Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды кедендік декларациялау мен кедендік тазартудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 ақпанда № 10236 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 73 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 26.01.2018 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 295–бабының 5 және 7–тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды декларациялауға аумақтық мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру, оны ұзарту, тоқтата тұру немесе кері қайтару қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2–қосымшаға сәйкес Белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды кедендік декларациялау және кедендік тазарту қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.10.2015 № 551 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин):

      1) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет–ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 8 қаңтардағы
№ 9 бұйрығына
1–қосымша

Белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе
бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе
жасалып бітпеген түрдегі тауарларды декларациялауға аумақтық
мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру, оны ұзарту, тоқтата
тұру немесе кері қайтару қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 295–бабының 5–тармағына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы (бұдан әрі – ЕЭО СЭҚ ТН) бойынша бір сыныптама кодын көрсете отырып, белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды кедендік декларациялауға мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру (бұдан әрі – рұқсат), оны ұзарту, тоқтата тұру немесе кері қайтару тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.10.2015 № 551 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар (бұдан әрі – машина) деп кез келген тауарлар (тауарлар құрамасын қоса алғанда) жабдық, механизмдер, қондырғылар, аппараттар немесе ЕЭО СЭҚ ТН бойынша 84, 85 немесе 90-тауар топтарында сыныпталатын өзге қондырғылар түсініледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.10.2015 № 551 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Рұқсатты аумақтық мемлекеттік кірістер органы (облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар, астана) және кеден (бұдан әрі – аумақтық мемлекеттік кірістер органы) декларанттың дәлелді жазбаша өтінішінің негізінде тауарға арналған бірінші декларацияны (бұдан әрі – декларация) бергенге дейін береді.

2. Аумақтық мемлекеттік кірістер органының рұқсатты беру тәртібі

      4. Рұқсатты алу үшін декларант аумақтық мемлекеттік кірістер органына еркін нысанда жазбаша өтініш береді, онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) декларанттың атауы, орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі, есеп шоты ашылған банктің атауы мен заңды мекенжайы және шоттың нөмірі;

      2) сыртқы сауда шартының (келісім–шарт және оған (шарт лизингін қоса алғанда) қосымшалар) деректемелері және сыртқы сауда шартының ажырамас бөлігі болып табылатын ерекшеліктері (шарттың нөмірі, жасалған күні және оның қолданылу мерзімі, оған ерекшеліктердің нөмірі мен күні, шарттың жалпы сомасы, шарт бойынша жеткізу мен төлем шарттары және т.б.);

      3) жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды атауы және ЕЭО СЭҚ ТН бойынша сыныптау коды;

      4) жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың барлық құрамдастарын бір уақытта декларациялаудың мүмкін болмау себептері;

      5) жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың барлық құрамдастарын жеткізу жүзеге асырылатын мерзім;

      6) жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі әкелінген тауарлардың құрамдастарын сақтау, оларды құрастыруды (жинауды) жүзеге асыратын орын.

      Егер жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды кедендік декларациялауды кеден өкілі жүргізген жағдайда, өтініште тұлғаны кеден өкілдерінің тізіліміне енгізуді растайтын мәліметтер көрсетіледі.

      Декларант өтінішке қол қояды және мөрімен куәландырады (заңды тұлғалар үшін – міндетті түрде, өзге тұлғалар үшін – ол болған жағдайда).

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.10.2015 № 551 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Өтінішке мәлімделген мәліметтерді растайтын мынадай құжаттар:

      1) оған сәйкес жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың құрамдастарын жеткізу жүзеге асырылатын (лизинг шартын қоса алғанда) сыртқы сауда шартының (келісім–шарттың) нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      2) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган берген тауарды жиналмаған түрдегі сыныптау туралы шешімнің түпнұсқасы (бұдан әрі – тауарды жиналмаған түрде сыныптау туралы шешім);

      3) қағаз және электронды түрде тауарлардың тізімі түрінде ресімделген сыртқы сауда шартының (келісім–шартының) ажырамас бөлігі болып табылатын жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың егжей-тегжейлі ерекшелігі;

      4) оларды ЕЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес бір мәнді сыныптауға, сәйкестендіруге, саны және номенклатурасы бойынша есеп жүргізуге мүмкіндік беретін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың жекелеген құрамдастарының сипаттамасы;

      5) позициялар бойынша орналасқан функционалдық блоктары мен жекелеген құрамдастары көрсетілген жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың жинақтау (монтаждау) сызбасы (схемасы) қоса беріледі.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.10.2015 № 551 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Аумақтық мемлекеттік кірістер органдары өтінішті оған қоса берілген құжаттармен оны тіркеген күнінен бастап он жұмыс күнінің ішінде қарайды.

      7. Рұқсатты аумақтық мемлекеттік кірістер органы басшысының немесе оны ауыстыратын тұлғаның қолымен осы Қағиданың 1–қосымшасына сәйкес нысан бойынша үш данада жазбаша түрде аумақтық мемлекеттік кірістер органы ресімдейді.

      Рұқсаттың тіркеу нөмірін осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысанда рұқсаттарды тіркеу журналы бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органы береді. Осы Қағидада белгіленген тәртіппен алты айдан аспайтын мерзімге декларанттың дәлелді жазбаша өтінішімен ұзартылуы мүмкін рұқсатты қолдану мерзімі бір жылды құрайды.

      Рұқсаттың бір данасы декларантқа беріледі, екінші данасы жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларға кедендік тазарту жүргізілетін аумақтық мемлекеттік кірістер органына жолданады, үшіншісі – рұқсатты берген аумақтық мемлекеттік кірістер органында қалады.

      Аумақтық мемлекеттік кірістер органы рұқсаттың екінші данасымен бірге жиналмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің және осы Қағиданың 5–тармағының 3)–5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларға кедендік тазарту жүргізетін аумақтық мемлекеттік кірістер органына жолдайды.

      8. Рұқсат беруден бас тарту туралы шешімді аумақтық мемлекеттік кірістер органы осы Қағиданың 4 және 5–тармақтарында көрсетілген құжаттар мен мәліметтер ұсынылмаған және (немесе) толық емес ұсынылған немесе өтініштегі және ұсынылған құжаттардағы мәліметтер жиналмаған түрдегі тауарларды сыныптау туралы шешімде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда қабылдайды.

      Декларант аталған бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш қайта енгізіледі және осы Қағидада белгіленген тәртіппен қаралады.

      Рұқсат беруден бас тартылған жағдайда аумақтық мемлекеттік кірістер органы осы Қағиданың 6–тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша нысанда декларантқа хабарлайды.

      9. Рұқсатта көрсетілген мәліметтерді өзгерту кезінде декларант оны берген аумақтық мемлекеттік кірістер органына растайтын құжаттарды қоса отырып, жиналмаған түрде тауарларды жіктеу туралы шешімге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар негізінде рұқсатқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы жазбаша мәлімдемемен жазбаша жүгінеді.

      Рұқсаттың қолданылуын өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім өтініш тіркелген күнінен бес жұмыс күні ішінде аумақтық мемлекеттік кірістер органы бастығының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

3. Рұқсатты ұзартудың, тоқтата тұрудың немесе кері қайтарудың тәртібі

      10. Рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту үшін декларант оның аяқталу мерзімінен кешіктірмей рұқсат берген аумақтық мемлекеттік кірістер органына ұзарту қажеттілігін растайтын құжаттарды қоса ұзартудың себептерін негіздей отырып жазбаша өтініш береді.

      11. Аумақтық мемлекеттік кірістер органы өтініш тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы декларанттың өтінішін қарайды.

      12. Аумақтық мемлекеттік кірістер органы рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілген мерзім алдындағы мерзім аяқталған күнінен бастап жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың жекелеген құрамдастарын жеткізу аяқталғанға дейін, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

      13. Аумақтық мемлекеттік кірістер органының рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту не оны ұзартудан бас тарту туралы шешімі декларантқа осы Қағиданың 11–тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін жазбаша нысанда ұсынылады.

      Рұқсаттың қолданылу мерзімі ұзартылған кезде рұқсаттың тиісті жолында аумақтық мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамы қабылданған шешім туралы жазба енгізеді. Аталған жазба аумақтық мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамның қолымен, жеке нөмірлі мөрімен куәландырылады.

      Аумақтық мемлекеттік кірістер органымен рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім мынадай жағдайларда қабылданады:

      1) декларант дұрыс емес мәліметтер ұсынған;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес заңды тұлға таратылған жағдайларда.

      14. Декларанттың дәлелді жазбаша өтініші бойынша рұқсаттың қолданылуы үш айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.

      15. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аумақтық мемлекеттік кірістер органы бастығының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      16. Осы Қағиданың 15–тармағында көзделген бұйрық қабылданған күннен бастап рұқсат бойынша жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың құрамдастарын кедендік декларациялауға және кедендік тазартуға жол берілмейді.

      17. Декларанттың жазбаша өтініші бойынша не рұқсаттың қолданылуын тоқтату үшін негіз болған себептер жойылғаннан кейін оның қолданылуы аумақтық мемлекеттік кірістер органы басшысының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен бес жұмыс күні ішінде жаңартылады.

      18. Аумақтық мемлекеттік кірістер органы басшысының немесе оны алмастыратын адамның рұқсаттың қолданылуын тоқтату немесе оның қолданылуын жаңарту туралы бұйрығы қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде мұндай ақпарат декларантқа жазбаша түрде жолданады.

      19. Рұқсатты аумақтық мемлекеттік кірістер органы:

      1) декларант дұрыс емес мәліметтер ұсынған;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес заңды тұлға таратылған жағдайларда;

      3) декларанттың дәлелді жазбаша өтініші бойынша рұқсатты кері қайтарып алуы мүмкін.

      20. Рұқсатты кері қайтару туралы шешім бұйрық қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда декларантқа почта не факсимильді байланыспен, қолма-қол не электрондық почта бойынша жолданатын аумақтық мемлекеттік кірістер органы басшысының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен ресімделеді.

  Белгіленген уақыт кезеңі ішінде
өткізілетін жиналмаған немесе
бөлшектелген түрдегі, оның ішінде
жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген
түрдегі тауарларды декларациялауға
аумақтық мемлекеттік кірістер органының
рұқсат беру, оны ұзарту, тоқтата тұру
немесе кері қайтару қағидалары
1–қосымша

      Нысан

Белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған
немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе
жасалып бітпеген түрдегі тауарларды декларациялауға рұқсат

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.10.2015 № 551 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (декларанттың атауы, заңды мекенжайы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (құжаттар туралы жалпы мәліметтер) Жиналмаған түрде ЕЭО СЭҚ ТН

      бойынша тауарды сыныптау туралы № шешім

      Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде

      жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды атауы және

      оның ЕЭО СЭҚ ТН бойынша сыныптау коды________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде

      жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың құрамдас

      элементтерінің атауы және олардың ЕЭО СЭҚ ТН бойынша сыныптау коды

      _____________________________________________________________________

      Келісім-шарт бойынша Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның

      ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың

      құны

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Кедендік тазарту жүргізілетін мемлекеттік кірістер органы

      _____________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      Тауарды әкелу мерзімі _______________________________________________

      Рұқсаттың қолданылу мерзімі _________________________________________

      Өзге мәліметтер _____________________________________________________

      (ерекше белгілері)

      Мемлекеттік кірістер

      органының басшысы _________________________________________ Т.А.Ә.

      (қолы)

  М.О.
Белгіленген уақыт кезеңі ішінде
өткізілетін жиналмаған немесе
бөлшектелген түрдегі, оның ішінде
жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген
түрдегі тауарларды декларациялауға
аумақтық мемлекеттік кірістер органының
рұқсат беру, оны ұзарту, тоқтата тұру
немесе кері қайтару қағидалары
2–қосымша

      Нысан

Рұқсаттарды тіркеу журналы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.10.2015 № 551 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Рұқсаттың №

Рұқсаттың қолданылу мерзімі (ККААЖЖ)

Сыныптау туралы шешімнің №

Декларанттың атауы

Шарттың (келісім–шарттың/ерекшеленетін) деректемелері

ЕЭО СЭҚ ТН бойынша жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың коды

Келісім-шарт бойынша жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың құны

жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың барлық құрамдастарын жеткізу мерзімі

Өзге мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

     

      Ескертпе:

      Рұқсаттың нөмірі мына түрде қалыптастырылады:

      ХХХХХ-ХХХХХ/ККААЖЖ/0000, мұнда:

      1 2 3 4

      1) ХХХХХ - рұқсатты берген аумақтық мемлекеттік кірістер органының коды;

      2) ХХХХХ - кедендік тазартуды жүргізетін аумақтық мемлекеттік кірістер органының коды;

      3) ККААЖЖ - рұқсатты беру күні (күні, айы және ағымдағы жылдың соңғы екі саны);

      4) 0000 - рұқсаттың реттік нөмірі.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 8 қаңтардағы
№ 9 бұйрығына
2-қосымша

Белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе
бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе
жасалып бітпеген түрдегі тауарды кедендік декларациялау және
кедендік тазарту қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 295-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және белгіленген уақыт кезеңі ішінде "Ішкі тұтыну үшін шығару" кедендік рәсімі бойынша өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды кедендік декларациялау және кедендік тазарту тәртібін айқындайды.

      2. Белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар деп кез келген тауарлар (тауарлар құрамасын қоса алғанда) жабдық, механизмдер, қондырғылар, аппараттар немесе Еуразиялық экономикалық одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі – ЕЭО СЭҚ ТН) бойынша 84, 85 немесе 90–тауар топтарында жіктелетін өзге қондырғылар түсініледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.10.2015 № 551 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды кедендік декларациялау кезінде алдын ала, толық емес, мерзімдік және уақытша кедендік декларация қолданылмайды.

      Кедендік декларациядағы тауарлардың жиынтықтарына өзгерістер мен (немесе) толықтырулар Кодекстің 289–бабында белгіленген тәртіпте енгізіледі.

      4. Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың құрамдастарын уақытша сақтау Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде
жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды
кедендік декларациялаудың тәртібі

      5. Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың құрамдастарын ЕЭО СЭҚ ТН бойынша бір сыныптама кодын көрсете отырып, кедендік декларациялауды декларант немесе кеден өкілі, кейін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларға арналған толық кедендік декларацияны берумен, Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы бір мезгілде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың құрамдастарына арналған кедендік декларацияны беру жолымен мынадай шарттар сақталған кезде жүргізеді:

      1) мемлекеттік кірістер органы берген, оларды өткізу белгілі уақыт кезеңі ішінде әр түрлі тауар легімен болжанған жиналмаған түрдегі немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды сыныптау туралы шешімнің (бұдан әрі – жиналмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім) және аумақтық мемлекеттік кірістер органы берген, белгілі уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды декларациялауға рұқсаттың (бұдан әрі – рұқсат) болуы;

      2) жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың барлық құрамдастарының рұқсаттың қолданылу мерзімі ішінде бір сыртқы сауда шарты (лизинг шартын қоса алғанда, келісім–шарт) бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде бір алушының мекенжайына жеткізілуі;

      3) декларацияны декларант немесе кеден өкілі рұқсатта көрсетілген аумақтық мемлекеттік кірістер органына ғана беруі;

      4) декларантта кедендік төлемдерді, салықтарды және олар бойынша өсімпұлдарды төлеу бойынша берешегінің болмауы.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.10.2015 № 551 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың құрамдастарын кедендік декларациялау кезінде кедендік баждарды есептеу мақсаты үшін жиынтықтаға немесе аяқталған тауарларға қатысты жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар құрамдастарына арналған кедендік декларацияларды аумақтық мемлекеттік кірістер органы тіркеген күні қолданыста болған ставкалар қолданылады.

      Кедендік декларациялау үшін алымдар жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың әрбір құрамдастарына декларациялар бергенге дейін немесе бір мезгілде, сондай–ақ машинаға толық декларация берген кезде төленеді.

      Кедендік баждар мен салықтар жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың әрбір құрамдастарына арналған декларациялар бойынша құрамдастар шығарылғанға дейін төленеді.

      7. Сыртқы сауда шартының талаптарына сәйкес келмеген құрамдастар кері экспорт (Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына әкелінген құрамдастарға қатысты) кедендік рәсімінде қайтаруға жатады.

      Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың құрамдастарын кедендік декларациялау кезінде декларацияны беру аумақтық мемлекеттік кірістер органына мынадай құжаттарды ұсынумен қатар жүреді:

      1) Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларға толық декларацияны беру кезінде ұсынылатын тауарлардың қауіпсіздігі бойынша талаптардың сақталуын растайтын құжаттарды қоспағанда, Кодекстің 281–бабында көзделген құжаттар;

      2) жиналмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің түпнұсқасы және оған қосымша (жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар құрамдастарын алғашқы жеткізу кезінде ұсынылады, кейінгі кезеңде – декларант куәландырған көшірмесі);

      3) рұқсаттың түпнұсқасы (жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар құрамдастарын алғашқы жеткізу кезінде ұсынылады, кейінгі кезеңде – декларант куәландырған көшірмесі);

      4) жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар құрамдастарының шығарылған елін растайтын құжаттар;

      5) рұқсатта белгіленген мерзімдерде толық декларацияны беру туралы жазбаша міндеттеме.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.10.2015 № 551 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар құрамдастарын кедендік декларациялау кезінде декларацияның жекелеген бағандары мынадай ерекшеліктерді ескере отырып толтырылады:

      1) "Жүк орындары мен тауарлардың сипаттамасы" 31–бағанда:

      1.1 нөмірімен жиналмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің негізінде жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың атауы көрсетіледі;

      1.2 нөмірімен жиналмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімге қосымшаға сәйкес жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар құрамдасының атауы көрсетіледі;

      1.3 нөмірімен сыныптау туралы шешімге қосымшаға сәйкес ЕЭО СЭҚ ТН бойынша жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың декларацияланатын құрамдасының он таңбалы сыныптама коды көрсетіледі.

      2) "Тауар коды" 33–бағанында сыныптау туралы шешімге сәйкес ЕЭО СЭҚ ТН бойынша жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың он таңбалы сыныптау коды көрсетіледі.

      Декларацияның қалған бағандары жалпы белгіленген тәртіппен толтырылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.10.2015 № 551 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың құрамдастары толық декларация бойынша жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды шығарғанға дейін үшінші тұлғаға беру құқығынсыз шартты түрде шығаруға жатады.

      Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына әкелінген жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың құрамдастарын толық декларация бойынша жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар шығарылғанға дейін монтаждауға (жинауға) жол беріледі.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.10.2015 № 551 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар құрамдастарының соңғы легі шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың барлық құрамдастарын ескере отырып толтырылған, жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарға толық декларация беріледі. Толық декларацияға олар бойынша жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар құрамдастары кедендік рәсімімен орналастырылған декларацияның көшірмелері қоса беріледі.

      Толық декларация шығарылғаннан кейін шартты түрде шығарылған жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың құрамдастары Еуразиялық экономикалық одағының тауарлары мәртебесін алады.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.10.2015 № 551 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Жиналмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімге қосымшада көрсетілмеген тауарларға осы Қағиданың ережелері қолданылмайды. Бұл ретте мұндай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың құқығымен жасалған халықаралық шарттар мен актілердің кедендік құқықтық қатынастарын реттеуге сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен декларацияланады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.10.2015 № 551 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде
жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды
кедендік тазарту тәртібі

      12. ЕЭО СЭҚ ТН бойынша бір сыныптама кодын көрсете отырып, жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың құрамдастарын кедендік тазарту осы Қағиданың 8–тармағында белгіленген құжаттар ұсынылған кезде жүргізіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.10.2015 № 551 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды және жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар құрамдастарын кедендік тазарту кезінде уәкілетті лауазымды адам, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың құқығымен жасалған халықаралық шарттар және актілермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін кедендік құқықтық қатынастарды қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып кедендік бақылауды жүргізеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.10.2015 № 551 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды және жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар құрамдастарын кедендік тазарту кезінде мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адам жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сәйкестендіру мақсатында Кодексте белгіленген тәртіппен көрсетілген тауарларға кедендік қарап тексеруді (тексеріп қарауды) жүргізуге құқылы.

      15. Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар құрамдастарының есебі осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша, оның ішінде ақпараттық жүйені пайдалана отырып жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың құрамдастарын есепке алу журналында жүргізіледі. Журнал соңғы жазба жүргізілген сәтінен бастап бес жыл ішінде аумақтық мемлекеттік кірістер органында сақталады.

      16. Аумақтық мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамы Еуразиялық экономикалық одақтың құқығымен жасалған халықаралық шарттар және актілермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін кедендік құқықтық қатынастардағы бұзушылықтарды анықтаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.10.2015 № 551 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Белгіленген уақыт кезеңі ішінде
өткізілетін жиналмаған немесе
бөлшектелген түрдегі, оның ішінде
жиынтықталмаған немесе жасалып
бітпеген түрдегі тауарларды
кедендік декларациялау және
кедендік тазарту қағидалары
қосымша

      Нысан

Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде
жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар
құрамдастарын есепке алу журналы

Р/с

Декларант

Шарттың, ерекшеліктің № мен күні

Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың атауы мен саны (қосымша өлшем бірлігі)

Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар құрамдастарының атауы мен саны (қосымша өлшем бірлігі)

Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар құрамдастарына ТД №

Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарға толық ТД №

Кедендік тазартуды жүргізген адамның Т.А.Ә.

1

2

3

4

5

6

7

8


      Ескертпе:

      журналда жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар құрамдастарының әр жеткізілімі бойынша деректер көрсетіледі