Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 73 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 ақпанда № 16346 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабы 1-тармағына, 148-бабының 3-тармағына, 180-бабының 7-тармағына, 182-бабының 9-тармағына, 185-бабының 5-тармағына, 187-бабының 11-тармағына, 190-баптың 4 және 9-тармақтарына, 192-бабының 4-тармағына, 194-бабының 10-тармағына, 536-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 73 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабы 1-тармағына, 148-бабының 3-тармағына, 180-бабының 7-тармағына, 182-бабының 9-тармағына, 185-бабының 5-тармағына, 187-бабының 11-тармағына, 190-баптың 4 және 9-тармақтарына, 192-бабының 4-тармағына, 194-бабының 10-тармағына, 536-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және тауарларды кедендік тазартуды.

      2. Тауарларды кедендік тазартуды лауазымдық (функционалдық) міндеттеріне сәйкес осындай кедендік операцияларды жасауға уәкілеттігі бар мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары (бұдан әрі – уәкілетті лауазымды тұлға) жүзеге асырады және мемлекеттік кірістер органына тауарларға арналған декларация түрінде кедендік декларацияны берген сәттен басталады және тауарларды шығарумен аяқталады.

      3. Электрондық түрде кедендік декларациялау (бұдан әрі – ЭТД) электрондық құжат түрінде тауарларға арналған декларацияны пайдалана отырып, осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Жазбаша нысандағы кедендік декларациялау қағаз тасымалдағышта құжат түрінде тауарларға арналған декларацияны (бұдан әрі – ТД) пайдалана отырып, осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Кодекстің 393-бабы 5-тармағына сәйкес тауарларды кедендік декларациялау кезінде кедендік бақылау жүргізу кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету шараларын айқындайтын тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің негізіндеге ғана жүзеге асырылады.

      6. Тауарларды кедендік тазарту кезінде тауарларға арналған декларацияны оның нысанына қарамастан, Кодекстің 180-бабының 2-тармағында, сондай-ақ осы Қағидалардың 4-тарауының 2-параграфында және 5-тарауында белгіленген жағдайларды қоспағанда, қызмет аймағында тауарлар кедендік бақылауда тұрған мемлекеттік кірістер органына декларант немесе кеден өкілі береді.

      7. ЭТД толтырғаннан кейін, сондай-ақ осы Қағидаларда айқындалған жағдайларда электрондық түрде ұсынылған, онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларанттың немесе кеден өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады.

      8. Декларантты немесе кеден өкілін ЭТД мәртебелері (берілгені, қабылданғаны, тіркелгені, тіркеуден бас тартылғаны, шығаруға рұқсат етілгені, шығаруы тоқтатыла тұрғаны, қайтарып алынғаны, шартты шығару) туралы хабардар етумен байланысты мемлекеттік кірістер органының әрекеті осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген әрекеттерді қоспағанда, нақты уақыт режимінде ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік кірістер органы ақпараттық жүйе арқылы:

      лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз (бұдан әрі – автоматты түрде шығару) тауарларды шығаруға;

      тауарларды шығаруда бас тартуға;

      тауарларды шығаруды жоюға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес электрондық құжаттарды қалыптастырады және декларантқа немесе кеден өкіліне жолдайды.

      9. Декларанттың немесе кеден өкілінің өтініші бойынша тауарларды шығаруды жүзеге асырған мемлекеттік кірістер органы өтініш келіп түскен сәттен бастап 30 минуттан кешіктірмей тауарларға арналған декларацияны оның электрондық түрінен қағаз түрінде басып шығарады.

      Бұл ретте, тауарларды шығаруды жүзеге асырған уәкілетті лауазымды тұлға, тауарларды автоматты түрде шығаруды қоспағанда, осындай тауарларға арналған декларацияға тауарларды шығару туралы белгіні қояды және жеке нөмірлі мөрімен куәландырады.

      Тауарларды автоматты түрде шығару кезінде тауарларды шығару туралы белгіні тауарларды шығаруды жүзеге асырған мемлекеттік кірістер органы қояды.

2-тарау. Уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық нысанда кедендік декларациялауды қолдана отырып, тауарларды кедендік тазарту кезіндегі іс-қимылы 1-параграф. Уәкілетті лауазымды тұлғаның қатысуынсыз мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі арқылы ЭТД тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі

      10. ЭТД беруге, тіркеуге немесе тіркеуден бас тартуға байланысты кедендік операциялар Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2014 жылғы 2 шілдедегі № 98 шешімімен бекітілген, Тауарларға арналған декларацияларды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі –Тауарларға арналған декларацияларды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы нұсқаулық) сәйкес жүзеге асырылады, ал Тауарларға арналған декларацияларды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы нұсқаулықта реттелмеген бөлігінде осы параграфтың ережелері қолданылады.

      11. ЭТД тіркеу немесе тіркеуден бас тарту Кодекстің 148-бабы 3-тармағына сәйкес уәкілетті лауазымды тұлғаның қатысуынсыз мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі арқылы (бұдан әрі – ЭТД автоматты түрде тіркеу) жүзеге асырылады.

      ЭТД қабылдауды декларант немесе кеден өкілі оны берген кейін мемлекеттік кірістер органы ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырады.

      12. ЭТД беру күні мен уақыты мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйе арқылы тіркеледі.

      Бұл ретте, Кодекстің 181-бабында белгіленген ЭТД беру мерзімдерін бақылауды ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік кірістер органы жүзеге асырады.

      ЭТД мерзімдерді бұзып берілген жағдайда, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының кодексінің (бұдан әрі – ӘҚК) 538-бабында көзделген шаралар қолданылады.

      13. ЭТД беру Кодекстің 180-бабының 7-тармағында белгіленген жағдайда қоспағанда, мемлекеттік кірістер органына онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды табыс етумен сүйемелденбейді.

      14. ЭТД тіркегенге дейін декларант немесе кеден өкілі мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі арқылы Кодекстің 182-бабы 5-тармағына сәйкес форматтық-логикалық бақылау жүргізу арқылы ЭТД тіркеуден бас тарту үшін негіздердің болмауын тексеруді қамтамасыз етеді.

      Форматтық-логикалық бақылау нәтижесіндегі ЭТД бойынша қателерді берген кезінде, ақпараттық жүйеде тиісті хабарлама көрсетіледі

      ЭТД тіркеуден бас тартуға негіздер болған жағдайда, Тауарларға арналған декларацияларды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы нұсқаулығына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары ақпараттық жүйе арқылы ЭТД тіркеуден бас тартуды жүзеге асырады.

      15. Мемлекеттік кірістер органы декларантқа немесе кеден өкіліне тіркелген ЭТД мәртебесі туралы хабарламаны жолдай отырып, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі арқылы ЭТД тіркеуді жүзеге асырады.

2-параграф. Уәкілетті лауазымды тұлғаның тауарларды шығарғанға дейін ЭТД тіркелгеннен кейінгі кедендік операцияларды жасау кезіндегі іс-қимылы

      16. ЭТД тіркелгеннен кейін онда мәлімделген мәліметтерді тексеру үшін мемлекеттік кірістер органы ақпараттық жүйе арқылы кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету шараларын айқындау мақсаттары үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолданады.

      17. Құжаттардың, құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) оларда Кодекстің 179-бабында көрсетілген мәліметтердің болуын Кодекстің 146-бабы 2-тармағына сәйкес ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырылады.

      Тыйым салулар мен шектеулер қойылған әрекеттерге жататын тауарлар болған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы ақпараттық жүйе арқылы "Е–лицензиялау" мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "Е–Лицензиялау" МДБ АЖ) қамтылған тыйым салулар мен шектеулерді сақтауды растайтын құжаттар туралы ақпараттармен ЭТД–да декларант немесе кеден өкілінің мәлімдеген мәліметтердің дұрыстығына тексеруді жүзеге асырады.

      "Е–Лицензиялау" МДБ АЖ-да тыйым салулар мен шектеулерді сақтауды растайтын құжаттар және (немесе) мәліметтер болмаған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға:

      осындай мәліметтерді Кодекстің 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінде қамтылған деректермен салыстыру;

      осындай мәліметтерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің оларды беруге жауапты мемлекеттік органдарының (ұйымдарының) ресми ақпарат көздерінде көрсетілген осындай құжаттар туралы (осындай құжаттардан алынған) мәліметтермен салыстыру;

      осындай мәліметтерді тиісті, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарына тауарлардың сәйкестігін растайтын құжаттардың бірыңғай тізілімімен байланысты ақпараттар жарияланатын, Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында орналастырылатын ақпараттармен салыстыру арқылы рұқсат беру құжаттары туралы мәлімделген мәліметтердің сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

      Егер, Кодекстің 146-бабы 2-тармағына сәйкес уәкілетті лауазымды тұлғаның ақпараттық жүйе арқылы осындай құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) осындай құжаттардан мәліметтерді ала алмаса, онда декларант немесе кеден өкілі осы Қағидалардың 2-тарауының 3-параграфына сәйкес осындай құжаттарды табыс етеді.

      18. Тәуекелдерді басқару жүйесі кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету шараларын айқындау кезінде, уәкілетті лауазымды тұлға осындай шараларды қолданады.

      Бұл ретте, мемлекеттік кірістер органы ақпараттық жүйе арқылы декларантқа немесе кеден өкіліне тәуекелдерді басқару жүйесінде тәуекелдерді азайту жөніндегі шаралардың тағайындалғаны туралы хабарлама жолдайды.

      19. Уәкілетті лауазымды тұлға мынадай жағдайды ескере отырып:

      1) кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтер тексеру нысаны түрінде, декларантқа немесе кеден өкіліне ақпараттық жүйе арқылы ЭТД-да мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы сұрау салу жолданған кезде тәуекелдерді басқару жүйесінде айқындалған тәуекелдерді азайту жөніндегі шараларды қолдануды жүзеге асырады.

      Декларант немесе кеден өкілі ұсынатын сұрау салынған құжаттарды тексеруді Кодекстің 410-бабына және осы Қағидалардың 2-тарауының 3-параграфына сәйкес уәкілетті лауазымды тұлға жүзеге асырады.

      Сұрау салынған құжаттарды ұсыну және тауарларды шығарғанға дейін оларды тексеру аяқталған не өзге нысандардағы кедендік бақылаудың, оның ішінде тауарларға кедендік сараптамалар нәтижелері тексерілген мәліметтердің дұрыстығын және (немесе) толықтығын растаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы Кодекстің 192-бабына сәйкес тауарларды шығаруды жүргізеді.

      Егер сұрау салынған құжаттарда қажетті мәліметтер қамтылмаған немесе ЭТД мәлімделген кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшеріне әсер ететін мәліметтерді тиісті дәрежеде растамаған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға ақпараттық жүйе арқылы Кодекстің 195-бабының талаптарын сақтай отырып, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді ұсыну шартымен тауарларды шығаруды жүргізу мүмкіндігі туралы декларантты немесе кеден өкілін хабардар етеді.

      Бұл ретте, уәкілетті лауазымды тұлға ақпараттық жүйе арқылы декларантқа немесе кеден өкіліне "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінің есебі туралы" Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 112 шешімімен белгіленген нысан бойынша кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінің есебін жолдайды.

      Декларант немесе кеден өкілі көрсетілген кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтема баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді енгізген кезінде, уәкілетті лауазымды тұлға ақпараттық жүйе арқылы кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеуді жүргізеді және Кодекстің 195-бабына сәйкес кедендік, өзге де құжаттар және (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталғанға дейін тауарларды шығаруды жүзеге асырады.

      Бұл ретте декларантқа немесе кеден өкіліне ақпараттық жүйе арқылы Кодекстің 409-бабы 4-тармағына сәйкес тауарлар шығарылғанға дейін шығарылғаннан кейін басталған кедендік, өзге де құжаттар және (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталуымен тауарларды шығару туралы хабарлама жолданады.

      Тауарларды шығарғаннан кейін кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді аяқтау үшін уәкілетті лауазымды тұлға тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүргізуге жауапты бөлімшеге хабарлама жолдайды.

      Декларант немесе кеден өкілі кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынбаған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 410-бабы 2-тармағына сәйкес ЭТД тіркеген күннен кейінгі келесі жұмыс күні аяқталғанға дейін төрт сағаттан кеш емес мерзімде ақпараттық жүйе арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды шығарудан бас тарту туралы электрондық құжатты жіберу жолымен тауарларды шығарудан бас тартуды жүзеге асырады.

      Егер кедендік бақылау жүргізу кезінде Еуразиялық экономикалық одағының кеден заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 9) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарына сәйкес олар жойылған кезде тауарларды шығарудан бас тарту үшін негіз болмайды және мемлекеттік кірістер органы осындай бұзушылықтарды жою үшін ЭТД мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) қажеттігін айқындаған, мемлекеттік кірістер органның талап етуі бойынша осындай мәліметтерді Кодекстің 193-бабы 3 және 6-тармақтарында белгіленген тауарларды шығару мерзімі шегінде декларант өзгертеді (толықтырады).

      2) уәкілетті лауазымды тұлға кедендік сараптаманы жүргізуі кезінде Кодекстің 54-тарауында, сондай-ақ осы Қағидалардың 32-тармағында айқындалған әрекеттерді жүзеге асырады.

      3) тауарлар туралы мәлімделген мәліметтердің зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімінде және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімінде қамтылған мәліметтерге, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарына зияткерлік меншік құқықтары бұзылған тауарларды анықтауға мүмкіндік беретін, жоғарыда көрсетілген зияткерлік меншік объектілерінің тізіліміне енгізілмеген тауарлар туралы қосымша мәліметтерге сәйкестігін тексеру жүргізу кезінде уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 198 және 199-баптарына сәйкес зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарын қорғау бойынша шараларды қабылдайды, сондай-ақ осы Қағидалардың 33-тармағында айқындалған әрекеттерді жасайды;

      4) тауарларды кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу кезінде уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 413-бабы 2-тармағына сәйкес тауарларды кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу бойынша әрекеттерді жүзеге асырады.

      Уәкілетті лауазымды тұлға ақпараттық жүйе арқылы тауарларды кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу үшін кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) (ол болған кезде) жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар мамандандырылған (қарап тексеру тобына) бөлімшеге хабарлама жолдайды.

      Тауарларға кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу кезінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға мемлекеттік кірістер органы басшысына не оны алмастырушы тұлғаға анықталған бұзушылықтар туралы дереу жазбаша түрде хабарлайды және ӘҚК-ге сәйкес шаралар қабылдайды.

      Тауарларға кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) нәтижелері бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар бұзушылықтар анықталған кезде, уәкілетті лауазымды тұлға қаржы мониторингі органының қылмыстық құқық бұзушылықтарды қарауға байланысты мәселелер құзыретіне кіретін тиісті бөлімшесіне осындай бұзушылықтар туралы ақпаратты береді.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Тәуекелдерді басқару жүйесінде айқындалған тәуекелдерді азайту жөніндегі шараларды қолдану нәтижесі бойынша уәкілетті лауазымды тұлға мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінде тәуекелдерді азайту жөніндегі қабылданған шаралардың нәтижелері туралы есепті толтырады.

      21. Мемлекеттік кірістер органы кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеуді бақылауды Кодексінің 398-бабына сәйкес ақпараттық жүйе арқылы жүргізеді.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеу шартының сақталуын тексеруді мемлекеттік кірістер органдары ақпараттық жүйе арқылы тауарларды шығарғаннан кейін есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеу шартының сақталуына тексеру жүргізу туралы хабарлама қалыптастыру жолымен, тауарларды шығарғаннан кейін бақылауды жүзеге асыратын бөлімшеге осындай хабарлама жолдай отырып жүзеге асырады.

      22. Тәуекелдерді азайту жөніндегі шаралар болмаған кезде, уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 192-бабына сәйкес тауарларды шығаруды жүзеге асырады.

      Бұл ретте, декларантқа немесе кеден өкіліне ақпараттық жүйесі арқылы осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес тауарларды шығару туралы хабарлама жолданады.

3-параграф. Тауарлардың шығарылған жері, тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы туралы мәліметтерді, егер мемлекеттік кірістер органдары осындай құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) олардан алынатын мәліметтерді алуы мүмкін болмаса, растайтын құжаттарды бақылау тәртібі

      23. Декларант немесе кеден өкілі тауарлардың шығарылған жері туралы мәліметтерді ЭТД мәлімдеген кезде, мұндай мәліметтер ЭТД бергенге дейін немесе берілгеннен кейін тауарларды шығарғанға дейін олардың түпнұсқаларын табыс ету жолымен расталады.

      Декларанттың немесе кеден өкілінің тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы туралы мәліметтерді ЭТД мәлімдеген жағдайда, декларант немесе кеден өкілі ЭТД бергенге дейін немесе берілгеннен кейін тауарларды шығарғанға дейін көрсетілген құжаттарды электрондық түрде (көшірмелерін сканерлеп) тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарды ұсынады.

      Бұл ретте, мемлекеттік кірістер органы ақпараттық жүйе арқылы декларантқа немесе кеден өкіліне осындай құжаттардың және (немесе) құжаттар туралы мәліметтердің болмауы туралы хабарлама жолдайды.

      24. Декларант немесе кеден өкілі ақпараттық жүйе арқылы құжаттардың және (немесе) құжаттар туралы мәліметтердің болмауы туралы хабарламаны алғаннан кейін, декларант немесе кеден өкілі осы Қағидалардың 23-тармағында айқындалған түрінде, Кодекстің 193-бабында көрсетілген мерзімнен кешіктірмей оларды уәкілетті лауазымды тұлғаға табыс етеді.

      25. Егер декларант немесе кеден өкілі осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес құжаттарды табыс етпеген жағдайда, Кодекстің 201-бабына сәйкес уәкілетті лауазымды тұлға тауарларды шығарудан бас тартады.

      26. Декларант немесе кеден өкілі осы Қағидалардың 24-тармағында айқындалған құжаттарды ұсынған кезде, уәкілетті лауазымды тұлға осындай құжаттарды ЭТД-да олар туралы мәлімделген мәліметтерге сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және олар расталған жағдайда, осы Қағидаларда көзделген әрекеттерді жүзеге асырады.

4-параграф. Уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық нысанда тауарлардыкедендік декларациялау кезінде тауарларды шығаруға байланысты іс-қимылы

      27. Уәкілетті лауазымды тұлға тауарларды шығаруды Кодекстің 192-бабы 1-тармағына сәйкес декларант немесе кеден өкілі тауарларды мәлімделген кедендік рәсімге орналастыру шарттарын сақтаған, сондай-ақ Кодекстің 201-бабында белгіленген тауарларды шығарудан бас тартуға негіздер болмаған кезде Кодекстің 193-бабында белгіленген мерзімде ақпараттық жүйе арқылы жүргізеді.

      Тауарларды шығару "Тауарларды шығаруға байланысты кейбір мәселелері туралы" Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы №184 шешімімен бекітілген, Тауарларды шығаруға, тауарларды шығару мерзімін тоқтатуға, тауарларды шығарудан бас тартуға және тауарларды шығаруды жоюға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібіне (бұдан әрі – Тауарларды шығару туралы тәртіп) сәйкес жүзеге асырылады.

      28. ЭТД автоматты түрде тіркеу, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесінде тәуекелдерді азайту жөніндегі ұсынымдар болмаған кезде мемлекеттік кірістер органы Тауарларды шығару туралы тәртібінің II-бөліміне сәйкес ақпараттық жүйе арқылы тауарларды автоматты түрде шығаруды жүзеге асырады.

      Бұл ретте, мемлекеттік кірістер органы ақпараттық жүйе арқылы декларантқа немесе кеден өкіліне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тауарлар шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының ЭЦҚ-мен куәландырылған, тауарларды автоматты түрде шығару туралы электрондық құжатты жолдайды.

      29. Тауарларды шығару кезінде уәкілетті лауазымды тұлға Тауарларды шығару туралы тәртіптің IІІ-бөліміне сәйкес декларантқа немесе кеден өкіліне ақпараттық жүйе арқылы тауарларды шығару туралы хабарламаны жолдайды.

      30. Уәкілетті лауазымды тұлға тауарларды шығарудан бас тартуды Тауарларды шығару туралы тәртіптің V-бөліміне сәйкес ресімдейді.

      Бұл ретте, уәкілетті лауазымды тұлға ақпараттық жүйе арқылы декларантқа немесе кеден өкіліне Кодекстің 201-бабына сәйкес тауарларды шығарудан бас тарту үшін негіз болатын себепті көрсете отырып, ЭЦҚ-мен куәландырылған, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тауарларды шығарудан бас тарту туралы электрондық құжатты жолдайды.

      31. Егер ЭТД мәлімделген жекелеген тауарларға қатысты тауарларды шығару үшін шарттар сақталмаған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға осындай тауарларды шығарудан бас тартады.

      Бұл ретте, көрсетілген тауарлар туралы мәліметтер мәлімделген ЭТД-ның негізгі және қосымша парақтарындағы "С" бағанында 2-нөмірімен уәкілетті лауазымды тұлға: шығарудан бас тарту күні мен уақытын көрсете отырып, "Тауар № (ЭТД-ның 32-бағанында көрсетілген тауардың реттік нөмірі) – шығарудан бас тартылды" деген мәліметті енгізеді.

      Көрсетілген мәліметтерді уәкілетті лауазымды тұлға "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен (бұдан әрі – Шешім жіктеуіші) бекітілген, Шешім жіктеуішіне сәйкес қабылданған шешімнің кодын қоя отырып, мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      Осы Қағидаларда белгіленген шарттар мен тәртіпті сақтай отырып, қалған тауарларды шығару жүзеге асырылады.

      32. Осы Қағидалардың 19-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген әрекеттерді жасаған кезде уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 196-бабының ережелерін ескере отырып, ақпараттық жүйе арқылы тауарларды шығаруды жүргізеді.

      33. Осы Қағидалардың 19-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген әрекеттерді жасаған кезде уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 198 және 199-баптарының ережелерін ескере отырып, ақпараттық жүйесі арқылы тауарларды шығаруды тоқтата тұруды жүзеге асырады.

      Тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы шешімді аумақтық мемлекеттік кірістер органының басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға шығарады, содан кейін уәкілетті лауазымды тұлға ақпараттық жүйе арқылы декларантқа немесе кеден өкіліне тауарларды шығаруды тоқтата тұру себептері мен мерзімін көрсете отырып, тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы хабарлама жолдайды.

      Тауарларды тоқтата тұру немесе шығару туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті лауазымды тұлға мынадай әрекеттерді орындайды:

      шығаруды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған тауарларға қатысты, ЭТД "С" бағанында 3-нөмірімен осындай тоқтата тұру туралы мәліметтер көрсетіледі. Осы Қағидаларда белгіленген шарттар мен тәртіпті сақтай отырып, қалған тауарларды шығару жүзеге асырылады.

      Шешім жіктеуішіне сәйкес қабылданған шешімнің кодын қоя отырып, ЭТД-ға көрсетілген мәліметтер енгізіледі.

      34. Декларанттың немесе кеден өкілінің уәжді өтініші бойынша тіркелген кедендік декларациясы Кодекстің 184-бабында айқындалған жағдайларда тауарлар шығарғанға дейін және кейін де қайтарып алынуы мүмкін.

      35. Тауарларды шығару туралы тәртіптің VІ-бөліміне сәйкес уәкілетті лауазымды тұлғаның ақпараттық жүйе арқылы тауарларды шығаруды жоюына рұқсат етіледі.

      Уәкілетті лауазымды тұлға ақпараттық жүйе арқылы тауарларды шығаруды жойған кезде декларантқа немесе кеден өкіліне осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ЭЦҚ куәландырған тауарларды шығаруды жою туралы электрондық құжат жолданады.

      36. Тауарларды шығару, шығаруды тоқтата тұру, шығарудан бас тарту не шығаруды жою туралы шешім қабылданғаннан кейін, декларант немесе кеден өкілі ақпараттық жүйе арқылы нақты уақыт режимінде жоғарыда көрсетілген мәртебелердің бірімен ЭТД данасын алады.

      37. Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы №257 шешімімен бекітілген, Тауарларға арналған декларацияларды толтыру тәртібі туралы нұсқаулықта белгіленген тәртіппен ЭТД "С" бағанына мәліметтерді енгізу жолымен ақпараттық жүйе арқылы уәкілетті лауазымды тұлға Тауарларды шығару, шығаруды тоқтата тұру, шығарудан бас тарту, шығаруды жою не тауарларды шартты түрде шығару туралы шешімді қабылдайды.

      38. Уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 202-бабына сәйкес тауарларды шартты түрде шығару туралы шешім қабылдаған жағдайда, мұндай шешім туралы ақпарат ақпараттық жүйе арқылы ЭТД тіркеу нөмірі туралы ақпаратпен тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды аяқтау үшін тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау жүргізуге жауапты бөлімшеге жолданады.

3-тарау. Уәкілетті лауазымды тұлғаның жазбаша нысанда тауарларды кедендік декларациялауды қолдана отырып тауарларды кедендік тазарту кезіндегі іс-қимылы 1-параграф. Кедендік декларацияны тіркеумен не мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде ақаулық болған кезде осындай тіркеуден бас тартумен байланысты кедендік операциялар тәртібі

      39. Кодекстің 175-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының техниканың істен шығуынан, байланыс (телекоммуникациялық желілер және Интернет желісі) құралдарының жұмысындағы бұзушылықтан, сондай-ақ электр энергиясының өшіп қалуынан туындаған, мемлекеттік кірістер органы пайдаланылатын ақпараттық жүйелердің бұзылуына байланысты декларанттың немесе кеден өкілінің электрондық нысанда кедендік декларациялауды іске асыруын қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған жағдайда, кедендік декларация (бұдан әрі – ТД) қағаз тасмалдағышындағы құжат түрінде пайдаланылады.

      40. Кодекстің 180-бабы 5 және 7-тармақтарына сәйкес мемлекеттік кірістер органына ТД-да мәлімделген мәліметтерді растайтын қағаз тасымалдағыштағы құжаттар, сондай-ақ оның электрондық түрі ТД-мен бірге ұсынылады.

      Мұндай құжаттарға:

      тауарлармен мәмілені жасауды растайтын құжаттар, осындай мәміле болмаған жағдайда – тауарларға иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын растайтын өзге құжаттар, сондай-ақ декларанттың немесе кеден өкілінің билік етуіндегі өзге де коммерциялық құжаттар;

      көліктік (тасымалдау) құжаттары;

      тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын растайтын құжаттар;

      тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттар;

      кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының төленуін растайтын және (немесе) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету құжаттары;

      кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді ұсынудың мақсаты мен шарттарын сақтауды растайтын құжаттар жатады.

      41. Кодекстің 182-бабының 9-тармағына сәйкес, сондай-ақ осы Қағидалардың 39-тармағында белгіленген жағдайлар басталған кезде, ТД-ны тіркеуге немесе тіркеуден бас тартуға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі Тауарларға арналған декларацияларды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

      42. Уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 181-бабында белгіленген ТД беру мерзімін тексереді.

      ТД мерзімдерді бұза отырып берілген жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға ӘҚК көзделген шараларды қабылдайды.

      43. ТД және осы Қағидалардың 39-тармағында көзделген құжаттарды беруді уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз түрінде жүргізілетін, ТД тіркеу журналында өзінің тегі және аты-жөнін, қолын және жеке нөмірлі мөрін қою арқылы екі данада тізімдеме күні мен оның берілген уақыттын көрсете отырып растайды.

      44. Тауарларға арналған декларацияны тіркегеннен немесе тіркеуден бас тартудан кейін уәкілетті лауазымды тұлға ТД тіркеу журналында тиісті жазбаны жүзеге асырады.

2-параграф. Уәкілетті лауазымды тұлғаның жазбаша нысанда тауарларды кедендік декларациялауды қолдана отырып, кедендік бақылау жүргізуге және тауарларды шығаруға байланысты іс-қимылы

      45. Осы Қағидалардың 39-тармағында белгіленген жағдайларда, ТД-ны тіркегеннен кейін уәкілетті лауазымды тұлға кедендік және өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруге, тауарлардың кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеру) жүргізуге байланысты, кедендік бақылау нысандарын қолдана отырып кедендік бақылауды, соның ішінде тауарларды кедендік сараптаманы жүзеге асырады.

      Бұл ретте уәкілетті лауазымды тұлға декларантқа немесе кеден өкіліне кедендік бақылауды жүргізудің нысандары мен шаралары туралы еркін нысандағы жазбаша хабарламаны қолын қойғызып табыс етеді.

      46. Кодекстің 180-бабының 7-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың негізінде уәкілетті лауазымды тұлға кедендік бақылауды жүзеге асырады.

      Жүргізілген кедендік бақылаудың нәтижелері бойынша уәкілетті лауазымды тұлға Тауарларды шығару туралы тәртіпке сәйкес тауарларды шығару, шығаруды тоқтата тұру, шығарудан бас тарту не шығаруды жою туралы шешім қабылдайды.

      47. Уәкілетті лауазымды тұлға ДТ, ілеспе құжаттарда тиісті белгілерді, сондай-ақ ДТ 2 және 3 даналарын декларантқа немесе кеден өкіліне бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ДТ тіркеу журналына жазба енгізу (қою) арқылы тауарларды шығаруды жүргізеді.

      48. Ақпараттық жүйенің жұмыс істеу мүмкіндігі жаңартылғаннан кейін уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағидалардың 39-тармағы екінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрдегі ТД жүктеуді жүзеге асырады.

      49. Ақпараттық жүйенің жұмыс істеу мүмкіндігі жаңарғаннан кейін электрондық түрде жүктелген ТД бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып, кедендік бақылауды жүргізуге байланысты әрекетті уәкілетті лауазымды тұлға жүзеге асырмайды.

3-параграф. Тауарларға арналған декларацияларды бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу немесе оны тіркеуден бас тарту журналының нысаны және жүргізу тәртібі

      50. Тауарларға арналған декларацияларды бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу немесе оны тіркеуден бас тарту Кодекстің 194-бабы 10-тармағына сәйкес "Тауарларға арналған декларацияларды бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу немесе оны тіркеуден бас тарту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №171 шешімімен бекітілген тәртіпте жүзеге асырылады.

      51. Уәкілетті лауазымды тұлға Тауарларға арналған декларацияларды бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу немесе оны тіркеуден бас тарту туралы журналын (бұдан әрі – Тіркеу журналы) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырады.

      52. Тіркеу журналы қағаз тасымалдағышында жүргізіледі, нөмірленеді, тігіледі және мемлекеттік кірістер органының қолымен және мөрімен (болған кезде) куәландырылады және уәкілетті лауазымды тұлға қолын қояды. Тіркеу журналына жазба толық, нақты, ұқыпты, түзетуге және тазалауға жол берілмейді. Қате жазба айтылады және уәкілетті лауазымды тұлға қолын қойып куәландырады.

      Тіркеу журналында реттік нөмірді нөмірлеу әрбір күнтізбелік жылда бір санынан басталады.

4-тарау. Кедендік декларациялаудың және тауарларды шығарудың ерекшеліктері 1-параграф. Мерзімдік кедендік декларациялау кезінде мәлімделген тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүргізу ерекшеліктері

      53. Кодекстің 187-бабында белгіленген шарттарды жиынтық түрінде сақтаған кезде мерзімдік кедендік декларациялау қолданылады.

      54. Мерзімдік кедендік декларациялау кезінде уәкілетті лауазымды тұлға ақпараттық жүйе арқылы осы Қағидалардың 2-тарауының 1-параграфында көзделген кедендік операцияларды жасайды, сондай-ақ жеткізудің мәлімделген барлық мерзімі ішінде тауарлар партиясының әрбір жеткізілімін өткізудің іс жүзінде есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады.

      Кодекстің 187-бабының 2-тармағына сәйкес жеткізу кезеңі деп декларант мәлімделген кезең түсініледі, ол күнтізбелік отыз бір күннен аспайды және оның ішінде:

      1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларды мемлекеттік кірістер органына ұсыну;

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларды тиеп жөнелту (тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыға не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкету мақсатында тауарларды басқа көлік құралына қайта тиеумен (аударумен) халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру кезінде бірінші тасымалдаушыға тапсыру) жоспарланады.

      55. Жеткізудің мәлімделген барлық мерзімі ішінде тауарлар партиясының әрбір жеткізілімін өткізу кезінде уәкілетті лауазымды тұлға жеткізудің мәлімделген мерзімі басталғанға дейін берілетін ЭТД бойынша кедендік бақылауды жүзеге асырады.

      Бұл ретте Кодекстің 187-бабы 11-тармағына сәйкес ЭТД бойынша декларацияланатын тауарларды іс жүзінде есепке алуды және бақылауды уәкілетті лауазымды тұлға тауарларға арналған мерзімдік декларацияны пайдаланып декларацияланатын тауарларды есепке алуды электрондық журналда осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі.

      56. Жеткізудің мәлімделген мерзімі басталғанға дейін берілетін ЭТД бойынша тауарларды шығаруды уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 187-бабында айқындалған талаптар мен мерзімдерді сақтай отырып, ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырады.

2-параграф. Кедендік бақылау аймағында орналасуы (болуы) мүмкін, сондай-ақ шығаруға және тауарларға арналған декларацияны тіркеген мемлекеттік кірістер органынан өзге мемлекеттік кірістер органының қызмет аймағында тауарларға арналған декларация бойынша тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасауға жататын, тауарларды алдын ала декларациялауды қолдана отырып, тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері және жағдайлар

      57. Алдын ала кедендік декларациялау (бұдан әрі – ААД) ерекшеліктерін қолдана отырып, тауарларды кедендік тазартуды уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 185-бабында көзделген талаптар мен шарттарды сақтай отырып, сондай-ақ осы Қағидалардың 2-тарауында көзделген кедендік операцияларды жасай отырып, ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырады.

      58. Кодекстің 185-бабының 5-тармағына сәйкес ААД жүзеге асырылған тауарлар ААД кезінде ЭТД тіркеген мемлекеттік кірістер органынан өзге мемлекеттік кірістер органының қызмет өңірінде орналасқан кедендік бақылау аймағында, мынадай жағдайларда:

      1) осы Кодекстің 192-бабы 4-тармағына сәйкес келу орындарында тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасаудың ерекшелігі қолданылған;

      2) техникалық, технологиялық немесе меншік иесінің және (немесе) осындай оқиға кезінде тауарлар оның иелігінде болған тұлғаның қасақана әрекетінен емес, көлік құралдарымен болған өзге де сипаттағы оқиға, сондай-ақ еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан әкеп соғатын зиян, нәтижесінде ААД кезінде ЭТД тіркеген мемлекеттік кірістер органының қызмет аймағында орналасқан кедендік бақылау аймағына тауарларды жеткізу мүмкін болмаған авария кезінде орналасуы (болуы) мүмкін.

      59. Кодекстің 192-бабы 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ осы Қағидалардың 58-тармағында көзделген жағдайларда тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау ерекшелігі ААД кезінде ЭТД тіркеген мемлекеттік кірістер органынан өзге мемлекеттік кірістер органының қызмет аймағында, тиісті кіші жүйені пайдалануға енгізген сәттен бастап жүзеге асырылады.

      60. Декларант немесе кеден өкілі ААД кезінде ЭТД тіркеген мемлекеттік кірістер органын кедендік бақылау аймағына тауарларды орналастыру және осы тармақтың екінші бөлігінде айқындалған іс-қимылды жасағанға дейін келу орнында тауарларды тұрғаны туралы хабардар етеді.

      Декларант немесе кеден өкілі ААД кезінде ЭТД тіркеген және тауарларды шығаруды жүзеге асыру жоспарланған мемлекеттік кірістер органына ААД кезінде ЭТД мәлімделмеген не мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) арқылы нақтыланған мәліметтерді ұсынады не мұндай өзгерістер (толықтырулар) енгізудің қажеттігі болмауы туралы хабардар етеді.

      61. ААД кезінде өзге мемлекеттік кірістер органының қызмет аймағында тұрған тауарларға қатысты ЭТД берілетін мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды тұлғасы ААД кезінде ЭТД мәлімделген мәліметтерді оларды тіркеу мақсатында тексеруді жүзеге асырады.

      62. ААД кезінде ЭТД тіркеуді немесе тіркеуден бас тартуды осы Қағидалардың 2-тарауының 1-параграфына сәйкес ААД кезінде ЭТД берілетін мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды тұлғасы жүзеге асырады.

      63. Кедендік бақылауды жүргізу мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесі кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін кедендік бақылау нысанын және (немесе) шараларды айқындаған кезде ААД кезінде ЭТД берілген мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды тұлғасы қызмет аймағында тауарлар тұрған мемлекеттік кірістер органына тәуекелдерді азайту бойынша шаралар қабылдау туралы хабарламаны жолдайды.

      64. Кедендік бақылауды жүргізудің аяқталуы бойынша қызмет аймағында тауарлар тұрған мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды тұлғасы ақпараттық жүйе арқылы ААД кезінде ЭТД берілген мемлекеттік кірістер органын кедендік бақылаудың жүргізілгені туралы куәландыратын құжаттарды (фото – бейне материалдарды, сондай-ақ тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу актін және басқа да құжаттарды қоса бере отырып, кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) актін) қоса, есепті жолдау арқылы кедендік бақылау нысанын жүргізудің нәтижелері туралы хабарлайды.

      65. Кедендік бақылау нәтижесінде құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда қызмет аймағында тауарлар тұрған мемлекеттік кірістер органы ААД кезінде ЭТД берілген мемлекеттік кірістер органын бұл туралы дереу хабардар етеді.

      ААД кезінде ЭТД берілген мемлекеттік кірістер органы хабарламаны алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды.

      66. ААД кезінде ЭТД тіркеген (тауарларды шығару жүзеге асыратын) мемлекеттік кірістер органы ААД кезінде ЭТД қатысты осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген іс-қимылды жасайды.

      67. ААД кезінде ЭТД тіркеген мемлекеттік кірістер органынан өзге мемлекеттік кірістер органының қызмет өңірінде тұрған тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырған сәттен бастап, мұндай тауарлар шығарылған болып саналады және ААД кезінде аталған ЭТД қатысты кедендік бақылау аяқталады.

3-параграф. Уәкілетті лауазымды тұлғаның уақытша тауарларға арналған декларацияны пайдалана отырып, декларацияланатын тауарларды кедендік тазарту кезіндегі іс-қимылы

      68. Уақытша тауарларға арналған декларацияны (бұдан әрі – УТД) пайдалана отырып, декларацияланатын тауарларды кедендік тазарту кезінде уәкілетті лауазымды тұлға мынадай іс-әрекеттерді орындайды:

      1) осы Қағидалардың 2-тарауында көзделген кедендік операцияларды жасайды, сондай-ақ Кодекстің 189-бабында көзделген уақытша тауарларға арналған декларацияны қолданудың талаптары мен шарттарын сақтауды тексереді;

      2) УТД бойынша тауарларды жеткізуді жүзеге асырудың барлық кезеңі ішінде іс жүзінде тауарлардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады.

      УТД пайдалана отырып декларацияланатын тауарларды есепке алуды уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпараттық жүйесі арқылы УТД пайдалана отырып декларацияланатын тауарларды есепке алу журналында жүргізеді.

      69. Тауарларды жеткізуді жүзеге асырудың барлық кезеңі ішінде іс жүзінде тауарлардың өткізілуіне кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті лауазымды тұлға әрбір жөнелтілетін тауар (жеткізу) партиясына коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарының болуын тексереді.

      70. Уәкілетті лауазымды тұлға коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарда және УТД көрсетілген мәліметтердің жүргізілген кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) актінде көрсетілген кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) нәтижелеріне сәйкестігін тексереді.

      Құжаттарда көрсетілген мәліметтер жүргізілген кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) нәтижелеріне сәйкес болған кезде уәкілетті лауазымды тұлға тауарлардың шығарылған күнін, УТД нөмірін көрсете отырып, ақпараттық жүйе арқылы мәліметтерді "Уақытша декларациялау", "Шығаруға рұқсат" ЭТД енгізеді және уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ куәландырады.

      71. Кедендік тазарту бір мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін, ал есепке алу құралдары басқа мемлекеттік кірістер органының қызмет аймағында орналасқан, құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүргізу кезінде:

      УТД бойынша тауарларды шығарған мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды тұлғасы осындай тауарлар шығарылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қызмет аймағында есепке алу құралдарын орнату орындары тұрған мемлекеттік кірістер органына УТД көшірмесін жолдайды;

      қызмет аймағында есепке алу құралдарын орнату орындару тұрған мемлекеттік кірістер органы құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлардың нақты мөлшерін бақылауды, сондай-ақ ай сайын есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуды қамтамасыз етеді, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу туралы актілер жасайды және есептіден кейінгі айдың бесі күніне дейін УТД шығаруды жүргізген мемлекеттік кірістер органына осындай тауарлардың нақты өткізілген көлемі туралы растауды жолдайды;

      тауарлардың іс жүзінде өткізілген көлемін растау УТД бөлігінде жазбаша түрде, есепке алу аспаптарынан көрсеткіштерді алу туралы актілердің, тапсыру-қабылдап алу актілерінің, тауарлардың сапа сертификаттарының, Кеден одағына мүше мемлекеттері кеден қызметтерінің Біріккен алқасының 2015 жылғы 4 маусымдағы № 15/6 шешімімен бекітілген, Электр беру желілері бойынша және құбыржол көлігімен, оның ішінде аралас тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде құбыржол көлігін пайдалана отырып өткізілетін тауарлар туралы ақпаратпен алмасу технологиялары шеңберінде алынатын ақпараттың және жеткізудің күнтізбелік бір ай ішінде өндірілген, жеткізілген және құбыржол көлігімен өткізілетін тұтынылған тауарлар көлемін атаулы бөлуді растайтын басқа да ұқсас құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.

      72. Кодекстің 189-бабына сәйкес белгіленген мерзім ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарлар әкетілмеген жағдайда, УТД Кодекстің 184-бабында айқындалған тәртіппен қайтарып алуға жатады.

4-параграф. Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды кедендік тазартуды жасау тәртібі мен кедендік бақылауды жүргізу ерекшеліктері

      73. Осы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды кедендік тазартуды жасау тәртібі мен кедендік бақылауды жүргізу ерекшеліктері (бұдан әрі – жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды кедендік декларациялау) Кодекстің 190-бабының 4 және 9-тармақтарына сәйкес әзірленген, сондай-ақ көрсетілген баптың ережелерін сақтай отырып жүргізіледі және уәкілетті лауазымды тұлға іс-қимылының реттілігін және тауардың құрамдауыштарын жоспарланған жеткізу туралы хабарлама нысанын айқындайды.

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлар (тауарлар комбинациясын қоса) деп Кодекстің 41-бабы 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметті Тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 84, 85 немесе 90 тауар топтарында жіктелетін жабдық, механизмдер, қондырғылар, аппараттар немесе өзге құрылғылар түсініледі.

      Тауардың құрамдас бөлігі деп Кодекстің 41-бабы 3-тармағына сәйкес жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде тауарларды жіктеу туралы шешімде (бұдан әрі –тауарларды жіктеу туралы шешім) осындай бөлігі ретінде көрсетілген жиынтықталған немесе жасалып біткен түрдегі тауардың құрамдас бөлігі түсініледі.

      Тауарлардың бірінші құрамдас бөлігіне қатысты тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды жіктеу туралы шешімді алғаннан кейін декларант немесе кеден өкілі мемлекеттік кірістер органына осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауардың құрамдауыштарын жоспарланған жеткізу туралы хабарламаны береді.

      Тауардың құрамдауыштарын жоспарланған жеткізу туралы хабарламаны тіркеуді уәкілетті лауазымды тұлға ақпараттық жүйе арқылы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес Тауардың құрамдауыштарын жоспарланған жеткізу туралы хабарламаны тіркеу журналында жүзеге асырады.

      74. Жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде тауарларды кедендік декларациялау кезінде уәкілетті лауазымды тұлға ақпараттық жүйе арқылы осы Қағидалардың 2-тарауының 1-параграфында көзделген кедендік операцияларды жасайды.

      75. Жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде тауарларды кедендік декларациялау кезінде уәкілетті лауазымды тұлға тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес кедендік бақылауды, сондай-ақ осы Қағидалардың 2-тарауының 2, 3 және 4-параграфтарына сәйкес тауардың құрамдауыштарын шығаруды жүргізеді.

      76. Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың құрамдауыштарын кедендік декларациялау кезінде кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаты үшін жиынтықталған немесе жасалып біткен тауарларға қатысты белгіленген және мемлекеттік кірістер органы жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың құрамдауыштарыне арналған кедендік декларацияны тіркеу күніне қолданыста болған өлшерлемелер қолданылады.

      Кедендік декларациялау үшін алым жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың әрбір құрамдас бөліктеріне тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін немесе берумен бір мезгілде, сондай-ақ жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі соңғы тауарларға арналған декларацияны берген кезде төленеді.

      77. Уәкілетті лауазымды тұлға ақпараттық жүйе арқылы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде тауардың құрамдауыштарын есепке алу журналында жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде тауардың құрамдауыштарын жеткізудің барлық мәлімделген мерзімі ішінде тауардың әрбір құрамдас бөліктерін өткізуді іс жүзінде есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады.

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың құрамдауыштарын, жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың соңғы құрамдауыштарына қатысты тауарларға арналған декларация бойынша тауарды шығарғанға дейін монтаждауға (жинауға) рұқсат етіледі.

      78. Кодекстің 190-бабы 7-тармағына сәйкес жиынтықталған немесе жасалып біткен түрдегі тауардың соңғы құрамдауышына қатысты, осындай тауардың бірінші құрамдауышына қатысты ЭТД тіркелген күннен бастап екі жылдан аспайтын мерзімде, көрсетілген мерзімді ұзарту жағдайларын қоспағанда, ЭТД беріледі.

5-тарау. Қызмет аймағында тауарлар тұрған мемлекеттік кірістер органынан өзге мемлекеттік кірістер органында кедендік декларациялаумен байланысты кедендік операцияларды жасау және тауарларды шығару тәртібі

      79. Уәкілетті экономикалық операторлар өзге мемлекеттік кірістер органының қызмет аймағында тұрған тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асыруды (бұдан әрі – қашықтықтан шығару) тиісті кіші жүйені пайдалануға енгізген сәттен бастап мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесі арқылы жүргізеді.

      80. Қашықтықтан шығару осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кодекстің 190 және 194-баптарына сәйкес декларацияланатын тауарларға қатысты қолданылмайды

      81. Өзге мемлекеттік кірістер органының қызмет аймағында тұрған тауарларға қатысты ЭТД берілетін мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды тұлғасы ЭТД мәлімделген мәліметтерді оны тіркеу мақсатында тексеруді жүзеге асырады.

      82. ЭТД тіркеуді немесе тіркеуден бас тартуды осы Қағидалардың 2-тарауының 1-параграфына сәйкес ЭТД берілетін мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды тұлғасы жүзеге асырады.

      83. Кедендік бақылауды жүргізу мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесі кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін кедендік бақылау нысанын және (немесе) шараларды айқындаған кезде ЭТД берілген мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды тұлғасы қызмет аймағында тауарлар тұрған мемлекеттік кірістер органына тәуекелдерді басқару жүйесі айқындаған тәуекелдерді азайту бойынша шаралар қабылдау туралы хабарламаны жолдайды.

      84. Кедендік бақылауды жүргізу аяқталғаннан кейін, қызмет аймағында тауар тұрған мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды тұлғасы ақпараттық жүйе арқылы ЭТД берілген мемлекеттік кірістер органын кедендік бақылау жүргізу туралы куәландыратын тиісті дәрежеде ресімделген құжаттарды (фото – бейне материалдарды қоса бере отырып, кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) акті, сондай-ақ тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу акті және басқа да құжаттарды) қоса, есепті жолдау арқылы кедендік бақылау нысандарын жүргізудің нәтижелері туралы хабардар етеді.

      85. Кедендік бақылау нәтижесінде құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, қызмет аймағында тауар тұрған мемлекеттік кірістер органы ЭТД берілген мемлекеттік кірістер органын бұл туралы дереу хабардар етеді.

      ЭТД берілген мемлекеттік кірістер органы хабарламаны алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды.

      86. Қашықтықтан шығаруды пайдалану кезінде тауарларды шығару мерзімдері Кодекстің 193-бабында белгіленген шекті мерзімнен аспауы тиіс.

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Тауарларды шығарудан бас туралы электрондық құжат

р/с №

Кедендік құжаттың тіркеу нөмірі

Шешімдер жіктеуішіне сәйкес мемлекеттік кірістер органы қабылдаған шешім коды*

Тауарларды шығарудан бас тарту кк.аа.жж. форматындағы күні (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы екі цифры) және уақыты

Тауарларды шығарудан бас тарту үшін негіз болған себептер және оларды жою жөніндегі ұсынымдар

Тауарларды шығарудан бас тартуды жүзеге асырған лауазымды тұлға туралы мәлімет, жеке нөмірлік мөрі, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

1

2

3

4

5

6

      * Ескертпе:

      Шешімдер жіктеуіші – "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген кеден органы қабылдайтын шешімдер жіктеуіші.

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз тауарларды шығару туралы электрондық құжат

р/с №

Кедендік құжаттың тіркеу нөмірі

Шешімдер жіктеуішіне сәйкес мемлекеттік кірістер органы қабылдаған шешім коды *

Тауарларды шығарудың кк.аа.жж. форматындағы күні (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы екі цифры) және уақыты

Сәйкестендіру құралдары қолданылған кедендік транзит мерзімі (ол болған кезде) және, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды жеткізу орны (транзиттік декларация үшін)

1

2

3

4

5

      * Ескертпе:

      Шешімдер жіктеуіші – "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген кеден органы қабылдайтын шешімдер жіктеуіші.

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Тауарларды шығаруды жою туралы электрондық құжат

р/с №

Кедендік құжаттың тіркеу нөмірі

Шешімдер жіктеуішіне сәйкес мемлекеттік кірістер органы қабылдаған шешім коды *

Тауарларды шығарудан бас тарту кк.аа.жж. форматындағы күні (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы екі цифры) және уақыты

Тауарларды шығаруды жоюды жүзеге асырған лауазымды тұлға туралы мәлімет, жеке нөмірлік мөрі, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

1

2

3

4

5

      * Ескертпе:

      Шешімдер жіктеуіші – "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген кеден органы қабылдайтын шешімдер жіктеуіші.

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
4-қосымша
  нысан

20___ жылға арналған Тауарларға арналған декларацияны тіркеу журналы _____________________________________ (кеден бекетінің коды)


р/с

Тауарларға арналған декларацияны беру

Тауарларға арналған декларацияны тіркеу

Тауарларға арналған декларацияны ұзарту

Тауарларды шығару

Лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және қолы, оның жеке нөмірлі мөрі

Декларанттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Күні

Уақыты

Күні

Уақыты

Тауарларға арналған декларацияны тіркеу нөмірі/ тауарларға арналған декларацияны тіркеуде бас тарту кезіндегі себептері

Күні

Уақыты

Мәселелері

Күні

Уақыты

Тауарларды шығаруда бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда себептері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
5-қосымша
  нысан

20___ жылға арналған Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу немесе оны тіркеуден бас тарту журналы _____________________________________ (кеден бекетінің коды)

р/с№

Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініштің тіркеу немесе оны тіркеуден бас тарту №

Өтініш берушінің атауы (ЖСН/БСН)*

Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініштің күні/уақыты

Уәкілетті лауазымды тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде)

Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу не тіркеуден бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) күні/уақыты

Шығарылымы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш бойынша жүргізілген тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияны нөмірі

Тауарларға арналған декларацияны беру мерзімінің аяқталу күні

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      * Ескертпе:

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі.

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
6-қосымша
  нысан

20___ жылға арналған Тауарларға арналған мерзімдік декларацияларды пайдалана отырып, декларацияланатын тауарларды есепке алу журналы ____________________________ (кеден бекетінің коды)

№р/с

№Мерзімдік тауарларға арналған декларация

Декларант

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметті Тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды

Тауардың атауы

Брутто салмағы (килограмм)

Көлік құралының тіркеу нөмірі/ контейнер нөмірі

Тауарды табыс ету/тиеп жөнелту күні

Кету орнының кеден бекетінің коды

Тауарлардың іс жүзінде шығарылған күні

Кедендік бақылауды жүргізген лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
7-қосымша
  нысан

20___ жылға арналған Тауарларға арналған уақытша декларацияларды пайдалана отырып, декларацияланатын тауарларды есепке алу журналы ____________________________ (кеден бекетінің коды)

№р/с

Декларант

Уақытша атауарларға арналған декларация

Тауардың атауы

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметті Тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды

Брутто салмағы
(килограмм)

Нетто салмағы
(килограмм)

Статистикалық құн

Кедендік құн

Жөнелтуші/ межелі ел

Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу күні (кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімнің №)

Кедендік бақылауды жүргізген лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
8-қосымша
  нысан

20___ жылғы "____"____________ есепке алу аспаптарынан көрсеткіштерді алу туралы акті

      Біз, төменде қол қойған ___________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 20___жылғы __________ үшін құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілген тауарларды есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу туралы осы актіні жасадық.

N
р/с

Есепке алу торабының (аспабының) атауы

Есепке алу аспабының айдың басындағы көрсеткіші

Есепке алу аспабының есепті кезең соңындағы көрсеткіші

Өткізілген тауар көлемі (тонна, мың текше метр, киловатт сағат)

11

2

3

4

5

      Есепке алу торабының (аспабының) өкілі

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы, күні)

      Мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды тұлғасы

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы, күні)

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
9-қосымша
  нысан

Тауар құрамдауыштарының жоспарланып отырған жеткізілімдері туралы хабарлама

      Хабарлама № ____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (декларанттың атауы, заңды мекенжайы)

      ________________________________________________________________________________

      (құжаттар туралы жалпы мәліметтер)

      Жиналмаған түрінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметті

      Тауар номенклатурасы бойынша тауарларды сыныптау туралы шешімнің №

      ________________________________________________________________________________

      Жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып

      бітпеген түріндегі тауардың атауы және Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы

      экономикалық қызметті Тауар номенклатурасы бойынша сыныптау коды

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып

      бітпеген түрдегі тауарлардың құрамдас элементтерінің атауы және олардың Еуразиялық

      экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметті Тауар номенклатурасы бойынша

      сыныптау коды __________________________________________________________________

      Келісім-шарт бойынша жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде

      жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың құны

      ________________________________________________________________________________

      Кедендік тазарту жүргізілетін мемлекеттік кірістер органы______________________________

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының (кеден бекетінің) атауы)

      Тауарды әкелу мерзімі ____________________________________________________________

      Өзге мәліметтер __________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________ Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ________________(қолы)

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
10-қосымша
  нысан

Тауар құрамдауыштарының жоспарланып отырған жеткізілімдері туралы хабарламаны тіркеу журналы

р/с №

Хабарламаның тіркеу нөмірі

Тауарды сыныптау туралы шешімнің №

Тауарларды сыныптау туралы шешімнің қолдану мерзі­мі (ККА­А­ЖЖ)

Декларанттың атауы

Шарттың (келісішарттың/ерекшеліктері) деректемелері

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметті Тауар номенклатурасы бойынша жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың коды

Келісішарт бойынша жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың құны

жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың барлық құрамдастарын жеткізу мерзімі

Өзге де мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      Ескертпе:

      Рұқсаттың нөмірі мына түрде қалыптастырылады:

      ХХХХХ/ККААЖЖ/0000, мұнда:

      1      2      3

      1) ХХХХХ – кедендік тазартуды жүргізетін аумақтық мемлекеттік кірістер органының коды;

      2) ККААЖЖ – хабарламаның берілген күні (күні, айы және ағымдағы жылдың соңғы 2 цифры);

      3) 0000 – хабарламаның реттік нөмірі.

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
11-қосымша
  нысан

Жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түріндегі тауар құрамдауыштарын есепке алу журналы

р/с №

Декларант

Шарттың, ерекшеліктің № және күні

Жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түріндегі тауардың атауы және саны (қосымша өлшем бірлігі)

Жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түріндегі тауар құрамдауыштарының атауы және саны (қосымша өлшем бірлігі)

Жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түріндегі тауар құрамдауыштарына арналған тауарларға арналған декларация №

Жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түріндегі тауар құрамдауыштарына арналған соңғы тауарларға арналған декларация №

кедендік тазартуды жүргізген уәкілетті лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

1

2

3

4

5

6

7

8

      Еспкертпе:

      журналда жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түріндегі тауар құрамдауыштарының әр жеткізілімі бойынша деректер көрсетіледі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 73 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды кедендік декларациялау мен кедендік тазартудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10236 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 ақпанда жарияланған).

      2. "Кедендік декларациялау және кедендік декларация берілгенге дейін тауарларды шығару кезінде кедендік операцияларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 112 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10526 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 сәуірде жарияланған).

      3. "Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 246 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10874 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 мамырда жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылы 29 қазандағы № 551 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 12328 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 желтоқсанда жарияланған).

      5. "Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 246 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 412 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 14181 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 қыркүйекте жарияланған).