындалады:
ҚҚСтүз = ҚҚСеж/ Sжалпы*Sжер, мұндағы:
ҚҚСтүз – қосылған құн салығын түзету сомасы;
ҚҚСеж – бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы;
Sжалпы – жер учаскесінің оны бөлгенге дейінгі жалпы ауданы;
Sжер – иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) иелік ету құқығын беру осы Кодекстің 249-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын жер учаскесінің ауданы.»;
59) 263-бапта:
1-1 және 1-2-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Егер уәкілетті орган растаған, бағдарламалық қамтылымда техникалық қателердің туындау себебінен шот-фактураны электрондық нысанда жазып беру мүмкін болмаған жағдайда, шот-фактураны жазып беру қағаз жеткізгіште жүргізіледі.
2-2. Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, беру және сақтау электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібін белгілейді, онда:
шот-фактураның нысаны;
шот-фактураларды жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру және алу тәртібі;
шот-фактураларды куәландыру тәртібі;
түзетілген және (немесе) қосымша шот-фактуралардың алынғанын растау ерекшеліктері;
шот-фактураларды сақтау тәртібі көрсетіледі.
Уәкілетті орган:
электрондық нысанда жазып берілген шот-фактуралардың уақтылы қабылдануы, тіркелуі, өңделуі және берілуі, сондай-ақ олардың сақталуы;
электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген, берілетін мәліметтердің анықтығы;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шот-фактураларда көрсетілген мәліметтердің үшінші тұлғаларға жария етілмеуі үшін жауаптылықта болады.
2-3. Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактурадан басқа шот-фактураның нысанын салық төлеуші осы баптың ережелерін ескере отырып, өзі дербес айқындайды.»;
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық төлеушілер шот-фактурада немесе осы Кодекстің 256-бабының 2-тармағында көзделген өзге құжатта:»;
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қағаз жеткізгіште жазып берілетін шот-фактурада:»;
3) және 3-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты – тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын дара кәсіпкерлерге қатысты – салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікте көрсетілген атауы;
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген атауы көрсетілуге тиіс. Бұл ретте ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету бөлігінде қалыптасуына, оның ішінде іскерлік айналымдағы қалыптасуына сәйкес аббревиатура пайдаланылуы мүмкін;
3-1) осы Кодекстің 264-1-бабында көзделген жағдайларда өнім берушінің комитент немесе комиссионер мәртебесі;»;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Акцизделетін тауарларды өткізген жағдайда шот-фактурада акциздің сомасы қосымша көрсетіледі.
Осы Кодекстің 78-бабында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда лизинг беруші «Салық кодексінің 78-бабы сақталмаған» деген белгісі бар шот-фактура немесе қосымша шот-фактура жазып береді.
7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура:
қағаз жеткiзгiште – айналым жасалған күннен ерте емес және өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтiзбелiк жеті күннен кешiктiрiлмей;
электрондық нысанда – айналым жасалған күннен ерте емес және өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.»;
мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-тармақтармен толықтырылсын:
«7-1. Қосылған құн салығын төлеушi шот-фактураларды жазып беру кезінде:
электр энергиясын, суды, газды, жүйелік оператор көрсететін жүйелік көрсетілетін қызметтерді, көрсетілетін байланыс қызметтерiн, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, темір жол тасымалдарын, көлiк-экспедициялық көрсетілетін қызметтерді, вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін, жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесі бойынша тасымалдаудың көрсетілетін қызметтерін, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезiнде – қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша;
есепке жазылған сыйақы сомасы бөлiгiнде мүлiктi қаржы лизингiне беру кезiнде – қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн тоқсаннан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк тоқсанның қорытындылары бойынша;
осы Кодекстің 276-бабының 1-тармағында аталған тұлғаларға бір жыл немесе бір жылдан көп мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде – қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша шот-фактура жазып беруге құқылы.
7-2. Тауарлар экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген жағдайда шот-фактура:
қағаз жеткiзгiште – өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтiзбелiк жеті күннен кешіктірілмей;
электрондық нысанда – өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.»;
14-3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Электрондық нысанда жазып берілген, түзетілген шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осындай түзетілген шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібіне сәйкес осындай шот-фактураның жазып берілуімен келіспейтіндігін көрсетуге құқылы.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Талаптары комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттар шеңберінде шот-фактуралар жазып берудің ерекшеліктері осы Кодекстің 264-1-бабында белгіленген.»;
60) мынадай мазмұндағы 264-1-баппен толықтырылсын:
«264-1-бап. Талаптары комиссия шартының талаптарына сәйкес
келетін шарттар бойынша шот-фактуралар жазып
беру ерекшеліктері
1. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға шот-фактураларды жазып беруді қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комиссионер жүзеге асырады.
Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым мөлшері комиссионер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға өткізуді жүзеге асыратын олардың құны негізінде көрсетіледі.
Комиссионер шот-фактураны:
қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комитент комиссионерге жазып берген шот-фактураның деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда комитент комиссионерге жазып берген шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналым сомасы комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымға қосылады;
қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комитент жазып берген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда мұндай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымға қосылады.
Комитент комиссионерге жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналым мөлшері өткізу мақсатында комиссионерге ұсынылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізінде көрсетіледі.
Комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналым мөлшері комиссионердің комиссиялық сыйқасының сомасы негізінде көрсетіледі.
Осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 2-1), 3), 3-1), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда тауарларды өткізуге комитент комиссионердің атына шот-фактураны жазып беру кезінде:
өнім берушінің деректемелері ретінде «комитент» мәртебесі көрсетіле отырып, комитент деректемелері көрсетіледі;
алушының деректемелері ретінде «комиссионер» мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионер деректемелері көрсетіледі.
Осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 2-1), 3), 3-1), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға комиссионер шот-фактура жазып беру кезінде өнім берушінің деректемелері ретінде «комиссионер» мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионер деректемелері көрсетіледі.
2. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комитент үшін сатып алынған тауарларды комиссионер комитентке беру кезінде, сондай-ақ үшінші тұлға комиссионермен жасаған мәміле бойынша комитент үшін осындай үшінші тұлғаның жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде комитент атына шот-фактуралар жазып беруді қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комиссионер жүзеге асырады.
Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым мөлшері комиссия шартының талаптарында комитент үшін комиссионер сатып алған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны ескеріле отырып көрсетіледі.
Комиссионер шот-фактураны:
қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын үшінші тұлға комиссионерге жазып берген шот-фактураның деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда үшінші тұлға комиссионерге жазып берген шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналым сомасы комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымда көрсетіледі;
қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын үшінші тұлға жазып берген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда мұндай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымда көрсетіледі.
Осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 2-1), 3), 3-1), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында комиссия шартының талаптарында комитент үшін сатып алынған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге шот-фактураны комиссионер комитентке жазып беру кезінде:
өнім берушінің деректемелері ретінде «комиссионер» мәртебесі көрсетіле отырып комиссионер деректемелері көрсетіледі;
алушының деректемелері ретінде «комитент» мәртебесі көрсетіле отырып комитент деректемелері көрсетіледі.
Осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 2-1), 3) және 4) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші болып табылатын үшінші тұлға комиссионерге шот-фактураны жазып беру кезінде алушының деректемелері ретінде комиссионер деректемелері көрсетіледі.»;
61) 265-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Электрондық нысанда жазып берілген қосымша шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осындай қосымша шот-фактураны алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібіне сәйкес осындай шот-фактураның жазып берілуімен келіспейтіндігін көрсетуге құқылы.»;
62) 267-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ауыл шаруашылығы малдарының терілерін және жүндерін қайта өңдеуді жүзеге асыру нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізуден алынуға жататын (алынған) кірістер құрайтын заңды тұлғалар жатады.»;
63) 272-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 273-1-бабына сәйкес қосылған құн салығының асып кетуін қайтару кезінде қолданылмайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар жасалған салық кезеңінің соңында қалыптасқан қосылған құн салығы сомасының асып кетуі, егер бір мезгілде мынадай шарттар орындалатын болса:
1) қосылған құн салығын төлеуші нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты түрде өткізуді жүзеге асырса;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты түрде өткізу жүзеге асырылған салық кезеңінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым өткізу бойынша салық салынатын жалпы айналымның кемінде 70 пайызын құрайтын болса, қайтарылуға жатады.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 274-бабында көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды.»;
3-1-тармақ алып тасталсын;
64) мынадай мазмұндағы 273-1-баппен толықтырылсын:
«273-1-бап. Жекелеген жағдайларда қосылған құн салығының
асып кетуін қайтару ерекшеліктері
1. Егер қосылған құн салығының асып кетуі салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салуға байланысты сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасса, мұндай салық төлеушіге құрылыс кезеңінде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Осы баптың мақсаттары үшін өндірістік мақсаттағы ғимараттарға:
1) өнеркәсіптік ғимараттар мен қоймалар;
2) көлік, байланыс және коммуникациялар ғимараттары;
3) тұрғын үй емес ауыл шаруашылығы ғимараттары жатқызылады.
Осы баптың мақсаттары үшін өндірістік мақсаттағы құрылыстарға, спорт пен демалыс орындарына, әкімшілік мақсаттарға, автомобильдер қоюға немесе орынтұрағына арналған, сондай-ақ мәдени-көңіл көтеру, қонақ үй, мейрамхана мақсаттарындағы құрылыстардан басқа құрылыстар жатқызылады.
Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген ғимараттар мен құрылыстарға жатқызу техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «толық аяқталған» құрылыс кезінде де қолданылады.
Бұл ретте құрылыс кезеңі деп құрылыстың басталуы мен ғимараттарды, құрылыстарды пайдалануға беру күні арасындағы уақыт кезеңі түсініледі.
Осы баптың мақсаттары үшін мына күндердің ең ерте күні:
1) құрылысты жүзеге асыруға келісімшарт (шарт) жасасқан күн;
2) жобалау жұмыстарын жүзеге асыруға келісімшарт (шарт) жасасқан күн құрылыстың басталуы деп танылады.
Осы тармақтың ережелері бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:
1) салық төлеуші қызметін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын немесе инвестициялық басым жобаны іске асыратын жаңадан құрылған ұйым болып табылса;
2) құрылыс осы Кодекстің 130-1-бабының 1-тармағында көрсетілген ұзақ мерзімді келісімшарттың негізінде жүзеге асырылса;
3) ғимараттар, құрылыстар негізгі құралдар деп танылса;
4) ғимараттар, құрылыстар пайдалануға қабылданса, қолданылады.
Осы тармақта көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талап ғимараттар, құрылыстар пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін қосылған құн салығы бойынша кезекті декларацияда осы Кодекстің 46-бабының ережелері ескеріле отырып көрсетіледі.
2. Егер қосылған құн салығының асып кетуі салық төлеуші геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мен кен орнын жайластыру кезеңінде сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасса, мұндай қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Бұл ретте геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мен кен орнын жайластыру кезеңі деп кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт жасасқан күн мен жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталған күн арасындағы уақыт кезеңі түсініледі.
Осы тармақтың ережесі қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда) шеңберінде жүзеге асыратын салық төлеушілерге қатысты қолданылады.
Салық төлеуші осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талапты, кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталған күнге тура келетін салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін қосылған құн салығы бойынша кезекті декларацияда осы Кодекстің 46-бабының ережелерін ескере отырып көрсетеді.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған жинақталған асып кеткен сомасының анықтығы расталған салық кезеңінен бастап теңдей үлестермен жиырма салық кезеңі ішінде жүзеге асырылады.
4. Осы баптың ережелері қайтарылуы осы Кодекстің 272-бабына сәйкес жүзеге асырылатын қосылған құн салығының асып кеткен сомасына, сондай-ақ қосылған құн салығының асып кетуін қайтарған кезде осы Кодекстің 274-бабында көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды.»;
65) 276-2-баптың 2) тармақшасында:
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«кәсіпкерлік қызмет мақсатында тауарларды импорттайтын жеке тұлға Кеден одағына қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады. Тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатындарға жатқызу өлшемшарттарын уәкілетті орган белгілейді.»;
он үшінші абзац алып тасталсын;
66) 276-4-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) көрмелер мен жәрмеңкелерге қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Жанама салықтар Қазақстан Республикасының аумағына:
1) кәсіпкерлік қызметтен басқа мақсаттарда жеке тұлғалар әкелетін тауарлардың;
2) тауарларды бір заңды тұлға шегінде беруге байланысты Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінетін тауарлардың импорты кезінде алынбайды.
Салық төлеуші осы тармақшада көрсетілген тауарларды әкелу (әкету) кезінде осы баптың 4-тармағында көзделген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде салық органдарын хабардар етуге міндетті.»;
67) 276-13-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге әкелуді (әкетуді) жүзеге асырған жағдайда, қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде оның орындалуын ұсынады.»;
68) 276-20-баптың 3-1-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қағаз жеткізгіштегі және электрондық нысандағы декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы қағаз жеткізгіштегі (төрт данада) және электрондық нысандағы өтінішті (өтініштерді):»;
1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен қосылған құн салығын төлеуден босатылған және (немесе) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен төлеудің өзге тәсілімен тауарларды импорттайтын тұлғалар;»;
69) 278-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Кәсіпкерлік қызмет мақсатында Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарларды импорттайтын жеке тұлғалар да акциздерді төлеушілер болып табылады.
Акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатындарға жатқызу өлшемшарттарын уәкілетті орган белгілейді.»;
70) 279-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) қыздырылатын темекісі бар өнімдер, электронды сигареттерде пайдалануға арналған сұйықтық;»;
71) 280-баптың 4-тармағының 1) тармақшасында:
бірінші абзацтағы «4)» деген цифр «4-1)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
кестеде:
6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
6. |
2208 |
Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан, сырадан және сыра сусынынан басқа) |
1600 теңге/литр |
»;
12 және 13-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
12. |
2203 00 |
Сыра және сыра сусыны |
26 теңге/литр |
13. |
2202 90 100 1 |
Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра және сыра сусыны |
0 теңге/литр |
»;
мынадай мазмұндағы 21 және 22-жолдармен толықтырылсын:
«
21. |
2403 |
Қыздырылатын темекісі бар өнім (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және тағы басқалар) |
0 теңге/1 кг |
22. |
3824 |
Электронды сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі сұйықтық |
0 теңге/ сұйықтық миллилитрі |
»;
72) 292-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, осы Кодекстiң 279-бабының 2) тармақшасында белгiленген акцизделетiн тауарларға акциз есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейiн төленедi.»;
73) 300-баптың 1) тармақшасында:
бірінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушiлер болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы бөлімнің мақсаттары үшін шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері деп сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының 2709 00 субпозициясында сыныпталатын тауарлар танылады.»;
74) 301-баптың бірінші абзацы және 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Экспортқа өткiзiлетiн шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің, көмірдің көлемi экспортқа рента салығын салу объектiсi болып табылады. Осы бөлімнің мақсаттары үшін экспорт деп:»;
«3) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатының қайта өңдеу өнімдерін Кеден одағына мүше басқа мемлекет аумағына өткізу түсініледі.
Экспортқа рента салығын есептеу үшін шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемi мынадай тәртіппен:
шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін Кеден одағынан тыс жерге экспортқа өткізу кезінде – кеден баждарының, алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемдердің сомаларын есептеу үшін не Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өзге де кедендік мақсаттарда пайдаланылатын, тауарлардың толық декларациясының 35-бағанында көрсетілген шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі ретінде;
шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына экспортқа өткізу кезінде – Қазақстан Республикасының аумағында осындай шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін экспортқа беру маршрутының басында көлік ұйымының тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісінде көрсетілген шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі ретінде айқындалады.»;
75) 302-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Экспортқа нақты өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі және осы Кодекстің 334-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен есептелген әлемдік баға негізінде есептелген, экспортталатын шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің құны шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады. Бұл ретте шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері үшін әлемдік баға шикі мұнайдың әлемдік бағасын негізге ала отырып айқындалады.
Шикі мұнайдың әлемдік бағасын айқындау үшін өлшем бірліктерін баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру орташа өлшемді баррельдеу коэффициентінің негізінде мына формула бойынша жүзеге асырылады:
К барр. орт. = (V1 х К барр.1 + V2 х К барр.2 … + Vn х К барр.n) / V жалпы өткізу, мұндағы:
К барр. орт. – орташа-өлшемді баррельдеу коэффициенті;
V1, V2, …Vn – салық кезеңінде экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің әрбір партиясының көлемі;
К барр.1, К барр.2 … + К барр.n – Қазақстан Республикасының аумағында маршруттың басында көлік ұйымының шикі мұнайды және шикі мұнай өнімдерін тапсыру және қабылдау пунктіндегі есепке алу аспабының деректері негізінде ресімделген әрбір тиісті партия бойынша сапа паспортында көрсетілген баррельдеу коэффициенттері. Бұл ретте баррельдеу коэффициенттері техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ұлттық стандартқа сәйкес өлшеудің стандартты шарттарына келтірілген экспортталатын шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің нақты тығыздығы мен температурасы ескеріле отырып, белгіленеді;
n – салық кезеңінде экспортқа өткізілген шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері партияларының саны;
V жалпы өткізу – салық кезеңінде шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің экспортқа жалпы өткізілу көлемі.
Экспортқа нақты өткізілетін көмірдің көлемі негізінде есептелген экспортталатын көмірдің құны көмір бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.»;
76) 303-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің экспорты кезінде экспортқа рента салығы мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледі:»;
77) 304-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер тауарларға арналған уақытша және толық кедендік декларацияларды ресімдеу күндері әртүрлі салық кезеңдеріне тура келсе, онда экспортқа рента салығын төлеу бойынша міндеттемелер тауарларға арналған уақытша және толық декларацияларда көрсетілген, Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі шеңберінде шикі мұнайды және шикі мұнай өнімдерін беру жүзеге асырылатын уақыт кезеңіне тура келетін салық кезеңінде туындайды.»;
78) 310-бапта:
2-баптың 6) тармақшасы «пайдалы қазбаларды сақтау» деген сөздердің алдынан «қарыздар бойынша шығындарды,» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер табиғи газ шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін болса, мұндай газды өндірудің өндірістік өзіндік құны мына формула бойынша айқындалады:
(Gр1 х 0,857)
Cр = СF х -------------------- х r , мұндағы:
Oр + (Gр1 х 0,857)
____________________________________
GP1
СP – ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін табиғи газды өндірудің өндірістік өзіндік құны, мың текше метр үшін теңге;
СF – ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын мұнай өндірудің өндірістік өзіндік құны, теңге;
GP1 – ол бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарында өзіндік құнды айқындау көзделетін, ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін табиғи газдың өндірілу көлемі, мың текше метр;
OP – ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт шеңберінде шикі мұнайдың өндірілу көлемі, тонна;
0,857 – шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін табиғи газдың мың текше метрін тоннаға ауыстыру коэффициенті;
r – мына формула бойынша айқындалатын құндық коэффициент:
GP2 х AEPG
r = -----------------, мұндағы:
OP х AEPO
GP2 – ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін табиғи газдың өндірілу көлемі, мың текше метр;
Op – ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнайдың өндірілу көлемі, тонна;
AEPG – сыртқы сауда кедендік статистикасын және өзара сауда статистикасын жүргізу жөніндегі уәкілетті органдардың деректері бойынша есептелетін, тауарлы газды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау бойынша тарифтер негізінде айқындалатын шығыстар шегеріле отырып, тиісті салық кезеңінде Қазақстан Республикасының шекарасындағы тауарлы газдың орташа өлшемді экспорттық бағасы, мың текше метріне теңге;
AEPO – сыртқы сауда кедендік статистикасын және өзара сауда статистикасын жүргізу жөніндегі уәкілетті органдардың деректері бойынша есептелетін, шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау бойынша тарифтер негізінде айқындалатын шығыстар шегеріле отырып, тиісті салық кезеңінде Қазақстан Республикасының шекарасындағы шикі мұнайдың орташа өлшемді экспорттық бағасы, тоннасына теңге.»;
79) 314-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редацияда жазылсын:
«2) егер кеңейтілетін келісімшарт аумағында пайдалы қазбалар қорлары бекітілмесе:
мұнайға арналған келісімшарттар үшін – келісімшарт аумағының кеңейту коэффициенті мен осы келісімшарт бойынша қол қойылатын бонустың бастапқы сомасының көбейтіндісі ретінде айқындалады. Келісімшарт аумағының кеңейту коэффициентін құзыретті орган немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беруді жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы орган келісімшарт аумағы кеңейтілетін алаң мөлшерінің келісімшарт аумағы алаңының бастапқы мөлшеріне қатынасы ретінде айқындайды;
минералды шикізат, кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшықтар бойынша келiсiмшарттар үшін пайдалы қазбалардың тиісті түрлері үшін осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгiленген ең төмен мөлшерде айқындалады;»;
80) 320-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шикi мұнайды, газ конденсатын, табиғи газды және Лондон металдар биржасында бағамдалатын немесе бағамдалуы Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында хабарланатын және жарияланатын пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбалар үшін қорлардың құны келісімшарттың осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы бекiткен техникалық-экономикалық негiздемесiнде көрсетiлген өндiруге арналған жоспарлы шығындардың 20 пайызға ұлғайтылған сомасы негiзiнде айқындалады.»;
81) 332-баптың 2-тармағында:
мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
«5-2) жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – жер қойнауын пайдаланушы пайдаланған табиғи газға;»;
6) тармақшадағы «және 5-1)» деген сөздер «, 5-1) және 5-2)» деген сөздермен ауыстырылсын;
82) 334-баптың 5-тармағында:
бірінші абзацта:
«сондай-ақ» деген сөз алып тасталсын;
«ілеспе газдың» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – жер қойнауын пайдаланушы пайдаланған табиғи газдың» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшаның үшінші абзацындағы «ретінде айқындалады.» деген сөздер «ретінде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 5-2) тармақшасында көрсетілген шарттарға сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – жер қойнауын пайдаланушы өндірілген табиғи газды пайдаланған кезде – индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – жер қойнауын пайдаланушы пайдаланған табиғи газдың нақты көлемі мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының көбейтіндісі ретінде айқындалады.»;
83) 338-бапта:
3-тармақтың 1) тармақшасында:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың мақсаттары үшін бағаны бағамдау пайдалы қазбаның шетел валютасындағы Лондон металдар биржасында немесе Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында тіркелген және «Metal Bulletin Journals Limited» баспасының Metal Bulletin» журналында, «Metal-pagesLimited» баспасының «Metal-pages» журналында жарияланатын баға бағамдалуын білдіреді.»;
алтыншы бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Р1, Р2,..., Рn – салық кезеңі ішінде Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында бағалардың бағамдалуы хабарланған және жарияланған күндері алтынға, платинаға, палладийға бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;»;
сегізінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Р1, Р2,..., Рn – салық кезеңі ішінде Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында бағалардың бағамдалуы хабарланған және жарияланған күндері күміске бағалардың күн сайынғы бағамдалуы;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының ережелері есепті салық кезеңінде Лондон металдар биржасында тіркелген немесе Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында тіркелген бағалардың ресми бағамдалуы бар пайдалы қазба түрлеріне қатысты қолданылады.»;
84) 339-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кен орны бойынша баланстан тыс қорлардың құрамынан өндірілетін пайдалы қазбалардың барлық түріне және минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіру салығы 0 пайыздық мөлшерлеме бойынша төленеді.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте өндірілуі баланстан тыс қорлардың құрамынан рентабельділігі төмен кен орындарында жүзеге асырылатын, пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қолданылатын редакциядағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптарымен белгіленген мөлшерлеме және салық салу базасы бойынша есептелген роялти мөлшерінде белгіленетін пайдалы қазбаларды және минералды шикізатты өткізу жағдайларын қоспағанда, баланстан тыс қорлардың құрамынан, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) кейін алынатын пайдалы қазбаларды және минералды шикізатты өткізген жағдайда өндіруге салық мөлшерлемесі 0 пайыз мөлшерінде салынатын қолданылмайды.»;
85) 341 және 342-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«341-бап. Салық базасы
1. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалар және емдік балшықтар көлемінің құны кең таралған пайдалы қазбаларға және емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген жерасты суларының көлемі жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың және емдік балшықтардың құны салық кезеңінде айқындалатын оларды өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.
Өткізудің орташа өлшемді бағасы мына формула бойынша айқындалады:
Б ор. = (V1 ө.п. х Б1ө. + V2 ө.п. х Б2 ө. … + Vn ө.п. х Бn ө.) / V жалпы өткізу, мұндағы:
V1 ө.п., V2 ө.п., …, Vn ө.п. – салық кезеңінде өткізілетін кең таралған пайдалы қазбалардың және емдік балшықтардың әрбір партиясының көлемдері;
Б1 ө., Б2 ө., …, Бn ө. – салық кезеңінде әрбір партия бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды және емдік балшықтарды өткізудің нақты бағалары;
n – салық кезеңінде өткізілген кең таралған пайдалы қазбалар және емдік балшықтар партиясының саны;
V жалпы өткізу – салық кезеңінде кең таралған пайдалы қазбаларды және емдік балшықтарды өткізудің жалпы көлемі.
Жер қойнауын пайдаланушы өткізудің орташа өлшемді бағасын салық кезеңінде өндірілген кең таралған пайдалы қазбалардың және емдік балшықтардың барлық көлеміне, оның ішінде кейіннен қайта өңдеу үшін бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге өндірудің өндірістік өзіндік құны бойынша берілген және (немесе) тауарлы өнім өндіру үшін бастапқы шикізат ретінде пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған көлемдерге қолданады.
3. Кең таралған пайдалы қазбалар және емдік балшықтар өткізілмеген жағдайда, есепті салық кезеңінде олардың құны өткізу орын алған соңғы салық кезеңіндегі өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.
4. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт қолданылған кездің басынан бастап кең таралған пайдалы қазбаларды және емдік балшықтарды өткізу мүлдем болмаған кезде, олардың құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) 20 пайызға ұлғайтылған нақты өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалады.
Кең таралған пайдалы қазбаларды және емдік балшықтарды кейіннен өткізген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы бірінші өткізу орын алған салық кезеңіндегі өткізудің нақты өлшемді орташа бағасын ескере отырып, есептелген пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомаларына түзетуді жүргізуге міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының есептелген сомаларын түзетуді бірінші өткізу болған салық кезеңінің алдындағы он екі айлық кезеңде жүргізеді. Бұл ретте түзету сомасы ағымдағы салық кезеңінің салық міндеттемесі болып табылады.
5. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының ережелері жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасын айқындау тәртібіне қолданылмайды.
342-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының
мөлшерлемелері
Кең таралған пайдалы қазбаларға және емдік балшықтарға пайдалы қазбалар өндіру салығының мөлшерлемелері мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
№ |
Пайдалы қазбалардың атауы |
Мөлшерлемелер, %-бен |
1 |
2 |
3 |
1 |
Металлургияға арналған кенге жатпайтын шикiзат, қалыптық құм, құрамында глиноземі бар жыныстар (далалық шпат, пегматит), әктастар, доломиттер, әктасты-доломит жыныстары, тамақ өнеркәсiбi үшін әктас |
2,5 |
2 |
Кенге жатпайтын басқа шикiзат, отқа төзімді саз, каолин, вермикулит, ас тұзы |
4,7 |
3 |
Жергілікті құрылыс материалдары, вулкандық кеуек жыныстар (туфтар, шлактар, пемзалар), құрамында суы бар вулкандық шыны және шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан), ұсақ жұмыр тас пен қиыршық тас, қиыршық тас-құм қоспасы, гипс, гипсті тас, ангидрит, гажа, саз және сазды жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз, суглинка, аргиллит, алевролит, сазды тақта тастар), бор, мергель, мергельдi-бор жыныстары, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), кварцты-дала шпаты жыныстары, шойтас, шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыптықтан басқа құм (құрылыс, кварц, кварцты-дала шпаты), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас |
5,6 |
4 |
Емдік балшықтар |
10,6 |
Жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі өндірілген жерасты суларының 1 текше метрі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығы:
су шаруашылығының жүйесі саласындағы табиғи монополиялар субъектісі өндірген және осы қызметке тікелей арналған;
жер қойнауын пайдаланушы өндірген және өзі су шаруашылығының жүйесі саласындағы табиғи монополиялар субъектісіне өткізген және осы қызметке тікелей арналған жерасты суларының көлемі бойынша белгіленген мөлшерлеменің 0,1 пайызы мөлшерінде есептеледі.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығы жер қойнауын пайдаланушы өндірген:
осындай пайдалы қазбалардан немесе олардың қалдықтарынан өнім алу процесінде жерасты суларын пайдалануды қоса алғанда, пайдалы қазбалардың басқа да түрлерін өндіру және қайта өңдеу кезінде технологиялық және өндірістік мұқтаждар үшін және өз балансындағы әлеуметтік саладағы объектілерді қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын немесе өзі осы мақсаттар үшін басқа жер қойнауын пайдаланушыға өткізген жерасты суларының;
ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру және (немесе) қайта өңдеу үшін жерасты суларының:
өндірістік-техникалық жерасты суларының;
тек шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждар үшін ғана пайдаланылатын шаруашылық-ауыз су жерасты суларының көлемдері бойынша белгіленген мөлшерлеменің 0,3 пайызы мөлшерінде есептеледі.
Осы баптың мақсаттары үшін шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждар деп жұмыскерлердің еңбек және тамақтану гигиенасы жағдайларын қамтамасыз ету, оның ішінде вахталық кенттерді сумен жабдықтау үшін шаруашылық-ауыз суды пайдалану түсініледі.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығы алкоголь мен тамақ өнімін және алкогольсіз сусындарды өндіру үшін пайдаланылатын, жер қойнауын пайдаланушы өндірген минералды жерасты суларының, шаруашылық-ауыз су жерасты суларының көлемдері бойынша белгіленген мөлшерлеменің 25 пайызы мөлшерінде есептеледі.»;
86) 365-бапта:
3-тармақта:
бірінші бөлікте:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ өзінің өндіру процесінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге енгізілген мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасының ауыл шаруашылығы өнімін пайдалану бойынша шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден аспайтын бір жеңіл автокөлік және бір автобус бойынша – осы Кодекстің 134-бабының 1-тармағына сәйкес келетін мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар, «Батыр ана» атағына ие болған немесе «Алтын алқа» не «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;»;
6) тармақша алып тасталсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5, 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Осы баптың 3-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған адамдар, көрсетілген тармақшаларда тізбеленген бір немесе бірнеше санаттарға жататынына қарамастан, бiр көлiк құралы бойынша ғана (2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда тіркеу әрекеттері жүргізілген, қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильден басқа) көлік құралы салығын төлеушілер болып табылады.
6. Осы баптың 3-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелері осы тармақшаның ережелерін қолдану құқығы бар жеке тұлғаның онда көрсетілген бір немесе бірнеше санаттарға жататынына қарамастан, салық кезең ішінде бiр автокөлiк құралы бойынша (2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда тіркеу әрекеттері жүргізілген, қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильден басқа) қолданылады.
7. Осы баптың 3-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы бар адамның салық кезеңі ішінде меншік құқығында бірнеше автокөлік құралдары болған жағдайда, осы ережелер есептелген салық сомасы ең көп автокөлік құралдарының біріне қатысты қолданылады.
8. Осы баптың 3-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы салық кезеңі ішінде туындаған кезде олар осындай құқық туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық кезеңі аяқталғанға дейін немесе осындай құқық тоқтатылған айдың бірінші күніне дейін қолданылады.
Осы баптың 3-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы салық кезеңі ішінде тоқтатылған кезде олар осындай құқық тоқтатылған айдың бірінші күнінен бастап қолданылмайды.»;
87) 366-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасында тiркелген және (немесе) есепте тұрған, тiркемелердi қоспағанда, көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылады.»;
88) 367-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің кестесіндегі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
5. |
Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, шағын кемелер, қозғалтқышының қуаты: |
|
55 кВт-ға дейiн қоса алғанда (75 ат күшiне тең) |
1 |
|
55 кВт-дан асатын (75 ат күшiне тең) |
10 |
»;
89) 368-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеушi салық салу объектiсіне осы Кодекстің 367-бабына сәйкес салық мөлшерлемелерін қолдана отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес есептейдi.»;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген көлік құралы салығының сомасын осы Кодекстің 451-бабына сәйкес 70 пайызға азайтады.
1-2. Көлік құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында салық кезеңiнен аз уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында нақты болған кезең үшiн салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында нақты болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi.»;
3-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Есепті салық кезеңі үшін жеке тұлғалардың көлік құралы салығы бойынша есеп-қисаптар сальдосын айқындау мақсатында салық органдары көлік құралдарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар автоматтандырылған режимде ұсынатын мәліметтердің негізінде есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде салық есептеуді жүргізеді.»;
90) 369-бапта:
тақырып және 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«369-бап. Салық төлеу мерзiмдерi мен тәртібі»;
«3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірілмейтін күн жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі болып табылады.
Салық салу объектісі болып табылатын көлік құралына қатысты Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес тіркеу әрекеттері жүзеге асырылған жағдайда, меншік құқығын беретін тұлға осындай объектіні иеленген нақты кезең үшін төленуге жататын салық сомасы көрсетілген әрекеттер жасалғанға дейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджетке енгізілуге тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Жеке тұлғалар салық төлеуді тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.»;
91) 386-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«386-бап. Автотұрақтар (паркингтер), автомобильге май құю
сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын
немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза
отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне салық
мөлшерлемелері»;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, осы Кодекстiң 381-бабының кестесіндегі 23 – 26-жолдарында белгіленген мөлшерлемелерден басқа, осы Кодекстiң 381, 382, 383, 384 және 386-баптарында белгіленген салықтың базалық мөлшерлемелері жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті орган меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану қажеттігі және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша ескертуді табыс еткен күннен бастап он есе ұлғайтылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның салық органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
5. Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге осы Кодекстің 378-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерін жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде он еседен асырмай жоғарылатуға құқығы бар.»;
92) 387-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жергілiктi өкiлдi органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының мөлшерлемелерін осы Кодекстiң 379, 381 және 383-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінің 50 пайызынан асырмай төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының мөлшерлемелерін жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.
Бұл ретте жергілікті өкілді орган жер салығының мөлшерлемелерін төмендету немесе жоғарылату туралы мұндай шешімді енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей қабылдайды және ол қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жергілікті өкілді органның жер салығының мөлшерлемелерін төмендету немесе жоғарылату туралы шешімі ресми жариялануға жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері осы Кодекстің 386-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.»;
1-1-тармақ алып тасталсын;
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Осы Кодекстің 135-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар жалға алғаны, пайдаланғаны үшін төлемақысы мемлекеттік бюджетке түсетін жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (ондағы үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге не оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру кезінде осындай оъектілер бойынша жер салығын есептеген кезде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0,1 коэффициентін қолданады.»;
6-тармақ алып тасталсын;
93) 388-баптың 1, 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салықты есептеу әрбiр жер учаскесi бойынша салық базасына тиiстi салық мөлшерлемесін жеке қолдану арқылы жүргiзіледi.»;
«5. Салық жылы iшiнде елдi мекендi қоныстың бiр санатынан басқасына ауыстыру кезiнде осындай ауыстыру жүргізілген салық кезеңі үшін жер салығы осы елді мекен осындай ауыстыруға дейін жатқызылған елді мекен санаты үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.
6. Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде осындай өзгеріске байланысты аумағы басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің шекарасына ауыстырылған елді мекенде орналасқан жер учаскелері бойынша осындай өзгеріс жүргізілген салық кезеңі үшін жер салығы осындай өзгеріс күніне дейін осы елді мекен болған шекарадағы елді мекен санаты үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.»;
94) 389-баптың 8-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезінде меншік құқығын беретін тұлғаның осындай объектіні иеленген нақты кезең үшін төленуге жататын салық сомасы мұндай тіркеу жасалғанға дейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджетке енгiзілуге тиіс.»;
95) 391-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі және 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар (осы тармақтың екінші бөлігінде аталған тұлғаларды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық мөлшерлемелері мен салық базасы негiзінде, есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргiзедi.»;
«3. Жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығын бюджетке есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi.»;
4-тармақ алып тасталсын;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Дара кәсiпкерлер кәсіпкерлік қызметте пайдаланатын (пайдалануға жататын) жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейді.
6. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер өз қызметiнде пайдаланатын (пайдалануға жататын) жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi. Бұл ретте жер салығы салық кезеңі үшін декларация ұсыну мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешiктiрілмей төленуге жатады.»;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының ережелерін қолдану құқығы туындаған кезде олар мұндай құқық туындаған айдың бiрiншi күнінен бастап салық кезеңi аяқталғанға дейiн немесе мұндай құқық тоқтатылған айдың бiрiншi күніне дейiн қолданылады.
Салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының ережелерін қолдану құқығы тоқтатылған кезде олар мұндай құқық тоқтатылған айдың бiрiншi күнінен бастап қолданылмайды.»;
96) 394-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «концессионер мүлік салығын төлеушілер болып табылады.» деген сөздер «концессионер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы Кодекстің 395-бабында аталған тұлғалар мүлік салығын төлеушілер болып табылады.»;
97) 395-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Меншiк иесi салық салу объектiсiн сенімгерлiк басқаруға берген кезде салық төлеушi осы Кодекстiң 35 және 36-баптарына сәйкес айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Мемлекеттiк тiркеуге жататын ғимараттарға, құрылыстарға құқықтардың мемлекеттік тіркелуі болмаған жағдайда:
1) жаңадан тұрғызылған (салынған) объектілер үшін мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі және (немесе) салынған объектіні пайдалануға қабылдау (беру) актісі;
2) қалған жағдайларда – азаматтық-құқықтық мәмілелер немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер негізінде осы объектіні нақты иеленетін және пайдаланатын (іске қосатын) тұлға мұндай объектіге салық төлеуші болып табылады.»;
98) 396-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар құрамында есепке алынатын, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын ғимараттар, құрылыстар, осындай ғимараттардың бөліктері;»;
2) тармақшадағы «құрылыстар салық салу объектісі болып табылады.» деген сөздер «құрылыстар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3), 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) осы Кодекстiң 111-1-бабында көрсетілген активтер;
4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ғимараттарды (ғимараттардың бөліктерін) және құрылыстарды қоспағанда, кепiл, өзге де қамтамасыз ету ретiнде түсетін мүлiкке өндiрiп алуды қолдану нәтижесiнде меншiкке өткен, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес екiншi деңгейдегі банктер активтерiнiң құрамында есепке алынатын, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкiлеттi орган белгiлеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын ғимараттар, құрылыстар, осындай ғимараттардың бөліктері;
5) осы Кодекстің 395-бабының 7-тармағында көрсетілген ғимараттар, құрылыстар салық салу объектісі болып табылады.»;
2-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Кодекстің 395-бабының 7-тармағында, 396-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, аяқталмаған құрылыс объектiлерi;»;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес айқындалатын және салық есептеуді осы Кодекстің 409-бабына сәйкес салық органдары жүргізетін жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын тұрғынжайлары мен басқа да объектiлері салық салу объектілері болып табылмайды.»;
99) 397-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектілерінiң орташа жылдық баланстық құны осы Кодекстің 396-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шартқа сәйкес салық салу объектісіне бағалау жүргізген жағдайда, оның бағалау туралы тиісті есепте айқындалған, бірақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын орташа жылдық баланстық құннан төмен болмайтын нарықтық құны мұндай салық салу объектісі бойынша салық базасы болып табылады.»;
2-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарында салық салу объектілерін бөлшектеу және жою бойынша міндеттемелерді орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің ережелерінде қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларына байланысты іс-шараларды орындау көзделген болса, онда осындай міндеттемелерді халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған бағалануы жекелеген есеп жүргізу кезінде салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына кірмейдi.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерінде магистральдық құбыржолдарды жою бойынша міндеттемелерді орындау көзделген болса, онда осындай міндеттемелердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған бағалануы осындай міндеттемелер құнының жекелеген есебін жүргізу кезінде салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына кірмейдi.»;
4-тармақта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға жұмсалған, сондай-ақ мәмілелер бойынша алынған, бағасы (құны) белгісіз не өтеусіз, оның ішінде сыйға тарту, мұраға қалдыру, қайырмалдық, қайырымдылық көмек түрінде алынған салық салу объектілері бойынша шығындарды растайтын бастапқы құжаттар болмаған кезде:
1) осы активке меншік құқығы туындаған күнгі салық салу объектісінің;
2) осындай объектілер бойынша төлеуші деп тану күніне осы Кодекстің 395-бабының 7-тармағында аталған төлеушілердің салық салу объектісінің нарықтық құны салық базасы болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте нарықтық құн Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалады.»;
100) 398-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) Алматы және Астана қалаларының әуеайлақтарындағы ұшу-қону жолақтарын және әуежайларындағы терминалдарды қоспағанда, әуеайлақтардағы ұшу-қону жолақтары және әуежайлардағы терминалдар бойынша заңды тұлғалар.»;
101) 399-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Осы Кодекстің 395-бабы 7-тармағы 2) тармақшасының негізінде салық төлеуші болып табылатын тұлға үшін тiркелмеген салық салу объектiсіне құқықтар берілген жағдайда салық сомасы:
1) беруші тарап үшiн – осындай салық салу объектісін нақты иеленген және (немесе) пайдаланған (іске қосқан) айдың бірінші күнінен бастап осындай объект қабылдап алу-беру актісінің немесе өзге де құжаттың негізінде берілген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін;
2) қабылдаушы тарап үшiн – осындай объекті қабылдап алу-беру актісінің немесе өзге де құжаттың негізінде берiлген айдың бiрiншi күнінен басталған кезең үшін есептеледі;»;
102) 400-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«400-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу
Дара кәсіпкер кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша салықты осы тарауда белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен есептейді және төлейді.»;
103) 403-баптың 2-тармағында:
1) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер;»;
4) тармақша алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес айқындалатын және салық есептеуді осы Кодекстің 409-бабына сәйкес салық органдары жүргізетін тұрғынжайларды және басқа да объектілерді қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлері бойынша дара кәсiпкерлер.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларының ережелері пайдалануға немесе мүліктік жалдауға (жалға) берілген салық салу объектілері бойынша қолданылмайды.»;
104) 404-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте 2016 жылғы 31 желтоқсаннан кейін меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу жүргізілген, бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша меншік иелері осындай объектіге меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға арналған өтінішінде көрсеткен, осы салық салу объектісі меншік иелерінің бірі салық төлеуші бола алады.»;
105) 405-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«405-бап. Салық салу объектісі
Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғынжайлар, үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар мүлік салығын салу объектісі болып табылады.»;
106) 406-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Орталық мемлекеттік органдардың арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын мәліметтердің негізінде салық органдары әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады, бұл мынадай тәртіппен айқындалады:
Қ = Қ б х S х К физ х К айм х К аек. өзг.
Орталық мемлекеттік органдардың арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын мәліметтердің негізінде салық органдары осындай тіркеу жылынан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін құн ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан кейін құқықтарын мемлекеттік тіркеу жүргізілген жаңадан тұрғызылған тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады, бұл мынадай тәртіппен айқындалады:
Қ = Қ б x S x К айм.
Осы тармақтың мақсаттары үшін:
Қ – салық салу мақсаттары үшін мүлік құны;
Қ б – тұрғынжайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің базалық құны;
S – тұрғынжайдың, саяжай құрылысының шаршы метрмен көрсетілетін пайдалы алаңы;
К физ – физикалық тозу коэффициенті;
К айм – аймаққа бөлу коэффициенті;
К аек. өзг – айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті.»;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте елді мекендердің санаттары техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптамасына сәйкес айқындалады.»;
3-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Орталық мемлекеттік органдардың арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын мәліметтердің негізінде салық органдары айқындайтын, әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша осындай объектінің құны тұрғынжайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, іргеқабаты, жертөлесі, гараж бойынша салық базасы болып табылады, бұл мынадай формула бойынша есептеледі:
Қ = Қ б x S x К физ х К аек өзг. х K айм.
Орталық мемлекеттік органдардың арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын мәліметтердің негізінде салық органдары осындай тіркеу жылынан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін құн ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан кейін құқықтарын мемлекеттік тіркеу жүргізілген тұрғынжайдың жаңадан тұрғызылған салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, іргеқабаты, жертөлесі, гараж бойынша салық базасы болып табылады, бұл мынадай тәртіппен айқындалады:
Қ = Қ б x S x K айм.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жеке тұлғалардың мүлкі салығы салынатын объектілердің физикалық тозу коэффициентін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
5-тармақ алып тасталсын;
6-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициентiн (К айм.) жергіліктi атқарушы органдар уәкілетті органмен келісу бойынша осындай коэффициент енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес бекітеді және ол бекітілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бекітілген аймаққа бөлу коэффициенттері ресми жариялануға жатады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Тұрғын үйдің салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтiк) құрылысы, iргеқабаты, жертөлесі, гараж тұрғынжайдың бір бөлігі болып табылған жағдайда, салық органдары салық базасын осы бапқа сәйкес есептелетін осындай салық салу объектілерінің жиынтық құны ретінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын мәліметтердің негізінде айқындайды.»;
10-тармақ алып тасталсын;
107) 407-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимараттардың бөліктері) бойынша жеке тұлға (оның iшiнде жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор) мүлік салығын осы Кодекстің 57-тарауында патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін белгіленген тәртіппен, осы Кодекстің 398-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдана отырып есептейді, төлейді және осы салық бойынша салық есептілігін ұсынады.»;
108) 409-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық органдары жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін құқықтары тіркелген, жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша меншік құқығында иеленудің нақты мерзімін ескере отырып, салық базасына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы, салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді.
2. Егер салық кезеңі ішінде салық салу объектісі меншік құқығында он екі айдан аз болса, осындай объектілер бойынша төленуге жататын мүлік салығы осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған салық сомасын он екіге бөлу және салық салу объектісінің меншік құқығында болуының нақты кезеңі айларының санына көбейту жолымен есептеледі.
Бұл ретте объектінің меншік құқығында болуының нақты кезеңі салық кезеңінің басынан (егер объект осы күнге меншік құқығында болған жағдайда) немесе объектіге меншік құқығы туындаған айдың бірінші күнінен бастап осындай объектілерге меншік құқығы берілген айдың бірінші күніне дейін немесе салық кезеңінің соңына дейін (егер объект осы күнге меншік құқығында болған жағдайда) айқындалады.»;
4-тармақ алып тасталсын;
6, 7, және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 403-бабы 2-тармағы 2), 3) және 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы туындаған кезде олар осындай құқық туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық кезеңі аяқталғанға дейін немесе осындай құқық тоқтатылатын айдың бірінші күніне дейін қолданылады.
Салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 403-бабы 2-тармағы 2), 3) және 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы тоқтатылған кезде олар осындай құқық тоқтатылған айдың бірінші күнінен бастап қолданылмайды.
7. Егер осы баптың 8-тармағында өзгеше белгіленбесе, бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.
8. Меншік құқығын беретін тұлғаның салық салу объектісін иеленуінің нақты кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасы меншік құқықтары мемлекеттік тіркелген күннен кешіктірілмей бюджетке енгізілуге тиіс.»;
9-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде шекаралардың осындай өзгеруі нәтижесiнде басқа әкімшілік-аумақтық бірлік шекарасына ауыстырылған аумақтың елдi мекенiндегі жеке тұлғалардың мүлкіне салық осындай өзгерiс жүргізілген салық кезеңі үшін осындай өзгерiс күніне дейін осы елдi мекен болған шекарадағы елдi мекен санаты үшін белгіленген базалық құнының негізінде есептеледі.»;
109) 426-бапта:
2-тармақтағы «мен әлеуметтік аударымдарды» деген сөздер «, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 5-тармағында аталғандарды қоспағанда, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық төлеушілер ұсынатын, қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада (осы тараудың мақсаты үшін бұдан әрі – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама) – бір салық салу режимінен өзге салық салу режиміне ауысу кезіндегі салық төлеушілер, сондай-ақ жаңадан құрылған (пайда болған) заңды тұлғалар жүзеге асырады.»;
110) 427-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші салық агентінің төлем көзінен салық салуға жататын кірістерден жеке табыс салығы бойынша есептеу, төлеу және салық есептілігін ұсыну бойынша міндеттемесін осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 8-тармағына сәйкес жүргізілетін түзетулер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасында және одан тыс жерде алынған (алынуға жататын), осы баптың 4-тармағында көрсетілген кірістердің барлық түрлерінен тұратын, салық кезеңіндегі кіріс патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі болып табылады.»;
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушінің осы тарауға сәйкес салық салынатын кірісіне кірістердің мынадай түрлері қосылады:»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға:
осы Кодекстің 4-бөліміне және осы баптың 7 – 10-тармақтарына сәйкес – осы баптың 4-тармағында көрсетілген;
осы Кодекстің 4-бөліміне сәйкес – осы баптың 4-тармағында көрсетілмеген кірістердің мөлшерін айқындайды.
Бұл ретте тиісті салықтарды есептеу мен төлеу, олар бойынша салық есептілігін ұсыну:
осы Кодекстің 436 және 437-баптарына сәйкес – осы баптың 4-тармағында көрсетілген кірістер бойынша;
осы Кодекстің 4-бөліміне сәйкес – осы баптың 4-тармағында көрсетілмеген кірістер бойынша жүргізіледі.
6. Егер осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер:
1) осы Кодекстің 180, 180-1, 180-2 және 180-3-баптарына сәйкес – мүліктік кірістің;
2) осы Кодекстің 184-бабына сәйкес – осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, басқа да кірістердің;
3) осы баптың 4-тармағында көрсетілген:
осы Кодекстің 427-1-бабының 1-тармағында аталған дара кәсіпкер – осы баптың 7 – 10-тармақтарына және осы Кодекстің 427-1-бабына сәйкес;
осы Кодекстің 427-1-бабының 1-тармағында аталмаған дара кәсіпкер – 85 – 98-баптарға және осы баптың 7 – 10-тармақтарына сәйкес кірістердің;
4) осы Кодекстің 183-бабының 1-тармағына сәйкес – осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көрсетілмеген кірістердің мөлшерін айқындайды.
Бұл ретте тиісті салықтарды есептеу мен төлеу, олар бойынша салық есептілігін ұсыну:
1) осы Кодекстің 20 және 21-тарауларына сәйкес – осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген кірістер бойынша жүргізіледі;
2) мыналар:
осы Кодекстің 431 және 432-баптарына сәйкес, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер;
осы Кодекстің 436 және 437-баптарына сәйкес оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген кірістер бойынша жүргізеді.»;
7-тармақтың 3) тармақшасындағы «құны қаралмайды.» деген сөздер «құны;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға алушы жеке тұлғаның тұрғынжайды, тұрғын үй-жайды (пәтерді) мүліктік жалдау (жалға алу) кезінде, егер көрсетілген шығыстар жалға алу төлеміне кірмейтін болса, мынадай:
Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға;
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген коммуналдық көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге;
тұрғынжайды, тұрғын үй-жайды (пәтерді) жөндеуге жұмсалған шығыстары қаралмайды.»;
111) 428-баптың 3-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын;
112) 438-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«438-бап. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды,
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу
(аудару) тәртібі
Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың сомаларын төлеу (аудару) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргiзiледi.»;
113) 439-баптың 1-1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы мыналар үшін:
1-аумақтық аймақ – 5 000 га;
2-аумақтық аймақ – 3 500 га;
3-аумақтық аймақ – 1 500 га;
4-аумақтық аймақ – 500 га болып белгіленген жер учаскесінің шекті алаңынан аспайды.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін жер учаскелерін мынадай аймаққа бөлу қолданылады:
1-аумақтық аймақ: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының, Алматы қаласының топырақ-климаттық аймақтарындағы шөлді, жартылай шөлді және тау бөктеріндегі шөлді-далалық жерде орналасқан жайылымдар;
2-аумақтық аймақ: Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Астана қаласының жері;
3-аумақтық аймақ: 1-аумақтық аймақтың жерiн қоспағанда, суармалы жерді қоса алғанда Атырау, Маңғыстау облыстарының жері;
4-аумақтық аймақ: 1-аумақтық аймақтың жерін қоспағанда, суармалы жерді қоса алғанда Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының жері.
Шаруа немесе фермер қожалығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері әртүрлі аумақтық аймақтарда болған жағдайда, осы тармақтың мақсаттары үшін мұндай учаскелердің жиынтық алаңы осындай аумақтық аймақтарға белгіленген жер учаскесінің неғұрлым шекті алаңынан аспауға тиіс.
Бұл ретте әрбір аумақтық аймақтағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің алаңы мұндай аймақ үшін осы тармақта белгіленген жер учаскесінің шекті алаңының мөлшерлерінен аспауға тиіс;»;
114) 449-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«449-бап. Салық кезеңі
Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік табыс салығын немесе жеке табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтiк салықты, мүлiк салығын, көлiк құралы салығын есептеу үшін салық кезеңi осы Кодекстің 148, 159, 269, 363, 370 және 401-баптарына сәйкес айқындалады.»;
115) 451-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«451-бап. Жекелеген салық түрлерін есептеу ерекшелігі
1. Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген корпоративтік табыс салығының немесе жеке табыс салығының, қосылған құн салығының, әлеуметтік салықтың, мүлік салығының, көлік құралы салығының бюджетке төленуге жататын сомалары 70 пайызға азайтылуға жатады.»;
116) 455-баптың 1) тармақшасының үшінші абзацы алып тасталсын;
117) 456-баптың кестесінде:
2 және 2.1-жолдар алып тасталсын;
3.15-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3.15. |
мемлекеттік мекемелердің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркегені үшін |
0 |
»;
118) 457-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын;
119) 471-баптың кестесіндегі 1.86 және 1.87-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.86. |
Сырадан және сыра сусынынан басқа, алкоголь өнімінің өндірісі |
3 000 |
1.87. |
Сыра және сыра сусынының өндірісі |
2000 |
»;
120) 476-3-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Алым мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алым төлеу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша – АЕК) мөлшері негізге алына отырып, штат санына, сертификаттау түріне және (немесе) қызмет саласына, бос әуе кемесінің салмағына және (немесе) оның қозғалтқыштарының санына, азаматтық авиация саласындағы сертификатталатын объектілердің класына (санаттарына) байланысты белгіленеді.»;
2-тармақтың кестесіндегі 2 және 2.1-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
2. |
Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттау үшін: |
||
2.1. |
қоса алғанда 50 адамға дейін |
78 |
»;
3-тармақтың кестесінде:
1.1.1.0, 1.1.11, 1.1.12, 1.2.6, 1.2.7, 1.2.8, 1.2.9, 1.2.10 және 1.2.11-жолдар алып тасталсын;
3.1, 3.2 және 3.3-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
3.1. |
ұшақ |
10 |
3.2. |
тікұшақ |
20 |
3.3. |
басқа да ұшу аппараттары |
5 |
»;
4-тармақтың кестесінде:
3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
3. |
Жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін қоспағанда, зертхана жағдайында әуе кемелерінің агрегаттары мен жабдықтаушы бұйымдарына техникалық қызмет көрсету |
218 |
4. |
Жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін қоспағанда, әуе кемелері және олардың агрегаттары мен жабдықтаушы бұйымдарының жай-күйін бұлжытпай бақылау әдістерін қолдану |
145 |
»;
5.1 және 5.2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
5.1. |
10 адамға дейін |
47 |
5.2. |
11 адамнан 40 адамға дейін |
69 |
»;
5-тармақтың кестесіндегі 4, 5 және 6-жолдар алып тасталсын;
7-тармақ алып тасталсын;
121) 495-бапта:
3-тармақтың кестесі мынадай редакцияда жазылсын:
«
№ |
Ластағыш заттардың түрлері |
1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 |
2 |
3 |
1. |
Көмірсутектер |
44,6 |
2. |
Көміртегі тотықтары |
14,6 |
3. |
Метан |
0,8 |
4. |
Күкірт диоксиды |
200 |
5. |
Азот диоксиды |
200 |
6. |
Күл |
240 |
7. |
Күкіртті сутегі |
1240 |
8. |
Меркаптан |
199320 |
»;
9-тармақтың бірінші бөлігіндегі «жиырма еседен аспайтындай арттыруға құқығы бар» деген сөздер алып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Экологиялық рұқсатсыз, сондай-ақ белгіленген нормативтерден тыс қоршаған эмиссиялар үшін осы бапта белгіленген мөлшерлемелер қолданылады.»;
122) 498-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Төлемақы төлеушiлер, осы баптың 3-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, декларацияны тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-күнінен кешiктiрмей ұсынады.»;
123) 513-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Кодекстің 474-бабында аталған алым төлеушілер;»;
124) 514-баптың 2-тармағының кестесіндегі 7 және 7-1-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
7. |
Ұялы байланыс (қабылдауға енi 1 МГц/беруге 1 МГц жиiлiк белдеуi үшiн) |
облыс, Астана, Алматы қалалары |
2 850 |
7.1 |
Төртінші жаңартылымдағы ұтқыр байланыс (қабылдауға енi 2 МГц/беруге 2 МГц радиожиiлiк белдеуi үшiн) |
облыс, Астана, Алматы қалалары |
2 650 |
»;
125) 528-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор және жергілікті атқарушы органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей рұқсат беру құжатында көрсетілген сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі орналасқан жердегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер ұсынады.»;
126) 534-баптың 1-тармағының 16) тармақшасындағы «бергені үшін мемлекеттік баж алынады.» деген сөздер «бергені үшін;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) теңізшінің жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының теңізде жүзу кітапшасын және кәсіби дипломды бергені үшін мемлекеттік баж алынады.»;
127) 535-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мүліктік сипаттағы талап арыздардан:»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тексеру актiлерi бойынша хабарламаларға дау айту туралы арыздардан:
дара кәсiпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн – хабарламада көрсетiлген салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) даулы сомасының 0,1 пайызы, бірақ 500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшер;
заңды тұлғалар үшiн – хабарламада көрсетiлген салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) даулы сомасының 1 пайызы, бірақ 20 мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшер;»;
14) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мүліктік емес және мүліктік сипаттағы даулар бойынша соттардың ұйғарымдарына, шешімдеріне және қаулыларына сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттардан осындай даулар жөнінде талап арыз берілген кезде мемлекеттік баж осы баптың 1-тармағында белгіленген мемлекеттік баждың тиісті мөлшерлемесінің 50 пайызы мөлшерінде алынады.
Бұл ретте мүліктік сипаттағы даулар бойынша мемлекеттік баждың мөлшері осы тармақта көрсетілген мемлекеттік баж мөлшерлемесін арыз беруші даулап отырған сомаға қолдану жолымен айқындалады.»;
128) 539-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға байланысты басқаға беру, кепiл шарттарын, кешенді кәсіпкерлік лицензиясын (франчайзинг), лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттарды тiркегенi үшiн – 150 пайыз;»;
129) 540-баптың 11) тармақшасындағы «25 пайыз мемлекеттік баж алынады.» деген сөздер «25 пайыз;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) мыналарды:
теңізшінің жеке куәлігін бергені үшін – 500 пайыз;
Қазақстан Республикасының теңізде жүзу кітапшасын бергені үшін – 350 пайыз;
кәсіби дипломды бергені үшін – 200 пайыз мемлекеттік баж алынады.»;
130) 547-баптың 2-тармағының 14) тармақшасындағы «бергенге дейiн төленедi.» деген сөздер «бергенге дейiн;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) теңізшінің жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының теңізде жүзу кітапшасын және кәсіби дипломды бергені үшін тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді.»;
131) 552-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«552-бап. Консулдық алым мөлшерлемелері
1. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін;
2) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлерін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес белгіленген консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлері шегінде шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекітеді.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілеген шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелері болмаған кезде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындайтын, басқа шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін белгіленген консулдық алым мөлшерлемелері қолданылады.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген мөлшерлемелерге қосымша өзара түсіністік қағидаты негізінде жеделдеткені үшін консулдық алым мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы.»;
132) 553-бапта:
5) тармақшаның оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«өзара түсiнiстiк қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға;»;
6) тармақшаның тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«өзара түсiнiстiк қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға;»;
133) 557-бапта:
1-тармақтың 11) тармақшасындағы «болып табылмайтын мәліметтерді қоспағанда, салық органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез кезген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.» деген сөздер «болып табылмайтын;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептелетін, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффиценті туралы мәліметтерді қоспағанда, салық органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез кезген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.»;
3-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қағаз жеткізгіште не электрондық құжат нысанындағы прокурор санкциялаған уәжді сұрау салудың негізінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреттері шегінде құқық қорғау органдарына және арнаулы мемлекеттік органдарға береді. Мұндай мәліметтерді прокурор сұратқан жағдайда санкция талап етілмейді;»;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) есебі салық органдарында жүргізілетін, салық құпиясын құрайтын берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік органдарға және (немесе) тұлғаларға береді;»;
мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабының орындалуын бақылау және валюталық бақылау агенті болып табылатын уәкілетті банктерге беру үшін қажетті мәліметтер бөлігінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне береді.
Салық құпиясын құрайтын ұсынылатын мәліметтердің тізбесі және оларды ұсыну тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есепке алу нөмірлерін алу қағидаларында белгіленеді.»;
134) 563-баптың 2-1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Бұл ретте салықтық өтінішті резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, бейрезидент заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысы келу тәртібімен береді. Салықтық өтінішті беру кезінде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сауалнама толтырылады.
Салықтық өтінішті келу тәртібімен беру бойынша міндеттеме қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тұлғаларға және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне қатысушыларға қолданылмайды.»;
135) 566-баптың 2-тармағындағы «дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген тіркеу деректері» деген сөздер «тіркеу деректері» деген сөздермен ауыстырылсын;
136) 568-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
1. Мыналарды:
1) мемлекеттік мекемелерді;
2) резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін;
3) тиісінше ойын бизнесі салығы мен тіркелген салық салуға жататын қызмет бойынша осы Кодекстің 411 және 420-баптарында аталған тұлғаларды қоспағанда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға осы бапта белгіленген тәртіппен резидент заңды тұлғалар, қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер жатады.
2. Егер қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою мақсаттары үшiн айналымның мөлшері күнтізбелік жыл ішінде ең төмен айналымнан асып кетсе, осы баптың 1-тармағында аталған, қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қоюға жататын тұлғалар, ең төмен айналымнан асып кетуі туындаған ай аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жеріндегі салық органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті келу тәртібімен беруге міндетті.
Айналым мөлшері өсу қорытындысы бойынша:
1) жаңадан құрылған резидент заңды тұлғалар, бейрезидент солар арқылы қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын филиалдар, өкілдіктер – әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелген күннен бастап;
2) салық органдарында дара кәсіпкер ретінде жаңадан тіркеу есебіне тұрған жеке тұлғалар – салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күнінен бастап;
3) ағымдағы күнтiзбелiк жылда салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарылған салық төлеушiлер – салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарылған күннен кейiнгi күннен бастап;
4) өзге де салық төлеушілер ағымдағы күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін айналым мөлшері осы Кодекстің 230-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген айналымдардың сомасы ретінде айқындалады.»;
3-тармақ алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасының, қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің бірінші басшысы, дара кәсіпкер тұратын жеріндегі салық органына келу тәртібімен береді.
Бұл ретте қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті беру кезінде салық органы Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасының бірінші басшысын, дара кәсіпкерді суретке түсіруді жүзеге асырады.
Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берген айдан кейiнгi айдың бірінші күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.
Салық органы салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.»;
137) алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
138) 570-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою фактісін куәландырады, мерзімсіз болып табылады және тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады. Куәліктің нысанын уәкілетті орган белгілейді.»;
2-тармақта:
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) куәлікті жасаған салық органының атауын қамтиды.»;
3-тармақ алып тасталсын;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiктің күші жойылады және жарамсыз деп есептеледі.
5. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті ауыстыруды қосылған құн салығын төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы өзгерген жағдайда салық төлеуші тегінің, атының, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауының өзгергені туралы сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.»;
6-тармақ алып тасталсын;
139) 571-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару:
1) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тұлға қызметін тоқтатқан жағдайда – осы Кодекстің 37, 41 және 42-баптарында көрсетілген құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш ұсынылған күннен бастап;
2) заңды тұлғалар бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайларда – тарату салық есептілігін және беру актісі ұсынылған күннен бастап;
3) заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – осы Кодекстің 40-бабында көрсетілген құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш ұсынылған күннен бастап;
4) дара кәсіпкер ретінде тіркелген және қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын жеке тұлға қайтыс болған жағдайда – осы Кодекстің 564-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алып тасталған күннен бастап жүргізіледі.»;
140) 572-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті ұсыну салық төлеушінің хабарламаларды кепілдікті жеткізілуін қамтамасыз ететін телекоммуникация желілері бойынша беру арқылы электрондық құжаттар алмасуға, оның ішінде осы Кодексте көзделген салық органдарының хабарламаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құжаттарды алуға берген келісімі болып табылады.»;
141) 577-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, салық органы заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қоюды осы Кодекстің 583-бабына сәйкес салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды, тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде салық төлеушінің мүлік, көлік құралы салықтарын, жер салығын, бірыңғай жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуін қамтамасыз ету үшін жүргізеді.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші бөлігі және 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, уақытша өтеулі жер пайдалану, уақытша иелену және пайдалану, сенімгерлік басқару құқығында салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объектісі бар, сондай-ақ осы Кодекстің 396-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес салық салу объектісі болып табылатын аяқталмаған құрылыс объектісін нақты иеленетін және пайдаланатын (іске қосатын) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар мұндай құқықтар туындаған күннен бастап немесе аяқталмаған құрылыс объектісін нақты пайдаланған (іске қосқан) күннен бастап он жұмыс күні ішінде өзі орналасқан жердегі не салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект орналасқан жердегi салық органына салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қою үшiн осы баптың 2-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi ұсынуға мiндеттi.»;
«5. Салық органы дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны салық салу объектiлерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қоюды уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтерді және (немесе) осы баптың 2-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.»;
142) 578-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық органы дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны салық салу объектiлерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды салық салу объектiлері және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша туындаған салық міндеттемесі орындалған кезде мынадай жағдайларда:»;
2-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Салық органы дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны салық салу объектiлерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар сақталған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтерді және (немесе) салық төлеушінің салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.»;
143) 581-баптың 1) тармақшасының екінші бөлігі және 13) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы баптың осы тармақшасында және 3), 4), 6), 9), 12) және 13) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындауы мақсатында оларға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салық төлеушілер туралы, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпарат ұсынылады.»;
«13) осы Кодекстің 579-бабында белгіленген тәртіппен әрекетсіз деп танылған салық төлеушіге және осы банкте ашылған, салық органдары инкассолық өкімдер немесе салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығарған банк шоты бар салық төлеушіге банк шоттарын (корреспонденттік шоттарды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер алуға арналған банк шоттарын қоспағанда) ашудан бас тартуға міндетті.»;
144) 593-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық органдары салған айыппұлдарды есепке алу әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 897-бабының екінші бөлігінде көрсетілген, орындалған хабарламаның (хабардың) негізінде жүргізіледі.»;
145) 598-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«598-бап. Есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің
жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi ұсыну
тәртiбi
1. Салық төлеуші (салық агенті) есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді (осы баптың мақсаты үшін – берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер) алу үшін «электрондық үкіметтің» веб-порталы, салық органдарының ақпараттық жүйелерінің веб-қосымшасы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы тіркеу есебіне алынған жері бойынша салық органына сұрауды салуды беруге құқылы.»;
146) 599-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) аукциондардан алынатын алым – алым болып табылады.»;
147) 607-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша салық берешегі туралы – салық органы осы Кодекстің 622-бабына сәйкес салық төлеушінің мүлкі есебінен салық берешегінің сомаларын өндіріп алу туралы сот бұйрығын немесе талап қоюды шығару туралы өтінішпен сотқа жүгінген күнге дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша салық берешегін өтеу үшін қажетті банктік деректемелер;»;
148) 608-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте пошталық немесе өзге де байланыс ұйымы мұндай хабарламаны пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жеткізуге тиіс;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) электрондық тәсілмен жіберілгенде:
салық органы веб-қосымшаға хабарламаны жеткізген күннен бастап тапсырылды деп есептеледі. Бұл тәсіл осы Кодекстің 572-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушіге қолданылады;
«электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне хабарламаны жеткізген күннен бастап тапсырылды деп есептеледі.
Бұл тәсіл «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген салық төлеушіге қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – келу тәртібімен оны алған күннен бастап тапсырылды деп есептеледі. Бұл ретте осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, есепті салық кезеңінде есептелген салықтардың сомасы туралы хабарламаны жеке тұлға есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 шілдесінен басталатын кезеңде алуға тиіс.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген хабарламаларды жіберу тәсілдері осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 1) және 5-1) тармақшаларында көрсетілген хабарламаларға қатысты қолданылады.»;
149) 611-баптың 1-тармағының 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаны қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша болмауына байланысты пошта немесе өзге де байланыс ұйымы жіберілген хабарламаны қайтарғанда – қайтарылған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде;
6) салық төлеуші осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамағанда – осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;»;
150) 613-баптың 1-тармағының бірінші абзацы және 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық органы осы Кодекстiң 609-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында аталған салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке иелiк етуiн шектеудi осы баптың 3-тармағында көрсетілген шешімнің негізінде:»;
«2) мониторингке жататын ірі салық төлеушіні қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарған шешiмiне шағым жасағанда жүргiзедi. Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген жағдайда, салық органы шектеуді осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген салық берешегiн өтеу туралы хабарламаны жiбермей:
осы Кодекстің 93, 94-тарауларында белгіленген тәртіппен салық төлеуші (салық агенті) шағым берген күннен бастап;
салық төлеушіні (салық агентін) мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесінен алып тастаған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін жүргізеді;»;
151) 621-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық органдары салық берешегі туындаған күннен бастап төрт ай ішінде өтелмеген:»;
152) 623-баптың 3-тармағының төртінші бөлігіндегі «жатады» деген сөз «жатпайды» деген сөзбен ауыстырылсын;
153) 624-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«624-бап. Мониторинг бойынша есептілікті ұсыну тәртібі
мен мерзімі
1. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер мониторинг бойынша есептілікті осы Кодекстiң 77-бабының 4-2-тармағында белгіленген салық тіркелімдері түрінде ұсынады.
2. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер мониторинг бойынша есептілікті мынадай мерзімдерде:
1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілгенді қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мониторинг бойынша есептілікті уәкілетті орган бекіткен тәртіппен тоқсан сайын есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей;
2) корпоративтік табыс салығы және үстеме пайда салығы бойынша салық тіркелімдері түріндегі мониторинг бойынша есептілікті уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жыл сайын есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей;
3) алдағы күнтізбелік жылға қаржы-шаруашылық қызметтің жоспарланатын көрсеткіштері туралы мониторинг бойынша есептілік ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін ұсынады.
Ағымдағы күнтізбелік жылға қаржы-шаруашылық қызметтің жоспарланатын көрсеткіштері туралы мониторинг бойынша есептілік мұндай жоспарланатын көрсеткіштердің өзгерістері ескеріле отырып, осындай ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 сәуірінен, 15 шілдесінен және 15 қазанынан кешіктірілмей ұсынылады.
Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне жаңадан енгізілген ірі салық төлеуші ағымдағы күнтiзбелiк жылға арналған қаржы-шаруашылық қызметінiң жоспарланатын көрсеткiштерi туралы мониторинг бойынша бастапқы есептілікті осындай тiзбе қолданысқа енгiзілетін күннен бастап күнтiзбелiк 30 күннен кешiктiрмей ұсынады. Ағымдағы және алдағы күнтiзбелiк жылдарға арналған қаржы-шаруашылық қызметінiң жоспарланатын көрсеткiштерi туралы мониторинг бойынша келесі есептілік осы баптың ережелеріне сәйкес ұсынылады.»;
154) 87-тарау мынадай мазмұндағы 624-1-баппен толықтырылсын:
«624-1-бап. Мониторинг жүргізу тәртібі
1. Мониторинг жүргізу барысында уәкілетті орган мониторингке жататын ірі салық төлеушілерден салықтардың дұрыс есептелуiн және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудiң (ұстап қалу және аудару) уақтылығын растайтын құжаттарды, сондай-ақ салық төлеушiнің (салық агентінің), оның еншiлес ұйымдарының қаржылық есептiлiгiн қоса алғанда, қаржылық есептiлiгін табыс етуін талап етуге құқылы.
Бұл ретте, осы талап мониторингке жататын iрi салық төлеушiлер талапты тапсырған күннен кейінгi күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн ішінде орындалуға тиіс.
2. Мониторинг нәтижелерi бойынша бұзушылықтар мен алшақтықтар анықталған жағдайда уәкiлеттi орган ол туралы мониторингке жататын iрi салық төлеушiге хабарлайды.
Бұл ретте мониторингке жататын iрi салық төлеушi осындай хабарлама тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн ішінде жазбаша түсiндiрмені ұсынуға мiндеттi.
Ұсынылған түсiндiрумен келіспеген жағдайда, уәкілетті орган қосымша құжаттар мен түсiндiрулерді ұсына отырып, туындаған мәселелерді талқылау үшiн мониторингке жататын осындай iрi салық төлеушiні шақыруға құқылы.
Мониторинг нәтижелерiн қарау қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган жазбаша түрде уәжделген шешім шығарады, ол шығарылған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде мониторингке жататын iрi салық төлеушiге жолданады.
Уәжделген шешіммен келiсу туралы хабарламаны мониторингке жататын iрi салық төлеушi оны алған күнiнен бастап күнтiзбелiк бес күн ішінде ұсынады.»;
155) 627-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне (тұрғын үй-жайларынан басқа), оның ішінде тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуіне түгендеу жүргізуі мүмкін.»;
екінші бөлікте:
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;»;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер кезінде – нұсқамада көрсетiлген аумақтың учаскесiнде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушi;»;
5-тармақтың 2) тармақшасында:
бірінші бөлікте:
мынадай мазмұндағы жиырмасыншы абзацпен толықтырылсын:
«көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;»;
жиырмасыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе құжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;»;
екінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен келісу бойынша бiрлестiктердiң өкiлдерi тақырыптық тексерулердi жүргiзу кезінде:»;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«импортталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізілетін тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы; тауарлардың атауы мен санының тауар-көлік жүкқұжаты құжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе құжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша қатысуға тартылуы мүмкін.»;
9-тармақтың 2) тармақшасының бірінші бөлігінде:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«оларға осы Кодекстің 273-1-бабының 1 және 2-тармақтарын қолдануға байланысты ұсынылатын қосылған құн салығының асып кетуінің анықтығын растау үшін салық төлеушінің өтініші бойынша жүзеге асырылатын тексерулер. Бұл ретте көрсетілген өтініштер:»;
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар қабылдап алынған;
кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбаларды экспорттау басталған күнге дейін берілуі мүмкін;»;
мынадай мазмұндағы жиырма жетінші абзацпен толықтырылсын:
«көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі мәселелері бойынша;»;
жиырма жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе құжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша;»;
9-1-тармақта:
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе құжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;»;
156) 632-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Нұсқаманың нысанын уәкілетті орган бекітеді.»;
2-тармақтың 1) тармақшасында:
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;»;
3-тармақта:
мынадай мазмұндағы 15-2) тармақшамен толықтырылсын:
«15-2) көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;»;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;»;
6-тармақта:
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерді қоспағанда, бір нұсқама негізінде бір ғана салықтық тексеру жүргізілуі мүмкін.»;
157) 633-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салықтық тексеру жүргізетін салық органының лауазымды адамы салық төлеушіге (салық агентіне) нұсқаманың төлнұсқасын тапсырады. Нұсқаманың көшірмесіне салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы қолы, нұсқаманы алған күні мен уақыты қойылады.
Осы тармақтың ережелері:
1) салық органдарында тіркеу есебіне қою;
2) бақылау-касса машиналарының болуы;
3) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
4) көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;
5) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің болуы;
6) осы Кодекстiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерге қолданылмайды.
4. Осы баптың 3-тармағы екінші бөлігінде көрсетілген тақырыптық тексерулер жүргізу кезінде салық төлеушіге немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін жұмыскеріне танысу үшін нұсқаманың төлнұсқасы ұсынылады және оның көшірмесі тапсырылады. Төлнұсқаға салық төлеушінің немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін жұмыскерінің нұсқамамен танысқаны және оның көшірмесін алғаны туралы қолы, нұсқаманың көшірмесін алған күні мен уақыты қойылады.»;
158) 635-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы Кодекстің 273-1-бабына сәйкес қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында салықтық тексерулер жүргізу кезінде тексерілетін кезеңге:
өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар құрылысы басталған;
Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасалған салық кезеңінен басталған уақыт кезеңі енгізіледі.
Осы Кодекстің 273-1-бабында көрсетілген қосылған құн салығының асып кеткен сомасын растау кезінде, қарсы тексерулерді қоса алғанда, салық төлеушіге бұрын жүргізілген салықтық тексерулер нәтижелері ескеріледі.»;
10-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Кодекстің 273-1-бабын қолданған кезде жүргізіледі.».
159) 89-тараудың 3-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-параграф. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жекелеген жағдайларда, оның ішінде жанама әдіспен айқындау»;
160) 643-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Салық органдары төлем көздерінен жеке табыс салығын салуға жатпайтын жеке тұлғаның жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуге тіркелмей кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырудан табыстар алу фактілерін анықтаған кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 20-тарауында белгіленген мүліктік табысқа немесе өзге де табыстарға жатпайтын, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкер ретінде тіркелуіне әкеліп соғатын табыстар шегінен асатын мөлшерде айқындалған осындай табыстар осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығын салуға жатады.»;
161) 644-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) фискалдық есеп – белгілі бір кезең ішінде фискалдық деректер көрсеткіштері туралы есеп;»;
162) 646-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық төлеушілердің орналасқан жері бойынша мынадай:
автодүкендер, шатырлар арқылы қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын;
банктік компьютерлік жүйелер, оның ішінде қызмет көрсетуге ақы төлеу терминалдары жарақтандырылған банктік компьютерлік жүйелер болып табылатын бақылау-касса машиналары салық органында есепке қоюға жатады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бақылау-касса машинасын есепке қойған кезде:
бақылау-касса машинасы компьютерлік жүйе болғанда – салық органының лауазымды адамы осы баптың 6-тармағының 1), 3), 6) және 7-1) тармақшаларында көзделген әрекеттерді жүзеге асырады;
бақылау-касса машинасы деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасы болғанда – салық органының лауазымды адамы осы баптың 6-тармағының 1), 3), 6), 7) және 7-1) тармақшаларында көзделген әрекеттерді жүзеге асырады.»;
163) 650-бапта:
5-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бақылау-касса машинасының салық органы пломбасының бүтіндігін бұзбай жою мүмкін емес техникалық ақауы болған жағдайда салық төлеуші ақау пайда болған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасын есепке қою жүргізілген салық органына:»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасы осы баптың 6-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда техникалық ақаулы деп есептеледі.»;
164) 651-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер бақылау-касса машинасының моделі компьютерлік жүйе болып табылса, салықтық өтінішке ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысы мен осы тармақтың бірінші бөлігінің 3), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса беріледі. Қорытындыны беру тәртібін ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
165) 653-бапта:
2 және 5-8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімі – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есепке алу-бақылау таңбаларымен, темекі өнімдері – акциздік таңбалармен таңбалануға жатады.»;
«5-8. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның уақытша ақша орналастыру шотына салынған ақшаны қайтару (есепке жатқызу) импорттаушының Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін орындағаны туралы есебі ұсынылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.»;
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнiмiн – есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекi өнімдерін – акциздiк таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздiк және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерiн уәкілетті орган бекiтедi;»;
166) 657-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) жеке тұлғалардың көлік құралы салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша салық міндеттемелерінің болуы туралы мәліметтерді ұсыну;»;
167) мынадай мазмұндағы 661-1-баппен толықтырылсын:
«661-1-бап. Жеке тұлғаларда салық міндеттемелерінің болуы
туралы мәліметтерді ұсыну
1. Салық органдары жеке тұлғаларға салық органдарының жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша есептеген салық міндеттемелерінің сомаларын және (немесе) бар салықтық берешектің сомасы туралы мәліметтерді:
1) салық органдарының интернет-ресурстарына орналастыру;
2) коммуналдық қызметтерді берушілерге есептеу үшін қолданылатын құжаттарда көрсету;
3) салық төлеушінің электрондық поштасына жолдау;
4) салық төлеуші ұсынған ұялы телефондардың нөмірлеріне СМС-хабарламаларды жолдау арқылы ұсынады.
2. Осы баптың 1-тармағының 3) – 5) тармақшаларында көрсетілген қызметтерді алу үшін салық төлеуші – жеке тұлға тұратын жері бойынша салық органына жазбаша нысанда электрондық поштасының мекенжайын, ұялы телефондарының нөмірлерін береді.»;
168) 669-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда жоғары тұрған салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) сотқа жүгіну фактісі белгіленген күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіні (салық агентін) шағымды қараудан бас тарту туралы мұндай бас тартудың себебін көрсете отырып жазбаша түрде хабардар етеді.»;
3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
169) 670-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) шағымы бойынша – шағым тiркелген күннен бастап отыз жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде, ал мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымдары бойынша, осы Кодекстің 672-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, шағым тiркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде уәжделген шешiм шығарылады.»;
«3. Шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 672-бабында белгіленген тәртіппен ұзартылуы және (немесе) тоқтатыла тұруы мүмкін.»;
170) 672-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«672-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және
(немесе) ұзарту»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы Кодекстің 670-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзімі салық төлеуші (салық агенті) шағымға қосымшалар ұсынған жағдайда он бес жұмыс күніне ұзартылады.»;
171) 674-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«674-бап. Жоғары тұрған салық органына немесе сотқа шағым
берудің салдары
Жоғары тұрған салық қызметі органына немесе сотқа салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беруі салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуын тоқтата тұрады.
Жоғары тұрған салық органына шағым берген кезде тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуы жоғары тұрған салық органының жазбаша шешімі шыққанға дейін тоқтатыла тұрады.
Осы Кодекстің 94-тарауында белгіленген салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау нәтижелері бойынша шешімді қайта қарау тәртібіне қолданылатын жоғары тұрған салық органының шешімдері бойынша осы хабарламаның орындалуы осы Кодекстің 677-бабы 1-тармағында көрсетілген кезең өткенге дейін тоқтатыла тұрады.
Салық төлеуші (салық агенті) сотқа шағым (арыз) берген жағдайда салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым (арыз) берілген бөлігінде орындалуы соттың шағымды (арызды) іс жүргізуге қабылдаған күнінен бастап сот актісі заңды күшіне енгізілгенге дейін тоқтатыла тұрады.»;
172) 680-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен берілген, уәкілетті органға жіберілген шағымды уәкілетті орган – оның тіркелген күнінен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымдарын, осы Кодекстің 672-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, тіркелген күнінен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.»;
173) 682-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«682-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және
(немесе) ұзарту
Уәкілетті органға жіберілген шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 672-бабында белгіленген жағдайларда және тәртіппен тоқтатыла тұрады және (немесе) ұзартылады.».
2. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
63 және 142-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«63-бап. Уәкілетті экономикалық оператор куәлігін беру, оның қолданылуын тоқтата тұру және оны қайтарып алу»;
«142-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің жоқ екендігі және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі»;
18-тараудың, 157, 159, 160, 161, 164, 165, 166, 168, 170 және 171-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«18-тарау. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті және өсімпұлдарды өндіріп алу
157-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алудың жалпы ережелері»;
«159-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама
160-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі
161-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды кедендік төлемдер мен салықтардың артық төленген сомалары есебінен не кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету есебінен өндіріп алу»;
«164-бап. Төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу
165-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды төлеушінің банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу
166-бап. Төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды оның дебиторларының шоттарынан өндіріп алу»;
«168-бап. Төлеушiнiң билiк етуі шектелген мүлкiн кедендiк төлемдер мен салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебiне өткізу тәртібі»;
«170-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұл бойынша берешегі бар төлеушілердің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
171-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу тәртібі»;
19-тараудың, 174, 179 және 180-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«19-тарау. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағым жасау тәртібі»;
«174-бап. Хабарламаға жасалған шағымды қарайтын органдар»;
«179-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару
180-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту»;
мынадай мазмұндағы 220-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«220-1-бап. Камералдық кедендік тексеру нәтижелерін ресімдеу»;
221-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«221-1-бап. Көшпелі кедендік тексеру нәтижелерін ресімдеу және оның нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау»;
мынадай мазмұндағы 221-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«221-2-бап. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі»;
2) 4-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек – Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) осы Кодексте белгіленген мерзімдерде төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы;»;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) кеден органының қызмет аймағы – оның шегінде кеден органы кедендік бақылаудағы халықаралық тасымалдың тауарлары мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыратын, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын аумақ;»;
3) 8-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыруды, сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдауды;»;
4) 16-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) прокурор санкциялаған, қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат нысанындағы уәжделген сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің құзыреті шегінде құқық қорғау органдарына және арнаулы мемлекеттік органдарға береді. Мұндай мәліметтерді прокурор сұратқан жағдайда санкция талап етілмейді;»;
5) 26-бап мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы қажет.»;
6) 27-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанда ұсынылады.»;
2-тармақтың 1), 2), 3), 4) және 7) тармақшалары алып тасталсын;
7) 34-баптың 7) тармақшасындағы «болуы осы тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.» деген сөздер «болуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы осы тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.»;
8) 35-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу туралы өтініш кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанда табыс етіледі.»;
2-тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;
9) 40-баптың 1-тармағында:
1) тармақшаның бесінші абзацындағы «болған оқиғалар туралы» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшадағы «болмауы заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.» деген сөздер «болмауы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.»;
10) 41-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш уақытша сақтау қоймалары иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты қоса беріле отырып, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанда ұсынылады.
Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға электрондық құжат нысанында беруге құқылы.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3, 4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өтініште қызмет аймағында қойма құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі оны тіркеген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды.
4. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы осы Кодекстің 208-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш берушінің үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 47-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігін қарап-тексереді.
Қарап-тексеруді жүргізу кезінде өтініш беруші кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамына түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай құжаттардың:
1) қызметті жүзеге асыру кезінде уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған үй-жайларға және (немесе) ашық алаңдарға иелік ету құқығын растайтын құжаттардың;
2) уақытша сақтау қоймасы ретінде мәлімделген үй-жайлар мен аумақтардың жоспарларының, сызбаларының;
3) қажетті тиеу-түсіру механизмдері мен арнаулы техниканың, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сай келетін сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есептеу аспабының бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде қалатын, үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісіне қоса беріледі.»;
«6. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 1 және 4-тармақтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе өтініш беруші осы Кодекстің 40-бабында белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда қабылданады.»;
11) 44-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарының бейнеақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз етуге;»;
12) 47-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «болмауы заңды тұлғаларды кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.» деген сөздер «болмауы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы заңды тұлғаларды кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.»;
13) 48-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш кеден қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты қоса беріле отырып, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанда ұсынылады.
Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға электрондық құжат нысанында беруге құқылы.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3, 4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өтінішті қызмет аймағында қойма құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тіркеген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды.
4. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы осы Кодекстің 208-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш берушінің үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 47-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігін қарап-тексереді.
Қарап-тексеруді жүргізу кезінде өтініш беруші кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамына түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай құжаттардың:
1) қызметті жүзеге асыру кезінде уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған үй-жайларға және (немесе) ашық алаңдарға иелік ету құқығын растайтын құжаттардың;
2) кеден қоймасы ретінде мәлімделген үй-жайлар мен аумақтардың жоспарларының, сызбаларының;
3) қажетті тиеу-түсіру механизмдері мен арнаулы техниканы, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сай келетін сертификатталған таразы жабдығын, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есептеу аспабын иелену құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде қалатын, үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісіне қоса беріледі.»;
«6. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 1 және 4-тармақтарында көрсетілген барлық құжаттар ұсынылмаған немесе өтініш беруші осы Кодекстің 47-бабында белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайларда қабылданады.
Аталған бұзушылықтарды өтініш беруші жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.»;
14) 55-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанда ұсынылады.
Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға электрондық құжат нысанында беруге құқылы.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3, 4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өтінішті қызмет аймағында бажсыз сауда дүкені құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі оны тіркеген күннен бастап күнтізбелік он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
4. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы осы Кодекстің 208-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш берушінің үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігін қарап-тексереді.
Қарап-тексеруді жүргізу кезінде өтініш беруші кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамына түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай құжаттардың:
1) бажсыз сауда дүкендері ретінде жарамды үй-жайларға иелік ету құқығын растайтын құжаттардың;
2) бажсыз сауда дүкендері ретінде мәлімделген үй-жайлар мен аумақтардың жоспарларының, сызбаларының;
3) егер бөлшек саудаға арналған тіркеу немесе рұқсат құжаттарын алу міндеті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделсе, сол құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде қалатын, үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісіне қоса беріледі.»;
«6. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 4-тармағында көрсетілген барлық құжаттар ұсынылмаған немесе өтініш беруші осы Кодекстің 54-бабында белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайларда қабылданады.
Аталған бұзушылықтарды өтініш беруші жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.»;
15) 62-бапта:
1-тармақта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) өтініш беру күніне дейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн бұрын жасалған және заңды тұлғаның көрсетілген есепті жасау күніндегі валюталардың нарықтық бағамы бойынша кемінде бес жүз мың еуроны құрайтын меншікті капиталы туралы ақпаратты қамтитын аудиторлық есептің және (немесе) аудиторлық есептердің болуы. Бұл ретте аудиторлық есеп оны жасау күнінің алдындағы күнтізбелік отыз алты ай кезеңіне жасалуы тиіс;»;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы.»;
2-тармақта:
5) тармақшадағы «күнге дейін бір жыл ішіндегі кезеңді» деген сөздер «айға дейін күнтізбелік он екі ай ішіндегі кезеңді» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 63-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«63-бап. Уәкілетті экономикалық оператор куәлігін беру,
оның қолданылуын тоқтата тұру және кері қайтару»;
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілгені туралы куәлікті алу үшін заңды тұлға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ мына құжаттарды:»;
1) тармақша алып тасталсын;
4-тармақтың бірінші бөлігінде:
2) тармақшадағы «160-бабының 2-тармағында» деген сөздер «220-бабының 6-тармағында және 221-2-бабының 5 және 6-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) осы Кодекстің 62-бабы 1-тармағының 7) және 9) тармақшаларында және 63-1-бабының бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген міндеттер орындалмаған кезде тоқтатыла тұрады.»;
6-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) өтініш беруші 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 404, 405, 410, 411, 412, 414, 417, 418, 421, 423, 424, 426 – 434, 438 және 438-1-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 527, 528, 532 – 534, 538, 540, 542 – 545, 548 – 555 және 558-баптарына сәйкес әкiмшiлiк бірнеше рет жауаптылыққа тартылған (екі реттен артық);
6) осы Кодекстің 63-бабының 4-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіздер бойынша уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілгені туралы куәліктің қолданысының тоқтатылу себептерін тізілімге енгізу туралы аталған куәліктің қолданысы тоқтатылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жоймаған кезде кері қайтарылады.»;
17) 66-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кеден органдарына алдын ала ақпаратты міндетті түрде ұсыну жағдайлары, оны ұсыну көлемі, тәртібі және кедендік мақсаттар үшін пайдалану тәртібі Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес айқындалады.»;
18) 80-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Алдын ала шешімді тұлғаның (бұдан әрі осы тарауда – өтініш беруші) жазбаша түрде немесе электрондық құжат түрінде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша берген өтініші негізінде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі қабылдайды.»;
19) 84-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Декларациялау ерекшеліктері осы Кодексте көзделген, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауарлық партиямен әкелу көзделген, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді (бұдан әрі – құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тұлғаның (өтініш берушінің) берген жазбаша өтініші негізінде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган қабылдайды.»;
20) 91-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тұлғаның (өтініш берушінің) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша берген өтініші бойынша тауарлар туралы мәліметтер болған кезде тауарлар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешім қабылдайды.»;
21) 132-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;
22) 134-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кедендік баждарды төлеу мерзімін ұзартуды немесе бөліп-бөліп төлеуді кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ұсынылған өтініштің негізінде, Қазақстан Республикасының халықаралық шартында айқындалған негіздердің ең болмағанда біреуі болған жағдайда төлеушіге кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі не кеден ұсынады.»;
23) 135-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыруды немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы не оны ұсынудан бас тарту туралы шешім төлеушінің кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтініші және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген құжаттар берілген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылданады.»;
24) 138-бапта:
1-тармақтағы «тауарларды шығару жүргізілетін» деген сөздер «кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған» деген сөздер ауыстырылсын;
5-тармақтағы «кеден органы тiркелген жердегi» деген сөздер «кеден ісі саласындағы уәкілетті орган регламенттеген тәртіппен айқындалатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 142-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«142-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша
берешектің жоқ екендігі және (немесе) бар
екендігі туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі
1. Төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің жоқ екендігі және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді алу үшін «электрондық үкімет» веб-порталы; кеден органдарының ақпараттық жүйелерінің веб-қосымшасы; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне немесе кеденге сұрау салу беруге құқылы.
2. Кеден органы аталған берешектің жоқ екендігі және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 598-бабында айқындалған тәртіппен ұсынады.
Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы мәліметтер өтінішті беру күніне кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша тоқтатылмаған міндеттемелер көрсетіле отырып ұсынылады.»;
26) 152-бапта:
2-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) сақтандыру шартын қоса бере отырып, кеден органына кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтініш табыс етеді.»;
3-тармақ алып тасталсын;
27) 154-бапта:
2, 3, 4 және 5-тармақтар алып тасталсын;
6-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды салық органы төлеушінің салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды жүргізуге және (немесе) қайтаруға берген салықтық өтініші (бұдан әрі осы бап мақсатында – салықтық өтініш) негізінде жүргізеді.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Салық органы кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызу не қайтару туралы шешім шығарған жағдайда салық органы кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызуға не қайтаруға арналған төлем тапсырмасын ресімдейді және оны бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.»;
8-тармақ алып тасталсын;
28) 156-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Төлеушіге ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын қайтару осы Кодекстің 18-тарауында көзделген тәртіппен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасын, өсімпұлдарды шегере отырып жүзеге асырылады.»;
29) 18-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«18-тарау. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу»;
30) 157-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«157-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша
берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алудың жалпы
ережелері»;
1, 2-1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кедендік төлемдер мен салықтар белгіленген мерзімдерде төленбеген немесе толық төленбеген жағдайларда кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек қалыптасады. Кеден органдары кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті осы тарауда айқындалған тәртіппен төлеушілерден өндіріп алады.»;
«2-1. Ортақ міндет болған кезде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу шараларын қолдану кезінде кеден органдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген ортақ міндет болған кездегі кредитор құқықтарын пайдаланады.
Кеден органдары Кеден одағының кеден заңнамасына және осы Кодекске сәйкес кедендік баждар мен салықтарды, өсімпұлдарды төлеу жөніндегі ортақ міндеті туындаған тұлғаларға қатысты осы баптың 3-тармағында көзделген тәртіппен берешекті өндіріп алу шараларын қолданады.
3. Кеден органдары кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектерді өндіріп алу үшін:
1) осы Кодекстің 159-бабында көзделген тәртіппен төлеушіге хабарлау;
2) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасына өсімпұл есептеу;
3) осы Кодекстің 161-бабында көзделген тәртіппен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды кедендік төлемдер мен салықтардың артық төленген сомалары есебінен не кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету есебінен өндіріп алу;
4) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеуді қамтамасыз етудің мынадай тәсілдерін қолдану:
төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығару;
5) мынадай тәртіппен:
төлеушінің банк шоттарындағы ақша есебінен;
төлеуші дебиторларының шоттарынан;
төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану әрекеттерін жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Осы Кодекстің 159-бабының 1-тармағында, 163-бабының 1-тармағында, 164-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген, кеден органы пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жолдаған құжаттарды пошта немесе өзге де байланыс ұйымы төлеушінің орналасқан жерінде болмауына байланысты қайтарған жағдайда, төлеушінің орналасқан жері бойынша кеден органы пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасын алған күннен бастап он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде зерттеу жүргізіп, оның нәтижесі бойынша зерттеп-қарау актісін жасайды.
3-2. Зерттеп-қарау актісінде:
актіні жасау орны, күні және уақыты;
актіні жасаған кеден органы лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
кеден органының атауы;
тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және нөмірі, тұратын жерінің мекенжайы;
төлеушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және (немесе) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;
зерттеп-қарау нәтижелері туралы ақпарат көрсетіледі.
Зерттеп-қарау актісі куәгерлердің қатысуымен ресімделеді.
Куәгерлер ретінде кеден органының лауазымды адамының және төлеушінің әрекетінің нәтижесіне мүдделі емес, кез келген кәмелетке толған, әрекетке қабілетті кемінде екі адам шақырылуы мүмкін.
Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының және төлеушінің жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының куәгер ретінде қатысуына жол берілмейді.
3-3. Егер зерттеп-қарау актісімен төлеушінің тұратын жері бойынша іс жүзінде жоқ екені анықталған жағдайда, осы баптың 3-1-тармағында көрсетілген құжаттар берілген күн акт жасалған күн болып табылады.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Кодекстің 164-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығаруды қоспағанда, осы баптың 3-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген әрекеттер дәйекті түрде қолданылады.
5. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, дара кәсіпкерден және заңды тұлғадан, оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізіледі. Жеке тұлғадан кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу сот тәртібімен жүргізіледі.»;
31) 158-баптың 1, 3, 4 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек пайда болған кезде төлеуші өсімпұл төлейді. Өсімпұл деп кедендік төлемдер мен салықтардың мерзімінде төленбеген сомасына есептелген, осы баптың 2-тармағында белгіленген мөлшер танылады.»;
«3. Банкрот деп танылған төлеушіде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша пайда болған берешек сомасына сот шешім қабылдаған күннен бастап не оған қатысты мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданған, не оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым қабылданғанда, осындай шешім немесе ұйғарым күшіне енген күннен бастап өсімпұл есепке жазылмайды.
4. Жеке тұлғаны хабарсыз жоғалып кеткен деп тану туралы соттың шешімі күшіне енген күннен бастап осы шешімнің күші жойылған күнге дейін кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.»;
«6. Артық төленген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасына есепке жатқызуды жүргізу жолымен өтелген кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасына есепке жатқызуды жүргізуге арналған төлем құжатының күнінен бастап өсімпұл есепке жазылмайды.»;
32) 159-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«159-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша
берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама»;
1, 2, 2-1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды төлеу жөніндегі міндеттемесін орындау қажеттігі туралы кеден органы төлеушіге қағаз жеткізгіште жіберген хабарлама немесе оның жазбаша келісуі бойынша электрондық тәсілмен хабар кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама болып танылады. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламаның нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
2. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама:
1) тексеру нәтижелері туралы хабарламаның орындалу мерзімі өткен;
2) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалу мерзімі өткен;
3) кеден органы төлеушінің жеке шотында кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды анықтаған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей төлеушіге жіберіледі.
2-1. Декларанттың және кеден өкілінің осы Кодекстің 30-бабында көзделгендей кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша ортақ міндеті болған кезде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламалар декларантқа және кеден өкіліне бір мезгілде шығарылады, бұл жөнінде аталған хабарламаларда көрсетіледі.
3. Төлеушіге кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама оның әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылғанына қарамастан жіберіледі.»;
4-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламада:»;
11) тармақша алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама тіркелген кезден бастап өтелген күнін қоса алғандағы кезеңде есепке жазуға жататын өсімпұлдар есепке алынбаған кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті өтеген кезінде кеден органы кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы бұрын берген хабарламасына қосымша хабарлама береді.»;
33) 160-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«160-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша
берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламаны
тапсыру және орындау тәртібі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама төлеушіге қолын қойғыза отырып, жеке өзіне немесе осы бапта өзгеше белгіленбесе, жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге тәсілмен берілуі тиіс.
Бұл ретте төменде келтірілген тәсілдердің бірімен жолданған хабарлама мынадай жағдайларда:
1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жiберiлгенде – төлеушiнiң поштаның немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгi қойған күнінен бастап;
2) электрондық тәсiлмен жiберiлгенде – веб-қосымшада хабарлама жеткізілген күннен бастап төлеушіге берілген болып саналады. Бұл тәсiл Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеушi ретiнде тiркелген төлеушiге қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Кодекстің 159-бабының 1-тармағында көзделген кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламаны пошта немесе өзге де байланыс ұйымдары қайтарған жағдайда осы Кодекстің 157-бабы 3-2-тармағында белгіленген тәртіппен зерттеп-қарау актісі жасалған күн мұндай хабарламаны берген күн болып табылады.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Кодекстің 159-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жолданған кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламаға шағым жасалған жағдайда осы Кодекстің 157-бабы 3-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген әрекеттерді қолдану шағымды қараудың нәтижесі бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады. Бұл ретте шағым жасау өсімпұлдың есепке жазылуын тоқтатпайды.»;
34) 161-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«161-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша
берешекті, өсімпұлдарды кедендік төлемдер мен
салықтардың артық төленуі есебінен не кедендік
баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету
есебінен өндіріп алу
1. Кеден органы кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламаны төлеушіге табыс еткен күннен кейінгі бес жұмыс күні өткеннен кейін көрсетілген берешекті кедендік төлемдер немесе салықтар түрлері бойынша кедендік төлемдердің және (немесе) салықтардың артық төленген сомалары есебінен не төлеушінің кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету есебінен өндіріп алады.
Бұл ретте кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды кедендік төлемдер және (немесе) салықтың өзге түрі бойынша кедендік төлемдердің және (немесе) салықтардың артық төленген сомалары есебінен кеден органы осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес есепке жатқызу жолымен өндіріп алады.
2. Осы бапқа сәйкес кеден органы кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың өндіріп алынған сомасы туралы оларды өндіріп алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде төлеушіге жазбаша хабарлайды.»;
35) 162-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтемеген жағдайда кеден органы кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама берілген күннен кейінгі он жұмыс күні өткеннен кейін төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы кеден органының өкімін шығарады.»;
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мыналардан:»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды дербес өтеуі жөніндегі операциялардан;»;
2) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша алып қою жағдайларынан басқа, кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасы шегінде төлеушінің барлық шығыс операцияларына қолданылады.»;
36) 163-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтемеген жағдайда кеден органы кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама берілген күннен кейінгі он жұмыс күні өткеннен кейін төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді.
Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға кейіннен оларды кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу есебіне аудару үшін ақша тапсыру бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшалардың барлық шығыс операцияларына қолданылады.
Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі дана етіп жасалады, оның бір данасы төлеушіге қол қойғызып немесе жіберу мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда осы Кодекстің 157-бабы 3-2-тармағында белгіленген тәртіппен зерттеп-қарау актісі жасалған күн осындай өкімді берген күн болып табылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кеден органы төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтегеннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кеден органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жояды.»;
37) 164-бапта:
тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«164-бап. Төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешімнің негізінде төлеушінің мүлкіне билік етуіне шектеу мынадай:
1) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламаны алған күннен кейінгі он бес жұмыс күнi өткен соң – кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектер, өсімпұлдар өтелмеген;
2) тексеру нәтижелері бойынша төлеушіге кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша сомалар есепке жазылған жағдайларда қойылады.
Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген жағдайда кеден органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаны төлеушіге табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күнінен кеш емес мерзімде шектеу қояды.»;
2-тармақ және 3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешімді кеден органы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген нысан бойынша, кедендік төлемдер мен салық бойынша берешек, өсімпұлдар сомасына шығарады.
3. Төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім меншік немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы, сондай-ақ аталған төлеушінің теңгерімінде тұрған мүлікке қатысты шығарылады.»;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешім төлеушіге тапсырылған күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін кеден органы төлеушіге мүлікке иелік ету, пайдалану және билік ету шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескерте отырып, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген нысан бойынша мүлік тізімдемесінің актісін жасау арқылы төлеушінің қатысуымен, билік етуі шектелген мүлікке тізімдеме жүргізеді.»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кеден органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің бір данасын төлеушіге қол қойғызып немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жібереді.
6. Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді және (немесе) мүлік тізімдемесінің актісін пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда осы Кодекстің 157-бабы 3-2-тармағында белгіленген тәртіппен зерттеу актісін жасаған күн осындай шешімді және (немесе) актіні тапсырған күн болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«7. Егер мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім оған құқықтар немесе ол бойынша мәмілелер мемлекеттік тіркелуге тиісті мүлікке не мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке қатысты қабылданса, кеден органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді төлеушіге табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай шешімнің көшірмесін мүлікке құқықтардың ауыртпалығын тіркеу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді.
8. Кеден органы мынадай:
1) төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек, өсімпұлдар сомаларын өтеген жағдайда – осындай берешекті, өсімпұлды өтеген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) төлеушінің шағымын қараған жоғары тұрған кеден органы шешім шығарған немесе шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жоятын сот актісі заңды күшіне енген жағдайда – осындай шешім шыққан немесе осындай сот актісі күшіне енген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм мен осындай шешімнің негізінде жасалған мүлік тізімдемесі актісінің күшін жояды.»;
38) 165-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«165-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша
берешекті, өсімпұлдарды төлеушінің банк
шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу»;
1-тармақтың бірінші бөлігі және 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектерді, өсімпұлдарды өтемеген жағдайда кеден органы кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама берілген күннен кейінгі жиырма жұмыс күні өткеннен кейін кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек, өсімпұлдар сомасын төлеушінің банк шоттарынан мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алады.»;
«4. Шоттардан даусыз тәртіппен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен және шетел валютасымен жүргізіледі. Шоттардан кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды шетел валютасымен өндіріп алу төлеушінің шотынан берешек пен өсімпұлды өндіріп алған күні Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленуге тиісті кедендік төлемдер, салықтар және олар бойынша өсімпұл сомасына барабар сомада жүргізіледі.»;
39) 166-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«166-бап. Төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар
бойынша берешекті, өсімпұлдарды оның
дебиторларының шоттарынан өндіріп алу»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төлеушінің банк шоттарында ақшасы және қолма-қол ақшасы болмаған жағдайда, пайда болған кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек, өсімпұлдар шегінде кеден органы төлеушінің алдында берешегі бар үшінші тұлғалардың (бұдан әрі – дебиторлар) банк шоттарындағы ақшасынан өндіріп алуға құқылы.
Төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама тапсырылған күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлама жіберген кеден органына дебиторлық берешектердің сомаларын көрсете отырып дебиторлардың тізімін және бар болған жағдайда дебиторлармен бірлесіп жасаған және дебиторлық берешек сомаларын растайтын өзара есеп айырысулардың салыстыру актілерін ұсынуға міндетті.
Төлеушілер кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеген жағдайда дебиторлар тізімі мен өзара есеп айырысуды салыстыру актісі ұсынылмайды.
Өзара есеп айырысуды салыстыру актісі бар болған кезде кеден органы дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алу туралы хабарламаны дебиторлар алған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу туралы инкассолық өкімдерді дебиторлардың банк шоттарына шығарады.
Төлеуші дебиторлардың тiзiмiн не дебиторлардың жоқ екені туралы мәлiметтерді және (немесе) өзара есеп айырысуды салыстыру актісін ұсынбаған жағдайда кеден органы көрсетілген төлеушіге тексеру жүргiзедi. Бұл ретте кеден органы сотта дауланатын дебиторлық берешек сомасын растауға құқылы емес.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Дебиторлық берешек сомасын растайтын ұсынылған дебиторлар тізімі негізінде кеден органы дебиторларға дебиторлық берешек шегінде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу есебіне олардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алу туралы хабарлама жібереді. Дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алу туралы хабарламаның нысаны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленеді.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кеден органы дебиторлық берешектің сомасын растайтын өзара есеп айырысуды салыстыру актісінің негізінде дебитордың банк шотына төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу туралы инкассолық өкім шығарады.
5. Банк немесе дебитор-төлеушілердің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы Кодекстің 165-бабында айқындалған талаптарға сәйкес кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың сомаларын өндіріп алу туралы кеден органының инкассолық өкімін орындауға міндетті.»;
40) 168-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«168-бап. Төлеушiнiң билiк етуі шектелген мүлкiн кедендiк
төлемдер мен салықтар бойынша берешектiң,
өсiмпұлдардың есебiне өткізу тәртібі»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Төлеушінің билiк етуі шектелген мүлкін кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің, өсiмпұлдардың есебіне өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
41) 169-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы тарауда көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтемеген жағдайда кеден органы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оны банкрот деп тану жөнінде шаралар қабылдауға құқылы.»;
42) 170 және 171-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«170-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұл бойынша
берешегі бар төлеушілердің тізімін бұқаралық
ақпарат құралдарында жариялау
1. Кеден органдары кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұл бойынша берешек туындаған күннен бастап төрт ай ішінде өтелмеген берешегі бар төлеушілердің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Бұл ретте тізімде төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не атауы, салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі, төлеуші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегінің, өсімпұлдардың жалпы сомасы көрсетіледі.
2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған төлеушілер тізімі есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірілмей тоқсан сайын жаңартылады.
171-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті,
өсімпұлдарды өтеу тәртібі
Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу кезектілігі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.»;
43) 19-тараудың тақырыбы және 173-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-тарау. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағым жасау тәртібі
173-бап. Шағым жасау құқығы
1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағым жасау (осы тараудың мақсатында бұдан әрі – хабарлама) осы бөлімде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Хабарламаға:
1) өзіне қатысты тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылған декларанттың не оның өкілінің;
2) өзіне қатысты хабарлама шығарылған кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаның не оның өкілінің шағым жасау құқығы бар.»;
44) 174-бапта:
тақырып пен 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«174-бап. Хабарламаға жасалған шағымды қарайтын органдар
1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес хабарламаға шағымды қарауды жоғары тұрған кеден органы жүргізеді.
Жоғары тұрған кеден органының хабарламасына шағымды қарауды тікелей жоғары тұрған кеден органы жүргізеді.»;
2-тармақтағы «берешекті өтеу туралы » деген сөздер алып тасталсын;
45) 175-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«175-бап. Шағым беру тәртібі мен мерзімдері
1. Шағым жоғары тұрған кеден органына хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде кеден қызметінің жоғары тұрған органына берiледi.
Бұл ретте шағымның көшiрмесi хабарламаны шығарған кеден органына жiберілуге тиiс.
Жоғары тұрған кеден органына шағым беру күнi оны беру тәсiлiне қарай:
1) өзi келу тәртібімен – жоғары тұрған кеден органы шағымды алған күн;
2) поштамен – поштаның немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгiсi қойылған күн болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда шағым беруші тұлғаның өтінішхаты бойынша шағымды қараушы жоғары тұрған кеден органы бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін.
3. Жоғары тұрған кеден органы шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру мақсатында өзіне қатысты тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ шағым беруші тұлға басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) уақытша еңбекке жарамсыздығын дәлелді себеп ретінде таниды.
Осы тармақтың ережелері өздеріне қатысты кедендік тексеру жүргізілген жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған кезде оларды ауыстыратын тұлғалардың болуы көзделмейтін осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға да қолданылады.
Бұл ретте шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатқа осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңін растайтын құжат және осындай тұлғаның ұйымдық құрылымын белгілейтін құжат қоса беруге тиіс.
4. Осы Кодекстің 173-бабы 2-тармағында көрсетілген тұлғалардың шағым берудің өткізіп алған мерзімін жоғары тұрған кеден органының қалпына келтіруі туралы өтінішхаты осы баптың 3-тармағында көрсетілген тұлғалар шағым мен өтінішхатты уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда ғана қанағаттандырылады.
5. Жоғары тұрған кеден органына шағым берген тұлға осы шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін оны өзінің жазбаша өтініші негізінде қайтарып ала алады.
Шағымды қайтарып алуы осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім сақталған жағдайда оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.
Осы Кодекстің 173-бабы 2-тармағында көрсетілген тұлға көшпелі кедендік тексеру жүргізу тағайындалған күннен бастап шағым бойынша шешім шығарылғанға дейінгі кезеңде шағымды қайтарып алуды жүргізуге құқығы жоқ.»;
46) 176-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шағымда:
1) шағымға қол қойған күнi;
2) шағым берілетін жоғары тұрған кеден органының атауы;
3) шағым беретін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);
4) сәйкестендіру нөмірі;
5) хабарлама шығарған кеден органының атауы;
6) шағым беруші тұлға өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар, сондай-ақ осы мән-жайларды растайтын мәліметтер;
7) қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.»;
47) 177-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «берген жағдайларда шағымды қараудан бас тартады.» деген сөздер «берген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы Кодекстің 173-бабы 2-тармағында көрсетілген тұлға шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап арыз берген жағдайларда шағымды қараудан бас тартады.»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жоғары тұрған кеден органы осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, шағымды берген тұлғаға шағымды қараудан бас тарту туралы шағым тiркелген күннен бастап он жұмыс күнi ішінде жазбаша нысанда хабарлайды.
Жоғары тұрған кеден органы осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, тұлғаның сотқа жүгіну фактісі анықталған күннен бастап он жұмыс күнi ішінде шағымды берген тұлғаға шағымды қараудан бас тарту туралы мұндай бас тартудың себебiн көрсете отырып жазбаша нысанда хабарлайды.
3. Жоғары тұрған кеден органының осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, шағымды қараудан бас тартуы тұлғаны осы Кодекстiң 175-бабында белгiленген мерзiм шегiнде шағымды қайта беру құқығынан айырмайды.»;
48) 178, 179 және 180-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«178-бап. Шағымды қарау тәртібі
1. Осы Кодекстің 180-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, жоғары тұрған кеден органы шағым бойынша шағым тіркелген күннен бастап – отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал салық заңнамасына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымы бойынша – шағым тіркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәжделген шешім шығарады.
2. Жоғары тұрған кеден органы шағымды қарау кезінде осы Кодекстің 221-бабында белгіленген тәртіппен жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру тағайындауға құқылы.
Шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 180-бабында айқындалған тәртіппен ұзартылуы және (немесе) тоқтатыла тұруы мүмкін.
Шағым ол жасалатын мәселелер шегінде қаралады.
Осы Кодекстің 173-бабы 2-тармағында аталған тұлға шағымды қарауға өзі тексеру барысында ұсынбаған құжаттарды ұсынған жағдайда жоғары тұрған кеден органы мұндай құжаттарды қарау кезінде тағайындалған көшпелі кедендік тексеру барысында олардың анықтығын айқындауға құқылы.
Жоғары тұрған кеден органы шағымды қарау кезiнде:
шағым берген тұлғаға және (немесе) кеден органына шағымда жазылған мәселелер бойынша қосымша ақпаратты не түсіндірмелерді жазбаша нысанда беру туралы сауалдарды жіберуге;
мемлекеттік органдарға, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына мұндай органдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша сауалдар жіберуге;
шағымда жазылған мәселелер бойынша шағым берген адаммен кездесу өткізуге;
кеден органдарының кедендік бақылауды жүргізуге қатысқан лауазымды адамдарынан туындаған мәселелер бойынша түсіндірмелер сұратуға құқылы.
Жоғары тұрған кеден органының шағымды қарау жөніндегі өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезiнде оның қызметiне араласуға және шағымды қарауға қатысы бар лауазымды адамдарға қандай да бiр ықпал етуге тыйым салынады.
179-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару
1. Шағымды мәнi бойынша қарау аяқталғаннан кейін жоғары тұрған кеден органы жазбаша нысанда шешiм шығарады және оны шағымды берген тұлғаға жiбередi немесе тапсырады, ал көшірмесін хабарламаны шығарған кеден органына жібереді.
2. Шағымды қарау қорытындылары бойынша жоғары тұрған кеден органы мына шешiмдердiң бiрiн шығарады:
шағым жасалған хабарлама өзгерiссiз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;
шағым жасалған хабарламаның толықтай немесе оның бір бөлігінің күші жойылсын.
3. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда хабарлама шығарған кеден органы хабарламаға шағымды қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және оны шағым бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, шағымды берген тұлғаға жібереді. Хабарламаға шағымды қарау нәтижелері туралы хабарламаның нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіппен шығарылған жоғары тұрған кеден органының шешімі кеден органдарының орындауы үшін міндетті.
180-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе)
ұзарту
1. Шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:
1) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ мұндай органдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға сауалдар жіберілген жағдайда – жауаптарды алған күнге дейін;
2) шағымды қарау барысында тағайындалған, жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру жүргізу – тексеру аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
2. Жоғары тұрған кеден органы шағымды қарау мерзiмiн тоқтата тұру туралы көрсетілген мерзімді тоқтата тұру себептерiн көрсете отырып, шағымды берген тұлғаға жазбаша нысанда хабарлайды.
3. Осы Кодекстің 178-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзiмi осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында аталған адам шағымға қосымшаларды ұсынған жағдайда он бес жұмыс күніне ұзартылады.»;
49) 181-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) сәйкестендіру нөмірі;»;
50) 182-бапта:
1-тармақтағы «берешекті өтеу туралы» деген сөздер «шағым жасалатын бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жоғары тұрған кеден органына шағым берген кезде шағым жасалған бөлiгiнде хабарламаның орындалуы жоғары тұрған кеден органының жазбаша шешiмi шыққанға дейiн тоқтатыла тұрады.
Сотқа шағым (арыз) берілген жағдайда шағым жасалған бөлігінде хабарламаның орындалуы сот шағымды (арызды) іс жүргізуге қабылдап алған күннен бастап сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.»;
51) 211-баптың 3-тармағы 7) тармақшасындағы «орындалуын тексереді.» деген сөздер «орындалуын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) төлеушінің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің талаптарын сақтауын;
9) төлеуші мен оның дебиторы арасындағы өзара есеп айырысуды тексереді.»;
52) 220-баптың 6-тармағында:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі тексерілетін тұлғаға мұндай хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда тексерілетін тұлға осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген тәртіппен мұндай хабарламаға шағым жасай алады.»;
7-тармақ алып тасталсын;
53) мынадай мазмұндағы 220-1-баппен толықтырылсын:
«220-1-бап. Камералдық кедендік тексеру нәтижелерін
ресімдеу
1. Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша камералдық кедендік тексеруді аяқтау нысаны болып табылатын камералдық кедендік тексеру актісі жасалады. Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының бұзылуы анықталған жағдайда бұзушылықтарды жою туралы хабарлама шығарылады.
Камералдық кедендік тексеру актісінің және бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысандарын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
2. Камералдық кедендік тексеруді аяқтау күні камералдық кедендік тексеру актісінің екі данада ресімделген және кедендік тексеруді жүргізген лауазымды адамдар қолы қойылған күн деп есептеледі.
Камералдық кедендік тексеру актісінің бірінші данасы камералдық кедендік тексеру материалдарына қоса тігіледі, актінің екінші данасы кедендік тексеруді аяқтау күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей тексерілген тұлғаға тапсырылады немесе алғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімімен жіберіледі.
3. Камералдық кедендік тексеру актісіне құжаттардың көшірмелері, кеден органының лауазымды адамы жүргізген есеп-қисаптар және кедендік тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса беріледі.
4. Камералдық кедендік тексеру актісі арнайы камералдық кедендік тексеру актілерін тіркеу журналында тіркеледі, ол нөмірленуге, тігілуге және кеден органының мөрімен бекемделуге тиіс.
5. Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексеру актісімен бір мезгілде жіберіледі және (немесе) табыс етіледі.
6. Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға қолын қойғыза отырып, жеке өзіне немесе тапсыру туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі арқылы табыс етілуге тиіс. Тексерілетін тұлғаға тапсырысты пошта жөнелтілімі арқылы жіберілген бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға пошта байланысы немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасында белгі қойған күннен бастап табыс етілді деп саналады.
7. Осы бапта көрсетілген құжаттарды тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша болмауы себебінен пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осындай құжатты қайтарған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кеден органы осындай тұлғаның орналасқан жері бойынша куәгерлерді (екі адамнан кем емес) тарта отырып, зерттеп-қарауды жүргізеді.
Зерттеп-қарау актісінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
актінің жасалған орны, күні мен уақыты;
актіні жасаған кеден органының лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
кеден органының атауы;
тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы;
тексерілетін тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және (немесе) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;
зерттеп-қараудың нәтижелері туралы ақпарат.
Куәгерлер ретінде кеден органдарының лауазымды адамы мен тексерілетін тұлғаның әрекеттерінің нәтижесіне мүдделі емес, саны екі адамнан кем емес, кез келген кәмелетке толған, әрекетке қабілетті азаматтар шақырылуы мүмкін. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен тексерілетін тұлғаның жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.
Зерттеп-қарау нәтижесінде тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша нақты болмауы анықталған жағдайда, осы бапта көрсетілген құжаттарды табыс ету күні зерттеп-қарау актісін жасаған күн болып табылады.
8. Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеруді жүзеге асыратын кеден органынан бөлек кеден органы шығарған кеден декларацияларына қатысты камералдық кедендік тексеру жүргізілген кезде, камералдық кедендік тексеру актісі мен бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның көшірмелері бұзушылықтарды жою туралы хабарлама шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, тауарларды шығару жүргізілген кеден органына жіберілуге тиіс.»;
54) 221-бапта:
8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзімі ұзартылған және (немесе) тексеруді жүргізетін тұлғалар саны өзгертiлген және (немесе) ауыстырылған және (немесе) тексерілетін кезең өзгерген жағдайда қосымша нұсқама ресімделіп, онда бұдан бұрынғы нұсқаманың нөмірі мен тіркелген күні, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылатын тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (олар болған жағдайда) көрсетіледі.»;
9-тармақта:
3) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тұлғаның, оның ішінде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаның уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алуға, сондай-ақ қосымша арнайы оңайлатуды алуға өтініші;»;
«9) кедендік тексерулер нәтижелері бойынша шығарылған актілердің орындалуын бақылау, тексеру нәтижелері туралы хабарламаның орындалуын бақылау;»;
13) тармақшадағы «құжаттарды беруі негіздемелер болып табылады.» деген сөздер «құжаттарды беруі;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
«14) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымда жазылған мәселелер бойынша тексеру жүргізу қажеттігі;
15) төлеушінің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің талаптарын сақтауына тексерулер жүргізу қажеттігі;
16) дебиторлар тiзiмiнің ұсынылмауы не болмаса дебиторлардың жоқ екендігі туралы мәліметтердің және (немесе) төлеушімен, дебитормен өзара есеп айырысулардың салыстыру актілерінің ұсынылмауы негіздемелер болып табылады.»;
17-тармақта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте прокуратура органына хабарлай отырып, көшпелі кедендік тексеру жүргізуді тоқтата тұру немесе қайта бастау күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға қолын қойғызып тапсырылады немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі.»;
бесінші бөлік алып тасталсын;
55) 221-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«221-1-бап. Көшпелі кедендік тексеру нәтижелерін ресімдеу
және оның нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау
1. Көшпелі кедендік тексеру нәтижелері кедендік тексеру актісімен ресімделеді.
2. Көшпелі кедендік тексеру актісінде мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:
1) кедендік тексеру жүргізу орны және оны толтырған күні;
2) тексеру жүргізген кеден органының атауы;
3) кедендік тексеру нысаны;
4) кеден органының тексеруді жүргізген лауазымды адамдарының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
5) тексерілетін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не тұлғаның толық атауы, тексерілетін тұлғаның орналасқан жері және қызметін іс жүзінде жүзеге асыратын орны туралы мәліметтер, оның сәйкестендіру нөмірлері;
6) тексерілетін тұлғаның банк шоттарының деректемелері;
7) тексерілетін тұлға басшысының және тексерілетін тұлғаның кедендік және қаржылық есептілікті жүргізуге, кеден органдары алатын кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге жауапты лауазымды адамдарының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
8) тексерілетін кезең және тексерілген, оның ішінде тексерілетін тұлға ұсынған құжаттар туралы мәліметтер;
9) алдыңғы тексеру және Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұрын анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы мәліметтер;
10) нормативтік құқықтық актілердің тиісті нормаларына сілтеме жасай отырып, Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтарды куәландыратын анықталған фактілердің егжей-тегжейлі сипаттамасы;
11) көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша түйіндер.
3. Көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша ресімделген, екі данада жасалатын және кедендік тексеруді жүргізген лауазымды адамдар қол қоятын көшпелі кедендік тексеру актісі жасалған күн көшпелі кедендік тексеру аяқталған күн деп есептеледі.
Көшпелі кедендік тексеру актісін кедендік тексеруді жүргізген кеден органының басшысы (оны алмастыратын адам) бекітеді.
Көшпелі кедендік тексеру актісінің бірінші данасы кедендік тексеру материалдарына қоса тігіледі, актінің екінші данасы есеп-қисаптары қоса беріле отырып, көшпелі кедендік тексеру аяқталған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей тексерілетін тұлғаға табыс етіледі немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімімен жіберіледі.
4. Егер көшпелі кедендік тексеру аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, тексеру актісінде тиісті жазба жасалады.
5. Көшпелі кедендік тексеру актісіне құжаттардың көшірмелері, кеден органының лауазымды адамы жүргізген есеп-қисаптар және кедендік тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса беріледі.
6. Көшпелі кедендік тексеру актісі кедендік тексеру актілерін тіркейтін арнайы журналда тіркеледі, ол нөмірленуге, тігілуге және кеден органының мөрімен бекемделуге тиіс.
7. Тексерілетін тұлға кедендік тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда тексеру актісінде тиісті жазба жасалады.
8. Көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша оны жүргізу кезінде анықталған Кеден одағының кеден заңнамасын және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарға тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылады.
Тексеру нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 221-2-бабында көзделген тәртіппен табыс етіледі.
Хабарламаның нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
9. Осы тармақта көрсетілген құжаттарды тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша болмауы себебінен пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осындай құжаттарды қайтарған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кеден органы осындай тұлғаның орналасқан жері бойынша куәгерлерді (екі адамнан кем емес) тарта отырып, зерттеп-қарауды жүргізеді.
Зерттеп-қарау пошта немесе өзге де байланыс ұйымы мынадай құжаттарды қайтарған кезде жүргізіледі:
көшпелі кедендік тексеру актісі;
тексеру нәтижелері туралы хабарлама.
Зерттеп-қарау нәтижелері бойынша зерттеп-қарау актісі жасалады, онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
актінің жасалған орны, күні мен уақыты;
актіні жасаған кеден органының лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
кеден органының атауы;
тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке басын куәландыратын құжатының атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы;
тексерілетін тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және (немесе) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;
зерттеп-қарау нәтижелері туралы ақпарат.
Кеден органдарының лауазымды адамы мен тексерілетін тұлғаның әрекеттерінің нәтижесіне мүдделі емес, саны екі адамнан кем емес, кез келген кәмелетке толған, әрекетке қабілетті азаматтар куәгерлер ретінде шақырылуы мүмкін. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен тексерілетін тұлғаның жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.
Зерттеп-қарау нәтижесінде тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша нақты болмауы анықталған жағдайда осы тармақта көрсетілген құжаттарды табыс ету күні зерттеп-қарау актісін жасаған күн болып табылады.»;
56) мынадай мазмұндағы 221-2-баппен толықтырылсын:
«221-2-бап. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаны табыс
ету және орындау тәртібі
1. Тексеру нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендiк тексеру актiсi тапсырылған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жiберiледi.
2. Тексеру нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға оның әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылғанына қарамастан жіберіледі.
3. Тексеру нәтижелері туралы хабарламада:
1) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
2) төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) немесе толық атауы және заңды мекенжайы;
3) кеден органының атауы;
4) хабарламаның тіркеу күні мен нөмірі;
5) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасы;
6) хабарлама берілген күнгі өсімпұлдар сомасы;
7) кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеу бойынша міндеттемені орындау туралы талап;
8) хабарламаны жіберу үшін негіздеме;
9) кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша берешекті өтеу кезінде өсімпұлды есептеу тәртібі;
10) шағым жасау тәртібі;
11) кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге әсер етпеген бұзушылықтарды жою бойынша талап;
12) тауарларға арналған декларацияны түзетуді ресімдеу жөніндегі талап көрсетілуге тиіс.
4. Тексеру нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға қолын қойғыза отырып, жеке өзіне табыс етілуге немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберілуге тиіс. Тексерілетін тұлғаға хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберілген тексеру нәтижелері туралы хабарлама, егер осы Кодекстің 221-1-бабында өзгеше белгіленбесе, тексерілетін тұлға пошта байланысы немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасында белгі қойған күннен бастап табыс етілді деп саналады.
5. Көрсетілген хабарламаға тексерілетін тұлғаның шағым жасау жағдайын қоспағанда, тексеру нәтижелері туралы хабарламадағы талаптар тексерілетін тұлғаға хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.
6. Тексерілетін тұлға тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларымен келіскен жағдайда, кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеу бойынша міндеттемені орындау мерзімі төлеу кестесі қоса берілетін тексерілетін тұлғаның өтініші бойынша алпыс жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.
Бұл ретте көрсетілген сома бюджетке төлеу мерзімі ұзартылған әрбір күнге өсімпұл есептеле отырып төленуге жатады және осы кезеңнің әрбір он бес жұмыс күні сайын тең үлестермен төленіп отырады.
Тексеру нәтижелеріне шағым жасалған жағдайда, кедендік тексеру нәтижелері бойынша есепке жазылған кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың осы тармақта көзделген тәртiппен кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша міндеттемелерінің орындалу мерзімі ұзартылуға жатпайды.
7. Егер көшпелі кедендік тексеру аяқталған соң Кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, кедендік тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылмайды.
8. Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеруді жүзеге асыратын кеден органынан бөлек кеден органы шығарған кеден декларацияларына қатысты көшпелі кедендік тексеру жүргізілген кезде көшпелі кедендік тексеру актісінің және тексеру нәтижелері туралы хабарламаның көшірмелері тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей тауарларды шығару жүргізілген кеден органына жіберілуге жатады.»;
57) 223-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) коммерциялық, көлiктік құжаттарды, олардың негізінде кедендік декларациядағы мәліметтер мәлімделген құжаттарды, бухгалтерлiк есеп және есептiлiк құжаттарын, сондай-ақ көшпелі кедендік тексеру кезінде тексерiлетiн тауарларға қатысты басқа да ақпаратты, оның iшiнде электрондық жеткізгіштерде талап етуге, алуға және тексеруге;»;
17) тармақшадағы «пайдалануға құқылы.» деген сөздер «пайдалануға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) көшпелі кедендік тексеруді жүргізген кезде тексерілетін тұлғадан бухгалтерлiк есепті автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің тексерiлетiн тауарларға қатысты деректері қамтылған ақпараттық жүйенің деректерін көруге рұқсат беруді, сондай-ақ көрсетілген деректерді электрондық жеткізгіштерде және (немесе) олардың көшірмелерін қағаз жеткізгіштерде ұсынуды талап етуге құқығы бар.
Бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін электрондық жеткізгіштерде ұсыну жөніндегі міндеттеме салық заңнамасына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілерге қатысты болады.
Бұл ретте тексерiлетiн тұлғаның бухгалтерлiк есепті автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жүйесінің деректерін көруге рұқсат беру, сондай-ақ олардың көшірмесін жасау тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
58) 224-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) осы Кодекстің 223-бабы 1-тармағының 18) тармақшасында көрсетілген деректерді көруге рұқсат беруге, сондай-ақ осындай деректерді электрондық жеткізгіштерде және (немесе) олардың көшірмелерін қағаз жеткізгіштерде ұсынуға;»;
59) 261-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Үй-жайларды немесе ашық алаңдарды өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу үшін тұлға кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, қызмет аймағында өз тауарларын сақтау қоймасы құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өтініш ұсынады.
Заңды тұлға өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті электрондық құжат нысанында беруге құқылы.»;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Өтініш беруші қарап-тексеру жүргізілген кезде кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамына мынадай:
1) осы Кодекстің 260-бабының 2-тармағында айқындалған талаптардың орындалуын растайтын құжаттардың;
2) өз тауарларын сақтау қоймасын құруға арналған аумақтар жоспарларының, үй-жайдың немесе ашық алаңның жоспарлары мен сызбаларының көшірмелерін табыс етеді.
Осы тармақтың үшінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген құжаттар тұпнұсқалары көрсетіле отырып, көшірмелер түрінде ұсынылады.
Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері үй-жайларды және аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісіне қоса беріледі, ол кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде қалады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 4-тармағында көрсетілген барлық құжаттар ұсынылмаған немесе өтініш беруші осы Кодексте белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда қабылданады. Өтініш беруші осы бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.»;
60) 281-бапта:
3-тармақта:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген құжаттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алу мүмкін болмаған жағдайларда, осы тармақтың ережелері қолданылмайды.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Кедендік декларацияны электрондық құжат нысанында ұсыну, пайдалану және сақтау тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
7-тармақ, 9-тармақтың 1) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары және 2) тармақшасының төртінші абзацы алып тасталсын;
61) 287-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жойған;»;
62) 293-баптың 11-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегі бар тұлғаларға;»;
63) 296-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте, егер осы Кодекстің 281-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алу мүмкін болса, олар кедендік декларация электрондық құжат нысанында берілген жағдайда ұсынылмайды.»;
62) 439-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде зияткерлік меншік объектілеріне өздерінің құқықтары бұзылды немесе бұзылуы мүмкін деуге жеткілікті негіздері бар құқық иеленуші немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарын қорғау туралы өтініш ұсынуға құқылы.»;
«4. Өтінішке зияткерлік меншік құқығының бар екендігін және тиесілі екендігін растайтын (түпнұсқалар не олардың нотариат куәландырған көшірмелері) құжаттар (куәлік, лицензиялық шарт, Қазақстан Республикасы тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме, халықаралық тіркеу бойынша тауар таңбасының құқықтық мәртебесі туралы анықтама), құқық иеленушінің өзінің мүдделерін білдіретін тұлғаға берген сенімхаты, өтініш берушінің басқа тұлғаларға келтірген зияны үшін жауапкершілігін сақтандыру шарты қоса беріледі.
Бұл ретте сақтандыру сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен кем болмайды.
Өтінiш берумен бiр мезгілде зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарлардың ерекше белгілерінің сипаттамасы ұсынылады.
Мүмкiндiгiнше зияткерлік меншiк объектiлерi бар тауарлардың және зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарлардың үлгілері, оның ішінде олардың электрондық нысандағы бейнелері де ұсынылады.».
3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
205-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«205-бап. Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық және (немесе) уақтылы төлемеу»;
мынадай мазмұндағы 280-1 және 283-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«280-1-бап. Шот-фактураларды жазып беру тәртібін бұзу»;
«283-1-бап. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын қолдану тәртібін бұзу»;
2) 62-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа, тұлға – әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн, ал қоршаған ортаны қорғау саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын бұзғаны үшін оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.»;
3) 205-баптың тақырыбы мен бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«205-бап. Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн
қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес
төлемдердi және негізгі капиталды сатудан
түсетін түсімдерді толық және (немесе) уақтылы
төлемеу
Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық және (немесе) уақтылы төлемеу –»;
4) мынадай мазмұндағы 280-1-баппен толықтырылсын:
«280-1-бап. Шот-фактураларды жазып беру тәртібін бұзу
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде қосылған құн салығын төлеушінің көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға Қазақстан Республикасы салық заңнамасының шот-фактураны электрондық нысанда жазып беру жөніндегі талабын бұза отырып, шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазуы –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының отыз пайызы, бірақ жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының қырық пайызы, бірақ отыз айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының елу пайызы, бірақ қырық айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қосылған құн салығын төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімді бұза отырып, шот-фактураны электрондық нысанда жазып беруі –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының отыз пайызы, бірақ жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының қырық пайызы, бірақ отыз айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының елу пайызы, бірақ қырық айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының алпыс пайызы, бірақ қырық айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының жетпіс пайызы, бірақ алпыс айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының сексен пайызы, бірақ сексен айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
5) мынадай мазмұндағы 283-1-баппен толықтырылсын:
«283-1-бап. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын қолдану
қағидаларын бұзу
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын қолдану қағидаларын бұзу –
құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған тауарлар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, дара кәсіпкерлер болып табылатын iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
6) 497-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«497-бап. Бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін
бұзу
1. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, коммерциялық емес ұйымдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он төрт, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – он төрт, лауазымды адамдарға, коммерциялық емес ұйымдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
7) 528-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы және үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кедендiк бақылауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе мемлекеттік кіріс органы немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы айқындаған жеткізу орнына жеткізбеу –»;
«3. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын жеткiзудiң мемлекеттік кіріс органы немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы белгiлеген мерзімін сақтамау –»;
8) 535-баптың ескертпесінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жойған;»;
9) 543-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өзіне қатысты аяқтау туралы талап белгіленген кедендік рәсімді белгіленген мерзімдерде аяқтамау, сол сияқты уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Кеден одағының кедендік аумағынан әкетпеу –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
10) 548-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
11) 551-баптың ескертпесінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жойған;»;
12) 684-баптың бірінші бөлігі «283,» деген цифрлардан кейін
«283-1,» деген цифрлармен толықтырылысын;
13) 720-бапта:
бірінші бөлікте:
«280,» деген цифрлардан кейін «280-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«және 558-баптарында» деген сөздер «, 558 және 571-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «571 (екінші және үшінші бөліктерінде),» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөліктің үшінші абзацы «әкімшілік жаза» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 743-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы алып тасталсын;
15) 793-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қарап-тексеру, яғни көлік құралын, сол жердi, нәрселерді, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін құжаттарды, тiрi адамдарды көріп зерттеу әкiмшiлiк құқық бұзушылық iздерiн, өзге де материалдық объектiлердi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында жүргізіледі.»;
16) 794-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қарап-тексеру, әдетте, қажеттiлiк туындаған жағдайда кідіртілмей жүргiзiледi. Қажет болған кезде, сондай-ақ қарап-тексеруге қатысушылардың талабы бойынша хаттама жасалады, онда оның жасалған күнi мен орны, оны жасаған адамның лауазымы, тегi мен аты-жөні, қарап-тексерiлген адам, заттардың, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлардың түрi, саны, өзге де сәйкестендіру белгiлерi туралы, оның iшiнде қарудың тұрпаты, маркасы, моделі, калибрi, сериясы, нөмiрi, белгiлерi, оқ-дәрiлердiң, арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдардың және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарының саны мен түрi туралы мәлiметтер көрсетiледi.»;
үшінші және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың екінші бөлiгiнде көрсетiлгендердi қоспағанда, орындарды, нәрселерді, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін құжаттарды қарап-тексеру куәгерлердiң қатысуымен жүргiзiледi. Айрықша жағдайларда (жетуі қиын жерде, тиiстi қатынас құралдары болмаған кезде немесе басқа да объективтi себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретiнде тартуға мүмкiндiк болмаған кезде) қарап-тексеру куәгерлердiң қатысуынсыз, бiрақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерiн тіркеудің техникалық құралдары қолданыла отырып жүргiзiледi.»;
«7. Iске қатысы болуы мүмкін объектiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлар ғана алып қойылуға жатады. Алып қойылған объектiлер, тауарлар оралып, мөр басылады және уәкiлеттi лауазымды адам мен куәгерлердiң қол қоюымен расталады.»;
17) 795-баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші және он екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құқық бұзушылық жасалған жерде не осы Кодекстiң
785-бабында көзделген, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану кезiнде табылған, құқық бұзушылықтар құралы не нысанасы болып табылатын құжаттар мен заттарды, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарларды алып қоюды іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң тиiстi шараларын қолдануға уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдар екi куәгердiң қатысуымен жүзеге асырады.
Айрықша жағдайларда (жетуі қиын жерде, тиiстi қатынас құралдары болмаған кезде немесе басқа да объективтi себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретiнде тартуға мүмкiндiк болмаған кезде) құқық бұзушылық жасалған жерде не осы Кодекстiң 785-бабында көзделген, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану кезiнде табылған, құқық бұзушылықтар құралы болып табылатын құжаттар мен заттарды, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарларды алып қою куәгерлердiң қатысуынсыз, бiрақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерiн тіркеудің техникалық құралдары қолданыла отырып жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Заттарды, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды және құжаттарды алып қою туралы хаттама жасалады, оның көшiрмесi өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамға немесе оның өкiлiне табыс етіледі не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада тиiстi жазба жасалады.
3. Құжаттарды, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды және заттарды алып қою туралы хаттамада (әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада) алып қойылған құжаттардың түрi мен деректемелері, алып қойылған заттардың түрi, саны, өзге де сәйкестендіру белгiлерi туралы, оның iшiнде алып қойылған қарудың тұрпаты, маркасы, моделі, калибрi, сериясы, нөмiрi, өзге де сәйкестендіру белгiлерi,
оқ-дәрiлердiң, арнаулы жедел-iздестiру шараларын өткiзуге арналған арнайы техникалық құралдардың және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарының саны мен түрi туралы мәлiметтер қамтылады.
4. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, тиiстi құжаттары, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлары және заттары алып қойылған адам, куәгерлер қол қояды. Өзiнен тиiстi құжаттары мен заттары алып қойылған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, онда тиiстi жазба жасалады.
5. Алып қойылған заттар, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлар және құжаттар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралғанға дейiн алып қоюды жүргiзген лауазымды адам айқындайтын орындарда тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайтын тәртiппен сақталады.»;
«7. Iс қаралғаннан кейiн шығарылған қаулыға сәйкес, алып қойылған құжаттар, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлар және заттар олардың иесiне қайтарылады немесе тәркiленедi немесе өткізіледі немесе сақталады немесе белгiленген тәртiппен жойылады. Жол жүрiсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алып қойылған құжаттар iс бойынша қабылданған қаулы орындалғанға дейiн сақталады.»;
«12. Жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарларын және құжаттарын алып қою осы Кодекстің 785-бабының бірінші бөлігінде көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін айрықша жағдайларда ғана жүргізіледі. Аталған шараны осы Кодексте көзделмеген мақсаттарда қолдану Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.»;
18) 797-баптың екінші бөлігі «әскери полицияның қызметкерлері» деген сөздерден кейін «, мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамдары өз өкілеттіктері шегінде» деген сөздермен толықтырылсын;
19) 804-баптың бірінші бөлігінің 31) тармақшасы «283,» деген цифрлардан кейін «283-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
20) 835-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiшхаттар түскен жағдайларда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде шағымды, наразылықты қарау мерзiмiн iстi қарап жатқан жоғары тұрған судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) ұзартуы мүмкiн, бірақ он тәуліктен аспайды. Сот, орган (лауазымды адам) шағымды (наразылықты) қарау мерзімін азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік сот ісін жүргізуде қаралып жатқан басқа іс шешілгенге дейін оны қарау мүмкін болмаған кезде, сондай-ақ олардың негізінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған, салықтық және (немесе) кедендік тексерулердің нәтижелеріне жоғары тұрған органға шағым жасалған жағдайда тоқтата тұруға міндетті. Мерзімді ұзарту туралы уәжделген ұйғарым шығарылады.»;
21) 883-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шағым, наразылық бойынша қаулы шығарылғаннан кейiн дереу;».
4. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 16-бапта:
бірінші бөліктің 4) тармақшасы алып тасталсын;
алтыншы және сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кіріс органдары қызметін тоқтататын заңды тұлға бойынша Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмінің мәліметтері негізінде, есепке алу мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсынады не мұндай заңды тұлға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда берешегі туралы аталған мәліметтерді ұсынудан бас тартады.»;
«Заңды тұлғаны тарату тәртібін бұзушылықтар анықталған кезде, сондай-ақ таратылатын заңды тұлғаның есептік тіркеуден шығарылмаған филиалдары (өкілдіктері) болған, есепке алу мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешегі болған не мемлекеттік кіріс органдары берешегі туралы көрсетілген мәліметтерді ұсынудан бас тартқан, мұндай заңды тұлға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайларда, тіркеуші орган заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарады.»;
2) 16-1-баптың екінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кіріс органдары шетелдік заңды тұлғаның қызметін тоқтататын филиалы (өкілдігі) бойынша Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмінің мәліметтері негізінде, есепке алу мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсынады не шетелдік заңды тұлғаның мұндай филиалы (өкілдігі) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда, берешегі туралы аталған мәліметтерді ұсынудан бас тартады.»;
«Заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) қызметін тоқтатудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртібін бұзушылықтар анықталған кезде, сондай-ақ шетелдік заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) есепке алу мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешегі болған не шетелдік заңды тұлғаның мұндай филиалы (өкілдігі) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда, мемлекеттік кіріс органдары берешегі туралы көрсетілген мәліметтерді беруден бас тартқан жағдайларда, тіркеуші орган филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығарудан бас тарту туралы шешім шығарады.».
5. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) дербес сәйкестендіру нөмір-коды – өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра мен сыра сусынынан басқа) берілетін сәйкестендіру нөмірі;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) есепке алу-бақылау маркасы – алкоголь өнiмінің айналымын (экспорттан басқа) есепке алу және оған бақылауды жүзеге асыру мақсатында оны (шарап материалынан, сыра мен сыра сусынынан басқа) сәйкестендіруге арналған ақпаратты қамтитын, белгіленген нысандағы және мазмұндағы қажетті қорғау элементтері бар арнайы бiржолғы жапсырма;»;
мынадай мазмұндағы 24) және 25) тармақшалармен толықтырылсын:
«24) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректері – этил спирті мен алкоголь өнімінің өндіріс көлемі, ондағы этил спиртінің (шараптан, сыра мен сыра сусынынан басқа) шоғырлануы, этил спиртінің (сыра мен сыра сусынынан басқа) қалдықтары және есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру туралы деректер;
25) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы – есепке алатын бақылау аспаптарының деректерін уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелеріне автоматтандырылған онлайн-беруді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға;»;
2) 3-1-бап мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
«5-2) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындайды;»;
3) 4-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:
«8-2) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
4) 5-бапта:
1-тармақ 7) тармақшадағы «сыра жатады.» деген сөздер «сыра;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) сыра сусыны жатады.»;
мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын:
«18. Сыра сусыны сыра шырынын ашыту процесiнде пайда болған этил спиртінің көлемдiк үлесі 7 пайыздан аспайтын сыра қайнату өнiмі болып табылады, ол дәндi дақылдарды, құрамында қант бар өнімдерді, құлмақ және (немесе) құлмақ өнімдерін, жемiс және өзге де өсiмдiк шикiзатын, олардың қайта өңделген өнімдерін, дәмді хош иісті заттар мен хош иістендіргіштерді қоса отырып не қоспай, этил спиртін қоспай, сырадан (кемінде дайын өнiм көлемiнiң 40 пайызы) және (немесе) сыраның ашытылған сөлінен (кемінде шикізат массасының 40 пайызы) дайындалған сыра шырынынан, судан өндірілген өнім.»;
5) 9-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қаңылтыр ыдыста (сырадан, сыра сусыны мен күштілігі он екі пайыздан төмен әлсіз градусты ликер-арақ өнімдерінен басқа), этикеткасы жоқ шөлмекте және пластикалық сауытта (сыра мен сыра сусынын құюды қоспағанда);».
6. «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 88-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) темекi өнiмдерiне ілеспе жүкқұжаты – темекi өнiмдерiнің орын ауыстыруына бақылау жасауға арналған құжат;»;
2) 5-бап мынадай мазмұндағы 5-4) тармақшамен толықтырылсын:
«5-4) темекi өнiмдерiне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Темекi өнiмдерiн өткiзу
1. Қазақстан Республикасының аумағында темекi өнiмдерiн өткiзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Темекі өнімдерінің айналымы кезінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен міндетті түрде ілеспе жүкқұжаттары ресімделеді.
Ілеспе жүкқұжаттарынсыз, сондай-ақ темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану қағидаларын бұза отырып темекі өнімдерінің айналымына және орын ауыстыруына тыйым салынады.».
7. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
43-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тек салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана:
тексерілетін тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 150 еселенген мөлшерінен астам, туындаған күнінен бастап төрт ай ішінде өтелмеген салық берешегі бар тұлғаға қатысты;
өзіне қатысты банкрот деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімі бар борышкерге қатысты мемлекеттік кіріс органдарына;».
8. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
15-1-баптың 6-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын.
9. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 52-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі):
27-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша салықтық өтініш;».
10. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 94-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 42-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«42-бап. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 272-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының қолданысы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрып, тоқтата тұру кезеңiнде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:»;
2) 48-баптың 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) 2022 жылғы 1 қаңтарға дейiн 274-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының;»;
3) 49-баптың 1) тармақшасында:
елу үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2022 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 250-бапты:»;
жетпісінші абзацтағы «әкетуден басқа, одан әрі өткізуге арналған тауарларға қатысты қолданылмайды.» деген сөздер «әкетуден;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетпіс бірінші абзацпен толықтырылсын:
«3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы техникасының өндірісінде пайдаланылатын, осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген қосалқы бөлшектерден басқа, одан әрі өткізуге арналған тауарларға қатысты қолданылмайды.»;
4) 49-1-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«49-1-бап. 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын мынадай тауарлар:»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың ережелері мүлікті қаржы лизингіне беруден және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тізбеге енгізілген ауыл шарушылығы техникасының өндірісінде пайдаланылатын, осы баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген қосалқы бөлшектерден басқа, одан әрі өткізуге арналған тауарларды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеуші әкелетін тауарларға қатысты қолданылады.»;
5) мынадай мазмұндағы 71-баппен толықтырылсын:
«71-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 193-бабының 5-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғалар бір мезгілде мынадай:
дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
дивидендтер төлейтін жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның дивидендтерді есепке жазу күнінің алдындағы 12 айдың ішінде көрсетілген кезеңде өзінің өндірістік қуаттарында өндірген минералдық шикізаттың кемінде 35 пайызын қайта өңдеуді (бастапқы өңдеуден кейін) жүзеге асыруы шарттары орындалған кездегі төлейтін дивидендтер салық салынуға жатпайды.
Осы тармақшаның ережелері резидент заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын, бірақ аудит растаған қаржылық есептілікке сәйкес соңғы есептілік күніне бөлінбеген пайданың 30 пайызынан аспайтын кіріс;
заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірістің бір бөлігі;
құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың салым мөлшерін пропорционалды азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғадағы қатысу үлесін алып қойған кезінде мүлікті бөлуден түсетін кіріс түрінде алынған дивидендтерге ғана қолданылады.
Кейіннен қайта өңдеуге бағытталған минералдық шикізаттың көлемін айқындаған кезде:
1) минералдық шикізатты бастапқы қайта өңдеуден кейінгі кез келген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей бағытталған;
2) бастапқы қайта өңдеу өнімін кейінгі қайта бөлуде одан әрі пайдалану мақсатында өндіруде пайдаланылған минералдық шикізат ескеріледі.».
11. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кедендік реттеу және салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 23-24, 125-құжат):
2-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «14) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын,» деген сөздерден кейін «15) тармақшасын,» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшадағы «15) тармақшасын,» деген сөздер алып тасталсын.
12. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 67-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
13-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ақпараттық жүйелерді пайдаланатын мемлекеттік кіріс органдарының тәуекел дәрежесін бағалау жүйесін қалыптастастыру «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарының ерекшелігі мен құпиялылығы ескеріле отырып, Мемлекеттік органдардың тәуекелдер дәрежесін бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.».
13. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
4) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) есепке алатын бақылау аспаптары – Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес қолдануға жіберілген, мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларында және жанармай құю станцияларында (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) орнатылған, кейіннен мұнай өнімдері өндірісінің және (немесе) айналымының көлемдері туралы ақпаратты автоматтандырылған жүйе арқылы мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы арқылы нақты уақыт режимінде беру мақсатында есепке алуды жүргізу үшін мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын өлшейтін техникалық құрылғылар;»;
«15) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізу – мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің мұнай өнімдерін өткізуі кезінде мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге, сондай-ақ мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге мұнай өнімдерін өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;»;
мынадай мазмұндағы 24-1), 24-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«24-1) мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректері – мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымының көлемдері туралы деректер;
24-2) мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы – уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне есепке алатын бақылау аспаптарының деректерін автоматтандырылған онлайн-беруді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға;»;
2) 6-бапта:
12-4) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 12-5) тармақшамен толықтырылсын:
«12-5 мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының операторын айқындайды;»;
3) 8-баптың 12-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі мен талаптарын әзірлейді және бекітеді;»;
4) 19-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек сауда арқылы өткізгенде, сондай-ақ мұнай өнімдерінің экспорты және импорты кезінде мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді.
Автожанармай құю станцияларында мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу кезінде ілеспе жүкқұжаттар ресімделмейді.
Ілеспе жүкқұжаттарынсыз мұнай өнімдерін сатып алуға және (немесе) сақтауға тыйым салынады.»;
5) 20-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде ілеспе жүкқұжатты қабылдап алушы ресімдейді және Қазақстан Республикасының аумағына мұнай өнімдерін әкелуді жүзеге асыру үшін ол өнім берушіге немесе тасымалдаушыға беріледі.»;
6) 21-баптың 1-тармағының екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Мұнай берушілер мен мұнай өнімдерін өндірушілердің мұнай өнімдерін өткізуін қоспағанда, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер басқа мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес.
Мұнай өнімдерін өндірушілерден және (немесе) мұнай берушілерден мұнай өнімдерін сатып алатын не мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге және түпкі тұтынушыларға ғана мұнай өнімдерін өткізуге құқылы.».
14. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 22, 131-құжат):
1-баптың 1-тармағында:
81) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«
6. |
2208 |
Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан, сыра мен сыра сусынынан басқа) |
100 % спирт |
7. |
2208 |
Коньяк, бренди |
100 % спирт |
»;
97) тармақшада:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Кодекстiң 381-бабындағы кестенің 23-26-жолдарында белгіленген мөлшерлемелерден басқа, объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, осы Кодекстiң 381, 382, 383, 384 және 386-баптарында белгіленген базалық салық мөлшерлемелері жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану қажеттігі және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша ескертуді табыс еткен күннен бастап он есе ұлғайтылады.»;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның салық органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтер ұсыну тәртібін уәкілетті орган бекітеді.».
15. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 31 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдарының қызметін және құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
96-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) банктен немесе оның филиалынан алынған анықтаманың болуымен расталған, сауда қызметінің субъектісіне қызмет көрсететін банк алдында берешегінің жоқ екендігі көрсетілген төлем қабілеттілігі;».
16. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1-қосымшаның 41-жолының 3-бағаны мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Сыра сусынының өндірісі».
17. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 65-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
1-бапта:
2-тармақтың 11) тармақшасының жиырма екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік кіріс органдары этил спирті мен алкоголь өнімін (сырадан және сыра сусындарынан басқа), бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын және темекі өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында акциздік бекеттер орнатады.»;
4-тармақта:
1) тармақшаның оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) есепке алатын бақылау аспаптары – электр энергиясының іркіліссіз қоректендіру көздерімен жарақтандырылған, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы арқылы нақты уақыт режимінде этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілу көлемдері туралы, ондағы этил спиртінің (шараптан, сыра мен сыра сусындарынан басқа) шоғырлануы туралы, этил спиртінің (сыра мен сыра сусындарынан басқа) қалдықтары және есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын өндірілген алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру туралы деректердің автоматтандырылған берілуін қамтамасыз ететін аспаптар;»;
4) тармақшаның үшінші абзацы, 6) тармақшаның алтыншы және жетінші абзацтары «сыра» деген сөзден кейін «және сыра сусыны» деген сөздермен толықтырылсын.
18. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):
1-баптың 21-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) есепке алатын бақылау аспаптары – Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес қолдануға жіберілген, мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларында және жанармай құю станцияларында (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) орнатылған, кейіннен мұнай өнімдері өндірісінің және (немесе) айналымының көлемдері туралы ақпаратты автоматтандырылған жүйе арқылы мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы арқылы нақты уақыт режимінде беру мақсатында есепке алуды жүргізу үшін мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын өлшейтін техникалық құрылғылар;».
19. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
3-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) 2014 жылғы 13 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 9-тармағының 13) және 14) тармақшаларын;»;
4) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) 2015 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 94-тармағының 1) тармақшасын;»;
«7) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 38-тармағы 1) тармақшасының жиырма тоғызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз бесінші және отыз жетінші абзацтарын, 7) тармақшасының үшінші абзацын, 8) тармақшасының үшінші, төртінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын, 9) тармақшасының екінші абзацын, 17), 24), 26) және 27) тармақшаларын, 64-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының екінші, сегізінші және он жетінші абзацтарын және 92-тармағының 20) тармақшасын;»;
8) тармақшадағы «тоғызыншы абзацын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.» деген сөздер «тоғызыншы абзацын;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 9-тармағы 33) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.».
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
2-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 155-бабы 3-тармағының қолданысы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатыла тұрып, тоқтата тұру кезеңiнде осы тармақ:
1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда:
«3. Жеке тұлғаның кірісі ретінде мыналар қарастырылмайды:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебiнен төленетiн атаулы әлеуметтiк көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар;
2) жеке тұлғаның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеу;
3) жұмыскерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда – оларға осындай жұмыстың әрбір күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мұндай төлемдерді есепке жазу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 0,35 мөлшеріндегі өтемақы төлемдері;
4) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметтiк, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезiндегі:
осы Кодекстің 101-бабының 1), 2) және 4) тармақшаларында белгіленген өтемақылар;
Қазақстан Республикасы шегіндегі іссапар бойынша – іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде – іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
Қазақстан Республикасынан тысқары жердегі іссапар бойынша – іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде – іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінің қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінің қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерде және тәртіппен жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
7) жұмыскер басқа жерге жұмысқа ауысқан не жұмыс берушімен бiрге басқа жерге көшкен кездегi жол жүру, мүлкiн көшiру, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге үй-жай жалдау бойынша құжатпен расталған шығыстардың өтемақылары;
8) жұмыс берушiнiң кіріс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты емес және нақты жеке тұлғаларға бөлінбейтін шегерiмдерге жатқызылмайтын шығыстары;
9) мұндай жұмыстың күнтізбелік әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде далалық жағдайда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен айналысатын жұмыскерлердiң далалық жабдықталымы;
10) жұмыс берушiнiң вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдардың өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн:
тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша;
осы тармақтың 4) тармақшасында белгiленген тәулiктiк өтемақылар шегiнде тамақтануға арналған шығыстары;
11) жұмыскерлердi Қазақстан Республикасында тұратын (болатын) жерiнен жұмыс орнына дейiн және керi қарай жеткiзуге байланысты шығыстар;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалар бойынша берiлген арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқкиiмнiң, басқа да жеке қорғаныш және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құны соған тең басқа да емдеу-профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнiмдерiнiң құны;
13) сақтандырудың міндетті түрін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес жұмыс берушімен жасасылған, жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері;
14) материалдық залалды өтеудің сот шешiмi бойынша тағайындалатын сомалары;
15) төлем көзiнен осындай салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде, бұрын төлем көзiнен жеке табыс салығы салынған дивидендтердің, сыйақылардың, ұтыстардың сомалары;
16) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жасасылған жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитетті) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына жiберілген зейнетақы жинақтарының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына жіберілген, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша құнын өтеп сатып алу сомалары;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды уақтылы ұстамағаны (есепке жазбағаны) және (немесе) аудармағаны үшiн есебіне жазылған өсiмпұл сомалары;
18) гуманитарлық көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны;
19) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркелуге жататын және меншік құқығында бір жыл және одан да ұзақ уақыт болатын механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
20) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын тұрғынжайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
21) бір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын, осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
22) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен шығаруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылды және одан да ұзақ уақытты құраса, осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мұқтаждар үшін құнын өтеп сатып алынған мүлік құнының өсімі;
24) дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға беруші жеке тұлғаның мүліктік жалдауға (жалға) берілген мүлікті ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстарын өтеу немесе жалға алушының жалдау шарты бойынша төлем есебіне есептелмейтін, жеке тұлғадан жалға алған мүлікті ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстары;
25) опционды орындау кезінде опционның базалық активінің нарықтық құнының опционды орындау бағасынан асып түсуі. Опционды жеке тұлғаға беруге негіз болған тиісті құжатта опционның базалық активі тіркелген баға опционды орындау бағасы болып табылады;
26) егер мұндай тауар бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және осындай беру күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, жарнама мақсатында өтеусіз (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны;
27) адамдарды қабылдау және оларға қызмет көрсету бойынша осы Кодекстің 102-бабына сәйкес жүргізілген өкілдік шығыстар;
28) заңды тұлғалардан және дара кәсіпкерлерден алынған, оның ішінде жұмыскердің өз жұмыс берушісінен алған кредиттерді (қарыздарды, микрокредиттерді) пайдаланғаны үшін сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;
29) мұндай тұлғаға кредит (қарыз) беруден кейін басталған мынадай:
қарыз алушы жеке тұлға соттың күшiне енген шешiмiнің негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе соттың күшiне енген шешiмiнің негiзiнде ол қайтыс болды деп жарияланған;
қарыз алушы жеке тұлғаға I немесе II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ қарыз алушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда;
асыраушысынан, жүктілігіне және босануына байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайларда «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы жеке тұлғаның көрсетілген төлемдерден басқа кірісі болмаған;
қарыз алушы жеке тұлғаның және қарыз алушы жеке тұлғамен бірлесіп банк алдында ортақ немесе субсидиарлық жауапты болатын үшінші тұлғалардың мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе өндіріп алу қолданылуы мүмкін кірістері болмаған жағдайда атқарушылық құжатты банкке қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша сот орындаушысы қабылдаған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;
ипотекалық шарт жасалған күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен, кепілге салынған мүлік «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта сатылған немесе мұндай мүлік кепілге салынған мүлік сатылғаннан кейін өтелмеген кредиттің (микрокредиттің) сомасына кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда, кредит (қарыз, микрокредит) бойынша азаматтық заңнамаға сәйкес міндеттемелер тоқтатылған кездегі кіріс.
Осы тармақшаның ережелері:
банк жұмыскеріне, банк жұмыскерінің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына, банкпен өзара байланысты тарапқа берілген;
талап ету құқығын басқаға беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды;
29-1) 2004 жылғы 1 қаңтар мен 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде алынған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша қалыптасқан:
бұрын капиталдандырылған сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) сомасы бөлігінде негізгі борышты кешіру;
сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;
шетел валютасымен алынған ипотекалық тұрғын үй қарызының (ипотекалық қарыздың) негізгі борыш сомасы бойынша осындай соманы 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы қолданыла отырып қайта есептеу нәтижесінде қарыз алушыға қойылатын талаптың мөлшерін азайту;
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы үшін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ банк операцияларын жүргізуге уәкілетті органның лицензиясын ерікті түрде қайтарған ұйымның сотқа берілетін талап арыздан алынатын мемлекеттік бажды төлеу түрінде мұндай адам алған кіріс түріндегі кіріс;
30) «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген мүліктің құны, оның ішінде ақша;
31) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
32) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен алынған материалдық пайда, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы нысанында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, жұмыскерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау, сондай-ақ оқу орындарының даярлық бөлімдерінде оқыту бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемін ұсыну;
тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін ұсыну;
санаторийлік-курорттық мақсаттағы объектілерде оңалту емін, сауықтыру мен демалуды ұсыну;
дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсыну;
Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан мүгедек алған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу кезінде алынған материалдық пайда.»;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«3. Жеке тұлғаның кірісі ретінде мыналар қарастырылмайды:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебiнен төленетiн атаулы әлеуметтiк көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар;
2) жеке тұлғаның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеу;
3) жұмыскерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда – оларға осындай жұмыстың әрбір күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мұндай төлемдерді есепке жазу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 0,35 мөлшеріндегі өтемақы төлемдері;
4) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметтiк, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезiндегі:
осы Кодекстің 101-бабының 1), 2) және 4) тармақшаларында белгіленген өтемақылар;
Қазақстан Республикасы шегіндегі іссапар бойынша – іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде – іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
Қазақстан Республикасынан тысқары жердегі іссапар бойынша – іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде – іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінің қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінің қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерде және тәртіппен жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
7) жұмыскер басқа жерге жұмысқа ауысқан не жұмыс берушімен бiрге басқа жерге көшкен кездегi жол жүру, мүлкiн көшiру, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге үй-жай жалдау бойынша құжатпен расталған шығыстардың өтемақылары;
8) жұмыс берушiнiң кіріс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты емес және нақты жеке тұлғаларға бөлінбейтін шегерiмдерге жатқызылмайтын шығыстары;
9) мұндай жұмыстың күнтізбелік әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде далалық жағдайда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен айналысатын жұмыскерлердiң далалық жабдықталымы;
10) жұмыс берушiнiң вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдардың өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн:
тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша;
осы тармақтың 4) тармақшасында белгiленген тәулiктiк өтемақылар шегiнде тамақтануға арналған шығыстары;
11) жұмыскерлердi Қазақстан Республикасында тұратын (болатын) жерiнен жұмыс орнына дейiн және керi қарай жеткiзуге байланысты шығыстар;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалар бойынша берiлген арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқкиiмнiң, басқа да жеке қорғаныш және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құны соған тең басқа да емдеу-профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнiмдерiнiң құны;
13) сақтандырудың міндетті түрін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес жұмыс берушімен жасасылған, жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері;
14) материалдық залалды өтеудің сот шешiмi бойынша тағайындалатын сомалары;
15) төлем көзiнен осындай салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде бұрын төлем көзiнен жеке табыс салығы салынған дивидендтердің, сыйақылардың, ұтыстардың сомалары;
16) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жасасылған жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитетті) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына жiберілген зейнетақы жинақтарының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына жіберілген, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша құнын өтеп сатып алу сомалары;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды уақтылы ұстамағаны (есепке жазбағаны) және (немесе) аудармағаны үшiн есебіне жазылған өсiмпұл сомалары;
18) гуманитарлық көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны;
19) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркелуге жататын және меншік құқығында бір жыл және одан да ұзақ уақыт болатын механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
20) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын тұрғынжайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
21) бір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын, осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
22) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен шығаруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылды және одан да ұзақ уақытты құраса, осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мұқтаждар үшін құнын өтеп сатып алынған мүлік құнының өсімі;
24) дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға алушы жеке тұлғаның тұрғын үйді, тұрғын үй-жайды (пәтерді) мүліктік жалдау (жалға алу) кезінде жұмсаған немесе ол дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға беруші жеке тұлғаға өтеген, егер көрсетілген шығыстар жалға алу ақысынан бөлек жүргізілсе, мынадай:
Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға;
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген коммуналдық көрсетілетін қызметтерді төлеуге;
тұрғынжайды, тұрғын үй-жайды (пәтерді) жөндеуге шығыстары;
25) опционды орындау кезінде опционның базалық активінің нарықтық құнының опционды орындау бағасынан асып түсуі. Опционды жеке тұлғаға беруге негіз болған тиісті құжатта опционның базалық активі тіркелген баға опционды орындау бағасы болып табылады;
26) егер мұндай тауар бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және осындай беру күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, жарнама мақсатында өтеусіз (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны;
27) адамдарды қабылдау және оларға қызмет көрсету бойынша осы Кодекстің 102-бабына сәйкес жүргізілген өкілдік шығыстар;
28) заңды тұлғалардан және дара кәсіпкерлерден алынған, оның ішінде жұмыскердің өз жұмыс берушісінен алған кредиттерді (қарыздарды, микрокредиттерді) пайдаланғаны үшін сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;
29) мұндай тұлғаға кредит (қарыз, микрокредит) беруден кейін басталған мынадай:
қарыз алушы жеке тұлға соттың күшiне енген шешiмiнің негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе соттың күшiне енген шешiмiнің негiзiнде ол қайтыс болды деп жарияланған;
қарыз алушы жеке тұлғаға I немесе II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ қарыз алушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда;
асыраушысынан, жүктілігіне және босануына байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайларда «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы жеке тұлғаның көрсетілген төлемдерден басқа кірісі болмаған;
қарыз алушы жеке тұлғаның және қарыз алушы жеке тұлғамен бірлесіп банк (микроқаржы ұйымы) алдында ортақ немесе субсидиарлық жауапты болатын үшінші тұлғалардың мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе өндіріп алу қолданылуы мүмкін кірістері болмаған жағдайда атқарушылық құжатты банкке (микроқаржы ұйымына) қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша сот орындаушысы қабылдаған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;
ипотекалық шарт жасалған күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен, кепілге салынған мүлік «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта сатылған немесе мұндай мүлік кепілге салынған мүлік сатылғаннан кейін өтелмеген кредиттің (микрокредиттің) сомасына кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда, кредит (қарыз, микрокредит) бойынша азаматтық заңнамаға сәйкес міндеттемелер тоқтатылған кездегі кіріс.
Осы тармақшаның бірінші бөлігі бесінші, алтыншы абзацтарының ережелері:
банк (микроқаржы ұйымы) жұмыскеріне, банк (микроқаржы ұйымы) жұмыскерінің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына, банкпен (микроқаржы ұйымымен) өзара байланысты тарапқа берілген;
талап ету құқығын беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды;
29-1) 2004 жылғы 1 қаңтар мен 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде алынған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша қалыптасқан:
бұрын капиталдандырылған сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) сомасы бөлігінде негізгі борышты кешіру;
сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;
шетел валютасымен алынған ипотекалық тұрғын үй қарызының (ипотекалық қарыздың) негізгі борыш сомасы бойынша осындай соманы 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы қолданыла отырып қайта есептеу нәтижесінде қарыз алушыға қойылатын талаптың мөлшерін азайту;
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы үшін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ банк операцияларын жүргізуге уәкілетті органның лицензиясын ерікті түрде қайтарған ұйымның сотқа берілетін талап арыздан алынатын мемлекеттік бажды төлеу түрінде мұндай адам алған кіріс түріндегі кіріс;
30) «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген мүліктің құны, оның ішінде ақша;
31) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
32) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен алынған материалдық пайда, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы нысанында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, жұмыскерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау, сондай-ақ оқу орындарының даярлық бөлімдерінде оқыту бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемін ұсыну;
тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін ұсыну;
санаторийлік-курорттық мақсаттағы объектілерде оңалту емін, сауықтыру мен демалуды ұсыну;
дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсыну;
Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан мүгедек алған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу кезінде алынған материалдық пайда.».
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-баптан қараңыз).
3-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 156-бабының 1-тармағы 13) тармақшасының алтыншы абзацы және 13-2) тармақшасының төртінші абзацы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«мүгедек бала болып табылатындығының негізінде республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінің 55 еселенген мөлшерiнде айқындалатын шектен аспайтын бiр жылдағы кірістері.»;
«асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін асырап алушылардың бірі болып табылатындығының негізінде республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінің 55 еселенген мөлшерiнде айқындалатын шектен аспайтын бiр жылдағы кірістері.».
4-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 237-бабы 8-тармағының қолданылуы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы
1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
5-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 263-бабының 2-тармағы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, шот-фактура электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште жазып беріледі.
Осы баптың 2-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын салық төлеуші шот-фактураларды электрондық нысанда жазып беруге міндетті.».
6-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 263-бабының 2-тармағы 2016 жылғы 1 шілдеден бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, шот-фактура электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште жазып беріледі.
Осы баптың 2-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор, кеден өкілі, кедендік тасымалдаушы, уақытша сақтау қоймаларының иесі, кедендік қоймалардың иесі болып табылатын салық төлеуші шот-фактураларды электрондық нысанда жазып беруге міндетті.».
7-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 263-бабының 7-тармағы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура айналым жасалған күннен бұрын жазылмайды және:
қағаз жеткiзгiште жазып берiлген жағдайда – өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтiзбелiк жеті күннен;
электрондық нысанда жазып берiлген жағдайда – өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.
Қосылған құн салығын төлеушi:
электр энергиясын, суды, газды, жүйелік оператор көрсететін жүйелік көрсетілетін қызметтерді, көрсетілетін байланыс қызметтерiн, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, теміржол тасымалдарын, көлiк-экспедиторлық көрсетілетін қызметтерді, вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін, жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесі бойынша тасымалдау көрсетілетін қызметтерін, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезiнде – қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша;
есептелген сыйақы сомасы бөлiгiнде мүлiктi қаржы лизингiне беру кезiнде – қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн тоқсаннан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк тоқсанның қорытындылары бойынша;
осы Кодекстің 276-бабының 1-тармағында аталған тұлғаларға бір жыл немесе бір жылдан астам мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде – қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша шот-фактураларды жазып беруге құқылы.
Тауарлар экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген жағдайда
шот-фактура:
қағаз жеткiзгiште жазып берiлген жағдайда – өткізу бойынша айналым жасалған күннен кешіктірілмей;
электрондық нысанда жазып берiлген жағдайда өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмей жазып беріледі.».
8-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 368-бабының 1-тармағы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Салық төлеушi салық салу объектiлерiн, әрбiр көлiк құралы бойынша салық мөлшерлемесін негiзге ала отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын өз бетінше есептейдi. Жеке тұлғалар осы Кодекстің 369-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде салықты төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда, салық органдары көлік құралдарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар ұсынатын мәліметтер негізінде салықты есептеуді жүргізеді.
Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген көлік құралы салығының сомасын осы Кодекстің 451-бабына сәйкес 70 пайызға азайтады.
Көлік құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында салық кезеңiнен аз уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында нақты болған кезең үшiн салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында нақты болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi.».
9-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 396-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«4) осы Кодекстің 396-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, аяқталмаған құрылыс объектілері;».
10-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 427-бабының 2-1-тармағы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2-1. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеуші төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерден жеке табыс салығы бойынша салық агентінің міндеттемелерін мына тәртіппен:
1) аталған салықты есептеу және ұстау бойынша – осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде;
2) аталған салық және оны аудару жөніндегі салық есептілігін ұсыну бойынша:
егер мұндай салық төлеуші патент негізінде арнаулы салық режимін қолданған жағдайда – осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде;
өзге жағдайларда – осы Кодекстің 437 және 438-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындайды.».
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
11-бап. Егер 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған, Салық кодексінің 428-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес арнаулы салық режимінен оңайлатылған декларация негізінде жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысқан жағдайда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 428-бабының 2-тармағы қолданылмайды деп белгіленсін.
12-бап. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін:
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 569-бабы 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін ұсынылған салықтық өтінішке осы Кодекстің 568-бабы 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоса береді.»;
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 569-бабы 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік бере отырып, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді немесе уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюдан бас тарту туралы шешім шығарады.».
13-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 570-бабының 1-тармағы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 сәуірге дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк қатаң есептілік бланкiсi болып табылады және салық төлеушiні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою фактісін куәландырады. Куәлiктiң нысанын уәкілетті орган белгілейді.».
14-бап. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 142-бабы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«142-бап. Кедендік төлемдер және салықтар бойынша
берешектің жоқ екендігі және (немесе) бар
екендігі туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі
1. Төлеуші кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің жоқ екендігі және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді алу үшін кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне немесе кеденге өтініш беруге құқылы.
2. Кеден органы аталған берешектің жоқ екендігі және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді:
1) дара кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе заңды тұлғаны таратуды, қайта ұйымдастыруды мемлекеттік тіркеу кезінде қажетті, кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманы (бұдан әрі осы баптың мақсатында – берешектің жоқ екендігі туралы анықтама);
2) осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзге жағдайларда кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы (бұдан әрі осы баптың мақсатында – берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама) жасау және беру арқылы төлеушіге ұсынады.
3. Кеден органы өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу бойынша тоқтатылмаған міндеттемелерді көрсете отырып, кедендік төлемдерді және салықтарды есепке алу деректері бойынша кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтаманы жасайды.
4. Берешектің жоқ екендігі туралы анықтама, берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама кеден органы басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және анықтаманы жасаған кеден органының мөрімен куәландырылады және берілген кезден бастап күнтізбелік отыз күн бойы жарамды болады.
5. Дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған, қайта ұйымдастырылған жағдайда, кеден органы берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманы және (немесе) берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы төлеушінің көрсетілген анықтамалардың біреуін алуға берген өтінішінің және кедендік баждар, салықтар мен кедендік алымдар бойынша салыстырып-тексеру актісінің негізінде береді.
6. Кеден органы төлеушінің көрсетілген анықтамалардың біреуін алуға берген өтініші тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманы және (немесе) берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы беруге міндетті.».
15-бап.
1. Осы Заң:
1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 23) тармақшасын, 25) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 26) тармақшасын, 78) тармақшасының екінші абзацын, 98) тармақшасының алтыншы абзацын, 99) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 123) тармақшасын;
2) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 63) тармақшасының төртінші – сегізінші абзацтарын;
3) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 24) тармақшасын, 32) тармақшасының екінші абзацын, 37) тармақшасының екінші абзацын, 38) тармақшасының екінші абзацын, 45) тармақшасын;
4) 2014 жылғы 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 109) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын;
5) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 19) тармақшасын, 20) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 33) тармақшасының он жетінші және он сегізінші абзацтарын, 42) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 93) тармақшасының екінші абзацын, 122) тармақшасын, 136) тармақшасының он алтыншы абзацын, 9-тармағын, 14-тармағының бесінші – тоғызыншы абзацтарын, 19-тармағының алтыншы абзацын;
6) 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 143) тармақшасын;
7) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының екінші – он үшінші, он бесінші, он алтыншы, он сегізінші, жиырма үшінші – жиырма алтыншы, жиырма тоғызыншы – отыз бірінші абзацтарын, 6) тармақшасының екінші – төртінші абзацтарын, 9), 16) – 18) тармақшаларын, 20) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 21) және 22) тармақшаларын, 25) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 27) – 31) тармақшаларын, 33) тармақшасының екінші – он алтыншы, он тоғызыншы – жиырма үшінші абзацтарын, 35), 39) – 41) тармақшаларын, 42) тармақшасының үшінші, төртінші, жетінші және сегізінші абзацтарын, 43), 44), 46), 48) – 58) тармақшаларын, 59) тармақшасының төртінші, он жетінші – он тоғызыншы, жиырма үшінші – жиырма жетінші, жиырма тоғызыншы – отызыншы, қырық төртінші және қырық бесінші абзацтарын, 60) және 62) тармақшаларын, 63) тармақшасының екінші, үшінші, тоғызыншы абзацтарын, 64) – 70) тармақшаларын, 71) тармақшасының екінші, алтыншы – тоғызыншы абзацтарын, 72) – 77) тармақшаларын, 78) тармақшасының үшінші – он сегізінші абзацтарын, 79) – 88) тармақшаларын, 89) тармақшасының жетінші абзацын, 90) – 92) тармақшаларын, 93) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 94) тармақшасын, 95) тармақшасының алтыншы – он бірінші абзацтарын, 96) және 97) тармақшаларын, 98) тармақшасының екінші – төртінші, жетінші – он үшінші абзацтарын, 99) тармақшасының алтыншы – он жетінші абзацтарын, 100) – 102) тармақшаларын, 103) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 108) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы және он бірінші абзацтарын, 110), 111), 113) – 120), 124) – 126) тармақшаларын, 127) тармақшасының үшінші – сегізінші абзацтарын, 128) – 132), 134) және 135) тармақшаларын, 136) тармақшасының сегізінші – он бесінші абзацтарын, 146), 149) – 165) тармақшаларын, 168) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 169) – 173) тармақшаларын, 2-тармағы 1) тармақшасының үшінші, бесінші – жиырма жетінші абзацтарын, 2), 3), 6), 8), 10), 13) және 14) тармақшаларын, 15) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 16) – 24), 26) – 47) тармақшаларын, 48) тармақшасының екінші – жиырмасыншы абзацтарын, 49), 51) – 56) тармақшаларын, 57) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 59) – 64) тармақшаларын, 3-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацын, 4), 6) – 11), 13) – 18), 20) және 21) тармақшаларын, 5-тармағы 1) тармақшасының екінші – жетінші абзацтарын, 3) – 5) тармақшаларын, 7 және 10-тармақтарын, 13-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының екінші абзацын, 3) және 6) тармақшаларын, 14-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын, 16 және 17-тармақтарын;
8) 2016 жылғы 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 127) тармақшасының тоғызыншы – он екінші абзацтарын, 133) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 2-тармағы 48) тармақшасының жиырма бірінші – жиырма алтыншы абзацтарын, 50) тармақшасын;
9) 2016 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 6) тармақшасының бесінші абзацын, 10) тармақшасын, 12) тармақшасының екінші абзацын, 13) – 15) тармақшаларын, 136) тармақшасының он тоғызыншы – жиырма екінші абзацтарын, 138) және 139) тармақшаларын;
10) 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 32) тармақшасының үшінші – он алтыншы абзацтарын, 133) тармақшасының тоғызыншы – он бірінші абзацтарын, 2-тармағының 5), 7), 9), 11) және 12) тармақшаларын, 6-тармағын, 13-тармағының 4) және 5) тармақшаларын;
11) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 2) тармақшасының он жетінші, жиырма жетінші және жиырма сегізінші абзацтарын, 4) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 37) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 38) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 59) тармақшасының екінші, бесінші – он алтыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, отыз бірінші – қырық үшінші абзацтарын, 61) тармақшасын, 71) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 89) тармақшасының екінші – алтыншы, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 95) тармақшасының екінші – бесінші абзацтарын, 103) тармақшасының екінші – бесінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 104) – 107) тармақшаларын, 108) тармақшасының екінші – алтыншы, оныншы, он екінші – он төртінші абзацтарын, 109) тармақшасының екінші абзацын, 121) тармақшасын, 136) тармақшасының төртінші – жетінші абзацтарын, 141), 142), 147), 148), 166) және 167) тармақшаларын, 3-тармағының 12) және 19) тармақшаларын, 8, 15 және 18-тармақтарын;
12) алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
13) 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 2) тармақшасының жиырма бірінші, жиырма екінші абзацтарын, 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 8) және 11) тармақшаларын, 12) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 133) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын, 145) тармақшасын, 2-тармағы 1) тармақшасының төрінші абзацын, 25) тармақшасын, 4-тармағын;
14) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 3-тармағының 112) тармақшасын;
15) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 5) тармақшасының сегізінші – оныншы абзацтарын, 7) тармақшасын, 99) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 2-тармағы 57) тармақшасының төртінші – жетінші абзацтарын, 58) тармақшасын;»;
16) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-тармағы 3) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 5) тармақшасының екінші – жетінші абзацтарын, 34) және 36) тармақшаларын, 3-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацын және 5) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев