Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 246 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10874 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 73 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 26.01.2018 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 271-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 246 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының
тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.07.2016 № 412 (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 271-бабына сәйкес әзірленді және тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру кезінде кедендік тазартумен және тауарларды шығарумен байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде мемлекеттік кірістер органдары (кеден бекеттері) лауазымды адамдары іс-қимылының дәйектілігін айқындайды.

      2. Қағида кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға кедендік тазартуды жүзеге асыру кезінде қолданылмайды.

      3. Тауарларды кедендік тазартуды өзінің лауазымдық (функционалдық) міндеттеріне сәйкес осындай кедендік операцияларды жасауға уәкілетті кеден бекеттерінің лауазымды адамдары (бұдан әрі – уәкілетті лауазымды адам) жүзеге асырады.

      4. Уәкілетті лауазымды адам тауарларға кедендік тазартуды тауарларға арналған декларацияны (бұдан әрі – ТД) жазбаша немесе электрондық құжат түрінде пайдалана отырып жүргізеді.

      5. Тауарларды кедендік тазарту және кедендік бақылауды жүргізу кезінде уәкілетті лауазымды адам тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланады.

      6. Осы тармақтың екінші бөлігімен, сондай-ақ осы Қағидалардың 2-тарауының 8-парагрфімен белгіленген қоспағанда, тауарларды кедендік тазарту кезінде ТД-ны декларант немесе кеден өкілімен оның қызмет аймағында тауарлар кедендік бақылауда тұрған мемлекеттік кірістер органына ұсынады.

      Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша құбыржол көлігімен немесе электр беру желісі бойынша өткізілетін тауарларға кедендік тазарту процесін оңтайландыру мақсатында көрсетілген тауарларға қатысты ТД өзге мемлекеттік кірістер органына беруге болады.

      7. Еуразиялық экономикалық одақтық сыртқы экономикалық Тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕЭО СЭҚ ТН) бір жіктеу кодын көрсете отырып, жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды кедендік декларациялау кезінде декларант немесе кеден өкілі тек рұқсат беруде көрсетілген аумақтық мемлекеттік кірістер органына декларацияны ұсынады.

2-тарау. Тауарларды жазбаша нысанда кедендік декларациялау
кезінде тауарларға кедендік тазартуды жасау кезіндегі уәкілетті
лауазымды адамның іс-қимылы
1-параграф. ТД-ны қабылдау, тіркеу және тіркеуден бас тарту
кезіндегі уәкілетті лауазымды адамның іс-қимылы

      8. ТД-ны қабылдаумен, тіркеумен және тіркеуден бас тартумен байланысты кедендік операциялар "Тауарға арналған декларацияларды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі туралы нұсқаулық туралы (бұдан әрі – Тауарға арналған декларацияларды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі)" Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2014 жылғы 2 шілдедегі № 98 шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте берілген ТД, ТД беру күнін және уақытын, оның электрондық көшірмесін және қажетті құжаттарды осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз және (немесе) электрондық түрде ТД тіркеу журналында тіркеу жолымен міндетті қабылдауға жатады.

      ТД қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

      10. Декларант немесе кеден өкілі ТД берген кезде уәкілетті лауазымды адам тауарларды кедендік декларациялау кезінде ұсынылатын Кодекстің 281 және 282-баптарында көрсетілген құжаттардың бар болуын тексереді.

      11. ТД қабылданғаны тізімдеменің екі данасына, уәкілетті лауазымды адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, күні мен уақытын, қолын және жеке нөмірлік мөр бедерін қоюмен расталады.

      12. ТД қабылдаған кезде уәкілетті лауазымды адам оны беру мерзімін тексереді.

      Егер ТД Кодекстің 283-бабымен белгіленген мерзімді бұза отырып берілсе, уәкілетті лауазымды адам "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексімен көзделген шараларды қабылдайды.

      13. ТД берген сәттен бастап уәкілетті лауазымды адам отыз минуттан аспайтын мерзімде оны тіркеуді жүргізеді.

      Кодекстің 138-бабына сәйкес тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымның төленгені туралы растау болған және ТД тіркеуден бас тарту негіздемесі болмаған кезде ТД тіркеу жүргізіледі.

      14. Мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінде, сондай-ақ ТД тіркеу журналында ТД тіркеуді уәкілетті лауазымды адам жүзеге асырады.

      15. Уәкілетті лауазымды адам, егер:

      1) ТД-ны, тіркеуге құқылы емес кеден бекетіне берілсе;

      2) ТД-ны кеден бекетіне уәкілеттігі жоқ адам берсе ТД тіркеуден бас тартады.

      Уәкілетті лауазымды адам:

      3) ТД-да Кодекстің 279-бабымен көзделген негізгі мәліметтер көрсетілмесе;

      4) ТД-ға қол қойылмаған, не тиісті түрде куәландырылмаған немесе Кедендік одақтың Комиссия шешімімен бекітілген 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 "Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулық" (бұдан әрі - ТД толтыру бойынша Нұсқаулық) белгіленген нысан бойынша жасалмаған болса, ТД-ны толтыру тәртібі;

      ТД-ны толтыру тәртібі;

      5) Кодекске сәйкес ТД берілгенге дейін немесе берумен бір уақытта жасалатын әрекеттер жасалмаған декларацияланатын тауарларға қатысты "Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі жөніндегі нұсқаулық туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен (бұдан әрі – ТД толтыру жөніндегі нұсқаулық) айқындалады.

      16. ТД-ны тіркеуден бас тартуды уәкілетті лауазымды адам Тауарға арналған декларацияны тіркеу емесе тіркеуден бас тартуды тәртібіне сәйкес ресімдейді.

2-параграф. Құжаттамалық тексеруді жүзеге асыру кезіндегі
уәкілетті лауазымды адамның іс-қимылы

      17. Тауарларды кедендік тазарту кезінде уәкілетті лауазымды адам ТД және ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізу жолымен құжаттарды және мәліметтерді тексеруді жүзеге асырады.

      18. Құжаттар мен мәліметтерді тексеру кезінде уәкілетті лауазымды адам мынадай әрекеттерді орындайды:

      1) ТД-да және оның электрондық көшірмелерінде мәлімделген мәліметтердің тауарларды кедендік декларациялау кезінде ұсынылатын құжаттардағы мәліметтермен сәйкестігін тексереді;

      2) тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын сақтауды тексереді, бұл ретте, уәкілетті лауазымды адам жүргізеді:

      Кодекстің 281 және 282-баптарының негізінде кедендік рәсімдердің шарттарына сәйкес тауарларды кедендік декларациялау кезінде ұсынылатын құжаттардың тексеруін жүргізеді;

      ЕЭО СЭҚ ТН бір жіктеу кодын көрсете отырып жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды кедендік декларациялау кезінде ұсынылған құжаттардың бар болуын "Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды кедендік декларациялау мен кедендік тазартудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 ақпанда № 10236 болып тіркелді) бекітілген, Белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілген жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды кедендік декларациялау және кедендік тазарту қағидаларына сәйкестігін тексеру.

      3) тыйым салулар мен шектеулердің, тарифтік емес реттеу шаралардың және экспорттық бақылаудың сақталуын мына құжаттардың: лицензиялардың, сертификаттардың, рұқсаттардың және (немесе) өзге құжаттардың болуына тексеру жолымен бақылайды;

      4) кедендік баж, салықтар, арнайы демпинкке қарсы, сыйақы және өтем баждарын төленуін бақылайды.

      Бұл ретте уәкілетті лауазымды адам:

      "Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бекітілген, Қазақстан Республикасының кірістерін бірыңғай бюджеттік сыныптау коды (бұдан әрі – КББС коды) бойынша кедендік баждардың, салықтар, арнайы, демпинкке қарсы, өтем баждары және өсімпұл сомаларының түсімін және төлемді тағайындауды тексеру, сондай-ақ Кодекстің 138-бабы 9-тармағымен көзделген құжаттар мен мәліметтердің болуын тексеру;

      кедендік төлемдер мен салықтар бойынша мәлімделген жеңілдіктердің негізділігін бақылау;

      Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен төленуге жататын қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету бойынша және оларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеменің бар болуын тексеру;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есепке жатқызу әдісімен қосылған құнға салық төлеу шарттарының сақталуын тексереді;

      салықтарды төлеу бойынша кейінгі қалдыру мен бөліп төлеуді, төленетін салықтардың мерзімін өзгерту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес кедендік баждарды төлеу, салықтарды төлеу мерзімін өзгерту бойынша бөліп төлеуді немесе кейінге қалдыруды ұсыну туралы тиісті шешімнің болуына тексеруді, сондай-ақ егер тауарлар мұндай қамтамасыз етуді ұсыну шартымен шығарылған жағдайда кедендік баждарды төлеуінің қамтамасыз етуді растайтын құжаттардың болуын тексереді;

      Төлеуге жататын кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингтік, өтем баждары мен өсімпұл сомасының дұрыс есептелуін және саналуын тексеру мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесімен жүргізіледі.

      19. Құжаттарды және мәліметтерді тексеру жүргізу кезінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда уәкілетті лауазымды адам Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес, құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдайды.

      Құжаттарды және мәліметтерді тексерудің нәтижелері бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар бұзушылықтар анықталған кезде уәкілетті лауазымды адам мұндай бұзушылықтар туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органының жедел-тергеу бөлімшесіне (экономикалық тергеу қызметі) береді.

      20. Тауарлар шығарылғанға дейін тіркелген ТД мәлімделген мәліметтерді өзгерту және толықтыру Кодекстің 289-бабына және "Тауарларға арналған декларацияларда көрсетілген мәліметтерге өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу және Кеден одағы комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының кейбір шешімдерінің күштері жойылды деп тану туралы" Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешіміне (бұдан әрі – ТД-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі) сәйкес жүргізіледі.

3-параграф. Тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік
бақылауды жүргізу кезіндегі уәкілетті лауазымды адамның
іс-қимылы

      21. ТД-ны тіркегеннен және құжаттар және мәліметтерді тексергеннен кейін мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінде Тәуекелдерді басқару жүйесін автоматты түрде іске қосу жүзеге асырылады.

      Тәуекелдерді басқару жүйесін автоматты түрде іске қосу болмаған жағдайда уәкілетті лауазымды адам Тәуекелдерді басқару жүйесін қолмен іске қосуды жүзеге асырады.

      Автоматтандырылмаған тәуекел бейіні болған кезде уәкілетті лауазымды адам ТД-да және өзге құжаттарда мәлімделген мәліметтерді автоматтандырылмаған тәуекел бейіндеріндегі мәліметтермен салыстыруды жүргізеді.

      22. Іске қосылған тәуекел бейіні болған және (немесе) кездейсоқ іріктеу жағдайында уәкілетті лауазымды адам кедендік тазарту кезінде тәуекелдерді басқару жүйесі тағайындаған тәуекелдердің алдын алу және (немесе) азайту бойынша шараларды қабылдаумен кедендік бақылауды жүргізеді.

      Бұл ретте уәкілетті лауазымды адам декларантқа немесе кеден өкіліне қолын қойғызып мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесі берген, тәуекелдерді алдын алу және (немесе) азайту бойынша тәуекелдерді басқару жүйесі тағайындаған шаралар туралы жазбаша хабарламаны табыс етеді.

      Іске қосылған автоматтандырылмаған тәуекел бейіні болған кезде уәкілетті лауазымды адам декларантқа немесе кеден өкіліне қолын қойғызып мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесі осыған ұқсас берген, нысан бойынша тәуекелдерді алдын алу және (немесе) азайту бойынша тәуекелдерді басқару жүйесі тағайындаған шаралары туралы жазбаша хабарламаны табыс етеді.

      23. Уәкілетті лауазымды Кодекстің 199-бабында айқындалған кедендік бақылау нысанын жүргізу жолымен тәуекелдерді басқару жүйесімен тағайындалған тәуекелдің алдын алу және (немесе) азайту бойынша шараларды, сондай-ақ Кодекстің 25-тарауына сәйкес кедендік сараптаманы мынадай ерекшеліктерді ескере отырып қабылдайды:

      1) уәкілетті лауазымды адам кедендік декларациялау кезінде мәлімденген тауарлардың кедендік құнын кедендік бақылауды жүргізу кезінде:

      Кодекстің 100-107 баптарына және "Декларациялау, тауарлардың кедендік құнын бақылау және түзету тәртібі туралы" Кедендік одағы комиссиясының 2010 жылы 20 қыркүйектегі № 376 шешіміне (бұдан әрі – Декларациялау, тауарлардың кедендік құнын бақылау және түзету тәртібі) сәйкес тауарлардың мәлімденген кедендік құнын және дұрыстығын айқындауға тексеру жүргізу (тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісі туралы мәліметті, тауарлардың кедендік құнының шамасы, тауарлардың кедендік құнына қатысы бар сыртқы экономикалық мәміленің жағдайлары және шарттары, сондай-ақ оларды растайтын құжаттарды ұсыну);

      қосымша тексеру жүргізу туралы шешім қабылдау кезінде, "Декларациялау, тауарлардың кедендік құнын бақылау және түзету тәртібі туралы" Кедендік одағы комиссиясының 2010 жылы 20 қыркүйектегі № 376 шешімімен бекітілген Кодекстің 112-бабымен және Декларациялау, тауарлардың кедендік құнын бақылау және түзету тәртібімен көзделген әрекеттерді жүзеге асыру;

      осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тауарлардың шығарылған елін тексеру нәтижесі бойынша қосымша есептелуі мүмкін кедендік төлемдер, салықтар сомасына кедендік төлемдер, салықтар төлеуді қамтамасыз етуді, тауарларды шығару мерзімі аяқталғанға дейін ұсыну қажеттілігі туралы сұрау салуды декларантқа немесе кеден өкіліне жолдайды;

      Декларант немесе кеден өкілінің мемлекеттік кірістер органы қабылдаған тауарлардың кедендік құнын түзету туралы шешімімен келіскен жағдайда декларант немесе кеден өкілімен тауарлардың кедендік құнын түзету және қажетті салықтарды және кедендік баждарды төлеу жүргізіледі.

      2) уәкілетті лауазымды адам тауарлардың шығарылған жеріне кедендік бақылау жүргізу кезінде:

      уәкілетті органдар немесе шығарылған елдің не егер әкету елінде сертификат Кодекстің 95-бабына сәйкес тауарлардың шығарылған елінен алынған мәліметтердің негізінде берілсе, әкету елінің ұйымдары берген тауардың шығарылған елін растайтын құжат түпнұсқасының болуын, сонымен қатар тауарлардың шығарылуын растайтын құжаттардағы мөр бедерлері мен қолдардың кеден ісі саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органына жеткізілген мөр бедерлері мен қолдардың үлгілерімен сәйкестігін тексереді;

      осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тауарлардың шығырылғын елін тексеру нәтижесі бойынша қосымша есептелуі мүмкін кедендік төлемдер, салықтар сомасына кедендік төлемдер, салықтар төлеуді қамтамасыз етуді, тауарларды шығару мерзімі аяқталғанға дейін ұсыну қажеттілігі туралы сұрау салуды декларантқа немесе кеден өкіліне жолдайды;

      3) уәкілетті лауазымды адам тауарлардың жіктелуіне кедендік бақылау жүргізу кезінде:

      тауарлардың жіктелуі бойынша мәлімделген мәліметтердің дұрыстығына (түсіндірудің негізгі қағидаларын, бөлімдерге, топтарға, позицияларға ескертулерді; ЕЭО СЭҚ ТН түсіндірмелерді; Дүниежүзілік кеден ұйымының Үйлестірілген жүйесі бойынша комитеттің сыныптау пікіріне компендиумды; тауарларды сыныптау бойынша алдын ала шешімнің электронды базасын, Комиссияның тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау бойынша түсіндірмелерін пайдаланып) бақылауды жүргізу.

      Тауарлардың дұрыс емес жіктеу анықталған жағдайда, Кодекстің 78-бабында көзделген әрекеттерді жүзеге асырады;

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша есептелуі мүмкін кедендік төлемдер, салықтар сомасына кедендік төлемдер, салықтар төлеуді қамтамасыз етуді, тауарларды шығару мерзімі аяқталғанға дейін ұсыну қажеттілігі туралы сұрау салуды декларантқа немесе кеден өкіліне жолдайды.

      4) уәкілетті лауазымды адам кедендік сараптама жүргізу кезінде:

      "Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысының және мемлекеттік кірістер органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 392 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6387 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімді қабылдайды:

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімдерді есепке алу журналында кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімді тіркейді.

      тауарлардың сынамалары мен үлгілерінің іріктеуін жүзеге асыру мақсатында, кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен кеш емес мерзімде декларантты немесе кедендік сараптама тағайындау туралы тауарларға қатысты өкілеттігіне ие өзге адамды жазбаша хабардар етеді;

      кеден бекетінің басшысына не оны алмастыратын адамға қызметтік жазбаны жолдайды.

      Кеден бекетінің басшысы не оны алмастыратын адам техникалық қауіпсіздікті сақтай отырып, кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды адам дереу тауарлардың сынамалары мен үлгілерінің іріктеуді және кедендік сараптама тағайындау кезінде лауазымдық (функционалдық) міндеттемесіне сәйкес сынамалар мен үлгілерді іріктеуді тапсырады не кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүзеге асыратын және кедендік сараптама тағайындау кезінде сынамалар мен үлгілерді іріктеуді, кедендік сараптамаға жолдауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардан (бұдан әрі - тексеріп қарау тобы) мамандандырылған бөлімше құрылады.

      Тауарлардың сынамалары мен үлгілерінің іріктеу Кодекстің 234-бабына сәйкес жүргізіледі.

      тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу нәтижелері бойынша "Кедендік құжаттардың нысандары туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 шешімімен (бұдан әрі – Кедендік құжаттардың нысандары туралы шешім) белгіленген нысан бойынша үш данада актіні жасайды:

      актінің бірінші данасы кеден бекетінде қалады;

      екінші данасы тауарлардың іріктелген сынамалары мен үлгілерімен бірге кедендік сараптаманы жүргізуге уәкілетті ұйымға жолданады;

      үшінші данасы декларантқа, немесе тауарларға қатысты өкілеттікке ие өзге адамға табыс етуге (жолдауға) жатады.

      Кедендік сараптаманың нәтижелері бойынша Кодекстің 232-бабына сәйкес кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы беріледі.

      осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша есептелуі мүмкін кедендік төлемдер, салықтар сомасына кедендік төлемдер, салықтар төлеуді қамтамасыз етуді, тауарларды шығару мерзімі аяқталғанға дейін ұсыну қажеттілігі туралы сұрау салуды декларантқа немесе кеден өкіліне жолдайды.

      5) мәлімделген тауарлар туралы мәліметтердің зияткерлік меншік объектілердің кедендік тізіліміндегі және Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілердің бірыңғай кедендік тізіліміндегі мәліметтерге, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарына зияткерлік меншік құқықтары бұзылған тауарларды анықтауға мүмкіндік беретін тауарлар туралы құқық иелерінің қосымша мәліметтеріне сәйкестігіне тексеру жүрізу кезінде уәкілетті лауазымды адам Кодекстің 53-бабына сәйкес зияткерлік меншік объектілеріне арналған құқықты қорғау бойынша шаралар қабылдайды.

      6) тауарларды кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу кезінде уәкілетті лауазымды адам:

      тауарларды тауарларды кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу кезінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне сәйкес шаралар қабылдайды.

      тауарларды тауарларды кедендік тексеріп қараудың (қарап тексерудің) нәтижелері бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар бұзушылықтар анықталған кезде мұндай бұзушылықтар туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органының жедел-тергеу бөлімшесіне (экономикалық тергеу қызметі) береді.

      Тәуекелдерді басқару жүйесі тағайындаған тәуекелдердің алдын алу және (немесе) азайту бойынша шаралары қолданудың нәтижесі бойынша мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінде тәуекелдердің алдын алу және (немесе) азайту бойынша қабылданған шаралардың нәтижелері туралы есеп толтырылады.

      24. Іске қосылған тәуекел бейіндері және тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылауды жүргізу кезінде кездейсоқ іріктеу әдісі болмаған жағдайда уәкілетті лауазымды адам тауарларды кедендік тазарту кезінде осы тараудың 2-параграфымен айқындалған құжаттар мен мәліметтерді тексеруді жүргізумен шектеледі.

      25. Құжаттар мен мәліметтерді тексеруді жүргізу, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылаудың нәтижелері бойынша уәкілетті лауазымды адам осы Қағиданың 2-тарауының 5-параграфына сәйкес тауарларды шығару, шығаруды тоқтата тұру не шығарудан бас тарту туралы шешімді қабылдайды.

4-параграф. Тауарларды кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу кезіндегі мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамнының іс-қимылы

      26. Кедендік тексеріп қарау тауарлардың орамдарын немесе көлік құралының жүк тиелетін үй-жайларын не ыдыстарды, контейнерлерді және тауарлар орналасқан немесе орналасуы мүмкін өзге орындарды ашумен, оларға салынған кедендік пломбаларды немесе өзге сәйкестендіру құралдарын бұзумен, зерттелетін объектілердің және өзге тәсілдермен олардың бөліктерінің тұтастығын бөлшектеумен, қайтамонтаждаумен немесе бұзумен байланысты кеден бекетінің лауазымды адамының (лауазымды адамдардың) іс-қимылы болып табылады.

      Кедендік декларациялаудың көлеміне және штат санына байланысты мемлекеттік кірістер органы басшысының шешімі бойынша кедендік тексеріп қарау тобының лауазымды адамдары айқындалады.

      Тауарларды кедендік тазарту кезінде тауарлардың кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) тексеріп қарау тобының лауазымды адамы жүргізеді.

      Тауарлардың кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу және тауарларды шығару мерзімін ұзарту туралы шешімді кеден бекетінің басшысы не уәкілетті лауазымды адамның қызметтік жазбасы негізінде оны алмастыратын адам қабылдайды.

      Кеден бекетінің басшысы не оны алмастыратын адам кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізуді тексеріп қарау тобының лауазымды адамына тапсырады.

      Тексеріп қарау тобының лауазымды адамы декларантты немесе тауарларға қатысты өкілеттігіне ие өзге адамды жүргізетін кедендік тексеріп қараудың (қарап тексерудің) орны мен уақыты туралы хабарлайды.

      Тауарларды шығару мерзімі тауарлардың кедендік тексеріп қарауы (қарап тексеруі) аяқталғанға дейін ұзартылады және Кодекстің 297-бабымен белгіленген мерзімнің шегінен аспауы тиіс.

      Уәкілетті лауазымды адамның және тексеріп қарау тобының лауазымды адамының тауарларды шығару мерзімін сақтауы үшін бақылауды кеден бекетінің басшысы жүзеге асырады.

      Кедендік тексеріп қараудың (қарап тексерудің) нәтижелері бойынша тексеріп қарау тобының лауазымды адамы Кедендік құжаттардың нысандары туралы шешімімен белгіленген нысан бойынша екі данада кедендік тексеріп қараудың (қарап тексерудің) актісін жасайды, оған қол қояды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кедендік тексеріп қараудың (қарап тексерудің) актілерін тіркеу журналында тіркейді.

      Кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) актісінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізетін лауазымды адамдар және оны өткізу кезінде қатысқан адамдар туралы;

      2) декларанттың немесе тауарларға қатысты өкілеттігіне ие өзге адам болмағанда кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу себептері;

      3) кедендік тексеріп қараудың (қарап тексерудің) нәтижелері;

      4) Кедендік құжаттардың нысандары туралы шешімімен көзделген өзге мәліметтерді.

      Кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізуде мемлекеттік кірістер органының жедел-тергеу бөлімшелерінің және өзге құқық қорғау және (немесе) өзге мемлекеттік органдардың және (немесе) қоғамдық ұйымдардың лауазымды адамдары қатысқан кезде кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) актісінде кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізуге қатысқан адамдар туралы мәліметтер, және оны өткізудің мән-жайлары көрсетіледі, сондай-ақ тексеріп қарау тобының лауазымды адамдары мұндай актінің көшірмесін көрсетілген адамдарға танысу үшін қол қоюмен табыс етеді. Кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізуге қатысқан құқық қорғау және (немесе) өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) актінің көшірмесін алудан бас тартқан жағдайда, кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) актіде тексеріп қарау тобының лауазымды адамдарының қолымен және жеке нөмірлік мөрінің бедерлерімен куәландырылатын тиісті жазба жасалады.

      Кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) актінің бірінші данасын тексеріп қарау тобының лауазымды адамы тауарларды шығару үшін жауапты уәкілетті лауазымды адамға табыс етеді.

      Кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) актінің екінші данасын бұзушылық анықталған жағдайда және оның талабы бойынша декларантқа немесе тауарларға қатысты өкілеттігіне ие өзге адамға табыс етіледі (жолданады).

      Кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) кезінде әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жағдайда тексеріп қарау тобының лауазымды адамы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне сәйкес шаралар қабылдайды. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың белгілері бар бұзушылықтар анықталған кезде мұндай бұзушылықтар туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органының жедел-тергеу бөлімшесіне (экономикалық тергеу қызметі) беру бойынша шаралар қабылданады.

5-параграф. Уәкілетті лауазымды адамның тауарларды шығару,
шығаруды тоқтата тұру не шығарудан бас тарту туралы шешімді
қабылдау кезіндегі іс-қимылы

      27. Осы Қағидалардың 2-тарауының 1, 2, 3-параграфтарымен көзделген іс-қимылдарды жүргізгеннен кейін, сондай-ақ құжаттар мен мәліметтерді тексерудің және тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылауды жүргізу нәтижелері бойынша бұзушылықтар болмаған кезде уәкілетті лауазымды адам Кодекстің 296-бабына сәйкес тауарларды шығаруды жүзеге асырады.

      28. Тауарларды шығаруды Кодекстің 297-бабымен белгіленген мерзімде уәкілетті лауазымды адам жүзеге асырады.

      Бұл ретте, жекелеген кедендік рәсімдерге қатысты, сондай-ақ кедендік декларациялаудың ерекшелігін және тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылаудың нысандарын қолдануға байланысты, тауарларды шығаруды уәкілетті лауазымды адамы мынадай мерзімде жүргізеді:

      1) тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырған кезде:

      тауарлардың 1-ден 10-ға дейінгі атауын декларациялау кезінде ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының 15 минуттан кешіктірмей;

      тауарлардың 11-ден 50-ге дейінгі атауын декларациялау кезінде ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының 30 минуттан кешіктірмей;

      тауарлардың 51-ден және одан жоғары атауын декларациялау кезінде ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының 45 минуттан кешіктірмей;

      тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылауды жүргізген кезде – ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының он алты сағатынан кешіктірмей;

      2) тауарларды экспорт, уақытша шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде:

      ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының 15 минуттан кешіктірмей;

      тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылауды жүргізген кезде – ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының төрт сағатынан кешіктірмей;

      3) тауарларды алдын ала кедендік декларациялау кезінде:

      ТД тіркеген аумақтық мемлекеттік кірістер органына ұсыну сәтінен бастап жұмыс уақытының 15 минуттан кешіктірмей;

      тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылауды жүргізген кезде – ТД тіркеген уәкілетті лауазымды адамға тауарларды ұсыну сәтінен бастап жұмыс уақытының он алты сағатынан кешіктірмей;

      4) тауарларды толық кедендік декларацияламау кезінде:

      толық емес ТД-ны тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының төрт сағатынан кешіктірмей. Көрсетілген мерзім олардың сандық және сапалық сипаттамаларының жиынтығы бойынша тауарлардың сәйкестендіруін жүргізу үшін қажетті уақытты қосады;

      толық ТД-ны тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының екі сағатынан кешіктірмей;

      5) тауарларды мерзімдік кедендік декларациялау кезінде:

      мерзімдік ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының 30 минуттан кешіктірмей;

      тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылауды жүргізген кезде – мерзімдік ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының төрт сағатынан кешіктірмей;

      толық ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының екі сағатынан кешіктірмей;

      6) тауарларды уақытша кедендік декларациялау кезінде:

      уақытша/толық ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының төрт сағатынан кешіктірмей;

      тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылауды жүргізген кезде – ТД тіркеген аумақтық мемлекеттік кірістер органына тауарларды ұсынған сәтінен бастап жұмыс уақытының сегіз сағатынан кешіктірмей;

      7) белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілген жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды кедендік декларациялау кезінде:

      жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлар құрамдастарының әрбір жеке жеткізілуіне арналған ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының екі сағатынан кешіктірмей;

      тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылауды жүргізген кезде – жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлар құрамдастарының әрбір жеке жеткізілуіне арналған ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының сегіз сағатынан кешіктірмей;

      толық ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының екі сағатынан кешіктірмей.

      29. Кодекстің 440 және 441-баптарына сәйкес тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы шешім мемлекеттік кірістер органы аумағының басшысымен немесе оның уәкілетті тұлғасымен жазбаша нысанда қабылданады. Мемлекеттік кірістер органы тауарларды тоқтата тұру және тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру мерзімінің себебін көрсете отырып ақпараттық жүйе арқылы хабарлама жазылып жолданады.

      Тауарларды тоқтата тұру немесе шығару туралы шешімді қабылдаған кезде мынадай әрекеттерді орындайды:

      Ол бойынша шығаруды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған тауарларға қатысты ТД-дағы 3-нөмірімен "С" бағанында мұндай тоқтата тұру туралы мәлімет көрсетіледі. Оларды бір ТД-мен декларациялаған жағдайда, қалған тауарларды шығару Кодекске және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Көрсетілген мәліметтер ТД электрондық көшірмесіне "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген Жіктеуіш шешіміне сәйкес қабылданған шешімнің кодын қоя отырып, енгізіледі.

      30. Тауарларды шығару туралы шешім қабылданғаннан кейін уәкілетті лауазымды адам оның ТД данасын береді.

      31. Тауарларды шартты түрде шығару туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті лауазымды адам ТД-ның тіркеу нөмірі туралы ақпаратты тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік кірістер органының уәкілетті бөлімшесіне береді.

      32. Кодекстің 302-бабында белгіленген тәртіпте және негіздер бойынша шығарудан бас тарту жүзеге асырылады

      33. Тауарларды шығару, шығаруды тоқтата тұру не шығарудан бас тарту туралы шешімді уәкілетті лауазымды адам ТД толтыру жөніндегі нұсқаулықта белгіленген тәртіпте мөртабан қою мен ТД "С" және "D" бағандарына тиісті жазбаларды енгізу жолымен, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесіне тиісті мәліметтерді енгізу жолымен қабылдайды.

      34. Егер ТД-да мәлімделген жеке тауарларға қатысты тауарларды шығару үшін шарттар сақталмаған жағдайда, уәкілетті лауазымды адам мұндай тауарларды шығарудан бас тартады.

      Бұл ретте уәкілетті лауазымды адам көрсетілген тауарлар туралы мәліметтер мәлімделген ТД негізгі және қосымша парақтардағы "С" бағанындағы 2-нөмірімен күнін көрсете отырып, уәкілетті лауазымды адамның қолымен және оның жеке нөмірлік мөр бедерімен куәландырылатын "№ ____ (тауардың ТД 32-бағанында көрсетілген реттік нөмірі) тауар шығарудан бас тартылды" деген жазбаны жүргізеді.

      Көрсетілген мәліметтерді уәкілетті лауазымды адам Жіктеуіш шешіміне сәйкес кодты қоя отырып, мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      Оларды бір ТД-мен декларациялаған жағдайда, қалған тауарларды шығару Кодекске және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      35. Кедендік сараптаманы тағайындау кезінде тауарларды шығару мерзімі кедендік сарапшының қорытындысын алғанға дейін ұзартылады және Кодекстің 297-бабымен белгіленген шекті мерзімінен аспауы тиіс.

      Тауарлардың шығарылуы, оларға тыйым салулар мен шектеулер қолданылуы мүмкін және декларант олардың сақталуын растайтын дәлелдемелерді ұсынбаған тауарларды қоспағанда, кедендік сараптаманы жүргізу нәтижелері бойынша қосымша есептеледі, кедендік баждардың, салықтардың сомаларында декларант кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуін ұсыну шартында кедендік сараптама нәтижелерін алғанға дейін жүзеге асырылады.

      36. Мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесі техникалық себептер бойынша уақытша істен шыққан жағдайда уәкілетті лауазымды адам Кодекстің 297-бабымен белгіленген мерзімде тауарларды шығару туралы шешімді мынадай шарттарда қабылдайды:

      ТД қатысты құжаттамалық бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылауды жүргізу;

      декларанттың немесе кеден өкілінің Кодекстің 296-бабымен көзделген шарттарын сақтаған кезде.

      37. Осы Қағидалардың 37-тармағымен көзделген жағдайларда тауарлардың шығаруын уәкілетті лауазымды адам ТД-ға (-да), шот фактурада (инвойста), олар болмаған кезде сыртқы экономикалық мәмілені жасағанын растайтын құжатқа, көліктік (тасымалдау) құжатқа тиісті белгіні енгізу (қою) жолымен жүргізеді, сондай-ақ ТД тіркеу журналында тиісті жазба жасайды.

      Тауарларды шығару туралы мәліметті мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесіне оның жұмыс істеу қабілеттілігі қалпына келтірілгеннен кейін уәкілетті лауазымды адам енгізеді.

6-параграф. Мерзімдік кедендік декларацияны пайдалана
отырып тауарларды кедендік тазарту кезіндегі уәкілетті
лауазымды адамның іс-қимылы

      38. Қағидалардың 2-тарауының осы параграфын қолдану мақсаттары үшін жеткізілім кезеңі декларант мәлімдеген кезең болып табылады, оның ішінде мыналар:

      1) мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды табыс ету;

      2) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды тиеп жөнелту жоспарланған.

      39. Мерзімдік кедендік декларацияны пайдалана отырып декларацияланатын тауарларды кедендік тазарту кезінде уәкілетті лауазымды адам мынадай іс-қимылдарды орындайды:

      1) осы Қағиданың 2-тарауының 1, 2, 3-параграфтарымен көзделген кедендік операцияларды жасайды, сондай-ақ Кодекстің 293-бабында көзделген тауарларды мерзімдік кедендік декларациялауды қолданудың талаптары мен шарттарының сақталуын тексереді;

      2) тауарларға арналған мерзімдік декларацияны (бұдан әрі – ТМД) қолданудың барлық кезеңі ішінде тауарлардың әрбір жеткізілімін өткізуге есепке алу мен бақылауды жүзеге асырады.

      ТМД пайдалана отырып декларацияланатын тауарлардың есепке алуын уәкілетті лауазымды адам осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларға арналған мерзімдік декларацияны пайдалана отырып декларацияланатын тауарларды есепке алу журналында жүргізеді.

      40. Тауардың әрбір жеткізіліміне қолданылатын кедендік бақылау нысандары, сондай-ақ тәуекелдердің алдын алу және (немесе) азайту бойынша өзге шаралары тәуекелді басқару жүйесі негізінде айқындалады.

      41. Құжаттарда көрсетілген мәліметтер, жүргізілген кедендік бақылаудың нәтижелеріне сәйкес келген кезде уәкілетті лауазымды адам коммерциялық, көліктік (тасымалдау) және (немесе) өзге құжаттарда "Мерзімдік декларациялау" деген жазу жасайды, уәкілетті лауазымды адамның қолымен және жеке нөмірлік мөр бедерімен куәландырылатын тауарларды шығару күнін, тауарларға мерзімдік декларацияның нөмірін көрсете отырып, "Шығаруға рұқсат берілді" деген мөртабан қояды.

      42. Кету орнында орналасқан мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасының аумағынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуін растау "Кету орнында орналасқан кеден органының Кеден одағының кедендік аумағынан тауарлардың іс жүзіндегі әкетілуін растау тәртібі туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 330 шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.

7-параграф. Уәкілетті лауазымды адамның уақытша тауарларға
арналған декларацияны пайдалана отырып декларацияланатын
тауарларды кедендік тазарту кезіндегі іс-қимылы

      43. Уақытша тауарларға арналған декларацияны (бұдан әрі – УТД) пайдалана отырып декларацияланатын тауарларды кедендік тазарту кезінде уәкілетті лауазымды адам мынадай әрекеттерді орындайды:

      1) осы Қағиданың 1 - 5-параграфтармен көзделген кедендік операцияларды жасайды, сондай-ақ Кодекстің 294-бабымен көзделген тауарларға уақытша кедендік декларациялауды қолданудың талаптары мен шарттарының сақталуын тексереді;

      2) УТД бойынша тауарларды жеткізуді жүзеге асырудың барлық кезеңі ішінде тауарлардың іс жүзінде өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады.

      УТД пайдалана отырып декларацияланатын тауарлардың есепке алуын уәкілетті лауазымды адам осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша тауарларға арналған декларацияны пайдалана отырып декларацияланатын тауарларды есепке алу журналында жүргізеді.

      44. Тауарларды іс жүзінде өткізу үшін кедендік бақылауды тауарлардың жеткізілімін жүзеге асырудың барлық кезеңі ішінде жүзеге асыру кезінде уәкілетті лауазымды адам тауардың әрбір жіберілетін партиясына (жеткізіліміне) арналған коммерциялық, көліктік (тасымалдау) және (немесе) өзге құжаттарының бар болуын тексереді.

      45. Уәкілетті лауазымды адам коммерциялық, көліктік (тасымалдау) және (немесе) өзге құжаттарда және УТД-да көрсетілген мәліметтердің кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) актісінде көрсетілген тауарларға жүргізілген кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) нәтижелеріне сәйкестігін тексереді.

      Құжаттарда көрсетілген мәліметтер кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) нәтижелеріне сәйкес келген кезде, уәкілетті лауазымды адам коммерциялық, көліктік (тасымалдау) және (немесе) өзге құжаттарда "Уақытша декларациялау" деген жазба жасайды, уәкілетті лауазымды адамның қолымен және жеке нөмірлік мөрінің бедерлерімен расталатын тауарларды шығару күнін, УТД нөмірлерін қойып "Шығаруға рұқсат етілді" деген мөртаңбаны қояды.

      46. Құбыржол көлігімен және электр беру желілерімен өткізілетін, оларды кедендік тазарту бір мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін, ал есепке алу құралдары басқа мемлекеттік кірістер органының қызмет аймағында орналасқан тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүргізу кезінде:

      УТД бойынша тауарларды шығарған мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамы мұнндай тауарлар шығарылған күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде УТД көшірмесін олардың қызмет аймағында есепке алу құралдарын орнату орындары бар мемлекеттік кірістер органына жолдайды;

      олардың қызмет аймағында есепке алу құралдарын орнату орындары бар мемлекеттік кірістер органы құбыржол көлігімен және электр беру желілерімен өткізілетін тауарлардың нақты санына бақылауды, сондай-ақ осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу құралдарынан көрсеткіштерді ай сайын алуды, есепті айдан кейінгі айдың бесі күніне дейін УТД шығаруды жүргізген мемлекеттік кірістер органына мұндай тауарлардың іс жүзінде өткізілген көлемі туралы растаулардың жіберуін қамтамасыз етеді.

      тауарлардың іс жүзінде өткізілген көлемі туралы растау жазбаша түрде, УТД бөлігінде, есепке алу құралдарынан көрсеткіштерді алу актілерінің, сыртқы сауда шарты бойынша тауарларды іс жүзінде жеткізу актілерінің, қабылдап алу-тапсыру актілерінің, тауарлардың сапасы сертификаттарының және жеткізудің бір күнтізбелік айы ішінде құбыржол көлігімен және электр беру желілерімен өткізілетін тауарлардың өндірілген, жеткізілген және тұтынылған көлемдерінің атаулы жеткізілуін растайтын басқа да ұқсас құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.

      47. Тауарлар Кодекстің 294-бабымен белгіленген мерзім ішінде Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілмеген жағдайда, уақытша ТД Кодекстің 290-бабымен көзделген тәртіпте кері қайтаруға жатады.

8-параграф. Өзге мемлекеттік кірістер органының қызмет
аймағында тұрған тауарлардың кедендік тазартуын жасау
кезінде уәкілетті лауазымды адамның іс-қимылы

      48. Өзге мемлекеттік кірістер органының қызмет аймағында тұрған тауарларды кедендік декларациялау (бұдан әрі – қашықтықтан шығару) тиісті кіші жүйе пайдалануға енгізілген сәттен бастап мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып қолданылады.

      49. Қашықтықтан шығару Кодекстің 295 және 298-баптарына сәйкес декларацияланатын тауарларға қатысты, сондай-ақ осы Қағидалардың

      6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, СЭҚ ТН 3403, 3811 позициясының 27-тобының тауарларын кедендік рәсіммен орналастыру кезінде қолданылмайды.

      50. ТД берілетін мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамы өзге мемлекеттік кірістер органының қызмет аймағында тұрған тауарларға қатысты ТД-да мәлімделген мәліметтерге оны тіркеу мақсатында тексеруді жүзеге асырады.

      51. ТД тіркеу немесе тіркеуден бас тарту Кодекстің 288-бабына сәйкес ТД берілетін мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамы мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінде жүзеге асырады.

      52. Іске қосылған тәуекел бейіндері болған кезде кедендік бақылауды жүргізу кезінде ТД берілетін мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамы оның қызмет аймағында тауарлар орналасқан мемлекеттік кірістер органына тәуекел бейіндеріндегі және тәуекел индикаторларындағы тәуекелді алдын алу және (немесе) азайту бойынша шараларды қабылдау туралы хабарламаны жолдайды.

      53. Кедендік бақылауды жүргізу аяқталған бойы оның қызмет аймағында тауарлар орналасқан мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамы ТД берілетін мемлекеттік кірістер органына кедендік бақылаудың жүргізілгені туралы (фото, -бейне материалдарды қоса бере отырып, кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) актісі, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу актісі және басқа құжаттар) куәландыратын тиісті түрде ресімделген құжаттарды қоса бере отырып есепті жолдау жолымен кедендік бақылаудың нысандарын жүргізу нәтижелері туралы ақпараттандырады.

      54. Кедендік бақылау нәтижесінде әкімішілік құқық бұзушылық анықталған жағдайда оның қызмет аймағында тауарлар орналасқан мемлекеттік кірістер органы дереу ТД берілетін мемлекеттік кірістер органына хабарлайды.

      ТД берілетін мемлекеттік кірістер органы хабарламаны алғаннан кейін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне сәйкес шаралар қабылдайды.

      Кедендік бақылау нәтижесінде қылмыстық құқық бұзушылық анықталған жағдайда оның қызмет аймағында тауарлар орналасқан мемлекеттік кірістер органы оның қызмет аймағында тауарлар орналасқан мемлекеттік кірістер органының жедел-тергеу бөлімшесіне (экономикалық тергеу қызметі) ақпаратты береді.

      55. Қашықтықтан шығаруды пайдалану кезінде тауарларды шығару мерзімі Кодекстің 297-бабымен белгіленген мерзімнің шегінен аспауы тиіс.

3-бөлім. Электронды нысанда декларацияланатын тауарларды
кедендік тазарту кезінде уәкілетті лауазымды адамның іс-қимылы
1-параграф. Электронды нысанда тауарларды кедендік
декларациялау кезінде жалпы ережелер

      56. Электронды нысанда тауарларды кедендік декларациялау олар пайдалануға енгізілген сәттен бастап мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінде жүргізіледі.

      57. Мемлекеттік органдардың және оларды беру үшін жауапты өзге ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтін рұқсат беру құжаттары туралы мәліметтер болмаған кезде Электрондық нысанда тауарларға кедендік декларациялау қолданылмайды.

      58. Электрондық құжат түріндегі тауарға арналған декларацияларды (бұдан әрі – ЭҚ ТД) толтыру тәртібі Тауарға арналған декларацияларды толтыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

      59. Мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесі ЭҚ ТД бағандардың дұрыс толтырылуын тексеруді форматтық–логикалық бақылау жүргізу жолымен автоматты түрде жүзеге асырады.

      ЭҚ ТД бағандарын толтыру кезінде қателер болған жағдайда ақпараттық жүйе қателер тізімін және бас тарту себебін көрсете отырып ЭҚ ТД тіркеуден бас тарту туралы хабарлама қалыптасады.

      60. Ақпараттық жүйе автоматты түрде:

      Кодекстің 138-бабына сәйкес тауарларды кедендік декларациялауы үшін кедендік алымның төленгені болуына;

      тыйым салулар мен шектеулерге, тарифтік емес реттеу шараларына және экспорттық бақылауға жататын тауарлардың болуына тексеруді жүргізеді.

      Тыйым салулар мен шектеулерге, тарифтік емес реттеу шараларына және экспорттық бақылауға жататын тауарлар болған жағдайда ақпараттық жүйемен рұқсат құжаттары туралы мәліметтерді көрсету және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі деректерімен салыстыру жолымен олардың дұрыстығын тексеру жүргізіледі. Рұқсат құжаттары туралы осындай мәліметтер болмаған жағдайда бас тарту себебін көрсете отырып ЭҚ ТД тіркеуден бас тарту туралы хабарлама қалыптасады.

      ЭҚ ТД бағандардың дұрыс толтырылуына, кедендік алымның төленгені болуына және тыйым салулар мен шектеулерге, тарифтік емес реттеу шараларына және экспорттық бақылауға жататын тауарлардың болуына тексеру бақылауын табысты өтуі кезінде ЭҚ ТД тіркеу жүргізіледі.

      61. Техникалық істен шығудан туындаған, байланыс құралдары (телекоммуникациялық желілер және Интернет желісі) жұмысының бұзылуы салдарынан мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінде ақаулықтар болған жағдайда мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамы мемлекеттік кірістер органының пайдаланушыларын техникалық қолдау қызметіне жүгінеді.

      62. Уәкілетті лауазымды адамдарының ЭҚ КД-ны берумен, тіркеумен, тіркеуден бас тартумен, сондай-ақ тауарларды шығарумен, тоқтата тұрумен, шығарудан бас тартумен байланысты іс-қимылдары мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінде онлайн режимде белгілі бір мәртебемен (ЭҚ ТД берілді, тіркелді, тіркеуден бас тартылды, шығаруға рұқсат етілді, тауарларды шығару тоқтатыла тұру, шығарудан бас тарту) көрсетіледі.

2-параграф. Электрондық құжат түріндегі тауарға арналған
декларацияны қабылдау, тіркеу немесе тіркеуден бас тарту
кезіндегі уәкілетті лауазымды адамның іс-қимылы

      63. ЭҚ ТД берілген күні және уақыты мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінде тіркеледі.

      64. ЭҚ ТД-ны тіркеуді немесе тіркеуден бас тартуды уәкілетті лауазымды адам мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінде Кодекстің 288-бабына сәйкес жүзеге асырады.

3-параграф. Электрондық нысанда декларацияланатын тауарларды
кедендік тазарту кезінде уәкілетті лауазымды адамның іс-қимылы

      65. Мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінде ЭҚ ТД-ны тіркегеннен кейін уәкілетті лауазымды тұлға тәуекелдерді басқару жүйесін шапшан қосуды жүзеге асырады.

      Тәуекел бейіндері болмаған жағдайда осы Қағидалардың 70-тармағына сәйкес тауарлардығ шығаруын жүзеге асырады.

      66. Іске қосылған тәуекел бейіндері болған кезде уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағидалардың 2-бөлімнің 3-параграфында көрсетілген тәуекел бейіндеріндегі тәуекелдің алдын алу және (немесе) азайту бойынша шаралар қабылдайды.

      Тәуекел бейіндері болған жағдайда тыйым салулар мен шектеулердің, тарифтік емес реттеу шараларын және экспорттық бақылаудың сақталуын бақылау кезінде уәкілетті лауазымды тұлға тәуекел бейіндеріндегі және тәуекел индикаторларындағы тәуекелді алдын алу және (немесе) азайту бойынша шаралар қабылдайды.

      Ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік кіріс органдарынан тыйым салулар мен шектеулердің, тарифтік емес реттеу шараларын және экспорттық бақылаудың сақталуын бақылау бойынша тәуекелді алдын алу және (немесе) азайту бойынша тәуекелдерді басқару жүйесі тағайындаған шаралар туралы хабарлама алғаннан кейін декларант немесе кеден өкілі тыйым салулар мен шектеулердің, тарифтік емес реттеу шараларын және экспорттық бақылаудың сақталуын растайтын құжаттардың уәкілетті лауазымды тұлғаға ұсынады.

      Уәкілетті лауазымды тұлға тыйым салулар мен шектеулердің, тарифтік емес реттеу шаралардың және экспорттық бақылаудың сақталуын растайтын құжаттардың: лицензиялардың, сертификаттардың, рұқсаттардың және (немесе) өзге құжаттардың түпнұсқалары және сәйкестігі болуына тексеруді жүзеге асырады.

      кедендік төлемдер мен салықтарды, тарифтік преференцияларды төлеу бойынша мәлімделген жеңілдіктерді негізділігін тексеру кезінде іске қосылған тәуекел бейіні болған жағдайда, уәкілетті лауазымды адам осындай кедендік төлемдер мен салықтарды, тарифтік преференцияларды төлеу бойынша жеңілдіктердің түпнұсқасын және (немесе) ұсынылуын растайтын тиісті құжаттардың болуын тексереді, сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша бөліп төлеу немесе кейінге қалдыруды, соның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтарды бөліп төлеуді ұсыну туралы тиісті шешімнің болуын тексереді, сондай-ақ егер тауарлар мұндай қамтамасыз етуді ұсыну шартымен шығарылған жағдайда кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді растайтын құжаттардың болуына тексереді;

      КББС коды бойынша кедендік төлемдер мен салықтар сомаларының түсіміне тексеру мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесімен жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есепке алу әдісімен қосылған құн салығын төлеу шартының сақталуын тексеруге қатысты – мемлекеттік кіріс органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тауарларды шығарғаннан кейін есепке алу әдісімен қосылған құн салығын тексеріс жүргізу туралы хабарлама қалыптастыра тауарларды шығарғаннан кейін бақылауды жүзеге асыратын бөлімшеге осындай хабарламаны жолдайды.

      67. ЭҚ ТД-да мәлімделген мәліметтер тауарлар шығарылғанға дейін Кодекстің 289-бабына сәйкес мемлекеттік кірістер органының рұқсатымен және мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып берілген декларанттың дәлелді өтініші бойынша ТД-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібімен өзгерістер мен толықтыруларға жатады.

      68. Декларант ЭҚ ТД түзетуін (бұдан әрі – ЭҚ ТДТ), қажеттілік кезінде мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінде электрондық құжат түрінде кедендік құнның декларациясын (бұдан әрі – ЭҚ КҚД) қалыптастырады.

      ЭҚ ТДТ және ЭҚ КҚД толтыру ТД-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібіне және Тауарларды декларациялау, кедендік құнын бақылау және түзету тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

4-параграф. Электрондық нысанда тауарларды кедендік
декларациялау кезінде тауарларды шығару

      69. Тауарларды шығару уәкілетті лауазымды тұлғамен мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйеде Кодекстің 297-бабымен белгіленген мерзім мен тәртіпте жүзеге асырылады.

      70. Іске қосылған тәуекел бейіндері болмаған жағдайда тауарларды шығару мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесімен автоматты түрде жүзеге асырылады.

      Осы Қағидалардың 72 және 73-тармақтарымен көзделген тауарларды шығару, тоқтата тұру не шығарудан бас тарту туралы шешімдер уәкілетті лауазымды тұлғамен біруақытта декларантты дереу хабарлаумен қабылданады.

      71. Кодекстің 296-бабымен белгіленген тауарларды шығару шарттарын сақтамаған кезде уәкілетті лауазымды адам тауарларды шығару мерзімінің ішінен кешіктірмей тауарларды шығарудан бас тарту туралы шешімді декларантқа мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесін пайдаланумен хабарлай отырып қабылдайды, онда тауарларды шығарудан бас тарту үшін негіз болған себептер және оларды жою бойынша ұсыныстар көрсетіледі.

      72. Уәкілетті лауазымды адам ТД шығарудан бас тартуды Тауарға арналған декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібіне сәйкес ресімдейді.

      73. Кодекстің 440 және 441-баптарына сәйкес тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы шешімді тек зияткерлік меншік объектілері бар тауарлар бойынша ғана мемлекеттік кірістер органы қабылдайды. Уәкілетті лауазымды адам ресми нысандары мен себептер және тауарларды шығарудың мерзiмiн тоқтата тұру,тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы Мемлекеттік кіріс органының ақпараттық хабарлама жүйесі арқылы қалыптастырады және жолданады.

      Уәкілетті лауазымды адам тауарларды тоқтата тұру немесе шығару туралы шешімді қабылдаған кезде мынадай әрекеттерді орындайды:

      Ол бойынша шығаруды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған тауарларға қатысты ТД-дағы 3-нөмірімен "С" бағанында мұндай тоқтата тұру туралы мәлімет көрсетіледі. Оларды бір ТД-мен декларациялаған жағдайда, қалған тауарларды шығару Кодекске және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      Көрсетілген мәліметтер ТД электрондық көшірмесіне "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген Жіктеуіш шешіміне сәйкес қабылданған шешімнің кодын қоя отырып, енгізіледі.

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды адамдарының тауарларға
кедендік тазартуды жасау
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

20___ жылға арналған
Тауарларға арналған декларацияларды тіркеу журналы
_____________________________________
(кеден бекетінің коды)

Р/с

ТД беру

ТД тіркеу

ТД ұзарт

Тауарларды шығару

Уәкілетті лауазымды адамның Т.А.Ә. және қолы, және оның ЖНМ нөмірі

Декларанттың Т.А.Ә.

Күні

Уақыты

Күні

Уақыты

ТД тіркеу нөмірі/ТД тіркеуден бас тартқан кезде - себептері

Күні

Уақыты

Себептері

Күні

Уақыты

Тауарларды шығарудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда - себептері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды адамдарының тауарларға
кедендік тазартуды жасау
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсыну
қажеттілігі туралы сұрау
20___ж. ____________

Мемлекеттік кірістер органының атауы


Декларанттың

(кеден өкілінің) атауы,

БСН (ЖСН)



      № ____________ тауарларға арналған декларация бойынша бақылауды

      жүргізу барысында "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы"

      Қазақстан Республикасы Кодексінің 143-бабының __-тармағына сәйкес

      _____________________________________________________________________

      (ТД тауардың атауы және нөмірі)

      тауар бойынша кедендік баждардың, салықтардың төленуі бойынша

      міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді ұсыну қажет екенін

      хабарлаймыз.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан

      Республикасы Кодексінің 151-бабына сәйкес есептелген мөлшерде

      20__ж. _________ "___" мерзімге дейін* кедендік баждардың,

      салықтардың төленуі бойынша міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді

      ұсыну қажет.

Кедендік баждың, салықтың түрі

Есептеудің негізі

Қамтамасыз етудің сомасы

Ескертпе

1

2

3

4

5

1





2





Қорытынды






      Тауарды шығару үшін Сізге 20__ж. ___________ мерзімге дейін** тауарларға арналған декларацияны түзету нысанын толтыру және кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсыну қажет.

Жеке нөмірлік мөр


      ________________________________________________ ____________________

      (кеден органының уәкілетті (қолы)

      лауазымды тұлғасының Т.А.Ә.)

      ______________________________ _____________________ ________________

      (шешім алған тауарларды (шешім алған күні) (қолы)

      декларациялаған тұлғаның Т.А.Ә.

      Поштамен жолдау кезінде

      ________________________ ________________ ___________________________

      (шешімді жолдау мекенжайы) (шешімді (шешімді жолдаған кеден

      жолдау күні) органының лауазымды

      тұлғасының Т.А.Ә.

      және қолы)

      _____________________________

      __________ тармағына сәйкес мерзім көрсетіледі*

      Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы"

      Қазақстан Республикасы Кодексінің _________

      бабымен белгіленген мерзімнен аспайтын мерзім

      көрсетіледі**

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды адамдарының тауарларға
кедендік тазартуды жасау
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

20___ жылға арналған
Кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімдерді есепке алу
журналы
____________________________________
(кеден бекетінің коды)

№ р/с

Кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешім

ТД тіркеу нөмірі

Кедендік сараптаманың мақсаты

Кедендік сараптамаға жолдаған күні

Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы

күні

Шешімнің №

Қорытындының №

Күні

Нәтижелері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды адамдарының тауарларға
кедендік тазартуды жасау
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

20___ жылға арналған
Кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) актілерін тіркеу
журналы
____________________________________
(кеден бекетінің коды)

№ р/с

Кеден декларацияның, не ТД ретінде пайдаланылатын құжаттың №

Іске қосылған бейіннің № (не қызметтік жазбаның № және күні)

Кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) актіні тіркеу)

Тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу орны

Кедендік тексеріп қараудың (қарап тексерудің) нәтижелері

Кедендік тексеріп қараудың (қарап тексерудің) аяқталуы

Кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізген лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) Т.А.Ә.

Ескертпе

Күні

Уақыты

Күні

Уақыты

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды адамдарының тауарларға
кедендік тазартуды жасау
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

20___ жылға арналған
Мерзімді тауарларға арналған декларацияларды пайдалана
отырып декларацияланатын тауарларды есепке алу журналы
____________________________________
(мемлекеттік кірістер органының коды)

р/с

МТД №

Декларант

СЭҚ ТН бойынша тауардың коды

Тауардың атауы

Брутто салмағы

(кг.)

Көлік құралының тіркеу нөмірі/контейнердің нөмірі

Тауарды табыс ету/тиеп жөнелту күні

Кету орынның кеден бекетінің коды

Тауарлардың іс жүзінде шығарылған күні

Кедендік бақылауды жүргізген лауазымды адамның Т.А.Ә.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды адамдарының тауарларға
кедендік тазартуды жасау
қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

20___ жылға арналған
Уақытша тауарларға арналған декларацияларды пайдалана
отырып декларацияланатын тауарларды есепке алу журналы
____________________________________
(кеден бекетінің коды)

р/с

Декларант

УТД №

Тауардың атауы

СЭҚ ТН бойынша тауардың коды

Брутто салмағы

(кг.)

Нетто салмағы

(кг.)

Статистикалық құн

Кедендік құн

Жөнелтуші/ межелі ел

Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу күні (кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімнің №)

Кедендік бақылауды жүргізген лауазымды адамның Т.А.Ә.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды адамдарының тауарларға
кедендік тазартуды жасау
қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

Есепке алу құралдарының көрсеткіштерін алу туралы акті
20__ жылғы _________ "___"

      _______________________________________________________________

      Мемлекеттік кірістер департаментінің 20___ жылғы ___________ құбыржол

      көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды

      есепке алуқұралдарының көрсеткіштерін алу туралы

р/с №

Тораптың атауы (есепке алу құралы)

Ай басындағы есепке алу құралының көрсеткіштері

Есеп кезеңінің сонындағы есепке алу құралының көрсеткіштері

Өткізілген тауардың көлемі (тонна, мың.м.3 сағ. квт)

1

2

3

4

5












      Есепке алу торабының (құралының) өкілі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. лауазымы, қолы, күні)

      Мемлекеттік кіріс органдарының уәкілетті лауазымды тұлғасы

      _______________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. лауазымы, қолы, күні)