Тұқым шаруашылығы туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы N 385 Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілеттік мемлекеттік орган», «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілеттік мемлекеттік органға», «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органды», «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілеттік мемлекеттік органның», «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілеттік мемлекеттік органдардың», «тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік органмен» деген сөздер «уәкілеттік орган», «уәкілетті органға», «уәкілетті органды», «уәкілетті органның», «уәкілетті органдардың», «уәкілеттік органмен» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      Осы Заң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерiн белгiлейдi және тұқым шаруашылығы жүйесiнiң ұйымдастырылуы мен жұмыс iстеуi және ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқымдарын өндiру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату мен пайдалану iсiн мемлекеттiк бақылау мәселелерiн реттеуге бағытталған.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) алынып тасталды - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен;
      1-1) агент - акцияларының (үлестерінің) жүз проценті агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингке немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған оның еншілес ұйымына тиесілі және мемлекеттік тұқым ресурстарын басқару жөніндегі өкілеттікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) аттестаттау - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы субъектiсiнiң мәртебесiне сәйкестiгiн анықтау (растау);

      3) аттестаттау туралы куәлiк - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы берген, мемлекеттiң тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектiлердiң қызметiн тануын куәландыратын құжат;

      4) ауыл шаруашылық өсiмдiктерi - дәндi, дәндi-бұршақтық, жармалық, азықтық, майлы, эфирлi-майлы, техникалық, көкөнiстiк, дәрi-дәрмектiк, гүлдiк, жемiстiк, жидектiк дақылдар, картоп, жүзiм;

      5) байқаудан өткiзушi - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сортты егiстерiн сынақтан өткiзу құқығына аттестатталған жеке адам;

      6) бақылау сынақтары - ауыл шаруашылық өсiмдiгiнiң сорт белгiлерiнiң сақталуын және әр түрiнiң осы сортқа сәйкестiгiн анықтау;

      7) бiрегей тұқымдар - ауыл шаруашылық өсiмдiгi сортының авторы, ол уәкiлдiк берген адам немесе сорттың оригинаторы өсiрiп шығарған және элиталық тұқымдарды өндiруге арналған тұқым;

      8) бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқымдар - тұқымдар элитасының жылдар бойынша кейiннен өсiрiп-өндiрiлуi: бiрiншi жыл - бiрiншi көбейтiлген тұқым, екiншi жыл - екiншi көбейтiлген тұқым, үшiншi жыл - үшiншi көбейтiлген тұқым;

      9) егiстердi байқаудан өткiзу - ауыл шаруашылық өсiмдiктерi егiстерiнiң сорттық сапаларын: сорттық тазалығын, сортқа тәндiлiгiн, арамшөптер басу, ауруға шалдығу және зиянкестерден бүлiну дәрежесiн анықтау;

      10) жерге егiп бағалау - тұқымдардың белгiлi бiр түрге, сортқа жататындығы мен сорттық тазалығын оларды арнаулы учаскелерде егу және өсiмдiктер бойынша сорттық сапаларын кейiннен тексеру жолымен анықтау;

      11) зертханалық сорттық сынақтар - тұқымдардың белгiлi бiр сортқа тиiстiлiгiн белгiлеу және зертханалық талдау жүргiзу жолымен тұқымдардың сорттық тазалығын анықтау;

      12) кондициясына жеткiзiлмеген тұқым - сорттық және егу сапасы жағынан тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың талаптарына сай келмейтiн тұқым;
      12-1) Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия - өсімдік сорттарының патент қабілеттілігін және шаруашылыққа пайдалылығын сараптамадан өткізуді және сынауды жүзеге асыратын, уәкілеттік органның қарауындағы ұйым;
      13) сорт ауыстыру - тұқым өсiрушiлердiң өндiрiсте егiлiп жүрген ескi сорттарды неғұрлым шығымды немесе ауыстырылатын сорттан шаруашылық-бағалылық белгiлерi мен қасиеттерi жағынан артық жаңа, пайдалануға рұқсат етiлген сорттармен ауыстыруы;

      14) сорт жаңарту - өндiрiсте пайдалану кезiнде сорттық және биологиялық сапасы нашарлаған тұқымдарды сол сорттың жақсы тұқымдарымен ауыстыру;

      15) сортқа тәндiлiк - айқас тозаңдандырылатын ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сорттық тазалығының көрсеткiшi;

      16) сорт оригинаторы - сорттың сақталуын қамтамасыз ететiн жеке немесе заңды тұлға;

      17) сорттық бақылау - ауыл шаруашылық өсiмдiктерi егiстерiнiң сорттық тазалығын анықтау және тұқымдардың белгiлi бiр сортқа жататындығын белгiлеу жөнiндегi iс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау;

      18) сорттық сынақ - селекциялық жетістіктің патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылықта пайдалылығын Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгiленген  тәртiппен жүргiзiлетiн сараптамадан және сынақтан өткізу;

      19) сорттық тазалық - негiзгi сорт өсiмдiктерiнiң немесе сабақтарының осы ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң немесе сабақтарының жалпы санына проценттiк қатынасы;

      20) суперэлиталық тұқымдар - бiрегей тұқымдарға жататын, өсiрiп-өндiру көшеттiгінің өнiмiнен алынған, мемлекеттiк стандарттар мен тұқым шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтiк құжаттардың талаптарына сай келетiн және элиталық тұқымдарды өндiруге арналған тұқымдар;

      21) тұқымдар - өсiмдiктердiң сортын молықтыру үшiн пайдаланылатын генеративтiк және вегетативтiк органдары: тұқымның өзi, жемiстер, күрделi жемiстердiң бөлiгi, қосалқы жемiс, масақтар, көшеттер, жуашық, түйнек, қалемшелер, түзушi ұлпалар және басқалар;

      22) тұқымдардың кондициялылығы - тұқымдардың тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгi;

      23) тұқымдардың сорттық сапасы - тұқымдардың ауыл шаруашылық өсiмдiгiнiң белгiлi бiр сортына жататындығын сипаттайтын белгiлер жиынтығы;

      24) тұқымдар тобы - тиiстi құжатпен (байқаудан өткiзу актiсiмен, тұқымның аттестатымен, тұқым куәлiгiмен, тұқымның кондициялылығы туралы куәлiкпен, тұқымдарға талдау жасау нәтижесiмен, карантиндiк сертификатпен, фитосанитариялық сертификатпен немесе импорттық карантиндiк рұқсатпен) расталған, шығу тегi мен сапасы жөнiнен бiртектес тұқымның белгiлi бiр мөлшерi;

      25) тұқымдық бақылау - тұқымның егу сапасын анықтау жөнiндегi iс-шаралардың жүзеге асырылуын, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау;

      26) тұқым куәлiгi - тұқымдардың алғашқы және одан кейiнгi көбейтiлуiнiң сорттық және егу сапасын растайтын құжат;

      27) тұқымның егу сапасы - тұқымдардың егуге (отырғызуға) жарамдылық дәрежесiн сипаттайтын сапа көрсеткiштерiнiң жиынтығы;

      28) тұқым өндiрушiлер - осы Заңға сәйкес тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      29) тұқым өсiру шаруашылығы - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы аттестаттаған, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқымдарды өндiру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъект;
      29-1) тұқым өткізуші - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының партияларын өткізу және (немесе) тұқым несиесін беру жөніндегі қызметті жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға;
      30) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхана - тұқымдардың сорттық және егу сапасының тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкестiгiне зерттеулер жүргiзу құқығына белгiленген тәртiппен; аттестатталған заңды тұлға;

      31) тұқым сараптамасы - тұқымдардың сорттық және егу сапасының техникалық регламенттердiң және тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн анықтау жөнiндегi iс-шаралар кешенi;

      32) тұқым сарапшысы - тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхананың уәкілеттік орган белгiлеген тәртiппен тұқымдардың сорттық және егу сапасына сараптама жүргiзу құқығына аттестатталған маманы;

      33) тұқым шаруашылығы - тұқымдарды өндiру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату және пайдалану жөнiндегi iс-шаралар кешенiн қамтитын қызмет, сондай-ақ мемлекеттiк бақылау, оның iшiнде сорттық және тұқымдық бақылау;

      34) тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектор - уәкілетті органның тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы;

      35) тұқым шаруашылығының схемасы - көшеттiктер мен тұқымдық егiстiктердiң өзара байланысты топтары, оларда белгiлi бiр реттiлiкпен, сұрыптау және өсiрiп-өндiру жолымен сортты молықтыру процесi жүзеге асырылады;

      36) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілеттік мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілеттік орган) - өз құзыреті шегінде тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты және оның ғылыми қамтамасыз етілуін іске асыруды, тұқым шаруашылығына қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      37) элиталық тұқымдар - ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң бiрегей немесе суперэлиталық тұқымнан алынған және Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының талаптарына сай келетiн тұқымдары;

      38) элиталық тұқым өсiру шаруашылығы - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы аттестаттаған, элиталық тұқымдарды өндiру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъект.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.06 N 209, өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      2-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы объектiлер мен
              субъектiлер

      1. Тұқым шаруашылығы саласындағы объектiлерге:
      сорт (өскiн, топ, будан, жеке түр, аралас сорттар);
      тұқымдар;
      тұқымдық және тұқым өcipy егiстерi мен екпелерi жатады.

      2. Тұқым шаруашылығы саласындағы субъектiлерге:
      сорттың авторы;
      сорттың оригинаторы;
      тұқым өндiрушiлер;
      тұқымдарды сату құқығынсыз үй жанындағы, бау-бақ, саяжай және бақша учаскелерiнде пайдалану үшiн тұқым өндiрумен шұғылданатан жеке адамдарды қоспағанда, тұқымдарды тұтынушылар;
      тұқымдардың сорттық және егу сапасын анықтау бойынша қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
      тұқым өткізушілер;
      Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорт сынағын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия;
      агент жатады.
      Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      3-бап. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы
             туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк  құқықтық  актiлерiнен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

2-тарау. Тұқым шаруашылығы саласындағы
мемлекеттік реттеу мен басқару

      4-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк
              реттеу

      Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу:
      1) мыналарды:
      тұқым шаруашылығы субъектілерін алғашқы аттестаттауды;
      аттестаттау туралы куәліктің қолданылу мерзімі өткеннен кейін тұқым шаруашылығы субъектілерін:
      бірегей тұқым өндірушілерді - бес жылда бір рет;
      элиталы тұқым өсіру шаруашылықтарын - үш жылда бір рет;
      тұқым өсіру шаруашылықтарын - үш жылда бір рет;
      тұқым өткізушілерді - екі жылда бір рет;
      тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды - үш жылда бір рет;
      байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын үш жылда бір рет қайта аттестаттауды;
      тұқым шаруашылығы субъектілерін біліктілік талаптарына сәйкестігі нысанасына аттестаттаудан кейін жыл сайын зерттеп-тексеруді қамтитын тұқым шаруашылығы субъектілерін аттестаттау;
      2) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін жүргiзу;
      3) тұқымның сорттық және егу сапасына мiндеттi сараптама жасау;

      4) тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттiк бақылау жүргiзу;

      5) аттестатталған тұқым өндiрушiлер қызметiнiң уәкілеттік орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сай келуiн бақылау;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұқым шаруашылығы және селекция саласында ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тектiк қорын сақтау, дамыту және пайдалану жөнiндегi iргелi және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер жүргiзу;

      7) бiрегей тұқымдар өсiруге субсидия беру және Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген элиталық тұқым сорттарының отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi сататын құнын арзандату;

      8) ауыл шаруашылық өсiмдiктерiн сорттық сынақтан өткiзудi, тұқымдардың, соның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң егуiне арналған тұқымдардың сорттық және егiстiк сапасының сараптамасын мемлекеттiк қамтамасыз ету;

      9) тұқымдардың мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру және олардың сан-сапа жағынан жай-күйiн бақылау;

      10) тұқым шаруашылығы саласындағы инвестициялық, кредиттiк саясатты қалыптастыру;

      11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру кезiнде тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң мүдделерiн құқықтық жағынан қорғау;

      12) ерекше жағдайларда мемлекеттiк стандарттарда белгiленген тұқым сапасы көрсеткiштерiн бiр жылдан аспайтын мерзiмге төмендету;
      13) алып тасталды

       14) техникалық реттеу - саласындағы қауiпсiздiктi (бұдан әрi  - қауiпсiздiк) қамтамасыз ету;

      15) тұқым шаруашылығы саласында қауiпсiздiкке қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелетiн әрекеттердiң алдын алу арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.06 N 209, 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тұқым
              шаруашылығы саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:

      1) тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;

      2) уәкілетті органды белгiлейдi;

      3) уәкілетті органның ұсынуы бойынша селекция мен тұқым шаруашылығы жөнiндегi ғылыми-техникалық және салалық бағдарламаларды бекiтедi;

      4) уәкілетті органның ұсынуы бойынша тұқым шаруашылығын мемлекеттiк қолдаудың бағыттарын, тұқымдарына бюджет қаражаты есебiнен субсидия берiлуге тиiстi ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тiзбесiн және оларға бөлiнетiн субсидиялардың нормативтерiн белгiлейдi;

      5) уәкілетті органның ұсынысы бойынша мемлекеттiк тұқым ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану тәртiбiн, олардың құрылымы мен көлемiн белгiлейдi;

      6) тұқым шаруашылығы саласындағы, соның iшiнде тұқымдарды экспорттау және импорттау мәселелерi жөнiндегi халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады және үкiметаралық келiсiмдер жасайды;

      7) білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның және уәкілеттік органның ұсынуы бойынша кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын бекiтедi;
      7-1) патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін бекітеді;
      8) уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген сорттардың бірегей тұқымдарының өндiрiсiн субсидиялау және отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi үшiн элиталық тұқымдарының құнын арзандату тәртiбiн айқындайды;

      9) уәкілетті органның ұсынуы бойынша ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сорттық сынағын өткiзу тәртiбiн  айқындайды; V095646

      10) уәкілетті органның ұсынуы бойынша тұқымның, соның iшiнде отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң егуiне арналған тұқымның сорттық және егiстiк сапасына сараптама жүргiзу тәртiбiн айқындайды;

      11) техникалық регламенттердi бекiтедi.
      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.06 N 209, 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      6-бап. Уәкілетті органның құзыретi

      1. Уәкілеттік орган:

      1) тұқым шаруашылығын дамыту жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлейдi;

      2) селекция, сортты сынақтан өткiзу және тұқым шаруашылығы жөнiндегi ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады;

      3) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

      4) тұқымның мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру мен басқаруды және олардың сан-сапа жағынан жай-күйiне бақылау жасауды жүзеге асырады;

      5) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген ауыл шаруашылық өсiмдiктерi сорттарының тұқымдарын өндiру және сату көлемiне болжам жасайды;

      6) бiрегей және элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқымдар өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді, тұқым сапасын сараптамадан өткізетін зертханаларды, байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау жөніндегі нормативтік актілерді бекiтедi;
      7) алынып тасталды - 2006.01.10 N 116 Заңымен.
      7-1) патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін әзірлейді;
      7-2) мыналарды:
      Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін;
      ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені;
      ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне сорт сынағын жүргізудің әдістемесін;
      тұқым шаруашлығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге жыл сайын квота белгілеудің тәртібін бекітеді;
      8) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес тұқым шаруашылығы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;

      9) сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сорттық егiстердi байқаудан өткiзудi, жерге егiп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтан өткiзудi, тұқымның сапасына сараптама жасауды жүргiзу тәртiбiн бекiтедi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      10) алып тасталды

      11) сортты сынақтан өткiзу мен тұқым шаруашылығы мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi және тұқымға арналған құжаттаманың  нысандарын әзiрлейдi және бекiтедi;

      11-1) техникалық регламенттердi әзiрлейдi;     

      12) техникалық реттеу және метрология жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөнiндегi қолда бар мемлекеттiк стандарттар мен басқа да нормативтiк құжаттарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

      13) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының өтiнiштерi негiзiнде тұқым сапасының мемлекеттiк стандарттарда белгiленген көрсеткiштерiн ерекше жағдайларда бiр жылдан аспайтын мерзiмге төмендетуге рұқсат бередi;

      14) бастапқы, элиталық және өнеркәсiптiк (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргiзудiң схемалары мен әдiстерiн әзiрлейдi және бекiтедi;

      15) отандық және шетелдiк селекция сорттарына мемлекеттiк сынақ ұйымдастырады;

      16) уәкілеттік орган бекіткен сорттар оригинаторларын тіркеу ережелеріне сәйкес сорттар оригинаторларын тіркейді;
      17) осы тармақтың 20) тармақшасына сәйкес айқындалатын квота шегінде субсидиялауға жататын тұқымды өткізудің шекті бағасын белгілейді;
      18) республиканың тұқым ресурстарының мониторингiн жүзеге асырады;

      19) өз құзыретi шегiнде селекция және тұқым шаруашылығы жөнiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      20) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:
      тұқым шаруашылығында аттестатталған әрбір субъекті үшін - бірегей тұқымдар бойынша;
      әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқым бойынша айқындайды;
      21) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн және ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң перспективалы сорттарының тiзбесiн бекiтедi;

      22) бiрегей тұқымдардың және отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне арзандатылып сатылған тұқымдардың нысаналы пайдаланылуын бақылайды;

      23) тұқым шаруашылығы саласында ғылыми кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады, байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

      24) ауыл шаруашылық өсiмдiктерi тұқымдарының сорттық және егу сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
      25) алып тасталды

      26) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты жергілікті атқарушы органдардан сұратады;

      27) республика бойынша тұқымдар балансын жасайды;

      28) "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
      29) патент беруге арналған қорытындысымен қоса сорт сипаттамасының, сорттың патент қабілеттілігі туралы қорытындының нысандарын белгілейді.
      2. Уәкілеттік орган өз қызметiн аумақтық органдар арқылы жүзеге асырады.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.06 N 209, 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

       6-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
                 астананың) жергілікті атқарушы органдарының
                 құзыреті

      Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органның тұқым шаруашылығы жөнінде жұмыстар жүргізуіне жәрдем көрсетеді;

      2) тұқым шаруашылығын дамытудың тиісті бағдарламаларын әзірлейді және жергілікті өкілді органдарға бекітуге ұсынады, сондай-ақ олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      3) элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдар өндірісі және өткізу көлемі жөнінде ұсыныстарды уәкілетті органның қарауына енгізеді;
      4) тұқым шаруашылығы субъектілеріне (тұқым сапасының сараптамасы жөніндегі зертханаларды қоспағанда) тиісті куәлік бере отырып аттестаттау жүргізеді;
      5) дақылдың басымдығын ескере отырып егіс алаңына себілетін тұқымдарға қажеттіліктің ғылыми негізделген нормаларының негізінде:
      элиталық-тұқым өсіру шаруашылығы үшін - элиталық тұқымдарды өндіру және өткізу;
      тұқым өсіру шаруашылықтары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды өндіру, өткізу және сатып алу квотасын бөледі;
      6) облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша тұқымдар балансын жасайды;

      7) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты табыс етуді қамтамасыз етеді;

      8) өз құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тұқымдардың сақтық және ауыспалы қорларын қалыптастыруына жәрдемдеседі;

      9) тұқым шаруашылығы саласында субсидиялау бағдарламаларын іске асырады;

      10) Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген, Қазақстан Республикасында пайдалануға жіберілген, өздерінің жоғары сапалы тұқым сорттарын өндіру және олармен шаруашылық субъектілерін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      11) жоғары сапалы тұқым сорттарын өндіруге және олармен шаруашылық субъектілерін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша тұқым шаруашылығының барлық буындарының қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады;

      12) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылық дақылдары тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізеді;

      13) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға тұқым шаруашылығы бойынша мемлекеттік стандарттарды, нұсқаулықтарды және басқа да нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
      Ескерту. 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      7-бап. <*>

      Ескерту. 7-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

      8-бап. Уәкілетті органның тұқым шаруашылығы
             жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары және
             олардың өкiлеттiктерi

      1. Уәкілетті органның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi лауазымдарына "Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы" және "Тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектор" деген қосымша арнаулы атақтар беруге құқылы.

      2. Уәкілетті органның тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларының:
      1) тұқым шаруашылығы субъектілерінің уәкілеттік орган бекіткен бастапқы, элиталық және өнеркәсіптік (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргізудің схемалары мен әдістерін, тұқым шаруашылығы саласындағы әдістемелік және технологиялық талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды, оның ішінде сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыруға;
      2) тұқым шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік бақылау мақсатында тұқым шаруашылығының субъектілеріне баруға және олардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша ақпарат алуға;

      3) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектiлерi көрсететiн қызметтердiң сапасын тексеруге;

      4) аттестатталған тұқым өндiрушiлердiң қызметiне олардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi нысанында инспекция жүргiзудi жүзеге асыруға;

      5) тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiндегi әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауға;

      6) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына субъектiлердiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұру жөнiнде ұсыныс енгiзуге;

      7) тұқым сапасына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру үшiн тұқым топтарынан сынамалар iрiктеп алуға;

      8) субсидия бөлiнген тұқымның нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар.
      9) алып тасталды
      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      9-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк
             бақылау

      1. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылауды уәкілеттік орган, оның аумақтық органдары, тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар жүзеге асырады және ол Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңдарының, мемлекеттiк стандарттар мен тұқым шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтiк құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

      2. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау:
      1) тұқым шаруашылығы субъектілерін уәкілеттік орган бекітетін біліктілік талаптарына сәйкестігі нысанасына жүргізілетін аттестаттау кезінде Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының сақталуын бақылауды;
      2) сорттық және тұқымдық бақылауды;

      3) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң қызметiн олардың уәкілеттік орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi нысанында бақылау;

      4) тұқымды өндiрудi, дайындауды, сақтауды, өткiзудi, тасымалдауды және пайдалануды бақылау;

      5) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарын мемлекеттiк сынауды бақылау.

      3. Сорттық және тұқымдық бақылау:
      1) тұқымды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу және пайдалану жөнiндегi iс-шаралардың жүзеге асырылуын мынадай:

      тұқым себу;

      ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң вегетациясы;

      жинау;

      тұқым құю;

      тұқым сақтау;

      өткiзу (тұқымдардың өткiзуге дайындалған және өткiзiлген партияларын, оның iшiнде экспорт және импорт кезiнде, олардың сапасының растаушы құжаттарға сәйкестiгiне тексеру) кезеңдерiнде тұқым шаруашылығы ережелерi мен нормаларын сақтау нысанында бақылауды қамтиды.

      Белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым өндiрушiлердiң тұқым өндiруiн бақылау, ол мынадай кезеңдердi қамтиды:

      тұқым себуге дайындалған егiстiктердi тексеру - тұқым себудiң алдында жылына бiр рет;

      вегетация кезеңiнде сорттық егiстердi тексеру - жылына үш рет;

      сорттық және гибридтiк егiстердi байқау және егiстiк зерттеудi бақылау - байқау кезеңiнде бiр рет;

      тұқымдарды жинау (жинап алу), тасымалдау, өңдеу (тазарту) және сақтауды, тұқым қоймаларының дайындығын бақылау - бақылаудың әрбiр түрi бойынша жылына екi рет.

      2) аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалардың тұқымдардың сорттық және себу сапасына сараптама жүргiзуiн, олардың тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттарды сақтауын:

      тұқым сапасын сараптау кезеңiнде жылына екi рет, сондай-ақ бақылау тәртiбiмен тұқым сапасын сараптау жөнiндегi қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде;

      тұқым өндiрушiлерге шағым жасалған, сондай-ақ аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар берген тұқымдарды сорттық және себу сапасына зерттеулердiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайдағы бақылауды;

      3) аттестатталған байқаудан өткiзушiлердiң жұмысын байқаудан өткiзу кезеңiнде, сондай-ақ тұқым өндiрушiлердi олардың осы Заңның 14-бабының 2-тармағының нормаларын сақтауы нысанында тексерудi;

      4) тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттарды сақтауын бақылауды қамтиды.

      4. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

      5. Тексеру "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      10-бап. Тұқым шаруашылығы субъектiлерiн аттестаттау

      1. Мыналар:
      1) тұқым сапасының сараптамасы жөнiндегi зертханалар;
      2) бiрегей және элиталық тұқымдарды өндiрушiлер;
      3) сатуға арналған бiрiншi, екiншi, үшiншi көбейтiлген тұқымдарды өндiрушiлер;
      4) байқаудан өткiзушi мәртебесiн иеленуге үмiткер жеке адамдар, байқаудан өткiзушiлер;
      5) тұқым сарапшысы мәртебесiн иеленуге үмiткер жеке адамдар, тұқым сарапшылары;
      6) тұқым өткізушілер аттестатталуға жатады.
      2. Аттестаттау мерзiмi бiткеннен кейiн тұқым шаруашылығының субъектiлерi қайта аттестаттаудан өтуге мiндеттi.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

  3-тарау. Тұқым шаруашылығын ұйымдастыру

      11-бап. Тұқым шаруашылығы жүйесi

      1. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқым шаруашылығы жүйесi - сорт алмастыру және сорт жаңарту мақсаты үшiн сорттардың шығарылуын, мемлекеттiк сорттық сынағын, жаппай көбейтiлуiн, тұқымдардың өндiрiлуiн, дайындалуын, өңделуiн, сақталуын, тасымалдануын, сатылуы мен пайдаланылуын, сорттық егiстердi байқаудан өткiзудi, тұқым сапасына сараптама жасауды, мемлекеттiк сорттық және тұқымдық бақылауды қамтамасыз ететiн, функционалдық жағынан өзара байланысты мемлекеттiк органдардың, ғылыми ұйымдардың, тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң жиынтығы.

      2. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқым шаруашылығы жүйесiне:
      1) уәкілеттік орган мен оның аумақтық органдары;

      1-1) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары;

      2) тұқым өндiру, дайындау, өңдеу, сақтау, сату және тасымалдау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын аттестатталған жеке және заңды тұлғалар;

      3) белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар, байқаудан өткiзушiлер, тұқым сарапшылары кiредi.
      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      12-бап. <*>

      Ескерту. 12-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

4-тарау. Тұқымдарды өндіру, дайындау, өңдеу,
сақтау, тасымалдау, сату және пайдалану

      13-бап. Тұқымдарды өндiру мен пайдалануға қойылатын
               талаптар

      1. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқымдары:

      1) карантиндiк объектiлерден ауру жұққызған болса;

      2) егер тұқым:
      мемлекеттiк copт сынағынан өтпеген;
      Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлмеген немесе Қазақстан Республикасында перспективасы жоқ деп танылған сортқа жататын болса;

      3) осы Заңда белгiленген тәртiппен егу сапасына сараптамадан өтпесе, оларды сатуға және егу (отырғызу) үшiн пайдалануға тыйым салынады.

      2. Сорттық және егу сапалары бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейтiн тұқымдарды сатуға, сондай-ақ осы Заңға сәйкес аттестатталған элиталық тұқым шаруашылығында және тұқым өсiру шаруашылықтарында егу (отырғызу) үшiн пайдалануға тыйым салынады.

      2-1. Техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкес келмейтiн тұқымдарды егу (отырғызу) үшiн өткiзуге және пайдалануға жол берiлмейдi.

      3. Гендiк инженерия (генетикалық түрлендiрiлген) негiзiнде алынған сорттардың тұқымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлмеген тұқым сорттарын мынадай жағдайларда, егер:

      1) олар селекциялық және зерттеу жұмыстары үшін, сондай-ақ мемлекеттiк сорт сынақтарын жүргiзу үшiн бiр мезгiлде сортты беру шартымен өндiрiстiк жағдайда сынақ жүргiзу мақсатында (Қазақстан Республикасының басқа да ұйымдарының немесе басқа мемлекеттердiң уәкiлеттi органдарының ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сортын сынақтан өткiзудiң оң нәтижелерi болған кезде) пайдаланылатын болса;

      2) оларды өсiрiп-өндiру Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету үшiн халықаралық шартта көзделсе, себуге рұқсат етiледi.

      4. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлмеген және (немесе) одан шығарылған ауыл шаруашылық өсiмдiктерi сорттарының тұқым топтары ерекше жағдайда одан кейiнгi үш жыл iшiнде тұқымдық мақсатқа сату құқығынсыз пайдаланылуы мүмкiн.

      5. Осы Заңда белгіленген тәртіппен аттестаттаудан өтпеген жеке және заңды тұлғалар (агентті қоспағанда) тұқымдарды сату құқығынсыз өз қажеттері үшін ғана өндіру мен пайдалануды жүзеге асыра алады.
      Агент өзіне жүктелген функцияларды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген құзыреті шегінде уәкілеттік органмен шарт негізінде және Мемлекеттік тұқым ресустарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.12.06 N 209, 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      14-бап. Тұқым өндiрушiлердiң құқықтары мен мiндеттерi

      1. Уәкілеттік орган белгiлейтiн квоталардан кем болмайтын көлемде тұқым өндiрудi қамтамасыз етуге тиiстi аттестатталған тұқым өндiрушiлердi қоспағанда, тұқым өндiрушiлер тұқым өндiру көлемiн өз бетiмен белгiлеуге құқылы.

      2. Тұқым өндiрушiлер:
      1) уәкілеттік орган бекiткен технологиялық талаптарды, өндiрiс схемаларын, тұқымды сақтау және сату ережелерiн сақтауға, олардың саны мен сапасы жағынан сақталуын қамтамасыз етуге;

      2) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген сорттардың тұқымдарын, сондай-ақ перспективалы деп танылған сорттардың тұқымдарын егу үшiн пайдалануға;

      3) элиталық тұқымдарды алдағы уақытта сату, соның iшiнде мемлекеттен тыс жерлерге сату мақсатымен оларды өндiру кезiнде бiрегей тұқым сорттарын және будандардың шыққан тегiнiң нысандарын сатып алуға;

      4) тұқымдарды сату кезiнде олардың сорттық және егу сапасын, сондай-ақ сорттың сипаттамасын (суреттемесiн) растайтын құжаттарды табыс етуге;

      5) уәкілеттік орган белгiлеген тәртiппен сорттық егiстерге байқау өткiзуге;

      6) сатуға, егу үшiн пайдалану мен сақтық және ауыспалы қорлар жасауға арналған тұқымдардың егу сапасына сараптама жүргiзуге;

      7) егiстi (отырғызылған екпелердi), аумақтарды, тұқым тазалағыш машиналар мен механизмдердi, қоймаларды карантиндiк объектiлердi анықтау үшiн үнемi тексерiп отыруды қамтамасыз етуге және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;

      8) өз қаражаты есебiнен уәкілеттік органмен келiсiлген көлемде ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сақтық және ауыспалы қорларын құруға;

      9) алып тасталды - 2009.07.17. N 188-IV Заңымен;

      10) уәкілеттік орган белгiленген тәртiп пен мерзiмде сорттың жаңартылуын және сорттың алмастырылуын жүргiзуге;

      11) сатылуға тиiстi тұқымның тұқым құжатында көрсетiлген сорттық және егу сапасына сәйкестiгiне кепiлдiк беруге;

      12) сатылған және өз қажетiне пайдаланылған тұқымдардың мөлшерiне, шыққан тегiне, олардың сорттық және егу сапасына есеп жүргiзуге мiндеттi.
       Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      15-бап. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқымдарын
              өндiруге арналған агроэкологиялық аймақтар

      Ескерту. 15-бап алынып тасталды - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      16-бап. Тұқым топтарын сату мен тасымалдау

      1. Тұқым топтарын сату мен тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Тұқым топтарын сатқан және тасымалдаған кезде олар ыдысқа салынған (буып-түйiлген) немесе ыдысқа салынбаған (үйiлген) күйде болуы мүмкiн.

      3. Тұқым топтарын ыдысқа салынған (буып-түйiлген) күйiнде сатқан және тасымалдаған кезде олардың ыдыстары мен бумаларында белгiленген нысанда этикетка болуға тиiс.

      4. Бiрегей және элиталық тұқымдарды ыдысқа салынған (буып-түйiлген) күйде ғана сату мен тасымалдауға рұқсат етiледi.

      5. Тұқымдарды ыдысқа салынбаған (үйiлген) күйiнде сатқан және тасымалдаған кезде осы тұқым топтарына тұқымдардың әрбiр тобы сортының атауы, тұқымдардың өсiрiлген жерi мен сапасы туралы деректер көрсетiлген iлеспе құжаттарды ресiмдеу талап етiледi.

      6. Химиялық және биологиялық препараттармен өңделген тұқым топтары ыдысқа салынған (буып-түйiлген) жағдайда болуға тиiс. Осы тұқымдардың ыдыстары мен бумаларында мұндай тұқымдардың ұсталу тәртiбiн анықтайтын және адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету мүмкiндiгi туралы мәлiметтер қамтылған тиiстi жазбалар болуы керек.

      7. Тұқым топтарын сатқан және тасымалдаған кезде ыдыстар мен бумаларда, этикеткаларда және iлеспе құжаттарда сорттың атауы, тұқымдардың өсiрiлген жері мен сапасы туралы шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтер көрсетуге, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында тұқым топтары туралы көрiнеу жалған жарнама таратуға тыйым салынады.

      17-бап. Мемлекеттiк тұқым ресурстары, сақтық және
              өтпелi қорлар

      1. Мемлекеттiк тұқым ресурстары ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне дүлей зiлзалалар немесе өзге де төтенше жағдайлар кезiнде көмек көрсету, Қазақстан Республикасының тұқым материалына деген қажеттерiн тұрақты қамтамасыз ету, сорт жаңартуды, сорт алмастыруды жүргiзу, мемлекетаралық келiсiмдердiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн құрылған және соған арналған ауыл шаруашылық өсiмдiктерi тұқымдарының мемлекеттiк қорлары болып табылады.

      2. Мемлекеттiк тұқым ресурстарын қалыптастыруды уәкілеттік орган жүзеге асырады.

      3. Сақтық тұқым қорлары ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқым қорлары болып табылады және астық шықпай қалған жағдайда тұқым себудi қамтамасыз ету үшiн оларды ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi дербес қалыптастырады.

      4. Өтпелi тұқым қорлары күздiк ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң қорлары болып табылады және оларды ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi дербес қалыптастырады.

      18-бап. Тұқымдарды дайындау, өңдеу, сақтау және
              пайдалану

      1. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқымдарын дайындауды, өңдеудi, сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру тәртiбiн уәкілеттік орган белгiлейдi.

      2. Патент иесiнiң ерекше құқық объектiсi болып табылатын тұқымдарды пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен рұқсат етiледi.

      19-бап. Тұқым топтарын Қазақстан Республикасына
              әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету

      1. Тұқым топтарын Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      2. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне сорттары енгiзiлген ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқым топтарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге pұқсат етiледi.

      3. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне сорттары енгiзiлмеген және (немесе) патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылыққа пайдалылығына ғылыми зерттеулер мен мемлекеттiк сынақтар өткiзуге арналған, сондай-ақ осы Заңның 13-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда тұқым топтарын Қазақстан Республикасына әкелуге жол берiледi.

      4. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген ауыл шаруашылық өсiмдiктерi сорттарының тұқым топтарын, республиканың осы тұқымдарға деген қажетi толық қамтамасыз етiлген жағдайда, сондай-ақ ғылыми зерттеулерге, патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылыққа пайдалылығына мемлекеттiк сынақ жүргiзуге, элиталық тұқым өндiруге арналған тұқым топтарын әкетуге уәкілетті органның келiсiмiмен жол берiледi.

      5. Қазақстан Республикасына әкелiнетiн және Қазақстан Республикасынан әкетiлетiн тұқым топтарында олардың сорттық және егу сапасын куәландыратын құжаттары бiрге болуға және олар техникалық регламенттерде және тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сай болуға тиiс.

      6. Тектiк инженерия (тектiк түрлендiру) негiзiнде алынған сорттардың тұқым топтарын Қазақстан Республикасына әкелуге уәкілетті органның келiсiмiмен жол берiледi.

      7. Қазақстан Республикасына әкелiнетiн тұқым топтарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бақылау, фитосанитариялық және тұқымдық сараптама жасалуға тиiс.
      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.06 N 209 Заңымен.

      20-бап. Тұқым сапасына кепiлдiктер

      1. Тұқым өткізушілер тұқымдардың сорттық және егу сапасы олардың сапасын растайтын iлеспе құжаттарда көрсетiлген мәлiметтерге сәйкестiгiне кепiлдiк бередi.

      2. Тұқымдардың сорттық және егу сапасы iлеспе құжаттарда көрсетiлген мәлiметтерге сәйкес келмеген жағдайда тұқым өткізушілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.

      3. Сатып алынған тұқымдарға кепiлдiктер тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде, мемлекеттiк стандарттарда және басқа да нормативтiк құжаттарда белгiленген мерзiм iшiнде қолданылады.
      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

5-тарау. Тұқымның сорттық және егу сапаларын
анықтау тәртібі

      21-бап. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерi тұқымдарының
              сорттық сапасын анықтау

      1. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерi тұқымдарының сорттық сапасын анықтау нормативтік құқықтық актілерде, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес егiстердi байқаудан өткiзу, жерге егiп бағалау және зертханалық сорттық сынақтар арқылы жүргiзiледi және аттестатталған тұқым өндiрушiлер үшiн мiндеттi болып табылады.

      2. Тұқымдары тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң сатуына нeмece өздерiнiң тұқымдық егiстерiне пайдалануына арналған ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сорттық егiстерiне мiндеттi түрде байқау өткiзiлуге тиiс.

      3. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген сорттарының бiрегей және элиталық тұқымдары жерге егiп бағалануға тиiс.

      4. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген сорттарының кейiннен сатылуға арналған элиталық тұқымдары мен бiрiншi көбейтiлген тұқымдары зертханалық сорттық сынақтан өткiзiлуге тиiс.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      22-бап. Тұқымдардың егу сапасын анықтау

      1. Сатуға және егу үшiн пайдалануға тиісті тұқымдардың егу сапасын анықтау осы Заңда белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасының сараптамасы жөнiндегi зертханаларда тұқымдардың сынамаларын iрiктеп алу және оларға кейiннен талдау жасау арқылы жүргiзiледi.

      2. Сатылуға тиiстi тұқым топтарының сынамаларын iрiктеп алуды тұқым өндiрушi өкiлiнiң қатысуымен уәкілетті органның тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жүргiзедi.

      3. Тек қана егуге арналған тұқымдар тобынан сынамаларды iрiктеп алуды тұқым өндiрушiнiң өтiнiмi бойынша аттестатталған тұқым сарапшылары және (немесе) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi аттестатталған зертханаларда тиiстi дайындықтан өткен тұқымды өндiрушiлер (олардың өкiлдерi) жүргiзедi.

      23-бап. Тұқымдарға құжаттама жасау

      1. Тұқымдардың сорттық және егу сапасын куәландыратын тиiстi құжаттарсыз оларды iшкi рынокта, экспорт және импорт кезiнде сатуға, сондай-ақ тұқымдарды егу үшiн пайдалануға жол берiлмейдi.

      2. Сату және тасымалдау кезiнде бiрегей, суперэлиталық және элиталық тұқымдарға - тұқым аттестаты, бiрiншi және одан кейiнгi көбейтiлген тұқымдарға тұқым куәлiгi қоса берiледi.

      3. Тұқым шаруашылығы субъектiлерi егу үшiн өзi өсiрген тұқымды пайдаланған жағдайда байқаудан өткiзу актiсi мен тұқымдардың кондициялылығы туралы куәлiк не байқаудан өткiзу aктici мен тұқымдарға талдау жасау нәтижесi олардың сорттық және егу сапасын растайтын құжаттар болып табылады.

      4. Тұқым өндiрушiлер тұқымға аттестатты немесе тұқымға куәлiктi, аттестатталған байқаудан өткiзушiлер және тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар берген, олардың сорттық және егу сапасын растайтын құжаттар (сорттық егiстердi байқаудан өткiзу актiсi, тұқымның кондициялылығы туралы куәлiк, тұқымға талдау жасау нәтижелерi) негiзiнде бередi.

      23-1-бап. Тұқымдарды кәдеге жарату және жою кезiндегi
                қауiпсiздiктiң жалпы талаптары

      1. Тұқымдық сараптау нәтижелерi бойынша мақсатына қарай пайдалану үшiн жарамсыз деп танылған тұқымдар техникалық  регламенттерде белгiленген тәртiппен қосымша өңделуге, кәдеге жаратылуға және (немесе) жойылуға тиiс.
      Сараптама жүргiзуге және оларды одан әрi пайдалану мүмкiндiгi немесе жою қажеттiгi туралы шешiм қабылдауға қажеттi кезеңде тұқымдар қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн жағдайлар сақтала отырып, жеке үй-жайларда сақталуға тиiс.

      2. Мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз тұқымдарды тасымалдауға, сақтауға, сараптауға, пайдалануға немесе жоюға байланысты шығындарды олардың иесi төлейдi.
      Ескерту. 23-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.06. N 209 Заңымен.

       23-2-бап. Тұқымдардың қауiпсiздiгi мен сапасы туралы
                ақпаратқа қойылатын талаптар

      Тұқымдардың қауiпсiздiгiне және оның өмiрлiк циклi процестерiне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын әрекеттердiң алдын алу мақсатында тұқым өндiрушiлер сатып алушыларға және (немесе) тұтынушыларға тұқымдардың қауiпсiздiгi мен сапасының көрсеткiштерi туралы толық және дәйектi ақпарат беруге мiндеттi.
      Ескерту. 23-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.06. N 209 Заңымен.

5-1-тарау. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы

      Ескерту. Заң 5-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      23-3-бап. Сорттардың патент қабілеттілігін және
                 шаруашылыққа пайдалылығын сараптау және сынау

      Ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының патент қабілеттілігі және шаруашылыққа пайдалылығы тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекітетін өсімдіктер тегінен түрлерінің тізбесіне сәйкес мемлекеттік сынақ және (немесе) өтініш берушінің деректері бойынша бағаланады.

      23-4-бап. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт
                сынағын қаржыландыру көздері

      Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы бойынша шығыстарды қаржыландыру:
      1) бюджет қаражаты;
      2) мемлекеттік сорт сынағы саласындағы қызмет көрсетулерге ақы төлеу тәртібімен түсетін қаражат;
      3) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы нәтижесінде алынған өнімдерді өткізуден түсетін қаражат;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүргізіледі.

6-тарау. Тұқым шаруашылығы саласындағы
дауларды шешу және жауапкершілік

      24-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге
              асыру кезiндегi дауларды шешу

      Тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.

      25-бап. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы
               туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi