Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 704 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.08.2023 № 704 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасы бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялауды жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 421 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 18, 188-құжат);

      2) "Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы № 460 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 20, 206-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы № 460 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 мамырдағы № 370 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 14, 165-құжат).

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 8 маусымдағы
№ 645 қаулысымен
бекітілген

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасы

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.11.2021 № 834 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін (бұдан әрі – cубъектілер) аккредиттеуден өткізу, аккредиттеуден өткізу үшін құжаттар тапсыру, оларды қарау және ғылым саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) аккредиттеу туралы куәлігін беру тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аккредиттеу туралы куәлік – жеке не заңды тұлға жүзеге асыратын ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті уәкілетті органның ресми тануын растайтын, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжат;

      2) аккредиттеу – нәтижесінде субъектілер болып табылатын заңды және жеке тұлғалар өз қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін ресми тануға ие болу рәсімі.

      3. Мыналар:

      1) заңды тұлға – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

      2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ғылыми ұйымдармен, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен еңбек қатынастарында тұратын ғылыми, инженерлік-техникалық және өзге де қызметкерлер, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті дербес жүзеге асыратын ғалымдар субъектілер болып табылады.

      4. Ғылыми-техникалық қызмет негізгі қызмет түрі болып табылмайтын, құрылымында ғылыми бөлімшелері бар ұйымдар өздерінің құрылтай құжаттарында бекітілген міндеттерді шешу мақсатында аккредиттеу туралы куәлік алу үшін уәкілетті органда аккредиттеуден өте алады.

      5. Субъектілерді аккредиттеу олардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      6. Уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәлік алған, сондай-ақ куәліктердің қолданысын тоқтатқан аккредиттелген субъектілердің уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылған деректер базасын қалыптастырады.

2-тарау. Аккредиттеуді өткізу тәртібі

      7. Жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеуді өткізу тәртібі "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 196 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20626 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 196 бұйрық) сәйкес жүзеге асырылады.

      Аккредиттеуді алу үшін жеке тұлғалар уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) № 196 бұйрыққа сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке куәліктің, жоғары білім туралы дипломның; магистр дипломының және (немесе) ғылыми дәрежені (ғылым кандидаты, ғылым докторы), философия докторының (PhD) дәрежесін, бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломның және (немесе) қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағын беру туралы аттестаттың (дипломның) (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында білім саласындағы заңнамаға сәйкес танылады) көшірмелері;

      3) соңғы 5 жылда жарияланған ғылыми мақалалар: техникалық және жаратылыстану ғылымдары үшін кемінде 1 (бір) халықаралық патент немесе Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда немесе Scopus деректер базасында ғылыми салалардың ең болмағанда біреуі бойынша CiteScore бойынша кемінде 35 процентиль көрсеткіші бар басылымдарда 1 (бір) мақала; әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар үшін Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар немесе Web of Science Core Collection деректер базасында (Arts and Humanities Citation Index, Science Citation Index Expanded, Social Sciences Citation Index бөлімінде) индекстелетін басылымдарда кемінде 1 (бір) мақала, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми журналда кемінде 3 (үш) мақала.

      Заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүзеге асыру кезінде осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлікті алу шарттарына сәйкестігін бағалау (балл) шкаласы (заңды тұлғалар үшін) бойынша балдық жүйе негізінде сәйкестігіне бағалау жүргізіледі.

      Аккредиттеуден өту үшін шекті балл 22 (жиырма екі) балды құрайды және әрбір өлшемшарт бойынша шекті бағалар болып табылады.

      Бұл ретте заңды тұлғаның филиалдарын (өкілдіктерін) аккредиттеу ұйымның құрамында жүргізіледі.

      8. Аккредиттеу туралы куәлік 5 (бес) жыл мерзімге беріледі.

      Аккредиттеу туралы куәлік:

      заңды тұлғаға – басшыға немесе сенімхат негізінде уәкілетті тұлғаға қол қою арқылы;

      жеке тұлғаға – тікелей өтініш берушіге немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға немесе өкілеттігі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 68-бабына сәйкес ресімделген оның өкіліне беріледі.

      9. Уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәлік бланкілерінің дайындалуын, есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етеді.

      10. Аккредиттеу туралы куәліктің мерзімі өткенге дейін оның қолданысы мынадай:

      1) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған (бөліп шығару және бөлу нысанында) немесе таратылған;

      2) куәліктің қолданысын тоқтату туралы субъектінің жазбаша өтініші болған;

      3) аккредиттеу туралы куәлікті алған жеке тұлға қайтыс болған (белгілі бір салада жұмыспен байланысты субъектінің арнайы құқықтан айырылуына негіз болған соттың әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген) жағдайларда тоқтатылады.

  Ғылыми және (немесе) ғылыми-
  техникалық қызмет субъектілерін
  аккредиттеу қағидасына
  1-қосымша

Аккредиттеу туралы куәлік

      Нұр-Сұлтан қ. 20__ ж. "___" "__________"

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес

      ______________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы / жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса))

      ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде бес жыл мерзімге аккредиттелді. Куәлік мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар конкурстарына қатысу үшін беріледі.

      Уәкілетті орган

      М. О.

      Сериясы _______ № _____

  Ғылыми және (немесе) ғылыми-
  техникалық қызмет субъектілерін
  аккредиттеу қағидасына
  2-қосымша

Аккредиттеу туралы куәлікті алу шарттарына сәйкестігін бағалау (балл) шкаласы (заңды тұлғалар үшін)

Р/с № Өлшенетін өлшемшарттар Көрсеткіштер Көрсеткіштің мәні, бірлік, Npi Бағалау, балл, Qi Шекті балл (Pi(min) ) Бірліктің нақты саны (Nfi) Баллдың нақты саны (Fi)
1 2 3 4 5 6 7 8

1

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын, ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелері бар, қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағы бар, сондай-ақ магистр академиялық дәрежесі бар қызметкерлер туралы мәліметтер

1) ғылым докторы

2 бірлікке дейін

2

4



3 және одан көп бірлік

3

2) ғылым кандидаты

2 бірлікке дейін

2


3 және одан көп бірлік

 
3

3) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор

2 бірлікке дейін

2


3 және одан көп бірлік

 
3

4) қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор

2 бірлікке дейін

2


3 және одан көп бірлік

 
3

5) магистр

2 бірлікке дейін

1


3 және одан көп бірлік

 
2

2

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті жабдықталған халықаралық және (немесе) республикалық деңгейдегі зертханалардың болуы туралы мәліметтер (зертханалардың болуын қажет етпейтін гуманитарлық, әлеуметтік және экономикалық ғылымдардан басқа)

1) зерттеу жұмыстарына арналған зертхананың болуы

1 бірлік

1

1



2 және одан көп бірлік

2

2) сертификатталған немесе аттестатталған (аккредиттелген) зертхананың болуы:




халықаралық деңгейде

1 бірлік

2


2 және одан көп бірлік

3

республикалық деңгейде

1 бірлік

1


2 және одан көп бірлік

2

3

Қызметкердің соңғы 5 (бес) жылда біліктілігін арттыру туралы мәліметтер

1) халықаралық деңгейде

2 бірлікке дейін

1

1 балл



3 және одан көп бірлік

2

2) республикалық деңгейде

2 бірлікке дейін

1


3 және одан көп бірлік

2

4

Соңғы 5 (бес) жылдағы ҒЗЖ қаржыландыру және ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды орындау туралы мәліметтер

1) гранттық қаржыландыру

1
бірлік

2

4 балл



2 және одан көп бірлік

3

2) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру

1
бірлік

2


2 және одан көп бірлік

3

3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға гранттар

1
бірлік

2


2 және одан көп бірлік

3

4) өзге көздерден гранттар (коммерцияландыру жобалары халықаралық ұйымдар мен қорлардың және т.б. қаржыландыруы)

1
бірлік

2


2 және одан көп бірлік

3

5) меншікті қаражат

1
бірлік

2


2 және одан көп бірлік

3

6) өзге көздер (бизнес, үкіметтік емес қорлар мен
ұйымдар қаржыландыратын бағдарламалар мен жобалар)

1
бірлік

2


2 және одан көп бірлік

3

5

Соңғы 5 (бес) жылдағы зияткерлік меншік объектілері туралы мәліметтер

1) қорғау құжаттары

1
бірлік

2

2 балл



2 және одан көп бірлік

3

2) авторлық құқық

1
бірлік

2


2 және одан көп бірлік

3

3) халықаралық патент, лицензиялық келісімдер

1
бірлік

2


2 және одан көп бірлік

3

6

Соңғы 5 (бес) жылда жарияланған ғылыми жұмыстар туралы мәліметтер

1) Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша 1, 2 және 3 квартильге кіретін халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда немесе Scopus деректер базасында ғылыми салалардың ең болмағанда біреуі бойынша CiteScore бойынша кемінде 35 процентиль көрсеткіші бар басылымдарда мақала, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында Clarivate Analytics компаниясының Web of Science Core Collection деректер базасында индекстелетін журналдарда (Arts and Humanities Citation Index, Science Citation Index Expanded, Social Sciences Citation Index бөлімінде) мақала

2 бірліктен

3

10 балл



3 және одан көп бірлік

4

2) РҒДИ индекстелетін ғылыми журналдардағы және басқа да нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық базалардағы ғылыми мақалалар

2 бірлік

2



3 және одан көп бірлік

3

3) ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған ғылыми басылымдардағы ғылыми мақалалар

2 бірлік

2


3 және одан көп бірлік

3

4) конференциялар, форумдар, съездер, симпозиумдар, конгрестер бойынша материалдар

2 бірлік

2


3 және одан көп бірлік

3

5) монографиялар, оқулықтар, құралдар, әдістемелік құжаттар

2 бірлік

2


3 және одан көп бірлік

3

 

Барлығы:

 

22 балл

 

 

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      * ҒЗЖ – ғылыми-зерттеу жұмысы;

      * РҒДИ – Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі;

      * БҒМ БҒСБК – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті.

      Аккредиттеуден өту үшін шекті деңгей 1-формула бойынша айқындалады:



      мұндағы Рmin – шекті балл, Pi(min) – белгіленген i өлшемшарттары бойынша шекті балл, n – өлшемшарттар саны, i= 1,2,3,4,5,6

      Өлшемшарттар бойынша шекті деңгей 2-формула бойынша анықталады:



      мұндағы Npi – i-көрсеткішінің мәні, бірлік, Qi – балмен бағалау.

      Егер өтініш берушінің бағалау өлшемшарттары бойынша көрсеткіштерінің нақты мәндері шекті мәннен жоғары болса, бағалау балы 3, 4-формулаларға сәйкес 1 балға (+1) ұлғайтылады.



      мұндағы Pi(min+1) – i-көрсеткіш (min+1) бойынша жиынтық балл, Npi i-көрсеткішінің, бірліктің мәні, Qi +1 – балмен бағалау.



      мұндағы Рmin+1 – жиынтық балл, Pi(min+1) – белгіленген i өлшемшарттары бойынша балдар, n – өлшемшарттар саны, i= 1,2,3,4,5,6

      ______________________