БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16346 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабы 1-тармағына, 148-бабының 3-тармағына, 180-бабының 7-тармағына, 182-бабының 9-тармағына, 185-бабының 5-тармағына, 187-бабының 11-тармағына, 190-баптың 4 және 9-тармақтарына, 192-бабының 4-тармағына, 194-бабының 10-тармағына, 536-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:"
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 1-тармағына, 148-бабының 3-тармағына, 180-бабының 7-тармағына, 182-бабының 9-тармағына, 185-бабының 5-тармағына, 187-бабының 11-тармағына, 190-баптың 4 және 9-тармақтарына, 192-бабының 4-тармағына, 194-бабының 10-тармағына, 536-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің және облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазарту мемлекеттік қызметін көрсету кезіндегі іс-қимылдарының дәйектілігін айқындайды
2. "Тауарларды кедендік тазарту" мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті және оның облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі –қызмет беруші) "АСТАНА-1" Кедендік және салықтық әкімшілдендіруді автоматтандыру жүйесі" (бұдан әрі – АЖ) арқылы көрсетеді.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жазбаша нысандағы кедендік декларациялау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органында қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі тауарларға арналған декларацияны (бұдан әрі – ТД) пайдалана отырып, осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші істен шыққан сәттен бастап дереу мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштің тіркеу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), көрсетілетін қызметті алушының атауы, қатеге әкеп соқтыратын іс-қимылдар реттілігінің сипаттамасы бойынша ақпаратты, жүйенің істен шығуын растайтын скриншоттарды міндетті түрде ұсына отырып e-okno@mgd.kz электрондық пошта арқылы қолдау қызметіне сұрау жолдайды.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. әуекелдерді басқару жүйесінде айқындалған тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды қолдануды уәкілетті лауазымды тұлға мынадай ережелерді ескере отырып жүзеге асырады:
1) кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру нысаны түрінде кедендік бақылауды жүргізу кезінде көрсетілетін қызметті алушыға АЖ арқылы ЭТД-да мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсыну туралы сұрау салу жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын құжаттарды тексеруді Кодекстің 410-бабына және осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес уәкілетті лауазымды тұлға жүзеге асырады.
Құжаттар ұсынылған және тауарлар шығарылғанға дейін оларды тексеру аяқталған, не кедендік бақылау нәтижелері өзге нысандарда, оның ішінде тауарлардың кедендік сараптамасында тексерілетін мәліметтердің анықтығын және (немесе) толықтығын растаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Кодекстің 192-бабына сәйкес тауарларды шығаруды жүргізеді.
Егер құжаттарда мәліметтер болмаса немесе кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшеріне әсер ететін ЭТД-да мәлімделген мәліметтерді тиісті түрде растамаса, уәкілетті лауазымды тұлға АЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушыға Кодекстің 195-бабының талаптарын сақтай отырып, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну шартымен тауарларды шығаруды жүргізу мүмкіндігі туралы хабардар етеді.
Бұл ретте, уәкілетті лауазымды тұлға АЖ арқылы көрсетілетін қызмет алушыға "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінің есебі туралы" ЕЭК Алқасының 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 112 шешімімен белгіленген нысан бойынша кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінің есебін жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын көрсетілген қамтамасыз етуді енгізген кезінде уәкілетті лауазымды тұлға АЖ арқылы кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеуді жүргізеді және Кодекстің 195-бабына сәйкес кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталғанға дейін тауарларды шығаруды жүзеге асырады.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға АЖ арқылы тауарларды шығару туралы және Кодекстің 409-бабының 4 және 8-тармақтарына сәйкес тауарларды шығарғанға дейін, шығарғаннан кейін басталған кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді жалғастыру туралы хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынбаған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 410-бабы 2-тармағына сәйкес ЭТД тіркеген күннен кейінгі келесі жұмыс күні аяқталғанға дейін төрт сағаттан кеш емес мерзімде АЖ арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды шығарудан бас тарту туралы электрондық құжатты жіберу жолымен тауарларды шығарудан бас тартуды жүзеге асырады.
Егер кедендік бақылау жүргізу кезінде ЕАЭО кеден заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 9) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарына сәйкес олар жойылған кезде тауарларды шығарудан бас тарту үшін негіз болмайды және көрсетілетін қызметті беруші осындай бұзушылықтарды жою үшін ЭТД мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) қажеттігін айқындаған, көрсетілетін қызметті берушінің талап етуі бойынша осындай мәліметтерді Кодекстің 193-бабы 3 және 6-тармақтарында белгіленген тауарларды шығару мерзімі шегінде көрсетілетін қызметтерді алушы өзгертеді (толықтырады);
2) уәкілетті лауазымды тұлға кедендік сараптаманы жүргізуі кезінде Кодекстің 54-тарауында, сондай-ақ осы Қағидалардың 35-тармағында айқындалған әрекеттерді жүзеге асырады.
3) тауарлар туралы мәлімделген мәліметтердің зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімінде және ЕАЭО мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімінде қамтылған мәліметтерге, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіге зияткерлік меншік құқықтары бұзылған тауарларды анықтауға мүмкіндік беретін, жоғарыда көрсетілген зияткерлік меншік объектілерінің тізіліміне енгізілмеген тауарлар туралы қосымша мәліметтерге сәйкестігін тексеру жүргізу кезінде уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 198 және 199-баптарына сәйкес зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарын қорғау бойынша шараларды қабылдайды, сондай-ақ осы Қағидалардың 36-тармағында айқындалған әрекеттерді жасайды;
4) тауарларды кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу кезінде уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 413-бабы 2-тармағына сәйкес тауарларды кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу бойынша әрекеттерді жүзеге асырады.
Уәкілетті лауазымды тұлға АЖ арқылы тауарларды кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу үшін кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) (ол болған кезде) жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар мамандандырылған (қарап тексеру тобына) бөлімшеге хабарлама жолдайды.
Тауарларға кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу кезінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға қызмет берушінің басшысына не оны алмастырушы тұлғаға анықталған бұзушылықтар туралы дереу жазбаша түрде хабарлайды және ӘҚбК-ге сәйкес шаралар қабылдайды.
Тауарларға кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) нәтижелері бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар бұзушылықтар анықталған кезде, уәкілетті лауазымды тұлға қаржы мониторингі органының қылмыстық құқық бұзушылықтарды қарауға байланысты мәселелер құзыретіне кіретін тиісті бөлімшесіне осындай бұзушылықтар туралы ақпаратты береді.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 27-тармағында айқындалған құжаттарды ұсынған кезде, уәкілетті лауазымды тұлға осындай құжаттарды ЭТД-да олар туралы мәлімделген мәліметтерге сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және олар расталған жағдайда, осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген әрекеттерді жүзеге асырады.";
91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"91. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Заңның 25-бабының 2- тармағына сәйкес қаралуға жатады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"Тауарларды кедендік тазарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызмет берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) "электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Тауарларды шығару мерзімдері "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 193-бабының нормаларымен белгіленген. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық немесе қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамы қабылдаған, оның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушыға, сондай-ақ мүдделі тұлғаларға ақпараттық жүйе арқылы бір мезгілде хабардар ете отырып, тауарларды шығару шешімі туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша тауарларды шығарудан бас тарту туралы шешім түріндегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
"Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 қаулысымен белгіленген тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар алынады. |
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті) – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, тәулік бойы жұмыс режимі белгіленген көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі жағдайларын қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 15.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
ЭДТ беру, тәуекелдерді басқару жүйесінің кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру түріндегі кедендік бақылау нысанын айқындауды қоспағанда, онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің ұсынуымен сүйемелденбейді. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1. Кодекстің 182-бабының 5-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша кедендік декларацияны тіркеуден бас тартады: |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған – www. kgd. gov. kz, www. minfin. gov. kz. |