Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 қаңтарда № 10168 тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.08. 2020 № 203-ө (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 59) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________Ә. Исекешев

      2014 жылғы "____"________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Е. Досаев

      2014 жылғы "____"________



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 18-04/675 бұйрығымен
бекітілген

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесін пайдалануына арналған рұқсат берудің тәртібін айқындайды.

      2. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар (бұдан әрі - рұқсаттар) жануарлар дүниесін арнайы пайдаланудың мынадай түрлеріне:

      1) аң аулауға;

      2) балық аулауға (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттемелік аулау, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау);

      3) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияны болдырмау мақсатында пайдалануға;

      4) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға беріледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Рұқсаттар бекiтiлген лимиттерге сәйкес және белгiленген алып қою квоталары шегiнде мыналарды:

      1) бұрын жануарлар дүниесiнiң жай-күйiн бағалау жүргiзiлмеген су айдындарында жануарларды ғылыми-зерттемелiк аулауды;

      2) балықтың қырылу шаралары ретiнде жүзеге асырылатын балықты мелиорациялық аулауды қоспағанда беріледі.

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган деп Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - уәкілетті орган).

      Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомство деп Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – ведомство) түсініледі.

      5. Рұқсаттар осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша беріледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Рұқсаттар беру шарттары мен тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Екі және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттемелік аулауды қоспағанда, рұқсаттарды жануарларды алудың белгіленген лимиттері мен квоталары шегінде жергілікті атқарушы органдар береді.

      Екі және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттемелік аулау мақсатындағы рұқсатты ведомство береді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Ғылыми-зерттемелік аулау мақсатындағы рұқсатты алу үшін "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысында айқындалған тәртіппен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде субъектіні аккредиттеу туралы куәлік болуы қажет.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Өтінім жануарлар дүниесін пайдалану түріне байланысты "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін ақы төлеу туралы төлем құжатының электрондық көшірмесі;

      2) өтінім беруші қол қойған, аң аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға қатысатын тұлғалар тізімінің электрондық көшірмесі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Жануарлар дүниесін пайдалану түріне байланысты осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) аң аулауға (алғашқы жүгіну кезінде):

      жануарлар дүниесі объектілерін алу шетелдіктердің қатысуымен жүргізілетін болса - аңшылық шаруашылығы субъектісінің шетелдіктермен аң аулауды ұйымдастыруға арналған шартының электрондық көшірмесі;

      2) ғылыми-зерттемелік аулауға:

      қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми жұмыстар жүргізу негіздемесінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық көшірмелері;

      жануарлар дүниесі объектілерін алудың болжанып отырған көлемін негіздейтін есептемелердің электрондық көшірмелері;

      бұдан бұрын берілген рұқсаттарды (рұқсаттар берілген жағдайда) пайдалану нәтижелері туралы есептің электрондық көшірмесі;

      3) өсімін молайту мақсатында аулауға:

      балық ресурстарының өсімін молайтуға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау мақсаттары үшін аулау жағдайларын қоспағанда, қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі;

      4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияны болдырмау мақсатында пайдалануға:

      эпизоотиялық мониторингтен басқа, қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасынан алынған үзіндінің электрондық көшірмесі;

      Қазақстан Республикасында жануарлардың ауруларын эпизоотиялық мониторингтеу үшін ветеринария саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік ветеринариялық ұйымының жыл сайынғы жұмыс жоспарының электрондық көшірмесі;

      жануарлар дүниесі объектілерін алуды негіздейтін материалдардың (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеменің) электрондық көшірмелері;

      5) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:

      жануарлар дүниесі объектілерін алуды негіздейтін материалдардың (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеменің) электрондық көшірмелері.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Бір балықшы бір шыққанда бес килограмға дейін алып шығатын балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау қандай да бiр рұқсатсыз жүзеге асырылады.

      13. Өтінімді порталда тіркеуді ведомство немесе жергілікті атқарушы орган ол келіп түскен уақыттан бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізеді (егер, өтiнiм сағат 18.00-ден кейiн немесе сенбi күнi қабылданса, онда өтінім беруші үшiн мерзiмдi есептеу келесi жұмыс күнi басталады).

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Ведомство немесе жергілікті атқарушы органдар өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды өтінім келіп түскен уақыттан бастап үш жұмыс күні ішінде қарап, рұқсаттар береді немесе портал арқылы электрондық түрде уәжді бас тарту жолдайды.

      Ведомство немесе жергілікті атқарушы органдар өтінім берушінің құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, ведомство немесе жергілікті атқарушы органдар көрсетілген мерзімде өтінімді одан әрі қараудан уәжді бас тарту жібереді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Рұқсаттарды беруді есепке алу осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес журналда жүргізіледі.

      Егер, балық аулауға арналған шарттың талаптары бойынша балық аулау бірнеше балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде, сондай-ақ бірнеше кемемен, бригадамен немесе звеномен жүзеге асырылатын болса, өтінім беруші "жеке кабинеті" арқылы әрбір учаскеге, кемеге, бригадаға немесе звеноға рұқсат басып шығарады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде өтінім беруші осы Қағидасының 8-қосымшасына сәйкес рұқсат берген органға жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаттарды тіркеу бойынша есеп ұсынады.

      17. Жергілікті атқарушы орган әрбір айдың 10-күніне уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесіне балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелері бойынша жануарлар дүниесін пайдаланушыларды жіктеп берілген рұқсаттардың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат береді.

      18. Ведомствоның немесе жергілікті атқарушы органдардың рұқсаттар беруден бас тарту туралы шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға болады.

      Ведомство немесе жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын мерзімде өтінім берушіге рұқсат бермесе не оны беруден дәлелді бас тарту ұсынбаса, оларды беру мерзімі өткен күннен бастап рұқсат берілген болып есептеледі және бір мезгілде ведомство немесе жергілікті атқарушы орган рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы заңнамаға сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне қосады.

  Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсаттар беру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      ____________________________________________________

      (жергілікті атқарушы органның атауы)

      (наименование местного исполнительного органа)

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.08.2015 № 18-03/725 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

жануарлар дүниесін пайдалануға

РҰҚСАТ

№_______________

РАЗРЕШЕНИЕ

на пользование животным миром

1. Берілді/выдано:______________________________________________________

(ұйымның атауы және заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жеке

тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және жеке сәйкестендіру

нөмірі/

наименование организации и бизнес-идентификационный номер

юридического лица, фамилия, имя, отчество (при его наличии) и

индивидуальный идентификационный номер физического лица)

Аң аулау орны (аңшылық шаруашылығы, учаске)/

место охоты (охотничье хозяйство, участок)

_____________________________________________________________________

Аулау мақсаты: (әуесқойлық (спорттық), кәсіпшілік аң аулау, ұстап алу/

цель изъятия: (любительская (спортивная), промысловая охота, добыча трофея) ________

_____________________________________________________________________

Ұстап аланатын жануарлар дүниесі объектілері / добываемые объекты животного мира

Жануар түрі/

вид животного

Жыныстық-жас құрамы (қоңыр аю, тұяқты жануарлар және қажет болған жағдайда құс үшін жыныстық жас құрамы)/

половозрастной состав (для бурого медведя, копытных животных, и в случае необходимости для дичи)

Саны (дарақ)/

количество (особей)

Алып қою мерзімі/

сроки изъятия




___ж. "__" _______

___ж. "__" _______

с "__" ___ ______г

по "__"___ ______г


Берілген күні / дата выдачи "____" _____________ ________ж./г.

Берген / выдал:_______________________________________________

Атқарушы органның мөрі орны/ Место печати местного исполнительного органа

_____________________________________________________________________

(Жануарлар дүниесін пайдалауға рұқсат алған ұйым толтырады/

заполняется организацией, получившей разрешение на пользование

животным миром)

2. Аңшы/охотник______________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) /

(фамилия, имя, отчество (при его наличии)

Аңшы куәлігі (сериясы, нөмірі, берілген күні)/

удостоверение охотника (серия, номер, дата выдачи)

_____________________________________________________________________

  Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру қағидасына
2-қосымша

      Нысан

      _____________________________________________________________________

      (ведомство немесе жергілікті атқарушы органның атауы)

Нөмірі: __________ Берілген күні: _______________________________

Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат (кәсіпшілік аулау, әуесқойлық (спорттық) аулау, ғылыми-зерттемелік аулау, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау)

Ескерту. 2-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Берілді:_________________________________________________________

Пайдалану түрі:__________________________________________________

Aлу мақсаты: ____________________________________________________

Су айдындарының және (немесе) учаскелерінің атауы: ______________

_________________________________________________________________

Aлу тәсілдері: __________________________________________________

Рұқсатты пайдалану үшін

жауапты адамдар: ________________________________________________

Мекендейтін ортасынан алынуы жоспарланған жануарлар дүниесі

объектілерінің тізбесі мен саны:

Рет №

Объектілерінің атауы

Саны

(килограмм,

тонна)

1.

Бекiре балықтары (қортпа, бекіре, шоқыр,

сүйрік, тілмай)


2.

Майшабақтар, тікендi балық, түйетабан,

шабақ


3.

Албырт балықтар


4.

Ақсақа балықтар


5.

Ірi балықтар


6.

Ұсақ балықтар


7.

Су жануарлары



Aлу мерзімі ___________________ бастап _____________________ дейін

Болжамды алу учаскесінің ауданы (аумағы) мен шекарасы ____________

Aлу құралдары:

Aлу құралдарының атауы

Саны дана






Жүзу құралдары:

Кеме атауы

Саны дана






Уәкілетті адам:

  Жануарлар дүниесін
пайдалануға рұқсат беру
қағидаларына
3-қосымша
Нысан

      ____________________________________________________________________

      (жергілікті атқарушы органның атауы)

      Нөмірі:_______                                          Берілген күні_________

      Жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ
            эпизоотияның алдын алу мақсатында пайдалануға арналған рұқсат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Берілді: _________________________________________________________________________

      Пайдалану түрі __________________________________________________________________

      Алу мақсаты _____________________________________________________________________

      Алу тәсілдері ____________________________________________________________________

      Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар:__________________________________________

      Алынуы жоспарланып отырған объектілердің тізбесі мен саны:

Жануар түрі

Саны (дарақтар)

Aудан (аумақ) және учаске шекаралары







      Төлемнің жиынтық сомасы ________________________________________________________

      Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): _____________________________________

      Aлу мерзімі: ________________ бастап _______________________ дейін

      Aлу тәсілі:_______________________________________________________________________

      Рұқсатты пайдалану туралы есептің берілетін мерзімі: __________________________________

      Бақылау:_______________________________________________________________ жүктеледі.

      Уәкілетті адам: __________________________________________________________________

  Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру қағидасына
4-қосымша

      Нысан

      _____________________________________________________________________

      (жергілікті атқарушы органның атауы)

Нөмірі: __________ Берілген күні: ________

Жануарлардың өсімін молайту мақсаттарында пайдалануға

РҰҚСAТ

Жануарларды пайдалану мақсаты: ____________________________________________________________________

Берілді: ____________________________________________________________________

Aлу тәсілі: ____________________________________________________________________

Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: ____________________________________________________________________

Aлу үшін жоспарланған объектілердің тізбесі мен саны:

Жануарлардың түрлері

Саны (дарақтар)

Aудан (аумақ) және учаске шекаралары








Төлемнің жиынтық сомасы ____________________________________________________________________

Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда):________________________

Aлу мерзімі: ________________ бастап, _______________________ дейін.

Aлу тәсілі:_________________________________________________________

Рұқсатты пайдалану туралы есептің берілу мерзімі:

_______________________________________

Бақылау: ________________________________________________ жүктеледі.

Уәкілетті адам: ____________________________________________________________________

  Жануарлар дүниесін
пайдалануға рұқсат беру
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  (кімге)______________________
(ведомствоның немесе
жергілікті атқарушы органның
толық атауы)
(кімнен)_____________________
(өтінім берушінің толық атауы)
мекенжайы__________________
(индексі, облыс, қала,
аудан, көше, үй №, пәтер №
(бар болса), телефон)
өтінім берушінің деректемелері
___________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі,
жеке сәйкестендіру нөмірі)

Өтінім

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатты" беруді сұраймын (кәсіпшілік,

      әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттемелік аулау, мелиорациялық аулау, өсімді молайту мақсатында аулау)

      ________________________________________________________________________________

      Пайдалану түрі:__________________________________________________________________

      Су айдынының және (немесе) учаскенің атауы: ________________________________________

      Aлу мақсаты: ____________________________________________________________________

      Aлу тәсілдері: ___________________________________________________________________

      Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: __________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Балық шаруашылығын жүргізуге арналған 201__жылғы "__"____ №___ шарт

      Аккредиттелу туралы куәліктің нөмірі, күні және сериясы (ғылыми-зерттемелік

      аулау жағдайында) _______________________________________________________________

      Мекендеу ортасынан алынуы жоспарланып отырған объектілердің тізбесі мен саны:

Объектілердің атауы

Мөлшері (тонна)



      Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда) _____________________

      Aлу мерзімі ___________________ бастап ______________________ дейін

      Болжанып отырған алу ауданы (аумағы) мен учаскесінің шекарасы:

      ________________________________________________________________________________

      Алу құралы:

Алу құралының атауы

Саны



      Жүзу құралдары:

Кеме типі

Саны



      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер

      ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Өтінімнің берілген күні 20___жылғы "____"____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)


  Жануарлар дүниесін
пайдалануға рұқсат беру
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан
  (кімге)______________________
(ведомствоның немесе
жергілікті атқарушы органның
толық атауы)
(кімнен)_____________________
(өтінім берушінің толық атауы)
мекенжайы__________________
(индексі, облыс, қала,
аудан, көше, үй №, пәтер №
(бар болса), телефон)
өтінім берушінің деректемелері
___________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі,
жеке сәйкестендіру нөмірі)

Өтінім

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатты" беруді сұраймын (аң аулауға,

      өсімді молайту мақсатында, жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік, эстетикалық

      мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияның алдын алу мақсатында пайдалануға)

      ________________________________________________________________________________

      Пайдалану түрі __________________________________________________________________

      Алу мақсаты _____________________________________________________________________

      Алу тәсілдері ____________________________________________________________________

      Аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың нөмірі және күні

      ________________________________________________________________________________

      Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: __________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мекендеу ортасынан алынуы жоспарланып отырған объектілердің тізбесі мен саны:

Жануар түрі

Саны (дарақтар)

Aудан (аумақ) және учаске шекаралары







      Жалпы құны (теңге) ______________________________________________________________

      Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): _____________________________________

      Aлу мерзімі: ________________ бастап_______________________ дейін

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер

      ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Өтінімнің берілген күні 20___жылғы "____"________________

      ________________________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

  Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру қағидасына
7-қосымша

      Нысан

      _____________________________________________________________________

      (ведомство немесе жергілікті атқарушы органның атауы)

Қазақстан Республикасы жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттарды есепке алу журналы

р/с №

Рұқсаттың № және берілген күні

Заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның және (немесе) жауапты заңды тұлғаның аты-жөні

Сенім хаттың нөмірі және берілген күні

Пайдалану түрі

Алып қою мақсаты

Алып қоюға жануарлардың түрі және олардың саны (тонн, килограмм, бас)

1

2

3

4

5

6

7









      кестенің жалғасы

Жыныс - жас құрамы (қажет жағдай да)

Алып қою мерзімдері

Алып қою тәсілдері мен қарулары (аулау, ату, жинау және тағы басқа), қолданылатын жүзу құралдары

Болжамды алып қою учаскесінің ауданы (аумағы) мен шекарасы

Жануарлар дүниесiн объектiлерін алып қоюға қатысушы адамдардың саны

Төлену фактісін растайтын құжатқа сілтеме жасай отырып, жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төленген төлем

Рұқсатты берген тұлғаның лауазымы, аты-жөні

Алушының қолы

8

9

10

11

12

13

14

15










      Ескертпе: Журналдың парақтары белгіленіп, тігіліп және мөрімен куәландырылады

  Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру қағидасына
8-қосымша

      Нысан

      __________________________________

      (мемлекеттік органның толық атауы)

      __________________________________

      (өтінім берушінің толық атауы)

      Мекенжайы_________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс,

      __________________________________

      көше, үй №, телефон)

      Өтінім берушінің деректері________

      (ЖБН, ЖСН)

р/с

Жануарлар

түрі

Алынған

таңбалар

Пайдаланылған

таңбалар

Бұзылған

таңбалар

Пайдаланылмаған

және қайтарылған

таңбалар (дана)

Саны (дана)

Саны (дана)

Саны (дана)

Саны (дана)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін





















Шетелдік азаматтар үшін






















      ______________________________ Өтініш беру күні "___"_______ 20__ жыл

      Өкілінің Тегі, аты-жөні (болған жағдайда),

      лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)