Қарсы күрес жүргізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдер тізбесін және Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 217 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 540 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.08.2020 № 540 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) қарсы күрес жүргізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдер тізбесі;

      2) Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 наурыздағы
№ 217 қаулысымен
бекітілген

Қарсы күрес жүргізу бюджет қаражаты есебінен
жүзеге асырылатын зиянды организмдер тізбесі

      1. Көп қоректі зиянкестер:

      1) саяқ шегіртке тұқымдастар (тәлімі жер шегірткесі, кіші айқышты саяқ шегіртке, дала атшығы, Фишер саяқ шегірткесі, саяқ шегірткелер: атбасарлық, ақ жолақты, қанатсыз немесе жаяу, айқышты, сібірлік, далалық, қара қанатты, қара жолақты);

      2) шалғын көбелегі.

      2. Бидай зиянкестері:

      бидай трипсі.

      3. Күріш зиянкестері:

      жағалау шыбыны.

      4. Мақта, жүгері зиянкестері:

      карадрина.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 наурыздағы
№ 217 қаулысымен
бекітілген

Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі
іс-шараларды жүргізу ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі және "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі - жергілікті орган) тиісті қаржы жылына арналған бюджетінде көзделген қаражат есебінен және шегінде жергілікті өкілді орган бекіткен облыстық (Астана және Алматы қалалары) бюджеттік бағдарлама шеңберінде зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Бюджет қаражаты есебінен зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі, "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі және "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына сәйкес жергілікті органның тиісті шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.11.2016 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - орталық) алдыңғы жылы жүргізген жазғы-күзгі зерттеулер негізінде растайтын тиісті облыс (Астана және Алматы қалалары) аумағында зиянды организмдер бойынша болжанып отырған өңдеу көлемі зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі тиісті бюджеттік бағдарлама енгізуге негізгі өлшем болып табылады. Зиянды организмдер бойынша өңдеу көлемін болжау үшін қызметі ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілерге байланысты жеке және заңды тұлғалардың да (бұдан әрі - субъектілер) мониторингілік іс-шаралар деректері ескеріледі.

      4. Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізуге арналған бюджет қаражаты зиянды организмдермен экономикалық зияндылық шегінен (бұдан әрі - ЭЗШ) жоғары мекенделген және (немесе) залалданған алқаптарды химиялық өңдеу жөніндегі қызметтерді сатып алуға арналады.

      Зиянды организмдермен мекенделуді зерттеуді субъектілер, ал босалқы жерлерде орталық Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекітетін Ауыл шаруашылығы алқаптарының зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерді есептеу және анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтарға (бұдан әрі - әдістемелік нұсқаулықтар) сәйкес жүргізеді. Химиялық өңдеуге жататын алқап ЭЗШ-нің мына көрсеткіштеріне сәйкес айқындалады:

      саяқ шегіртке тұқымдастар - 1 шаршы метрге 8-10 екі-үш жасар дернәсіл;

      шалғын көбелегі - көктемде өскінде және жас өсімдіктерде - 1 шаршы метрге 5-10 жұлдызқұрт, ал жазда - 1 шаршы метрге 20-дан астам жұлдызқұрт;

      бидай трипсі - түтіктену-масақтанудың бас кезеңінде - бір сабаққа 10 трипс имагосы, дәнектің қалыптасуы кезеңінде - бір масаққа 45-50 дернәсіл;

      жағалау шыбыны - күріш өскінінің 1 шаршы метріне 40 дернәсіл;

      карадрина - 50 пайыздық мекендеу кезінде бір өсімдікке 1-2 жұлдызқұрт немесе 30 пайыздық мекендеу кезінде бір өсімдікке 3 жұлдызқұрт.

2. Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі
іс-шараларды жүргізу тәртібі

      5. Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар:

      1) зиянды организмдер мекендейтін орындарды анықтау жөнінде фитосанитариялық мониторинг жүргізуді;

      2) зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу жүргізу үшін пестицидтер (улы химикаттар) сатып алуды;

      3) пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауды және жұмыстар орындалатын орындарға дейін жеткізуді;

      4) зиянды организмдер ЭЗШ-ден көп мекендейтін орындарға химиялық өңдеу жүргізуді қамтиды.

      6. Зиянды организмдер мекендейтін орындарды анықтау жөніндегі фитосанитариялық мониторингті зиянды организмдердің дамуы мен таралуы кезеңінде орталық тұрақты негізде әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырады.

      7. Зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу жүргізу үшін пестицидтер (улы химикаттар) сатып алуды химиялық өңдеулерді жүргізу алдында химиялық өңдеу жөніндегі қызметтерді өнім берушілер (бұдан әрі - өнім берушілер) жүзеге асырады.

      8. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауды және жұмыстар орындалатын орындарға дейін жеткізуді химиялық өңдеулерді жүргізу алдында өнім берушілер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы № 515 қаулысымен бекітілген "Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентіне сәйкес жүзеге асырады.

      9. Зиянды организмдер ЭЗШ-ден көп мекендейтін орындарға химиялық өңдеу жүргізуді зиянды организмдердің түрлері бойынша өңдеулердің оңтайлы мерзімдерінде өнім берушілер мекендеу орындарын авиация немесе жер үсті тәсілімен бүрку арқылы жүзеге асырады.

      10. Зиянды организмдерге қарсы күресті әр түрі бойынша жүргізуге арналған бюджет қаражаты орталық беретін, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық (Астана және Алматы қалалары) аумақтық инспекциясымен (бұдан әрі - ауминспекция) келісілген және облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі - басқарма) бекітетін болжанып отырған өңдеу көлемдері негізінде жоспарланады.

      11. Зиянды организмдерге қарсы фитосанитариялық іс-шаралар Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтермен (улы химикаттармен) жүзеге асырылады.

      12. Зиянды организмдермен ЭЗШ-ден жоғары мекенделген және (немесе) залалданған алқаптарды химиялық өңдеу жөніндегі қызметтерді сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес басқарма жүзеге асырады. Бұл ретте пестицидтерді (улы химикаттарды) сатып алуды, тасымалдауды, сақтауды және пайдаланылған пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстарын кәдеге жаратуды өнім берушілер жүзеге асырады.

      13. Зиянды организмдердің, қорғалатын дақылдың және (немесе) екпелердің даму фенологиясын есептеу жөніндегі жүйелік байқаулар негізінде орталықтың филиалдары субъектілерді, әкімдіктерді, облыстық (Астана және Алматы қалалары) және аудандық ауминспекцияларды аумақтарға зерттеу жүргізу қажеттілігі және қорғау іс-шараларын жүргізу мерзімдері туралы жедел құлақтандыру (сигналдық хабарлау) жүргізеді.

      14. Көктемгі-жазғы зерттеулер кезеңінде өз аумақтарында зиянды организмдерді есепке алу мен анықтауды субъектілер әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырады. Босалқы жерлерде зиянды организмдерді есепке алу мен анықтауды орталық филиалдарының мамандары жүргізеді. Тиісті жылы зиянды организмдермен ЭЗШ-ден жоғары мекенделген және (немесе) залалданған нақты алқап осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зерттеу актілерімен (бұдан әрі - зерттеу актісі) расталады.

      15. Мониторингті зерттеу мен фитосанитариялық іс-шараларды бақылауды облыстық (Астана және Алматы қалалары) және аудандық ауминспекциялар жүзеге асырады.

      16. Зерттеу актісіне басқарма бастығының бұйрығымен құрылған мынадай құрамдағы комиссия (бұдан әрі - комиссия): комиссия төрағасы - ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің (бұдан әрі - бөлім) бастығы (немесе оның орынбасары), комиссия мүшелері - басқарма маманы, бөлім маманы, ауылдық округ әкімдігінің өкілі және субъектінің өкілі зерттеу аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қол қояды. Бұл ретте босалқы жерлерді зерттеу кезінде комиссия құрамына орталықтың және жер қатынастары саласындағы жергілікті уәкілетті органның өкілдері енгізіледі.

      17. Химиялық өңдеулердің биологиялық тиімділігі айқындалғаннан кейін осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зиянды организмдерге қарсы күрес жүргізу жөніндегі көрсетілген қызметтерді бағалау актісі (бұдан әрі - бағалау актісі) жасалады. Бағалау актісі бес данада жасалып, оған комиссия мен субъектінің өкілі бес жұмыс күні ішінде қол қояды және олардың әрқайсысының бірдей заң күші бар. Бұл ретте бір данасы облыстық (Астана және Алматы қалалары) ауминспекцияға, біреуі - өнім берушіге, біреуі - басқармаға, біреуі - бөлімге, біреуі - субъектіге беріледі.

      18. Бағалау актілерінің көшірмелерін өнім берушілер оларға қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде басқармаға береді.

      19. Зиянды организмдерге қарсы күрес жүргізуге арналған бюджет қаражатын төлеу осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зиянды организмдерге қарсы күрес жүргізу жөнінде көрсетілген қызметтер актісінің (бұдан әрі - көрсетілген қызметтер актісі) негізінде жүзеге асырылады. Көрсетілген қызметтер актісі бағалау актісі негізінде жасалады және оған басқарма бастығы мен өнім беруші бес жұмыс күні ішінде қол қояды.

      20. Тиесілі сомаларды өнім берушілердің ағымдағы шоттарына аудару төлемдер бойынша облыстық (Астана және Алматы қалалары) бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарларына сәйкес көрсетілген қызметтер актісін ұсынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      21. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері аумақтық қазынашылық бөлімшесіне берілетін құжаттарда көрсетілген деректердің шынайылығы үшін жауап береді.

      22. Бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне қол жеткізілмегені үшін бюджет қаражатын алған және пайдаланып отырған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

  Зиянды организмдерге қарсы күрес
жөніндегі іс-шараларды жүргізу
ережесіне
1-қосымша

Зерттеу актісі

      ___________________________ 20__ жылғы "__"___________ №_____

      (акт жасалған орын)

      ____________________________________________________________ құрылған

      (кімнің шешімімен құрылғаны, шешімнің күні мен нөмірі көрсетілсін)

      мынадай құрамдағы Комиссия:

      Комиссия төрағасы, _________________________________________________,

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      Комиссия мүшелері: _________________________________________________,

      ____________________________________________________________________,

      ____________________________________________________________________,

      сондай-ақ шаруашылық өкілі* ________________________________________,

      (шаруашылықтың атауы, Т.А.Ә.)

      төмендегідей туралы осы Актіні жасады.

Ауылдық округтің атауы

Зиянды организмнің атауы

Зерттелген алқап, га

Мекенделген және (немесе) залалданған алқап, га

Өңделуі тиіс, га

барлығы

экономикалық зияндылық шегінен жоғары

1

2

3

4

5

6







Барлығы







      Комиссия төрағасы _____________________________

      (қолы, Т.А.Ә.)

      Комиссия мүшелері _____________________________

      (қолы, Т.А.Ә.)

      _____________________________

      _____________________________

      Субъектінің өкілі* _____________________________

      (қолы, Т.А.Ә.)

      Ескертпе: * - босалқы жерлерді зерттеу кезінде орталықтың өкілі мен жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның өкілі қол қояды

  Зиянды организмдерге қарсы күрес
жөніндегі іс-шараларды жүргізу
ережесіне
2-қосымша

Зиянды организмдерге қарсы күрес жүргізу жөнінде көрсетілген
қызметтерді бағалау актісі

      ___________________________ 20__ жылғы "__"___________ №_____

      (акт жасалған орын)

      ____________________________________________________________ құрылған

      (кімнің шешімімен құрылғаны, шешімнің күні мен нөмірі көрсетілсін)

      мынадай құрамдағы Комиссия:

      Комиссия төрағасы, _________________________________________________,

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      Комиссия мүшелері: _________________________________________________,

      ____________________________________________________________________,

      ____________________________________________________________________,

      сондай-ақ Өнім беруші ______________________________________________,

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      Өнім беруші 20__ жылғы "__"__________________ №______ Шартқа сәйкес

      _____________________________ жерлерде ______________________________

      (жерлердің санаты) (аудан атауы)

      __________________________ қарсы _______(___________________________)

      (зиянды организмнің атауы)

      гектар алқапта 1 гектарына ________ теңге бағамен____(______________)

      теңге сомасына химиялық өңдеу жөніндегі қызметтерді көрсеткендігі

      туралы қорытынды жасады.

Ауылдық округтің атауы

Қолданылатын пестицид (сауда атауы)

Шығыс нормасы, л/га, кг/га

Саны, л, кг

Өңдеу алқабы, га

Қызметтер көрсетілген мерзімдер

Биологиялық тиімділігі, %

1

2

3

4

5

6

7








Барлығы








      Көрсетілген қызметтерге наразылық жоқ (наразылықтар болған

      жағдайда - көрсетілсін) _________________________________________

      Комиссия төрағасы _____________________________

      (қолы, Т.А.Ә.)

      Комиссия мүшелері _____________________________

      (қолы, Т.А.Ә.)

      _____________________________

      _____________________________

      Қызметтерді көрсетушіден _____________________________

      (қолы, Т.А.Ә.)

  Зиянды организмдерге қарсы күрес
жөніндегі іс-шараларды жүргізу
ережесіне
3-қосымша

Зиянды организмдерге қарсы күрес жүргізу жөнінде көрсетілген
қызметтер актісі

      ___________________________ 20__ жылғы "__"___________ №_____

      (акт жасалған орын)

      ______________ облысы әкімдігінің 20__ "__"_____________ №_____

      қаулысымен бекітілген Басқарма туралы ережеге сәйкес ________________

      облысы ауыл шаруашылығы басқармасы атынан Бастық, Тапсырыс беруші

      және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын Жарғы (20__ жылғы "__"_______

      №____ сенімхат) негізінде қызмет ететін _____________________________

      (Өнім берушінің толық атауы)

      атынан _____________________ төменде келтірілген Зиянды организмдерге

      (Т.А.Ә., лауазымы)

      қарсы күрес жүргізу жөнінде көрсетілген қызметтерді бағалау

      актілеріне сәйкес __________________ ауданында(дарында) төмендегідей

      туралы осы Актіні жасады.

      Өнім беруші мен Тапсырыс беруші арасында жасалған 20__ жылғы

      "__"______ №__ шартқа сәйкес ол мынадай сипаттағы қызметтер көрсетті:

Көрсетілген қызметтерді бағалау актілерінің №

Аудан, ауылдық округ

Акт бекітілген күн

Көрсетілген қызметтер көлемі, га

1 га өңдеу бағасы, теңге

Актілер бойынша сома, теңге

1

2

3

4

5

6







Барлығы







      Барлығы _________(________________) га алқапта жалпы сомасы

      _________(____________________________) теңгеге қызметтер көрсетілді.

      Қызметтер толық көлемде Шартта айтылған мерзімдерде көрсетілді және талап етілетін сапа көрсеткіштеріне сәйкес келеді. Көрсетілген қызметтерге наразылық жоқ (наразылықтар болған жағдайда — көрсетілсін)

      _____________________________________________________________________

      1. Көрсетілген қызметтердің жалпы құны ___________________

      2. Аванс сомасы ___________________

      3. Алдында актіленген сомалар ___________________

      4. Төленуге тиісті _________________ (_________________) теңге.

      Басқарма үшін Өнім беруші үшін

      _______________ Т.А.Ә. _______________ Т.А.Ә.

      М.О. М.О.