"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 59) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
_____________Ә. Исекешев
2014 жылғы "____"________
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
____________ Е. Досаев
2014 жылғы "____"________
Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрінің | |
міндетін атқарушының | |
2014 жылғы 19 желтоқсандағы | |
№ 18-04/675 бұйрығымен | |
бекітілген |
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.08. 2020 № 203-ө (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) сәйкес әзірленді және жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аң аулау – аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн мекендейтiн ортасынан алуды жүзеге асыру арқылы жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану түрi;
2) балық аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау;
3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомство – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – ведомство).
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 15.11.2022 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар (бұдан әрі – рұқсаттар) жануарлар дүниесін арнайы пайдаланудың мына түрлеріне беріледі:
1) аң аулау;
2) балық аулау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау);
3) жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында пайдалану;
4) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалану.
4. Аң аулауға, кәсіпшілік аулауға, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу, мелиорациялық аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында пайдалануға, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға рұқсаттар:
1) бұдан бұрын жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жүргізілмеген су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулауды;
2) қырылуға қарсы іс-шара ретінде жүзеге асырылатын мелиорациялық аулауды қоспағанда, бекітілген лимиттерге сәйкес және белгіленген алып қою квоталары шегінде беріледі.
5. Аң аулауға, кәсіпшілік аулауға, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу, мелиорациялық аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында пайдалануға, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға рұқсаттар осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша беріледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
6. Мемлекеттік қызметті:
екі және одан да көп облыстардың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулауды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар жануарларды алудың белгіленген лимиттері мен квоталары шегінде;
екі және одан да көп облыстарда орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында рұқсатты ведомство (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
7. Бір балықшы бір барғанда бес килограммға дейін балық аулай отырып, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау қандай да бір рұқсатсыз жүзеге асырылады.
8. Ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында рұқсат алу үшін "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында айқындалған тәртіппен субъектіні ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәліктің болуы қажет.
Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-комуникациялық инфрақұрылымның операторына және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 15.11.2022 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысанда жазылған.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 15.11.2022 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің қарауына жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 84-бабына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық-цифрлы қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында өтінімді одан әрі қараудан дәлелді бас тарту дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
11. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды өтінімде көрсетілген деректер мен мәліметтердің және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің сәйкестігі тұрғысынан қарайды және өтінім келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 8-қосымшада жазылған.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші оң нәтиже немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 15.11.2022 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сатысы туралы деректердің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
13. Егер балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың талаптары бойынша балық аулау бірнеше балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учакелерінде, сондай-ақ бірнеше кемеде, бригадада немесе буындарда жүзеге асырылатын болса, өтініш беруші "жеке кабинет" арқылы кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу, мелиорациялық аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде аулауға әрбір учаскеге, кемеге, бригадаға немесе буынға жеке-жеке рұқсатты басып шығарады.
Әрбір учаскеге, кемеге, бригадаға немесе буынға басып шығарылған рұқсат уәкілетті орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган берген рұқсаттың телнұсқасы болып табылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.10.2021 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде өтінім беруші осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес рұқсат берген органға жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаттарды есепке алу бойынша есеп береді.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
15. "Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.10.2021 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына | |
1-қосымша | |
Нысан |
____________________________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы) (наименование местного исполнительного органа)
Жануарлар дүниесін пайдалануға РҰҚСАТ №_______________ РАЗРЕШЕНИЕ на пользование животным миром (аң аулауға)
Атқарушы органның мөрі /Место печати местного исполнительного органа______________________________________________________________ (Төменгі бөлігін аңшыға рұқсат берген ұйым толтырады/заполняется организацией, получившей разрешение на пользование животным миром) 2. Аңшы/охотник___________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болса) / (фамилия, имя, отчество (при его наличии) Аңшы куәлігі (сериясы, нөмірі, берілген күні)/удостоверение охотника (серия, номер, дата выдачи)________________________________________________ |
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
______________________________________________________________ (ведомствоның немесе жергілікті атқарушы органның атауы)
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 15.11.2022 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нөмірі: __________ Берілген күні: __________ Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат (кәсіпшілік аулау, әуесқойлық (спорттық) аулау, ғылыми-зерттемелік аулау, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау)
Берілді:_____________________________________________________________
Пайдалану түрі:______________________________________________________
Aлу мақсаты: ________________________________________________________
Су айдынының және (немесе) учаскенің атауы: ___________________________
____________________________________________________________________
Aлу тәсілдері: ________________________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: _____________________________
Мекендейтін ортасынан алынуы жоспарланған жануарлар дүниесі объектілерінің тізбесі мен саны:
№ | Объектілерінің атауы | Саны (килограмм, тонна, дарақтар) |
1 | бекiре балықтары (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, тілмай) | |
2 | майшабақтар, тікендi балық, түйетабан, шабақ | |
3 | албырт балықтар | |
4 | ақсақа балықтар | |
5 | ірi балықтар | |
6 | ұсақ балықтар | |
7 | су жануарлары |
Aлу мерзімі ___________________ бастап _____________________ дейін
Болжамды алу учаскесінің ауданы (аумағы) мен шекарасы ____________
Aлу құралдары:
Aлу құралдарының атауы | Саны дана |
Жүзу құралдары:
Кеме атауы | Саны дана |
Уәкілетті тұлға:_____________________________________________
Жануарлар дүниесін | |
пайдалануға рұқсаттар | |
беру қағидаларына | |
3-қосымша | |
Нысан |
________________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы)
Нөмірі:_______ Берілген күні:_________
Жануарлар дүниесін ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында пайдалануға арналған рұқсат
Берілді: ______________________________________________________________
Пайдалану түрі ________________________________________________________
Алу мақсаты __________________________________________________________
Алу тәсілдері _________________________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар:______________________________
Алынуы жоспарланып отырған объектілердің тізбесі мен саны:
Жануар түрі | Саны (дарақтар) | Aудан (аумақ) және учаске шекаралары |
Төлемнің жиынтық сомасы ___________________________________________
Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): ________________________
Aлу мерзімі: ________________ бастап _______________________ дейін
Aлу тәсілі:_________________________________________________________
Рұқсатты пайдалану туралы есептің берілетін мерзімі: ___________________
Бақылау:_______________________________________________ жүктеледі.
Уәкілетті тұлға:____________________________________________________
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына | |
4-қосымша | |
Нысан |
_______________________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы)
Нөмірі: __________ Берілген күні: ________
Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда):________________________ Aлу мерзімі: ________________ бастап, _______________________ дейін. Aлу тәсілі:_________________________________________________________ Рұқсатты пайдалану туралы есептің берілу мерзімі: Бақылау: ________________________________________________ жүктеледі. Уәкілетті адам: ____________________________________________________ |
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына 5-қосымша |
Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 15.11.2022 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасында кәсіпшілік, әуесқойлық және спорттық аң аулауды жүргізу кезінде төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
№ | Жабайы жануарлардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемесі, бір дара нұсқасы үшін (айлық есептік көрсеткі) | |
Кәсіпшілік аң аулау | Әуесқойлық және спорттық аң аулау | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Сүтқоректілер: | ||
1.1) | бұлан (еркегі) | - | 16 |
1.2) | бұлан (ұрғашысы) | - | 11 |
1.3) | бұлан (бір жасар төлі) | - | 6 |
1.4) | марал (еркегі) | - | 13 |
1.5) | марал (ұрғашысы) | - | 7 |
1.6) | марал (бір жасар төлі) | - | 4 |
1.7) | аскания бұғысы (еркегі) | - | 9 |
1.8) | аскания бұғысы (ұрғашысы) | - | 5 |
1.9) | аскания бұғысы (бір жасар төлі) | - | 3,5 |
1.10) | елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, еркегі) | - | 4 |
1.11) | елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, бір жасар төлі) | - | 3 |
1.12) | елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, еркегі) | - | 3 |
1.13) | елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, бір жасар төлі) | - | 2 |
1.14) | сiбiр тау ешкiсi (еркегі) | - | 4 |
1.15) | сiбiр тау ешкiсi (ұрғашысы, бір жасар төлі) | - | 3,5 |
1.16) | құдыр | - | 2 |
1.17) | қабан (еркегі) | - | 4 |
1.18) | қабан (ұрғашысы, бір жасар төлі) | - | 3 |
1.19) | киiк (еркегі) | 4 | 5 |
1.20) | киiк (ұрғашысы, бір жасар төлі) | 3 | 4 |
1.21) | қоңыр аю (Тянь-Шань аюынан басқа) | - | 14 |
1.22) | өзен құндызы, кәмшат (ортаазиялықтан басқа) | 1 | 2 |
1.23) | бұлғын | 2 | 4 |
1.24) | суырлар (Мензбир суырынан басқа) | 0,060 | 0,12 |
1.25) | ондатр | 0,045 | 0,9 |
1.26) | борсық, түлкi | 0,10 | 0,20 |
1.27) | қарсақ | 0,045 | 0,10 |
1.28) | америкалық су күзенi | 0,12 | 0,25 |
1.29) | сiлеусiн (Түркiстан сілеусінінен басқа) | - | 0,45 |
1.30) | қояндар (құмқоян, орқоян, ақ қоян) | 0,010 | 0,045 |
1.31) | жанат тектес ит, шайқағыш жанат, құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, кәдімгі тиiн | 0,020 | 0,35 |
1.32) | саршұнақ (құм саршұнағы) | 0,015 | 0,025 |
1.33) | қасқыр | 0 | 0 |
1.34) | шибөрі | 0 | 0 |
2. | Құстар | ||
2.1) | маймақ қаз (қызыл жемсаулы, қара жемсаулы) | 0,015 | 0,030 |
2.2) | саңырау құр | - | 0,15 |
2.3) | құр | - | 0,055 |
2.4) | Гималай ұлары | - | 0,20 |
2.5) | қырғауыл | 0,020 | 0,060 |
2.6) | қаздар* (сұр қаз, ақмаңдайлы қаз, қырманқаз), қарашақаз | 0,020 | 0,045 |
2.7) | үйректер* (сарыалақаз, италақаз, барылдауық, қырылдақ шүрегей, ысылдақ шүрегей, боз үйрек, сары айдар үйрек, қылқұйрық, даурықпа шүрегей, жалпақ тұмсық, қызылтұмсық сүңгуiр, бізқұйрық сүңгуiр, айдарлы сүңгуiр, теңіз сүңгуiрі, ұшқыр үйрек, сусылдақ, мамыққаз, қара тұрпан, кiшi бейнарық, секпiлтөс бейнарық, үлкен бейнарық) | 0,010 | 0,020 |
2.8) | қасқалдақ, қызғыш, шiлдер (аққұр, тундра шілі, дала шілі, сұр шiл, сақалды шіл), кекiлiк, сұр құр, кептерлер (дыркептер, түзкептер, көк кептер, құз кептер), түркептер (кәдiмгi, үлкен түркептер), шалшықшылар (күржікей, шаушалшық, тауқұдiрет, орман маңқысы, азиялық тауқұдiрет, тау маңқысы, маңқы, жылқышы, үлкен шалшықшы, қасқа шалшықшы, үлкен шырғалақ, кiшi шырғалақ) | 0,005 | 0,010 |
2.9) | бөдене | 0,005 | 0,010 |
* Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерінен басқа.
Балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Су жануарларының түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | |
бір дара нұсқасы үшін | бір килог-рамы үшін | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Кәсіпшілік және ғылыми мақсаттарда: | ||
1.1 | бекiре тұқымдас балықтар (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, пілмай) | 0,064 | |
1.2 | майшабақтар (қарынсау, бражников шабағы, қаражон), тікендi балық, камбала, шабақ | 0 | |
1.3 | албырт балықтар (құбылмалы бақтақ, майқан, хариус) | 0,017 | |
1.4 | ақсақа балықтар (көкшұбар, көкшарбы, пайдабалық, шыр, мұқсын), ұзын саусақты шаян | 0,012 | |
1.5 | қаракөз | 0,004 | |
1.6 | итбалық | 1,93 | |
1.7 | ірi балықтар: | ||
1.7.1 | ақ амур, сазан, тұқы, ақмарқа, берiш, жайын, нәлiм, дөңмаңдай, шортан, жыланбас балық, көксерке | 0,013 | |
1.8 | ұсақ балықтар: | ||
1.8.1 | табан, торта, тұрпа балық, майбалық, көкбас, қызылкөз, аққайран, мөңке, алабұға, оңғақ, кәдiмгi және талас тарғақ балығы, қызылқанат, балпан балық, бiлеу балық, айнакөз, көктыран, қылыш балық, буффало, шармай | 0,004 | |
2. | Спорттық-әуесқойлық (рекреациялық) балық аулауды жүргiзу кезiнде: | ||
2.1 | алып қоя отырып: | ||
2.1.1 | ірі балықтар | 0,017 | |
2.1.2 | қортпа | 6,5 | |
2.1.3 | бекіре тұқымдас балықтар | 5,5 | |
2.1.4 | ақсақа, албырт балықтар | 0,042 | |
2.1.5 | ұсақ балықтар | 0,008 | |
2.1.6 | шаян | 0,008 | |
2.2 | "ұстап алу-қоя беру" қағидаты негізiнде: | ||
2.2.1 | ірі балықтар | 0,1 | |
2.2.2 | бекiре тұқымдас балықтар (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, пілмай) | 4,97 | |
2.2.3 | ақсақа және албырт балықтар | 0,27 | |
2.2.4 | ұсақ балықтар | 0,068 |
Өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулаудан және балық аулаудан басқа) пайдаланылатын жануарлар түрлеріндың пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с | Жануарлардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | |
бір дара нұсқа-сы үшін | бір килограмы үшін | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Сүтқоректілер: | ||
1.1 | шұбар мысық немесе дала мысығы | 0,030 | - |
1.2 | қарақас | 0,015 | - |
2. | Құстар: | ||
2.1 | кiшкене, қарамойын, қызылмойын, сұржақ, үлкен сұқсыр, үлкен суқұзғын, үлкен көлбұқа, бақылдақ құтан, көкқұтан және қошқыл құтан | 0,010 | - |
2.2 | үлкен аққұтан | 0,015 | - |
2.3 | маусымқұс, қошқылқанат және алтынжон татрең, шүрілдек, шаушүрiлдек, моңғол шүрiлдегi, сарысағақ шүрiлдек, шығыс шүрiлдегi, теңiз шүрілдегi, алқалы татрең, тасшарлаған, сутартар, тартар, кiшкене тартар, титтей тартар, қызылқасқа сутартар, дала қарақасы, қарала балшықшы, сауысқан, бұлыңғыр, бөрте балшықшы, үлкен балшықшы, шөпiлдек, тәкiлдек балшықшы, бұлақшы, мамырқұс, қайқытұмсық балшықшы, ақжағал қалытқы, ақтамақ қалытқы, құмғақша, қызылмойын құмдауық, ұзынсаусақ құмдауық, аққұйрық құмдауық, қызылтөс құмдауық, қаратөс құмдауық, бізқұйрық құмдауық, құмқұс, тұнбашы, шабындық және дала қарақасы, сақиналы түркептер, сарыжағал қараторғай, сарытұмсық шауқарға, қараторғай, пайызторғай, қызылтелпектi құнақ, көкқарға, бозторғайлар (айдарлы, теңбiлтөс, нәзіктұмсықты, сұр, сор, дала бозторғайы, қостеңбілді, аққанат, қара, құлақты, орман бозторғайы, шабындық бозторғайы, үнді бозторғайы), қызылтұмсық шауқарға, алабажақ сайрауық | 0,005 | - |
2.4 | қаршыға | 0,010 | - |
2.5 | қырғи, маубас жапалақ, байғыз, жүнбалақ байғыз, құлақты жапалақ, саз жапалағы, жамансары | 0,045 | - |
3. | Бауырымен жорғалаушылар: | ||
3.1 | Орта Азия тасбақасы, саз тасбақасы | 0,020 | - |
3.2 | ешкіемер, бат-бат кесiртке, жұмырбас құм кесiртке, сығыркөз | 0,010 | - |
3.3 | бозша жылан | 0,045 | - |
3.4 | өрнектi қарашұбар жылан, шығыс және құм жыланы | 0,035 | - |
3.5 | көлбақа | 0,005 | - |
4. | Омыртқасыз су жануарлары: | ||
4.1 | артемия (цисталар) | - | 0,045 |
4.2 | гаммарус, шашақ мұрт шаяндар | - | 0,010 |
4.3 | сүлiктер | - | 0,030 |
4.4 | басқа да су омыртқасыздары мен цисталар | - | 0,005 |
4.5 | артемия | - | 0,0043 |
Ескерту:
1. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi осы тармақтың мақсаттары үшiн – төлемақы) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану тәртiбiмен жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн алынады.
2. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны осы жануарларды табиғи ортадан әкетуге рұқсат беру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi әрбiр жеке жағдайда белгiлейдi.
3. Төлем алынбайды:
1) жануарларды кейіннен табиғи ортаға жібере отырып, ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда таңбалау, жүзу, қоныстандыру, жасанды өсіру және шағылыстыру мақсатында табиғи ортадан алып қою кезінде;
2) жеке және заңды тұлғалардың меншiгi болып табылатын, жасанды түрде өсiрiлген және ерiксiз және (немесе) жартылай еркiн жағдайларда ұсталатын жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдаланған кезде;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган балық ресурстарын және су жануарларының өзге де түрлерiн пайдалануды биологиялық негiздеу мақсатында балық және басқа да су жануарларын бақылауды жүзеге асырған кезде;
4) халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларының ауруларының алдын алу, қоршаған ортаға залал келтiрудi болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметiне елеулi зиян келтiру қаупiн болдырмау мақсатында саны реттелуге жататын жануарлар түрлерiн алып қою кезiнде.
4. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган және жергiлiктi атқарушы органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей, олардың орналасқан жерi бойынша салық органдарына салық органына есеп айырысуды қамтамасыз ету жөнiндегi мәлiметтердi табыс етедi. уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алымдарды төлеушілер мен салық салу объектілері.
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
(кімге)______________________ (заңды тұлғаның толық атауы, көрсетілетін қызметті берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (кімнен) ___________________ (көрсетілетін қызмет алушының толық атауы) мекенжайы __________________ (индексі, облыс, қала, аудан, көше, үй №, пәтер № (бар болса), телефон) көрсетілетін қызмет алушының деректемелері ___________________________ (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі) |
Өтінім
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 15.11.2022 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат" беруді сұраймын (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу үшін аулау, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау)_____________________________________________________________
Пайдалану түрі: _________________________________________________________
Су айдынының және (немесе) учаскесінің атауы______________________________
Алу мақсаты: ___________________________________________________________
Алу тәсілдері: ___________________________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: _________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға қатысатын адамдардың тізімі:__________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
20___жылғы "__"__________ №_____Балық шаруашылығын жүргізу шарты Субъектіні аккредиттеу туралы анықтаманың нөмірі, күні және сериясы (ғылыми-зерттеу үшін аулау жағдайында)
Мекендеу ортасынан алынуы жоспарланып отырған объектілердің тізбесі мен саны:
Объектілердің атауы | Саны (тонна) | Саны (дарақтар) |
Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): _____
Aлу мерзімі: ________ бастап______________ дейін
Болжамды алу учаскесінің ауданы (аумағы) мен шекарасы_______________
Алу құралы:
Алу құралының атауы | Саны |
Жүзу құралдары:
Кеменің түрі | Саны, дана |
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтінімнің берілген күні 20___жылғы "_"
_______________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЭЦҚ)
Өтінім
"Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат" беруді сұраймын (аң аулауға, өсімін молайту мақсатына, жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында пайдалануға)
__________________________________________________________________
Пайдалану түрі: ____________________________________________________
Алу мақсаты: ______________________________________________________
Алу тәсілдері:______________________________________________________
Аңшылық шаруашылығын жүргізу шартының нөмірі мен күні:____________
__________________________________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар:____________________________
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Аң аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға қатысатын адамдардың тізімі:___________________________________________________
_____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Мекендеу ортасынан алу үшін жоспарланып отырған объектілердің тізбесі мен саны:
Жануарлардың түрлері | Саны (дарақтар) | Aудан (аумақ) және учаске шекарасы |
---|---|---|
Жалпы құны (теңге)__________________________________________________
Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда):_________________________
Aлу мерзімі: ________________ бастап _______________________ дейін.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтінімнің берілген күні 20___жылғы "_" ________________
_____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЭЦҚ)
ЗҚАИ-ның ескертпесі!8-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 07.02.2023 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін) бұйрығымен.
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына 8-қосымша |
Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 15.11.2022 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
Барлық кіші түрлері бойынша: |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 3 (үш) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Барлық кіші түрлері бойынша: |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат жануарлар дүниесін арнайы пайдаланудың мынадай түрлеріне беріледі: |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет ақылы/ақысыз негізде көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
1) ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында рұқсат алу үшін "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысында айқындалған тәртіппен субъектіні ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәліктің болуы қажет. |
(индексі, қала, аудан, облыс, көше, | |
үй №, телефон) | |
Өтінім берушінің деректемелері | |
_______________________________________________ | |
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі, | |
жеке сәйкестендіру нөмірі) |
Жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаттарды есепке алу бойынша есептілік
р/с № | Жануарлар түрі | Алынған рұқсат бланкілері | Пайдаланылған рұқсат бланкілері | Бүлінген рұқсат бланкілері | Пайдаланылмаған және қайтарылған рұқсат бланкілері (дана) | ||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
№ | Саны (дана) | № | Саны (дана) | № | Саны (дана) | № | Саны (дана) | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін | |||||||||
2. Шетелдік азаматтар үшін | |||||||||
_______________________________________Берілген күні:____________жыл (Өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)