Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 35 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 8 ақпанда № 31873 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтары тізбесінің 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрі
З. Сулейменова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Цифрлық

      даму, инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2023 жылғы 7 ақпандағы
№ 35 Бұйрықпен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) № 10168):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қағидаларында:

      осы Қағидаларға 8-қосымша осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.10.2025 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. "Балық аулау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10606 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген балық аулау қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Балық аулау қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аншлаг –өсімді молайту учаскелері мен тыныштық аймақтарының, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің атауы мен шекараларын, сондай-ақ аңшылыққа және балық аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарды көрсететін маңдайша жазу;

      2) аумақтық бөлімшелер – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары;

      3) балықшы – бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде өзінің еңбек міндеттемелеріне қарай балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісінің қызметкері;

      4) балық аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау;

      5) балық аулаушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әуесқойлық (спорттық) балық аулау құқығын алған жеке тұлға;

      6) балықтардың көбею кезеңі – белгілі бір балық түрінің уылдырық шашатын уақыт кезеңі;

      7) балықтың кәсіпшілік мөлшері – тұмсығының ұшынан құйрық қанатының орталық жарықшағы негізіне дейін өлшенетін (аузы жабық кезде) аулауға жол берілетін балық өлшемі;

      8) балықтардың қырылуы – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының су айдынының және (немесе) учаскесінің гидрохимиялық және өзге де режимінің бұзылуынан туындаған жаппай қырылуы;

      9) балықтың қырылу қаупі бар су айдыны және (немесе) учаскесі – балық шаруашылығының балық әлсін-әлсін қырылуға ұшырайтын су айдыны және (немесе) учаскесі;

      10) балықтардың өріс аударуы – балықтардың бір мекендеу ортасынан екінші ортаға жаппай ауысуы;

      11) балық ресурстары және басқа да су жануарлары – сулы ортада мекендейтін барлық жануардың жалпы жиынтығы, оның ішінде өсімдіктерді қоспағанда, су биологиялық ресурстары;

      12) балық шаруашылығы – Заңның 9-бабы 1-тармағының 26) тармақшасына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғаумен, өсімін молайтумен, акваөсірумен, балық өсірумен, балық аулаумен, сондай-ақ қайта өңдеумен және өткізумен байланысты шаруашылық қызмет түрі;

      13) балық шаруашылығы субъектісі – қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;

      14) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қоры – жануарлар дүниесін пайдаланушыларға бекітіліп берілмеген балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері;

      15) ведомство – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті;

      16) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат – жеке және заңды тұлғаларға жануарлар дүниесін пайдалануға, сондай-ақ жануарлар дүниесінің ұстап алынған объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде аңшылық және балық аулау олжаларын әкетуге және өткізуге құқық беретін, "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығымен белгіленген (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10168 тіркелген) нысан бойынша құжат;

      17) жануарлар дүниесін пайдаланушылар – Заңға сәйкес жануарлар дүниесін пайдалану құқығы берілген жеке және заңды тұлғалар;

      18) ихтиологиялық байқаулар – балық шаруашылығы су айдыны ихтиофаунасының жай-күйі туралы деректерді жинау және зерделеу;

      19) кездейсоқ ауланым – рұқсаттарда көрсетілмеген балықтар мен басқа да су жануарлары түрлерінің дара нұсқалары және (немесе) белгіленген кәсіпшілік мөлшерден кішірек балық түсетін ауланымның бір бөлігі;

      20) қорықшылық қызмет – Заңның 9-бабы 1-тармағының 66) тармақшасына сәйкес балық шаруашылығы субъектілерінің бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      21) қыстау шұңқыры – қысқы кезеңде балықтардың су айдыны түбінің шұңқырларында жаппай жинақталатын орны;

      22) рекреациалық балық аулау аймағы – Заңның 10-бабы 2-тармағының 5-8) тармақшасына сәйкес әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы орган белгіленген тәртіппен айқындайтын балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің және оған іргелес жағалау белдеуінің учаскесі;

      23) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі;

      24) уылдырық шашу – балықтардың жетілген уылдырықты шашу процесі және оның кейіннен ұрықтануы;

      25) ұйық (ұйықтық учаске) – су айдынының және оған іргелес жағалау белдеуінің шектеулі су акваториясы бар, өзеннің және өзге де ағынды су айдынының кәсіпшілік балық аулау мұқтажына арналып, бейімделген учаскесі;

      26) шаяндардың кәсіпшілік мөлшері – көзінің ортасынан құйрық тілімшесінің аяғына дейін өлшенетін аулауға жол берілетін шаяндардың өлшемі;

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыратын адамдар әрбір аулауды аумақтық бөлімшелер белгілейтін балық қабылдау пунктінде кәсіпшілік журналына тіркейді.

      Кәсіпшілік журналы тігіледі және нөмірленеді, балық шаруашылығы субъектісінің немесе жануарлар дүниесі пайдаланушысының қолымен бекітіледі және аумақтық бөлімшенің мөрімен куәландырылады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау қармақтардың барлық жүйелерімен және атауларымен (жылтырауық, қармақ, жыртқыш балықтарды аулауға арналған қармақтар, спиннингтер), су асты аңшылығына арналған қарумен, сондай-ақ бір балық аулаушыға үш данадан аспайтын шаяндар мен басқа да су жануарларын аулауға арналған арнайы аспаптармен, қақпандармен және секреттермен жүргізіледі.

      Су астындағы аң аулауға арналған арнайы жапқыш құрылғылар мен мылтықтар халықтың демалыс аймағынан тыс жерлерде, сондай-ақ жануарлар дүниесін пайдаланушы арнайы орындарда белгілеген бекітілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) рекреациялық балық аулауға арналған учаскелерде пайдаланылады.";

      26-тармақ алып тасталсын.

      4. "Аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымда № 18-03/578 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11780 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы Үлгілік ережеде:

      8-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "8. Аңшылық және балық шаруашылығының қорықшылық қызметіне он сегіз жасқа толған тұлғалар қабылданады.";

      5. "Балық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-05/290 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10946 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген балық шаруашылығын жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы балық шаруашылығын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығын жүргізу тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіте отырып, балық шаруашылығын жүргізу құқығы облыстың жергілікті атқарушы органының балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту туралы шешімі, ведомствоның аумақтық бөлімшесі мен жануарлар дүниесін пайдаланушы арасында жасалатын балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт негізінде Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына беріледі.".

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрі
2023 жылғы 7 ақпандағы
№ 35
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
Жануарлар дүниесін
пайдалануға рұқсаттар беру
қағидаларына
8-қосымша

"Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1. Аңшылық
2. Балық аулау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу аулау, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау)
3. Жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияның алдын алу мақсатында пайдалану
4. Жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалану

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Барлық кіші түрлері бойынша:
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Барлық кіші түрлері бойынша:
электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар жануарлар дүниесін арнайы пайдаланудың мынадай түрлеріне беріледі:
1) аңшылық;
2) балық аулау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу аулау, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау);
3) жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияның алдын алу мақсатында пайдалану;
4) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалану.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Барлық кіші түрлері бойынша:
Мемлекеттік қызмет ақылы /тегін негізде көрсетіледі.
Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Төлем екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай – ақ портал арқылы қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі, төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі –ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
Кодекстің 583-бабына сәйкес төлемақы сомасы жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алған жер бойынша бюджетке төленеді.
Төлемақы сомасы жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алған жер бойынша бюджетке төленеді. Төлеу бюджетке төленуге жататын төлемақы сомасы ағымдағы жылғы кәсіпшілік балық аулау объектілерін алып қою квоталары бойынша айлық есептік көрсеткіштің 350 еселенген мөлшерінен астам сомада асып кеткен кезде кәсіпшілік балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақыны қоспағанда, рұқсат алынғанға дейін екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүргізіледі.
Кәсіпшілік балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу бюджетке төленуге жататын төлемақы сомасы ағымдағы жылғы кәсіпшілік балық аулау объектілерін алып қою квоталары бойынша айлық есептік көрсеткіштің 350 еселенген мөлшерінен астам сомада асып кеткен кезде мынадай мерзімдерде үлестермен жүргізіледі:
ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 20 пайызы;
квота берілген жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 40 пайызы;
квота берілген жылдан кейінгі жылдың 25 маусымына дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 40 пайызы.
Төлем екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай – ақ портал арқылы қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі, төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі –ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
Кодекстің 580-бабының 3 – тармағына сәйкес ақы алынбайды:
1) жануарларды таңбалау, айналып өту, қоныс аудару, акклиматтандыру, жасанды өсіру және оларды кейіннен табиғи ортаға шығара отырып, ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда кесіп өту мақсаттары үшін табиғи ортадан алып қою кезінде;
2) жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын, жасанды жолмен өсірілетін және тұтқында және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарлар дүниесі объектілерін пайдалану кезінде;
3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган балық ресурстарын және су жануарларының басқа да түрлерін пайдалануға биологиялық негіздеме мақсатында балықтар мен басқа да су жануарларын бақылап аулауды жүзеге асырған кезде;
4) халықтың денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларының ауруларынан қорғау, қоршаған ортаға залалды болғызбау, ауыл шаруашылығы қызметіне елеулі залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қою кезінде жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінім:
1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесін пайдалануға (кәсіпшілік балық аулауға, ғылыми-зерттеу аулауға, мелиорациялық аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға) рұқсат беру кезінде;
2) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесін пайдалануға (аң аулауға, жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда пайдалануға, сондай-ақ эпизоотияны болғызбау мақсатында, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға) рұқсат беру кезінде.
Пайдалану түріне байланысты қосымша:
1) аң аулауға (алғашқы жүгінген кезде):
егер жануарлар дүниесі объектілерін алып қою шетелдіктердің қатысуымен жүргізілсе – аң аулауды ұйымдастыруға шетелдіктермен аңшылық шаруашылығы субъектісінің шартының электрондық көшірмесі;
2) ғылыми-зерттеу аулауға:
ғылыми жұмыстарды жүргізу негіздемесінің және ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасының электрондық көшірмесі;
бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есептің электрондық көшірмесі (берілген рұқсаттар жағдайында);
3) мелиорациялық аулауға:
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім.
4) өсімін молайту мақсатында аулауға:
балық ресурстарын молықтыруға мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында аулау жағдайларын қоспағанда, биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі;
5) кәсіптік аулауға:
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім.
6) жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалануға:
эпизоотиялық мониторингтен басқа ғылыми-тақырыптық жоспардан және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасынан үзінді көшірменің электрондық көшірмесі;
эпизоотияны болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасында жануарлар ауруларының эпизоотиялық мониторингі үшін ветеринария саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік ветеринариялық ұйымының жыл сайынғы жұмыс жоспарының электрондық көшірмесі;
жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың негіздеуші материалдарының электрондық көшірмесі (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен биологиялық негіздеме);
7) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:
жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың негіздеуші материалдарының электрондық көшірмесі (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен биологиялық негіздеме).
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы мәліметтерді, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін ақы төлеу туралы құжатты көрсетілетін қызметті беруші ЭҮТШ арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.
Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды беру кезінде көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" Портал арқылы нәтижені беру күні көрсетіле отырып, Мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оның орнындағы адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады;
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

1) ғылыми-зерттеу мақсатында рұқсат алу үшін "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 Қаулысында айқындалған тәртіппен субъектіні ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәліктің болуы қажет.
2) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі болады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "Жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.10.2025 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.