Өсімдіктерді қорғау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 3 шілде N 331-ІІ

Жаңартылған

      Осы Заң өсiмдiктердi зиянкестерден, арамшөптерден және өсiмдiктер ауруларынан қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды және егiн өнiмiн, оның сапасын сақтау мен Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбауға бағытталған.

  1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) зиянды организмдер - топыраққа, өсiмдiкке және ауыл шаруашылық өнiмiне терiс әсер ететiн зиянкестер, арамшөптер және өсiмдiктердiң аурулары;
      2) пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттiк тiркеу - препараттарды биологиялық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалау процесiн аяқтайтын рәсiм, оның нәтижесi бойынша жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында оларды Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарына сәйкес қолдану құқығына тiркеу куәлiгi берiледi;
      3) мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау - уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарын сақтауына бағытталған қызметi;
      4) өсiмдiктердi қорғау - өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдерден ысырабын болғызбау мақсатымен фитосанитариялық мониторинг әдiстерiн, фитосанитариялық iс-шараларды әзiрлеуге және практикада қолдануға бағытталған қызмет саласы;
      5) пестицидтердiң (улы химикаттардың) бастапқы компоненттерi - пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiруге арналған химиялық және басқа да заттар;
      6) пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтердi (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәдеге жаратуға, көмуге немесе жоюға бағытталған iс-шаралар;
      7) ауыл шаруашылық мақсатындағы объектiлер - ауыл шаруашылық және өзге де жерлер, өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiруге, сақтауға және қайта өңдеуге арналған астық сақтау орындары, көкөнiс сақтау орындары, қоймалар, ашық алаңдар, өндiрiстiк және өзге де үй-жайлар;
      8) ерекше қауiптi зиянды организмдер - оқтын-оқтын жаппай көбеюге және таралуға бейiм, экономикалық, экологиялық залал келтiретiн және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiне енгiзiлген зиянкестер мен өсiмдiктер аурулары;
      9) пестицидтердiң (улы химикаттардың) қалдық мөлшерi - өсiмдiк шаруашылығы өнiмi мен қоршаған орта объектiлерiндегi химиялық заттар құрамының мөлшерлiк көрсеткiші, олардың адам мен жануарларға қауiпсiздiгi осы көрсеткiш арқылы бағаланады;
      10) пестицидтер (улы химикаттар) - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдерге қарсы, сондай-ақ егiндi жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсiру және өсiмдiктердiң өсуiн реттеу үшiн пайдаланылатын химиялық, биологиялық және басқа да заттар;
      11) пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану ережелерi - пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану жағдайларының қауiпсiздiгi мен технологияларына қойылатын мiндеттi талаптар;
      11-1) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау) - бастапқы компоненттердiң негiзiнде пестицидтер (улы химикаттар) дайындаудың технологиялық процесi; <*>
      12) өсiмдiк шаруашылығы өнiмi - халықтың - тамақ өнiмдерiне, мал шаруашылығының - жемшөпке және өнеркәсiптiң шикiзатқа деген қажеттерiн қанағаттандыруға арналған өнiм;
      13) пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмi - Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлiп тiркелген пестицидтер (улы химикаттар) тiзбесi;
      14) арнаулы техника - пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдануға арналған құрылғы және (немесе) жабдық;
      15) арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) - тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтердi (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын көмуге арналған сақтау орындары;
      16) уәкiлеттi орган - жеке және заңды тұлғалардың өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметін үйлестiру мен реттеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарының сақталуын мемлекеттiк бақылауды өз өкiлеттiгi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      17) фитосанитариялық ахуал - ауылшаруашылық мақсатындағы объектiлердiң зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң санымен және зиян тигiзуiмен анықталатын қалыптасқан жай-күйi;
      18) фитосанитариялық iс-шаралар - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң саны мен зиян тигiзуiн азайтуды қамтамасыз ететiн шаралар кешенi;
      19) фитосанитариялық нормативтер - фитосанитариялық iс-шаралар көлемiн анықтау үшiн пайдаланылатын белгiленген шамалар параметрлерi;
      20) фитосанитариялық мониторинг - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердi зерттеудi, байқауды, олардың дамуы мен таралуын есепке алуды, сондай-ақ осылардың негiзiнде фитосанитариялық болжам әзiрлеудi қамтитын iс-шаралар жүйесі; <*>
      20-1) фитосанитариялық болжам - фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудiң мерзiмдерi мен көлемдерiн жоспарлау мақсатында зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң ықтимал таралуы мен дамуы дәрежесiн алдын ала айқындау;
      21) зиян тигiзудiң экономикалық шегi - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң ысырабын туғызатын, фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудi қажет ететiн саны.
       Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 584   Заңымен .

       2-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау
             туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының  Конституциясына  негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актерлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

       3-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк
             саясаттың негiзгi мiндеттерi

      Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi мiндеттерi:
      1) елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      2) қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету;
      3) фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу кезiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың) адамдардың денсаулығына зиянды әсерiнiң, ауыл шаруашылық өнiмi, қоршаған орта ластануының алдын алу және оларды болдырмау болып табылады.

  2-тарау. ӨСIМДIКТЕРДI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

       4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өсiмдiктер
             қорғау жүйесi

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өсiмдiктер қорғау жүйесiне:
      1) Қазақстан Республикасының Yкiметi;
      2) уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi;
      3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары;
      4) өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдар;
      5) мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлердi пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар енедi.
       Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

       5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өсiмдiктердi
             қорғау саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретiне:
      1) өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
      2) өсiмдiктердi қорғау саласындағы бағдарламаларды бекiту;
      3) ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту;
      4) өсiмдiктердi қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық енедi.
      5)  алып тасталды
       Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

       6-бап. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң
             құзыретi

      1. Уәкiлеттi органның құзыретiне:
      1) өсiмдiктердi қорғау саласындағы бағдарламаларды әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Yкiметiне табыс ету;
      2) ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметiне табыс ету;
      2-1) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктердi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен бекiту; <*>
      3) пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану ережелерiн әзiрлеу мен бекiту;
      3-1) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және қолдану жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережелерiн әзiрлеу мен бекiту; <*>
      4) пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу сынақтарын және мемлекеттiк тiркеудi жүргiзу ережелерiн әзiрлеу мен бекiту;
      5) Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану құқығына тiркеу куәлiктерiн беру;
      6) пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмiн әзiрлеу, бекiту және жүргiзу;
      7) фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөнiндегi ұсыныстар мен әдiстемелiк нұсқаларды бекiту;
      8) хаттамалар мен нұсқамалар нысандарын, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасау мен шығару тәртiбiн бекiту;
      9) фитосанитариялық iс-шараларды ұйымдастыру;
      10)  алып тасталды - 2006.01.10. N  116  Заңымен.
      11) мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудегi қызметiн үйлестiру;
      12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттiк сатып алуды, оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi ұйымдастыру мен өткiзу, сондай-ақ пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасын жасау;
      13)  алып тасталды - 2006.01.10. N  116  Заңымен.
      14) мемлекеттiк статистиканың орталық атқарушы органымен келiсе отырып, фитосанитариялық нормативтердi, фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiк нысандарын, сондай-ақ оларды табыс ету тәртiбiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен әзiрлеудi ұйымдастыру және бекiту;
      15) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторингтi ұйымдастыру;
      16) пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндiру сынақтарын және мемлекеттiк тiркеудi ұйымдастыру;
      17) өсiмдiктердi қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге тапсырыс берудi ұйымдастыру мен үйлестiру, жүзеге асыру;
      18) бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) фитосанитариялық мониторинг деректерiне және қалыптасатын фитосанитариялық ахуалға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөлу, пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану ережелерiнiң сақталуын бақылау;
      19)  алып тасталды - 2006.01.10. N  116  Заңымен.
      20)  алып тасталды - 2006.01.10. N  116  Заңымен.
      21) халықаралық ұйымдармен және мемлекеттiк органдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру және өсiмдiктердi қорғау саласындағы халықаралық бағдарламаларды iске асыруға қатысу;
      22)  алып тасталды
       23) пестицидтердің (улы химикаттардың) түрлері бойынша запас нормативін және оларды пайдалану тәртібін белгілеу;
      23) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн;
      пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтауды, тасымалдауды және қолдануды;
      фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктi жүргiзу және табыс етудi;
      пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу және өндiру сынақтарын жүргiзудi;
      пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруды және арнаулы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) жай-күйiн;
      лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылау енедi.
      24) мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртібін айқындау;
      25) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды бекіту, өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау бойынша мамандар даярлау және біліктілігін көтеру жөнінде оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келісу енеді.
      2. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретiне оларға уәкілетті орган өз құзыреті шегінде жүктеген функцияларды жүзеге асыру кіреді. 
       Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 584   Заңымен , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N  116   (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңдарымен.

       7-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк
             инспекторлардың құзыретi

      1. Уәкiлеттi органның тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.
      Уәкiлеттi органның тиісті құрылымдық аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары Қазақстан Республикасының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiнiң өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
      Фитосанитариялық бақылауды тiкелей орындайтын уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң өзге де лауазымды адамдары өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының құзыретiне:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
      2) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөнiндегi нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау;
      3) фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктi жүргiзудi ұйымдастыру;
      4) Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау енедi.
      5)  алып тасталды
      3. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының құзыретiне:
      1) тиiстi аумақта мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
      2) жеке және заңды тұлғаларға тиісті аумақта фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөнiндегi нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау;
      3) тиiстi аумақта фитосанитариялық есепке алуды және есептiлiктi ұйымдастыру, жүргiзу және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есептi табыс ету;
      4) тиісті аумақта фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау енедi.
      5)  алып тасталды
      4. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың құзыретiне:
      1) тиiстi аумақта мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру;
      2) фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктi белгiленген нысан бойынша жүргiзу және оларды уәкiлеттi органға табыс ету;
      3) тиiстi аумақта фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау енедi.
      4)  алып тасталды
       Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңдарымен.

       8-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк
             инспекторлардың құқықтары

      1. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың:
      1) Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында олардың фитосанитариялық бақылау объектiлерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кедергiсiз кiруге;
      2) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар шығаруға;
      3) айрықша жағдайларда үш күннен аспайтын мерзiмде сотқа мiндеттi түрде талап арыз бере отырып, аталған мерзiмге жеке және заңды тұлғалардың қызметiн сот шешiмiнсiз тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға құқығы бар. Бұл орайда тыйым салу немесе тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданылады;
      4) жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарын бұзған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауапқа тартуға құқығы бар.
      2. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың iс-әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады.

       9-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
             астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының
             өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретi

      Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өсімдіктерді қорғау саласындағы құзыретіне:
      1) мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      2) өсімдіктерді қорғау саласында халық арасында түсіндіру жұмысын ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг жүргізу жөнінде әдістемелік көмек көрсету;
      3) өсімдіктерді қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер және фитосанитариялық іс-шаралар туралы мүдделі адамдарға ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      4) арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салу, тиісті жағдайда күтіп-ұстау және қолдау;
      5) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау кіреді.
       Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N  116  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       10-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк
              ұйымдар

      1. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдарды Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметтiң мынадай түрлерiн:
      1) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң фитосанитариялық мониторингiн;
      1-1) фитосанитариялық болжамның жасалуын; <*>
      2) тiркеуге ұсынылатын пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрiстiк жағдайларда байқаудан өткiзу үшiн өндiру сынақтарын;
      3) ауыл шаруашылық өнiмiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың), нитраттардың, нитриттердiң және ауыр металдар тұздарының қалдық мөлшерiнiң бар-жоғын тексерудi орындау мақсатында құрады.
      2. Ерекше қауiптi зиянды организмдердiң фитосанитариялық мониторингi мемлекеттiк монополияға жатады.
      3. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдар фитосанитариялық есепке алуды жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға есептiлiктi табыс етедi.
       Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 584   Заңымен .

  3-тарау. ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР 

       Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

      11-бап. Фитосанитариялық мониторинг пен 
              фитосанитариялық iс-шаралар

      Қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингтi жүзеге асыруға және зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен көп зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер анықталған жағдайда фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.

       12-бап. Пестицидтердi сақтау, тасымалдау және қолдану

      1. Пестицидтердi сақтау, тасымалдау және қолдану пестицидтердiң (улы химикаттардың) адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерiнiң болмауын қамтамасыз ететiн жағдайларда жүзеге асырылуға тиiс.
      2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану жағдайларына қойылатын мiндеттi талаптарды мемлекеттiк экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және көлiктiк бақылау органдарымен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган белгiлейдi.

       13-бап. Фитосанитариялық есепке алу және есептiлiк

      1. Қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргiзедi және уәкiлеттi органға фитосанитариялық есептiлiктi табыс етедi.
      2. Фитосанитариялық есептiлiктiң түрлерiн, нысандарын және оларды табыс ету мерзiмдерiн уәкiлеттi орган айқындайды.

       14-бап. Пестицидтердi мемлекеттiк тiркеу

      Пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттiк тiркеу уәкiлеттi орган тiркеу және өндiру сынақтарының қорытындылары бойынша мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келiсе отырып белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
      Мемлекеттiк тiркеуден өткен пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдануға рұқсат етiледi және олар уәкiлеттi орган жүргiзетiн тiзiмге енгiзiледi.
      Мемлекеттiк тiркеуден өтпеген пестицидтердi, сондай-ақ тiркеу, өндiрiстiк сынақтар мен ғылыми зерттеулер үшiн әкелiнетiн тәжiрибелiк үлгiлердi қоспағанда, тiркелмеген пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру үшiн бастапқы компоненттердi өндiруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткiзуге және қолдануға тыйым салынады. Тiркеу, өндiру сынақтары мен ғылыми зерттеулер үшiн әкелiнетiн пестицидтердiң (улы химикаттардың) мөлшерiн уәкiлеттi орган айқындайды.

       14-1-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды)
                залалсыздандыру

      1. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер мен олардың ыдыстары залалсыздандырылуға жатады. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртiбiн уәкiлеттi орган мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келiсе отырып айқындайды.
      2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру үшiн арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) пайдаланылады.
      3. Арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) салуға, сондай-ақ пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруға рұқсатты мемлекеттiк экологиялық бақылау органы бередi.
      4. Аймақтарда арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) орналастырудың орындылығын және олардың санын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары уәкiлеттi органмен және мемлекеттiк экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келiсе отырып айқындайды.

       14-2-бап. Пестицидтердiң (улы химикаттардың)
                запасы

      1. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасы дегенiмiз пестицидтердiң (улы химикаттардың) ұдайы жаңартылып отыратын белгiлi бiр көлемi және ол уәкiлеттi органның қарауындағы (билiгiндегi) мемлекеттiк меншiк болып табылады.
      2. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасы ерекше қауiптi зиянды организмдердiң тосыннан жаппай таралуын жоюға арналған және қалыптасқан фитосанитариялық ахуалды ескере отырып, фитосанитариялық мониторинг негiзiнде бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтер (улы химикаттар) көлемiнен қалыптастырылады.
      3. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) түрлерi бойынша запастың нормативiн және оларды пайдалану тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

       14-3-бап. Фитосанитариялық нормативтер

      1. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық ахуалды өсiмдiк шаруашылығы өнiмiне, ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектiлерге қауiпсiздiгi тұрғысынан сипаттайтын көрсеткiштердiң жол берiлетiн сандық және (немесе) сапалық мәнiн айқындайды.
      2. Фитосанитариялық нормативтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн зерттеулер негiзiнде белгiленедi.
      3. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық iс-шаралар көлемiн объективтi және негiздеп жоспарлауды жүргiзу, сондай-ақ зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң жаппай көбею, таралу және оларды жою мүмкiндiгiн болжау үшiн негiз болып табылады.
      4. Фитосанитариялық нормативтер өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды жүргiзуi үшiн негiз болып табылады.

       14-4-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы ғылыми
                зерттеулердi және өсiмдiктердi қорғау
                жөнiндегі мамандарды даярлау мен олардың
                бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтi
                үйлестiру

      1. Уәкiлеттi орган өсiмдiктердi қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылайды, фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асырудың тәртiбi мен тәсiлдерiн регламенттейтiн зерттеулер нәтижесiнде әзiрленген әдiстердi, әдiстемелердi, ұсыныстарды бекiтедi.
      2. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мамандарды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi оқыту бағдарламалары (оқу бағдарламалары) уәкiлеттi органмен келiсiлуге тиiс.

       14-5-бап. Қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау
                объектiлерiне байланысты жеке және заңды
                тұлғалардың мiндеттерi

      Қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiне байланысты жеке және заңды тұлғалар:
      1) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзуге және зиянды организмдердiң зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен көп дамуы мен таралуына жол бермеуге;
      2) пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану ережелерiн сақтауға;
      3) фитосанитариялық есепке алуды жүргiзуге және уәкiлеттi органға есептiлiктi табыс етуге;
      4) пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеу және өндiру сынақтарын ережелерге сәйкес жүргiзуге;
      5) пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруға және арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) тиiстi жағдайда ұстауға;
      6) қызметтiң лицензияланатын түрлерiне қойылатын талаптарды сақтауға;
      7) Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасына сәйкес өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың ұйғарымдарын орындауға;
      8) өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi инспекторларға олардың Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасын орындауына жәрдемдесуге мiндеттi.

  4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

       Ескерту. 4-тарау жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

       15-бап. Мемлекеттiк фитосанитарлық бақылауға жататын
              объектiлер

      Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлер:
      1) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң тiршiлiк ететiн орындары болып табылатын ауыл шаруашылығына арналған объектiлер, автомобиль жолдарының, темiр жолдардың бөлiнген белдеулерi мен күзет аймақтары және өзге де аумақтар, сондай-ақ өсiмдiктен алынатын өнiм;
      2) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер;
      3) фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу үшiн пайдаланылатын арнаулы техника мен пестицидтер (улы химикаттар);
      4) арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) болып табылады.

       16-бап. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды жүзеге
              асыратын лауазымды адамдар

      1. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жүзеге асырады.
      2. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың:
      1) Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында олардың фитосанитариялық бақылау объектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кедергiсiз кiруге;
      2) жеке және заңды тұлғаларға анықталған Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар шығаруға;
      3) айрықша жағдайларда үш күннен аспайтын мерзiмде мiндеттi түрде сотқа талап-арыз бере отырып, аталған мерзiмге жеке кәсiпкерлердiң және заңды тұлғалардың қызметiн сот шешiмiнсiз тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға құқығы бар. Бұл ретте, тыйым салу немесе тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданылады;
      4) Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасы бұзылған жағдайда жеке және заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауапқа тартуға құқығы бар.
      3. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың iс-әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады.

       17-бап. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылаудың
              мiндеттерi

      Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау:
      1) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiне;
      2) пестицидтердi сақтауға, тасымалдауға және қолдануға;
      3) фитосанитарлық есепке алу мен есептiлiктiң жүргiзiлуiне және табыс етiлуiне;
      4) пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеу және өндiру сынақтарының жүргiзiлуiне;
      5) пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру мен арнаулы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) жай-күйiне;
      6) лицензиялық ережелердiң сақталуына бақылаудан тұрады.

       18-бап. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық
              iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау

      1. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң тiршiлiк ететiн орындары болып табылатын ауыл шаруашылығына арналған объектiлерде, автомобиль жолдарының, темiр жолдардың бөлiнген белдеулерi мен күзет аймақтарында және өзге де аумақтарда, сондай-ақ өсiмдiктен алынатын өнiмдерде зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң болуын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
      2. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау жылына үш реттен аспайтын кезеңдiлiкпен және ұзақтығы екi күннен асырылмай, зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң дамуы мен таралуының оңтайлы мерзiмдерi басталған кезеңде жүргiзiледi.

       19-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау,
              тасымалдау және қолдануды бақылау

      Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдануды бақылау пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану шарттарының технология мен қауiпсiздiктiң мiндеттi талаптарына сәйкестiгi нысанында тексеру жүргiзу кезеңiнде жүзеге асырылады.

       19-1-бап. Фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктiң
                жүргiзiлуiн және табыс етiлуiн бақылау

      1. Фитосанитариялық есептiлiктi табыс етудiң толықтылығы мен уақтылылығы тұрғысында фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктiң жүргiзiлуiн және табыс етiлуiн бақылау ұдайы жүзеге асырылады.
      2. Фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктiң жүргiзiлуiн және табыс етiлуiн бақылау есептiлiктi табыс етудiң белгiленген мерзiмдерiнде үш реттен аспайтын кезеңдiлiкпен және ұзақтығы екi күннен асырылмай жүзеге асырылады.

       19-2-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу және
                өндiру сынақтарының жүргiзiлуiн бақылау

      1. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу және өндiру сынақтарының жүргiзiлуiн бақылау әдiстемелiк орындылығын айқындау үшiн жүргiзiледi.
      2. Тiркеу және өндiру сынақтарын жүргiзу тәртiбiн мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының келiсiмi бойынша уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      3. Тiркеу және өндiру сынақтарының жүргiзiлуiн бақылау оларды жүргiзу кезеңiнде екi реттен аспайтын кезеңдiлiкпен және ұзақтығы екi күннен асырылмай жүзеге асырылады.

       19-3-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды)
                залалсыздандыруды және арнаулы сақтау
                орындарының (көмiндiлердiң) жай-күйiн
                бақылау

      1. Пестицидтердi залалсыздандыруды бақылау фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлерде тыйым салынған, жарамсыз жағдайға келген пестицидтер мен пестицидтердiң ыдыстарын, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) жай-күйiн анықтау үшiн жүзеге асырылады.
      2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртiбiн, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) тиiстi жағдайда ұстау шарттарын мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының келiсiмi бойынша уәкiлеттi орган анықтайды.
      3. Пестицидтердi залалсыздандыруды бақылау жылына екi реттен көп емес кезеңдiлiкпен және екi күннен көп емес ұзақтылықпен дала жұмыстары аяқталғаннан соң жүзеге асырылады.

       19-4-бап. Лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылау

      1. Лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылау лицензияланатын қызметтi жүзеге асыру кезеңiнде, лицензиат пен ол жүзеге асыратын қызметтiң лицензияда көзделген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгі мәнiнде жүргізіледі.
      2. Лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылау лицензияланатын қызметтi жүзеге асыру кезеңiнде жылына екi реттен аспайтын кезеңдiлiкпен және ұзақтығы екi күннен асырылмай жүзеге асырылады.

       19-5-бап. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды
               аяқтау нысаны

      1. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырудың нәтижелерi бойынша тексеру актiсiн жасайды.
      2. Тексеру актiсi үш (Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда - төрт) данада жасалады және оған тексеру жүргiзген тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы қол қояды.
      Актiнiң бiрiншi данасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органға және оның аумақтық органдарына тапсырылады, екiншi данасы тексерiлген жеке немесе заңды тұлғаға қол қойғызылып, берiледi, үшiншiсi тексерген өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторда қалады, ал төртiншiсi мемлекеттiк инспектордың ұйғарымы орындалмаған жағдайда, сотқа талап-арыз ұсыну үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторға жолданады.
      Тексерiлген субъектi тексеру актiсiн қабылдаудан бас тартқан жағдайда, акт хабардар етiлетiн тапсырыс хатпен жолданады.
      3. Тексеру актiсi нөмiрленген, тiгiлген және уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң мөрiмен бекiтiлген болуға тиiс арнайы тiркеу журналында тiркеледi.
      4. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор өз құзыретi шегiнде тексеру нәтижесi бойынша анықталған бұзушылықтардың сипаттамасына байланысты, бұзушылықтарды жою жөнiндегi ұйғарым жасайды, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаулы шығарады немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды және сотқа талап жолдайды.
      5. Анықталған бұзушылық болмаған жағдайда тексеру актiсiне тиiстi белгi қойылады.

  5-тарау. ӨСIМДIКТЕРДI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI ЖӘНЕ ӨСIМДIКТЕРДI ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫ БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПТЫЛЫҚ

       20-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды
              қаржыландыру көздерi

      1.  алып тасталды
      Бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын iс-шаралар:
      1) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер мекендейтiн орындарды анықтау жөнiндегi фитосанитариялық мониторинг жүргiзудi;
      2) ерекше қауiптi зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу жүргiзу үшiн пестицидтер (улы химикаттар) сатып алуды, сондай-ақ пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасын қалыптастыруды, сақтауды және жаңартуды;
      3) пестицидтердi (улы химикаттарды) кедендiк ресiмдеудi, сақтауды және жұмыстар орындалатын орындарға жеткiзудi;
      4) ерекше қауiптi зиянды организмдер зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен көп мекендейтiн орындарға химиялық өңдеу жүргізуді;
      5) бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруды жүргiзудi;
      6) өсiмдiктердi қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзудi;
      7) арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) ұстау, салу және жөндеудi қамтиды.
      2.  алып тасталды
      3. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлер иелерiнiң қаражаты есебiнен уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мынадай фитосанитариялық iс-шаралар:
      1) өз қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың нұсқамасы бойынша залалсыздандыру;
      2) зиянды организмдерге фитосанитариялық iс-шаралар жүргiзу;
      3) ауыл шаруашылық өнiмiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың) қалдық мөлшерiнiң бар-жоғын тексеру жүргiзiледi.
      4. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу және өндiру сынақтары уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрушiлердiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
       Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 584   Заңымен , 2004.12.20.  N 13  Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

       21-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау
              туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

      1. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.  ҚР ҚК  (280-бап);  ҚР ӘҚБК  (294-296, 307-309-баптар).
      2. Айыппұлдар салу не өзге де жаза қолдану кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген тәртіппен залалды өтеуден босатпайды.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті