"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 76-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.08.2023 № 631 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 14, 171-құжат);
2) "Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 56 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 5, 34-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 қаулысымен бекітілген |
Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелері
Ескерту. Мөлшерлемелер жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.08.2023 № 631 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Кедендік төлемнің атауы | АЕК-дегі (республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш) мөлшерлемелер |
1 | 2 |
Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алым: | |
тауарларға арналған декларацияны пайдаланумен; | 6 АЕК |
транзиттік декларацияны пайдаланумен; | 6 АЕК |
тауарларға арналған декларация ретінде мәлімдемені пайдаланумен; | 0 АЕК |
тауарларға арналған декларация ретінде тізбені пайдаланумен; | 0 АЕК |
экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны пайдаланумен; | 0 АЕК |
халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өткізілетін | 0 АЕК |
Кедендік алып жүру үшін кедендік алым |
50 километрге дейінгі қашықтыққа 1 АЕК, |
Алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алым | 9 АЕК |