Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 қаңтарда № 10168 тіркелді.

Жаңартылған

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 59) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________Ә. Исекешев

      2014 жылғы "____"________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Е. Досаев

      2014 жылғы "____"________



  Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрінің
  міндетін атқарушының
  2014 жылғы 19 желтоқсандағы
  № 18-04/675 бұйрығымен
  бекітілген

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.08. 2020 № 203-ө (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) сәйкес әзірленді және жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аң аулау – аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн мекендейтiн ортасынан алуды жүзеге асыру арқылы жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану түрi;

      2) балық аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау;

      3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомство – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – ведомство).

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 15.11.2022 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар (бұдан әрі – рұқсаттар) жануарлар дүниесін арнайы пайдаланудың мына түрлеріне беріледі:

      1) аң аулау;

      2) балық аулау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау);

      3) жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында пайдалану;

      4) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалану.

      4. Аң аулауға, кәсіпшілік аулауға, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу, мелиорациялық аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында пайдалануға, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға рұқсаттар:

      1) бұдан бұрын жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жүргізілмеген су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулауды;

      2) қырылуға қарсы іс-шара ретінде жүзеге асырылатын мелиорациялық аулауды қоспағанда, бекітілген лимиттерге сәйкес және белгіленген алып қою квоталары шегінде беріледі.

      5. Аң аулауға, кәсіпшілік аулауға, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу, мелиорациялық аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында пайдалануға, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға рұқсаттар осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша беріледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      6. Мемлекеттік қызметті:

      екі және одан да көп облыстардың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулауды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар жануарларды алудың белгіленген лимиттері мен квоталары шегінде;

      екі және одан да көп облыстарда орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында рұқсатты ведомство (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      7. Бір балықшы бір барғанда бес килограммға дейін балық аулай отырып, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау қандай да бір рұқсатсыз жүзеге асырылады.

      8. Ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында рұқсат алу үшін "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында айқындалған тәртіппен субъектіні ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәліктің болуы қажет.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-комуникациялық инфрақұрылымның операторына және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 15.11.2022 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысанда жазылған.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 15.11.2022 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің қарауына жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 84-бабына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық-цифрлы қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында өтінімді одан әрі қараудан дәлелді бас тарту дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды өтінімде көрсетілген деректер мен мәліметтердің және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің сәйкестігі тұрғысынан қарайды және өтінім келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 8-қосымшада жазылған.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші оң нәтиже немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 15.11.2022 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сатысы туралы деректердің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      13. Егер балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың талаптары бойынша балық аулау бірнеше балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учакелерінде, сондай-ақ бірнеше кемеде, бригадада немесе буындарда жүзеге асырылатын болса, өтініш беруші "жеке кабинет" арқылы кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу, мелиорациялық аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде аулауға әрбір учаскеге, кемеге, бригадаға немесе буынға жеке-жеке рұқсатты басып шығарады.

      Әрбір учаскеге, кемеге, бригадаға немесе буынға басып шығарылған рұқсат уәкілетті орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган берген рұқсаттың телнұсқасы болып табылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.10.2021 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      14. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.04.2023 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      15. "Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.10.2021 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына
  1-қосымша
  Нысан

____________________________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы) (наименование местного исполнительного органа)

Жануарлар дүниесін пайдалануға РҰҚСАТ №_______________ РАЗРЕШЕНИЕ на пользование животным миром (аң аулауға)
1. Берілді / выдано:___________________________________________________ (заңдытұлғаныңатауыжәне бизнес-сәйкестендірунөмірі, жеке тұлғаның, тегі, аты, әкесініңаты (онын болған кезінде) және жеке сәйкестендіру нөмірі/ наименование организации и бизнес-идентификационный номер юридического лица, фамилия, имя, отчество (при его наличии) и индивидуальный идентификационный номер физического лица) Аңаулау орны (аңшылық шаруашылығы, участке)/место охоты (охотничье хозяйство, участок) _______________________________________________ Аулау мақсаты: (әуесқойлық (спорттық), кәсіпшілік аңаулау, олжалау/ цель изъятия: (любительская (спортивная), промысловая охота, добыча трофея) _________________________________________________________ ________________________________________________________________ Алып қойылатын жануарлар объектілері/добываемые объекты животного мира

Жануар түрі/ Вид животного

Жыныстық-жасқұрамы (қоңыр аю, тұяқты жануарлардың жыныстықжас-құрамы және қажет болған жағдайда құсқа)/половозрастнойсостав (для бурого медведя, копытных животных, и в случае необходимости для дичи)

Саны (дарақ)/ количество (особей)

Аулау мерзімі дейін/ сроки изъятия




___ж. "__" ___ ___ж. "__"____
с "__" ___ ___г по "__" __ ___г

Берілген күні/дата выдачи "____" _____________ ________ж./г. Берген/выдал:_____________________________________________________
Атқарушы органның мөрі /Место печати местного исполнительного органа______________________________________________________________
(Төменгі бөлігін аңшыға рұқсат берген ұйым толтырады/заполняется организацией, получившей разрешение на пользование животным миром)
2. Аңшы/охотник___________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болса) / (фамилия, имя, отчество (при его наличии)
Аңшы куәлігі (сериясы, нөмірі, берілген күні)/удостоверение охотника (серия, номер, дата выдачи)________________________________________________

  Жануарлар дүниесін
пайдалануға рұқсаттар
беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

______________________________________________________________ (ведомствоның немесе жергілікті атқарушы органның атауы)

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 15.11.2022 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Нөмірі: __________ Берілген күні: __________ Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат (кәсіпшілік аулау, әуесқойлық (спорттық) аулау, ғылыми-зерттемелік аулау, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау)

      Берілді:_____________________________________________________________

      Пайдалану түрі:______________________________________________________

      Aлу мақсаты: ________________________________________________________

      Су айдынының және (немесе) учаскенің атауы: ___________________________

      ____________________________________________________________________

      Aлу тәсілдері: ________________________________________________________

      Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: _____________________________

      Мекендейтін ортасынан алынуы жоспарланған жануарлар дүниесі объектілерінің тізбесі мен саны:

Объектілерінің атауы

Саны (килограмм, тонна, дарақтар)

1

бекiре балықтары (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, тілмай)


2

майшабақтар, тікендi балық, түйетабан, шабақ


3

албырт балықтар


4

ақсақа балықтар


5

ірi балықтар


6

ұсақ балықтар


7

су жануарлары


      Aлу мерзімі ___________________ бастап _____________________ дейін

      Болжамды алу учаскесінің ауданы (аумағы) мен шекарасы ____________

      Aлу құралдары:

Aлу құралдарының атауы

Саны дана





      Жүзу құралдары:

Кеме атауы

Саны дана





      Уәкілетті тұлға:_____________________________________________

  Жануарлар дүниесін
  пайдалануға рұқсаттар
  беру қағидаларына
  3-қосымша
  Нысан

________________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы)

      Нөмірі:_______ Берілген күні:_________

Жануарлар дүниесін ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында пайдалануға арналған рұқсат

      Берілді: ______________________________________________________________

      Пайдалану түрі ________________________________________________________

      Алу мақсаты __________________________________________________________

      Алу тәсілдері _________________________________________________________

      Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар:______________________________

      Алынуы жоспарланып отырған объектілердің тізбесі мен саны:

Жануар түрі

Саны (дарақтар)

Aудан (аумақ) және учаске шекаралары







      Төлемнің жиынтық сомасы ___________________________________________

      Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): ________________________

      Aлу мерзімі: ________________ бастап _______________________ дейін

      Aлу тәсілі:_________________________________________________________

      Рұқсатты пайдалану туралы есептің берілетін мерзімі: ___________________

      Бақылау:_______________________________________________ жүктеледі.

      Уәкілетті тұлға:____________________________________________________

  Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына
  4-қосымша
  Нысан

_______________________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы)

Нөмірі: __________ Берілген күні: ________
Жануарлар дүниесін өсімін молайту мақсаттарында пайдалануға РҰҚСAТ
Жануарларды пайдалану мақсаты: ____________________________________
Берілді: ___________________________________________________________
Aлу тәсілі: _________________________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: _____________________________
Aлу үшін жоспарланған объектілердің тізбесі мен саны:

Жануарлардың түрлері

Саны (дарақтар)

Aудан (аумақ) және учаске шекаралары







Төлемнің жиынтық сомасы __________________________________________
Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда):________________________
Aлу мерзімі: ________________ бастап, _______________________ дейін.
Aлу тәсілі:_________________________________________________________
Рұқсатты пайдалану туралы есептің берілу мерзімі:
Бақылау: ________________________________________________ жүктеледі.
Уәкілетті адам: ____________________________________________________

  Жануарлар дүниесін
пайдалануға рұқсаттар
беру қағидаларына
5-қосымша

Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 15.11.2022 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасында кәсіпшілік, әуесқойлық және спорттық аң аулауды жүргізу кезінде төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Жабайы жануарлардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемесі, бір дара нұсқасы үшін (айлық есептік көрсеткі)

Кәсіпшілік аң аулау

Әуесқойлық және спорттық аң аулау

1

2

3

4

1.

Сүтқоректілер:



1.1)

бұлан (еркегі)

-

16

1.2)

бұлан (ұрғашысы)

-

11

1.3)

бұлан (бір жасар төлі)

-

6

1.4)

марал (еркегі)

-

13

1.5)

марал (ұрғашысы)

-

7

1.6)

марал (бір жасар төлі)

-

4

1.7)

аскания бұғысы (еркегі)

-

9

1.8)

аскания бұғысы (ұрғашысы)

-

5

1.9)

аскания бұғысы (бір жасар төлі)

-

3,5

1.10)

елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, еркегі)

-

4

1.11)

елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, бір жасар төлі)

-

3

1.12)

елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, еркегі)

-

3

1.13)

елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, бір жасар төлі)

-

2

1.14)

сiбiр тау ешкiсi (еркегі)

-

4

1.15)

сiбiр тау ешкiсi (ұрғашысы, бір жасар төлі)

-

3,5

1.16)

құдыр

-

2

1.17)

қабан (еркегі)

-

4

1.18)

қабан (ұрғашысы, бір жасар төлі)

-

3

1.19)

киiк (еркегі)

4

5

1.20)

киiк (ұрғашысы, бір жасар төлі)

3

4

1.21)

қоңыр аю (Тянь-Шань аюынан басқа)

-

14

1.22)

өзен құндызы, кәмшат (ортаазиялықтан басқа)

1

2

1.23)

бұлғын

2

4

1.24)

суырлар (Мензбир суырынан басқа)

0,060

0,12

1.25)

ондатр

0,045

0,9

1.26)

борсық, түлкi

0,10

0,20

1.27)

қарсақ

0,045

0,10

1.28)

америкалық су күзенi

0,12

0,25

1.29)

сiлеусiн (Түркiстан сілеусінінен басқа)

-

0,45

1.30)

қояндар (құмқоян, орқоян, ақ қоян)

0,010

0,045

1.31)

жанат тектес ит, шайқағыш жанат, құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, кәдімгі тиiн

0,020

0,35

1.32)

саршұнақ (құм саршұнағы)

0,015

0,025

1.33)

қасқыр

0

0

1.34)

шибөрі

0

0

2.

Құстар



2.1)

маймақ қаз (қызыл жемсаулы, қара жемсаулы)

0,015

0,030

2.2)

саңырау құр

-

0,15

2.3)

құр

-

0,055

2.4)

Гималай ұлары

-

0,20

2.5)

қырғауыл

0,020

0,060

2.6)

қаздар* (сұр қаз, ақмаңдайлы қаз, қырманқаз), қарашақаз

0,020

0,045

2.7)

үйректер* (сарыалақаз, италақаз, барылдауық, қырылдақ шүрегей, ысылдақ шүрегей, боз үйрек, сары айдар үйрек, қылқұйрық, даурықпа шүрегей, жалпақ тұмсық, қызылтұмсық сүңгуiр, бізқұйрық сүңгуiр, айдарлы сүңгуiр, теңіз сүңгуiрі, ұшқыр үйрек, сусылдақ, мамыққаз, қара тұрпан, кiшi бейнарық, секпiлтөс бейнарық, үлкен бейнарық)

0,010

0,020

2.8)

қасқалдақ, қызғыш, шiлдер (аққұр, тундра шілі, дала шілі, сұр шiл, сақалды шіл), кекiлiк, сұр құр, кептерлер (дыркептер, түзкептер, көк кептер, құз кептер), түркептер (кәдiмгi, үлкен түркептер), шалшықшылар (күржікей, шаушалшық, тауқұдiрет, орман маңқысы, азиялық тауқұдiрет, тау маңқысы, маңқы, жылқышы, үлкен шалшықшы, қасқа шалшықшы, үлкен шырғалақ, кiшi шырғалақ)

0,005

0,010

2.9)

бөдене

0,005

0,010

      * Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерінен басқа.

      Балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №

Су жануарларының түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

бір дара нұсқасы үшін

бір килог-рамы үшін

1

2

3

4

1.

Кәсіпшілік және ғылыми мақсаттарда:



1.1

бекiре тұқымдас балықтар (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, пілмай)


0,064

1.2

майшабақтар (қарынсау, бражников шабағы, қаражон), тікендi балық, камбала, шабақ


0

1.3

албырт балықтар (құбылмалы бақтақ, майқан, хариус)


0,017

1.4

ақсақа балықтар (көкшұбар, көкшарбы, пайдабалық, шыр, мұқсын), ұзын саусақты шаян


0,012

1.5

қаракөз


0,004

1.6

итбалық

1,93


1.7

ірi балықтар:



1.7.1

ақ амур, сазан, тұқы, ақмарқа, берiш, жайын, нәлiм, дөңмаңдай, шортан, жыланбас балық, көксерке


0,013

1.8

ұсақ балықтар:



1.8.1

табан, торта, тұрпа балық, майбалық, көкбас, қызылкөз, аққайран, мөңке, алабұға, оңғақ, кәдiмгi және талас тарғақ балығы, қызылқанат, балпан балық, бiлеу балық, айнакөз, көктыран, қылыш балық, буффало, шармай


0,004

2.

Спорттық-әуесқойлық (рекреациялық) балық аулауды жүргiзу кезiнде:



2.1

алып қоя отырып:



2.1.1

ірі балықтар


0,017

2.1.2

қортпа


6,5

2.1.3

бекіре тұқымдас балықтар


5,5

2.1.4

ақсақа, албырт балықтар


0,042

2.1.5

ұсақ балықтар


0,008

2.1.6

шаян

0,008


2.2

"ұстап алу-қоя беру" қағидаты негізiнде:



2.2.1

ірі балықтар


0,1

2.2.2

бекiре тұқымдас балықтар (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, пілмай)

4,97


2.2.3

ақсақа және албырт балықтар


0,27

2.2.4

ұсақ балықтар


0,068

      Өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулаудан және балық аулаудан басқа) пайдаланылатын жануарлар түрлеріндың пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с

Жануарлардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

бір дара нұсқа-сы үшін

бір килограмы үшін

1

2

3

4

1.

Сүтқоректілер:



1.1

шұбар мысық немесе дала мысығы

0,030

-

1.2

қарақас

0,015

-

2.

Құстар:



2.1

кiшкене, қарамойын, қызылмойын, сұржақ, үлкен сұқсыр, үлкен суқұзғын, үлкен көлбұқа, бақылдақ құтан, көкқұтан және қошқыл құтан

0,010

-

2.2

үлкен аққұтан

0,015

-

2.3

маусымқұс, қошқылқанат және алтынжон татрең, шүрілдек, шаушүрiлдек, моңғол шүрiлдегi, сарысағақ шүрiлдек, шығыс шүрiлдегi, теңiз шүрілдегi, алқалы татрең, тасшарлаған, сутартар, тартар, кiшкене тартар, титтей тартар, қызылқасқа сутартар, дала қарақасы, қарала балшықшы, сауысқан, бұлыңғыр, бөрте балшықшы, үлкен балшықшы, шөпiлдек, тәкiлдек балшықшы, бұлақшы, мамырқұс, қайқытұмсық балшықшы, ақжағал қалытқы, ақтамақ қалытқы, құмғақша, қызылмойын құмдауық, ұзынсаусақ құмдауық, аққұйрық құмдауық, қызылтөс құмдауық, қаратөс құмдауық, бізқұйрық құмдауық, құмқұс, тұнбашы, шабындық және дала қарақасы, сақиналы түркептер, сарыжағал қараторғай, сарытұмсық шауқарға, қараторғай, пайызторғай, қызылтелпектi құнақ, көкқарға, бозторғайлар (айдарлы, теңбiлтөс, нәзіктұмсықты, сұр, сор, дала бозторғайы, қостеңбілді, аққанат, қара, құлақты, орман бозторғайы, шабындық бозторғайы, үнді бозторғайы), қызылтұмсық шауқарға, алабажақ сайрауық

0,005

-

2.4

қаршыға

0,010

-

2.5

қырғи, маубас жапалақ, байғыз, жүнбалақ байғыз, құлақты жапалақ, саз жапалағы, жамансары

0,045

-

3.

Бауырымен жорғалаушылар:



3.1

Орта Азия тасбақасы, саз тасбақасы

0,020

-

3.2

ешкіемер, бат-бат кесiртке, жұмырбас құм кесiртке, сығыркөз

0,010

-

3.3

бозша жылан

0,045

-

3.4

өрнектi қарашұбар жылан, шығыс және құм жыланы

0,035

-

3.5

көлбақа

0,005

-

4.

Омыртқасыз су жануарлары:



4.1

артемия (цисталар)

-

0,045

4.2

гаммарус, шашақ мұрт шаяндар

-

0,010

4.3

сүлiктер

-

0,030

4.4

басқа да су омыртқасыздары мен цисталар

-

0,005

4.5

артемия

-

0,0043

      Ескерту:

      1. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi осы тармақтың мақсаттары үшiн – төлемақы) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану тәртiбiмен жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн алынады.

      2. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны осы жануарларды табиғи ортадан әкетуге рұқсат беру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi әрбiр жеке жағдайда белгiлейдi.

      3. Төлем алынбайды:

      1) жануарларды кейіннен табиғи ортаға жібере отырып, ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда таңбалау, жүзу, қоныстандыру, жасанды өсіру және шағылыстыру мақсатында табиғи ортадан алып қою кезінде;

      2) жеке және заңды тұлғалардың меншiгi болып табылатын, жасанды түрде өсiрiлген және ерiксiз және (немесе) жартылай еркiн жағдайларда ұсталатын жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдаланған кезде;

      3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган балық ресурстарын және су жануарларының өзге де түрлерiн пайдалануды биологиялық негiздеу мақсатында балық және басқа да су жануарларын бақылауды жүзеге асырған кезде;

      4) халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларының ауруларының алдын алу, қоршаған ортаға залал келтiрудi болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметiне елеулi зиян келтiру қаупiн болдырмау мақсатында саны реттелуге жататын жануарлар түрлерiн алып қою кезiнде.

      4. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган және жергiлiктi атқарушы органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей, олардың орналасқан жерi бойынша салық органдарына салық органына есеп айырысуды қамтамасыз ету жөнiндегi мәлiметтердi табыс етедi. уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алымдарды төлеушілер мен салық салу объектілері.

  Жануарлар дүниесін
пайдалануға рұқсаттар
беру қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

  (кімге)______________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
көрсетілетін қызметті
берушінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
(кімнен) ___________________
(көрсетілетін қызмет
алушының толық атауы)
мекенжайы __________________
(индексі, облыс, қала,
аудан, көше, үй №,
пәтер № (бар болса), телефон)
көрсетілетін қызмет алушының
деректемелері
___________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі,
жеке сәйкестендіру нөмірі)

Өтінім

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 15.11.2022 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат" беруді сұраймын (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу үшін аулау, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау)_____________________________________________________________

      Пайдалану түрі: _________________________________________________________

      Су айдынының және (немесе) учаскесінің атауы______________________________

      Алу мақсаты: ___________________________________________________________

      Алу тәсілдері: ___________________________________________________________

      Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: _________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға қатысатын адамдардың тізімі:__________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      20___жылғы "__"__________ №_____Балық шаруашылығын жүргізу шарты Субъектіні аккредиттеу туралы анықтаманың нөмірі, күні және сериясы (ғылыми-зерттеу үшін аулау жағдайында)

      Мекендеу ортасынан алынуы жоспарланып отырған объектілердің тізбесі мен саны:

Объектілердің атауы

Саны (тонна)

Саны (дарақтар)




      Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): _____

      Aлу мерзімі: ________ бастап______________ дейін

      Болжамды алу учаскесінің ауданы (аумағы) мен шекарасы_______________

      Алу құралы:

Алу құралының атауы

Саны



      Жүзу құралдары:

Кеменің түрі

Саны, дана



      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтінімнің берілген күні 20___жылғы "_"

      _______________________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЭЦҚ)

  Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына
  7-қосымша
  (кімге)__________________________________________
  (заңды тұлғаның толық атауы, көрсетілетін қызметті
  берушінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда))
(кімнен)____________________
(көрсетілетін қызмет алушының толық атауы)
мекенжайы_________________
(индексі, облыс, қала, аудан, көше, үй №, пәтер № (бар болса), телефон)
көрсетілетін қызмет алушының деректемелері
  _________________________
  (бизнес-сәйкестендіру нөмірі,
жеке сәйкестендіру нөмірі)

Өтінім

      "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат" беруді сұраймын (аң аулауға, өсімін молайту мақсатына, жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында пайдалануға)

      __________________________________________________________________

      Пайдалану түрі: ____________________________________________________

      Алу мақсаты: ______________________________________________________

      Алу тәсілдері:______________________________________________________

      Аңшылық шаруашылығын жүргізу шартының нөмірі мен күні:____________

      __________________________________________________________________

      Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар:____________________________

      __________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Аң аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға қатысатын адамдардың тізімі:___________________________________________________

      _____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мекендеу ортасынан алу үшін жоспарланып отырған объектілердің тізбесі мен саны:

Жануарлардың түрлері Саны (дарақтар) Aудан (аумақ) және учаске шекарасы









      Жалпы құны (теңге)__________________________________________________

      Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда):_________________________

      Aлу мерзімі: ________________ бастап _______________________ дейін.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтінімнің берілген күні 20___жылғы "_" ________________

      _____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЭЦҚ)

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 11.05.2023 № 142 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Жануарлар дүниесін
пайдалануға рұқсаттар беру
қағидаларына
8-қосымша

"Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 07.02.2023 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін) бұйрығымен.

1. Аңшылық
2. Балық аулау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу аулау, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау)
3. Жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияның алдын алу мақсатында пайдалану
4. Жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалану

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Барлық кіші түрлері бойынша:
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Барлық кіші түрлері бойынша:
электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар жануарлар дүниесін арнайы пайдаланудың мынадай түрлеріне беріледі:
1) аңшылық;
2) балық аулау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу аулау, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау);
3) жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияның алдын алу мақсатында пайдалану;
4) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалану.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Барлық кіші түрлері бойынша:
Мемлекеттік қызмет ақылы /тегін негізде көрсетіледі.
Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Төлем екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай – ақ портал арқылы қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі, төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі –ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
Кодекстің 583-бабына сәйкес төлемақы сомасы жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алған жер бойынша бюджетке төленеді.
Төлемақы сомасы жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алған жер бойынша бюджетке төленеді. Төлеу бюджетке төленуге жататын төлемақы сомасы ағымдағы жылғы кәсіпшілік балық аулау объектілерін алып қою квоталары бойынша айлық есептік көрсеткіштің 350 еселенген мөлшерінен астам сомада асып кеткен кезде кәсіпшілік балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақыны қоспағанда, рұқсат алынғанға дейін екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүргізіледі.
Кәсіпшілік балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу бюджетке төленуге жататын төлемақы сомасы ағымдағы жылғы кәсіпшілік балық аулау объектілерін алып қою квоталары бойынша айлық есептік көрсеткіштің 350 еселенген мөлшерінен астам сомада асып кеткен кезде мынадай мерзімдерде үлестермен жүргізіледі:
ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 20 пайызы;
квота берілген жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 40 пайызы;
квота берілген жылдан кейінгі жылдың 25 маусымына дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 40 пайызы.
Төлем екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай – ақ портал арқылы қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі, төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі –ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
Кодекстің 580-бабының 3 – тармағына сәйкес ақы алынбайды:
1) жануарларды таңбалау, айналып өту, қоныс аудару, акклиматтандыру, жасанды өсіру және оларды кейіннен табиғи ортаға шығара отырып, ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда кесіп өту мақсаттары үшін табиғи ортадан алып қою кезінде;
2) жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын, жасанды жолмен өсірілетін және тұтқында және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарлар дүниесі объектілерін пайдалану кезінде;
3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган балық ресурстарын және су жануарларының басқа да түрлерін пайдалануға биологиялық негіздеме мақсатында балықтар мен басқа да су жануарларын бақылап аулауды жүзеге асырған кезде;
4) халықтың денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларының ауруларынан қорғау, қоршаған ортаға залалды болғызбау, ауыл шаруашылығы қызметіне елеулі залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қою кезінде жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінім:
1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесін пайдалануға (кәсіпшілік балық аулауға, ғылыми-зерттеу аулауға, мелиорациялық аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға) рұқсат беру кезінде;
2) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесін пайдалануға (аң аулауға, жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда пайдалануға, сондай-ақ эпизоотияны болғызбау мақсатында, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға) рұқсат беру кезінде.
Пайдалану түріне байланысты қосымша:
1) аң аулауға (алғашқы жүгінген кезде):
егер жануарлар дүниесі объектілерін алып қою шетелдіктердің қатысуымен жүргізілсе – аң аулауды ұйымдастыруға шетелдіктермен аңшылық шаруашылығы субъектісінің шартының электрондық көшірмесі;
2) ғылыми-зерттеу аулауға:
ғылыми жұмыстарды жүргізу негіздемесінің және ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасының электрондық көшірмесі;
бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есептің электрондық көшірмесі (берілген рұқсаттар жағдайында);
3) мелиорациялық аулауға:
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім.
4) өсімін молайту мақсатында аулауға:
балық ресурстарын молықтыруға мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында аулау жағдайларын қоспағанда, биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі;
5) кәсіптік аулауға:
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім.
6) жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалануға:
эпизоотиялық мониторингтен басқа ғылыми-тақырыптық жоспардан және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасынан үзінді көшірменің электрондық көшірмесі;
эпизоотияны болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасында жануарлар ауруларының эпизоотиялық мониторингі үшін ветеринария саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік ветеринариялық ұйымының жыл сайынғы жұмыс жоспарының электрондық көшірмесі;
жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың негіздеуші материалдарының электрондық көшірмесі (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен биологиялық негіздеме);
7) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:
жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың негіздеуші материалдарының электрондық көшірмесі (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен биологиялық негіздеме).
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы мәліметтерді, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін ақы төлеу туралы құжатты көрсетілетін қызметті беруші ЭҮТШ арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.
Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды беру кезінде көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" Портал арқылы нәтижені беру күні көрсетіле отырып, Мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оның орнындағы адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады;
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

1) ғылыми-зерттеу мақсатында рұқсат алу үшін "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 Қаулысында айқындалған тәртіппен субъектіні ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәліктің болуы қажет.
2) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі болады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "Жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

  Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына
  9-қосымша

      Ескерту. 9-қосымша алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.04.2023 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.