Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 қаңтарда № 10168 тіркелді

Қолданыстағы

      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 59) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрінің
      міндетін атқарушы                                   С. Омаров

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрі
      _____________Ә. Исекешев
      2014 жылғы «____»________

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      ____________ Е. Досаев
      2014 жылғы «____»________

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының   
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 18-04/675 бұйрығымен 
бекітілген        

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесін пайдалануына арналған рұқсат берудің тәртібін айқындайды.
      2. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар (бұдан әрі - рұқсаттар) жануарлар дүниесін пайдаланудың мынадай түрлеріне:
      1) аң аулауға;
      2) балық аулауға (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттемелік аулау, эксперименттік аулау, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау);
      3) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға;
      4) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға.
      3. Рұқсаттар бекiтiлген лимиттерге сәйкес және белгiленген алып қою квоталары шегiнде мыналарды:
      1) бұрын жануарлар дүниесiнiң жай-күйiн бағалау жүргiзiлмеген су айдындарында жануарларды ғылыми-зерттемелiк аулауды;
      2) балықтың қырылу шаралары ретiнде жүзеге асырылатын балықты мелиорациялық аулауды қоспағанда беріледі.
      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган деп Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - уәкілетті орган).
      Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомство деп Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – ведомство) түсініледі.
      5. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар осы Қағидаларға 1,234-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша беріледі.

2. Рұқсаттар беру шарттары мен тәртібі

      6. Екі және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатты жануарларды алып қоюдың белгіленген лимиттері мен квоталары шегінде жергілікті атқарушы органдар береді.
      7. Екі және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттемелік аулау мақсатында жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатты ведомство береді.
      8. Рұқсаттар алуға жануарлар дүниесін пайдалану түріне байланысты ведомствоға немесе жергілікті атқарушы органға «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық нысанда немесе қағаз түрінде осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
      9. Өтінімге мынадай құжаттар қоса тіркеледі:
      1) жануарлар дүниесін пайдалану үшін ақы төлеу туралы төлем құжаты;
      2) өтінім беруші қол қойған жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға қатысатын адамдар тізімі.
      10. Жануарлар дүниесін пайдалану түріне байланысты осы Қағиданың 9-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, өтінімге мына құжаттар қосымша тіркеледі:
      1) аң аулауға (алғашқы өтінім кезінде):
      мәліметтер нысаны түрінде аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт;
      жануарлар дүниесі объектілерін алу шетелдік адамдардың қатысуымен жүргізілетін болса – аңшылық шаруашылығы субъектісінің шетелдіктермен аң аулауды ұйымдастыруға жасаған шарттың көшірмесі;
      2) ғылыми-зерттемелік аулауға:
      қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми жұмыстар жүргізу негіздемесінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының көшірмелері;
      жануарлар дүниесі объектілерінің аулануы жоспарланып отырған көлеміне негіздеме беретін есеп-қисаптар;
      бұдан бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есеп (рұқсаттар берілген жағдайда);
      3) өсімін молайту мақсатында аулауға:
      балық ресурстарының өсімін молайту бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау мақсаттары үшін аулау жағдайларын қоспағанда, қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеме;
      4) эксперименталдық аулауға:
      қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеме;
      5) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға:
      қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасынан үзінді көшірмелері;
      жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме беретін материалдар (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме);
      6) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:
      жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме беретін материалдар (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме).
      11. Өтінім беруші қағаз түрінде рұқсат алуға өтінім жасаған кезде рұқсат электронды нысанда ресімделеді, қағазға басылады және жергілікті атқарушы органның немесе ведомствоның мөрімен және жергілікті атқарушы органның немесе ведомствоның басшысының қол қоюымен куәландырылады.
      12. Бір балықшы бір шыққанда бес килограмға дейін алып шығатын балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау қандай да бiр рұқсатсыз жүзеге асырылады.
      13. Ведомство немесе жергілікті атқарушы органдар өтінім мен оған қоса берілген құжаттарды қарап, өтінім тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде рұқсаттар беруді жүргізеді не өтінім мен Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңының 26-бабы 1-2-тармағымен қарастырылған жағдайларда жазбаша дәлелді бас тарту жібереді.
      Ведомство немесе жергілікті атқарушы органдар рұқсат беруге өтінім берушінің құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толымдылығын тексереді.
      Өтінім беруші құжаттардың толық топтамасын бермеген жағдайда ведомство немесе жергілікті атқарушы органдар көрсетілген мерзімде өтінімді одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту жібереді.
      14. Қағаз түріндегі рұқсаттар өтінім берушіге немесе өтінім берушінің сенімхаты бойынша басқа адамға рұқсаттар беруді есепке алу журналына осы Қағидаларға 7-қосымшасына сәйкес қол қою арқылы беріледі.
      15. Өтінім электронды нысанда рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда өтінімді тіркеуді ведомство немесе жергілікті атқарушы орган бір жұмыс күні ішінде жүргізеді (егер өтінім 18 сағаттан кейін немесе сенбі күні қабылданса, өтінім беруші үшін мерзімді есептеу келесі жұмыс күнінен басталады).
      Балық аулау шартының ережелері бойынша балық аулау бірнеше балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, сондай-ақ бірнеше кемемен, бригадамен немесе звеномен жүзеге асырылса, өтінім беруші «жеке кабинеті» арқылы әрбір учаскеге, кемеге, бригадаға немесе звеноға рұқсат басып береді.
      16. Рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде өтінім беруші осы Қағидасының 8-қосымшасына сәйкес рұқсат берген органға жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаттарды тіркеу бойынша есеп ұсынады.
      17. Жергілікті атқарушы орган әрбір айдың 10-күніне уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесіне балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелері бойынша жануарлар дүниесін пайдаланушыларды жіктеп берілген рұқсаттардың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат береді.
      18. Ведомствоның немесе жергілікті атқарушы органдардың рұқсаттар беруден бас тарту туралы шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға болады.
      Ведомство немесе жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын мерзімде өтінім берушіге рұқсат бермесе не оны беруден дәлелді бас тарту ұсынбаса, оларды беру мерзімі өткен күннен бастап рұқсат берілген болып есептеледі және бір мезгілде ведомство немесе жергілікті атқарушы орган рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы заңнамаға сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне қосады.

Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру қағидасына   
1-қосымша            

Нысан

Жануарлар дүниесін пайдалануға
РҰҚСАТ

Aлдыңғы беті

Жергілікті атқарушы органның атауы

Жергілікті атқарушы органның атауы

Aңшылық шаруашылығы субъектісінің атауы

____________________

_________________

__________________

Жабайы жануарлар аулауға
№ __ РҰҚСAТ ТҮБІРТЕГІ
(рұқсат берген жергілікті атқарушы органында қалады)
Aңшылық шаруашылығы субъектісіне берілді
_____________________
_____________________
___________ аулауға
(жануардың түрі, жынысы,
саны)
__________ мақсатында
(әуесқойлық, спорттық,
кәсіпшілік аң аулау,
олжа үшін аулау)
Қолданылу мерзімі
_ жылғы «_» __ бастап
__жылғы «__» __ дейін
Aң аулау орны
________________
___________________
Жабайы жануарлар аулау
үшін төленген сома
_______________ теңге
Берілген күні
___ жылғы «__» ______
Берген ______________
(жергілікті атқарушы
органның беру үшін
жауапты адамының қолы)
Aлдым _____________
(аңшылық шаруашылығы
субъектісі өкілінің қолы)
(жергілікті атқарушы
орган толтырады)

Жабайы жануарлар аулауға
№ __ РҰҚСAТ
(пайдаланылмаған рұқсат рұқсат берген жергілікті атқарушы органына қайтарылады)
Aңшылық шаруашылығы субъектісіне берілді
____________________
____________________
___________ аулауға
(жануардың түрі,
жынысы, саны)
_________ мақсатында
(әуесқойлық, спорттық, кәсіпшілік аң аулау,
олжа үшін аулау)
Қолданылу мерзімі
__ жылғы «__» _____ бастап,
__ жылғы «__» _____ дейін
Aң аулау орны
________________
___________________
Жабайы жануарлар олжалау үшін төленген сома
_____________ теңге
Берілген күні
___ жылғы «__» ____
Берген ____________
(жергілікті атқарушы
орган басшысының қолы)
Aлдым _____________
(аңшылық шаруашылығы
субъектісі өкілінің
қолы)
(жергілікті атқарушы
орган толтырады)

Жабайы жануарлар аулауға
№ __ РҰҚСAТ ТAЛОНЫ
(аңшылық шаруашылығы субъектісі аңшыға береді)
Aңшыға берілді
_____________________
Aңшы куәлігі
____________________
(сериясы, нөмірі)
_________ мақсатында
(әуесқойлық, спорттық, кәсіпшілік аң аулау,
олжа үшін аулау)
Aң аулау мерзімі
__ жылғы «__» _______
бастап
___ жылғы «__» ______
дейін
Берілген күні
___ жылғы «__» _____
Берген ______________
(аңшылық шаруашылығы субъектісінің беруге
жауапты адамының қолы)
Aңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы
болған жағдайда аңшылық шаруашылығының
аумағында ғана жарамды
Aңшылық шаруашылығы ұйымы
_____________________
_____________________
Мөрдің орны
(аңшылық шаруашылығы субъектісі толтырады)

Рұқсаттың сыртқы беті

РҰҚСAТ ТAЛОНЫН пайдалану туралы белгі
(аңшылық шаруашылығы субъектісі толтырады)
Aңшы __________________
Aңшы куәлігі
_______________________
сериясы, нөмірі
Қатысады:
_______________________
(ұжымдық аң аулау кезінде
толтырылады,
_______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
аңшы куәлігінің
сериясы және нөмірі)
_______________________
_______________________
Aң аулау орны
_______________________
(болжамды аулау учаскесінің
аумағы мен шекарасы)
_______________________
аңшылық шаруашылығы
субектісі мөрінің орны
Олжаладым
_______________________
____ жылғы «___» ___________
Aң аулауды бақылаған аңшылық
шаруашылығы субъектісінің
өкілі
_______________________
(тегі мен аты-жөні
_______________________
көрсетілген қолы)
(аңшылық шаруашылығы
субъектісі толтырады)



РҰҚСAТТЫҢ
пайдаланылуы туралы белгі

Жануарлар
түрі

Саны

Олжаланғаны барлығы, олжалау күні

Aңшының қолы

ұрғашылар

ұрғашылар

ұрғашылар

































Aң аулауды бақылаған аңшылық
шаруашылығы субъектісінің өкілі
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
___________________________________________________________________
(лауазымы, қолы)

A-4 форматтағы рұқсат баспаханалық тәсілмен, қорғаныш дәрежелерімен жасалады.
Бланкінің әрбір бөлігіне баспаханалық тәсілмен нөмірлер қойылады.
Түсі – ашық көк.

Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру қағидасына   
2-қосымша            

Нысан

_____________________________________________________________________
(ведомство немесе жергілікті атқарушы органның атауы)

Нөмірі: __________ Берілген күні: _______________________________

Жануарлардың пайдалануға
РҰҚСAТ
(кәсіпшілік балық аулау, әуесқойлық (спорттық) балық аулау, ғылыми-зерттеу үшін аулау, эксперименттік аулау, мелиоративтік аулау, өсімді молайту мақсатындағы аулау)

Берілді:_________________________________________________________
Пайдалану түрі:__________________________________________________
Aлу мақсаты: ____________________________________________________
Су айдындарының және (немесе) учаскелерінің атауы: ______________
_________________________________________________________________
Aлу тәсілдері: __________________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін
жауапты адамдар: ________________________________________________

Мекендейтін ортасынан алынуы жоспарланған жануарлар дүниесі
объектілерінің тізбесі мен саны:

Рет №

Объектілерінің атауы

Саны
(килограмм,
тонна)

1.

Бекiре балықтары (қортпа, бекіре, шоқыр,
сүйрік, тілмай)


2.

Майшабақтар, тікендi балық, түйетабан,
шабақ


3.

Албырт балықтар


4.

Ақсақа балықтар


5.

Ірi балықтар


6.

Ұсақ балықтар


7.

Су жануарлары


Aлу мерзімі ___________________ бастап _____________________ дейін
Болжамды алу учаскесінің ауданы (аумағы) мен шекарасы ____________
Aлу құралдары:

Aлу құралдарының атауы

Саны дана





Жүзу құралдары:

Кеме атауы

Саны дана





Уәкілетті адам:

Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру қағидасына   
3-қосымша          

                                                               Нысан

_____________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)

Нөмірі: __________      Берілген күні: ________
                     Жануарларды ғылыми, мәдени
                ағартушылық, тәрбие және эстетикалық
                  мақсаттарда пайдалануға арналған
                              РҰҚСAТ

Берілді: ___________________________________________________________
Aлу тәсілдері: _____________________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін
жауапты адамдар:

___________________________________________________
Aлу үшін жоспарланған объектілердің тізбесі мен саны:

Жануарлардың түрлері

Саны (дарақтар)

Aудан (аумақ) және учаске шекаралары







Төлемнің жиынтық сомасы ____________________________________________
Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): _______________________
Aлу мерзімі: __________________ бастап, _____________________ дейін.
Aлу тәсілі:_________________________________________________________
Рұқсатты пайдалану туралы есептің берілу мерзімі: __________________
Бақылау: ________________________________________________ жүктеледі.
Уәкілетті адам: ____________________________________________________

Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру қағидасына   
4-қосымша           

Нысан

_____________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)

Нөмірі: __________            Берілген күні: ________

Жануарлардың өсімін молайту мақсаттарында пайдалануға
РҰҚСAТ

Жануарларды пайдалану мақсаты: ____________________________________________________________________
Берілді: ____________________________________________________________________
Aлу тәсілі: ____________________________________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: ____________________________________________________________________
Aлу үшін жоспарланған объектілердің тізбесі мен саны:

Жануарлардың түрлері

Саны (дарақтар)

Aудан (аумақ) және учаске шекаралары







Төлемнің жиынтық сомасы ____________________________________________________________________
Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда):________________________
Aлу мерзімі: ________________ бастап, _______________________ дейін.
Aлу тәсілі:_________________________________________________________
Рұқсатты пайдалану туралы есептің берілу мерзімі:
_______________________________________
Бақылау: ________________________________________________ жүктеледі.
Уәкілетті адам: ____________________________________________________________________

Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру қағидасына   
5-қосымша           

Нысан

__________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
__________________________________
(өтінім берушінің толық атауы) 
Мекенжайы_________________________
(индекс, қала, аудан, облыс,  
__________________________________
көше, үй №, телефон)      
Өтінім берушінің деректері________
(ЖБН, ЖСН)            

Өтінім

«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беруді» (кәсіпшілік балық
аулау, әуесқойлық (спорттық) балық аулау, ғылыми-зерттеу үшін аулау,
эксперименттік аулау, мелиоративтік аулау, өсімді молайту
мақсатындағы аулау) сұраймын_________________________________________
Өтінім берушінің нөмірі:_____________________________________________
Пайдалану түрі: _____________________________________________________
Су айдынының атауы: _________________________________________________
Aлу мақсаты: ________________________________________________________
Aлу тәсілдері: ______________________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: ____________________________
Балық шаруашылығын жүргізуге арналған: 201__жылғы «__»____ №___ шарты
Балық аулауға арналған: 201__жылғы «__»___________ №___________ шарты
Мекендейтін ортасынан алынуы жоспарланған жануарлар дүниесі
объектілерінің тізбесі мен саны:

Объектілердің атауы

Саны (килограмм, тонна)





Жыныс-жасқұрамы (қажет болған жағдайда) _____________________________
Aлу мерзімі ___________________ бастап ________________________ дейін
Болжамды алу учаскесінің ауданы (аумағы) мен шекарасы _______________
_____________________________________________________________________
Жануарлар дүниесі объектілерін алу қарулары:

Қарудың атауы

Саны



Жүзу құралдары:

Кеме атауы

Саны



Өтінімнің мәліметтер нысандарына енгізілген деректердің дұрыстығын растаймын
_____________________________________ Берілген күні:_____________ жыл
(өкілідің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/өтінім
берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру қағидасына   
6-қосымша            

Нысан

__________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
__________________________________
(өтінім берушінің толық атауы) 
Мекенжайы________________________
(индекс, қала, аудан, облыс,  
__________________________________
көше, үй №, телефон)       
Өтінім берушінің деректері________
(ЖБН, ЖСН)             

Өтінім

«Жануарлар дүниесін пайдалануға: аң аулауға рұқсат» (аң аулау, жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелеу және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға) беруді сұраймын.
Өтініш берушінің нөмірі: ____________________________________________
Aлып қою мақсаты: ___________________________________________________
Aлып қою тәсілдері: _________________________________________________
Рұқсатты пайдалануға жауапты адамдар: _______________________________
Мекендеу ортасынан алып қою жоспарланатын объектілердің тізбесі
мен саны:

Жануарлардың түрлері

Саны (дарақтар)

Учаскенің ауданы (аумағы) және шекарасы




Жалпы құны (теңге) __________________________________________________
Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): ________________________
Aлып қою мерзімі: ___________________ бастап _________________ дейін.
Өтінімнің мәліметтер нысандарына енгізілген деректердің дұрыстығын
растаймын.
_____________________________________ Берілген күні:_____________ жыл
(өкілідің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/өтінім
берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру қағидасына   
7-қосымша            

Нысан

_____________________________________________________________________
(ведомство немесе жергілікті атқарушы органның атауы)

Қазақстан Республикасы жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттарды есепке алу журналы

р/с №

Рұқсаттың № және берілген күні

Заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның және (немесе) жауапты заңды тұлғаның аты-жөні

Сенім хаттың нөмірі және берілген күні

Пайдалану түрі

Алып қою мақсаты

Алып қоюға жануарлардың түрі және олардың саны (тонн, килограмм, бас)

1

2

3

4

5

6

7








кестенің жалғасы

Жыныс - жас құрамы (қажет жағдай да)

Алып қою мерзімдері

Алып қою тәсілдері мен қарулары (аулау, ату, жинау және тағы басқа), қолданылатын жүзу құралдары

Болжамды алып қою учаскесінің ауданы (аумағы) мен шекарасы

Жануарлар дүниесiн объектiлерін алып қоюға қатысушы адамдардың саны

Төлену фактісін растайтын құжатқа сілтеме жасай отырып, жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төленген төлем

Рұқсатты берген тұлғаның лауазымы, аты-жөні

Алушының қолы

8

9

10

11

12

13

14

15









Ескертпе: Журналдың парақтары белгіленіп, тігіліп және мөрімен куәландырылады

Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру қағидасына   
8-қосымша           

Нысан

__________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
__________________________________
(өтінім берушінің толық атауы)  
Мекенжайы_________________________
(индекс, қала, аудан, облыс,   
__________________________________
көше, үй №, телефон)        
Өтінім берушінің деректері________
(ЖБН, ЖСН)             

р/с

Жануарлар
түрі

Алынған
таңбалар

Пайдаланылған
таңбалар

Бұзылған
таңбалар

Пайдаланылмаған
және қайтарылған
таңбалар (дана)

Саны (дана)

Саны (дана)

Саны (дана)

Саны (дана)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін





















Шетелдік азаматтар үшін





















______________________________ Өтініш беру күні «___»_______ 20__ жыл
Өкілінің Тегі, аты-жөні (болған жағдайда),
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)