Фитосанитарлық есеп жүргізу және есеп беру нысандарын тапсырудың ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2004 жылғы 25 маусымдағы N 334 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2964. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 30 наурыздағы N 325  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 10, 98-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттігiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Алматы экономика және статистика институты" жабық акционерлiк қоғамы"
      "Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегі агенттiгiнiң Ақпарат-баспа орталығы" - "Қазстатақпарат" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында)" деген жолдар алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Mинистрі