РҚАО-ның ескертпесі!
Осы заңға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң автомобиль көлiгi саласында тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) автобус - жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден аса отыратын орны бар, жолаушылар мен багаж тасымалына арналған автокөлiк құралы;
2) автовокзал - жолаушылар легi тәулiгiне бес жүзден астам адам болатын, жолаушыларға және автобустардың жүргiзушiлерiне қызмет етуге арналған және оған: жетпiс бестен астам адам сиятын күту залы және билет кассалары бар күрделi ғимарат, жүргiзушiлердi медициналық куәландыру және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету пункттерi, сақтау камералары, жолаушыларды отырғызуға және түсiруге арналған перрон, автобустар тұратын алаң, автобустарды қарау посттары, диспетчерлiк пункттер және ана мен бала бөлмесi кiретiн, кемінде бес мың шаршы метр аумақта орналасқан құрылыстар кешенi;
3) автокөлiк құралдарын техникалық пайдалану - автокөлiк құралдарын қауiпсiз пайдалануды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар, техникалық әсер ету (диагностикалау, техникалық қызмет ету, жөндеу) кешенi;
4) автомобиль көлiгi - негiзгi қызмет аясы автокөлiк құралдары мен инфрақұрылымды пайдалана отырып, жолаушылар, багаж, жүктер мен почта тасымалын ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылатын экономика саласы;
5) автомобиль көлiгi инфрақұрылымы - тасымалдың үздiксiз процесiн, сондай-ақ автокөлiк құралдарының қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз ететiн құрылыстар кешенi (автовокзалдар, автостанциялар, жүк терминалдары, автокөлiк құралдарына техникалық қызмет ету және оларды жөндеу станциялары (шеберханалары), автокөлiк құралдары сақталатын құрылыстар);
6) автомобиль көлiгi құралы (бұдан әрi - автокөлiк құралы) - автобустар, шағын автобустар, жеңiл және жүк автомобильдерi, автомобиль тiркемелерi, ершiктi тартқыштарға жартылай тiркемелер, сондай-ақ арнайы бейiмделген автомобильдер (жүктердiң белгiлi бiр түрлерiн тасымалдауға арналған) және арнаулы автомобильдер (әртүрлi, көбiнесе көлiкке арналмаған жұмыстарды орындайтын) кiретiн автомобиль көлiгi жылжымалы құрамының бiрлiгi;
7) автомобильмен тасымалдау - автомобиль жолдары арқылы автокөлiк құралдарымен жүзеге асырылатын жолаушылар, багаж, жүктер немесе почта тасымалы;
8) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрi - тасымалдаушы) - меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде автомобиль көлiгi құралдарына иелiк етушi, жолаушыларды, багажды, жүктердi немесе почтаны тасымалдауда ақыға немесе жалға қызметтер көрсететiн және соған белгіленген нысанда берілген лицензиясы немесе тиісті рұқсаты бар заңды немесе жеке тұлға;
9) автостанция - жолаушылар легі тәулігіне бес жүз адамнан аз болатын, жолаушыларға және автобустардың жүргізушілеріне қызмет етуге арналған және оған: жетпіс бес адамға дейін сиятын күту залы және билет кассалары бар күрделі ғимарат, сақтау камералары, жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған перрон, автобустар тұратын алаң, диспетчерлік пункттер кіретін, кемінде екі жарым мың шаршы метр аумақта орналасқан құрылыстар кешені;
9-1) әлеуметтік маңызы бар тасымалдаулар – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсер ететін және қолжетімді тарифтер деңгейін әрі Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркін қозғалуына мүмкіндікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын тұрақты қатынастағы жолаушы тасымалдаулары;
10) багаж - Жолаушылар мен багаж тасымалы ережелерінде белгіленген нормалар шегінде, буылып-түйілген және автобустың, шағын автобустың багаж бөлімшесінде немесе автобусқа, шағын автобусқа ілесіп жүретін багаж автомобилінде, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша келісім негізінде таксимен тасымалданатын жолаушы мүлкі;
11) жеңіл автомобиль - жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнын қоспағанда, отыратын орны сегізден аспайтын автокөлік құралы;
12) жолаушы - автомобильмен тасымалдауға жасалған шарт негізінде немесе өзге де заңды негізде тасымалдаушы көрсететін қызметтерді пайдаланатын жеке тұлға;
13) жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдау – жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтініштері) бойынша автобустарды, шағын автобустарды пайдалана отырып, тасымалдаушылар көрсететін көлік қызметтері;
14) жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау - тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды пайдалана отырып, алдын ала келісілген жол жүру маршруттары, бастапқы және соңғы пункттері, жолаушылар отырғызу және түсіру пункттері белгіленген қозғалыс кестелері бойынша жүзеге асыратын тасымалдар;
15) жолдама парақ – жүргізуші мен автокөлiк құралының жұмысын есепке алуға және бақылау жүргізуге арналған құжат;
16) жүк алушы - жүкті автомобильмен тасымалдау шарты негізінде немесе өзге де заңды негіздерде жүк алуға уәкілетті жеке немесе заңды тұлға;
17) жүк жөнелтуші - оның атынан жүк жөнелту ресімделетін жеке немесе заңды тұлға;
18) жүктер - Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау ережелерімен белгіленген талаптарға сәйкес тасымалдауға қабылданған мүлік;
18-1) көліктік бақылау бекеті – арнайы лайықталған ғимаратпен немесе арнайы автокөлікпен жабдықталған, техникалық бақылау құралдарымен жарақтандырылған стационарлық немесе жылжымалы бақылау-өткізу пункті;
19) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
20) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
21) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
22) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
23) қол жүгi - салмақ және көлем өлшемдерi Автомобиль көлiгiмен жолаушылар және багаж тасымалдау ережелерiнде белгiленген талаптарға сәйкес келетiн, жолаушының автобус, шағын автобус немесе такси салонында тасымалдайтын жеке заттары;
24) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
25) такси - Автомобиль көлiгiмен жолаушылар және бағалық тасымалдау ережелерiне сәйкес жабдықталған, жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауға арналған жеңiл автомобиль;
25-1) тахограф – жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркеудің механикалық не электрондық (цифрлық) бақылау құрылғысы;
26) алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV Заңымен;
27) уәкiлеттi орган – автомобиль көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
28) халықаралық автомобильмен тасымалдау - тасымалдаушылар әр түрлi мемлекеттер аумағында орналасқан мекендер арасында жүзеге асыратын тасымалдар;
29) шағын автобус - жасаушы завод жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, отыратын орны он алтыдан аспайтын етiп көздеген, ерекше шағын сыныптағы автобус.
2-бап. Қазақстан Республикасының автомобиль
көлiгi туралы заңдары
Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың нормалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес автомобиль көлiгi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы заңнамалық актіде астанада жолаушылар мен багажды тасымалдаудың ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.21 N 297 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы қызметтi
жүзеге асырудың негiзгi принциптерi
Автомобиль көлiгi саласындағы жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер мынадай негiзгi принциптер негiзiнде жүзеге асырылады:
1) адамдар қауiпсiздiгiнiң, олардың өмiрi мен денсаулығын сақтаудың, табиғатты және мәдени құндылықтарды қорғаудың басымдығы;
2) автомобиль көлiгi саласындағы жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi жүзеге асыру кезiнде жеке және заңды тұлғалар құқықтарының теңдiгi;
3) тұтынушыға автомобиль көлiгi саласындағы көрсетілетін қызметтерді таңдау еркіндігін қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес автомобиль көлiгi саласындағы жұмыстарға және көрсетiлетiн қызметтерге баға еркiндiгiн қамтамасыз ету.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-бап. Автомобиль көлiгiн жұмылдыру дайындығын
қамтамасыз ету және оны төтенше жағдайларды
жоюға тарту
Автомобиль көлiгiн жұмылдыру дайындығын, азаматтық қорғаныс және авариялық-құтқару жұмыстары бойынша iс-шараларды қамтамасыз етуге байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының арнайы заң актiлерiмен реттеледi.
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген кезде мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен материалдық шығындар мен залалды кейiннен өтей отырып, өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға тартуға құқылы.
6-бап. Автомобиль көлiгiндегi экологиялық,
санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк
және өрт қауiпсiздiгi
Автомобиль көлiгiндегi экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк және өрт қауiпсiздiгi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен регламенттеледi.
7-бап. Тасымалдаушыларға және автокөлiк құралдарына
тасымал қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде
қойылатын талаптар
1. Жолаушылар, багаж және жүк тасымалына:
1) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарына сәйкес бiлiктiлiгiн және кәсiби жарамдылығын растайтын құжаттары;
2) тасымалдың тиiстi түрiн жүзеге асыруға жарамды және техникалық регламенттердiң талаптарына сай келетiн автокөлiк құралдары бар тасымалдаушылар жiберiледi.
2. Автобустармен, шағын автобустармен жолаушылар тасымалдауға кем дегенде жиырма бiр жастағы, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және кемінде үш жыл жүргізушілік жұмыс стажы, оның ішінде кемінде бір жыл «С» санатына жататын көлік құралдарын басқару стажы бар жүргiзушiлер жiберiледi.
3. Автобустарда багаж қоятын бөлiмшеден тыс орында жүк, оның iшiнде багаж тасымалдауға тыйым салынады.
4. Таксимен тасымалдауды жүзеге асыруға кемiнде төрт есiгi бар, сериялы шығарылатын жеңiл автомобильдердi пайдалануға жол берiледi.
Арнаулы, соның iшiнде толығынан қолмен басқарылатын, сондай-ақ рулi оң жақтан басқарылатын автокөлiк құралдарын такси тасымалдары үшiн пайдалануға тыйым салынады.
Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.12.06 N 209, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
8-бап. Автомобильмен тасымалдаудың түрлерi
1. Автомобильмен тасымалдау:
1) жолаушылар мен багажды тасымалдау;
2) жүк тасымалдау;
3) почта тасымалдау болып бөлiнедi.
2. Қатынас түрлерi бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау:
1) халықаралық – Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдаулар;
2) республикаішілік – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан елді мекендер арасындағы тасымалдаулар болып бөлінеді.
3. Жолаушылар мен багажды республикаішілік тасымалдау әкімшілік-аумақтық белгілеріне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1) қалалық (ауылдық) – елді мекеннің белгіленген шекарасының шегіндегі тасымалдау;
2) қала маңындағы – елді мекеннің белгіленген шекарасынан бастап есептелетін, ұзақтығы елу километрге дейінгі қала маңындағы аймақтағы елді мекенмен жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдау;
3) ауданішілік – бір аудан шегіндегі елді мекендердің арасындағы тасымалдау;
4) ауданаралық (облысішілік қаларалық) – бір облыс шегіндегі, әртүрлі аудандардағы елді мекендер арасында жүзеге асырылатын немесе облыстық маңызы бар қалалармен елді мекендерді жалғастыратын тасымалдау;
5) облысаралық қалааралық – әртүрлі облыстардағы елді мекендердің арасында жүзеге асырылатын немесе республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен елді мекендерді жалғастыратын тасымалдау.
3. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау ұйымдастыру сипаты бойынша тұрақты және тұрақты емес болып бөлiнедi.
Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9-бап. Автокөлік құралдарын тахографтармен жабдықтау
жөніндегі талаптар
1. Тахографтармен жабдықтауға автобустар, жүк автомобильдері, оның ішінде:
1) қауіпті жүктердің автомобиль тасымалдарын;
2) жолаушылардың, багаждың және жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын;
3) жолаушылардың және багаждың облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және ауданішілік автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын мамандандырылған автомобильдер жатады.
2. Электрондық (цифрлық) тахографтар орнатуды тізбесін уәкілетті орган бекітетін сервис орталықтары жүзеге асырады. Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасында белгіленген талаптарға сай келуі тізбеге енгізу үшін негіз болып табылады.
3. Тахографтарды, оның ішінде электрондық (цифрлық) тахографтарды және электрондық карточкаларды пайдалану Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасына сәйкес жүргізіледі, оларда мыналар:
1) жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуы режимiне және оны тіркеуге қойылатын талаптар;
2) тахографтарды орнату және пайдалану жөніндегі талаптар;
3) тахографтарды орнатуды жүзеге асыратын сервис орталықтарына қойылатын талаптар;
4) электрондық (цифрлық) тахографтар орнатуды жүзеге асыратын сервис орталықтары тізбесіне енгізу тәртібі;
5) электрондық (цифрлық) тахографты сертификаттау және оның электрондық карточкаларын беру тәртібі;
6) электрондық (цифрлық) тахографтар бойынша ұлттық дерекқордың жұмыс істеу тәртібі белгіленеді.
4. Электрондық карточкаларды қолданбай электрондық (цифрлық) тахографтарды пайдалануға рұқсат етілмейді.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-тарау. Автомобиль саласындағы
мемлекеттік реттеу
10-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк
реттеудiң негiзгi мiндеттерi
Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) экономиканың және халықтың автомобильмен тасымалдауға және өзге де жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге деген мұқтажын қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау;
2) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң ұлттық мүдделерiн қорғау;
3) халықаралық автомобильмен тасымалдау рыногында отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабiлеттiлiгi үшiн жағдайлар жасау;
4) автомобильмен тасымалдаудың iшкi рыногын қорғау;
5) автомобиль көлiгiнiң инфрақұрылымын одан әрi дамыту.
11-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк
реттеу және бақылау
1. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, техникалық реттеу, Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру арқылы iске асырылады.
2. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарының сақталуын мемлекеттiк бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде уәкiлеттi орган және басқа да мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұруын бақылау кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында, қалалар немесе өзге де елді мекендер шекараларының шегіндегі автомобиль жолдарында жүзеге асырылады.
Техникалық бақылау құралдарымен жарақталмаған кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiн және көлiктi бақылау посттарын құруға жол берiлмейдi. Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.06 N 209, 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
12-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлейдi;
2) автомобиль көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауларды жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарының жүрiп өту тәртiбiн айқындайды;
4) автомобиль көлiгi саласында лицензиялау қағидасын, оның iшiнде лицензиаттарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;
5) Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жол берiлетiн қауiптi жүктердiң тiзбесiн бекiтедi;
6) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау қағидасын, қауiптi жүктер тасымалдайтын жүргiзушiлер мен автокөлiк құралдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;
7) тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға тарту тәртiбiн айқындайды;
7-1) автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдарын нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекітеді;
8) Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекітеді;
9) Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасын бекітеді;
10) Автомобиль көлiгi құралдарын техникалық пайдалану қағидасын бекiтедi;
11) автомобиль көлiгi саласындағы техникалық регламенттердi бекiтедi;
12) Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын бекітеді;
13) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидасын бекітеді;
14) Әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасын бекітеді;
15) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекітеді;
16) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
13-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкілетті орган:
1) автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) өз құзыретi шегiнде автомобиль көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi;
3) автомобиль көлiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлейдi;
4) тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен келісім бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдаудың маршруттары мен қозғалыс кестелерiн бекiтедi;
5) жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауды ұйымдастырады, аталған тасымалдаулардың маршруттары бойынша қозғалыс кестесiн келiседi;
6) жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық және облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
7) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;
8) осы Заңның 19-4-бабында белгiленген жағдайларды қоспағанда, автомобиль көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
9) автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiң қоғамдық бiрлестiктермен және қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiктерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi;
10) Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидасын бекiтедi;
11) Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидасын бекітеді;
12) автомобиль көлiгi саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi;
13) көлiктiк бақылау бекеттерiнiң жұмысын ұйымдастыру тәртiбiн бекiтедi;
14) жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беруді жүзеге асырады;
15) Қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидасын бекітеді;
16) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
17) тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін белгіленген тәртіпке сәйкес бекітеді;
18) халықаралық және республикаішілік қатынаста қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн даярлау курстарын ұйымдастырады;
19) жүргізушіге халықаралық және республикаішілік қатынаста қауiптi жүктердi автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беруді жүзеге асырады;
20) электрондық (цифрлық) тахографтарды орнатуды жүзеге асыратын сервис орталықтарының тізбесін бекітеді;
21) электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкалар беруді жүзеге асырады;
22) электрондық (цифрлық) тахографтар жөніндегі ұлттық дерекқорды жүргізеді;
23) Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидасын бекітеді;
24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар
қалалардың жергiлiктi өкiлдi және атқарушы
органдарының құзыретi
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары:
1) жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды, оның ішінде ауданішілік және ауылдық тасымалдауларды дамыту бағдарламасын бекітеді;
2) өз құзыретi шегiнде жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын бекiтедi;
3) шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн бекiтедi;
4) әлеуметтiк мәні бар тасымалдауларды субсидиялау бағдарламасын бекітеді;
5) әлеуметтiк маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада – қалалық және қала маңындағы тасымалдауды ұйымдастырады, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзедi;
2) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада – қалалық және қала маңындағы тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiтедi;
3) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық автомобильмен тасымалдаулар маршруттарын және жүру кестелерiн келіседi;
4) республикалық маңызы бар қалаларда, астанада жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауларды ұйымдастырады;
5) автовокзалдар мен автостанциялардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
6) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада – қалалық және қала маңындағы автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
7) алыстағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін әзірлейді;
8) жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды, оның ішінде ауданішілік және ауылдық тасымалдауларды дамыту бағдарламасын әзірлейді;
9) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлейдi;
10) жолаушыларды ауданаралық (облысішілік қаларалық), ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада – қалалық және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтiк мәні бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады;
11) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тасымалдауларды ұйымдастырады, олардың маршруттарын бекiтедi, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастырады және өткiзедi, маршруттар бойынша жүру кестелерiн бекiтедi;
2) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
3) жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастырады;
4) алыстағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдауды ұйымдастырады;
5) қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастарда әлеуметтiк мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады;
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
15-бап. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының
автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк
бақылауды жүзеге асыру кезiндегi
құқықтары мен мiндеттерi
1. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде автокөлік құралдарын тоқтатуға;
2) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарының бұзылуы туралы тексерулердi жүзеге асыруға және актiлер жасауға, жолсыздықтарды жою туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге;
3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға;
4) осы Заңның 19-6-бабында көрсетілген, тексеру жүргізуге қажетті құжаттарды жеке және заңды тұлғалардан сұратуға құқығы бар.
2. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдары:
1) жеке және заңды тұлғалардың автомобиль көлiгi қызметi мәселелерi жөнiндегi өтiнiштерiн қарауға және олар бойынша тиiстi шаралар қолдануға;
2) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi саласындағы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.
3. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдары автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде нысанды киiм (погонсыз) киюге, олардың нөмiрлi омырау белгiлерi және қызметтiк куәлiктерi болуға тиiс.
Автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның нысанды киiм (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдарының тізбесін, нысанды киiмнің (погонсыз), нөмiрлi омырау белгiлерiнің, қызметтiк куәлiктiң үлгiлерiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
16-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы лицензиялау
Автомобиль көлiгi саласындағы кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес берiлетiн лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.
17-бап. Сәйкестiктi растау
1. Автомобиль көлiгi саласындағы автокөлiк құралдарының, автокөлiкке арналған жабдықтардың, олардың өмiрлiк циклi процестерiнiң сәйкестiгiн растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Шет мемлекет берген сәйкестiктi растау саласындағы құжат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес танылады.
Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.06 N 209 Заңымен.
18-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мiндеттi
сақтандыру
1. Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарын пайдалануға олардың иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылған жағдайда ғана жол берiледi.
2. Жолаушылар мен багаж тасымалдауды жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын автокөлiк құралдарымен жол жүрген кезде жолаушылардың өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген зиян үшiн тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi де мiндеттi сақтандырылуға жатады.
3. Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру және тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерi, сондай-ақ сақтандырудың осы түрлерiн (кластарын) ұстау және оларды жүргiзу шарттары бойынша қосымша талаптар Қазақстан Республикасының сақтандырудың осы түрлерi (кластары) туралы заң актiлерiмен белгiленедi.
19-бап. Тарифтер
1. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделгендерден басқа жағдайларда жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауға еркін (шарттық) тарифтер белгіленеді.
2. Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін жергiлiктi атқарушы орган барлық маршруттар үшін бірыңғай белгілейді.
3. Жолаушылар мен багажды қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі жергiлiктi атқарушы орган бекітетін тарифтер желісіне сәйкес жолдың қашықтығына қарай белгіленеді.
4. Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін жергiлiктi атқарушы орган белгілейді.
5. Осы баптың 2-4-тармақтарына сәйкес белгіленетін тарифтер жергілікті өкілді органмен келісуге жатады.
6. Егер осы баптың 2-4-тармақтарына сәйкес белгіленген тарифтер жолаушылар тасымалының рентабельділігін қамтамасыз етпесе, жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тасымалдаушылардың залалын субсидиялайды.
Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-1-тарау. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
Ескерту. 2-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Ескерту. 2-1-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
19-1-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік
бақылаудың мәні мен мақсаты
1. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – көлiктiк бақылау) автомобиль көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауы үшін жүргiзiледi.
2. Көліктік бақылау жүргізудің мақсаты Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.
3. Уәкiлеттi орган орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасайды, бiрлескен бақылау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.
Ескерту. 19-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
19-2-бап. Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік
бақылаудың түрлері
1. Көліктік бақылау мына түрлерге бөлінеді:
1) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының өтуін бақылау;
2) автомобиль көлігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасы ратификациялаған, автомобиль көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын халықаралық шарттар талаптарының, сондай-ақ автокөлік қызметтерін көрсету саласындағы лицензиялау қағидасының сақталуы тұрғысынан бақылау.
2. Тексеру жүргізу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушының және көлік кәсіпорнының қызметін тоқтатпауға тиіс.
3. Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
4. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 19-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
19-3-бап. Көлiктiк бақылау жүргiзудiң мерзiмдерi мен
кезеңдiлiгi
Ескерту. 19-3-бап алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
19-4-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша
автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруын
көлiктiк бақылау
1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруын көлiктiк бақылау кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау посттарында жүзеге асырылады.
1-1. Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде автокөлік құралдарының жүріп-тұруына көліктік бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.
2. Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерi мен стационарлық көліктік бақылау бекеттері арнайы лайықталған ғимараттармен және құрылыстармен жабдықталуға, деректердi жинау, беру және шоғырландыру үшiн бақылау, байланыс техникалық құралдарымен, қазiргi заманғы телекоммуникациялық және компьютерлiк жабдықтармен жарақталуға тиiс. Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері мен Қазақстан Республикасының аумағында көлiктiк бақылау посттары қажет болған жағдайда шлагбаумдармен жабдықталады.
Ескерту. 19-4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
19-5-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша
автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруына көлiктiк
бақылау жүргiзудiң нысандары
1. Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыру кезiнде рұқсат беру жүйесiнiң талаптарын орындауды көлiктiк бақылау посттарында мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруына рұқсат беру құжаттарының болуын;
2) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша бөлiнбейтiн жүктi тасымалдайтын iрi көлемдi және ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүруiне арнайы рұқсаттың болуын;
3) жол жүру маршрутының халықаралық қатынастары үшiн белгiленгенге сәйкестiгiн;
4) рұқсат алмай жүрiп-тұру жүйесi әрекет ететiн мемлекеттерде тiркелген автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кiруiн тiркеу талондарының болуын;
5) автокөлiк құралдары кiрген кезде өткiзу пункттерiнде берiлетiн бақылаудан өту талондарының болуын тексеру арқылы жүргiзiледi.
2. Тасымалдаушылардың автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң еңбегi мен тынығуы режимiн сақтауын көлiктi бақылау посттарда тахографтың болуын және оны пайдаланылуын тексеру, сондай-ақ экипаждың еңбегi мен тынығуы режимiн бақылаудың тiркеу парақтарын жүргiзу жолымен жүргiзiледi.
3. Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының жүрiп-тұруын көлiктiк бақылау көлiк құралдарының нақты салмақ және көлем өлшемдерiн тексеру және олардың Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген рұқсат етiлген өлшемдерден асуы шамасын айқындау жолымен стационарлық үлгiдегi салмақ өлшеу жабдығын немесе көшпелi ұтқыр таразыны, өлшеу құралы мен көлем рамкаларын қолдана отырып жүргiзiледi.
Ескерту. 19-5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
19-6-бап. Тексеруге жататын негiзгi құжаттар
1. Шаруашылық субъектiлерiн тексерудi жүргiзу кезiнде уәкiлеттi органның лауазымды адамдары құрылтай құжаттарымен және мына:
1) мамандар мен жүргiзушiлердiң кәсiптiк бiлiктiлiгiн растайтын;
2) белгiленген маршруттар бойынша тұрақты жолаушы тасымалын жүзеге асыру үшiн қажеттi (куәлiктермен, қозғалыс кестелерiмен, маршруттар сызбаларымен, автовокзалдармен және автостанциялармен жасасқан шарттармен, паспорттармен, келiсiм-шарттармен);
3) қауiптi жүктердi тасымалдау (тиiстi уәкiлеттi орган берген нақты қауіпті жүкпен қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия (рұқсат), қауiптi жүктi тасымалдау маршрутының бланкiсi, авариялық карточкалар, жүргiзушiлер мен мамандарды даярлау туралы куәлiктер, жүргiзушiнi қауiптi жүктердi тасымалдауға жiберу туралы куәлiк, автокөлiк құралының қауiптi жүктi тасымалдауға рұқсаты);
4) тиiстi автокөлiк құралдарына арналған (белгiленген нысандардағы жол парақтары мен тауар-көлiктiк құжаттармен, билеттiк-есепке алу парақтары және оларды есепке алу журналдарымен) құжаттармен танысады.
2. Тексеру жүргiзу кезiнде қажеттi құжаттардың болуы және олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi айқындалады.
3. Автомобиль көлiгiндегi шаруашылық субъектiлерiн тексерудi жүргiзу кезiнде өз құзыретi шегiнде тексерудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдары:
1) жылжымалы құрамның, жөндеу және өндiрiстiк базаның, техникалық құралдардың, тиеу-түсiру тетiктерiнiң, бақылау-өлшеу аппаратураларының, жабдықталған қызметтiк үй-жайдың (меншiктi жөндеу және өндiрiстiк базасы жоқ және басқа кәсiпорындармен тиiстi жұмыс түрлерiн орындауға шарт жасасқан кәсiпорындар бұған жатпайды) болуы мен олардың жай-күйiн, сондай-ақ автомобиль көлiгiндегi шаруашылық субъектiлерiнiң экологиялық талаптар мен жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптардың нормаларын сақтауын;
2) автокөлiк құралдарының техникалық пайдаланылуының белгiленген талаптарға сәйкестiгiн;
3) автокөлiк құралдарын рейс алдында техникалық байқауды және жүргiзушiлердi рейс алдында (ауысым алдында) медициналық байқауды жүргiзуге арналған қызметтер мен бiлiктi қызметкерлердiң не мұндай қызметтi жүзеге асыратын тиiстi ұйымдармен шарттардың болуын және олардың сәйкестiгiн;
4) жолаушыларды және багажды тасымалдауды немесе автовокзалдар (автостанциялар) жүйесiндегi жұмыстарды жүзеге асыру кезiнде Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидасы талаптарының орындалуын;
5) автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасында Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдарының жүріп өтуінің белгіленген талаптарының орындалуын және Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілетін параметрлерге сәйкес болуын;
6) Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде, жолаушылардың, багаж бен жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыру кезiнде рұқсат беру жүйесiн қолдану жөнiндегi қағида талаптарының орындалуын;
7) жүргiзушiлердiң белгiленген еңбек және тынығу режимiн сақтауы, оның iшiнде тахографтармен жабдықталуға жататын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тасымал түрлерiн жүзеге асыратын автобустарда, жүк, оның iшiнде мамандандырылған (жүктердiң белгiлi бiр түрлерiн тасымалдауға арналған) автомобильдерде тахографтардың болуын;
8) Қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдау қағидасы , олардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруы талаптарының және қауiптi жүкті тасымалдайтын жүргiзушiлер мен автокөлiк құралдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарының орындалуын;
9) автокөлiк құралдарын жолаушыларды және тамақ өнiмдерiн, сондай-ақ тасымалдау кезiнде санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы талап етiлетiн жүктердi халықаралық тасымалдауға жiберу туралы аталған мемлекеттiк органдардың қорытындысы болуы жөнiндегi талаптардың орындалуын;
10) бақылау-өткiзу пункттерiнде қажеттi құжаттама мен аспаптардың болуын;
11) жүргiзушiлер құрамы үшiн жол-көлiк оқиғалары мен Жол қозғалысы қағидасын бұзу туралы ақпараттың әдiстерi және жеделдiгiн, жүргiзiлген нұсқаманы, жол-көлiк оқиғаларының алдын алу жөнiндегi iс-шаралар жоспарларын тiркеу жөнiндегi журналдардың болуын;
12) электрондық (цифрлық) тахографтарды орнату жөніндегі талаптардың орындалуын тексередi.
Ескерту. 19-6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
19-7-бап. Көлiктiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегi
уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi органның лауазымды адамдары мынадай бақылау функцияларын жүзеге асырады:
1) автомобиль көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жөнiндегi шараларды қабылдау;
2) автокөлiк қызметтерiн көрсету саласындағы лицензиялау қағидасының сақталуын бақылау;
3) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалын ұйымдастыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарының орындалуын бақылау;
4) тасымалдаушылардың Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын сақтауын бақылау, автобус салондарында жүк тасымалдауға жол бермеу;
5) тасымалдаушылардың халықаралық қатынастарда тез бұзылатын жүктердi тасымалдауды орындайтын қозғалмалы құрамға қойылатын талаптарды сақтауын бақылау;
6) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруын, оның iшiнде отандық және шетелдiк тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген көлемдiк және салмақтық өлшемдерiн сақтауын бақылау;
7) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары мен шетел мемлекеттерi тасымалдаушыларының Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасын сақтауын бақылау;
8) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары мен шетел мемлекеттерi тасымалдаушыларының автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң еңбегi мен тынығуы режимiн сақтауын бақылау;
9) автокөлiк құралдары жабдығының автокөлiк құралында тахографтың болуы және оның ақаусыздығы тұрғысынан халықаралық шарттар талаптарына сәйкестiгiн, сондай-ақ орнатылған жанармай бактарының жасаушы заводтың талаптарына сәйкестiгiн бақылау;
10) халықаралық және облысаралық қатынастағы жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға рұқсаттың болуын тексеру, жүру маршруты мен кестесiнiң сақталуын, сондай-ақ жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес халықаралық тасымалдау кезiнде жолаушылар тiзiмiнiң болуын бақылау;
10-1) республикаішілік қатынаста жолаушылар мен багажды тұрақты емес автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдау шартының болуын тексеру;
11) шетелдiк тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша каботаждық тасымалды жүзеге асыруын айқындау және оның жолын кесу;
12) шетелдiк көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына белгiленбеген өткiзу пункттерi арқылы кiруi фактiсiн айқындау;
13) шетелдiк автокөлiк құралдарының уақытша кiруiн тiркеу және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық автомобиль тасымалы саласындағы рұқсатсыз жүйе қолданылатын мемлекеттерде тiркелген автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кiруiн тiркеу талондарын беру;
14) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
15) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттiң тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағынан шығуына және Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы бойынша жүрiп-тұруына рұқсат беру;
15-1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұруына рұқсат беру;
16) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және iрi көлемдi көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп-тұруына арнайы рұқсат беру;
17) Алынып тасталды - ҚР 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
18) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
19) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
20) транзиттiк әлеуеттi қолдану туралы ақпаратты жинау, автокөлiк құралдары жүрiсiнiң жиiлiгiн есепке алу, белгiленген нысандағы есеп беру құжаттары түрiнде жинақталған ақпаратты берудi ұйымдастыру және жүзеге асыру;
21) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен автомобиль көлiктерiнде және автожолдарда қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасау.
Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттеріндегі бақылау функцияларын, осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 7), 11), 14), 15), 16), 18)–21) тармақшаларында көзделгендерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.
Ескерту. 19-7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
19-8-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша
жүрiп-тұруға рұқсат ету құжаттарын беру тәртiбi
1. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кiру (шығу), халықаралық қатынастағы жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитi рұқсат беру құжаты - жүруге берiлген рұқсат негiзiнде жүргiзiледi.
2. Егер шетелдiк автокөлiк құралы тiркелген мемлекетпен Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдары саласында рұқсатсыз жүйе қолданылса, осы шетелдiк автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруы Қазақстан Республикасының аумағына кiрген кезде көлiктiк бақылау посттарында берiлетiн шетелдiк автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының аумағына кiруiн тiркеу талоны негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Үшiншi елдiң аумағындағы шығу пунктiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы бару пунктiне дейiн немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы шығу пунктiнен үшiншi елдiң аумағындағы бару пунктiне дейiн жолаушыларды және (немесе) жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруына рұқсат беру құжаты - шетелдiк тасымалдаушылардың үшiншi елден Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшiншi елге тасымалдауды орындауға берiлген рұқсат негiзiнде жол берiледi.
4. Уәкiлеттi орган шетелдiк мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен рұқсат беру құжаттарының бланкiлерiмен тепе-тең айырбас жүргiзуi мүмкін.
5. Халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруға рұқсат сұраған жағдайда уәкiлеттi орган оған Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгiлеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұрғаны үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн мұндай рұқсатты бередi.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттiк рейстен керi бағытта қайтып бара жатқан шетелдiк жүк автокөлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағында жолшыбай тиелген кезде Қазақстан Республикасының аумағынан шығу құқығын куәландыру үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгiлеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұрғаны үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн уәкiлеттi орган беретiн жүрiп-тұруға қосымша рұқсаттың болуы қажет.
Ескерту. 19-8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
19-9-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша
шетелдiк автокөлiк құралдарының жүрiп-тұру
тәртiбi
1. Қазақстан Республикасы мен шетелдiк мемлекеттер арасындағы жүктердiң, жолаушылардың және багаждың халықаралық автомобиль тасымалы халықаралық автомобиль өткiзу пункттерi арқылы жүзеге асырылуға тиiс.
Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшiн қажеттi рұқсат беру және басқа да құжаттар автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiнде болуға және уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамдарының талабы бойынша көрсетiлуге тиiс.
2. Шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екi пункт арасында жолаушылар мен жүктердi тасуына жол берiлмейдi.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жолаушыларды транзиттiк тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарына Қазақстан Республикасының аумағында жолаушыларды отырғызуды және (немесе) түсiрудi жүргiзуге тыйым салынады.
Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылар өз мемлекетiнiң тiркеу және айыру белгiлерi бар автокөлiк құралдарын пайдалануы тиiс.
Бұл ретте тiркемелерде немесе жартылай тiркемелерде басқа мемлекеттiк тiркеу және айырма белгiсi болуы мүмкiн.
19-10-бап. Отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан
Республикасының аумағынан шығу және оларға
шетелдiк рұқсаттарды беру тәртiбi
1. Отандық автокөлiк құралдары рұқсат беру бланкiлерiмен алмасу жүргiзiлген шетелдiк мемлекеттерге барған жағдайда тасымалдаушы бұрын берiлген өтiнiмдер негiзiнде Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгiлеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұрғаны үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн уәкiлеттi орган беретiн тиiстi шетелдiк рұқсат беру құжаттарын ала алады.
Әрбiр автокөлiк құралына жеке рұқсат беру құжаты берiледi.
2. Пайдаланылған шетелдiк рұқсат беру құжаттары бұрын оларды берген органға қайтарылуға жатады.
3. Тасымалдаушының оған берiлген шетелдiк рұқсат беру құжаттарын басқа тасымалдаушыға беруiне жол берiлмейдi.
Егер бөлiнген шетелдiк рұқсат беру құжаттарының саны тасымалдаушылар берген өтiнiмдердiң жалпы санынан аз болған жағдайда шетелдiк рұқсат беру құжаттарының бланкiлерiн тасымалдаушылар арасында бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
Отандық тасымалдаушыларға мәлiмденгеннен тыс шетелдiк рұқсат беру құжаттарын беру басқа отандық тасымалдаушылар өздерi мәлiмдеген шетелдiк рұқсат беру құжаттарының осы түрiнен бас тартқан жағдайда жүргізілуі мүмкiн.
Отандық тасымалдаушылардың жолаушыларды және багажды тұрақты халықаралық тасымалдауына рұқсат беру құжаттарын беру Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 19-10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
19-11-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша
отандық және шетелдiк iрi көлемдi және
(немесе) ауыр салмақты автокөлiк
құралдарының жүрiп-тұруына арналған арнайы
рұқсаттарды беру тәртiбi
1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдiк iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруына рұқсат беру құжатының - ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемдi автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруына берiлген арнайы рұқсаттың (бұдан әрi - арнайы рұқсат) негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Арнайы рұқсатты уәкiлеттi орган жүру маршрутын белгiлегеннен және Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгiлеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұрғаны үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн бередi.
3. Егер жүгi бар немесе жүксiз автокөлiк құралы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша жүруге арналған автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген өлшемдерiнен көлемi, салмағы және (немесе) осьтiк жүктемесi бойынша артық болса, арнайы рұқсат осы автокөлiк құралы бөлiнбейтiн, мақсатын өзгертпей, тым көп шығындарсыз немесе олардың бұзылу қаупінсiз екi немесе одан да көп бөлiктерге бөлуге келмейтiн жүктердi тасымалдаған жағдайда ғана берiледi.
Бөлiнетiн жүгi бар iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп-тұруы айқындалған жағдайда оны тасымалдаушы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша қозғалуға арналған автокөлiк құралдарының рұқсат етілген өлшемдерiне сәйкес келтiру үшiн автокөлiк құралынан жүктi түсiргенде және маршруттың нақты жүрiп өтiлген бөлiгi үшiн iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралының жүрiп-тұрғаны үшiн алым сомасын төленгенде тасымал арнайы рұқсат берiлмей жаңғыртылуы мүмкiн.
Ескерту. 19-11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-2-тарау. Автомобиль көлiгi саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы
талаптары
Ескерту. 2-2-тараумен толықтырылды - ҚР 2006.12.06 N 209 Заңымен.
19-12-бап. Жалпы ережелер
1. Автомобиль көлiгi саласындағы техникалық реттеу объектiлерi:
автомобиль көлiгi болып табылады, оған:
1) автобустар;
2) шағын автобустар;
3) жеңiл автомобильдер;
4) жүк автомобильдерi;
5) автомобиль тiркемелерi;
6) ершiктi тартқыштарға жартылай тiркемелер;
7) арнайы бейiмделген автомобильдер (жүктердiң белгiлi бiр түрлерiн тасымалдауға арналған);
8) арнаулы автомобильдер (әр түрлi, көбiнесе көлiкке арналмаған жұмыстарды орындайтын);
9) автомобиль көлiгiн жобалау;
10) автомобиль көлiгiн шығару (жөндеу);
11) автомобиль көлiгiн тасымалдау және сақтау;
12) автомобиль көлiгiн кәдеге жарату және жою кiредi.
2. Автокөлiк құралдары адам өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiретiн болса немесе оларды тиiстi дәрежеде орнату, қызмет көрсету және пайдалану кезiнде солардың қауiпсiздiгi мен функционалдық мақсатына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын болса, нарықта сатылмауға және пайдаланылмауға тиiс.
3. Қазақстан Республикасының нарығында сәйкестiгi расталуға тиiс автомобиль көлiгiн орналастыратын тұлға осы Заңның және техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкестiктi растау үшiн шаралар қабылдауға мiндеттi.
4. Қазақстан Республикасының нарығында автомобиль көлiгiн орналастыратын тұлға:
1) тұтынушының ықтимал тәуекелдердi бағалауы және тиiстi қауiпсiздiк шараларын қабылдауы үшiн қажеттi пайдалану құжаттамасын және басқа да ақпаратты мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде ұсынуға;
2) автомобиль көлiгiн сату кезiнде таңдау бақылауын жүргiзуге, тұтынушылардың шағымдарын тексеруге;
3) автомобиль көлiгiнiң адам өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру тәуекелi болғанда, пайдаланушыны уақтылы және тиiмдi ескерту, сондай-ақ автомобиль көлiгiн қайтарып жiберетiндей қажеттi iс-шаралар жүргiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге;
4) таратылып қойған автомобиль көлiгiнде қауiпсiздiк талаптарының бұзылуы туралы және мұндай бұзушылықтарды жою жөнiндегi өзi қабылдаған шаралар туралы тиiстi мемлекеттiк бақылау органдарына дереу хабарлауға;
5) шығарушыдан, уәкiлеттi өкiлден, импорттаушыдан, пайдаланушыдан немесе мемлекеттiк бақылау органдарынан автомобиль көлiгiнiң осы Заңның және техникалық регламенттердiң белгiленген талаптарына сәйкес келмеуi туралы ақпарат алынған болса, автомобиль көлiгiн сатпауға мiндеттi.
5. Автомобиль көлiгiнде қажеттi ескерту жазбалары немесе қауiптiлiк және қауiпсiз пайдалану шарттары туралы белгiлер болуға тиiс.
6. Пайдалану құжаттамасындағы қауiпсiздiк талаптары осы Заңда және техникалық регламенттердiң белгiленген талаптардан төмен болмауға тиiс.
19-13-бап. Автокөлiк құралдарын жобалау кезiндегi
қауiпсiздiк талаптары
1. Автокөлiк құралдарын жобалау кезiнде өмiрлiк циклдiң барлық сатыларындағы, оның iшiнде қалыпты пайдалану, төтенше жағдайлар (бұзылулар мен сыртқы әсерлер), персоналдың болжамды қателерi және пайдалануға болмайтын кезiндегi бүкiл ықтимал қауiптер сәйкестендiрiлуге тиiс.
2. Пайдалану (қолдану) жөнiндегi нұсқауды (нұсқаманы) және паспортты (немесе формулярды) әзiрлеу автокөлiк құралдарын жобалаудың ажырамас бөлiгi болып табылады.
19-14-бап. Автокөлiк құралдарын шығару кезiндегi
қауiпсiздiк талаптары
1. Шығару кезiнде автокөлiк құралдарының дайындалуы жобалық құжаттаманың, осы Заңның, техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкестiгi қамтамасыз етiлуi қажет.
2. Автокөлiк құралдарын шығару кезiнде дайындаушы жобалық құжаттамада айқындалған қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi барлық iс-шаралар кешенiн орындауға және қауiпсiздiкке байланысты барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Егер автокөлiк құралдарын дайындау процесiнде немесе одан кейiн қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн сынақтар жүргiзу қажет болса, онда олар жобалық құжаттаманың барлық талаптары орындала отырып, толық көлемде жүргiзiлуге тиiс.
4. Автокөлiк құралдарын шығару кезiнде жобалық құжаттамадан ауытқу жобалаушымен келiсiледi және ол техникалық регламенттерде белгiленген жол берiлетiн тәуекелден аспауға тиiс.
19-15-бап. Автокөлiк құралдарын тасымалдау және сақтау
кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
1. Автокөлiк құралдарын тасымалдау және сақтау процесiнде олардың сақталуын, олардың қауiпсiздiгi көзделетiн техникалық сипаттамаларды сақтауды қамтамасыз етуге қойылатын барлық қажеттi талаптар, оның iшiнде консервациялауға, тасымалдау және сақтау жағдайларына қойылатын талаптар, белгiленген сақтау мерзiмдерi, жай-күйiн қайта куәландыру, сақтау мерзiмi аяқталған жеке элементтердi, бөлшектердi, тораптарды ауыстыру мерзiмдерi бойынша нұсқаулар автокөлiк құралдарына арналған техникалық құжаттамада жазылуға тиiс.
2. Автокөлiк құралдарын, олардың тораптары мен бөлшектерiн тасымалдау және сақтау жобалаушы қарастырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қауiпсiздiк талаптары ескерiле отырып жүргiзiледi.
3. Консервациялау үшiн қолданылатын материалдар мен заттар қауiпсiз болуға тиiс.
19-16-бап. Автокөлiк құралдарын кәдеге жарату және жою
кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
Жеке және заңды тұлғалар автокөлiк құралдарын кәдеге жаратуды, жоюды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай талаптардың сақталуын ескере отырып қамтамасыз етедi:
1) автокөлiк құралдарын пайдалану тоқтатылғаннан кейiн оларды пайдалану мүмкiндiгiн болдырмау шаралары қабылдануға тиiс;
2) пайдалану процесiнде уытты заттармен, радиоактивтi аэрозольдармен ластанған автокөлiк құралдары оларды кәдеге жарату, жою кезiнде қолданылатын зиянды заттардың уыттылығына, физика-химиялық қасиеттерiне қарай арнайы ерiтiндiлермен (әдiстермен) залалсыздандыру жөнiндегi мiндеттi өңдеуден өткiзiлуге тиiс;
3) автокөлiк құралдарын кәдеге жаратудың және жоюдың барлық кезеңiн өткiзетiн персоналдың қажеттi бiлiктiлiгi болуға, олар тиiстi оқудан өтуге және еңбек қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға тиiс.
3-тарау. Жолаушыларды және багажды
автомобильмен тасымалдау
20-бап. Жолаушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Жолаушының:
1) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарында көзделген тәртiппен кез келген автобуспен және таксимен жол жүруге;
2) жол жүру құжатын (билетiн) сатып алуға;
3) сатып алған жол жүру құжатына (билетiне) сәйкес орын алуға;
4) егер ол жеке орын алмаса, өзiмен бiрге жеті жасқа дейiнгi бір баланы тегін, не таксиден басқа көлікте, он бес жасқа дейiнгi балаларды оларға жеке орын беріп, елу пайыз мөлшерде жол ақысын төлеп, алып жүруге;
5) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары жүзеге асыратын халықаралық тасымалдарда 5 жастан 12 жасқа дейiнгi балаларға жол жүру құжатының (билетiнiң) толық құнының елу процентiн төлеп, жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатып алуға;
6) 7 жастан 15 жасқа дейiнгi балаларға жол жүру құжатының (билетiнiң) толық құнының елу процентiн төлеп, жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатып алуға;
7) егер тасымалдаушы кестеде көзделген автобустың орнына жүру ақысы қымбаттау басқа автобус ұсынса, үстемеақы төлемей, сатып алынған жол жүру құжаты (билетi) бойынша жол жүруге;
8) жол жүру құжатын (билетiн) тасымалдау басталғанға дейiн өткiзуге және көзделген алымдар шегерiле отырып, тасымалдауға төленген соманы керi қайтарып алуға;
9) егер ол тасымалдаушыны автобус жөнелтiлгенге дейiн үш сағаттан кешiктiрмей хабардар етсе және тасымалдаушы, автовокзал немесе автостанция жолаушының жол жүру құжатын (билетiн) сатып алу фактiсiн растаса, жоғалған жол жүру құжатын (билетiн) қалпына келтiруге;
10) Автомобиль көлiгiмен жолаушылар және багаж тасымалдау ережелерiнде белгiленген нормалар шегiнде қол жүгiн өзiмен бiрге тегiн алып жүруге;
11) тариф бойынша ақы төлеп багажды тасымалдауға өткiзуге;
12) тасымалдауға тапсыру кезiнде багаждың құндылығын жариялауға;
13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тасымалдау сапасы деңгейiнiң оның сертификатына сәйкестiгiне дауласуға құқығы бар.
Жолаушының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтары бар.
2. Жолаушы:
1) жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында жол жүру кезiнде жол жүру құжаты (билетi) болуға және оны сапар аяқталғанға дейiн сақтауға;
2) қоғамдық тәртiптi, Автомобиль көлiгiмен жолаушылар және багаж тасымалдау ережелерiнде белгiленген талаптарды сақтауға;
3) егер шартта өзгеше көзделмесе, құндылығы жарияланған багажды тасымалдау кезiнде тасымалдаушының көрсеткен қызметтерiне ақы төлеуге мiндеттi.
Жолаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мiндеттер атқарады.
Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
21-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен
тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру және
жүзеге асыру
1. Егер:
1) автомобиль жолдарының өткiзу қабiлетi белгiлi бiр маршруттар бойынша автобустардың, шағын автобустардың тұрақты жүрісін жүзеге асыруға мүмкiндiк берсе;
2) автомобиль жолдарының жай-күйi және жайластырылуы жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес келсе, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау ұйымдастырылуы мүмкiн.
2. Халықаралық тасымалдауларды қоспағанда, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жолаушылар мен багаждың аталған тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығын конкурста жеңiп алған және тасымалдаушылар мен тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар арасында жасалатын шарттар негiзiнде оларға қызмет көрсету құқығына куәлiк алған тасымалдаушылар жүзеге асырады.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тасымалдаудың аталған түрлерiн куәлiксiз жүзеге асыруға жол берiлмейдi.
3. Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттары тасымалдаушылар арасында конкурстық негiзде бөлiнедi. Конкурсқа жеке маршрут та, бiр лотпен бiрнеше маршрут та қойылуы мүмкiн.
4. Жолаушылар мен багажды тұрақты қалааралық, облысаралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), ауданішілік және халықаралық тасымалдау тасымалдаушылардың және автовокзалдар немесе автостанциялар әкiмшiлiктерінің арасында жасалатын шарттар негiзiнде тек қана автовокзалдардан немесе автостанциялардан жүзеге асырылады.
Автовокзалдар мен автостанциялардың осы қызмет түрiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен рұқсат берілген жолаушылар мен багажды тасымалдаушылармен шарт жасасудан бас тартуға құқығы жоқ.
5. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды рейс алдында (ауысым алдында) техникалық тексерудi және ақауы болған жағдайда оларды уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
6. Егер жолаушылар мен багажды тасымалдау маршрутына қызмет көрсету құқығына бір ғана қатысушының өтінімі берілсе, онда конкурс өткізілмеді деп танылады. Егер конкурсты қайта өткізу кезінде осы маршрутқа бір қатысушының өтінімі берілсе, онда конкурс талаптарына сай келген жағдайда, онымен шарт жасалады.
7. Маршрутқа (маршруттарға) қызмет көрсету құқығын үшінші тарапқа беруге жол берілмейді.
Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
22-бап. Тасымалдаушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Тасымалдаушының:
1) өз құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында қоғамдық бiрлестiктердi, сондай-ақ заңды тұлғалардың қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы бiрлестiктерiн құруға;
2) қауiпсiздiк және гигиена талаптарына сай тынығуға және еңбек жағдайына;
3) жолаушылардың қоғамдық тәртiптi және Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидасын сақтауын талап етуге;
4) жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын алуға құқығы бар.
2. Жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушы:
1) автокөлiк құралдарының техникалық жарамды күйiн қамтамасыз етуге және белгiленген техникалық, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға және өрт қауiпсiздiгi талаптарына жай-күйi сай емес автокөлiк құралының маршрутқа шығуына жол бермеуге;
2) автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiне алдын ала және кезеңiмен, соның iшiнде рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеру жүргiзiлуiн, еңбек және тынығу режимi сақталуын қамтамасыз етуге;
3) жолаушының қауiпсiздiгiн, оған қажеттi қызмет ету жайлылығы және шарттары жасалуын қамтамасыз етуге;
4) багаждың уақтылы тасымалын және сақталуын қамтамасыз етуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын ақысыз тасымалдауды жүзеге асыруға немесе оларға жол ақысы бойынша өзге де жеңiлдiктер беруге;
6) жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде - автовокзалдар, автостанциялар кассалары немесе автобустардың, шағын автобустардың жүргiзушiлерi (кондукторлары) арқылы жол құжаттарын (билеттер) және багаж түбiртектерiн сатуды қамтамасыз етуге;
7) жолаушылар және багаж тасымалының тарифтерiн жариялауға, оларды шарттарда, жол құжатында (билетте) және багаж түбiртегiнде тiркеуге;
8) жарияланған тарифтердi сақтауға және тарифтердiң алдағы өзгеруi туралы жолаушыларды күнi бұрын хабардар етуге;
9) тасымалдауларды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны белгілеуге мiндеттi.
3. Жолаушылардың және багаждың тұрақты емес автомобиль тасымалдарын (таксиден басқа) жүзеге асыратын тасымалдаушы:
1) осы баптың 2-тармағының 1)-4) тармақшаларында аталған талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге;
2) рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден және автокөлiк құралының техникалық байқаудан өткенi туралы белгiсi бар борт журналы болуға;
3) жолаушылардың қауіпсіз отырғызылуы мен түсірілуін қамтамасыз етуге міндетті.
Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
23-бап. Жолаушыларды және багажды республикаішілік
автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру
шартының талаптары
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Жолаушыларды және багажды республикаішілік автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шартында:
1) тариф;
2) жол жүру құжаттарын (билеттер) сату тәртiбi мен орны, олардың жолаушыларда болуын бақылауды жүзеге асыру;
3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлеген тариф тасымалдау шығындарын жаппаса, сондай-ақ жолаушылар мен багажды жеңiлдiк жағдайларымен немесе тегiн тасымалдау үшiн тасымалдаушыға өтем төлеу мөлшерi мен мерзiмдерi;
4) маршрутта пайдаланылатын автобустардың, шағын автобустардың қозғалыс кестесi, типi (класы) және саны;
5) тараптардың шарт бойынша мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн жауапкершiлiгi;
6) шарттың қолданыста болуының кемiнде үш жыл болатын ең аз мерзiмi көзделуге тиiс.
2. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде жолаушыларды және багажды республикаішілік автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шартының өзге де мiндеттi талаптары белгiленуi мүмкiн.
3. Жергiлiктi атқарушы органдар жолаушыларды және багажды республикаішілік автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шарты бойынша:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жолаушыларды отырғызудың және түсiрудiң белгiленген пункттерiн ресiмдеудi және күтiп-ұстауды қамтамасыз етуге;
2) автобустардың, шағын автобустардың белгiленген қозғалыс кестесiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.
4. Тасымалдаушы жолаушыларды және багажды республикаішілік автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шарты бойынша:
1) тасымал үшiн автобустардың, шағын автобустардың шартта көзделген санын және типiн (класын) пайдалануға;
2) қозғалыс кестесiн сақтауға;
3) жол жүргенде автокөлiк құралының тиiсiнше жарақталуын және жолаушыларға сервистiк қызмет көрсетiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мiндеттердi атқарады.
Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
24-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен
тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру
1. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың автовокзалдар (автостанциялар) аумағынан және жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша жолаушылар отырғызуына тыйым салынады.
2. Тұрақты емес республикаішілік қатынаста тасымалдау кезінде жолаушылар мен багажды тасымалдау шарты тапсырыс беруші мен тасымалдаушы арасында екі данада – тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден жазбаша нысанда жасалады. Уәкілетті органның лауазымды тұлғаларының талап етуі бойынша тасымалдаушы осы шарттың көшірмесін ұсынуға міндетті.
Бұл ретте шартта:
1) шарттың мәні;
2) сапардың мақсаты;
3) жүріс маршруты, жолаушыларды отырғызу мен түсірудің бастапқы және соңғы пункттері;
4) жеткізу мерзімі;
5) кіре ақысы;
6) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
7) шарт бойынша міндеттемелерді тараптардың орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі;
8) дауларды шешу тәртібі;
9) жолаушылар тізімінің болуы көзделуге тиіс.
Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
25-бап. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдау
1. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдау кемiнде екi есiгi бар, техникалық жай-күйi Автомобиль көлiгiмен жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерiнде белгiленген талаптарға сай келетiн автобустармен жүзеге асырылады.
2. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдауға арналған автобустар сары түстi шұғылалы шырақшамен жабдықталуға тиiс.
3. Бұл автобустардың алдына және артына "Балалар тасымалы" деген тану белгiсi орнатылуға тиiс.
4. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдауға жасы кемiнде жиырма бестегi, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және кемiнде бес жыл жұмыс стажы бap жүргiзушiге рұқсат етiледi.
5. Екi және одан көп автобустардың легiне жол қозғалысы қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган көздеген тәртiппен жол полициясының арнаулы автомобильдерi iлесiп жүруге тиiс.
26-бап. Жолаушыларды және багажды таксимен
тасымалдауды ұйымдастыру
1. Жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдау тасымалдаушы мен жергiлiктi атқарушы органның арасында жасалатын, жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Тасымалдаушы жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт бойынша:
1) жолаушыларды және багажды тасымалдау үшiн Автомобиль көлiгiмен жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерiне сәйкес таксометрлермен жабдықталған және айырым белгiлерi бар таксилердi пайдалануға;
2) такси режимiнде жұмыс iстеу үшін шартта белгiленген автомобильдер санын пайдалануға мiндеттi.
Тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мiндеттердi атқарады.
3. Тасымалдаушының жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт бойынша:
1) таксилердiң тұрағын, жолаушыларды отырғызу мен түсiру үшiн таксилердiң арнайы жабдықталған тұрақтарын пайдалануға;
2) Жол жүру қағидасының талаптарын сақтай отырып, жол желiсiнiң кез келген учаскелерiнде жолаушыларды отырғызуға және түсiруге құқығы бар.
Тасымалдаушының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтары бap.
4. Жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар таксилердiң рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық, медициналық тексерiлуiн және олар жарамсыз болған жағдайда уақтылы ауыстырылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
5. Таксилердiң тиiмдi жұмыс iстеуi және жолаушы жиналатын барлық пункттерде (әуежай, вокзалдар, iрi сауда және мәдени орталықтары) жолаушылардың оларды пайдалануына қолайлы жағдай жасау үшiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарына сәйкес такси тұрақтарын ұйымдастыруды және жабдықтауды қамтамасыз етедi.
Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
27-бап. Жалпы пайдаланудағы көлiкпен тасымалдау
кезiнде жолаушылардың жекелеген санаттарына
арналған басымдықтар
1. Жолаушылардың жекелеген санаттары мынадай басымдықтарға ие:
1) автобусқа, таксиге кезексiз отыру құқығы;
2) автобус салонының алдыңғы бөлiгiнен арнаулы орын алу.
Аталған басымдықтарды мүгедектер, зейнеткерлер, жүктi әйелдер, мектеп жасына дейiнгi балалары бар жолаушылар пайдаланады;
3) кезексiз билеттер сатып алу құқығы бар.
Аталған басымдықты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және оларға теңестiрiлген адамдар пайдаланады.
2. Автовокзалдарда:
1) 5 жасқа дейiнгi балалары бар жолаушыларға және жүктi әйелдерге қосымша қызмет көрсетуге арналған ана мен бала бөлмесi;
2) мүгедек-жолаушыларды отырғызуға және түсiруге арналған қондырғылар жасалады.
3. Жалпы пайдаланудағы көлiк мүгедек жолаушылардың мiнiп-түсуiне арналған құрылғылармен жабдықталады.
Мемлекеттiк органдар жолаушыларды тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзген кезде, мүгедектердiң пайдалануына бейiмделген көлiк құралдары бар жеке және заңды тұлғалар артықшылыққа ие болады.
Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.04.13 N 40 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
28-бап. Сот иесiз деп танығанға дейiн багажға
билiк ету
1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жолаушы немесе багажды алуға уәкiлеттi адам тасымалдаушыға байланысты емес себептер бойынша багажды алмаған жағдайда, тасымалдаушы багажды сот иесiз деп танығанға дейiн межелi немесе жөнелту пунктiнiң автовокзалында немесе автостанциясында сақтауға мiндеттi.
2. Сот багажды иесiз деп таныған жағдайда, багаждың жаңа иесi тасымалдаушыға оның сақталуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi, оны сақтауға, тиеп-түсiру операцияларына және тасымалдауға жұмсалған шығыстарды өтейдi.
29-бап. Жолаушыларды және багажды автомобиль
көлiгiмен тасымалдау ережелерi
Жолаушыларды және багажды автомобиль көлiгiмен тасымалдау ережелерiнде:
1) жол жүру құжаттарының (билеттердiң), багаж түбiртектерiнiң нысаны, сатылу тәртiбi мен қолданылу мерзiмi;
2) жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының ашылу және жабылу тәртiбi, тасымалдардың аталған түрлерiн орындау үшiн пайдаланылатын автобустардың, шағын автобустардың санитарлық жай-күйiне, сыртқы безендiрiлуiне және жабдықталуына қойылатын талаптар;
3) жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi;
4) маршрутқа қызмет көрсету құқығына куәлiк беру, тоқтата тұру және керi қайтарып алу тәртiбi мен шарттары, оны беруден бас тарту шарттары мен негiздерi, сондай-ақ нысаны;
5) автовокзалдар мен автостанцияларға қойылатын талаптар, сондай-ақ олардың жұмыс iстеу тәртiбi;
6) жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбi;
7) тапсырыс берiлген автобустармен, шағын автобустармен және жеңiл автомобильдермен жолаушыларды және багажды тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбi;
8) жолаушыларды және багажды таксилермен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбi;
9) багажды қабылдау, сақтау және беру тәртiбi;
10) жол жүру құжаттарын (билеттерiн) және олардың құнын қайтару тәртiбi мен шарттары;
11) халықаралық және республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарында жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерiн, сондай-ақ таксимен тасымалдау кезiнде жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерiн безендiру мен күтiп-ұстауға қойылатын талаптар;
12) жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдау маршруттарында жүргiзушiлердi рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландыруды ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi айқындалады.
Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4-тарау. Жүктерді және почтаны автомобильмен
тасымалдау
30-бап. Жүктi автомобильмен тасымалдау шарты
1. Жүктi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзiне жүк жөнелтушi сенiп тапсырған жүктi, тасымалдау шарттарын сақтай отырып, межелi пунктiне жеткiзуге және оны жүктi алуға уәкiлеттi адамға (жүк алушыға) бepугe мiндеттенедi, ал жүк жөнелтушi шартқа немесе тарифке сәйкес автомобильмен жүк тасымалдағаны үшiн ақы төлеуге мiндеттенедi.
2. Жүктi автомобильмен тасымалдау шартының жасалуы тауар-көлiк жүкқұжатының жасалуымен расталады.
31-бап. Жүктi автомобильмен тасымалдау шартын
өзгерту және бұзу
Жүктi автомобильмен тасымалдау шарты өзгерген немесе бұзылған жағдайда тараптар, егер шартта өзгеше көзделмесе, шарт талаптары өзгергенге дейiн немесе бұзылғанға дейiн оны орындауға байланысты шығарған шығыстардың өтелуiн талап етуге құқылы.
32-бап. Жүктердi автомобильмен тасымалдау шарты
бойынша тасымалдаушының және жүк жөнелтушiнiң
құқықтары мен мiндеттерi
1. Тасымалдаушының жүктердi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша:
1) өзiнiң сипаты, салмақ және көлем өлшемдерi бойынша тасымалдау құжаттарында көрсетiлген жүк туралы деректерге сәйкес келмейтiн жүктi автомобильмен тасымалдаудан бас тартуға;
2) егер жүктi одан әрi автомобильмен тасымалдау жүктi тасымалдау қауiпсiздiгiне және оның сақталуына қатер төндiрсе, жүктi түсiруге;
3) егер шартта өзгеше көзделмесе, осы баптың 2-тармағының 1), 4) тармақшаларына сәйкес, жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгiн немесе олардың сақталуын қамтамасыз етуге байланысты шығарған шығындарын өтеуге;
4) жүк жөнелтушi (жүк алушы) көрсеткен жаңа межелi пунктiне еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан жүктi жеткiзуге мүмкiндiк болмаған жағдайда, автомобильмен тасымалдаудан бас тартуға және жүк жөнелтушiнi бұл туралы алдын ала хабардар етiп, жүктi оған қайтаруға құқығы бар; егер шартта өзгеше көзделмесе, тасымалдаушының осыларға байланысты қосымша шығыстарын жүк жөнелтушi (жүк алушы) төлейдi.
Тасымалдаушының Қазақстан Республикасының заңдарымен және шартпен белгiленген өзге де құқықтары бар.
2. Тасымалдаушы жүктердi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша:
1) жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгiне және олардың сақталуына қатер төнгенi туралы жүк жөнелтушiнi (жүк алушыны) дереу хабардар етуге, бұл орайда жүк жөнелтушiден (жүк алушыдан) алынған нұсқауларды сақтауға, сондай-ақ жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгiн және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде өзi жүргiзген әрекеттер туралы дереу хабардар етуге;
2) жүктi қабылдау кезiнде тауар-көлiк жүкқұжатындағы жүк орындарының санына, олардың маркалануы мен нөмiрлерiне қатысты жазбалардың дәлме-дәлдiгiн, сондай-ақ жүктiң және оның орамасының сыртқы жай-күйiн тексеруге;
3) автокөлiк құралына тиеудiң белгiленген нормаларын сақтау, автомобильмен тасымалдауды орындау қауiпсiздiгiн және жүктiң сақталуын қамтамасыз ету мақсаттарында жүктiң салынуы мен бекiтiлуiн бақылауға;
4) жүк алушы автомобильмен тасымалдаушыға қатысы жоқ себептермен жүктi алмаған жағдайда, жүктi межелi пунктiнде, келген күннен бастан отыз күн бойы, тез бүлiнетiн жүктi - төрт күн бойы сақтауға мiндеттi.
Тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де мiндеттердi мойнына алады.
3. Жүк жөнелтушiнiң жүктi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша:
1) мәлiмделген жүктi тасу үшiн тиеудiң алдында автокөлiк құралының жарамдылығын тексеруге;
2) мәлiмделген жүктi тасу үшiн автокөлiк құралы жарамсыз болған жағдайда, тасымалдаушының қызметiнен бас тартуға құқығы бар.
Жүк жөнелтушiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына және шартқа сәйкес өзге де құқықтары бар.
4. Жүк жөнелтушi жүктi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша:
1) автокөлiк құралының келу және кету уақыты туралы жолпараққа белгi соғуға;
2) автокөлiк құралының жарамсыздығы себептi тасымалдаушының қызметiнен бас тартқан жағдайда тиiстi акт жасауға;
3) автокөлiк құралына жүк тиеу процесiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген рұқсат етiлген салмақ пен көлем өлшемдерiнен асыруға жол бермеуге;
4) тасымалдаушыға тауар-көлiк жүкқұжатын, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қажеттi жағдайларда, жүк тасымалы үшiн қажеттi өзге де құжаттарды (сертификат, лицензия, ветеринариялық құжаттар, кеден декларациясы) көрсетуге мiндеттi.
33-бап. Автокөлiк құралдарын беру, жүктердi тиеу
және түсiру
1. Тасымалдаушы Автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдау ережелерiне және шартқа сәйкес жүктердi автомобильмен тасымалдауға жарамды автокөлiк құралдарын автомобильмен жүк тасымалдауға қабылданған өтiнiмде (тапсырыста) немесе шартта белгiленген мерзiмде тиеу үшiн жүк жөнелтуге беруге мiндеттi.
2. Жүктердi автокөлiк құралына тиеу (бекiту, жабу, байлау), сондай-ақ жүктердi түсiру Автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдау ережелерiнде көзделген талаптар сақтала отырып, шартта көзделген тәртiп пен мерзiмдерде жүзеге асырылады.
Тасымалдаушы не жүк жөнелтушi өзiнiң сипатына қарай автомобиль жолдарының ластануын туғызуы және жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қатер төндiруi мүмкiн жүктердiң жабылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Жүк жөнелтушi автокөлiк құралдары жүк тиейтiн орынға келгенге дейiн жүктi автомобильмен тасымалдауға тиеу, тасымалдау қауiпсiздiгi, жүктiң және автокөлiк құралының сақталуы қамтамасыз етiлетiндей етiп дайындауға мiндеттi.
34-бап. Жүктi автомобильмен тасымалдауға кедергiлер
1. Жүк жөнелтушiнiң кiнәсiнен жүктi автомобильмен тасымалдауға кедергiлер туындаған жағдайда, тасымалдаушы осындай кедергiлер туындаған сәттен бастап бiр тәулiктiң iшiнде бұдан әрi тасымалдау мүмкiн еместiгi туралы жүк жөнелтушiнi хабардар етуге мiндеттi.
2. Жүк жөнелтушi жүктi автомобильмен тасымалдауға кедергiлердi жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
3. Егер жүк жөнелтушi осы баптың 1-тармағына сәйкес тасымалдаушы хабардар еткен сәттен бастап үш тәулiк iшiнде (тез бүлiнетiн жүкке қатысты бiр тәулiк iшiнде) жүктi автомобильмен тасымалдауға кедергiлердi жою жөнiнде шаралар қолданбаған жағдайда, автомобильмен тасымалдаушы үш тәулiк iшiнде жүктiң сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде келтiрiлген шығындарды ескере отырып, жүктi жүк жөнелтушiге соның есебiнен қайтаруға, ал тез бүлiнетiн жүктi белгiленген тәртiппен өткiзуге құқылы.
35-бап. Жүктi беру
1. Тасымалдаушының жауапкершiлiгiндегi жүктiң бүлiнуi немесе бұзылуы салдарынан оның сапасының және (немесе) санының соншалықты өзгеруiнен, жүктi тiкелей мақсатында толық немесе iшiнара пайдалану мүмкiн болмайтын жағдайда ғана жүк алушы жүктi қабылдаудан бас тартуы мүмкiн.
2. Жүктердi қалааралық автомобильмен тасымалдау кезiнде тасымалдаушыға байланысты емес себептер бойынша жүктi жүк алушыға беру мүмкiн болмаған жағдайда, жүк жөнелтушi Автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен тасымалдаушыға жүктi жаңа межелi пунктiне жеткiзу туралы нұсқау беруге мiндеттi.
36-бап. Құндылығы жарияланған жүктердi
автомобильмен тасымалдау
1. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiмен (жүк алушымен) келiсiм бойынша құндылығы жарияланған жүктер тасуы мүмкiн.
2. Iлесусiз тасымалданатын бағалы металдарды (тастарды), олардан жасалған бұйымдарды, өнер заттарын, антикварлық мүлiктердi және өзге де көркем құндылықтарды, бейне- және дыбыс аппаратураларын, электрондық-есептеу және көбейту техникаларын, машиналардың тәжiрибелiк үлгiлерiн, жабдықтарды, аспаптарды, жеке (тұрмыстық) қажетке арналған жүктердi автомобильмен тасымалдаған кезде құндылықты жариялау мiндеттi.
3. Құндылығы жарияланған жүктердi автомобильмен тасымалдау үшiн жүк жөнелтушiден (жүк алушыдан) қосымша ақы алынуы мүмкiн, оның мөлшерi жүктi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
37-бап. Қауiптi жүктердi автомобильмен тасымалдау
1. Тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде олардың өзiндiк ерекшелiгiне байланысты техникалық құралдардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылысына, өрт шығуына немесе бүлiнуiне, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiм-жiтiмiне, жарақат алуына және ауруына себеп болуы, қоршаған табиғи ортаға зиян келтiруi мүмкiн кез келген заттар, материалдар, бұйымдар, өндiрiс және өзге де қызмет қалдықтары қауiптi жүктер деп танылады.
2. Қауiптi жүктердi автомобильмен тасымалдауға ұсынған кезде жүк жөнелтушi құжаттарда (тауар-көлiк жүкқұжатында, автокөлiк құралының жүргiзушiсiне арналған жазбаша нұсқаулықта) осы жүктен туатын нақты қауiптi және қолданылуы тиiс сақтық шараларын көрсетуге мiндеттi.
Автокөлiк құралының жүргiзушiсiне арналған жазбаша нұсқаулықтар автомобильмен тасымалдаушыға қауiптi жүктi автомобильмен тасымалдауға арналған тапсырыс түскеннен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс.
3. Қауiптi жүктердi тиеудi және түсiрудi осы жұмыстарды жүргiзуге рұқсаты бар (жiберiлген) жүк жөнелтушi, жүк алушы жүргiзедi.
38-бап. Iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi
автомобильмен тасымалдау
1. Автокөлiк құралының көлемiн және салмағын ескере отырып, автомобиль жолдарымен жүру үшiн автокөлiк құралдарына Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген рұқсат етiлген көлем және салмақ өлшемдерiнен асатын жүктер iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктер деп танылады.
2. Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi тасымалдау жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi автомобильмен тасымалдауға рұқсат етiлмейдi.
3. Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
39-бап. Почтаны автомобильмен тасымалдау
1. Тасымалдаушылар почтаны автомобильмен тасымалдауды почта байланысы ұйымдарымен жасалған, почтаны автомобильмен тасымалдау шарты негiзiнде жүзеге асырады.
2. Почтаны тасымалдау үшiн әдейiлеп арналған автокөлiк құралы почтаны автомобильмен тасымалдау шартына сәйкес қатаң тiкелей мақсатында пайдаланылуға тиiс. Мұндай автокөлiк құралында почтаны автомобильмен тасымалдауға қатысы жоқ бөгде адамдарды тасымалдауға тыйым салынады.
3. Почта байланысының жалпыға бiрдей қол жетiмдi қызметтерiн көрсететiн почта операторы көлiгiнiң автомобиль, темiр жол, су станциялары мен вокзалдарының, әуежайлардың аумағында орналасқан жүк және багаж кешендерiне өтуi почта жөнелтiмдерiн алмасу үшiн бiрiншi кезекте және ақысыз жүзеге асырылады.
4. Егер почтаны автомобильмен тасымалдау шартында өзгеше белгiленбесе, почтаны тиеудi және түсiрудi, сондай-ақ оған iлесiп жүрудi және оның жүру жолында сақталуын почта байланысы ұйымдары қамтамасыз етедi. Егер шарт талаптарынан өзгеше жағдай туындамаса, почтаны автомобильмен тасымалдау кезiнде оның сақталуы мен тұтастығы үшiн почта байланысы ұйымы жауапты болады.
40-бап. Тiкелей аралас қатынастағы жүк тасымалы
Бiрыңғай көлiк құжаты (тiкелей аралас қатынас) бойынша әр түрлi көлiк түрлерiмен жүктердi тасымалдауға қатысушы тасымалдаушылардың, сондай-ақ басқа да адамдардың қарым-қатынасы тiкелей аралас тасымалдар туралы Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалады.
41-бап. Автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдау
ережелерi
Автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдау ережелерi:
1) жүктi жеткiзу мерзiмiн;
2) жүктi автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн;
3) тауар-көлiк жүкқұжатының нысанын және оны қолдану тәртiбiн;
4) жүк тиеу және түсiру пункттерiне қойылатын талаптарды;
5) автомобильмен тасымалдауға жүктердi қабылдау, сондай-ақ жүктi межелi пунктiнде өңдеу, сақтау және беру тәртiбiн;
6) тез бүлiнетiн жүктi өткiзу тәртiбiн;
7) құндылығы жарияланған жүк тасымалдау тәртiбiн;
8) жүктi маркалау тәртiбiн;
9) жүктi пломбалау тәртiбiн;
10) актiлер жасау тәртiбiн;
11) жүктi тасымалдау шарттарын өзгерту және бұзу тәртiбiн;
12) жүктi ұстап қалу тәртiбiн;
13) жүктiң жекелеген түрлерiн тасымалдау тәртiбiн;
14) халықаралық қатынаста тез бұзылатын жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдарын куәландыру тәртібін;
15) тез бұзылатын жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдарына қойылатын талаптарды айқындайды.
Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-тарау. Халықаралық автомобиль тасымалдары
42-бап. Халықаралық автомобиль тасымалдарын
мемлекеттiк реттеу
1. Халықаралық автомобиль тасымалдары Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарына, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кiру және оның аумағынан шығу, сондай-ақ олардың аумақ бойынша транзитпен жүру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
3. Халықаралық автомобиль тасымалдарын орындаудың рұқсат етiлген жүйесi қолданылатын елдерде халықаралық автомобиль тасымалдарын орындау уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттар негiзiнде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес уәкiлеттi орган шет мемлекеттiң тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жол жүруге рұқсаттарды және Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттiң аумағы бойынша жол жүруге рұқсаттарды бередi.
Егер халықаралық автомобиль тасымалдарын орындаудың рұқсат ету жүйесi қолданылатын елдерге қатысты рұқсаттарға сұраныс Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына берiлетiн рұқсаттар санынан acca, онда рұқсаттар бiрiншi кезекте:
1) гуманитарлық жүктердi автомобильмен тасымалдауға;
2) Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн жүктердi автомобильмен экспорттық тасымалдауға;
3) көлiктiң басқа түрлерiнiң тасымалдаушыларымен бiрлесiп орындалатын автомобиль тасымалдарына;
4) тез бүлiнетiн өнiмдердi автомобильмен тасымалдауға берiледi.
4. Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларының және шет мемлекет тасымалдаушыларының халықаралық автомобиль тасымалдарын орындаған кезде Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарын сақтауын бақылауды уәкiлеттi органның лауазымды адамдары жүзеге асырады.
5. Шет мемлекет тасымалдаушылары Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын орындаған кезде пайдаланатын автокөлiк құралдарын уәкiлеттi органның лауазымды адамдары тексерiп қарауы мүмкiн.
43-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен
халықаралық тасымалдауды ұйымдастыру
және жүзеге асыру
1. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты халықаралық тасымалдау уәкiлеттi орган мен шет мемлекеттiң тиiстi құзыреттi органы арасында автобустардың, шағын автобустардың келiсiлген маршруттары (бастапқы, соңғы және аялдау пункттерiн көрсете отырып) және қозғалыс кестесi бойынша ұйымдастырылады.
2. Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары жолаушыларды және багажды автомобильмен халықаралық тұрақты емес тасымалдауды орындаған кезде автобус жүргiзушiлерiнде уәкiлеттi органның лауазымды адамдары куәландырған жолаушылар тiзiмi болуға тиiс.
3. Қазақстан Республикасымен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткiзу пункттерi арқылы ғана жүзеге асырылады.
4. Жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттердің арасында жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде құжаттарды ресімдеу және тұрақты маршруттар бойынша жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын автобустарды өткізу кезектен тыс жүргізіледі.
Ескерту. 43-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
44-бап. Шет мемлекет аумағында тiркелген автокөлiк
құралдарын пайдаланып жолаушыларды, багажды,
жүктердi автомобильмен тасымалдау
Шет мемлекет аумағында тiркелген, соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелiнген, шет мемлекет тасымалдаушыларына тиесiлi автокөлiк құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушыларды, багажды, жүктi тасымалдау жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметке тыйым салынады.
45-бап. Халықаралық автомобиль тасымалдауларын жүзеге
асыру кезiнде тасымалдаушыларға, жүргiзушiлерге
және автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар
1. Халықаралық автомобиль тасымалдауларын жүзеге асыратын тасымалдаушылар халықаралық талаптарға сай келетiн, өз мемлекетiнiң тiркеу және айырым белгiлерi бар автокөлiк құралдарын пайдалануға тиiс.
Белгiленген талап тiркемелер мен жартылай тiркемелерге қолданылмайды.
2. Халықаралық автомобиль тасымалдауларын жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерi Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасында белгiленген жүргiзушiлердiң еңбегі мен тынығуы режимiн сақтауға мiндеттi.
3. Жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдаулар уәкілетті орган беретін рұқсат ету туралы куәліктің негізінде жүзеге асырылады. Тасымалдаушыға қойылатын талаптар Жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидасында белгіленеді.
4. Қазақстан Республикасында тіркелген, тез бұзылатын жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарында халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган беретін Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасында белгіленген талаптарға олардың сәйкестігі туралы куәлік болуға тиіс.
Ескерту. 45-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6-тарау. Автомобиль көлігіндегі жауапкершілік
46-бап. Автокөлiк құралдарын жөнелтудi кiдiрткенi
үшiн жүк жөнелтушiлер мен жүк алушылардың
жүктi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша
жауапкершiлiгi
1. Тиеуге немесе түсiруге берiлген автокөлiк құралдарының келiсiлген мерзiмнен тыс бос тұрғаны үшiн жүк жөнелтушi немесе жүк алушы, егер кiдiру өздерiнiң кiнәсiнен болса, тасымалдаушыға тараптардың келiсiмiмен (шартымен) көзделген айыппұл төлейдi, ал аталған келiсiм болмаған жағдайда - бос тұрған әрбiр сағаты үшін:
1) жүк көтергiштiгi төрт тоннаны қоса алғанға дейiнгi автокөлiк құралдары бос тұрған кезде - айлық есептiк көрсеткiштiң он екi процентi мөлшерiнде;
2) жүк көтергiштiгi төрт тоннадан жетi тоннаны қоса алғанға дейiнгi автокөлiк құралдары бос тұрған кезде - айлық есептiк көрсеткiштiң он үш процентi мөлшерiнде;
3) жүк көтергiштiгi жетi тоннадан он тоннаны қоса алғанға дейiнгi автокөлiк құралдары бос тұрған кезде - айлық есептiк көрсеткiштiң он төрт процентi мөлшерiнде;
4) жүк көтергiштiгi он тоннадан астам автокөлiк құралы бос тұрған кезде - айлық есептiк көрсеткiштiң он бес процентi мөлшерiнде төлейдi.
2. Арнайы бейiмделген автокөлiк құралдарының бос тұруы кезiнде осы баптың 1-тармағында аталған айыппұл мөлшерi екi есе ұлғаяды.
Аталған айыппұлды жүк жөнелтушi немесе жүк қабылдаушы, өздерiнiң кінәсінен автокөлiк құралдары тасымалдаушының көлік жайында немесе жол үстiнде тұрып қалғаны үшiн де төлейдi.
3. Автокөлiк құралдарының тұрып қалғанына айыппұл есептеу үшiн тауар-көлiк жүкқұжатындағы және жолпарақтағы келу және кету уақыты туралы белгiлер, ал көлiкжайда тұрып қалғаны үшiн жүк жөнелтушiнiң немесе жүк алушының жүктi жөнелтуден немесе қабылдаудан бас тартуы негiз болып табылады.
4. Автомобиль тасымалдарына тыйым салынған жүктi немесе автомобиль тасымалдары кезiнде ерекше сақтық шараларын талап ететiн, атауы немесе өзiндiк ерекшелiгi толық көрсетiлмеген жүктi ұсынғаны үшiн, жүк жөнелтушi келтiрiлген шығындардан басқа, тасымалдаушыға шартта көрсетiлген тасымалдау ақысының бес есе мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
5. Жүк жөнелтушiлер мен жүк алушылар жүктi тиеу және түсiру, дұрыс тиемеу, дұрыс буып-түймеу немесе дұрыс бекiтпеу кезiнде бұл операцияларды тасымалдаушы жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, автокөлiк құралдарына артық тиеу, олардың зақымдануы салдарынан тасымалдаушыға өздерiнiң кiнәсiнен келтiрген шығындарының орнын толтыруға мiндеттi.
Тауар-көлiк жүкқұжатында кедендiк, санитарлық және басқа да ережелердi орындау үшiн қажет тиiстi құжаттар қоса берiлмеуi салдарынан автокөлiк құралдары мен контейнерлердiң кiдiртiлгенi үшiн жүк жөнелтушi (жүк алушы) тасымалдаушыға осы баптың 1 және 2-тармақтарында және осы Заңның 49-бабында белгiленген мөлшерде айыппұл төлейдi.
47-бап. Жолаушыны және багажды жөнелтудiң
кiдiртiлгенi немесе межелi пунктке
кешiгiп жеткенi үшiн тасымалдаушының
жауапкершiлiгi
1. Тасымалдаушының кiнәсiнен жолаушы тасымалдайтын автокөлiк құралының кiдiргенi немесе мұндай автокөлiк құралының межелi пунктке (қалалық, қала маңындағы, ауданішілік және ауылдық қатынастар тасымалын қоспағанда) кешiккенi үшiн тасымалдаушы кешiккен әрбiр сағат үшiн жолаушыға жол жүру құжаты (билетi) құнының үш процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi, егер кiдiру немесе кешiгу еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, келтiрiлген зиянды да өтейдi. Бұл орайда айыппұл сомасы жолаушы сатып алған жол жүру құжатының (билетiнiң) құнынан аспауға тиiс.
2. Жөнелтудiң кiдiртiлуiне байланысты жолаушы автомобиль тасымалынан бас тартқан жағдайда, тасымалдаушы жолаушыға жол жүру ақысын толық мөлшерде қайтаруға, сондай-ақ мұндай кiдiрiске байланысты оның шеккен шығындарын өтеуге мiндеттi.
3. Тасымалдаушы багажды жеткiзу мерзiмiн кешiктiргенi үшiн багажды алушыға толық емес тәулiктi толық тәулiк деп есептей отырып, кешiктiрген әрбiр тәулiкке багажды автомобильмен тасымалдау төлемақысының он процентi мөлшерiнде, бiрақ тасымалдау ақысының елу процентiнен аспайтын мөлшерде айыппұл төлейдi.
Багажды жеткiзу мерзiмiнiң өтуi багаж келуге тиiс күнтiзбелiк күнгi сағат жиырма төрттен бастап есептеледi. Багажды жеткiзу мерзiмiнiң өтiп кеткенi үшiн айыппұлды тасымалдаушы жолаушының талабы бойынша жасалған акт негiзiнде багажды беру кезiнде төлейдi.
4. Тасымалдаушы багажды жөнелтушiден немесе алушыдан кiдiртуге байланысты туындайтын шығындарды, егер олар орын алған болса, өтеуге мiндеттi.
5. Қалааралық ауданаралық (облысішілік қалааралық) облысаралық және халықаралық маршруттарда автобусты, шағын автобусты жөнелту тасымалдаушының кiнәсiнен он сағатқа және одан да көп уақытқа кешiктiрiлген жағдайда тасымалдаушы жолаушыларға өз есебiнен қонақ үйден орын алып беруге және тамақпен қамтамасыз етуге мiндеттi.
6. Жолаушының сұрауы бойынша автомобиль тасымалы мерзiмiнiң кешiгуi немесе рейстiң тоқтатылуы туралы оған ресми құжат берiледi немесе жүру құжатында (билетте) белгi соғылады.
7. Рейс тоқтатылған кезде, еңсерiлмейтiн күштiң әсер ету жағдайларын қоспағанда, тасымалдаушы жолаушының таңдауы бойынша жолаушыны жүру құжатында (билетiнде) көрсетiлген межелi пунктке дейiн жуық арада жүретiн рейспен жөнелтудi қамтамасыз етуге нeмece жолаушыға жол жүру құжатының (билеттiң) екi еселенген құнын қайтарып беруге мiндеттi.
Ескерту. 47-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
48-бап. Жүктердi автомобильмен тасымалдау шарты
бойынша автокөлiк құралдарының берiлмеуi
және пайдаланылмауы үшiн жауапкершiлiк
1. Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, тасымалдаушы автокөлiк құралдарын жүктердi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша, автомобильмен тасымалдау шартында көзделген мөлшерде бермегенi үшiн, жүк жөнелтушiге (жүк алушыға) автокөлiк құралын бермеген әрбiр жағдай үшiн, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
2. Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, тасымалдаушы пайдаланылуы уақытша тариф бойынша төленетiн, автомобильмен тасымалдау шартында көзделген мөлшерде автокөлiк құралдарын бермеген кезде, тасымалдаушы жүк жөнелтушiге (жүк алушыға) автомобильмен тасымалдау шартында көрсетiлген пайдалану уақытын ескере отырып, автокөлiк құралдарын пайдалану құнының қырық процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
3. Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, жүк жөнелтушi (жүк алушы) жүктердi автомобильмен тасымалдау шартында көзделген мөлшерде автокөлiк құралдарын толық немесе iшiнара пайдаланудан бас тартқан кезде, ол тасымалдаушыға автокөлiк құралын пайдаланудан бас тартқан әр жағдай үшiн он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде немесе жұмысы уақытша тариф бойынша төленетiн автокөлiк құралдарын пайдаланудан бас тартқан кезде, автомобильмен тасымалдау шартында көрсетiлген пайдалану уақытын негiзге алып, автокөлiк құралдарын пайдалану құнының қырық процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
49-бап. Контейнерлердiң берiлмегенi және
пайдаланылмағаны үшiн жауапкершiлiк
Тасымалдаушының контейнерлердi жүк жөнелтушiге бермегенi үшiн, ал жүк жөнелтушi контейнерлердi пайдаланбағаны үшiн тасымалдаушыға тараптардың келiсiмiнде көзделген мөлшерде, кiдiртiлген әрбiр сағат үшiн, ал аталған келiсiмдер болмаған жағдайда:
1) жалпы салмағы бес тоннадан кем контейнер үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң он бес процентi;
2) жалпы салмағы бес тоннадан он тоннаға дейiнгi контейнер үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң отыз процентi;
3) жалпы салмағы он тоннадан асатын контейнер үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң алпыс процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
50-бап. Жүк жөнелтушiнiң құжаттарды уақтылы
бермегенi үшiн жауапкершiлiгi
Жүк жөнелтушi жүктi автомобильмен тасымалдау үшiн қажеттi құжаттардың уақтылы берiлмеуi салдарынан келтiрiлген шығындар үшiн, сондай-ақ ол тауар-көлiк жүкқұжатында көрсеткен мәлiметтердiң дұрыс еместiгi, дәл еместiгi немесе толық еместiгi үшiн тасымалдаушының алдында жауапты болады.
51-бап. Тасымалдаушының жүктiң немесе багаждың
жоғалғаны, жетiспегенi және зақымданғаны
(бүлiнгенi) үшiн жауапкершiлiгi
1. Тасымалдаушы жүктi немесе багажды тасымалдауға қабылдап алған кезден бастап - алушыға, оған уәкiлеттi адамға немесе багажды алуға уәкiлеттi адамға бергенге дейiн олардың сақталуын қамтамасыз етедi.
2. Тасымалдаушы, егер жүктiң немесе багаждың жоғалғаны, жетiспегенi немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, жүктiң немесе багаждың жоғалғаны үшiн жауап бередi.
3. Жүктi немесе багажды тасымалдау кезiнде келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде өтеледi.
4. Тасымалдаушы анықталған зиянды өтеумен қоса жөнелтушiге (алушыға) жоғалған, жетiспеген, бүлiнген немесе бұзылған жүк пен багажды тасымалдағаны үшiн өндiрiп алынған тасымалдау төлемақысын, егер бұл ақы жүктiң құнына кiрмесе, қайтарады.
52-бап. Жүктердi жеткiзу мерзiмдерiнiң
бұзылғаны үшiн жауаптылық
Жүктердi жеткiзу, оның iшiнде автомобиль жолдары бойынша жолдың бiр бөлiгiнде тiкелей аралас қатынаста жүктердi жеткiзу мерзiмдерiн бұзғаны үшiн тасымалдаушы, егер кешiктiру өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, жүк жөнелтушiге (жүк алушыға) кешiктiрiлген әрбiр тәулiкке тасымалдау төлемақысының бес процентi мөлшерiнде, бiрақ тасымалдау төлемақысының елу процентiнен аспайтын мөлшерде айыппұл төлейдi.
53-бап. Жауаптылықтан босату
1. Тасымалдаушының кiнәсi дәлелденген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушы қол жүгi ретiнде жолаушы өзiмен бiрге алып жүрген багаждың сақталуына жауапты болмайды.
2. Егер жүктi автомобильмен тасымалдау туралы шартта өзгеше көзделмесе, жүк жөнелтушi, жүк алушы апат немесе еңсерiлмейтiн күш салдарынан тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу мүмкiн болмаған жағдайда жауаптылықтан босатылады.
54-бап. Қазақстан Республикасының автомобиль
көлiгi туралы заңдарын бұзғаны үшiн
жауаптылық
Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
54-1-бап. Өтпелі ережелер
Осы Заңның 1-бабының 2) және 9) тармақшаларында белгіленген автовокзалдар мен автостанциялардың аумағының алаңына қойылатын талаптар 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін пайдалануға қабылданған автовокзалдар мен автостанцияларға қолданылмайды.
Ескерту. Заң 54-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
55-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 9-баптың 3) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті