Осы Заң өсiмдiктердi зиянкестерден, арамшөптерден және өсiмдiктер ауруларынан қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды және егiн өнiмiн, оның сапасын сақтау мен Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбауға бағытталған.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) - тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтердi (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын көмуге арналған сақтау орындары;
2) арнаулы техника - пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдануға арналған құрылғы және (немесе) жабдық;
3) ауыл шаруашылық мақсатындағы объектiлер - ауыл шаруашылық және өзге де жерлер, өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiруге, сақтауға және қайта өңдеуге арналған астық сақтау орындары, көкөнiс сақтау орындары, қоймалар, ашық алаңдар, өндiрiстiк және өзге де үй-жайлар;
4) ерекше қауiптi зиянды организмдер - оқтын-оқтын жаппай көбеюге және таралуға бейiм, экономикалық, экологиялық залал келтiретiн және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiне енгiзiлген зиянкестер мен өсiмдiктер аурулары;
5) зиянды организмдер - топыраққа, өсiмдiкке және ауыл шаруашылық өнiмiне терiс әсер ететiн зиянкестер, арамшөптер және өсiмдiктердiң аурулары;
6) зиян тигiзудiң экономикалық шегi - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң ысырабын туғызатын, фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудi қажет ететiн саны;
7) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (мемлекеттік фитосанитариялық бақылау) - уәкілетті органның өз құзыреті шегінде өсімдіктерді қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;
8) өсiмдiктердi қорғау - өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдерден ысырабын болғызбау мақсатымен фитосанитариялық мониторинг әдiстерiн, фитосанитариялық iс-шараларды әзiрлеуге және практикада қолдануға бағытталған қызмет саласы;
9) өсiмдiк шаруашылығы өнiмi - халықтың - тамақ өнiмдерiне, мал шаруашылығының - жемшөпке және өнеркәсiптiң шикiзатқа деген қажеттерiн қанағаттандыруға арналған өнiм;
10) пестицидтер (улы химикаттар) - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдерге қарсы, сондай-ақ егiндi жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсiру және өсiмдiктердiң өсуiн реттеу үшiн пайдаланылатын химиялық, биологиялық және басқа да заттар;
11) пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру - тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтердi (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға, көмуге немесе жоюға бағытталған iс-шаралар;
12) пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттiк тipкeу - препараттарды биологиялық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалау процесiн аяқтайтын рәсiм, оның нәтижесi бойынша жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында оларды Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасына сәйкес қолдану құқығына тiркеу куәлiгi берiледi;
13) пестицидтердiң (улы химикаттардың) бастапқы компоненттерi - пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiруге арналған химиялық және басқа да заттар;
14) пестицидтердiң (улы химикаттардың) қалдық мөлшерi - өсiмдiк шаруашылығы өнiмi мен қоршаған орта объектiлерiндегi пестицидтер (улы химикаттар) құрамының мөлшерлiк көрсеткiшi, олардың адам мен жануарларға қауiпсiздiгi осы көрсеткiш арқылы бағаланады;
15) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау) - бастапқы компоненттердiң негiзiнде пестицидтер (улы химикаттар) дайындаудың технологиялық процесi;
16) пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмi - Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлiп тiркелген пестицидтер (улы химикаттар) тiзбесi;
17) өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өсімдіктерді қорғау саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
18) фитосанитариялық ахуал - ауылшаруашылық мақсатындағы объектiлердiң зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң санымен және зиян тигiзуiмен анықталатын қалыптасқан жай-күйi;
19) фитосанитариялық болжам - фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудiң мерзiмдерi мен көлемдерiн жоспарлау мақсатында зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң ықтимал таралуы мен дамуы дәрежесiн алдын ала айқындау;
20) фитосанитариялық мониторинг - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердi зерттеудi, байқауды, олардың дамуы мен таралуын есепке алуды, сондай-ақ осылардың негiзiнде фитосанитариялық болжам әзiрлеудi қамтитын iс-шаралар жүйесi;
21) фитосанитариялық нормативтер - фитосанитариялық iс-шаралар көлемiн анықтау үшiн пайдаланылатын белгiленген шамалар параметрлерi;
22) фитосанитариялық iс-шаралар - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң саны мен зиян тигiзуiн азайтуды қамтамасыз ететiн шаралар кешенi.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.06 N 209, өзгерту енгізілді - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау
туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актерлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк
саясаттың негiзгi мiндеттерi
Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi мiндеттерi:
1) мемлекеттің азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
2) қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету;
3) фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу кезiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың) адамдардың денсаулығына зиянды әсерiнiң, ауыл шаруашылық өнiмi, қоршаған орта ластануының алдын алу және оларды болдырмау болып табылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17. N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
2-тарау. ӨСIМДIКТЕРДI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өсiмдiктер
қорғау жүйесi
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өсiмдiктер қорғау жүйесiне:
1) Қазақстан Республикасының Yкiметi;
2) уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi;
3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары;
4) өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдар;
5) мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлердi пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар енедi.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өсiмдiктердi
қорғау саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретiне:
1) өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
2) өсiмдiктердi қорғау саласындағы бағдарламаларды бекiту;
3) ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту;
4) өсiмдiктердi қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
5) алып тасталды
6) пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы техникалық регламенттердi бекiту кiредi.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.06 N 209 Заңдарымен.
6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
1. Уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) өсiмдiктердi қорғау саласындағы бағдарламаларды әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Yкiметiне табыс ету;
2) ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметiне табыс ету;
2-1) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктердi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен бекiту;
3) пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу;
3-1) мынадай:
пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау);
пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу;
пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызмет түрлерін лицензиялау ережелерін әзірлеу;
4) пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндіру сынақтарын және мемлекеттiк тiркеудi жүргiзу ережелерiн әзiрлеу мен бекiту;
5) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу және Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану құқығына тiркеу куәлiктерiн беру;
6) пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмiн әзiрлеу, бекiту және жүргiзу;
7) фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөнiндегi ұсыныстар мен әдiстемелiк нұсқаларды бекiту;
8) хаттамалар мен нұсқамалар нысандарын, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасау мен шығару тәртiбiн бекiту;
9) фитосанитариялық iс-шараларды ұйымдастыру;
10) алынып тасталды - ҚР 2006.01.10 N 116 Заңымен.
11) мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудегi қызметiн үйлестiру;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттiк сатып алуды, оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi ұйымдастыру мен өткiзу, сондай-ақ пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасын жасау;
13) алынып тасталды - ҚР 2006.01.10. N 116 Заңымен.
14) мемлекеттiк статистиканың орталық атқарушы органымен келiсе отырып, фитосанитариялық нормативтердi, фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiк нысандарын, сондай-ақ оларды табыс ету тәртiбiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен әзiрлеудi ұйымдастыру және бекiту;
15) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторингтi ұйымдастыру;
16) пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндiру сынақтарын және мемлекеттiк тiркеудi ұйымдастыру;
17) өсiмдiктердi қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге тапсырыс берудi ұйымдастыру мен үйлестiру, жүзеге асыру;
18) бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) фитосанитариялық мониторинг деректерiне және қалыптасатын фитосанитариялық ахуалға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөлу;
19) алынып тасталды - ҚР 2006.01.10 N 116 Заңымен.
20) алынып тасталды - ҚР 2006.01.10 N 116 Заңымен.
21) халықаралық ұйымдармен және мемлекеттiк органдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру және өсiмдiктердi қорғау саласындағы халықаралық бағдарламаларды iске асыруға қатысу;
22) алып тасталды
23) пестицидтердің (улы химикаттардың) түрлері бойынша запас нормативін және оларды пайдалану тәртібін белгілеу;
23-1) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
24) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртібін айқындау;
25) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды бекіту, өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау бойынша мамандар даярлау және біліктілігін көтеру жөнінде оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келісу;
26) "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту кіреді.
2. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.07.09 N 584, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.06 N 209, 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
7-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк
инспекторлардың құзыретi
1. Ведомствоның басшысы Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.
Ведомствоның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары Қазақстан Республикасының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiнiң өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
Ведомствоның мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды тікелей орындайтын өзге де лауазымды адамдары өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының құзыретiне:
1) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
2) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөнiндегi нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау;
3) фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктi жүргiзудi ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау енедi.
5) алып тасталды
3. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының құзыретiне:
1) тиiстi аумақта мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
2) жеке және заңды тұлғаларға тиісті аумақта фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөнiндегi нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау;
3) тиiстi аумақта фитосанитариялық есепке алуды және есептiлiктi ұйымдастыру, жүргiзу және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есептi табыс ету;
4) тиісті аумақта фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау енедi.
5) алып тасталды
4. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың құзыретiне:
1) тиiстi аумақта мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру;
2) фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктi белгiленген нысан бойынша жүргiзу және оларды уәкiлеттi органға табыс ету;
3) тиiстi аумақта фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау енедi.
4) алып тасталды
Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
8-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк
инспекторлардың құқықтары
1. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың:
РҚАО-ның ескертпесі!
1) тармақшаға қатысты өзгерісті қарыңыз - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
1) мемлекеттік фитосанитариялық бақылау мақсатында мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне баруға;
2) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар шығаруға;
3) айрықша жағдайларда үш күннен аспайтын мерзiмде сотқа мiндеттi түрде талап арыз бере отырып, аталған мерзiмге жеке және заңды тұлғалардың қызметiн сот шешiмiнсiз тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға құқығы бар. Бұл орайда тыйым салу немесе тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданылады;
4) жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарын бұзған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауапқа тартуға құқығы бар.
2. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың iс-әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
9-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының
өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретi
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өсімдіктерді қорғау саласындағы құзыретіне:
1) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2) өсімдіктерді қорғау саласында халық арасында түсіндіру жұмысын ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг жүргізу жөнінде әдістемелік көмек көрсету;
3) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасы және фитосанитариялық іс-шаралар туралы мүдделі адамдарға ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
4) арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салу, тиісті жағдайда күтіп-ұстау және қолдау;
5) мыналар:
пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау);
пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу;
пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау кіреді.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгізілді - 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
10-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметті жүзеге
асыратын мемлекеттiк ұйымдар
1. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдарды Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметтiң мынадай түрлерiн:
1) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң фитосанитариялық мониторингiн;
1-1) фитосанитариялық болжамның жасалуын
2) тiркеуге ұсынылатын пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрiстiк жағдайларда байқаудан өткiзу үшiн өндiру сынақтарын;
3) ауыл шаруашылық өнiмiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың), нитраттардың, нитриттердiң және ауыр металдар тұздарының қалдық мөлшерiнiң бар-жоғын талдауды және сараптауды орындау мақсатында құрады.
2. Ерекше қауiптi зиянды организмдердiң фитосанитариялық мониторингi мемлекеттiк монополияға жатады.
3. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдар фитосанитариялық есепке алуды жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға есептiлiктi табыс етедi.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.07.09 N 584, 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
3-тарау. ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР
Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
11-бап. Фитосанитариялық мониторинг пен
фитосанитариялық iс-шаралар
Қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингтi жүзеге асыруға және зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен көп зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер анықталған жағдайда фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.
12-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау,
тасымалдау және қолдану
1. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану пестицидтердiң (улы химикаттардың) адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерiнiң болмауын қамтамасыз ететiн жағдайларда жүзеге асырылуға тиiс.
2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану жағдайларына қойылатын мiндеттi талаптар пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгiленедi.
3. Тіркеу, өндірістік сынақтар мен ғылыми зерттеулер үшін әкелінген пестицидтердің (улы химикаттардың) көлемін уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.12.06 N 209, 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
13-бап. Фитосанитариялық есепке алу және есептiлiк
1. Қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргiзедi және уәкiлеттi органға фитосанитариялық есептiлiктi табыс етедi.
2. Фитосанитариялық есептiлiктiң түрлерiн, нысандарын және оларды табыс ету мерзiмдерiн уәкiлеттi орган айқындайды.
14-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті
лицензиялау
Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
14-1-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды)
залалсыздандыру
1. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер (улы химикаттар) мен пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстары залалсыздандырылуға жатады. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртiбiн уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келiсе отырып айқындайды.
2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру үшiн арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) пайдаланылады.
3. Арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) салуға, сондай-ақ пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруға рұқсатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бередi.
4. Аймақтарда арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) орналастырудың орындылығын және олардың санын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары уәкiлеттi органмен және қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келiсе отырып айқындайды.
Ескерту. 14-1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17. N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
14-2-бап. Пестицидтердiң (улы химикаттардың)
запасы
1. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасы дегенiмiз пестицидтердiң (улы химикаттардың) ұдайы жаңартылып отыратын белгiлi бiр көлемi және ол уәкiлеттi органның қарауындағы (билiгiндегi) мемлекеттiк меншiк болып табылады.
2. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасы ерекше қауiптi зиянды организмдердiң тосыннан жаппай таралуын жоюға арналған және қалыптасқан фитосанитариялық ахуалды ескере отырып, фитосанитариялық мониторинг негiзiнде бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтер (улы химикаттар) көлемiнен қалыптастырылады.
3. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) түрлерi бойынша запастың нормативiн және оларды пайдалану тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
14-3-бап. Фитосанитариялық нормативтер
1. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық ахуалды өсiмдiк шаруашылығы өнiмiне, ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектiлерге қауiпсiздiгi тұрғысынан сипаттайтын көрсеткiштердiң жол берiлетiн сандық және (немесе) сапалық мәнiн айқындайды.
2. Фитосанитариялық нормативтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн зерттеулер негiзiнде белгiленедi.
3. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық iс-шаралар көлемiн объективтi және негiздеп жоспарлауды жүргiзу, сондай-ақ зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң жаппай көбею, таралу және оларды жою мүмкiндiгiн болжау үшiн негiз болып табылады.
4. Фитосанитариялық нормативтер өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды жүргiзуi үшiн негiз болып табылады.
14-4-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы ғылыми
зерттеулердi және өсiмдiктердi қорғау
жөнiндегі мамандарды даярлау мен олардың
бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтi
үйлестiру
1. Уәкiлеттi орган өсiмдiктердi қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылайды, фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асырудың тәртiбi мен тәсiлдерiн регламенттейтiн зерттеулер нәтижесiнде әзiрленген әдiстердi, әдiстемелердi, ұсыныстарды бекiтедi.
2. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мамандарды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi оқу бағдарламалары уәкiлеттi органмен келiсiлуге жатады.
Ескерту. 14-4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
14-5-бап. Қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау
объектiлерiне байланысты жеке және заңды
тұлғалардың мiндеттерi
Қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiне байланысты жеке және заңды тұлғалар:
1) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзуге және зиянды организмдердiң зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен көп дамуы мен таралуына жол бермеуге;
2) пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарын сақтауға;
3) фитосанитариялық есепке алуды жүргiзуге және уәкiлеттi органға есептiлiктi табыс етуге;
4) пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеу және өндiру сынақтарын ережелерге сәйкес жүргiзуге;
5) пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруға және арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) тиiстi жағдайда ұстауға;
6) қызметтiң лицензияланатын түрлерiне қойылатын талаптарды сақтауға;
7) Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасына сәйкес өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың ұйғарымдарын орындауға;
8) өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi инспекторларға олардың Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасын орындауына жәрдемдесуге мiндеттi.
Ескерту. 14-5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.12.06 N 209 Заңдарымен.
14-6-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік
тіркеу
Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тіркеу және өндірістік сынақтарының қорытындылары бойынша жүргізіледі.
Мемлекеттік тіркеуден өткен пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға рұқсат етіледі және оларды уәкілетті орган пестицидтердің (улы химикаттардың) тізіміне енгізеді.
Тіркеу, өндірістік сынақтар және ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін тәжірибелік үлгілерді қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді (улы химикаттарды), сондай-ақ тіркелмеген пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге арналған бастапқы компоненттерді өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға тыйым салынады. Тіркеу, өндірістік сынақтар және ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін пестицидтердің (улы химикаттардың) санын уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. Заң 14-6-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Ескерту. 4-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
15-бап. Мемлекеттiк фитосанитарлық бақылауға жататын
объектiлер
Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлер:
1) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң тiршiлiк ететiн орындары болып табылатын ауыл шаруашылығына арналған объектiлер, автомобиль жолдарының, темiр жолдардың бөлiнген белдеулерi мен күзет аймақтары және өзге де аумақтар, сондай-ақ өсiмдiктен алынатын өнiм;
2) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер;
3) фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу үшiн пайдаланылатын арнаулы техника мен пестицидтер (улы химикаттар);
4) арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) болып табылады.
16-бап. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды жүзеге
асыратын лауазымды адамдар
Ескерту. 16-бап алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
17-бап. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылаудың
мiндеттерi
Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау:
1) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiне;
2) пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтауға, тасымалдауға және қолдануға;
3) фитосанитарлық есепке алу мен есептiлiктiң жүргiзiлуiне және табыс етiлуiне;
4) пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеу және өндiру сынақтарының жүргiзiлуiне;
5) пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру мен арнаулы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) жай-күйiне;
6) лицензиялық ережелердiң сақталуына бақылаудан тұрады.
Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
18-бап. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық
iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау
1. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң тiршiлiк ететiн орындары болып табылатын ауыл шаруашылығына арналған объектiлерде, автомобиль жолдарының, темiр жолдардың бөлiнген белдеулерi мен күзет аймақтарында және өзге де аумақтарда, сондай-ақ өсiмдiктен алынатын өнiмдерде зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң болуын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
2. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау жылына үш реттен аспайтын кезеңдiлiкпен және ұзақтығы екi күннен асырылмай, зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң дамуы мен таралуының оңтайлы мерзiмдерi басталған кезеңде жүргiзiледi.
19-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау,
тасымалдау және қолдануды бақылау
Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдануды бақылау пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану шарттарының технология мен қауiпсiздiктiң мiндеттi талаптарына сәйкестiгi нысанында тексеру жүргiзу кезеңiнде жүзеге асырылады.
19-1-бап. Фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктiң
жүргiзiлуiн және табыс етiлуiн бақылау
1. Фитосанитариялық есептiлiктi табыс етудiң толықтылығы мен уақтылылығы тұрғысында фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктiң жүргiзiлуiн және табыс етiлуiн бақылау ұдайы жүзеге асырылады.
2. Фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктiң жүргiзiлуiн және табыс етiлуiн бақылау есептiлiктi табыс етудiң белгiленген мерзiмдерiнде үш реттен аспайтын кезеңдiлiкпен және ұзақтығы екi күннен асырылмай жүзеге асырылады.
19-2-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу және
өндiру сынақтарының жүргiзiлуiн бақылау
1. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу және өндiру сынақтарының жүргiзiлуiн бақылау әдiстемелiк орындылығын айқындау үшiн жүргiзiледi.
2. Тiркеу және өндiру сынақтарын жүргiзу тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Тiркеу және өндiру сынақтарының жүргiзiлуiн бақылау оларды жүргiзу кезеңiнде екi реттен аспайтын кезеңдiлiкпен және ұзақтығы екi күннен асырылмай жүзеге асырылады.
Ескерту. 19-2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
19-3-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды)
залалсыздандыруды және арнаулы сақтау
орындарының (көмiндiлердiң) жай-күйiн
бақылау
1. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруды бақылау мемлекеттік фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлерде тыйым салынған, жарамсыз жағдайға келген пестицидтер (улы химикаттар) мен пестицидтердiң (улы химикаттардың) залалсыздандыруға жататын ыдыстарын, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) жай-күйiн анықтау үшiн жүзеге асырылады.
2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртiбiн, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) тиiстi жағдайда ұстау шарттарын қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша уәкiлеттi орган анықтайды.
3. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруды бақылау жылына екi реттен көп емес кезеңдiлiкпен және екi күннен көп емес ұзақтылықпен дала жұмыстары аяқталғаннан соң жүзеге асырылады.
Ескерту. 19-3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
19-4-бап. Лицензиялық ережелердің сақталуын бақылау
Лицензиялық ережелердің сақталуын бақылау лицензияланатын қызметті жүзеге асыру кезеңінде мерзімділігі жылына екі реттен және ұзақтығы екі күннен аспайтындай етіп жүргізіледі.
Ескерту. 19-4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
19-5-бап. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды
аяқтау нысаны
1. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырудың нәтижелерi бойынша тексеру актiсiн жасайды.
2. Тексеру актiсi үш (Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда - төрт) данада жасалады және оған тексеру жүргiзген тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы қол қояды.
Актiнiң бiрiншi данасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органға және оның аумақтық органдарына тапсырылады, екiншi данасы тексерiлген жеке немесе заңды тұлғаға қол қойғызылып, берiледi, үшiншiсi тексерген өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторда қалады, ал төртiншiсi мемлекеттiк инспектордың ұйғарымы орындалмаған жағдайда, сотқа талап-арыз ұсыну үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторға жолданады.
Тексерiлген субъектi тексеру актiсiн қабылдаудан бас тартқан жағдайда, акт хабардар етiлетiн тапсырыс хатпен жолданады.
3. Тексеру актiсi нөмiрленген, тiгiлген және уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң мөрiмен бекiтiлген болуға тиiс арнайы тiркеу журналында тiркеледi.
4. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор өз құзыретi шегiнде тексеру нәтижесi бойынша анықталған бұзушылықтардың сипаттамасына байланысты, бұзушылықтарды жою жөнiндегi ұйғарым жасайды, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаулы шығарады немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды және сотқа талап жолдайды.
5. Анықталған бұзушылық болмаған жағдайда тексеру актiсiне тиiстi белгi қойылады.
4-1-тарау. Пестицидтер (улы химикаттар) айналымы
саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары
Ескерту. Заң 4-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2006.12.06 N 209 Заңымен.
19-6-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) буып-түю және
олардың ыдысы жөнiндегi талаптар
1. Пестицидтердi (улы химикаттарды) буып-түю және оларға арналған ыдыс өнiмдi сақтау, тасу және өткiзу кезiндегi қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге тиiс.
2. Буып-түю мен ыдысқа пайдаланылатын материалдар адамды, қоршаған ортаны пестицидтердiң (улы химикаттардың) қауiптi қасиеттерiнен қорғау үшiн арнайы лайықталуға тиiс.
3. Буып-түю мен ыдысқа пайдаланылатын материалдар пестицидтердiң (улы химикаттардың) құрама заттарының бұзылуына немесе өзге де зиянды әсерiне төзiмдi болуға және:
1) жану және (немесе) жылудың едәуiр бөлiгiнiң бөлiнуiн;
2) тез тұтанатын, уытты немесе тұншықтыратын газдардың бөлiнуiн;
3) басқа да химиялық белсендi және қауiптi заттардың түзiлуiн тудыратын реакцияға түсе отырып, олармен өзара әрекеттеспеуге тиiс.
Ескерту. 19-6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
19-7-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану
кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
1. Пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмiнде белгiленген тиiмдi және қауiпсiз қолдану технологияларын сақтай отырып жүзеге асырылады.
2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) техникалық регламенттердiң талаптарын бұза отырып қолдануға тыйым салынады.
3. Пайдаланылмаған пестицидтердi (улы химикаттарды) уақытша сақтауға арнайы арналған орындардан басқа жұмыс орындарында қалдыруға тыйым салынады.
19-8-бап. Пестицидтердің (улы химикаттардың)
буып-түйілуін таңбалау жөнiндегi талаптар
1. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) буып-түйілуін таңбалау:
1) телефонның, факстың, телекстiң нөмiрiн және электрондық мекен-жайды қоса алғанда, өтiнiш берушiнiң (жеткiзушiнiң, дайындаушының, дистрибьютордың немесе импортердiң) атауы және толық мекен-жайын;
2) пестицидтiң (улы химикаттың) атауы мен оның нысаналы мақсатын;
3) пестицидтiң (улы химикаттың) номиналды мөлшерiн (салмағын немесе көлемiн);
4) шығару партиясы нөмiрiнiң белгiленуiн;
5) дайындалған (шығарылған) күнiн;
6) қауiптiлiк қасиеттерiнiң және адамға, қоршаған ортаға және мүлiкке әсер ету сыныптарының белгiлерiн (пиктограммаларын);
7) өнiмдi қауiпсiз сақтау, тасымалдау, өткiзу, қолдану және кәдеге жарату жөнiндегi ұсыныстарды қамтуға тиiс.
2. Буып-түюді таңбалау өшiрiлмейтiн анық әрiптермен немесе нышандармен түсiрiледi.
Ескерту. 19-8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
19-9-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау
кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
1. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау осы үшiн арнайы арналған, құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына, экологиялық талаптарға, санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сай келетiн арнайы қоймалық үй-жайларда жүзеге асырылуға тиiс.
2. Қоймалар үрлейтiн және тартатын желдеткiштерiмен жабдықталады. Тартатын желдеткiш құрғақ сүзгiш элементтермен жабдықталады.
3. Пестицидтердi (улы химикаттарды) қоймада сақтауға үй-жайды санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қызметiнiң органдары зерттеп болғаннан кейiн пестицидтердi (улы химикаттарды) алу және сақтау құқығына санитарлық паспорт жасалғаннан кейiн ғана жол берiледi.
4. Сақталынатын пестицидтердiң (улы химикаттардың) мөлшерi қойманың жобалық құжаттамасында көзделген қойма сыйымдылығынан аспауға тиiс.
5. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау шарттары мен тәртiбiне қойылатын талаптар әзiрлеудi, сондай-ақ аталған талаптардың сақталуын бақылауды мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары жүзеге асырады.
Ескерту. 19-9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17. N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
19-10-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тасымалдау
кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
1. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тасымалдау қауiптi жүктердi көлiк құралдарымен тасу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Пестицидтермен (улы химикаттармен) бiрге немесе бұрын пестицидтердi (улы химикаттарды) тасу үшiн пайдаланылған көлiк құралдарымен тамақ өнiмдерiн, жемшөп және ауыз су тасуға қатаң тыйым салынады.
3. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тасымалдау үшiн пайдаланылған көлiк алдын ала тазартылмай және көлiк құралы залалсыздандырылмай, басқа да тағамдық емес жүктердi тасымалдау үшiн пайдаланылуға тиiс емес.
5-тарау. ӨСIМДIКТЕРДI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПТЫЛЫҚ
Ескерту. 5-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
20-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды
қаржыландыру көздерi
1. Бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын iс-шаралар:
1) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер мекендейтiн орындарды анықтау жөнiндегi фитосанитариялық мониторинг жүргiзудi;
2) ерекше қауiптi зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу жүргiзу үшiн пестицидтер (улы химикаттар) сатып алуды, сондай-ақ пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасын қалыптастыруды, сақтауды және жаңартуды;
3) пестицидтердi (улы химикаттарды) кедендiк ресiмдеудi, сақтауды және жұмыстар орындалатын орындарға жеткiзудi;
4) ерекше қауiптi зиянды организмдер зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен көп мекендейтiн орындарға химиялық өңдеу жүргізуді;
5) бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруды жүргiзудi;
6) өсiмдiктердi қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзудi;
7) арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) ұстау, салу және жөндеудi қамтиды.
2. Алынып тасталды
3. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлер иелерiнiң қаражаты есебiнен уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мынадай фитосанитариялық iс-шаралар:
1) өз қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың нұсқамасы бойынша залалсыздандыру;
2) зиянды организмдерге фитосанитариялық iс-шаралар жүргiзу;
3) ауыл шаруашылық өнiмiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың) қалдық мөлшерiнiң бар-жоғына талдау және сараптау жүргiзiледi.
4. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу және өндiру сынақтары уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрушiлердiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.07.09 N 584, 2004.12.20 N 13, (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
21-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау
туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті