Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 73 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 ақпанда № 16346 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабы 1-тармағына, 148-бабының 3-тармағына, 180-бабының 7-тармағына, 182-бабының 9-тармағына, 185-бабының 5-тармағына, 187-бабының 11-тармағына, 190-баптың 4 және 9-тармақтарына, 192-бабының 4-тармағына, 194-бабының 10-тармағына, 536-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 08.11.2021 № 1150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 73 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 15.03.2024 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 1-тармағына, 148-бабының 3-тармағына, 180-бабының 7-тармағына, 182-бабының 9-тармағына, 185-бабының 5-тармағына, 187-бабының 11-тармағына, 190-баптың 4 және 9-тармақтарына, 192-бабының 4-тармағына, 194-бабының 10-тармағына, 536-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдары (бұдан әрі – уәкілетті лауазымды адамдар), Бас деспечерлік басқармасы (бұдан әрі – БДБ) лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазарту мемлекеттік қызметін көрсету кезінде тауарларды кедендік тазартуды жасау тәртібін айқындайды.

      2. "Тауарларды кедендік тазарту" уәкілетті лауазымды адамдар, БДБ (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) арқылы көрсетеді.

      3. Тауарларды кедендік тазартуды лауазымдық (функционалдық) міндеттерге сәйкес мұндай кедендік операцияларды жүргізуге уәкілетті көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады және тауарларға арналған декларация немесе тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш тіркелген сәттен басталады және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс уақытын ескере отырып тауарларды шығару аяқталады.

      4. Электронды түрдегі кедендік декларациялау осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес электрондық құжат түрінде тауарларға арналған декларацияны (бұдан әрі – ЭТД) пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      5. Жазбаша нысандағы кедендік декларациялау облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органында қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі тауарларға арналған декларацияны (бұдан әрі – ТД) пайдалана отырып, осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Кодекстің 393-бабының 5-тармағына сәйкес тауарларды кедендік декларациялау кезінде кедендік бақылау тек кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды айқындайтын тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі негізінде, сондай-ақ Кодексте көзделген кедендік бақылаудың өзге нысандарын қолдану кезінде көрсетілетін қызметті берушіге белгілі болған, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын сақтамау белгілері болған кезде ғана жүзеге асырылады.

      7. Тауарларды кедендік тазарту кезінде оның нысанына қарамастан, декларант немесе кеден өкілі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушының) Кодекстің 180-бабының 2-тармағында жағдайларды, немесе Кодекстің 180-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық Комиссия (бұдан әрі – ЕЭК) айқындаған жағдайлардағы тауарларды қоспағанда, қызмет аймағында кедендік бақылаудағы тауарлар бар қызмет берушіге тауарлардың декларациясын береді.

      8. ЭТД оны толтырғаннан кейін, сондай-ақ осы Қағидаларда айқындалған жағдайларда электрондық түрде ұсынылған, онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады.

      9. Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының ЭТД мәртебесі (берілді, қабылданды, тіркелді, тіркеуден бас тартылды, шығаруға рұқсат берілді, шығару тоқтатыла тұрды, кері қайтарып алынды, шартты түрде шығару) туралы хабардар етуге байланысты қызмет берушінің іс-әрекеттері нақты уақыт режимінде ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші:

      лауазымды адамның қатысуынсыз тауарларды шығарумен (автоматты түрде шығару);

      тауарларды шығаруды жоюмен байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде АЖ арқылы осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаға сәйкес электронды құжаттарды қалыптастырады және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      10. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша уәкілетті лауазымды адам өтініш түскен сәттен бастап 30 (отыз) минуттан кешіктірмей ЭТД-ның қағаз данасын оның электрондық түрінен басып шығарады.

      Бұл ретте, тауарларды шығаруды жүзеге асырған уәкілетті лауазымды адам қағаз түріндегі осындай тауарларға арналған декларацияға тауарларды шығару туралы белгі қояды және жеке нөмірлік мөрмен растайды.

      Тауарлардың автоматты түрде шығару кезінде тауарларды шығару туралы белгіні тауарларды шығару жүзеге асырылған мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймағындағы уәкілетті лауазымды адам қояды.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге АЖ не www.egov.kz "Электронды үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) ЭТД ұсынады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Тауарларды кедендік тазарту" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың Тізбесінде келтірілген.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар топтамасын қабылдаған көрсетілетін қызметті беруші адамның қолы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), күні, уақыты қамтылған ТД қоса берілетін құжаттар тізімдемесіндегі белгі көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша нысанда берілген құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы өтініш түскен кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттар мен мәліметтерді сұратуға жол берілмейді.

      Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Осы Қағидаларда айқындалған мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тиісті нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге, "электронды үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жолдайды.

      12. Тауарларды кедендік декларациялау кезінде АЖ істен шыққан кезде, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштің тіркеу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), көрсетілетін қызметті алушының атауы, қатеге әкеп соқтырған іс-қимылдар реттілігінің сипаттамасы бойынша ақпараттарды, АЖ істен шығуын растайтын скриншоттарды міндетті түрде ұсына отырып электрондық пошта арқылы қолдау қызметіне хабарлама жолдайды.

2-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз көрсетілетін қызметті берушінің АЖ арқылы ЭТД тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі

1-параграф. Электронды нысанда кедендік декларацияны қолдана отырып, тауарларды кедендік тазарту кезіндегі көрсетілетін қызметті берушінің іс-әрекеті

      13. ЭТД тіркеуге немесе тіркеуден бас тартуға байланысты кедендік операциялар ЕЭК Алқасының 2014 жылғы 2 шілдедегі № 98 шешімімен бекітілген, Тауарларға арналған декларацияларды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Тауарларға арналған декларацияларды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы нұсқаулық) сәйкес жүзеге асырылады, ал Тауарларға арналған декларацияларды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы нұсқаулықта реттелмеген бөлігінде осы тараудың ережелері қолданылады.

      14. ЭТД тіркеу немесе тіркеуден бас тартуды Кодекстің 148-бабы 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз АЖ арқылы көрсетілетін қызметті беруші (бұдан әрі – ЭТД автоматты түрде тіркеу) жүзеге асырады.

      ЭТД беру кезінде көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы Тауарларға арналған декларацияларды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі туралы нұсқаулықта көзделген мерзімде ЭТД тіркеуден бас тарту үшін негіздердің болуын немесе болмауын тексереді.

      Көрсетілген тексеруді жүргізгеннен соң көрсетілетін қызметті беруші ЭТД берілген сәттен бастап 2 (екі) сағаттан көп емес уақытта ЭТД тіркейді немесе тіркеуден бас тартады.

      15. ЭТД беру күні мен уақытын көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы тіркейді.

      Бұл ретте, Кодекстің 181-бабында белгіленген ЭТД беру мерзімдерін бақылауды АЖ арқылы көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

      Мерзімдерді бұза отырып ЭТД берілген кезде, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 538-бабында көзделген шаралар қолданылады.

      16. ЭТД беру Кодекстің 180-бабының 7-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушіге онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды табыс етумен сүйемелденбейді.

      17. Көрсетілетін қызметті алушы ЭТД тіркегенге дейін, көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы, формат-логикалық бақылауды жүргізу жолымен Кодекстің 182-бабының 5-тармағына сәйкес ЭТД тіркеуден бас тарту үшін негіздердің болмауын тексеруді жүзеге асырады.

      Формат-логикалық бақылау нәтижесінде ЭТД бойынша қателерді беру кезінде АЖ-да тиісті хабарлама бейнеленеді.

      ЭТД тіркеуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы Тауарларға арналған декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы нұсқаулыққа сәйкес ЭТД тіркеуден бас тартуды жүзеге асырады.

      ЭТД тіркеу не ЭТД тіркеуден бас тарту кезінде АЖ арқылы ЭТД тіркеу сәтінен бастап 5 (бес) минут ішінде не ЭТД тіркеуден бас тарту туралы тиісті хабарлама көрсетілетін қызметті алушыға жолданады.

      18. ЭТД тіркеуді көрсетілетін қызметті беруші тіркелген ЭТД мәртебесі туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға жібере отырып, АЖ арқылы жүзеге асырады.

2-параграф. Тауарлар шығарылғанға дейін тауарларға арналған декларация тіркелгеннен кейін кедендік операцияларды жасау кезіндегі көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимылы

      19. ЭТД тіркелгеннен кейін, онда мәлімделген мәліметтерді тексеру үшін көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету шараларын айқындау мақсаттары үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолданады.

      20. Құжаттардың, құжаттар туралы мәліметтердің және (немесе) оларда Кодекстің 179-бабында көрсетілген мәліметтердің болуын тексеруді Кодекстің 146-бабы 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы жүзеге асырылады.

      Тыйым салулар мен шектеулердің қолданылуына жататын тауарлар болған кезде, көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы "Е-лицензиялау" Мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ) және "Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе" (бұдан әрі – "Е-терезе" АЖ) қамтылған тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар туралы ақпаратпен көрсетілетін қызметті алушы ЭТД-да мәлімдеген мәліметтердің дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады.

      "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да және Е-терезе АЖ-да тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар және (немесе) мәліметтер болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші:

      мұндай мәліметтерді Кодекстің 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде көрсетілетін қызметті берушінің АЖ-да қамтылған деректермен салыстыру;

      мұндай мәліметтерді ЕАЭО мүше мемлекеттердің оларды беруге жауапты мемлекеттік органдарының (ұйымдарының) ресми ақпарат көздерінде көрсетілген осындай құжаттар туралы (мұндай құжаттардан алынған) мәліметтермен салыстыру;

      мұндай мәліметтерді тиісті, оның ішінде ЕАЭО техникалық регламентінің талаптарына тауарлардың сәйкестігін растайтын құжаттардың бірыңғай тізілімімен байланысты ақпараттар жарияланатын, ЕЭК сайтында орналастырылған ақпараттармен салыстыру жолымен рұқсат беру құжаттары туралы мәлімделген мәліметтердің сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

      Кодекстің 146-бабы 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің АЖ арқылы осындай құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) осындай құжаттардан мәліметтерді алуы мүмкін болмаған кезде, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес құжаттарды табыс етеді.

      21. Тәуекелдерді басқару жүйесі кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету шараларын айқындау кезінде, көрсетілетін қызметті беруші осындай шараларды қолданады.

      Тәуекелдерді басқару жүйесі кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету шараларын айқындау сәтінен бастап 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті беруші туралы деректерді көрсете отырып, АЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушыға тәуекелдерді басқару жүйесінде тәуекелдерді азайту жөніндегі шаралардың тағайындалғаны туралы хабарлама жолданады.

      22. Тәуекелдерді басқару жүйесінде айқындалған тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды қолдануды көрсетілетін қызметті беруші мынадай ережелерді ескере отырып жүзеге асырады:

      1) кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру нысаны түрінде кедендік бақылауды жүргізу кезінде көрсетілетін қызметті алушыға АЖ арқылы ЭТД-да мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсыну туралы сұрау салу жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын құжаттарды тексеруді Кодекстің 410-бабына және осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

      Тауарларды сыныптау дұрыстығын тексеруді "Тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдау қағидаларын және нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 210 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16482 болып тіркелген) бекітілген Тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдау қағидаларына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

      Құжаттар ұсынылған және тауарлар шығарылғанға дейін оларды тексеру аяқталған, не кедендік бақылау нәтижелері өзге нысандарда, оның ішінде тауарлардың кедендік сараптамасында тексерілетін мәліметтердің анықтығын және (немесе) толықтығын растаған кезде, осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес тауарларды шығару жүзеге асырылады.

      Мәліметтер қамтылмаған немесе кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшеріне әсер ететін, ЭТД-да мәлімделген мәліметтерді тиісті дәрежеде растамайтын құжаттар ұсынылған кезде, көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушыға Кодекстің 195-бабының талаптарын сақтай отырып, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну шартымен тауарларды шығаруды жүргізу мүмкіндігі туралы хабардар етеді.

      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы көрсетілетін қызмет алушыға "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінің есебі туралы" ЕЭК Алқасының 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 112 шешімімен (бұдан әрі – ФРРО) белгіленген нысан бойынша кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінің есебін жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді енгізген кезінде көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеуді жүргізеді және Кодекстің 195-бабына сәйкес кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталғанға дейін тауарларды шығаруды жүзеге асырады.

      ФРРО қойылған кезде көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушыға ФРРО есебімен келісуі немесе келіспеуі туралы хабарламаны жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы ФРРО есебімен келіскен кезде көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес тауарларды шығару жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ФРРО есебімен келіспеген кезде көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы Кодекстің 409-бабының 4 және 8-тармақтарына сәйкес тауарлар шығарылғаннан кейін, шығарылғанға дейін басталған кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді жалғастыру туралы хабарламаны жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынбаған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Кодекстің 410-бабы 2-тармағына сәйкес ЭТД тіркеген күннен кейінгі жұмыс күні аяқталғанға дейін 4 (төрт) сағаттан кеш емес мерзімде АЖ арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды шығарудан бас тарту туралы электрондық құжатты жіберу жолымен тауарларды шығарудан бас тартуды жүзеге асырады.

      ЕАЭО кеден заңнамасын бұзушылықтар анықталған кезде, Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 9) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарына сәйкес олар жойылған кезде тауарларды шығарудан бас тарту үшін негіз болмайды және көрсетілетін қызметті беруші осындай бұзушылықтарды жою үшін ЭТД мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) қажеттігін айқындаған, бұзушылықты анықтаған көрсетілетін қызметті берушінің талап етуі бойынша Кодекстің 193-бабы 3 және 6-тармақтарында белгіленген тауарларды шығару мерзімі шегінде осындай мәліметтер өзгертіледі (толықтырылады);

      2) кедендік сараптаманы жүргізуі кезінде уәкілетті лауазымды адам Кодекстің 54-тарауында, сондай-ақ осы Қағидалардың 35-тармағында айқындалған әрекеттерді жүзеге асырады.

      3) тауарлар туралы мәлімделген мәліметтердің зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімінде және ЕАЭО мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімінде қамтылған мәліметтерге, сондай-ақ уәкілетті лауазымды адамға зияткерлік меншік құқықтары бұзылған тауарларды анықтауға мүмкіндік беретін, жоғарыда көрсетілген зияткерлік меншік объектілерінің тізіліміне енгізілмеген тауарлар туралы қосымша мәліметтерге сәйкестігін тексеру жүргізу кезінде уәкілетті лауазымды адам Кодекстің 198 және 199-бабына сәйкес зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарын қорғау бойынша шараларды қабылдайды, сондай-ақ осы Қағидалардың 36-тармағында айқындалған әрекеттерді жасайды;

      4) тауарларды кедендік жете тексеруді (қарап тексеруді) жүргізу кезінде уәкілетті лауазымды адам Кодекстің 413-бабы 2-тармағына және "Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16464 болып тіркелген) сәйкес тауарларды кедендік бақылаудың көрсетілген нысанын жүргізу бойынша әрекеттерді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы тауарларды кедендік жете тексеруді (қарап тексеруді) жүргізу үшін кедендік жете тексеруді (қарап тексеруді) (ол болған кезде) жүзеге асыратын уәкілетті лауазымды адамдар мамандандырылған бөлімшеге 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін (жете тексеру тобына) хабарлама жолдайды.

      Тауарларға кедендік жете тексеруді (қарап тексеруді) жүргізу барысында әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған кезде, уәкілетті лауазымды адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызмет берушінің басшысын не оны алмастыратын адамды анықталған бұзушылықтар туралы жазбаша хабардар етеді және ӘҚБтК-ге сәйкес шаралар қабылдайды.

      Тауарларды кедендік жете тексеру (қарап тексеру) нәтижелері бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар бұзушылықтар анықталған кезде, уәкілетті лауазымды адам қаржылық мониторинг органының қылмыстық құқық бұзушылықтарды қарауға байланысты мәселелер құзыретіне кіретін тиісті бөлімшесіне осындай бұзушылықтар туралы ақпаратты береді.

      23. Тәуекелдерді басқару жүйесі айқындаған тәуекелдерді азайту бойынша шаралар қабылдаудың нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті беруші АЖ-да тәуекелдерді азайту бойынша шаралар қабылдаудың нәтижелері туралы мәліметтерді көрсете отырып бақылауды аяқтайды.

      Бақылау аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушыға нақты уақыт режимінде бақылаудың аяқталғаны туралы хабарламаны жолдайды.

      24. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың төленуін бақылауды осы Кодекстің 398-бабына сәйкес АЖ арқылы көрсетілетін қызметті беруші жүргізеді.

      25. Тәуекелдерді азайту жөніндегі шаралар болмаған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Кодекстің 192-бабына сәйкес тауарларды шығаруды жүзеге асырады.

      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушыға АЖ арқылы осы Қағидалардың 32-тармағына сәйкес тауарларды шығару туралы хабарлама жолданады.

3-параграф. Егер тауарлардың шығарылған жері, тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) олардан алынатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің алуы мүмкін болмаса, мұндай құжаттарды бақылау тәртібі

      26. Көрсетілетін қызметті алушы тауарлардың шығарылған жері туралы мәліметтерді ЭТД мәлімдеген кезде, мұндай мәліметтер ЭТД бергенге дейін немесе берілгеннен кейін тауарларды шығарғанға дейін олардың түпнұсқаларын табыс ету жолымен расталады.

      Көрсетілетін қызметті алушы тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы туралы мәліметтерді ЭТД мәлімдеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы ЭТД бергенге дейін немесе берілгеннен кейін тауарларды шығарғанға дейін көрсетілген құжаттарды электрондық түрде (көшірмелерін сканерлеп) тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарды ұсынады.

      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды тексеруді Кодекстің 193-бабы 3-тармағында белгіленген мерзімде жүзеге асырады, нәтижесінде көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес осындай құжаттардың және (немесе) құжаттар немесе тауарларды шығару туралы мәліметтердің болмауы туралы хабарлама жолдайды.

      27. Көрсетілетін қызметті алушы АЖ арқылы құжаттардың және (немесе) құжаттар туралы мәліметтердің болмауы туралы хабарламаны алғаннан кейін, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 26-тармағында айқындалған тәртіппен, Кодекстің 193-бабында көрсетілген мерзімнен кешіктірмей оларды көрсетілетін қызметті берушіге табыс етеді.

      28. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес құжаттарды табыс етпеген кезде, Кодекстің 201-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші тауарларды шығарудан бас тартады.

      29. Көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидалардың 26-тармағында айқындалған құжаттарды ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті беруші осындай құжаттарды ЭТД-да олар туралы мәлімделген мәліметтерге сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және олар расталған жағдайда, АЖ арқылы бақылауды аяқтау туралы хабарлама алғаннан кейін осы Қағидалардың 30-тармағында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

4-параграф. Электрондық нысанда тауарларды кедендік декларациялау кезінде тауарларды шығаруға байланысты көрсетілетін қызметті берушінің іс-әрекеттері

      30. Көрсетілетін қызметті беруші тауарларды шығаруды Кодекстің 193-бабында белгіленген мерзімде, көрсетілетін қызметті алушы осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағына сәйкес мәлімделген кедендік рәсіммен тауарларды орналастыру шарттарын сақтай отырып, сондай-ақ Кодекстің 201-бабында белгіленген тауарларды шығарудан бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жүргізеді.

      Тауарларды шығару "Тауарларды шығаруға байланысты кейбір мәселелер туралы" ЕЭК Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 188 шешімімен бекітілген (бұдан әрі – Тауарларды шығару туралы тәртіп) Тауарларды шығарумен, тауарларды шығарудың мерзімін тоқтата тұрумен, тауарларды шығарудан бас тартумен және тауарлардың шығаруды жоюмен байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

      31. ЭТД автоматты түрде тіркелген, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесінде айқындалған тәуекелдерді азайту жөніндегі ұсыныстар болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы Тауарларды шығару туралы тәртіпке сәйкес тауарларды автоматты түрде шығару жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушыға тауарларды шығаруды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ куәландырылған, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тауарларды автоматты түрде шығару туралы электрондық құжатты жолдайды.

      Мұндай ЭТД қатысты бақылау Кодекстің 550-бабында белгіленген талап қою мерзімінде жүзеге асырылады.

      32. Тауарларды шығарған кезде көрсетілетін қызметті беруші Тауарларды шығару туралы тәртіпке сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға АЖ арқылы тауарларды шығару туралы хабарламаны жолдайды.

      АЖ арқылы шығарылғаннан кейін ЭТД мәртебесін өзгерту нақты уақыт режимінде көрсетіледі.

      33. Тауарларды шығарудан бас тартуды көрсетілетін қызметті беруші Тауарларды шығару тәртібіне сәйкес ресімдейді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Кодекстің 201-бабына сәйкес тауарларды шығарудан бас тарту себептерін көрсете отырып, ЭЦҚ куәландырылған, тауарларды шығарудан бас тарту туралы электрондық құжатты жолдайды.

      34. ЭТД-да мәлімделген, жекелеген тауарларға қатысты тауарларды шығару үшін шарттар сақталмаған кезде, көрсетілетін қызметті беруші мұндай тауарларды шығарудан бас тартады.

      Бұл ретте, көрсетілген тауарлар туралы мәліметтер мәлімделген, ЭДТ негізгі және қосымша парағының "С" бағанында 2-нөмірмен көрсетілетін қызметті беруші: шығарудан бас тарту күні мен уақыты көрсетіле отырып "№ тауар (ЭТД 32-бағанында көрсетілген тауарлардың реттік нөмірі) – шығарудан бас тартылды" деген мәлімет енгізіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші "Кедендік құжаттарды толтыруда қолданылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен (бұдан әрі – Шешімдер жіктеуіші) бекітілген шешімдер жіктеуішіне сәйкес қабылданған шешімге код қоя отырып көрсетілген мәліметтерді АЖ-ға енгізеді.

      Қалған тауарларды шығару осы Қағидаларда белгіленген шарттар мен тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

      35. Осы Қағидалардың 22-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген іс-қимылдарды жасау кезінде тауарларды шығаруды уәкілетті лауазымды адам Кодекстің 196-бабының ережелерін ескере отырып, АЖ арқылы жүзеге асырады.

      36. Осы Қағидалардың 22-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген іс-әрекеттер аяқталғаннан кейін уәкілетті лауазымды адам АЖ арқылы Кодекстің 198 және 199-баптарының ережелерін ескере отырып, тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру жүзеге асырылады.

      Тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешімді аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының басшысы немесе оны алмастыратын адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылдайды, сонан соң уәкілетті лауазымды адам АЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушыға тауарларды шығаруды тоқтата тұрудың себептері мен мерзімдерін көрсете отырып, тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешім қабылданған сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде хабарлама жібереді.

      Тауарларды тоқтата тұру немесе шығару туралы шешім қабылдаған кезде мынадай әрекеттер орындалады:

      Тауарларды шығару мерзімін немесе шығаруды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған кезде уәкілетті лауазымды адам ЭТД-ның "С" бағанында 3 (үш) нөмірімен мұндай тоқтата тұру туралы мәліметті көрсетіледі. Қалған тауарларды шығару осы Қағидаларда белгіленген шарттар мен тәртіпті сақтай отырып жүзеге асырылады.

      Көрсетілген мәлімет ЭТД-ға Шешімнің классификаторына сәйкес қабылданған шешімнің кодын қоя отырып енгізіледі.

      37. Көрсетілетін қызметті алушының дәлелді өтініші бойынша қызмет аймағында ЭТД берілген, ЭТД тіркелген көрсетілетін қызметті беруші Кодекстің 184-бабында көрсетілген жағдайларда тауарлар шығарылғанға дейін де, кейін де бас тарта алады.

      ЭТД кері қайтарып алу туралы шешімді аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының басшысы немесе оны алмастыратын адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылдайды, сонан соң уәкілетті лауазымды адам АЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушыға шешім қабылданған сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде ЭТД кері қайтарып алу туралы хабарламаны жолдайды.

      38. Тауарларды шығару туралы тәртіпке сәйкес уәкілетті лауазымды адамның АЖ арқылы тауарлардың шығарылуын жоюына жол беріледі.

      Уәкілетті лауазымды адам тауарлар шығарылымының күшін жойған кезде АЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тауарлар шығарылымының күшін жою туралы электрондық құжат не Тауарлар шығару туралы тәртіпте белгіленген мерзімдерде тауарлар шығарылымының күшін жоюдан бас тарту туралы шешім жіберіледі.

      39. Тауарларды шығару, шығаруды тоқтата тұру, шығарудан бас тарту немесе шығаруды жою туралы шешім қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы АЖ арқылы нақты уақыт режимінде жоғарыда көрсетілген мәртебелердің бірімен ЭДТ көшірмесін алады.

      40. "Тауарларға арналған декларацияның нысаны және оларды толтыру тәртібі" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамыр № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібінде және тауарларға арналған декларация нысанында белгіленген тәртіппен ЭТД-ның "С" бағанына мәліметтерді енгізу жолымен АЖ арқылы көрсетілетін қызметті беруші тауарларды шығару, шығаруды тоқтата тұру, шығарудан бас тарту, шығаруды жою немесе шартты түрде шығару туралы шешімді қабылдайды.

      41. Көрсетілетін қызметті беруші Кодекстің 202-бабына сәйкес тауарларды шартты түрде шығару туралы шешім қабылдаған кезде, мұндай шешім туралы ақпарат АЖ арқылы ЭТД-ның тіркеу нөмірі туралы ақпаратпен тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды аяқтау үшін тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүргізуге жауапты бөлімшеге жолданады.

3-тарау. Кедендік декларацияны тіркеуге не көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелерінің ақаулығы кезінде мұндай тіркеуден бас тартуға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі

1-параграф. Жазбаша нысанда тауарларды кедендік декларациялауды қолдана отырып, тауарларды кедендік тазарту кезіндегі уәкілетті лауазымды адамның іс-әрекеті

      42. Кодекстің 175-бабының 5-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушіде көрсетілетін қызметті беруші пайдаланатын АЖ техникалық іркілістерден, байланыс құралдары (телекоммуникациялық желілер және Интернет желілері) жұмысының бұзылуынан, сондай-ақ электр энергиясының сөндірілуінен істен шығуына байланысты көрсетілетін қызметті алушының кедендік декларациялауды электрондық нысанда іске асыруын қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде, көрсетілетін қызметті берушіге берілеттін тауарлар мәлімделген ТД пайдаланылады.

      43. Кодекстің 180-бабының 5 және 7-тармақтарына сәйкес ТД-ны ұсыну көрсетілетін қызметті берушіге ТД-да мәлімделген мәліметтерді растайтын қағаз тасымалдағышта, сондай-ақ оның электронды нысанда ұсынумен қатар жүреді.

      Мұндай құжаттарға мыналар:

      тауарлармен мәміле жасасуды растайтын құжаттар, ал мұндай мәмілелер болмаған жағдайда - тауарларға иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын растайтын өзге де құжаттар, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының билік етуінде бар, өзге коммерциялық құжаттар;

      көліктік (тасымалдау) құжаттар;

      тыйым салулар мен шектеулердің, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын растайтын құжаттар;

      тауардың шығарылған жері туралы құжаттар;

      кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының төленгенін растайтын және (немесе) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін құжаттар;

      кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу кезінде жеңілдіктер беру мақсаттары мен шарттарының сақталуын растайтын құжаттар жатады.

      44. Кодекстің 182-бабының 9-тармағына сәйкес, сондай-ақ осы Қағидалардың 42-тармағында белгіленген жағдайда туындаған кезде, ТД-ны тіркеуге немесе тіркеуден бас тартуға байланысты кедендік операцияларды жүргізу тәртібі Тауарларға арналған декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

      45. Уәкілетті лауазымды адам Кодекстің 181-бабында белгіленген ТД беру мерзімдерін тексереді.

      ТД беру мерзімі бұзылған кезде уәкілетті лауазымды адам ӘҚБтК көзделген шараларды қабылдайды.

      46. ТД және осы Қағидалардың 43-тармағында көзделген құжаттарды беру осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз түрінде жүргізілетін ТД тіркеу журналында уәкілетті лауазымды адамның тегі, аты мен әкесінің атын (ол болған кезде) көрсете отырып, оның қолын және жеке нөмірлі мөр бедерін қойып, ол берілген күні мен уақытын көрсете отырып тізімдемені 2 (екі) данада беру жолымен расталады.

      47. Уәкілетті лауазымды адам тауарларға арналған декларацияларды тіркегеннен немесе тіркеуден бас тартқаннан кейін TД тіркеу журналында тиісті жазбаны жүзеге асырады.

2-параграф. Жазбаша нысанда кедендік декларацияны қолдана отырып, кедендік бақылауды жүргізу және тауарларды шығарумен байланысты уәкілетті лауазымды адамның іс-әрекеті

      48. Көрсетілетін қызметті берушінің Осы Қағидалардың 42-тармағына сәйкес электрондық нысанда кедендік декларациялауды іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндігі болмаған кезде ТД тіркелгеннен кейін уәкілетті лауазымды адам кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруге, тауарларға кедендік жете тексеру (қарап тексеру), оның ішінде тауарларға кедендік сараптама жүргізуге байланысты кедендік бақылау нысандарын қолдана отырып, кедендік бақылауды жүзеге асырады.

      Бұл ретте, уәкілетті лауазымды адам көрсетілетін қызметті алушыға кедендік бақылауды жүргізу нысандары мен шаралары туралы жазбаша хабарламаны еркін нысанда, қолын қойдырып табыс етеді.

      49. Кедендік бақылауды уәкілетті лауазымды адам Кодекстің 180-бабының 7-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар негізінде жүзеге асырады.

      Кедендік бақылаудың нәтижелері бойынша уәкілетті лауазымды адам Тауарларды шығару тәртібіне сәйкес тауарларды шығару, тоқтата тұру, шығарудан бас тарту немесе шығаруды жою туралы шешім қабылдайды.

      50. Уәкілетті лауазымды адам тауарларды шығаруды ТД-ға, ілеспе құжаттарға тиісті белгілерді қою (қою), сондай-ақ осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ТД тіркеу журналына жазба енгізу арқылы жүзеге асырады.

      51. АЖ-ның жұмыс істеу мүмкіндігі жаңартылғаннан кейін уәкілетті лауазымды адам көрсетілетін қызметті берушінің АЖ арқылы ЭТД-ны жүктеуді жүзеге асырады.

      52. АЖ-ның жұмыс істеу мүмкіндігі жаңартылғаннан кейін уәкілетті лауазымды адамның ЭТД-ға жүктелген ТД бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, кедендік бақылауды жүргізуге байланысты әрекеттерді қайта жүзеге асырылмайды.

3-параграф. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу немесе оны тіркеуден бас тарту журналын жүргізу нысаны мен тәртібі

      53. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу немесе оны тіркеуден бас тарту "Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш туралы" ЕЭК Алқасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 171 шешімімен бекітілген тәртіпте (бұдан әрі – Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті толтыру тәртібі) Кодекстің 194-бабының 10-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      54. Уәкілетті лауазымды адам осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу немесе оны тіркеуден бас тарту журналын (бұдан әрі – Тіркеу журналы) толтырады.

      55. Тіркеу журналы қағаз тасымалдағышта жүргізіледі, нөмірленеді, тігіледі және уәкілетті лауазымды адамның қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады. Тіркеу журналына жазбалар толық, анық, ұқыпты енгізіледі, түзетулер мен өшіруге жол берілмейді. Қате жазбалар келісіліп, уәкілетті лауазымды адамның қолымен куәландырылады.

      Тіркеу журналындағы реттік нөмірді нөмірлеу күнтізбелік әр жылда бір санынан басталады.

4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің кедендік декларациялау ерекшеліктерін негізге ала отырып мәлімделген тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүргізу ерекшеліктері

1-параграф. Кедендік декларациялау және мерзімдік кедендік декларациялау кезінде тауарларды шығару ерекшеліктері

      56. Кодекстің 187-бабында белгіленген шарттардың жиынтығы сақтала отырып, мерзімдік кедендік декларациялау қолданылады.

      57. Мерзімдік кедендік декларациялау кезінде көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы осы тарауда көзделген кедендік операцияларды жасайды, сондай-ақ мәлімделген жеткізудің барлық кезеңі ішінде тауарлардың әрбір жеткізу партиясының өткізілуін іс жүзінде есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады.

      Кодекстің 187-бабының 2-тармағына сәйкес жеткізу кезеңі деп көрсетілетін қызметті алушы мәлімдейтін кезең түсініледі, ол күнтізбелік 31 (отыз бір) күннен аспайды және ол кезеңде:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелінетін тауарларды көрсету;

      2) ЕАЭО-ның кедендік аумағынан әкетілетін тауарларды тиеп-жөнелту (тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыға не тауарларды ЕАЭО-ның кедендік аумағынан әкету мақсатында тауарларды халықаралық тасымалдауды басқа көлік құралына тией отырып (ауыстырып тией отырып) жүзеге асырған кезде бірінші тасымалдаушыға тауарларды тапсыру) жоспарланады.

      58. Көрсетілетін қызметті беруші мәлімделген жеткізу кезеңі басталғанға дейін ұсынылған ЭТД-ға кедендік бақылауды мәлімделген жеткізудің барлық кезеңі ішінде тауарлардың әрбір жеткізу партиясы өткізілген кезде жүзеге асырады.

      Бұл ретте Кодекстің 187-бабының 11-тармағына сәйкес ЭТД бойынша декларацияланатын тауарларды іс жүзінде есепке алуды және бақылауды көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АЖ арқылы тауарларға арналған мерзімдік декларацияны пайдалана отырып декларацияланатын тауарларды есепке алудың электрондық журналында жүргізеді.

      59. Мәлімделген жеткізу кезеңі басталғанға дейін берілген ЭТД бойынша тауарларды шығаруды уәкілетті лауазымды адам Кодекстің 187-бабында айқындалған талаптар мен мерзімдерді сақтай отырып, АЖ арқылы жүзеге асырады.

2-параграф. Кедендік бақылау аймағында орналастырылуы (болуы) мүмкін, сондай-ақ тауарларға арналған декларацияны тіркеген көрсетілетін қызметті берушіден өзге көрсетілетін қызметті берушінің қызмет аймағында тауарларға арналған декларация бойынша тауарларды шығаруға және тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасауға жататын тауарларды алдын ала декларациялауды қолдана отырып, тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері мен жағдайлары

      60. Алдын ала кедендік декларациялау (бұдан әрі – АКД) ерекшеліктерін қолдана отырып, тауарларды кедендік тазартуды көрсетілетін қызметті беруші Кодекстің 185-бабында көзделген талаптар мен шарттарды сақтай, сондай-ақ осы Қағидалардың 4-тарауының 2-параграфында көзделген кедендік операцияларды жасай отырып АЖ арқылы жүзеге асырады.

      61. Кодекстің 185-бабының 5-тармағына сәйкес АКД жүзеге асырылған тауарлар:

      1) Кодекстің 192-бабының 4-тармағына сәйкес тауарларды келу орындарына шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері қолданылған жағдайда;

      2) меншік иесінің және (немесе) иелігінде тауарлар осындай оқиға болған кезде болған тұлғаның қасақана іс-әрекеттерінен туындамаған көлік құралдарымен болған, сондай-ақ нәтижесінде тауарлар АКД кезінде ЭТД-ны тіркеген көрсетілетін қызмет берушінің қызмет аймағында орналасқан кедендік бақылау аймағына жеткізілуі мүмкін емес еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан болған, салдары тұрғысынан зиянды техникалық, технологиялық немесе өзге сипаттағы оқиғаға әкеп соқтыратын авария кезінде АКД кезінде ЭТД-ны тіркеген көрсетілетін қызметті берушіден өзге көрсетілетін қызметті берушінің қызмет аймағындағы кедендік бақылау аймағында орналастырылады (болады).

      62. Кодекстің 192-бабының 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ осы Қағидалардың 61-тармағында көзделген жағдайларда тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері тиісті кіші жүйелерді пайдалануға енгізу сәтінен бастап АКД кезінде ЭТД-ны тіркеген көрсетілетін қызметті берушіден өзге көрсетілетін қызметті берушінің қызмет аймағында жүзеге асырылады.

      63. Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың екінші бөлігінде айқындалған әрекеттерді жасамас бұрын тауарларды кедендік бақылау аймағында орналастыру және тауарлардың келген жерінде орналасқаны туралы АКД кезінде ЭТД тіркеген қызмет берушіге хабарлайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы АКД кезінде ЭТД тіркеген және тауарларды шығаруды жүзеге асыру жоспарланып отырған көрсетілетін қызметті берушіге АКД кезінде ЭТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) жолымен мәлімделмеген не нақтыланған мәліметтерді ұсынады не осындай өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажеттілігінің жоқтығы туралы хабардар етеді.

      64. Басқа мемлекеттік кірістер органының қызмет аймағында орналасқан тауарларға қатысты АКД кезінде ЭТД берілетін уәкілетті лауазымды адам оны тіркеу үшін АКД кезінде ЭТД-да мәлімделген мәліметтерді тексеруді жүзеге асырады.

      65. АКД кезінде ЭТД-ны тіркеуді немесе тіркеуден бас тартуды осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес АКД кезінде ЭТД берілетін уәкілетті лауазымды адам жүзеге асырады.

      66. Кедендік бақылау жүргізу мақсатында, тәуекелдерді басқару жүйесі кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету шараларын айқындау кезінде АКД кезінде ЭТД берілген уәкілетті лауазымды адам қызмет аймағында тауарлар бар аумақтық мемлекеттік кірістер органына 1 (бір) жұмыс күні ішінде тәуекелдерді азайту жөніндегі шараларды қабылдау туралы хабарлама жібереді.

      67. Кедендік бақылау жүргізу аяқталғаннан кейін қызмет аймағында тауар бар аумақтық мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамы АЖ арқылы кедендік бақылау жүргізу туралы куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып (фото – бейнематериалдар қоса бере отырып, кедендік жете тексеру (қарап тексеру) актісі, сондай-ақ тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу актісі және басқа да құжаттар) есепті жіберу жолымен АКД кезінде ЭТД берілген көрсетлетін қызметті берушіні кедендік бақылау нысандарын жүргізу нәтижелері туралы хабардар етеді.

      68. Кедендік бақылау нәтижесінде құқық бұзушылық белгілері анықталған кезде, қызмет аймағында тауар бар аумақтық орган бұл туралы АКД кезінде ЭТД берілген қызмет берушіге шешім қабылданған сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде хабарлайды.

      АКД кезінде ЭТД берілген көрсетлетін қызметті беруші хабарламаны алғаннан кейін ӘҚБтК-да көзделген шараларды қабылдайды.

      69. АКД кезінде ЭТД-ға қатысты, АКД кезінде ЭДТ-ны тіркеген (тауарларды шығаруды жүзеге асырған) көрсетлетін қызметті беруші осы Қағидалардың 4-тарауының 2-параграфында көзделген іс-қимылдарды жасайды.

      70. АКД кезінде ЭТД тіркеген аумақтық мемлекеттік кірістер органынан басқа аумақтық мемлекеттік кірістер органының қызмет аймағындағы ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне тауарларды орналастыру сәтінен бастап мұндай тауарлар шығарылған болып есептеледі және АКД кезінде осы ЭТД қатысты кедендік бақылау аяқталады.

3-параграф. Тауарларға арналған уақытша декларацияны уақытша кедендік декларациялауды пайдалана отырып декларацияланатын тауарларды кедендік тазарту кезінде көрсетілетін қызметті берушінің іс-әрекеті

      71. Тауарларға арналған уақытша декларацияны (бұдан әрі – УКД) уақытша кедендік декларациялауды пайдалана отырып декларацияланатын тауарларды кедендік тазарту кезінде көрсетілетін қызметті беруші мынадай іс-әрекеттерді орындайды:

      1) осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген кедендік операцияларды жасайды, сондай-ақ Кодекстің 189-бабында көзделген тауарларды уақытша кедендік декларациялаудың талаптары мен шарттарының сақталуын тексереді;

      2) УКД бойынша тауарларды жеткізуді жүзеге асырудың барлық кезеңі ішінде тауарлардың іс жүзінде өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады.

      Уәкілетті лауазымды адам УКД-ны пайдалана отырып декларацияланатын тауарларды есепке алуды осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АЖ арқылы УКД-ны пайдалана отырып декларацияланатын тауарларды есепке алу журналында жүргізеді.

      72. Уәкілетті лауазымды адам тауарларды жеткізуді жүзеге асырудың барлық кезеңі ішінде тауарлардың іс жүзінде өткізілуіне кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде тауарлардың әрбір жөнелтілу партиясына (жеткізілу) коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарының болуын тексереді.

      73. Уәкілетті лауазымды адам коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарда көрсетілген мәліметтерді УКД-да, кедендік жете тексеру (қарап тексеру) актісінде немесе кедендік сараптама қорытысында көрсетілген, жүргізілген тауарларды кедендік жете тексеру (қарап тексеру) немесе кедендік сараптама нәтижелерінде көрсетілген мәліметтермен сәйкестігін тексереді.

      Құжаттарда көрсетілген мәліметтердің жүргізілген кедендік жете тексеру (қарап тексеру) немесе кедендік сараптама қорытысында нәтижелерімен сәйкес келген кезде уәкілетті лауазымды адам АЖ арқылы осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес ЭТД-ға тауарларды шығару күнін, УКД нөмірін көрсете отырып, "Уақытша декларациялау", "Шығаруға рұқсат етілді" мәліметтерін енгізеді.

      74. Кедендік тазарту бір көрсетлетін қызметті берушіде жүргізілетін, ал есепке алу аспаптары басқа көрсетлетін қызметті берушінің қызмет аймағында орналасқан құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу кезінде:

      УКД бойынша тауарларды шығарған уәкілетті лауазымды адам осындай тауарлар шығарылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қызмет аймағында есепке алу аспаптарын орнату орындары бар көрсетлетін қызметті берушіге УКД көшірмесін жолдайды;

      қызмет аймағында есепке алу аспаптарын орнату орындары бар көрсетлетін қызметті беруші құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлардың нақты санын бақылауды, сондай-ақ есепке алу аспаптарынан көрсеткіштерді ай сайын алуды қамтамасыз етеді, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу аспаптарынан көрсеткіштерді алу туралы актілер жасайды және есепті айдан кейінгі айдың 5-і (бесі) күніне дейін УКД шығаруды жүргізген көрсетлетін қызметті берушіге мұндай тауарлардың іс жүзінде өткізілген көлемі туралы растаманы жібереді;

      тауарлардың іс жүзінде өткізілген көлемін растау есепке алу аспаптарынан көрсеткіштерді алу туралы актілер, сыртқы сауда шарты бойынша тауарларды іс жүзінде жеткізу туралы актілер, тапсыру-қабылдау актілері, тауарлардың сапа сертификаттары, Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері біріккен алқасының 2015 жылғы 4 маусымдағы № 15/6 шешімімен бекітілген Электр беру желілері арқылы және құбыржол көлігімен, оның ішінде құбыржол көлігін пайдаланумен аралас тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде өткізілетін тауарлар туралы ақпарат алмасудың технологиясы шеңберінде алынған ақпарат және жеткізудің күнтізбелік бір айы ішінде құбыржол көлігімен өткізілетін өндірілген, жеткізілген және тұтынылған тауарлар көлемінің атаулы бөлінуін растайтын басқа да ұқсас құжаттардың негізінде, УКД бөлігінде жазбаша түрде жүзеге асырылады.

      75. Кодекстің 189-бабының 9-тармағына сәйкес егер тауарлар ЕАЭО кедендік аумағынан тармақта көрсетілген мерзімі бергіленген өткеннен кейін әкетілмесе, УКД Кодекстің 184-бабында айқындалған тәртіппен кері қайтарылуға жатады.

4-параграф. Құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде тауарларды кедендік тазарту жасау тәртібі және кедендік бақылау жүргізу ерекшеліктері

      76. Осы параграфте белгіленген ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілетін құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде тауарларды кедендік тазарту жасау тәртібі және кедендік бақылау жүргізу ерекшеліктері (бұдан әрі – құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде тауарды кедендік декларациялау) Кодекстің 190-бабының 4 және 9-тармақтарына сәйкес әзірленді, сондай-ақ көрсетілген баптың ережелері сақтала отырып жүргізіледі және көрсетілетін қызметті беруші әрекетінің дәйектілігін және жоспарланған тауардың құрауыш бөліктерін жеткізу туралы хабарламаның нысанын айқындайды.

      ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілетін құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар деп Кодекстің 41-бабының 3-тармағына сәйкес ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) бойынша 84, 85 немесе 90 тауар топтарында сыныпталатын тауарлар (тауарлар комбинациясын қоса алғанда), жабдықтар, тетіктер, қондырғылар, аппараттар немесе өзге де құрылғылар түсініледі.

      Тауардың құрауышы деп осы Кодекстің 41-бабының 3-тармағына сәйкес қабылданатын құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде тауарларды сыныптау туралы шешімде (бұдан әрі – тауарларды сыныптау туралы шешім) осындай бөлік ретінде көрсетілген тауардың жиынтықталған немесе жасалып біткен түрдегі құрауыш бөлігі түсініледі.

      Тауарларды сыныптау туралы шешімді алғаннан кейін тауардың бірінші құрауышына қатысты тауарларға арналған декларация берілгенге дейін уәкілетті лауазымды адам уәкілетті лауазымды адамға осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоспарланған тауар құрауыштарын жеткізу туралы хабарлама береді.

      Жоспарланған тауар құрауыштарын жеткізу туралы хабарламаны тіркеуді уәкілетті лауазымды адам АЖ арқылы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес жоспарланған тауар құрауыштарын жеткізу туралы хабарламаларды тіркеу журналында жүзеге асырады.

      77. Құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде тауарды кедендік декларациялау кезінде көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы осы Қағидалардың 4-параграфында көзделген кедендік операцияларды жасайды.

      78. Құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде тауарды кедендік декларациялау кезінде көрсетілетін қызметті беруші тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес кедендік бақылауды жүргізеді, ал осы Қағидалардың 4-параграфына сәйкес тауар құрамдауыштарын шығаруды уәкілетті лауазымды адам жүзеге асырады.

      79. Құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде тауар құрауыштарын кедендік декларациялау кезінде кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін жиынтықталған немесе аяқталған тауарға қатысты белгіленген және құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде тауар құрауыштарына кедендік декларацияны көрсетілетін қызметті беруші тіркеген күні қолданыста болған мөлшерлемелер қолданылады.

      Кедендік декларациялау үшін алым құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде тауардың әрбір құрауышына тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін немесе бір мезгілде, сондай-ақ құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде тауарға соңғы декларацияны берген кезде төленеді.

      80. Уәкілетті лауазымды адам АЖ арқылы осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде тауар құрауыштарын есепке алу журналында құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде тауар құрауыштарын жеткізудің барлық мәлімделген кезеңі ішінде тауардың әрбір құрауыштарының өткізілуін нақты есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады.

      ЕАЭО кедендік аумағына әкелінген құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде тауардың соңғы құрауышына қатысты тауарларға арналған декларация бойынша тауар шығарылғанға дейін құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде тауар құрауыштарын монтаждауға (құрастыруға) жол беріледі.

      81. Кодекстің 190-бабының 7-тармағына сәйкес жиынтықталған немесе аяқталған түрде тауардың соңғы құрауышына қатысты ЭТД-да көрсетілген мерзімді ұзарту жағдайларын қоспағанда, осындай тауардың бірінші құрауышына қатысты ЭТД тіркелген күннен бастап екі жылдан аспайтын мерзімде беріледі.

5-параграф. Қызмет аймағында тауарлар бар көрсетлетін қызметті берушіден көрсетлетін қызметті берушіде тауарларды кедендік декларациялауға және шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі

      82. Уәкілетті экономикалық операторлардың өзге мемлекеттік кірістер органының қызмет аймағындағы тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асыруы (бұдан әрі – қашықтан шығару) тиісті кіші жүйелерді пайдалануға енгізген сәттен бастап көрсетілетін қызметті берушінің АЖ арқылы жүргізіледі.

      83. Қашықтан шығару осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кодекстің 190 және 194-баптарына сәйкес декларациялатын тауарларға қатысты қолданылмайды.

      84. Басқа мемлекеттік кірістер органының қызметі аймағында орналасқан тауарларға қатысты ЭТД ұсынылған уәкілетті лауазымды адамы ЭТД-да мәлімделген мәліметтерді оны тіркеу мақсатында тексеруді жүзеге асырады.

      85. ЭТД-ны тіркеуді немесе тіркеуден бас тартуды осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес ЭТД берілген уәкілетті лауазымды адам жүзеге асырады.

      86. Кедендік бақылау жүргізу мақсатында, тәуекелдерді басқару жүйесі кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды айқындау кезінде ЭТД берілген уәкілетті лауазымды адам қызмет аймағында тауарлар орналасқан мемлекеттік кірістер органына тәуекелдерді басқару жүйесімен айқындалған тәуекелді барынша азайту жөніндегі шараларды қабылдау туралы хабарлама жібереді.

      87. Кедендік бақылау жүргізу аяқталғаннан кейін қызмет аймағында тауар орналасқан мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамы АЖ арқылы ЭТД берілген көрсетілетін қызметті берушінің кедендік бақылау жүргізу туралы куәландыратын тиісті түрде ресімделген құжаттарды (фото – бейнематериалдарды қоса бере отырып кедендік жете тексеру (қарап тексеру) актісі, сондай-ақ тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу актісі және басқа да құжаттар) қоса бере отырып, есепті жолдау арқылы кедендік бақылау нысандарын жүргізу нәтижелері туралы хабардар етеді.

      88. Кедендік бақылау нәтижесінде құқық бұзушылық белгілері анықталған кезде, қызмет аймағында тауар орналасқан көрсетлетін қызметті беруші 30 (отыз) минут ішінде ЭТД ұсынылған көрсетлетін қызметті берушіге бұл туралы хабар етеді.

      ЭТД ұсынылған қызметті беруші хабарламаны алғаннан кейін ӘҚБтК-да көзделген шараларды қолданады.

      89. Қашықтан шығаруды пайдалану кезінде тауарларды шығару мерзімі Кодекстің 193-бабында белгіленген шекті мерзімнен аспауы тиіс.

5-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      90. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      91. Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны әкімшілік істі және шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      92. Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Тауарларды шығарудан бас тарту туралы электрондық құжат

р/с №

Кедендік құжаттың тіркеу нөмірі

Шешімдер жіктеуішіне сәйкес мемлекеттік кірістер органы қабылдаған шешім коды*

Тауарларды шығарудан бас тарту кк.аа.жж. форматындағы күні (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы екі цифры) және уақыты

Тауарларды шығарудан бас тарту үшін негіз болған себептер және оларды жою жөніндегі ұсынымдар

Тауарларды шығарудан бас тартуды жүзеге асырған көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет, жеке нөмірлік мөрі, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

1

2

3

4

5

6

      Ескертпе:

      Шешімдер жіктеуіші – "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген кеден органы қабылдайтын шешімдер жіктеуіші.

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз тауарларды шығару туралы электрондық құжат

р/с №

Кедендік құжаттың тіркеу нөмірі

Шешімдер жіктеуішіне сәйкес мемлекеттік кірістер органы қабылдаған шешім коды *

Тауарларды шығарудың кк.аа.жж. форматындағы күні (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы екі цифры) және уақыты

Сәйкестендіру құралдары қолданылған кедендік транзит мерзімі (ол болған кезде) және, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды жеткізу орны (транзиттік декларация үшін)

1

2

3

4

5

      Ескертпе:

      Шешімдер жіктеуіші – "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген кеден органы қабылдайтын шешімдер жіктеуіші.

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды адамдарының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Тауарларды шығаруды жою туралы электрондық құжат

р/с №

Кедендік құжаттың тіркеу нөмірі

Шешімдер жіктеуішіне сәйкес мемлекеттік кірістер органы қабылдаған шешім коды *

Тауарларды шығарудан бас тарту форматындағы күні (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы екі цифры) және уақыты

Тауарларды шығаруды жоюды жүзеге асырған лауазымды адам туралы мәлімет, жеке нөмірлік мөрі, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

1

2

3

4

5

      Ескертпе:

      Шешімдер жіктеуіші – "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген кеден органы қабылдайтын шешімдер жіктеуіші.

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

"Тауарларды кедендік тазарту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалары, астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдары және Бас деспечерлік басқармасы

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) "электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал);
2) көрсетілетін қызметті беруші.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Тауарларды шығару мерзімдері "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 193-бабының нормаларында белгіленген.
1. Тауарларды шығару электронды түрдегі тауарларға арналған декларация (бұдан әрі – ЭТД) тіркелген кезден бастап не Кодекстің 193-бабының 2-тармағында көрсетілген мән-жайлардың бірі басталған сәттен бастап 4 (төрт) сағаттың ішінде, ал, егер кедендік декларация көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс уақыты аяқталғанға дейін 4 (төрт) сағаттан аз уақыт қалғанда тіркелген не Кодекстің 193-бабының 2-тармағында көрсетілген мән-жайлардың біреуі көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс уақыты аяқталғанға дейін 4 (төрт) сағаттан аз уақыт қалғанда басталған жағдайларда, Кодекстің 193-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс уақыты басталған кезден бастап 4 (төрт) сағаттың ішінде аяқтауға тиіс.
2. Тауарларды алдын ала кедендік декларациялау кезінде Кодекстің 193-бабында көзделген тауарларды шығару мерзімдері мынадай мән-жайлардың бірі:
1) кедендік декларацияны тіркеген көрсетілетін қызметті алушы кедендік декларацияда көрсетілген тауарларды кедендік бақылау аймағында орналастыру туралы хабарламаны алған кезде, ал су кемелері тасымалдайтын тауарларға қатысты,
– көрсетілетін қызметті беруші Кодекстің 185-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік декларацияда көрсетілген келу орнында оларды түсіруге рұқсат берген болса,
– кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру);
2) кедендік декларацияны тіркеген көрсетілетін қызметті беруші кедендік декларацияда көрсетілген тауарларды кедендік бақылау аймағында орналастыру туралы хабарламаны алуы, ал су кемелерімен тасымалданатын тауарларға қатысты
– көрсетілетін қызметті беруші берілген кедендік декларацияға өзгерістерді (толықтыруларды) енгізу қажеттігінің жоқ екендігі туралы хабардар етілген не өзгерістер (толықтырулар) кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге көрсетілетін қызметті беруші кедендік декларацияда көрсетілген тауарларды кедендік бақылау аймағына орналастыру туралы хабарламаны алғанға немесе су кемелерімен тасымалданатын тауарларға қатысты осы Кодекстің 185-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік декларацияда көрсетілген келу орнында түсіруге рұқсатты алғанға дейін енгізілген жағдайда Кодекстің 185-бабының 4-тармағына сәйкес оларды кедендік декларацияда көрсетілген келу орнында түсіруге арналған рұқсатты көрсетілетін қызметті берушінің беруі басталған сәттен бастап есептеледі.
3. Егер Кодекстің 193-бабының 1-тармағында көрсетілген уақыттың ішінде мынадай мән-жайлардың бірі:
1) көрсетілетін қызметті беруші Кодекстің 410-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарға сұрау салған және (немесе) кедендік бақылауды өзге нысандарда жүргізу туралы не кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолдану туралы шешім қабылданған;
2) көрсетілетін қызметті алушы Кодекстің 183-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы дәлелді өтінішпен көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген;
3) көрсетілетін қызметті алушы Кодекстің 183-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы көрсетілетін қызметті берушінің талабын орындамаған жағдайда, тауарларды шығару кедендік декларация тіркелген күннен не Кодекстің 193-бабының 2-тармағында көрсетілген мән-жайлардың бірі басталған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей аяқталуға тиіс.
4. Кодекстің 193-бабының 3-тармағында көрсетілген тауарларды шығару мерзімі:
1) Кодексте көзделген кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолдана отырып, кедендік бақылауды жүргізу немесе басталған кедендік бақылауды аяқтау;
2) көрсетілетін қызметті берушінің Кодекстің 183-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы талабын орындау;
3) Кодекстің 195 және 196-баптарына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну үшін қажет уақытқа ұзартылуы мүмкін.
5. Тауарларды шығару мерзімі көрсетілетін қызметті беруші басшысының, ол уәкілеттік берген көрсетілетін қызметті беруші басшысы орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың рұқсатымен ұзартылады.
6. Тауарларды шығару мерзімін ұзарту кезінде, егер Кодексте өзге белгіленбесе, тауарларды шығаруды көрсетілетін қызметті беруші кедендік декларация тіркелген күннен кейінгі күннен бастап не Кодекстің 193-бабының 2-тармағында көрсетілген мән-жайлардың бірі басталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей аяқтауға тиіс. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды шығару мерзімін ұзарту кезінде тауарларды шығаруды көрсетілетін қызметті беруші транзиттік декларация тіркелген күннен кейінгі күннен бастап, не Кодекстің 193-бабының 2-тармағында көрсетілген мән-жайлардың бірі басталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күннен кешіктірмей аяқтауға тиіс.
7. Кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру Кодекстің 193-бабының 6-тармағында белгіленген мерзімде аяқталмаған кезде және Кодекстің 195-бабы 5-тармағына сәйкес тауарларды шығару жүзеге асырылмаған кезде, тауарларды шығару мерзімі Кодекстің 193-бабының 6-тармағында белгіленген мерзім өткен күннен кейінгі күннен бастап көрсетілетін қызметті беруші басшысының, ол уәкілеттік берген көрсетілетін қызметті беруші басшысы орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың рұқсатымен осындай тексеру жүргізу мерзіміне ұзартылады.
8. Кедендік сараптама тағайындалған және оны аяқтау үшін Кодекстің 193-бабының 6-тармағында белгіленген мерзімге қарағанда анағұрлым ұзақ мерзім қажет болған және Кодекстің 196-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылмаған не Кодекстің 196-бабына сәйкес тауарларды шығару Кодекстің 196-бабының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылмаған кезде, тауарларды шығару мерзімі Кодекстің 193-бабының 6-тармағында белгіленген мерзім өткен күннен кейінгі күннен бастап көрсетілетін қызметті беруші басшысының, ол уәкілеттік берген көрсетілетін қызметті беруші басшысы орынбасарының не оларды алмастыратын адамның рұқсатымен кедендік сараптама жүргізу мерзіміне ұзартылады.
9. Кодекстің 193-бабының 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес тауарларды шығару мерзімі ұзартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат берілген күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей тауарларды шығару мерзімін ұзарту негіздерін көрсете отырып, осындай ұзарту туралы хабарлама жібереді.
Бұл ретте, тауарларды шығару мерзімін ұзартуды БДБ бақылауындағы барлық ЭТД бойынша, оның ішінде аумақтық органдармен бірлескен бақылау кезінде ЭТД бойынша БДБ уәкілетті адамы жүзеге асырады.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған, ішінара автоматтандырылған) және/немесе қағаз түрінде. Қағаз (жазбаша) нысанда егер көрсетілетін қызметті берушіде техникалық іркілістерден, байланыс құралдарының (телекоммуникациялық желілер мен Интернет) жұмысындағы ақаулықтардан, электр энергиясының ажыратылуынан, авариядан, еңсерілмейтін күштің әсерінен немесе көрсетілетін қызметті беруші пайдаланатын ақпараттық жүйелердің жарамсыздығына әкеп соққан өзге де мән-жайлардан туындаған, көрсетілетін қызметті беруші пайдаланатын ақпараттық жүйелердің ақаулығына байланысты көрсетілетін қызметті алушының электрондық нысанда кедендік декларациялауды іске асыруын қамтамасыз етуге мүмкіндігі болмаса, қағаз (жазбаша) нысанда жүзеге асырылуы мүмкін).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған тауарларды шығару ақпараттық жүйе арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады және осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша тауарларды шығарудан бас тарту туралы шешім түріндегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама не дәлелді жауап ақпараттық жүйе арқылы жолданады.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

"Тауарларды кедендік тазарту" мемлекеттік қызмет көрсет үшін "Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 қаулысымен белгіленген тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар алынады. Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 460-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында Кодекс күшіне енгенге дейін және ол күшіне енгеннен кейін туындайтын жер қойнауын пайдалану (отын-энергетика секторы) саласында туындайтын құқықтық қатынастарда "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Заңы қолданылады, оған сәйкес келісімшарт қолданылады. "Кеден төлемдерінің ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы қаулысына сәйкес заңды және жеке тұлғалар өткізетін тауарларды кедендік ресімдеу үшін кедендік құнның 0,2%-ы мөлшерінде, тауарлар мен көлік құралдарын ол үшін белгіленген орындардан тыс және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс уақытынан тыс кедендік ресімдегені үшін кедендік құнның 0,4% мөлшерінде кедендік алымдар өндіріп алынады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі және ақпараттар объектісі

1) көрсетілетін қызметті беруші (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдары) – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, тәулік бойы жұмыс режимі белгіленген көрсетілетін қызметті берушіні қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;
2) көрсетілетін қызметті беруші (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдары) – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, кеден ісі саласындағы уәкілетті органдар үшін тәулік бойы жұмыс режимі белгіленген көрсетілетін қызметті берушіні қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;
3) портал және ақпараттық жүйе: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

ЭДТ беру, тәуекелдерді басқару жүйесінің кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру түріндегі кедендік бақылау нысанын айқындауды қоспағанда, онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсынумен сүйемелденбейді. Мұндай құжаттарға мыналар жатады:
1) тауарлармен мәміле жасалғанын растайтын құжаттар, ал мұндай мәміле болмаған кезде – тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын өзге де құжаттар, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының иелігіндегі өзге де коммерциялық құжаттар;
2) көліктік (тасымалдау) құжаттар;
3) тыйым салулар мен шектеулердің, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын растайтын құжаттар;
4) тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттар;
5) кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының төленгенін және (немесе) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттар;
6) кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер беру мақсаттары мен шарттарының сақталуын растайтын құжаттар.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1. Кодекстің 182-бабының 5-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мынадай:
1) кедендік декларация кедендік декларацияларды тіркеуге құқығы жоқ көрсетілетін қызметті берушіге берілген;
2) кедендік декларацияны уәкілеттігі жоқ адамға берілген және (немесе) оған қол қойылмаған не тиісті түрде куәландырылмаған;
3) кедендік декларациялау нысаны сақталмаған;
4) кедендік декларацияда Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына сәйкес көрсетілуге жататын мәліметтер көрсетілмеген және (немесе) кедендік декларация оны толтырудың белгіленген тәртібіне сәйкес толтырылмаған;
5) қағаз жеткізгіштегі кедендік декларация белгіленген нысан бойынша жасалмаған және (немесе) қағаз жеткізгіштегі электрондық кедендік декларацияның немесе кедендік декларацияның электрондық түрінің құрылымы мен форматы осындай құжаттардың белгіленген құрылымдары мен форматтарына сәйкес келмеған;
6) Кодекстің 180-бабының 2-тармағында көрсетілген тауарларды не Кодекстің 180-бабының 3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған жағдайлардағы тауарларды қоспағанда, оларға қатысты кедендік декларация берілетін тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында болмаған;
7) Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік декларацияны бергенге дейін немесе берумен бір мезгілде жасалуға тиіс әрекеттер жасалмаған;
8) Кодекстің 188, 189-баптарында айқындалған, кедендік декларацияны бергенге дейін немесе берумен бір мезгілде сақталуға тиіс тауарларды кедендік декларациялаудың ерекшеліктері сақталмаған;
9) кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер беру жағдайларын, Кодекстің 80-бабына сәйкес кедендік алымдар төленбейтін жағдайларды қоспағанда, кедендік декларациялау үшін кедендік алым төленбеген негіздер бойынша кедендік декларацияны тіркеуден бас тартады.
2. Кодекстің 201-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мынадай:
1) көрсетілетін қызметті берушінің тауарларды шығару кезінде жүргізетін шарттардың, оның ішінде Кодекстің 194, 195, 196 және 197-баптарында көзделген шарттардың, сондай-ақ жеке пайдалануға арналған тауарларға, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты шарттардың орындамауы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің Кодекстің 183-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы талаптарын орындамау;
3) алдын ала кедендік декларациялау кезінде Кодекстің 185-бабының 7-тармағында көзделген мән-жайлардың басталуы;
4) мерзімді кедендік декларациялау кезінде Кодекстің 187-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген осындай кедендік декларациялау ерекшеліктерінің сақталмауы және (немесе) көрсетілетін қызметті алушыда кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, пайыздарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болуы;
5) Кодекстің 193-бабының 3 және 6-тармақтарында белгіленген тауарларды шығару мерзімдері шегінде көрсетілетін қызметті берушінің талабы бойынша тауарды көрсетпеу;
6) Кодекстің 198-бабының 6 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларда тауарларды шығару мерзімін жаңартпау;
7) Кодекстің 410-бабының 2 және 7-тармақтарында көзделген талаптарды орындамау;
8) жолаушылар кедендік декларациясында мәлімделген тауарларды Кодекстің 339-бабының 4-тармағына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызбау;
9) көрсетілетін қызметті берушінің тауарларына кедендік бақылау жүргізу кезінде:
әкімшілік немесе қылмыстық іс қозғау үшін негіз болып табылмайтын анықталған бұзушылықтар жойылған; анықталған бұзушылықтар жойылған және декларацияланатын тауарлар алынбаған және оларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тыйым салынбаған; көрсетілетін қызметті алушыға қатысты банкроттық туралы іс қозғалған жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын және (немесе) кедендік және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын бұзушылықтарды анықтау негіздер бойынша тауарларды шығарудан бас тартады.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда ызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Электрондық (толық автоматтандырылған) қызмет көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз ұсынылады. Электрондық (ішінара автоматтандырылған) қызмет тәуекелдерді басқару жүйесі кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды айкындаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қатысумен ұсынылады. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған – www. kgd. gov. kz, www. minfin. gov. kz. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинет", Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8-800-080-7777.

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

20___ жылға арналған Тауарларға арналған декларацияны тіркеу журналы _________ (кеден бекетінің коды)

р/ с№

Тауарларға арналған декларацияны беру

Тауарларға арналған декларацияны тіркеу

Тауарларға арналған декларацияны ұзарту

Тауарларды шығару

Лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және қолы, оның жеке нөмірлі мөрі

Декларанттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Күні

Уақыты

Күні

Уақыты

Тауарларға арналған декларацияны тіркеу нөмірі/ тауарларға арналған декларацияны тіркеуде бас тарту кезіндегі себептері

Күні

Уақыты

Мәселелері

Күні

Уақыты

Тауарларды шығаруда бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда себептері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

20___ жылға арналған Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу немесе оны тіркеуден бас тарту журналы ________________________ (кеден бекетінің коды)

р/с№

Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініштің тіркеу немесе оны тіркеуден бас тарту №

Өтініш берушінің атауы (ЖСН/БСН)*

Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініштің күні/уақыты

Уәкілетті лауазымды тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде)

Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу не тіркеуден бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) күні/уақыты

Шығарылымы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш бойынша жүргізілген тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияны нөмірі

Тауарларға арналған декларацияны беру мерзімінің аяқталу күні

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      * Ескертпе:

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі.

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

20___ жылға арналған Тауарларға арналған мерзімдік декларацияларды пайдалана отырып, декларацияланатын тауарларды есепке алу журналы ____________________________ (кеден бекетінің коды)

№р/с

Мерзімдік тауарларға арналған декларация

Декларант

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметті Тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды

Тауардың атауы

Брутто салмағы (килограмм)

Көлік құралының тіркеу нөмірі/ контейнер нөмірі

Тауарды табыс ету/тиеп жөнелту күні

Кету орнының кеден бекетінің коды

Тауарлардың іс жүзінде шығарылған күні

Кедендік бақылауды жүргізген лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

20___ жылға арналған Тауарларға арналған уақытша декларацияларды уақытша кедендік декларациялауды пайдалана отырып, декларацияланатын тауарларды есепке алу журналы ____________________________ (кеден бекетінің коды)

№р/с

Декларант

Уақытша атауарларға арналған декларация

Тауардың атауы

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметті Тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды

Брутто салмағы (килограмм)

Нетто салмағы (килограмм)

Статистикалық құн

Кедендік құн

Жөнелтуші/ межелі ел

Теміржол вагондарының цистерналарының нөмірлері

Теміржол жүкқұжаттарының нөмірлері

Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу күні (кедендік сараптаманы тағайындау туралы шеші

Кедендік бақылауды жүргізген лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

20___ жылғы "____" ____________ есепке алу аспаптарынан көрсеткіштерді алу туралы акті

      Біз, төменде қол қойған __________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 20___жылғы __________ үшін құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілген тауарларды есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу туралы осы актіні жасадық.

р/с №

Есепке алу торабының (аспабының) атауы

Есепке алу аспабының айдың басындағы көрсеткіші

Есепке алу аспабының есепті кезең соңындағы көрсеткіші

Өткізілген тауар көлемі (тонна, мың текше метр, киловатт сағат)

1

2

3

4

5

      Есепке алу торабының (аспабының) өкілі

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы, күні)

      Мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды тұлғасы

      __________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы, күні)

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
10-қосымша
  Нысан

Тауар құрамдауыштарының жоспарланып отырған жеткізілімдері туралы хабарлама

      Хабарлама № ________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (декларанттың атауы, заңды мекенжайы)

      ____________________________________________________________________

      (құжаттар туралы жалпы мәліметтер)

      Жиналмаған түрінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметті Тауар номенклатурасы бойынша тауарларды сыныптау туралы шешімнің

      № ____________________________________________________________________

      Жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түріндегі тауардың атауы және Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметті Тауар номенклатурасы бойынша сыныптау

      коды ____________________________________________________________________

      Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың құрамдас элементтерінің атауы және олардың Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметті Тауар номенклатурасы бойынша сыныптау коды ____________________________________________________________________

      Келісім-шарт бойынша жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың құны

      ____________________________________________________________________

      Кедендік тазарту жүргізілетін мемлекеттік кірістер органы

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының (кеден бекетінің) атауы)

      Тауарды әкелу мерзімі _________________________________________________

      Өзге мәліметтер ________________________________________________________

      ___________тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) _________ (қолы)

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
11-қосымша
  Нысан

Тауар құрамдауыштарының жоспарланып отырған жеткізілімдері туралы хабарламаны тіркеу журналы

р/с №

Хабарламаның тіркеу нөмірі

Тауарды сыныптау туралы шешімнің №

Тауарларды сыныптау туралы шешімнің қолдану мерзімі (ККААЖЖ)

Декларанттың атауы

Шарттың (келісішарттың/ерекшеліктері) деректемелері

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметті Тауар номенклатурасы бойынша жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың коды

Келісішарт бойынша жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың құны

жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың барлық құрамдастарын жеткізу мерзімі

Өзге де мәліме

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      Ескертпе:

      Рұқсаттың нөмірі мына түрде қалыптастырылады:

      ХХХХХ/ККААЖЖ/0000, мұнда:

      1 2 3

      1) ХХХХХ – кедендік тазартуды жүргізетін аумақтық мемлекеттік кірістер органының коды;

      2) ККААЖЖ – хабарламаның берілген күні (күні, айы және ағымдағы жылдың соңғы 2 цифры);

      3) 0000 – хабарламаның реттік нөмірі.

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының
тауарларға кедендік тазартуды
жасау қағидаларына
12-қосымша
  Нысан

Жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түріндегі тауар құрамдауыштарын есепке алу журналы

р/с №

Декларант

Шарттың, ерекшеліктің № және күні

Жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түріндегі тауардың атауы және саны (қосымша өлшем бірлігі)

Жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түріндегі тауар құрамдауыштарының атауы және саны (қосымша өлшем бірлігі)

Жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түріндегі тауар құрамдауыштарына арналған тауарларға арналған декларация №

Жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түріндегі тауар құрамдауыштарына арналған соңғы тауарларға арналған декларация №

кедендік тазартуды жүргізген уәкілетті лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

1

2

3

4

5

6

7

8

      Ескертпе:

      журналда жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түріндегі тауар құрамдауыштарының әр жеткізілімі бойынша деректер көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 73 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды кедендік декларациялау мен кедендік тазартудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10236 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 ақпанда жарияланған).

      2. "Кедендік декларациялау және кедендік декларация берілгенге дейін тауарларды шығару кезінде кедендік операцияларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 112 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10526 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 сәуірде жарияланған).

      3. "Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 246 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10874 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 мамырда жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылы 29 қазандағы № 551 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 12328 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 желтоқсанда жарияланған).

      5. "Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 246 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 412 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 14181 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 қыркүйекте жарияланған).