"Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 701 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 қарашада № 30559 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларында:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аң аулау – аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн мекендейтiн ортасынан алуды жүзеге асыру арқылы жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану түрi;

      2) балық аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау;

      3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомство – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – ведомство).";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында рұқсат алу үшін "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында айқындалған тәртіппен субъектіні ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәліктің болуы қажет.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-комуникациялық инфрақұрылымның операторына және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысанда жазылған.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды өтінімде көрсетілген деректер мен мәліметтердің және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің сәйкестігі тұрғысынан қарайды және өтінім келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 8-қосымшада жазылған.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші оң нәтиже немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.".

      Осы Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Осы Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Осы Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Осы Қағидаларға 8-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
С. Брекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 15 қарашадағы
№ 701 Бұйрыққа
1-қосымша
  Жануарлар дүниесін
пайдалануға рұқсаттар
беру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

______________________________________________________________ (ведомствоның немесе жергілікті атқарушы органның атауы) Нөмірі: __________ Берілген күні: __________ Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат (кәсіпшілік аулау, әуесқойлық (спорттық) аулау, ғылыми-зерттемелік аулау, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау)

      Берілді:_____________________________________________________________

      Пайдалану түрі:______________________________________________________

      Aлу мақсаты: ________________________________________________________

      Су айдынының және (немесе) учаскенің атауы: ___________________________

      ____________________________________________________________________

      Aлу тәсілдері: ________________________________________________________

      Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: _____________________________

      Мекендейтін ортасынан алынуы жоспарланған жануарлар дүниесі объектілерінің тізбесі мен саны:

Объектілерінің атауы

Саны (килограмм, тонна, дарақтар)

1

бекiре балықтары (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, тілмай)


2

майшабақтар, тікендi балық, түйетабан, шабақ


3

албырт балықтар


4

ақсақа балықтар


5

ірi балықтар


6

ұсақ балықтар


7

су жануарлары


      Aлу мерзімі ___________________ бастап _____________________ дейін

      Болжамды алу учаскесінің ауданы (аумағы) мен шекарасы ____________

      Aлу құралдары:

Aлу құралдарының атауы

Саны дана





      Жүзу құралдары:

Кеме атауы

Саны дана





      Уәкілетті тұлға:_____________________________________________

  Бұйрыққа
2 -қосымша
  Жануарлар дүниесін
пайдалануға рұқсаттар
беру қағидаларына
5-қосымша

Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

      Қазақстан Республикасында кәсіпшілік, әуесқойлық және спорттық аң аулауды жүргізу кезінде төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Жабайы жануарлардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемесі, бір дара нұсқасы үшін (айлық есептік көрсеткі)

Кәсіпшілік аң аулау

Әуесқойлық және спорттық аң аулау

1

2

3

4

1.

Сүтқоректілер:



1.1)

бұлан (еркегі)

-

16

1.2)

бұлан (ұрғашысы)

-

11

1.3)

бұлан (бір жасар төлі)

-

6

1.4)

марал (еркегі)

-

13

1.5)

марал (ұрғашысы)

-

7

1.6)

марал (бір жасар төлі)

-

4

1.7)

аскания бұғысы (еркегі)

-

9

1.8)

аскания бұғысы (ұрғашысы)

-

5

1.9)

аскания бұғысы (бір жасар төлі)

-

3,5

1.10)

елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, еркегі)

-

4

1.11)

елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, бір жасар төлі)

-

3

1.12)

елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, еркегі)

-

3

1.13)

елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, бір жасар төлі)

-

2

1.14)

сiбiр тау ешкiсi (еркегі)

-

4

1.15)

сiбiр тау ешкiсi (ұрғашысы, бір жасар төлі)

-

3,5

1.16)

құдыр

-

2

1.17)

қабан (еркегі)

-

4

1.18)

қабан (ұрғашысы, бір жасар төлі)

-

3

1.19)

киiк (еркегі)

4

5

1.20)

киiк (ұрғашысы, бір жасар төлі)

3

4

1.21)

қоңыр аю (Тянь-Шань аюынан басқа)

-

14

1.22)

өзен құндызы, кәмшат (ортаазиялықтан басқа)

1

2

1.23)

бұлғын

2

4

1.24)

суырлар (Мензбир суырынан басқа)

0,060

0,12

1.25)

ондатр

0,045

0,9

1.26)

борсық, түлкi

0,10

0,20

1.27)

қарсақ

0,045

0,10

1.28)

америкалық су күзенi

0,12

0,25

1.29)

сiлеусiн (Түркiстан сілеусінінен басқа)

-

0,45

1.30)

қояндар (құмқоян, орқоян, ақ қоян)

0,010

0,045

1.31)

жанат тектес ит, шайқағыш жанат, құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, кәдімгі тиiн

0,020

0,35

1.32)

саршұнақ (құм саршұнағы)

0,015

0,025

1.33)

қасқыр

0

0

1.34)

шибөрі

0

0

2.

Құстар



2.1)

маймақ қаз (қызыл жемсаулы, қара жемсаулы)

0,015

0,030

2.2)

саңырау құр

-

0,15

2.3)

құр

-

0,055

2.4)

Гималай ұлары

-

0,20

2.5)

қырғауыл

0,020

0,060

2.6)

қаздар* (сұр қаз, ақмаңдайлы қаз, қырманқаз), қарашақаз

0,020

0,045

2.7)

үйректер* (сарыалақаз, италақаз, барылдауық, қырылдақ шүрегей, ысылдақ шүрегей, боз үйрек, сары айдар үйрек, қылқұйрық, даурықпа шүрегей, жалпақ тұмсық, қызылтұмсық сүңгуiр, бізқұйрық сүңгуiр, айдарлы сүңгуiр, теңіз сүңгуiрі, ұшқыр үйрек, сусылдақ, мамыққаз, қара тұрпан, кiшi бейнарық, секпiлтөс бейнарық, үлкен бейнарық)

0,010

0,020

2.8)

қасқалдақ, қызғыш, шiлдер (аққұр, тундра шілі, дала шілі, сұр шiл, сақалды шіл), кекiлiк, сұр құр, кептерлер (дыркептер, түзкептер, көк кептер, құз кептер), түркептер (кәдiмгi, үлкен түркептер), шалшықшылар (күржікей, шаушалшық, тауқұдiрет, орман маңқысы, азиялық тауқұдiрет, тау маңқысы, маңқы, жылқышы, үлкен шалшықшы, қасқа шалшықшы, үлкен шырғалақ, кiшi шырғалақ)

0,005

0,010

2.9)

бөдене

0,005

0,010

      * Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерінен басқа.

      Балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №

Су жануарларының түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

бір дара нұсқасы үшін

бір килог-рамы үшін

1

2

3

4

1.

Кәсіпшілік және ғылыми мақсаттарда:



1.1

бекiре тұқымдас балықтар (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, пілмай)


0,064

1.2

майшабақтар (қарынсау, бражников шабағы, қаражон), тікендi балық, камбала, шабақ


0

1.3

албырт балықтар (құбылмалы бақтақ, майқан, хариус)


0,017

1.4

ақсақа балықтар (көкшұбар, көкшарбы, пайдабалық, шыр, мұқсын), ұзын саусақты шаян


0,012

1.5

қаракөз


0,004

1.6

итбалық

1,93


1.7

ірi балықтар:



1.7.1

ақ амур, сазан, тұқы, ақмарқа, берiш, жайын, нәлiм, дөңмаңдай, шортан, жыланбас балық, көксерке


0,013

1.8

ұсақ балықтар:



1.8.1

табан, торта, тұрпа балық, майбалық, көкбас, қызылкөз, аққайран, мөңке, алабұға, оңғақ, кәдiмгi және талас тарғақ балығы, қызылқанат, балпан балық, бiлеу балық, айнакөз, көктыран, қылыш балық, буффало, шармай


0,004

2.

Спорттық-әуесқойлық (рекреациялық) балық аулауды жүргiзу кезiнде:



2.1

алып қоя отырып:



2.1.1

ірі балықтар


0,017

2.1.2

қортпа


6,5

2.1.3

бекіре тұқымдас балықтар


5,5

2.1.4

ақсақа, албырт балықтар


0,042

2.1.5

ұсақ балықтар


0,008

2.1.6

шаян

0,008


2.2

"ұстап алу-қоя беру" қағидаты негізiнде:



2.2.1

ірі балықтар


0,1

2.2.2

бекiре тұқымдас балықтар (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, пілмай)

4,97


2.2.3

ақсақа және албырт балықтар


0,27

2.2.4

ұсақ балықтар


0,068

      Өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулаудан және балық аулаудан басқа) пайдаланылатын жануарлар түрлеріндың пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с

Жануарлардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

бір дара нұсқа-сы үшін

бір килограмы үшін

1

2

3

4

1.

Сүтқоректілер:



1.1

шұбар мысық немесе дала мысығы

0,030

-

1.2

қарақас

0,015

-

2.

Құстар:



2.1

кiшкене, қарамойын, қызылмойын, сұржақ, үлкен сұқсыр, үлкен суқұзғын, үлкен көлбұқа, бақылдақ құтан, көкқұтан және қошқыл құтан

0,010

-

2.2

үлкен аққұтан

0,015

-

2.3

маусымқұс, қошқылқанат және алтынжон татрең, шүрілдек, шаушүрiлдек, моңғол шүрiлдегi, сарысағақ шүрiлдек, шығыс шүрiлдегi, теңiз шүрілдегi, алқалы татрең, тасшарлаған, сутартар, тартар, кiшкене тартар, титтей тартар, қызылқасқа сутартар, дала қарақасы, қарала балшықшы, сауысқан, бұлыңғыр, бөрте балшықшы, үлкен балшықшы, шөпiлдек, тәкiлдек балшықшы, бұлақшы, мамырқұс, қайқытұмсық балшықшы, ақжағал қалытқы, ақтамақ қалытқы, құмғақша, қызылмойын құмдауық, ұзынсаусақ құмдауық, аққұйрық құмдауық, қызылтөс құмдауық, қаратөс құмдауық, бізқұйрық құмдауық, құмқұс, тұнбашы, шабындық және дала қарақасы, сақиналы түркептер, сарыжағал қараторғай, сарытұмсық шауқарға, қараторғай, пайызторғай, қызылтелпектi құнақ, көкқарға, бозторғайлар (айдарлы, теңбiлтөс, нәзіктұмсықты, сұр, сор, дала бозторғайы, қостеңбілді, аққанат, қара, құлақты, орман бозторғайы, шабындық бозторғайы, үнді бозторғайы), қызылтұмсық шауқарға, алабажақ сайрауық

0,005

-

2.4

қаршыға

0,010

-

2.5

қырғи, маубас жапалақ, байғыз, жүнбалақ байғыз, құлақты жапалақ, саз жапалағы, жамансары

0,045

-

3.

Бауырымен жорғалаушылар:



3.1

Орта Азия тасбақасы, саз тасбақасы

0,020

-

3.2

ешкіемер, бат-бат кесiртке, жұмырбас құм кесiртке, сығыркөз

0,010

-

3.3

бозша жылан

0,045

-

3.4

өрнектi қарашұбар жылан, шығыс және құм жыланы

0,035

-

3.5

көлбақа

0,005

-

4.

Омыртқасыз су жануарлары:



4.1

артемия (цисталар)

-

0,045

4.2

гаммарус, шашақ мұрт шаяндар

-

0,010

4.3

сүлiктер

-

0,030

4.4

басқа да су омыртқасыздары мен цисталар

-

0,005

4.5

артемия

-

0,0043

      Ескерту:

      1. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi осы тармақтың мақсаттары үшiн – төлемақы) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану тәртiбiмен жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн алынады.

      2. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны осы жануарларды табиғи ортадан әкетуге рұқсат беру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi әрбiр жеке жағдайда белгiлейдi.

      3. Төлем алынбайды:

      1) жануарларды кейіннен табиғи ортаға жібере отырып, ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда таңбалау, жүзу, қоныстандыру, жасанды өсіру және шағылыстыру мақсатында табиғи ортадан алып қою кезінде;

      2) жеке және заңды тұлғалардың меншiгi болып табылатын, жасанды түрде өсiрiлген және ерiксiз және (немесе) жартылай еркiн жағдайларда ұсталатын жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдаланған кезде;

      3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган балық ресурстарын және су жануарларының өзге де түрлерiн пайдалануды биологиялық негiздеу мақсатында балық және басқа да су жануарларын бақылауды жүзеге асырған кезде;

      4) халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларының ауруларының алдын алу, қоршаған ортаға залал келтiрудi болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметiне елеулi зиян келтiру қаупiн болдырмау мақсатында саны реттелуге жататын жануарлар түрлерiн алып қою кезiнде.

      4. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган және жергiлiктi атқарушы органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей, олардың орналасқан жерi бойынша салық органдарына салық органына есеп айырысуды қамтамасыз ету жөнiндегi мәлiметтердi табыс етедi. уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алымдарды төлеушілер мен салық салу объектілері.

  Бұйрыққа
3-қосымша
  Жануарлар дүниесін
пайдалануға рұқсаттар
беру қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

  (кімге)______________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
көрсетілетін қызметті
берушінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
(кімнен) ___________________
(көрсетілетін қызмет
алушының толық атауы)
мекенжайы __________________
(индексі, облыс, қала,
аудан, көше, үй №,
пәтер № (бар болса), телефон)
көрсетілетін қызмет алушының
деректемелері
___________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі,
жеке сәйкестендіру нөмірі)

Өтінім

      "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат" беруді сұраймын (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу үшін аулау, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау)_____________________________________________________________

      Пайдалану түрі: _________________________________________________________

      Су айдынының және (немесе) учаскесінің атауы______________________________

      Алу мақсаты: ___________________________________________________________

      Алу тәсілдері: ___________________________________________________________

      Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: _________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға қатысатын адамдардың тізімі:__________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      20___жылғы "__"__________ №_____Балық шаруашылығын жүргізу шарты Субъектіні аккредиттеу туралы анықтаманың нөмірі, күні және сериясы (ғылыми-зерттеу үшін аулау жағдайында)

      Мекендеу ортасынан алынуы жоспарланып отырған объектілердің тізбесі мен саны:

Объектілердің атауы

Саны (тонна)

Саны (дарақтар)




      Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): _____

      Aлу мерзімі: ________ бастап______________ дейін

      Болжамды алу учаскесінің ауданы (аумағы) мен шекарасы_______________

      Алу құралы:

Алу құралының атауы

Саны



      Жүзу құралдары:

Кеменің түрі

Саны, дана



      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтінімнің берілген күні 20___жылғы "_"

      _______________________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЭЦҚ)

  Бұйрыққа
4-қосымша
  Жануарлар дүниесін
пайдалануға рұқсаттар
беру қағидаларына
8-қосымша

"Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1. Аң аулау
2. Балық аулау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу үшін аулау, мелиоративтік аулау, өсімін молайту мақсатында аулау
3. Жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияны болдырмау мақсатында пайдалану
4. Жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалану

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Барлық кіші түрлері бойынша:
"электрондық үкіметтің" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Барлық кіші түрлері бойынша:
электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат жануарлар дүниесін арнайы пайдаланудың мынадай түрлеріне беріледі:
1) аң аулау;
2) балық аулау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу мақсатында аулау, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау); 3) жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індетті болдырмау мақсатында пайдалану; 4) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалану.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет ақылы/ақысыз негізде көрсетіледі.
Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес алынады.
Төлем қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізіледі.
Төлемақы сомасы жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алған жер бойынша бюджетке төленеді. Төлеу бюджетке төленуге жататын төлемақы сомасы ағымдағы жылғы кәсіпшілік балық аулау объектілерін алып қою квоталары бойынша айлық есептік көрсеткіштің 350 еселенген мөлшерінен астам сомада асып кеткен кезде кәсіпшілік балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақыны қоспағанда, рұқсат алынғанға дейін екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүргізіледі.
Кәсіпшілік балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу бюджетке төленуге жататын төлемақы сомасы ағымдағы жылғы кәсіпшілік балық аулау объектілерін алып қою квоталары бойынша айлық есептік көрсеткіштің 350 еселенген мөлшерінен астам сомада асып кеткен кезде мынадай мерзімдерде үлестермен жүргізіледі:
ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 20 пайызы;
квота берілген жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 40 пайызы;
квота берілген жылдан кейінгі жылдың 25 маусымына дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 40 пайызы.
Төлемақы:
1) жануарларды кейіннен табиғи ортаға шығара отырып, ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда оларды таңбалау, сақиналау, қоныс аудару, жерсіндіру, жасанды жолмен өсіру және будандастыру мақсатында табиғи ортадан алу кезінде;
2) жеке және заңды тұлғалардың жасанды жолмен өсірілген, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын меншігі болып табылатын жануарлар дүниесі объектілерін пайдалану кезінде; 3) балық ресурстарын және су жануарларының басқа да түрлерін пайдалануға биологиялық негіздеме мақсатында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның балықтар мен басқа да су жануарларын бақылау үшін аулауды жүзеге асыруы кезінде;
4) халықтың денсаулығын қорғау, ауылшаруашылық және басқа да үй жануарларын аурулардан сақтау, қоршаған ортаға залал келтірудің алдын алу, ауылшаруашылық қызметіне елеулі залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қою кезінде алынбайды.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Кодекске сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш:
1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесін пайдалануға (кәсіпшілік балық аулауға, ғылыми-зерттеу үшін аулауға, мелиорациялық аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға) рұқсаттар беру кезінде;
2) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесін пайдалануға (аң аулауға, жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індетті болдырмау мақсатында, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға) рұқсаттар беру кезінде.
Пайдалану түріне байланысты қосымша:
1) аң аулауға (алғаш рет жүгінген кезде): жануарлар дүниесі объектілерін алып қою шетелдіктердің қатысуымен жүргізілген жағдайда – аңшылық шаруашылығы субъектісінің шетелдіктермен аң аулауды ұйымдастыруға арналған шартының электрондық көшірмесі;
2) ғылыми-зерттеу үшін аулауға:
бейіндеуші ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми жұмыстарды жүргізу негіздемесінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық көшірмесі;
жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың болжамды көлемін негіздейтін есептердің электрондық көшірмесі;
бұдан бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есептің электрондық көшірмесі (берілген рұқсаттар жағдайында);
3) мелиорациялық үшін аулауға:
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім.
4) өсімін молайту мақсатында аулауға: балық ресурстарын молайтуға мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында аулау жағдайларын қоспағанда, бейіндеуші ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі;
5) кәсіпшілік үшін аулауға:
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім.
6) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:
жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдардың электрондық көшірмесі (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме) беріледі.
7) жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында пайдалануға:
індет мониторингінен басқа, бейіндеуші ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан үзіндінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық көшірмесі;
індетті болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасында жануарлар аурулары індетінің мониторингі үшін ветеринария саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік ветеринариялық ұйымының жыл сайынғы жұмыс жоспарының электрондық көшірмесі;\
жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдардың электрондық көшірмесі (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме);
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден ЭҮПШ шлюзі арқылы алады.
Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы нәтижені беру күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қойылады және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады;
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

1) ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында рұқсат алу үшін "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысында айқындалған тәртіппен субъектіні ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәліктің болуы қажет.
2) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.