Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 73 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 ақпанда № 16346 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабы 1-тармағына, 148-бабының 3-тармағына, 180-бабының 7-тармағына, 182-бабының 9-тармағына, 185-бабының 5-тармағына, 187-бабының 11-тармағына, 190-баптың 4 және 9-тармақтарына, 192-бабының 4-тармағына, 194-бабының 10-тармағына, 536-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 08.11.2021 № 1150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 73 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 15.06.2020 № 594 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 1-тармағына, 148-бабының 3-тармағына, 180-бабының 7-тармағына, 182-бабының 9-тармағына, 185-бабының 5-тармағына, 187-бабының 11-тармағына, 190-баптың 4 және 9-тармақтарына, 192-бабының 4-тармағына, 194-бабының 10-тармағына, 536-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің және облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазарту мемлекеттік қызметін көрсету кезіндегі іс-қимылдарының дәйектілігін айқындайды

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 08.11.2021 № 1150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Тауарларды кедендік тазарту" мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті және оның облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі –қызмет беруші) "АСТАНА-1" Кедендік және салықтық әкімшілдендіруді автоматтандыру жүйесі" (бұдан әрі – АЖ) арқылы көрсетеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 08.11.2021 № 1150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Тауарларды кедендік тазартуды лауазымдық (функционалдық) міндеттерге сәйкес мұндай кедендік операцияларды жүргізуге уәкілетті қызмет берушінің лауазымды тұлғасы (бұдан әрі – уәкілетті лауазымды тұлға) жүзеге асырады және кеден декларациясында тауарларға арналған декларация түрінде қызмет берушіге тапсырылған сәттен басталады және тауарларды шығарумен аяқталады.

      4. Электронды түрдегі кедендік декларациялау осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес электрондық құжат түрінде тауарларға арналған декларацияны (бұдан әрі - ЭТД) пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      5. Жазбаша нысандағы кедендік декларациялау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органында қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі тауарларға арналған декларацияны (бұдан әрі – ТД) пайдалана отырып, осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 08.11.2021 № 1150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Кодекстің 393-бабының 5-тармағына сәйкес тауарларды кедендік декларациялау кезінде кедендік бақылау тек кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолдануы тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі негізінде ғана жүзеге асырылады.

      7. Тауарларды кедендік тазарту кезінде оның нысанына қарамастан, декларант немесе кеден өкілі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушының) Кодекстің 180-бабының 2-тармағында жағдайларды, немесе Кодекстің 180-бабының 3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған жағдайлардағы тауарларды қоспағанда, қызмет аймағында кедендік бақылаудағы тауарлар бар қызмет берушіге тауарлардың декларациясын береді.

      8. ЭТД оны толтырғаннан кейін, сондай-ақ осы Қағидаларда айқындалған жағдайларда электрондық түрде ұсынылған, онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады.

      9. Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының ЭТД мәртебесі (берілді, қабылданды, тіркелді, тіркеуден бас тартылды, шығаруға рұқсат берілді, шығару тоқтатыла тұрды, кері қайтарып алынды, шартты шығару) туралы хабардар етуге байланысты қызмет берушінің іс-әрекеттері нақты уақыт режимінде ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.

      Қызмет беруші АЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес мынадай:

      лауазымды тұлғаның қатысуынсыз тауарларды шығаруға (бұдан әрі – автоматты шығару);

      тауарларды шығарудан бас тартуға;

      тауарларды шығаруды жоюға байланысты электрондық құжаттарды қалыптастырады және жібереді.

      10. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша қызмет беруші өтініш түскен сәттен бастап 30 (отыз) минуттан кешіктірмей тауарларға арналған декларацияның қағаз данасы оның электрондық түрінен басып шығарылады.

      Бұл ретте, тауарларды шығаруды жүзеге асырған уәкілетті лауазымды тұлға мұндай тауарларға арналған декларацияға тауарларды шығару туралы белгі қояды және тауарларды автоматты шығаруды қоспағанда, жеке нөмірлік мөрмен растайды.

      Тауарлардың автоматты түрде шығару кезінде тауарларды шығару туралы белгіні тауарларды шығару жүзеге асырылған қызмет беруші қояды.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет берушіге не www.egov.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) тауарларға арналған декларацияны ұсынады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Тауарларды кедендік тазарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар топтамасын қабылдаған адамның күні, уақыты, қолы, тегі және аты-жөні көрсетілген өтініштің көшірмесіндегі белгі көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша нысанда берілген құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы өтініш түскен жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттар мен мәліметтерді сұратуға жол берілмейді.

      Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші істен шыққан сәттен бастап дереу мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштің тіркеу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), көрсетілетін қызметті алушының атауы, қатеге әкеп соқтыратын іс-қимылдар реттілігінің сипаттамасы бойынша ақпаратты, жүйенің істен шығуын растайтын скриншоттарды міндетті түрде ұсына отырып e-okno@mgd.kz электрондық пошта арқылы қолдау қызметіне сұрау жолдайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 08.11.2021 № 1150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Уәкілетті лауазымды тұлғаның қатысуынсыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі арқылы ЭТД тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі

1-параграф. Электронды түрде кедендік декларацияны қолдана отырып, тауарларды кедендік тазарту кезіндегі уәкілетті лауазымды тұлғаның іс-әрекеті

      13. ЭТД беруге, тіркеуге немесе тіркеуден бас тартуға байланысты кедендік операциялар Еуразиялық экономикалық комиссиясы (бұдан әрі – ЕЭК) Алқасының 2014 жылғы 2 шілдедегі № 98 шешімімен бекітілген, Тауарларға арналған декларацияларды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі –Тауарларға арналған декларацияларды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы нұсқаулық) сәйкес жүзеге асырылады, ал Тауарларға арналған декларацияларды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы нұсқаулықта реттелмеген бөлігінде осы тараудың ережелері қолданылады.

      14. ЭТД тіркеу немесе тіркеуден бас тарту Кодекстің 148-бабы 3-тармағына сәйкес уәкілетті лауазымды тұлғаның қатысуынсыз көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы (бұдан әрі – ЭТД автоматты түрде тіркеу) жүзеге асырады.

      15. ЭТД беру күні мен уақытын көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы тіркейді.

      Бұл ретте, Кодекстің 181-бабында белгіленген ЭТД беру мерзімдерін бақылауды АЖ арқылы көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

      Мерзімдерді бұза отырып ЭТД берілген жағдайда, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚбК) 538-бабында көзделген шаралар қолданылады.

      16. ЭТД беру Кодекстің 180-бабының 7-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушіге онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды табыс етумен сүйемелденбейді.

      17. ЭЦҚ-ны көрсетілетін қызметті алушы, мемлекеттік кірістер органы АЖ арқылы тіркегенге дейін, формат-логикалық бақылау арқылы Кодекстің 182-бабының 5-тармағына сәйкес ЭТД тіркеуден бас тартуға негіздердің жоқтығы тексеріледі.

      Форматтық-логикалық бақылау нәтижесінде ЭТД бойынша қателерді беру кезінде АЖ-да тиісті хабарлама бейнеленеді.

      ЭТД тіркеуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы тауарларға арналған декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы нұсқаулыққа сәйкес ЭТД тіркеуден бас тартуды жүзеге асырады.

      18. ЭТД тіркеуді көрсетілетін қызметті беруші тіркелген ЭТД мәртебесі туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға жібере отырып, АЖ арқылы жүзеге асырады.

2-параграф. Тауарлар шығарылғанға дейін тауарларға арналған декларация тіркелгеннен кейін кедендік операцияларды жасау кезіндегі уәкілетті лауазымды тұлғаның іс-әрекеті

      19. ЭТД тіркелгеннен кейін онда мәлімделген мәліметтерді тексеру үшін көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету шараларын айқындау мақсаттары үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолданады.

      20. Құжаттардың, құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) оларда Кодекстің 179-бабында көрсетілген мәліметтердің болуын тексеру Кодекстің 146-бабы 2-тармағына сәйкес АЖ арқылы жүзеге асырылады.

      Тыйым салулар мен шектеулердің қолданылуына жататын тауарлар болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" ЛМДБ АЖ) және "Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе" (бұдан әрі –"Е-терезе" АЖ) қамтылған тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар туралы ақпаратпен көрсетілетін қызметті алушы ЭТД-да мәлімдеген мәліметтердің дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады.

      "Е-лицензиялау" ЛМДБ АЖ-да тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар және (немесе) мәліметтер болмаған жағдайда Е-терезе АЖ уәкілетті лауазымды тұлға рұқсат беру құжаттары туралы мәлімделген мәліметтердің сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады:

      мұндай мәліметтерді Кодекстің 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде көрсетілетін қызметті берушінің АЖ қамтылған деректермен салыстыру;

      мұндай мәліметтерді Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі - ЕАЭО) мүше мемлекеттердің оларды беруге жауапты мемлекеттік органдарының (ұйымдарының) ресми ақпарат көздерінде көрсетілген осындай құжаттар туралы (мұндай құжаттардан алынған) мәліметтермен салыстыру;

      мұндай мәліметтерді тиісті, оның ішінде ЕАЭО техникалық регламентінің талаптарына тауарлардың сәйкестігін растайтын құжаттардың бірыңғай тізілімімен байланысты ақпараттар жарияланатын, Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында орналастырылатын ақпараттармен салыстыру арқылы рұқсат беру құжаттары туралы мәлімделген мәліметтердің сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

      Егер, Кодекстің 146-бабы 2-тармағына сәйкес уәкілетті лауазымды тұлғаның АЖ арқылы осындай құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) осындай құжаттардан мәліметтерді ала алмаса, онда қызметті алушы осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес осындай құжаттарды табыс етеді.

      21. Тәуекелдерді басқару жүйесі кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету шараларын айқындау кезінде, уәкілетті лауазымды тұлға осындай шараларды қолданады.

      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушыға тәуекелдерді басқару жүйесінде тәуекелдерді азайту жөніндегі шаралардың тағайындалғаны туралы хабарлама жолдайды.

      22. әуекелдерді басқару жүйесінде айқындалған тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды қолдануды уәкілетті лауазымды тұлға мынадай ережелерді ескере отырып жүзеге асырады:

      1) кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру нысаны түрінде кедендік бақылауды жүргізу кезінде көрсетілетін қызметті алушыға АЖ арқылы ЭТД-да мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсыну туралы сұрау салу жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын құжаттарды тексеруді Кодекстің 410-бабына және осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес уәкілетті лауазымды тұлға жүзеге асырады.

      Құжаттар ұсынылған және тауарлар шығарылғанға дейін оларды тексеру аяқталған, не кедендік бақылау нәтижелері өзге нысандарда, оның ішінде тауарлардың кедендік сараптамасында тексерілетін мәліметтердің анықтығын және (немесе) толықтығын растаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Кодекстің 192-бабына сәйкес тауарларды шығаруды жүргізеді.

      Егер құжаттарда мәліметтер болмаса немесе кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшеріне әсер ететін ЭТД-да мәлімделген мәліметтерді тиісті түрде растамаса, уәкілетті лауазымды тұлға АЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушыға Кодекстің 195-бабының талаптарын сақтай отырып, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну шартымен тауарларды шығаруды жүргізу мүмкіндігі туралы хабардар етеді.

      Бұл ретте, уәкілетті лауазымды тұлға АЖ арқылы көрсетілетін қызмет алушыға "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінің есебі туралы" ЕЭК Алқасының 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 112 шешімімен белгіленген нысан бойынша кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінің есебін жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын көрсетілген қамтамасыз етуді енгізген кезінде уәкілетті лауазымды тұлға АЖ арқылы кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеуді жүргізеді және Кодекстің 195-бабына сәйкес кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталғанға дейін тауарларды шығаруды жүзеге асырады.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға АЖ арқылы тауарларды шығару туралы және Кодекстің 409-бабының 4 және 8-тармақтарына сәйкес тауарларды шығарғанға дейін, шығарғаннан кейін басталған кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді жалғастыру туралы хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынбаған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 410-бабы 2-тармағына сәйкес ЭТД тіркеген күннен кейінгі келесі жұмыс күні аяқталғанға дейін төрт сағаттан кеш емес мерзімде АЖ арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды шығарудан бас тарту туралы электрондық құжатты жіберу жолымен тауарларды шығарудан бас тартуды жүзеге асырады.

      Егер кедендік бақылау жүргізу кезінде ЕАЭО кеден заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 9) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарына сәйкес олар жойылған кезде тауарларды шығарудан бас тарту үшін негіз болмайды және көрсетілетін қызметті беруші осындай бұзушылықтарды жою үшін ЭТД мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) қажеттігін айқындаған, көрсетілетін қызметті берушінің талап етуі бойынша осындай мәліметтерді Кодекстің 193-бабы 3 және 6-тармақтарында белгіленген тауарларды шығару мерзімі шегінде көрсетілетін қызметтерді алушы өзгертеді (толықтырады);

      2) уәкілетті лауазымды тұлға кедендік сараптаманы жүргізуі кезінде Кодекстің 54-тарауында, сондай-ақ осы Қағидалардың 35-тармағында айқындалған әрекеттерді жүзеге асырады.

      3) тауарлар туралы мәлімделген мәліметтердің зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімінде және ЕАЭО мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімінде қамтылған мәліметтерге, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіге зияткерлік меншік құқықтары бұзылған тауарларды анықтауға мүмкіндік беретін, жоғарыда көрсетілген зияткерлік меншік объектілерінің тізіліміне енгізілмеген тауарлар туралы қосымша мәліметтерге сәйкестігін тексеру жүргізу кезінде уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 198 және 199-баптарына сәйкес зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарын қорғау бойынша шараларды қабылдайды, сондай-ақ осы Қағидалардың 36-тармағында айқындалған әрекеттерді жасайды;

      4) тауарларды кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу кезінде уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 413-бабы 2-тармағына сәйкес тауарларды кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу бойынша әрекеттерді жүзеге асырады.

      Уәкілетті лауазымды тұлға АЖ арқылы тауарларды кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу үшін кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) (ол болған кезде) жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар мамандандырылған (қарап тексеру тобына) бөлімшеге хабарлама жолдайды.

      Тауарларға кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу кезінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға қызмет берушінің басшысына не оны алмастырушы тұлғаға анықталған бұзушылықтар туралы дереу жазбаша түрде хабарлайды және ӘҚбК-ге сәйкес шаралар қабылдайды.

      Тауарларға кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) нәтижелері бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар бұзушылықтар анықталған кезде, уәкілетті лауазымды тұлға қаржы мониторингі органының қылмыстық құқық бұзушылықтарды қарауға байланысты мәселелер құзыретіне кіретін тиісті бөлімшесіне осындай бұзушылықтар туралы ақпаратты береді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 08.11.2021 № 1150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23.Тауарларға кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) нәтижелері бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар бұзушылықтар анықталған кезде, уәкілетті лауазымды тұлға қаржы мониторингі органының қылмыстық құқық бұзушылықтарды қарауға байланысты мәселелер құзыретіне кіретін тиісті бөлімшесіне осындай бұзушылықтар туралы ақпаратты береді.

      24. Тәуекелдерді басқару жүйесінде айқындалған тәуекелдерді азайту жөніндегі шараларды қолдану нәтижесі бойынша уәкілетті лауазымды тұлға көрсетілетін қызмет берушінің АЖ тәуекелдерді азайту жөніндегі қабылданған шаралардың нәтижелері туралы есепті толтырады.

      Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың төленуін бақылауды осы Кодекстің 398-бабына сәйкес АЖ арқылы көрсетілетін қызметті беруші жүргізеді.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеу шартының сақталуын тексеруді көрсетілетін қызмет беруші АЖ арқылы тауарларды шығарғаннан кейін есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеу шартының сақталуына тексеру жүргізу туралы хабарлама қалыптастыру жолымен, тауарларды шығарғаннан кейін бақылауды жүзеге асыратын бөлімшеге осындай хабарлама жолдай отырып жүзеге асырады.

      25. Тәуекелдерді азайту жөніндегі шаралар болмаған кезде, уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 192-бабына сәйкес тауарларды шығаруды жүзеге асырады.

      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушыға АЖ арқылы осы Қағидалардың 32-тармағына сәйкес тауарларды шығару туралы хабарлама жолданады.

3-параграф. Егер тауарлардың шығарылған жері, тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) олардан алынатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің алуы мүмкін болмаса, мұндай құжаттарды бақылау тәртібі

      26. Көрсетілетін қызметті алушы тауарлардың шығарылған жері туралы мәліметтерді ЭТД мәлімдеген кезде, мұндай мәліметтер ЭТД бергенге дейін немесе берілгеннен кейін тауарларды шығарғанға дейін олардың түпнұсқаларын табыс ету жолымен расталады.

      Көрсетілетін қызметті алушы тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы туралы мәліметтерді ЭТД мәлімдеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы ЭТД бергенге дейін немесе берілгеннен кейін тауарларды шығарғанға дейін көрсетілген құжаттарды электрондық түрде (көшірмелерін сканерлеп) тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарды ұсынады.

      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы қызметті алушыға осындай құжаттардың және (немесе) құжаттар туралы мәліметтердің болмауы туралы хабарлама жолдайды.

      27. Көрсетілетін қызметті алушы АЖ арқылы құжаттардың және (немесе) құжаттар туралы мәліметтердің болмауы туралы хабарламаны алғаннан кейін, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 26-тармағында айқындалған түрінде, Кодекстің 193-бабында көрсетілген мерзімнен кешіктірмей оларды уәкілетті лауазымды тұлғаға табыс етеді.

      28. Егер көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес құжаттарды табыс етпеген жағдайда, Кодекстің 201-бабына сәйкес уәкілетті лауазымды тұлға тауарларды шығарудан бас тартады.

      29. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 27-тармағында айқындалған құжаттарды ұсынған кезде, уәкілетті лауазымды тұлға осындай құжаттарды ЭТД-да олар туралы мәлімделген мәліметтерге сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және олар расталған жағдайда, осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген әрекеттерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 08.11.2021 № 1150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-параграф. Электрондық нысанда тауарларды кедендік декларациялау кезінде тауарларды шығаруға байланысты уәкілетті лауазымды тұлғаның іс-әрекеттері

      30. Уәкілетті лауазымды тұлға тауарларды шығаруды Кодекстің 193-бабында белгіленген мерзімде, көрсетілетін қызметті алушы осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағына сәйкес мәлімделген кедендік рәсіммен тауарларды орналастыру үшін ұсынған шарттарда, сондай-ақ Кодекстің 201-бабында белгіленген тауарларды шығарудан бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жүзеге асырады.

      Тауарларды шығару "Тауарларды шығаруға байланысты кейбір мәселелер туралы" ЕЭК Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 188 шешімімен (бұдан әрі - Тауарларды шығару туралы тәртібі) бекітілген тауарларды шығарумен, тауарларды шығарудың мерзімін тоқтата тұрумен, тауарларды шығарудан бас тартумен және тауарлардың шығарылуын жоюмен байланысты кедендік операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

      31. ЭТД автоматты түрде тіркеуден өткен кезде, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесінде айқындалған тәуекелдерді азайту жөніндегі ұсыныстар болмаған кезде қызмет беруші АЖ арқылы тауарларды шығарудың рәсімінің автоматты түрде тауарларды шығарады.

      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тауарларды шығаруды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ расталған тауарларды автоматты түрде шығару туралы электрондық құжатты жібереді

      32. Тауарларды шығарған кезде Тауарларды шығару туралы тәртіпке сәйкес қызмет алушыға тауарлардың шығарылуы туралы хабарлама АЖ арқылы жолданады.

      33. Тауарларды шығарудан бас тартуды уәкілетті лауазымды адам Тауарларды шығару тәртібінің сәйкес ресімдейді.

      Бұл ретте уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 201-бабына сәйкес тауарларды шығарудан бас тарту себептерін көрсете отырып, электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды шығарудан бас тарту туралы электрондық құжатты көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

      34. Егер ЭТД-да мәлімделген кейбір тауарлар үшін тауарларды шығару шарттары сақталмаса, уәкілетті лауазымды адам мұндай тауарларды шығарудан бас тартады.

      Бұл ретте, осы тауарлар туралы ақпарат көрсетілген, ЭДТ негізгі және қосымша парағының "С" бағанына уәкілетті лауазымды тұлға: шығарудан бас тарту күні мен уақыты көрсетіле отырып "Өнім нөмірі (ЭТД 32-бағанында көрсетілген тауарлардың реттік нөмірі) - беруден бас тартты" деген ақпаратты енгізеді.

      Уәкілетті лауазымды тұлға көрсетілген ақпаратты "Кедендік декларацияны толтыруда қолданылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 (бұдан әрі – Шешімдер Классификаторы) шешімімен бекітілген шешімдердің жіктеуішіне сәйкес қабылданған шешімнің кодымен қызмет көрсетушінің АЖ-ға енгізеді.

      Қалған тауарларды шығару осы Қағидаларға белгіленген шарттар мен тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

      35. Осы Қағидалардың 22-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген әрекеттерді орындау кезінде тауарларды шығаруды уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 196-бабының ережелерін ескере отырып, АЖ арқылы жүзеге асырады.

      36. Осы Қағидалардың 22-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген іс-әрекеттер аяқталғаннан кейін уәкілетті лауазымды адам АЖ арқылы Кодекстің 198 және 199-баптарының ережелерін ескере отырып, тауарларды шығаруды тоқтата тұрады.

      Тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы шешімді қызмет берушінің басшысы немесе уәкілетті тұлға қабылдайды, содан кейін уәкілетті лауазымды тұлға көрсетілетін қызметті алушыға тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы тауарларды шығаруды тоқтата тұрудың себептері мен мерзімдерін көрсете отырып хабарлама жібереді.

      Уәкілетті лауазымды адам тауарларды тоқтата тұру немесе шығару туралы шешім қабылдаған кезде келесі әрекеттер орындалады:

      Шығаруды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған тауарларға қатысты мұндай тоқтата тұру туралы ақпарат ЭТД-ның 3-нөміріндегі "С" бағанында көрсетіледі. Қалған тауарларды шығару осы Қағидада белгіленген шарттар мен тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

      Көрсетілген ақпарат ЭТД-ға шешімнің Классификаторына сәйкес қабылданған шешімнің кодымен бірге енгізіледі.

      37. Көрсетілетін қызметті алушының дәлелді өтінішіне сәйкес, тіркелген кедендік декларация осы Кодекстің 184-бабында көрсетілген жағдайларда тауарлар шығарылғанға дейін де, кейін де кері қайтарып алынуы мүмкін.

      38. Тауарларды шығару рәсімінің Тауарларды шығару тәртібінің сәйкес уәкілетті лауазымды тұлғаның АЖ арқылы тауарлардың шығарылуын болдырмауға рұқсат етіледі.

      Уәкілетті лауазымды тұлға АЖ арқылы тауарлардың шығарылуын болдырмау кезінде алушыға электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың шығарылуын жою туралы электрондық құжат жіберіледі.

      39. Тауарларды шығару, шығаруды тоқтата тұру, шығарудан бас тарту немесе шығаруды жою туралы шешім қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы АЖ арқылы нақты уақыт режимінде жоғарыда көрсетілген мәртебелердің бірімен ЭДТ көшірмесін алады.

      40. Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамыр № 257 шешімімен бекітілген тауарларға декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулықта белгіленген тәртіппен ЭТД-ның "С" бағандарына мәліметтер енгізу арқылы уәкілетті лауазымды тұлға тауарларды шығару, шығаруды тоқтата тұру, шығарудан бас тарту, шығаруды болдырмау немесе шартты түрде шығару туралы шешімді АЖ арқылы қабылдайды.

      41. Уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 202-бабына сәйкес тауарларды шартты түрде шығару туралы шешім қабылдаған жағдайда, мұндай шешім туралы ақпарат АЖ арқылы тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүргізуге жауапты бөлімшеге ЭТД-ның тіркеу нөмірі туралы ақпаратпен тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды аяқтау үшін жіберіледі.

3-тарау. Кедендік декларацияны тіркеуге не көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелерінің ақаулығы кезінде мұндай тіркеуден бас тартуға байланысты кедендік операциялардың тәртібі

1-параграф. Тауарларды жазбаша нысанда кедендік декларациялауды қолдана отырып, тауарларды кедендік тазарту кезіндегі уәкілетті лауазымды тұлғаның іс-әрекеті

      42. Кодекстің 175-бабының 5-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушіде көрсетілетін қызметті алушының электрондық нысанда кедендік декларациялауды өткізуді қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған жағдайда, техникалық іркілістер, байланыс құралдарының (телекоммуникациялық желілер мен Интернет желісінің) жұмысындағы бұзушылықтар, сондай – ақ электр энергиясының ажыратылуына байланысты қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі кедендік декларация (бұдан әрі-ТД) пайдаланылады.

      43. Кодекстің 180-бабының 5 және 7-тармақтарына сәйкес, ДТ-ны ұсыну қызмет берушіге ДТ-да көрсетілген ақпаратты растайтын қағаз түрінде, сондай-ақ оның электрондық нысанын ұсынумен қатар жүреді.

      Мұндай құжаттарға мыналар:

      тауарлармен мәміле жасасуды растайтын құжаттар, ал мұндай болмаған жағдайда - тауарларға иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын растайтын өзге де құжаттар, көрсетілетін қызметті алушыға қол жетімді өзге коммерциялық құжаттар;

      көліктік (тасымалдау) құжаттар;

      тыйым салулар мен шектеулердің, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын растайтын құжаттар;

      тауардың шығу тегі туралы құжаттар;

      кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының төленгенін растайтын және (немесе) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін құжаттар;

      кедендік баждарды, салықтарды төлеу кезінде жеңілдіктер беру мақсаттары мен шарттарының сақталуын растайтын құжаттар кіреді.

      44. Кодекстің 182-бабының 9-тармағына сәйкес, сондай-ақ осы Қағидалардың 42-тармағында белгіленген жағдайда туындаған кезде, ДТ-ны тіркеуге немесе тіркеуден бас тартуға байланысты кедендік операцияларды жүргізу тәртібі тауарлар декларациясын тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      45. Уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 181-бабында белгіленген ДТ тапсыру мерзімдерін тексереді.

      Көрсетілген мерзім бұзылған жағдайда ұсынылған жағдайда уәкілетті лауазымды тұлға Әкімшілік кодексте көзделген шараларды қолданады.

      46. ТД және осы Ереженің 43-тармағында көзделген құжаттарды беру уәкілетті лауазымды адамның ТД тіркеу журналына оның тегі мен аты-жөнін, қолын және жеке нөмірлі мөр бедерін көрсете отырып, оны беру күні мен уақытын екі данада қою жолымен расталады, ол осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз түрінде жүргізіледі.

      47. Уәкілетті лауазымды тұлға тауарларға арналған декларацияларды тіркеген немесе тіркеуден бас тартқаннан кейін TД тіркеу журналына тиісті жазба енгізіледі.

2-параграф. Жазбаша нысанда кедендік декларацияны қолдана отырып, кедендік бақылауды жүргізу және тауарларды шығарумен байланысты уәкілетті лауазымды тұлғаның іс-әрекеті

      48. Осы Ереженің 42-тармағында белгіленген жағдайда, ТД тіркелгеннен кейін уәкілетті лауазымды тұлға кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруге, тауарларға кедендік тексеру (қарау), оның ішінде тауарларға кедендік сараптама жүргізуге байланысты кедендік бақылау нысандарын қолдана отырып, кедендік бақылауды жүзеге асырады.

      Бұл ретте, уәкілетті лауазымды тұлға көрсетілетін қызметті алушыға қолды қойып, кедендік бақылауды жүргізу нысандары мен шаралары туралы жазбаша хабарламаны кез келген нысанда береді.

      49. Кедендік бақылауды уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 180-бабының 7-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар негізінде жүзеге асырады.

      Кедендік бақылаудың нәтижелері бойынша уәкілетті лауазымды тұлға тауарларды шығару тәртібіне сәйкес тауарларды шығару, тоқтата тұру, шығарудан бас тарту немесе шығаруды жою туралы шешім қабылдайды.

      50. Тауарлардың шығарылуын уәкілетті лауазымды адам көрсетілетін қызметті алушыға ТД-ға 2 және 3 данада бере отырып, ТД-ға, ілеспе құжаттарға тиісті белгілерді қою (қою), сондай-ақ осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ТД тіркеу журналына жазба енгізу арқылы жүзеге асырады.

      51. Уәкілетті лауазымды адам интеллектуалдық қызмет көрсетуді жаңартқаннан кейін, ТД-ның электрондық нысаны қызмет берушінің АЖ арқылы жүктеледі.

      52. АЖ-ның жұмыс қабілеттілігі қалпына келтірілгеннен кейін уәкілетті лауазымды адам электрондық түрде жүктелген дизель отынына арналған тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, кедендік бақылауға байланысты әрекеттерді қайта жүзеге асырылмайды.

3-параграф. Тауарларға арналған декларцияларды бергенге дейін тауарларды шығару немесе оны тіркеуден бас тарту туралы өтінішті тіркеу журналын жүргізу нысаны мен тәртібі

      53. Тауарлар декларациясын бергенге дейін немесе оны тіркеуден бас тартқанға дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу "тауарлар декларациясын бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы" ЕЭК Алқасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 171 шешімімен бекітілген тәртіпте Кодекстің 194-бабының 10-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      54. Уәкілетті лауазымды тұлға тауарларға декларацияны бергенге дейін немесе оны тіркеуден бас тартқанға дейін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды шығаруға өтінішті тіркеу журналын (бұдан әрі – Тіркеу журналы) толтырады.

      55. Тіркеу журналы қағазда сақталады, нөмірленеді, орналастырылады және қызмет берушінің қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады және уәкілетті лауазымды адам қол қояды. Тіркеу журналына жазбалар толық, анық, дәл жасалған, түзетулер мен тазартуларға жол берілмейді. Қате жазбалар келісіліп, уәкілетті лауазымды адамның қолымен куәландырылады.

      Тіркеу журналындағы сериялық нөмірді нөмірлеу әр күнтізбелік жылдан бастап бірліктен басталады.

4-тарау. Мерзімдік кедендік декларациялау кезінде мәлімделген тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізудің ерекшеліктері

1-параграф. Кедендік декларациялау және тауарларды шығару ерекшеліктері

      56. Кодекстің 187-бабында белгіленген шарттардың жиынтығы сақтала отырып, мерзімді кедендік декларация қолданылады.

      57. Мерзімді кедендік декларациялау кезінде уәкілетті лауазымды тұлға АЖ арқылы осы тараумен көзделген кедендік операцияларды жасайды, сондай-ақ тауарлардың барлық партиялары жеткізілген бүкіл кезең ішінде нақты есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады.

      Кодекстің 187-бабының 2-тармағына сәйкес жеткізу мерзімі көрсетілетін қызметті алушы мәлімдеген, күнтізбелік отыз бір күннен аспайтын және жоспарланатын кезең:

      1) ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарларды қызмет берушіге ұсынуға;

      2) ЕАЭО кедендік аумағынан әкетілетін тауарларды жөнелту (тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыға немесе ЕАЭО кедендік аумағынан тауарларды әкету мақсатында басқа көлік құралына қайта тиеумен (ауыстырып тиеумен) тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде бірінші тасымалдаушыға тауарларды өткізу).

      58. Уәкілетті лауазымды адам мәлімделген жеткізу мерзімі басталғанға дейін ұсынылған ЭТД-ға кедендік бақылауды тауарлардың барлық партиясын жеткізудің бүкіл мәлімделген кезеңі ішінде қозғалыс кезінде жүзеге асырады.

      Бұл ретте Кодекстің 187-бабының 11-тармағына сәйкес ЭД бойынша декларацияланатын тауарларды нақты есепке алу мен бақылауды уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АЖ арқылы тауарларға мерзімдік декларацияны пайдалана отырып декларацияланатын тауарларды есепке алудың электрондық журналында жүргізеді.

      59. Мәлімделген жеткізу кезеңі басталғанға дейін берілген ЭТД бойынша тауарларды шығаруды уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 187-бабында айқындалған талаптар мен мерзімдерді сақтай отырып, АЖ арқылы жүзеге асырады.

2-параграф. Кедендік бақылау аймағында орналастырылуы (болуы) мүмкін, сондай-ақ тауарларға арналған декларацияны тіркеген қызмет берушіден өзгеше қызмет берушінің қызмет аймағындағы тауарларға арналған декларация бойынша тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды шығаруға және жасауға жататын тауарларды алдын ала декларациялауды қолдана отырып, тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері мен жағдайлары

      60. Алдын ала кедендік декларацияның ерекше белгілерін (бұдан әрі - АД) пайдалана отырып, тауарларды кедендік тазартуды уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 185-бабында көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес, сондай-ақ осы Қағидалардың 2- параграфтың 4-тарауының көзделген кедендік операцияларды орындаумен АЖ арқылы жүзеге асырады.

      61. Кодекстің 185-бабының 5-тармағына сәйкес оларға қатысты АД жүзеге асырылған тауарлар АД кезінде ЭТД-ны тіркеген көрсетілетін қызметті берушіден ерекшеленетін қызмет берушінің қызмет аймағындағы Кедендік бақылау аймағында орналасуы (болуы) мүмкін:

      1) Кодекстің 192-бабының 4-тармағына сәйкес келу орындарында тауарларды шығарумен байланысты кедендік операциялардың ерекшеліктерін қолдану;

      2) меншік иесінің және (немесе) иелігінде тауарлар осындай оқиға болған кезде болған тұлғаның қасақана іс-әрекеттерінен тудырмайтын көлік құралдарымен болған, сондай-ақ нәтижесінде тауарлар АД кезінде ЭТД-ны тіркеген қызмет берушінің қызмет аймағында орналасқан кедендік бақылау аймағына жеткізілуі мүмкін емес еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан болған, өзінің салдары бойынша зиянды техникалық, технологиялық немесе өзге сипаттағы оқиғаға әкеп соқтыратын авария кезінде көлік құралдары болған.

      62. Кодекстің 192-бабының 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ осы Қағиданың 61-тармағында көзделген жағдайларда тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері тиісті кіші жүйелерді пайдалануға енгізу сәтінен бастап АД кезінде ЭТД тіркеген қызмет берушіден өзгеше қызмет берушінің қызмет аймағында жүзеге асырылады.

      63. Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасамас бұрын тауарларды кедендік бақылау аймағында орналастыру және тауардың келген жерінде орналасқандығы туралы АД кезінде ЭТД тіркеген қызмет берушіге хабарлайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы АД кезінде ЭТД тіркеген және тауарларды шығаруды жүзеге асыру жоспарланып отырған көрсетілетін қызметті берушіге ПД кезінде ТЭД-ға мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) жолымен мәлімделмеген не нақтыланған мәліметтерді ұсынады не осындай өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажеттілігінің жоқтығы туралы хабардар етеді).

      64. Басқа мемлекеттік кірістер органының қызмет аймағында орналасқан тауарларға қатысты ЭТД ұсынылған қызмет берушінің уәкілетті лауазымды адамы оны тіркеу үшін ЭТД-да мәліметтерді АД-мен салыстырады.

      65. АД кезінде ЭТД тіркеуді немесе тіркеуден бас тартуды осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес ЭТД кезінде берілетін қызмет берушінің уәкілетті лауазымды адамы жүзеге асырады.

      66. Кедендік бақылау жүргізу мақсатында, кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды тәуекелдерді басқару жүйесін айқындау кезінде АД кезінде ЭТД берілген көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамы қызмет аймағында тауарлар бар мемлекеттік кірістер органына тәуекелдерді азайту жөніндегі шараларды қабылдау туралы хабарлама жібереді.

      67. Кедендік бақылау жүргізу аяқталғаннан кейін қызмет аймағында тауар бар қызмет берушінің уәкілетті лауазымды адамы АЖ арқылы кедендік бақылау жүргізу туралы куәландыратын құжаттарды (кедендік тексеріп қарау (қарау) қоса бере отырып, фото – бейнематериалдар қосымшаларымен, сондай-ақ тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу актісі және басқа да құжаттар қоса бере отырып), есепті жіберу жолымен АД кезінде ЭТД берілген қызмет берушінің кедендік бақылау нысандарын жүргізу нәтижелері туралы хабардар етеді.

      68. Егер кедендік бақылау нәтижесінде құқық бұзушылықтың қандай да бір белгілері анықталса, тауарлар орналасқан аумақтағы қызмет беруші бұл туралы АД-ға ЭТД берілген мемлекеттік кірістер органына дереу хабарлайды.

      Өтінішті алғаннан кейін ЭТД ұсынылған қызмет беруші хабарламаны алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданады.

      69. АД кезінде ЭТД-ға қатысты, ЭДТ-ны АД-да тіркеген қызмет беруші (тауарлардың шығарылуын жүзеге асыратын) осы Қағидалардың 2-параграфтың 4-тарауының көзделген іс-қимылдар жасалады.

      70. АД кезінде ЭТД тіркеген мемлекеттік кіріс органынан ерекшеленетін қызмет берушінің қызмет аймағындағы ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне тауарларды орналастыру сәтінен бастап мұндай тауарлар шығарылған болып есептеледі және АД кезінде осы ЭТД қатысты кедендік бақылау аяқталады.

3-параграф. Тауарларға уақытша арналған декларацияны пайдалана отырып декларацияланатын тауарларды кедендік тазарту кезінде уәкілетті лауазымды тұлғаның іс-әрекеті

      71. Тауарларға уақытша арналған декларацияны (бұдан әрі – ТУД) пайдалана отырып декларацияланатын тауарларды кедендік тазарту кезінде уәкілетті лауазымды тұлға мынадай іс-әрекеттерді орындайды:

      1) осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген кедендік операцияларды жасайды, сондай-ақ Кодекстің 189-бабында көзделген тауарларды уақытша кедендік декларациялаудың талаптары мен шарттарының сақталуын тексереді;

      2) ТУД бойынша тауарларды жеткізуді жүзеге асырудың барлық кезеңі ішінде тауарлардың іс жүзінде өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады.

      Уәкілетті лауазымды тұлға ТУД-ны пайдалана отырып декларацияланатын тауарларды есепке алуды осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АЖ арқылы ТУД-ны пайдалана отырып декларацияланатын тауарларды есепке алу журналында жүргізеді.

      72. Уәкілетті лауазымды тұлға тауарларды жеткізудің бүкіл кезеңі ішінде тауарлардың нақты қозғалысына кедендік бақылау жүргізу кезінде тауарлардың әрбір жөнелтілуіне (жеткізілуіне) коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарының болуын тексереді.

      73. Уәкілетті лауазымды тұлға коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарда және ТУД-да көрсетілген мәліметтердің кедендік тексеру (тексеру) актісінде көрсетілген тауарларды кедендік тексеру (қарау) нәтижелерімен сәйкестігін тексереді.

      Құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес кедендік тексерудің (тексерудің) нәтижелері бойынша уәкілетті лауазымды тұлға АЖ арқылы тауарларды шығару күнімен, уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған ТУД нөмірімен тауарларды шығарған күнімен "Уақытша декларация", "Шығаруға рұқсат етіледі" ЭТД-ға ақпарат енгізеді.

      74. Кедендік тазартылуы бір көрсетілетін қызметті берушіде жүргізілетін, ал есептеу аспаптары басқа көрсетілетін қызметті берушінің қызмет аймағында болатын құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу кезінде:

      ТУД бойынша тауарларды шығарған көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамы осындай тауарлар шығарылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қызмет аймағында есептеу құралдарын орнату орындары бар көрсетілетін қызметті берушіге ТУД көшірмесін жолдайды;

      қызмет аймағында есептеу құралдарын орнату орындары бар қызмет беруші құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлардың нақты санын бақылауды, сондай-ақ есептеу аспаптарынан көрсеткіштерді ай сайын алуды қамтамасыз етеді, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептеу аспаптарынан көрсеткіштерді алу туралы актілер жасайды және есепті айдан кейінгі айдың бесінші күніне дейін ТУД шығаруды жүргізген қызмет берушіге мұндай тауарлардың нақты өткізілген көлемі туралы растаманы жібереді;

      тауарлардың іс жүзінде өткізілген көлемін растау есептеу аспаптарынан көрсеткіштерді алу туралы актілер, сыртқы сауда шарты бойынша тауарларды іс жүзінде жеткізу туралы актілер, тапсыру-қабылдау актілері, тауарлардың сапа сертификаттары, Электр беру желілері бойынша және құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлар туралы ақпарат алмасу технологиясы шеңберінде алынатын ақпарат негізінде, оның ішінде құбыржол көлігін пайдалана отырып аралас тасымалдарды жүзеге асыру кезінде жазбаша түрде жүзеге асырылады, Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері біріккен алқасының 2015 жылғы 4 маусымдағы № 15/6 шешімімен бекітілген Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және жеткізудің бір күнтізбелік айы ішінде құбыржол көлігімен өткізілетін өндірілген, жеткізілген және тұтынылған тауарлар көлемінің атаулы бөлінуін растайтын басқа да ұқсас құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.

      75. Кодекстің 189-бабына сәйкес егер тауарлар ЕАЭО кедендік аумағынан мерзім ішінде әкетілмесе, ТУД Кодекстің 184-бабында көрсетілген тәртіппен кері қайтарылуға жатады.

4-параграф. Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларға кедендік тазартуды жүргізу тәртібі және кедендік бақылауды жүргізу ерекшеліктері

      76. Осы ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларға кедендік бақылауды жүргізу ерекшеліктері және кедендік тазартуды жасау тәртібі – тауарды жинақталмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі кедендік декларациялау) кодекстің 190-бабының 4 және 9-тармақтарына сәйкес әзірленді, сондай-ақ көрсетілген баптың ережелері сақтала отырып жүргізіледі және уәкілетті лауазымды тұлғаның іс-қимылдарының дәйектілігін және тауардың құрамдас бөліктерін жоспарланған жеткізу туралы хабарламаның нысанын айқындайды.

      ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе аяқталмаған түрдегі тауар деп осы Кодекстің 41 – бабының 3-тармағына сәйкес ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) бойынша 84, 85 немесе 90 тауар топтарында жіктелетін тауарлар (тауарлар комбинациясын қоса алғанда), жабдықтар, тетіктер, қондырғылар, аппараттар немесе өзге де құрылғылар түсініледі.

      Тауардың құрамдас бөлігі деп Кодекстің 41 – бабының 3-тармағына сәйкес қабылданатын жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды сыныптау туралы шешімде (бұдан әрі-Тауарларды сыныптау туралы шешім) осындай бөлік ретінде көрсетілген жиынтық немесе аяқталған түрдегі тауардың құрамдас бөлігі түсініледі.

      Тауардың бірінші құрауышына қатысты тауарларға арналған декларация берілгенге дейін Тауарларды сыныптау туралы шешім алынғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауардың құрауыштарын жоспарлы жеткізу туралы хабарлама береді.

      Тауар құрауыштарының жоспарланған жеткізілімдері туралы хабарламаны тіркеу осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес уәкілетті лауазымды тұлға АЖ арқылы жоспарланған тауар құрауыштарын жеткізу туралы хабарламаларды тіркеу журналында жүзеге асырады.

      77. Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды кедендік декларациялау кезінде уәкілетті лауазымды тұлға АЖ арқылы осы Қағидалардың 4-параграфында көзделген кедендік операцияларды жасайды.

      78. Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды кедендік декларациялау кезінде уәкілетті лауазымды адам тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес кедендік бақылауды, сондай-ақ осы Қағидалардың 4-параграфтың 4-тарауының сәйкес тауар құрамдастарын шығаруды жүргізеді.

      79. Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар құрауыштарын кедендік декларациялау кезінде кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін жиынтықталған немесе аяқталған тауарға қатысты белгіленген және жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар құрауыштарына кедендік декларацияны көрсетілетін қызметті беруші тіркеген күні қолданыста болған ставкалар қолданылады.

      Кедендік декларациялау үшін алым жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың әрбір компонентіне тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін немесе бір мезгілде, сондай-ақ жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарға соңғы декларацияны берген кезде төленеді.

      80. Уәкілетті лауазымды тұлға АЖ арқылы осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар құрауыштарын есепке алу журналында жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар құрауыштарын жеткізудің барлық мәлімделген кезеңі ішінде тауардың әрбір құрауыштарының өткізілуін нақты есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады.

      ЕАЭО кедендік аумағына әкелінген құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың соңғы құрауышына қатысты тауарларға арналған декларация бойынша тауар шығарылғанға дейін жинақталмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар құрамдастарын монтаждауға (құрастыруға) жол беріледі.

      81. Кодекстің 190-бабының 7-тармағына сәйкес жиынтық немесе аяқталған түрдегі тауардың соңғы құрауышына қатысты ЭТД көрсетілген мерзімді ұзарту жағдайларын қоспағанда, осындай тауардың бірінші құрауышына қатысты ЭТД тіркелген күннен бастап екі жылдан аспайтын мерзімде беріледі.

5-параграф. Қызмет аймағында тауарлар бар мемлекеттік кірістер органынан ерекшеленетін қызмет берушіде тауарларды кедендік декларациялауға және шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі

      82. Уәкілетті экономикалық операторлардың өзге мемлекеттік кірістер органының қызмет аймағындағы тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асыруы (бұдан әрі – қашықтан шығару) тиісті кіші жүйелерді пайдалануға енгізген сәттен бастап көрсетілетін қызметті берушінің АЖ арқылы жүргізіледі.

      83. Қашықтан шығару осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кодекстің 190 және 194-баптарына сәйкес декларацияланған тауарларға қатысты қолданылмайды.

      84. Мемлекеттік кірістер органының басқа мемлекеттік кірістер органының қызметі аумағында орналасқан тауарларға қатысты ЭТД ұсынылған қызмет берушінің уәкілетті лауазымды тұлғасы ЭТД-да мәлімделген мәліметтерді оны тіркеу мақсатында тексереді.

      85. ЭТД-ны тіркеуді немесе тіркеуден бас тартуды осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес ЭТД-ға берілген қызмет берушінің уәкілетті лауазымды тұлғасы жүзеге асырады.

      86. Кедендік бақылау жүргізу мақсатында, кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды тәуекелдерді басқару жүйесін айқындау кезінде ЭТД берілген көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды тұлғасы қызмет аймағында тауарлар бар мемлекеттік кірістер органына тәуекелдерді басқару жүйесімен айқындалған тәуекелді барынша азайту жөніндегі шараларды қабылдау туралы хабарлама жібереді.

      87. Кедендік бақылау жүргізу аяқталғаннан кейін қызмет аймағында тауар бар көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамы АЖ арқылы ЭТД берілген көрсетілетін қызметті берушінің кедендік бақылау нысандарын жүргізу нәтижелері туралы кедендік бақылау жүргізу туралы куәландыратын тиісті түрде ресімделген құжаттарды (кедендік тексеру (қарау) актісін, фото – бейнематериалдардың қосымшаларымен, сондай-ақ тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу актісін және басқа да құжаттарды қоса бере отырып) есепті жіберу жолымен хабардар етеді.

      88. Егер кедендік бақылау нәтижесінде құқық бұзушылықтың қандай да бір белгілері анықталған болса, онда тауарлар орналасқан қызмет беруші бұл туралы ЭТД ұсынылған мемлекеттік кірістер органына дереу хабарлайды.

      Хабарлама алғаннан кейін ЭТД табыс етілетін қызмет беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданады.

      89. Қашықтан шығаруды қолдана отырып тауарларды шығару мерзімі Кодекстің 193-бабында белгіленген шекті мерзімнен аспауы тиіс.

5-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      90. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Заңға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым:

      қызмет берушінің басшысының атына;

      бюджетке салықтар мен тлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласына басшылықты жүзеге асырытаны уәкілетті орган басшысының атына;

      мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган басшысының атына беріледі.

      91. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Заңның 25-бабының 2- тармағына сәйкес қаралуға жатады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 91-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 08.11.2021 № 1150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      92. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Заңға сәйкес сотқа жүгінуге құқығы бар.

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Тауарларды шығарудан бас тарту туралы электрондық құжат

р/с №

Кедендік құжаттың тіркеу нөмірі

Шешімдер жіктеуішіне сәйкес мемлекеттік кірістер органы қабылдаған шешім коды*

Тауарларды шығарудан бас тарту кк.аа.жж. форматындағы күні (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы екі цифры) және уақыты

Тауарларды шығарудан бас тарту үшін негіз болған себептер және оларды жою жөніндегі ұсынымдар

Тауарларды шығарудан бас тартуды жүзеге асырған лауазымды тұлға туралы мәлімет, жеке нөмірлік мөрі, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

1

2

3

4

5

6

      Ескертпе:

      Шешімдер жіктеуіші – "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген кеден органы қабылдайтын шешімдер жіктеуіші.

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз тауарларды шығару туралы электрондық құжат

р/с №

Кедендік құжаттың тіркеу нөмірі

Шешімдер жіктеуішіне сәйкес мемлекеттік кірістер органы қабылдаған шешім коды *

Тауарларды шығарудың кк.аа.жж. форматындағы күні (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы екі цифры) және уақыты

Сәйкестендіру құралдары қолданылған кедендік транзит мерзімі (ол болған кезде) және, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды жеткізу орны (транзиттік декларация үшін)

1

2

3

4

5

      Ескертпе:

      Шешімдер жіктеуіші – "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген кеден органы қабылдайтын шешімдер жіктеуіші.

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Тауарларды шығаруды жою туралы электрондық құжат

р/с №

Кедендік құжаттың тіркеу нөмірі

Шешімдер жіктеуішіне сәйкес мемлекеттік кірістер органы қабылдаған шешім коды *

Тауарларды шығарудан бас тарту форматындағы күні (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы екі цифры) және уақыты

Тауарларды шығаруды жоюды жүзеге асырған лауазымды тұлға туралы мәлімет, жеке нөмірлік мөрі, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

1

2

3

4

5

      Ескертпе:

      Шешімдер жіктеуіші – "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген кеден органы қабылдайтын шешімдер жіктеуіші.

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларды кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 08.11.2021 № 1150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Тауарларды кедендік тазарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) "электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы;
2) көрсетілетін қызметті беруші.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Тауарларды шығару мерзімдері "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 193-бабының нормаларымен белгіленген.
1. Тауарларды шығару кедендік декларация тіркелген кезден бастап не Кодекстің 193-бабының 2-тармағында көрсетілген мән-жайлардың бірі басталған кезден бастап 4 (төрт) сағаттың ішінде, ал, егер кедендік декларация кеден органының жұмыс уақыты аяқталғанға дейін 4 (төрт) сағаттан аз уақыт қалғанда тіркелген не Кодекстің 193-бабының 2-тармағында көрсетілген мән-жайлардың біреуі кеден органының жұмыс уақыты аяқталғанға дейін 4 (төрт) сағаттан аз уақыт қалғанда басталған жағдайларда, осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, осы кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап 4 (төрт) сағаттың ішінде аяқтауға тиіс.
2. Тауарларды алдын ала кедендік декларациялау кезінде Кодекстің 193-бабында көзделген тауарларды шығару мерзімдері мынадай мән-жайлардың бірі:
1) кедендік декларацияны тіркеген кеден органы тауарларды кедендік декларацияда көрсетілген кедендік бақылау аймағында орналастыру туралы хабарламаны алған кезде, ал су кемелері тасымалдайтын тауарларға қатысты, – кеден органы осы Кодекстің 185-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік декларацияда көрсетілген келу орнында оларды түсіруге рұқсат берген болса, – кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру);
2) кедендік декларацияны тіркеген кеден органының тауарларды кедендік декларацияда көрсетілген кедендік бақылау аймағында орналастыру туралы хабарламаны алуы, ал су кемелерімен тасымалданатын тауарларға қатысты – кеден органы берілген кедендік декларацияға өзгерістерді (толықтыруларды) енгізу қажеттігінің жоқ екендігі туралы хабардар етілген не өзгерістер (толықтырулар) кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге кеден органы тауарларды кедендік декларацияда көрсетілген кедендік бақылау аймағына орналастыру туралы хабарламаны алғанға немесе осы Кодекстің 185-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік декларацияда көрсетілген келу орнында түсіруге рұқсатты алғанға дейін енгізілген жағдайда осы Кодекстің 185-бабының 4-тармағына сәйкес оларды кедендік декларацияда көрсетілген келу орнында түсіруге арналған рұқсатты кеден органының беруі басталған кезден бастап есептеледі.
3. Егер Кодекстің 193-бабының 1-тармағында көрсетілген уақыттың ішінде мынадай мән-жайлардың бірі:
1) көрсетілетін қызметті беруші Кодекстің 410-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарға сұрау салған және (немесе) кедендік бақылауды өзге нысандарда жүргізу туралы не кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолдану туралы шешім қабылданған;
2) көрсетілетін қызметті алушы Кодекстің 183-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы дәлелді өтінішпен көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген;
3) көрсетілетін қызметті алушы Кодекстің 183-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы көрсетілетін қызметті берушінің талабын орындамаған жағдайда, тауарларды шығару кедендік декларация тіркелген күннен не Кодекстің 193-бабының 2-тармағында көрсетілген мән-жайлардың бірі басталған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей аяқталуға тиіс.
4. Кодекстің 193-бабының 3-тармағында көрсетілген тауарларды шығару мерзімі:
1) Кодексте көзделген кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолдана отырып, кедендік бақылауды жүргізу немесе басталған кедендік бақылауды аяқтау;
2) кеден органының Кодекстің 183-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы талабын орындау;
3) Кодекстің 195 және 196-баптарына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну үшін қажет уақытқа ұзартылуы мүмкін.
5. Тауарларды шығару мерзімі көрсетілетін қызметті беруші басшысының, ол уәкілеттік берген көрсетілетін қызметті беруші басшысы орынбасарының не оларды алмастыратын тұлғалардың рұқсатымен ұзартылады.
6. Тауарларды шығару мерзімін ұзарту кезінде, егер Кодексте өзге белгіленбесе, тауарларды шығаруды көрсетілетін қызметті беруші кедендік декларация тіркелген күннен кейінгі күннен бастап не Кодекстің 193-бабының 2-тармағында көрсетілген мән-жайлардың бірі басталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей аяқтауға тиіс.
Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды шығару мерзімін ұзарту кезінде тауарларды шығаруды көрсетілетін қызметті беруші транзиттік декларация тіркелген күннен кейінгі күннен бастап, не Кодекстің 193-бабының 2-тармағында көрсетілген мән-жайлардың бірі басталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күннен кешіктірмей аяқтауға тиіс.
7. Егер кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру Кодекстің 193-бабының 6-тармағында белгіленген мерзімде аяқталмайтын болса және Кодекстің 195-бабына сәйкес тауарларды шығару Кодекстің 195-бабының 5-тармағында көзделген жағдайда жүргізілмейтін болса, тауарларды шығару мерзімі Кодекстің 193-бабының 6-тармағында белгіленген мерзім өткен күннен кейінгі күннен бастап көрсетілетін қызметті беруші басшысының, ол уәкілеттік берген көрсетілетін қызметті беруші басшысы орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың рұқсатымен осындай тексеру жүргізу мерзіміне ұзартылады.
8. Егер кедендік сараптама тағайындалған және оны аяқтау үшін Кодекстің 193-бабының 6-тармағында белгіленген мерзімге қарағанда анағұрлым ұзақ мерзім қажет болған және Кодекстің 196-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылмаған не Кодекстің 196-бабына сәйкес тауарларды шығаруды Кодекстің 196-бабының 5-тармағында көзделген жағдайда жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, тауарларды шығару мерзімі Кодекстің 193-бабының 6-тармағында белгіленген мерзім өткен күннен кейінгі күннен бастап кедендік сараптама жүргізу мерзіміне көрсетілетін қызметті беруші басшысының, ол уәкілеттік берген көрсетілетін қызметті беруші басшысы орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың рұқсатымен ұзартылады.
9. Тауарларды шығару мерзімі Кодекстің 193-бабының 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес ұзартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей тауарларды шығару мерзімін ұзарту негіздерін көрсете отырып, осындай ұзарту туралы хабарлама жібереді.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық немесе қағаз түрінде.
(қағаз (жазбаша) нысанда, егер көрсетілетін қызметті берушіде көрсетілетін қызметті беруші пайдаланатын ақпараттық жүйелердің техникалық іркілістерден, байланыс құралдарының (телекоммуникациялық желілер мен интернет) жұмысындағы ақаулықтардан, электр энергиясының ажыратылуынан, авариядан, еңсерілмейтін күштің әсерінен немесе көрсетілетін қызметті беруші пайдаланатын ақпараттық жүйелердің жарамсыздығына әкеп соққан өзге де мән-жайлардан туындаған, көрсетілетін қызметті беруші пайдаланатын ақпараттық жүйелердің ақаулығына байланысты көрсетілетін қызметті алушының электрондық нысанда кедендік декларациялауды іске асыруын қамтамасыз етуге мүмкіндігі болмаса, жүзеге асырылуы мүмкін).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамы қабылдаған, оның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушыға, сондай-ақ мүдделі тұлғаларға ақпараттық жүйе арқылы бір мезгілде хабардар ете отырып, тауарларды шығару шешімі туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша тауарларды шығарудан бас тарту туралы шешім түріндегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

"Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 қаулысымен белгіленген тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар алынады.
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 460-бабының негізінде "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегі Заңына сәйкес қолданылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өткізілетін тауарларды декларациялау кезінде заңды және жеке тұлғалар өткізетін тауарларды кедендік ресімдеу үшін кедендік алымдар "Кеден төлемдерінің ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 7 қарашадағы қаулысына сәйкес кедендік құнның 0,2%-ы мөлшерінде, тауарлар мен көлік құралдарын ол үшін белгіленген орындардан тыс және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс уақытынан тыс кедендік ресімдегені үшін кедендік құнның 0,4% мөлшерінде алынады.

7

Жұмыс кестесі
1-1) жоқ

1) көрсетілетін қызметті беруші (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті) – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, тәулік бойы жұмыс режимі белгіленген көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі жағдайларын қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 15.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.30-ға дейін.
1-1) көрсетілетін қызметті беруші (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары) – тәулік бойы жұмыс режимі белгіленген көрсетілетін қызметті берушіні қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) портал және ақпараттық жүйе: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

ЭДТ беру, тәуекелдерді басқару жүйесінің кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру түріндегі кедендік бақылау нысанын айқындауды қоспағанда, онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің ұсынуымен сүйемелденбейді.
ТД-ны қағаз жеткізгіште беру көрсетілетін қызметті берушіге ТД-да мәлімделген мәліметтерді растайтын қағаз жеткізгіштегі құжаттарды, сондай-ақ оның электрондық түрін ұсынумен сүйемелденеді.
Мұндай құжаттарға мыналар жатады:
1) тауарлармен мәміле жасалғанын растайтын құжаттар, ал мұндай мәміле болмаған жағдайда – тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын өзге де құжаттар, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының иелігіндегі өзге де коммерциялық құжаттар;
2) көліктік (тасымалдау) құжаттар;
3) тыйым салулар мен шектеулердің, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын растайтын құжаттар;
4) тауарлардың шығарылуы туралы құжаттар;
5) кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының төленгенін және (немесе) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттар;
6) кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер беру мақсаттары мен шарттарының сақталуын растайтын құжаттар.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1. Кодекстің 182-бабының 5-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша кедендік декларацияны тіркеуден бас тартады:
1) кедендік декларация кедендік декларацияларды тіркеуге құқығы жоқ көрсетілетін қызметті берушіге берілсе;
2) кедендік декларацияны уәкілетті емес тұлға берсе және (немесе) оған қол қойылмаса не тиісті түрде куәландырылмаса;
3) кедендік декларациялау нысаны сақталмаса;
4) кедендік декларацияда Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына сәйкес көрсетілуге жататын мәліметтер көрсетілмеген және (немесе) кедендік декларация оны толтырудың белгіленген тәртібіне сәйкес толтырылмаған болса;
5) қағаз жеткізгіштегі кедендік декларация белгіленген нысан бойынша жасалмаған және (немесе) қағаз жеткізгіштегі электрондық кедендік декларацияның немесе кедендік декларацияның электрондық түрінің құрылымы мен форматы осындай құжаттардың белгіленген құрылымдары мен форматтарына сәйкес келмесе;
6) Кодекстің 180-бабының 2-тармағында көрсетілген тауарларды не Кодекстің 180-бабының 3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған жағдайлардағы тауарларды қоспағанда, оларға қатысты кедендік декларация берілетін тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында болмаса;
7) Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік декларацияны бергенге дейін немесе берумен бір мезгілде жасалуға тиіс әрекеттер жасалмаса;
8) Кодекстің 188, 189-баптарында айқындалған, кедендік декларацияны бергенге дейін немесе берумен бір мезгілде сақталуға тиіс тауарларды кедендік декларациялаудың ерекшеліктері сақталмаса;
9) кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер беру жағдайларын, Кодекстің 80-бабына сәйкес кедендік алымдар төленбейтін жағдайларды қоспағанда, кедендік декларациялау үшін кедендік алым төленбеген жағдайларда.
2. Кодекстің 201-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша тауарларды шығарудан бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің тауарларды шығару кезінде жүргізетін шарттардың, оның ішінде Кодекстің 194, 195, 196 және 197-баптарында көзделген шарттардың, сондай-ақ жеке пайдалануға арналған тауарларға, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына және керек-жарақтарға қатысты шарттардың орындамауы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің Кодекстің 183-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы талаптарын орындамау;
3) алдын ала кедендік декларациялау кезінде Кодекстің 185-бабының 7-тармағында көзделген мән-жайлардың басталуы;
4) мерзімді кедендік декларациялау кезінде Кодекстің 187-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген осындай кедендік декларациялау ерекшеліктерінің сақталмауы және (немесе) көрсетілетін қызметті алушыда кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, пайыздарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болуы;
5) Кодекстің 193-бабының 3 және 6-тармақтарында белгіленген тауарларды шығару мерзімдері шегінде көрсетілетін қызметті берушінің талабы бойынша тауарды көрсетпеу;
6) Кодекстің 198-бабының 6 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларда тауарларды шығару мерзімін жаңартпау;
7) Кодекстің 410-бабының 2 және 7-тармақтарында көзделген талаптарды орындамау;
8) жолаушылар кедендік декларациясында мәлімделген тауарларды Кодекстің 339-бабының 4-тармағына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызбау;
9) көрсетілетін қызметті берушінің тауарларына кедендік бақылау жүргізу кезінде: әкімшілік немесе қылмыстық іс қозғау үшін негіз болып табылмайтын анықталған бұзушылықтар жойылған;
анықталған бұзушылықтар жойылған және декларацияланатын тауарлар алынбаған және оларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тыйым салынбаған;
көрсетілетін қызметті алушыға қатысты банкроттық туралы іс қозғалған жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын және (немесе) кедендік және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын бұзушылықтарды анықтау.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған – www. kgd. gov. kz, www. minfin. gov. kz.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинет", Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8-800-080-7777.

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

20___ жылға арналған Тауарларға арналған декларацияны тіркеу журналы _________ (кеден бекетінің коды)

р/ с№

Тауарларға арналған декларацияны беру

Тауарларға арналған декларацияны тіркеу

Тауарларға арналған декларацияны ұзарту

Тауарларды шығару

Лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және қолы, оның жеке нөмірлі мөрі

Декларанттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Күні

Уақыты

Күні

Уақыты

Тауарларға арналған декларацияны тіркеу нөмірі/ тауарларға арналған декларацияны тіркеуде бас тарту кезіндегі себептері

Күні

Уақыты

Мәселелері

Күні

Уақыты

Тауарларды шығаруда бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда себептері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14















  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

20___ жылға арналған Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу немесе оны тіркеуден бас тарту журналы _____________________________________ (кеден бекетінің коды)

р/с№

Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініштің тіркеу немесе оны тіркеуден бас тарту №

Өтініш берушінің атауы (ЖСН/БСН)*

Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініштің күні/уақыты

Уәкілетті лауазымды тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде)

Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу не тіркеуден бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) күні/уақыты

Шығарылымы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш бойынша жүргізілген тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияны нөмірі

Тауарларға арналған декларацияны беру мерзімінің аяқталу күні

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      * Ескертпе:

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі.

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

20___ жылға арналған Тауарларға арналған мерзімдік декларацияларды пайдалана отырып, декларацияланатын тауарларды есепке алу журналы ____________________________ (кеден бекетінің коды)

№р/с

Мерзімдік тауарларға арналған декларация

Декларант

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметті Тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды

Тауардың атауы

Брутто салмағы (килограмм)

Көлік құралының тіркеу нөмірі/ контейнер нөмірі

Тауарды табыс ету/тиеп жөнелту күні

Кету орнының кеден бекетінің коды

Тауарлардың іс жүзінде шығарылған күні

Кедендік бақылауды жүргізген лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

20___ жылға арналған Тауарларға арналған уақытша декларацияларды пайдалана отырып, декларацияланатын тауарларды есепке алу журналы ____________________________ (кеден бекетінің коды)

№р/с

Декларант

Уақытша атауарларға арналған декларация

Тауардың атауы

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметті Тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды

Брутто салмағы
(килограмм)

Нетто салмағы
(килограмм)

Статистикалық құн

Кедендік құн

Жөнелтуші/ межелі ел

Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу күні (кедендік сараптаманы тағайындау туралы шеші

Кедендік бақылауды жүргізген лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

20___ жылғы "____" ____________ есепке алу аспаптарынан көрсеткіштерді алу туралы акті

      Біз, төменде қол қойған _____________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 20___жылғы __________ үшін құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілген тауарларды есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу туралы осы актіні жасадық.

р/с №

Есепке алу торабының (аспабының) атауы

Есепке алу аспабының айдың басындағы көрсеткіші

Есепке алу аспабының есепті кезең соңындағы көрсеткіші

Өткізілген тауар көлемі (тонна, мың текше метр, киловатт сағат)

1

2

3

4

5

      Есепке алу торабының (аспабының) өкілі

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы, күні)

      Мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды тұлғасы

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы, күні)

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
10-қосымша
  Нысан

Тауар құрамдауыштарының жоспарланып отырған жеткізілімдері туралы хабарлама

      Хабарлама № _________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (декларанттың атауы, заңды мекенжайы)

      ____________________________________________________________________

                  (құжаттар туралы жалпы мәліметтер)

      Жиналмаған түрінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметті Тауар номенклатурасы бойынша тауарларды сыныптау туралы шешімнің

      № ____________________________________________________________________

      Жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түріндегі тауардың атауы және Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметті Тауар номенклатурасы бойынша сыныптау

      коды ____________________________________________________________________

      Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың құрамдас элементтерінің атауы және олардың Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметті Тауар номенклатурасы бойынша сыныптау

      коды __________________________________________________________________

      Келісім-шарт бойынша жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың құны

      ____________________________________________________________________

      Кедендік тазарту жүргізілетін мемлекеттік кірістер органы

      ______________________________

      (мемлекеттік кірістер органының (кеден бекетінің) атауы)

      Тауарды әкелу мерзімі _____________________________________________

      Өзге мәліметтер __________________________________________________

      ___________тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) _________ (қолы)

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
11-қосымша
  Нысан

Тауар құрамдауыштарының жоспарланып отырған жеткізілімдері туралы хабарламаны тіркеу журналы

р/с №

Хабарламаның тіркеу нөмірі

Тауарды сыныптау туралы шешімнің №

Тауарларды сыныптау туралы шешімнің қолдану мерзімі (ККААЖЖ)

Декларанттың атауы

Шарттың (келісішарттың/ерекшеліктері) деректемелері

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметті Тауар номенклатурасы бойынша жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың коды

Келісішарт бойынша жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың құны

жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың барлық құрамдастарын жеткізу мерзімі

Өзге де мәліме

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      Ескертпе:

      Рұқсаттың нөмірі мына түрде қалыптастырылады:

      ХХХХХ/ККААЖЖ/0000, мұнда:

      1 2 3

      1) ХХХХХ – кедендік тазартуды жүргізетін аумақтық мемлекеттік кірістер органының коды;

      2) ККААЖЖ – хабарламаның берілген күні (күні, айы және ағымдағы жылдың соңғы 2 цифры);

      3) 0000 – хабарламаның реттік нөмірі.

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
12-қосымша
  Нысан

Жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түріндегі тауар құрамдауыштарын есепке алу журналы

р/с №

Декларант

Шарттың, ерекшеліктің № және күні

Жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түріндегі тауардың атауы және саны (қосымша өлшем бірлігі)

Жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түріндегі тауар құрамдауыштарының атауы және саны (қосымша өлшем бірлігі)

Жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түріндегі тауар құрамдауыштарына арналған тауарларға арналған декларация №

Жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түріндегі тауар құрамдауыштарына арналған соңғы тауарларға арналған декларация №

кедендік тазартуды жүргізген уәкілетті лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

1

2

3

4

5

6

7

8

      Ескертпе:

      журналда жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түріндегі тауар құрамдауыштарының әр жеткізілімі бойынша деректер көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 73 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды кедендік декларациялау мен кедендік тазартудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10236 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 ақпанда жарияланған).

      2. "Кедендік декларациялау және кедендік декларация берілгенге дейін тауарларды шығару кезінде кедендік операцияларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 112 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10526 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 сәуірде жарияланған).

      3. "Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 246 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10874 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 мамырда жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылы 29 қазандағы № 551 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 12328 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 желтоқсанда жарияланған).

      5. "Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 246 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 412 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 14181 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 қыркүйекте жарияланған).