«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 212 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау
мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сенімгерлік басқару кезеңінде уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің іс-әрекеттерін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы № 32 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7519 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 23 маусымда № 339-345 (27419) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысына не банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы белгілеріне ие тұлғаға тиесілі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ сенімгерлік басқару кезеңінде уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің іс-әрекеттерін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысына не банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы белгілеріне ие тұлғаға тиесілі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ сенімгерлік басқару кезеңінде уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің іс-әрекеттерін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.»;
Көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруы кезеңінде уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің іс-әрекеттерін жүзеге асыру қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысына не банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы белгілеріне ие тұлғаға тиесілі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ сенімгерлік басқару кезеңінде уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің іс-әрекеттерін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысына не банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы белгілеріне ие тұлғаға тиесілі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ сенімгерлік басқару кезеңінде уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің іс-әрекеттерін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Сақтандыру туралы заң), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысына не банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы белгілеріне ие тұлғаға тиесілі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ сенімгерлік басқару кезеңінде уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің іс-әрекеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) қаржы ұйымы – банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы;
2) қаржы ұйымының акциялары – банктiң iрi қатысушысына, банк холдингiне не банктiң iрi қатысушысы не банк холдингi белгілеріне ие тұлғаға тиесілі банк акциялары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысына, сақтандыру холдингiне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы, сақтандыру холдингi белгілеріне ие тұлғаға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары, iрi қатысушыға не инвестициялық портфельді басқарушының iрi қатысушысы белгілеріне ие инвестициялық портфельді басқарушының акциялары;
3) сенімгерлік басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) немесе ұлттық басқарушы холдинг.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқару Банктер туралы заңның 47-1-бабының 3-тармағында, Сақтандыру туралы заңның 53-1-бабының 3-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-3-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда және 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – Кодекс) 44-тарауының және Қағидалардың талаптарын ескере отырып, Ұлттық Банктің шешімі негізінде тағайындалады»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сенімгерлік басқарушы қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқару кезеңінде осы акциялардың меншік иесі жасауы мүмкін іс-әрекеттерді жасайды және өз өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Сенімгерлік басқарушы үшінші тұлғаларға ақпарат ашуды Кодекстің 830-бабына, Банктер туралы заңның 50-бабына, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 43-бабына сәйкес жүзеге асырады.»;
9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Өтінішхат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне мыналарды:
1) Банктер туралы заңның 17-1-бабының, Сақтандыру туралы заңның 26-бабының және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының талаптарына сәйкес өтінішхатта көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) қаржы ұйымының iрi қатысушысы (банк холдингі не сақтандыру холдингі) мәртебесін алуы үшін қажетті құжаттар;
2) Банктер туралы заңның 47-1-бабының 2-тармағына, Сақтандыру туралы заңның 53-1-бабының 2-тармағына және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-3-бабының 2-тармағына сәйкес өтінішхатта көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын орындауын растайтын құжаттар;
3) өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда оның күшіне енетіні көзделген, қаржы ұйымының сенімгерлік басқаруға берілген акцияларының меншік иесі мен өтінішхатта көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) арасында жасалған сатып алу – сату шарты қоса беріле отырып ұсынылады.
10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті өтінішхатта көрсетілген акцияларды иеленушілер Банктер туралы заңның 47-1-бабы 2-тармағының, Сақтандыру туралы заңның 53-1-бабы 2-тармағының және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-3-бабының 2-тармағының талаптарын орындаған жағдайда өтінішхатты қанағаттандырады.
11. Өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда және өтінішхатта көрсетілген тұлға (тұлғалар) Ұлттық Банктің қаржы ұйымының iрi қатысушысы (банк немесе сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісімін алғаннан кейін өтінішхатта көрсетілген тұлғаға (тұлғаларға) ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта қаржы ұйымының акцияларын сату жүзеге асырылады.
Қаржы ұйымының акцияларына ақы төлеу өтінішхатта көрсетілген тұлғаға (тұлғаларға) Банктер туралы заңның 17-1-бабында, Сақтандыру туралы заңның 26-бабында және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабында көзделген жағдайларда уәкілетті органның қаржы ұйымының iрi қатысушысы (банк немесе сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісімін растайтын құжат жіберілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Сенімгерлік басқарушы өтінішхатта көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) акцияларға ақы төлегенін растайтын құжаттың көшірмесін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей сенімгерлік басқарушы қаржы ұйымының сенімгерлік басқаруға берілген акцияларын олардың меншік иесінің шотынан есептен шығару және көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) шотына (шоттарына) аудару туралы бұйрықты (бұйрықтарды) тіркеушіге (номиналды ұстаушыға) береді.
Егер өтінішхатта көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) акцияларға ақы төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі сенімгерлік басқару тағайындалған мерзім аяқталғаннан кейін ұсынылған жағдайда, қаржы ұйымының акцияларын олардың меншік иесінің шотынан есептен шығару және көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) шотына (шоттарына) аудару Ұлттық Банктің немесе ұлттық басқарушы холдингтің бұйрығы (бұйрықтары) негізінде жүзеге асырылады.».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингінің, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7552 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 19 маусымда № 330-335 (27409) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингінің, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар.»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы Заң) сәйкес, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Сақтандыру туралы заң), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы (бұдан әрі – қаржы ұйымының ірі қатысушысы және (немесе) банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісім беру, қайтарып алу тәртібін және көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды белгілейді.»;
1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қаржы ұйымының, банк холдингiнiң iрi қатысушы және қаржы ұйымының бірлескен iрi қатысушысы болып табылатын және бірлескен банк холдингі болып табылатын тұлғалар ұғымдары тиiсiнше, Банктер туралы заңның 2 және 17-1-баптарында, Сақтандыру туралы заңның 3 және 26-баптарында және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабында белгіленген.
2. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын тікелей немесе жанама иелену үлестері қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі орналастырған (артықшылықты және сатып алынғандарды шегере отырып) акцияларының көлеміне тиісінше және (немесе) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының санына қарай есептеледі.
3. Жеке немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушы (бұдан әрі – өтініш беруші) мәртебесін иеленуге, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтерді, заңды мекен-жайы (тұрғылықты жері), сатып алынатын қаржы ұйымы акцияларының саны, олардың құны, сатып алу болжанып отырған қаржы ұйымы акцияларының саны банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының орналастырған (артықшылықты және сатып алынғандарды шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына тиісінше пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жасалған өтінішті береді.
Бір мезгілде бірнеше қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы немесе банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің мәртебесін алатын жағдайда өтініш беруші ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алуға ниет білдірген қаржы ұйымдарының атауы көрсетілген өтінішті береді.
Өтініште өтініш беруші онымен бірлесіп қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы болуды болжап отырған тұлғалардың және акцияларды (жарғылық капиталдардағы қатысу үлестері) иеленуді қаржы ұйымының акцияларын жанама иелену арқылы (дауыс беру) жүзеге асыратын тұлғалардың тізімі көрсетіледі.
4. Өтініш беруші өтінішпен бірге Комитетке Банктер туралы заңның 17-1-бабының 4, 5, 6, 7, 7-1 және 12-тармақтарында, Сақтандыру туралы заңның 26-бабының 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 4,6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында тиісінше көзделген құжаттар мен мәліметтерді береді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды қоспағанда, банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін уәкілетті органның келісімін ала Банктер туралы заңның 17-1-бабының 5, 6 және 7-тармақтарында көзделген құжаттармен және мәліметтерден басқа, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын құжаттарды табыс етеді.
Бір мезгілде бірнеше қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алатын жағдайда өтініш беруші Қағидалардың 5 және 6-тармақтарының талаптарын ескере отырып, Қағидалардың 8, 9, 10 және 11-тармақтарында көзделген тиісті құжаттарды бірыңғай пакетте береді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қаржы ұйымының iрi қатысушы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иелену үшін уәкiлеттi органның келiсiмiн алғысы келетін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттардан басқа:
1) тiзбесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілер тiзбесiнде № 8318 тiркелген) белгiлеген халықаралық рейтингілік агенттiктерiнiң бiрiнiң талап етiлетiн барынша төмен рейтингiнiң берiлгендiгi туралы мәлiметтердi қосымша береді;
2) таяу арадағы бес жылға жасалған бизнес-жоспар тиісінше Банктер туралы заңның 17-1-бабының 7-1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 10-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда ұсынылады.
Орналастырылған (артықшылықты және сатып алынғандарды шегере отырып) акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын иелену үлесі бар банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниет білдірген жеке тұлғалар Қағидалардың 6-тармағының талаптарын ескере отырып бизнес-жоспарды ұсынады.
Орналастырылған (артықшылықты және сатып алынғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын иелену үлесі бар инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниеттенетін тұлғалар сондай-ақ Қағидалардың 6-тармағының талаптарын ескере отырып бизнес жоспарды ұсынады.
Қаржы ұйымының iрi қатысушы немесе банк холдингі мәртебесін иелену үшін уәкiлеттi органның келiсiмiн алғысы келетін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғасында көрсетілген рейтингтің бар болуы Банктер туралы заңның 17-1-бабының 1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 1-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда талап етiлмейдi.
Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 11-тармағында және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 11-тармағында көзделген жағдайларда, сондай-ақ егер банк конгломератының қатысушысы болып табылатын банктің акцияларын иелену (дауыс беру) салдарынан Қазақстан Республикасының резиденті емес банк қаржы ұйымының iрi қатысушысы белгiлерiне сәйкес келген жағдайда, онда осы Қазақстан Республикасының резиденті емес банкке банк холдингiнiң мәртебесін берумен бiр уақытта тиiстi қаржы ұйымының iрi қатысушысы мәртебесі берiледi.»;
8-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) таяу арадағы бес жылға жасалған бизнес жоспар тиісінше Банктер туралы заңның 17-1-бабының 7-1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 10-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда ұсынылады;»;
9-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) таяу арадағы бес жылға жасалған бизнес жоспар тиісінше Банктер туралы заңның 17-1-бабының 7-1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 10-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда ұсынылады;»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға болып табылатын өтініш беруші бір мезгілде бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қағидалардың 8-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында және 9-тармағының 1), 2), 3), 6), 7), 8), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;
2) Банктер туралы заңның 17-1-бабының 1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 1-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган белгілеген тізбедегі халықаралық рейтингілік агенттіктерінің бірі берген заңды тұлғаның кредиттік рейтингісі туралы мәліметтер;
3) таяу арадағы бес жылға жасалған бизнес жоспар тиісінше Банктер туралы заңның 17-1-бабының 7-1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 10-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда ұсынылады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Уәкілетті орган қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беруден Банктер туралы заңның 17-1-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-1-бабында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-2-бабында көрсетілген негіздемелер бойынша бас тартады.
Өтініш берушіге қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін беру үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Уәкілетті орган қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге берген келісімін Банктер туралы заңның 17-1-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабында көрсетілген негіздемелер бойынша қайтарып алады.
Бұл жағдайда мұндай шара қолданылатын тұлға Банктер туралы заңның 17-1-бабының 15-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 13-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 13-тармағында тиісінше көрсетілген талаптарды сақтаған сәттен бастап күнтiзбелiк 3 (үш) күн ішінде растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Комитетке растауды береді.»;
1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы,
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру
холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық
портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін
иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларына және
көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға
қойылатын талаптарға
1-қосымша»;
2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы,
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру
холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық
портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін
иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларына және
көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға
қойылатын талаптарға
2-қосымша»;
3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы,
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру
холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық
портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін
иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларына және
көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға
қойылатын талаптарға
3-қосымша».
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 95 қаулысына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7561 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 4 тамызда № 464-470 (27543) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі бекітілсін»;
Көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі»;
кіріспе және 1, 2, 3, 4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп туралы заң), «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру турал» 2013 жылғы 21 маусымдағы (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген.
Қағидалар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың, орталық депозитарий мен бірыңғай тіркеушінің (бұдан әрі - қаржы ұйымы), банк, сақтандыру холдингтерінің (бұдан әрі - холдинг) басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібін және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін белгілейді.
Қаржы ұйымдарының, холдингтердің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібіне:
құжаттарды қарау;
тестілеуден өту үшін шақырумен немесе шақырусыз келісу;
келісім беру немесе одан бас тарту кіреді.
1. Уәкілетті орган Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Акционерлік қоғамдар туралы заңның 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармақшасында, 59-бабының 2-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында, Бухгалтерлік есеп туралы заңның 9-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкерінің лауазымына кандидатты (бұдан әрі - кандидат) тағайындауға (сайлауға) келісім (бұдан әрі - келісу) береді.
Уәкілетті органмен келісілуге жататын қаржы ұйымдарының, холдингтердің басшы қызметкерлерінің тізбесі Банктер туралы заңның 20-бабының 1 және 12-тармақтарында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 1 және 12-тармақтарында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 64-1-бабының 3-тармағында және 79-бабының 1-1-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабының 1-тармағында айқындалады.
2. Осы кандидат бұрын уәкілетті органмен тиісінше осы қаржы ұйымының, холдингтің тиісті лауазымына келісілген жағдайда және осы кандидат Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Акционерлік қоғамдар туралы заңның 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында, Бухгалтерлік есеп туралы заңның 9-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда қаржы ұйымы, холдинг уәкілетті органының шешімімен жаңа мерзімге тағайындалған (сайланған) қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкерін келісу тиіс емес.
Осындай жағдайда қаржы ұйымы, холдинг осы кандидаттың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуі көрсетілген ілеспе хатпен, басшы қызметкерді тиісті лауазымға жаңа мерзімге тағайындау (сайлау) жөніндегі қаржы ұйымы, холдинг уәкілетті органы шешімінің үзінді-көшірмесінің көшірмесін қоса береді.
Қаржы ұйымының директорлар кеңесі құрамына кіретін уәкілетті органның (және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің) өкілі уәкілетті органмен келісілуге тиіс емес.
3. Банктер туралы заңның 20-бабына, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабына, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабына, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабына сәйкес қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына тағайындау (сайлау) үшін қажетті стажына кандидаттың қаржылық қызмет көрсетуді және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу жөніндегі қызметтер ұсыну және (немесе) реттеу және (немесе) бақылау мен қадағалау саласында және (немесе) «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамында істеген жұмысы және (немесе) кандидаттың мынадай халықаралық қаржы ұйымдарында істеген жұмысы кіреді:
Азия даму банкі;
Еуразия Даму банкі;
Еуропа қайта құру және даму банкі;
Ислам даму банкі;
Халықаралық даму қауымдастығы;
Халықаралық қаржы корпорациясы;
Халықаралық қайта құру және даму банкі;
Халықаралық валюта қоры;
Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық;
Көп салалы инвестицияларға кепілдік беру агенттігі.
4. Қаржы ұйымы, холдинг кандидатты келісуге уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) кандидаттың қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкерлеріне қойылған талаптарға сәйкес келуі жөнінде, сондай-ақ кандидат туралы мәліметтерді қаржы ұйымы, холдинг құжаттамалық жағынан тексергені жөнінде көрсете отырып, еркін нысанда жасалған өтінішті және оған мыналар қол қояды:
қаржы ұйымының, холдингтің (өтініш берушінің) директорлар кеңесінің бірінші басшысы, ол болмаған жағдайда директорлар кеңесінің шешімі бойынша директорлар кеңесі мүшелерінің біреуі (директорлар кеңесінің осы шешімінің көшірмесін бере отырып), осы құжатқа қол қоюға уәкілетті (қаржы ұйымы, холдинг, ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін) сақтандыру брокері акционерлерінің біреуі, қаржы ұйымы, холдинг қатысушыларының біреуі - басқарманың бірінші басшысын тағайындаған (сайлаған) кезде;
қаржы ұйымы, холдинг (өтініш беруші) басқармасының (атқарушы органының) бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлға) не оның міндетін атқарушы тұлға (міндеттерді атқару жүктелгені туралы шешімнің көшірмесін бере отырып);
2) Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы ұйымының, холдингтің басқармасы мүшесінің лауазымына немесе қаржы ұйымының, холдингтің өзге басшысы лауазымына кандидаттың лауазымдық нұсқаулықтың көшірмесінде мыналар қамтылады:
- осы кандидаттың өкілеттігі (тегін, атын, бар болса - әкесінің атын, лауазымын және лауазымдық нұсқаулығымен танысқан күнді және оған қойған қолын көрсетіп);
- осы кандидат жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің атауы және мәселелер тізбесі туралы мәліметтер;
- өз функцияларын жүзеге асыру кезіндегі жауапкершілігі;
3) осындай қаржы ұйымы, холдинг атқарушы органының мүшесі лауазымына кандидат өзге ұйымдарда жұмыс істеген жағдайда, қаржы ұйымы, холдинг – акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің кандидатқа өзге ұйымда жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінің үзінді-көшірмесі;
4) қаржы ұйымы, холдинг уәкілетті органының кандидатты тағайындау (сайлау) туралы шешімінің үзінді-көшірмесі (екі және одан да көп кандидат келісілген кезде – әр кандидатқа шешімнің үзінді-көшірмесінің бір данасын) кандидатты қаржы ұйымының, холдингтің басшы лауазымына тағайындау (сайлау) күнін көрсете отырып.
Тағайындау күні болмаған жағдайда кандидатты тағайындау (сайлау) күні қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органы шешім қабылдаған күн не аталған шешімдегі жағдайдың басталған күні болып саналады. Осындай жағдайда қаржы ұйымы, холдинг аталған шешімдегі жағдайдың басталғанын растайтын құжаттар көшірмесін ұсынады.
Бұл ретте қаржы ұйымы, холдинг ұсынған үзінді-көшірме мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;
акционерлердің жалпы жиналысын (директорлар кеңесінің отырысын) өткізу күні, уақыты мен орны;
отырысқа қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер (директорлар кеңесінің отырысы үшін);
акционерлер жалпы жиналысының (директорлар кеңесі отырысының) кворумы;
акционерлер жалпы жиналысының (директорлар кеңесі отырысының) басшы лауазымына үміткерлерді тағайындау туралы мәселе бөлігіндегі отырысының күн тәртібі;
дауыс беруге қойылған мәселелер, басшы лауазымына үміткерлерді тағайындау бөлігінде олар бойынша дауыс беру қорытындылары;
басшы лауазымына үміткерлерді тағайындау бөлігінде қабылданған шешімдер.
Шешімнің үзінді-көшірмесі осындай құжатқа қол қоюға уәкілетті қызметкердің (қызметкерлердің) қойылған қолымен және қаржы ұйымы, холдинг мөрінің бедерімен расталуы және үзінді-көшірменің дұрыс екеніне нұсқау болуы тиіс;
5) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес электрондық және қағаз тасымалдағыштарда (1-қосымшадағы түрлі түсті фотосурет көлемі 3х4, жарық фонда орындалады) кандидат туралы мәліметтер;
6) Қағидалардың 5-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда ғылыми дәрежені алғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
7) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
8) Қазақстан Республикасының құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есептер жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжат (не бір кандидатты екі және одан да көп басшы лауазымына келісуге арналған құжаттар топтамасын берген кезде Қазақстан Республикасының құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есептер жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы құжатының көшірмесі). Көрсетілген құжатты беру күні өтінішхат берілген күннің алдындағы үш айдан аспайды;
Көрсетілген құжат сондай-ақ «Электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталынан басып шығарылған нысанда ұсынылуы мүмкін;
9) кандидат ұсынылатын лауазымды, ұсынып отырған тұлғаның қол қойған күнін және лауазымын, сондай-ақ кандидаттың кәсіби және (немесе) өзге мінездемелерін көрсете отырып, еркін нысанда жазылған, Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген кем дегенде екі тұлғадан кандидатқа берілген ұсыным хат. Ұсыным хатты беру күні өтінішхат берілген күннің алдындағы үш айдан аспайды;
10) Қағидалардың 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда – Қазақстан Республикасының резиденті емес - қаржы ұйымында қажетті рейтингінің болуын растайтын мәліметтер;
11) бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін – бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйым (бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы аккредиттеген) берген кәсіби бухгалтер сертификатының көшірмесі және бухгалтерлердің кәсіптік ұйымындағы (бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы аккредиттеген) мүшелігін растайтын құжат.
5. Ұсыным беруші тұлғалар мыналар болады:
1) «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;
2) тағайындалуына (сайлануына) уәкілетті органның қол қою күнінде қайтарып алынбаған келісімін алған, ұсыным хатқа қол қою күні директорлар кеңесінің бірінші басшысы, директорлар кеңесінің мүшесі, басқарманың (атқарушы органның) бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жекелей жүзеге асыратын тұлға), қаржы ұйымдары, холдингтер басқармасының мүшесі лауазымындағы тұлғалар;
3) ұсыным хатқа қол қою күнінде уәкілетті органның (және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің) бірінші басшысы және оның орынбасарлары лауазымында болған тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ведомстволардың бірінші басшылары және олардың орынбасарлары;
4) экономика және (немесе) заң ғылымының докторы ғылыми дәрежесі бар тұлғалар;
5) өкілдіктердің басшылары, тізбесі Қағидалардың 3-тармағында айқындалған халықаралық қаржы ұйымдарының басшылары.
Қазақстан Республикасының резиденттері емес кандидаттарды келісу кезінде директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, тізбесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен (2013 жылғы 4 ақпанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 тіркелген) белгіленген рейтингтік агенттіктерінің бірі берген BB+ төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес қаржы ұйымдарының бірінші басшысы және басқарма мүшелері де ұсыным беруші тұлғалар болып табылады.
Ұсыным беруші тұлғалар болып табылмайтындар:
кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымының (өтініш берушінің), холдингтің (және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің) басшы қызметкері;
кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымының (өтініш берушінің), холдингтің акционері, құрылтайшысы;
кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымы (өтініш беруші), холдинг құрылтайшысының (акционерінің) басшы қызметкері;
кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымының (өтініш берушінің), холдингтің еншілес ұйымының басшы қызметкері;
кандидаттың ері (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, балалары) және кандидаттың жекжаттары (ерінің (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, балалары);
кандидатты келісу туралы қаржы ұйымы, холдинг өтініш бергенге дейінгі бір жыл ішінде уәкілетті органның және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тарапынан шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар қолданылған жеке тұлға.
Уәкілетті орган қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына тағайындалуына (сайлануына) келісімін уәкілетті орган қайтарып алған кандидатқа ұсыным беруші тұлғаның ұсыным хат беру фактісін анықтаған жағдайда, уәкілетті орган бұдан кейін көрсетілген ұсыным беруші тұлғаның ұсыным хаттарын қабылдамайды.»;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қаржы ұйымы, холдинг кандидатты келісу үшін уәкілетті органға оның тағайындалған (сайланған) күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кеш емес мерзімде құжаттардың толық топтамасын ұсынады (жауапты тұлғаны, байланыс телефондарын және электрондық почта мекенжайын көрсете отырып).
Уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісу үшін ұсынылған құжаттарды Қағидалардың талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
Қаржы ұйымы, холдинг Қағидаларда көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті орган оларды қаржы ұйымына, холдингке қараусыз қайтарады. Қаржы ұйымы, холдинг жетпеген құжаттар бар құжаттар топтамасын кандидатты басшы лауазымына тағайындау (сайлау) күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешікпейтін мерзімде ұсынады. Қаржы ұйымы, холдинг кандидатты келісу үшін құжаттарды қайталап берген кезде оларды қарау мерзімі оларды қайталап беру күнінен басталады.
Уәкілетті орган ұсынылған құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда ескертулер мен оларды жою мерзімін көрсете отырып, қаржы ұйымына, холдингке почта және (немесе) факсимильді байланыс және (немесе) электрондық почта арқылы жазбаша жауап береді.
Қаржы ұйымы, холдинг ескертулерді жояды және уәкілетті орган жіберілген жазбаша хабарламада белгілеген мерзімде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсынады.
Құжаттар қаржы нарығында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға өтініш білдірген ұйымдардың басшы қызметкерлерінің келісімі бойынша «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген лицензия беру мерзіміне сәйкес қаралады.
8. Азаматтығы бар еліндегі (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын еліндегі (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтердің дәйектілігін растау мақсатында шетел азаматтары (азаматтығы жоқ тұлғалар) қаржы ұйымдарының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына тағайындалған (сайланған) күннен бастап алты айдан кеш емес мерзімде уәкілетті органға олардың азаматтығы бар елінің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін – тұрақты тұратын елінің) не кандидат соңғы он бес жыл ішінде тұрақты тұрған елінің мемлекеттік органы берген тиісті құжатты ұсынады.
Көрсетілген құжат осы тармақта белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, келісім берілген мәліметтер дәйексіз болып есептеледі және берілген келісімді уәкілетті орган Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында көзделген негіздер бойынша қайтарып алуға тиіс.
Басшы қызметкер лауазымына кандидаттың Қазақстан Республикасының резиденттері емес қаржы ұйымдарында жұмыс өтілі болған жағдайда, уәкілетті орган кандидаттың мінсіз іскерлік беделінің болуын растау мақсатында шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органынан қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына тағайындау күніне дейінгі 10 (он) жылдан көп емес кезеңдегі кандидаттың іскерлік беделін сипаттайтын мәліметтердің болуы не болмауы туралы сұрау салады.
Шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органы басшы қызметкер лауазымына кандидаттың мінсіз іскерлік беделінің болмауы туралы ақпарат берген жағдайда, келісім берілген мәліметтер дәйексіз болып есептеледі және берілген келісімді уәкілетті орган Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында көзделген негіздер бойынша қайтарып алуға тиіс.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Уәкілетті орган Комиссияның шешімі бойынша кандидаттарды тестілеуден өту үшін шақырып не Қағидалардың 12-тармағында көзделген жағдайларда шақырмай-ақ, келісуді жүргізеді.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Комиссияның шешімі бойынша қаржы ұйымының, холдингтің мынадай қызметкерлері ұсынған құжаттардың негізінде:
1) қаржы нарығының осы секторында тиісті лауазымға уәкілетті органмен бұрын келісілген кандидат;
2) бұрын басқарма мүшесі, бірінші басшы немесе бірінші басшының орынбасары, қаржы қызметін реттеу, бақылау және (немесе) қадағалауды жүзеге асырып отырған (жүзеге асырған) мемлекеттік органның дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаментінің, басқармасының) басшысы (басшының орынбасары), сондай-ақ қаржы ұйымдарының аудиті жөніндегі қызметтерді реттеуді жүзеге асырып отырған (жүзеге асырған) мемлекеттік органның бірінші басшысы (бірінші басшының орынбасары) болған кандидат;
3) бұрын басқарма мүшесі, бірінші басшы немесе бірінші басшысының орынбасары, мемлекеттік органның жауапты хатшысы болған кандидат;
4) атқарушы органның бірінші басшысы лауазымына кандидаттың (атқарушы органның қызметін жеке өзі жүзеге асыратын тұлға):
қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;
қаржы нарығының осы секторында және (немесе) Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінің:
директорлар кеңесінің бірінші басшысы, мүшесі;
қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік еткен басқарманың бірінші басшысы, мүшесі;
бас бухгалтер;
5) екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болса- басқару органының бірінші басшысы лауазымына кандидат;
қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;
қаржы нарығының осы секторында және (немесе) Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінің:
директорлар кеңесінің бірінші басшысы, мүшесі;
бірінші басшы, басқарма мүшесі (қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік еткен);
бас бухгалтер;
6) үш жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болса – бас қаржы ұйымының атқарушы органының мүшесі болып табылатын бірінші басшы және директорлар кеңесінің мүшесі лауазымына кандидат:
қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;
қаржы нарығының осы секторында және (немесе) Қағидалардың 3-тармағына сәйкес халықаралық қаржы ұйымдарының бірінің:
директорлар кеңесінің бірінші басшысы, мүшесі;
басқарманың бірінші басшысы, мүшесі (қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік еткен);
бас бухгалтер;
7) сақтандыру брокерінің бірінші басшысының орынбасары, қаржы ұйымының, холдингтің қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне ғана жетекшілік ететін қаржы ұйымының, ұйымның басқарма мүшесі лауазымына кандидат;
8) екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болса, сақтандыру брокерінің бірінші басшысының орынбасары, қаржы ұйымының, холдингтің басқарма мүшесі лауазымына кандидаттың:
қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;
қаржы нарығының осы секторында және (немесе) Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінің:
директорлар кеңесінің бірінші басшысы, мүшесі;
қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік еткен бірінші басшы, басқарма мүшесі;
бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары;
қызметі қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысы (басшының орынбасары), қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік еткен қаржы және (немесе) басқарушы директор ретінде;
9) бас бухгалтердің лауазымына кандидат;
10) қаржы нарығының осы секторында басшы қызметкер лауазымына келісу кезінде уәкілетті органда тестілеудің оң нәтижесін алған кандидат.
Тестілеудің оң нәтижелерін осы тармақшаның мақсаттары үшін есептеу мерзімі кандидаттың уәкілетті органда тестілеуден өту күнінен бастап алты айдан аспауы тиіс;
11) кемінде бір жыл еңбек өтілі бар болса, өзге басшы қызметкер лауазымына кандидат:
қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;
қаржы нарығының осы секторында және (немесе) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінің:
бірінші басшысы, директорлар кеңесінің мүшесі;
қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік еткен Басқарманың бірінші басшысы, мүшесі;
бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары;
қызметі қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысы (басшының орынбасары), қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік еткен қаржы және (немесе) басқарушы директор ретінде;
12) директорлар кеңесінің мүшесі лауазымына кандидат шақырмай келісіледі.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда, кандидат келісуден бас тартуды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға шағымымен жазбаша түрде өтініш береді.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Шағымды, кандидаттың тест сұрақтарына жауаптарын қарау, кандидаттың дәлелдерін тыңдау нәтижелері бойынша Апелляциялық комиссия мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
Комиссияның шешімін өзгеріссіз, ал шағымды қанағаттандырусыз қалдыру;
шағымды қанағаттандырып және кандидатты келісу;
кандидатты қайта тестілеуге жіберу.
Қайта тестілеудің нәтижелері бойынша:
оң нәтижеде – кандидат келісілген болып саналады, ол туралы қаржы ұйымына жазбаша хабарланады;
теріс нәтижеде – Комиссияның шешімі өзгеріссіз қалады.»;
26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім Банктер туралы заңның 20-бабының 9-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 9-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабының 9-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабының 8-тармағында көзделген негіздемелер бойынша уәкілетті органның бірінші басшысының немесе оның орнындағы тұлғаның бұйрығымен қайтарылады.
27. Уәкілетті орган мынадай негіздемелер бойынша қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартады:
1) басшы қызметкерлерінің Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Акционерлік қоғамдар туралы заңның 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында, Бухгалтерлік есеп туралы заңның 9-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) тестілеудің теріс нәтижесі не орынды себепсіз тестілеуге келмей қалу;
3) қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органның ескертулерін ескеріп, пысықталған құжаттарды Банктер туралы заңның 20-бабы 5-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабы 5-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабы 5-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабы 4-тармағында белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі аяқталғаннан кейін беруі;
4) Банктер туралы заңның 20-бабының 5-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 5-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабының 5-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімдер аяқталғаннан кейін құжаттарды ұсыну, осы мерзім ішінде басшы қызметкер өз лауазымды қызметін уәкілетті органның келісімінсіз иеленеді;
5) уәкілетті органның (және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің) кандидатқа қолданылған санкцияларының және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларының бар болуы.
Осы талап қаржы ұйымы, холдинг кандидатты келісу туралы өтінішті берген күнге дейін бір жыл ішінде қолданылады;
6) уәкілетті органда кандидат басшы қызметкер не басшы қызметкердің міндетін атқарушы лауазымын атқаратын (атқарған) қаржы ұйымының, холдингтің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына әкеп соққан оның өкілеттігіне кірген мәселелер бойынша кандидаттың шешімдер қабылдауы және ол үшін осы қаржы ұйымына, холдингке қатысты уәкілетті орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шектеулі ықпал ету шарасы және (немесе) санкция қолдану фактілері туралы мәліметтердің болуы.
Осы талап уәкілетті орган бұзуды анықтаған күннен бастап бір жыл ішінде қолданылады;
7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-әрекет жасау мақсатында жасалған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) шығын келтіруге әкеп соқтырған деп танылған мәміленің тарапы болып табылғаны туралы мәліметтердің болуы.
Осы талап уәкілетті органда бағалы қағаздар нарығында айла-әрекет жасалғанын және (немесе) кандидаттың адал емес әрекеттерінен осы мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) зиян келтірілгенін растайтын фактілер болған жағдайда қолданылады;
8) уәкілетті органда кандидаттың уәкілетті орган оған қатысты бағалы қағаздар нарығында айла-әрекет жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шаралары қолданылған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) іс-әрекеті мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) шығын келтірген қаржы ұйымының қызметкері болып табылғаны туралы мәліметтің болуы.
Осы талап уәкілетті органда бағалы қағаздар нарығында айла-әрекет жасалғанын және (немесе) кандидаттың адал емес әрекеттерінен не әрекетсіздігінен осы мәмілені жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) зиян келтірілгенін растайтын фактілер болған жағдайда қолданылады.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Басшы қызметкерлері уәкілетті органмен келісілген қаржы ұйымдары, холдингтер уәкілетті органды күнтізбелік он күн ішінде басшы қызметкерлердің басқа лауазымға ауысуын және жұмыстан босатылуын қоса, олардың құрамындағы болған барлық өзгерістер туралы, басшы қызметкерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, хабардар етеді.
Басшы қызметкерді қылмыстық жауапкершілікке тартқан жағдайда, қаржы ұйымдары, холдингтер уәкілетті органды осы ақпарат қаржы ұйымына, холдингке мәлім болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, хабардар етеді.»;
1-қосымша осы Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру
холдингтерінің басшы қызметкерлерін
тағайындауға (сайлауға) келісім беру
қағидаларының 2-қосымшасы және
келісімді алуға қажетті
құжаттардың тізбесі
Нысан».
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызмет түрлерiн қоса атқару туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 120 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7641 тіркелген, 2012 жылғы 8 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 256-257 (27075-27076) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
4) тармақша алып тасталсын;
1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кастодиандық - брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметпен, трансфер-агенттiк қызметпен;».
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Өтініш берушінің (лицензиаттың) жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 168 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7733 тіркелген, 2012 жылғы 16 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 271-273 (27090-27092) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар үшін өтініш берушіге жарғылық капиталының ең аз мөлшері белгіленсін:
1) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiшiнiң 800 000 еселік мөлшерінде – ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;
2) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiшiнiң 400 000 еселік мөлшерінде - номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға;
3) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiшiнiң 400 000 еселiк мөлшерінде - клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға;
4) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiшiнiң 300 000 еселік мөлшерінде – ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;
5) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiшiнiң 400 000 еселік мөлшерінде - брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті қоса атқару;
6) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiшiнiң 500 000 еселік мөлшерінде - бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;
7) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiшiнiң 500 000 еселік мөлшерінде - қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру;
8) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiшiнiң 70 000 еселiк мөлшерінде - трансфер-агенттік қызметін жүзеге асыруға;
9) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiшiнiң 800 000 еселік мөлшерінде - ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті және брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті қоса атқару.».
6. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
7. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 190 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының
қаржы ұйымдарын бақылау
мен қадағалау мәселелері
бойынша өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесіне қосымша
Қаржы ұйымдарының, банк,
сақтандыру холдингтерінің
басшы қызметкерлерін
тағайындауға (сайлауға) келісім беру
қағидаларына және
келісім алу үшін қажетті
құжаттар тізбесіне
1-қосымша
фотосуреттің орны
Қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына кандидат
туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(кандидаттың тегі, аты, бар болса - әкесiнiң аты және
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
қаржы ұйымындағы, холдингтегі келісілетін
лауазымы көрсетiледi)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қаржы ұйымының, холдингтің атауы)
1. Жалпы мәлiметтер:
Туған күнi және туған жері |
|
Азаматтығы |
|
Жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері |
2. Білімі:
№ |
Оқу орнының атауы |
Түскен күнi - бiтiрген күнi |
Мамандығы |
Бiлiмi туралы дипломның деректемелерi (бар болса күні және нөмірі) |
1 |
3. Ерi (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, балалары) және жекжаттары (ерiнiң (зайыбының) ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, балалары) туралы мәлiметтер
№ |
Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) |
Туған жылы |
Туыстық қатынастары |
Жұмыс орны және лауазымы |
1 |
4. Кандидаттың заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы және акцияларды иеленуi туралы мәлiметтер:
№ |
Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жерi |
Заңды тұлғаның қызметiнiң жарғылық түрi |
Жарғылық капиталда қатысу үлесi немесе кандидатқа тиесiлi акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен) |
1 |
5. Еңбек қызметi туралы мәлiметтер.
Осы тармақта кандидаттың барлық еңбек қызметiндегi атқарған (атқарып отырған) лауазымдары, оның iшiнде уәкiлеттi органға келісу туралы өтiнiштi берген қаржы ұйымында, холдингтегі лауазымын көрсете отырып, жоғарғы оқу орнын аяқтаған сәттен бастап, сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезеңі туралы көрсетіледі.
№ |
Жұмыс кезеңi (күнi, айы, жылы) |
Жұмыс орны |
Лауазымы (егер талап етілсе, келісу күнін көрсете отырып) |
Қолданылған тәртiптiк шараның болуы |
Жұмыстан шығу, қызметтен босату себептерi |
1 |
6. Кандидаттың қаржы ұйымының аудитін жүргізуі туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қаржы ұйымының атауын, аудит жүргізу мерзімін, кандидат аудитор-орындаушы ретінде аудиторлық есепке қол қойған күнін көрсету).
7. Осы ұйымның және (немесе) басқа ұйымдардың инвестициялық комитеттеріндегі мүшелігі туралы мәліметтер:
№ |
Кезең (күнi, айы, жылы) |
Ұйымның атауы |
Лауазымы |
Жұмыстан шығу, қызметтен босату себептерi |
1 |
8. Өзiне қабылдаған ақшалай мiндеттемелерін орындамау фактiлерiнiң болуы туралы мәлiметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә/жоқ, аталған фактiлер болған жағдайда, ұйымның атауын және мiндеттемелер сомасын көрсету қажет)
9. Осы ұйымда және (немесе) басқа ұйымдарда басқарушы директордың лауазымын иелену туралы мәліметтер:
№ |
Кезең (күнi, айы, жылы) |
Ұйымның атауы |
Жетекшілік жасайтын құрылымдық бөлімшелер және қаржылық қызмет көрсетуге байланысты мәселелер |
Жұмыстан шығу, қызметтен босату себептерi |
1 |
10. Кандидат бұрын директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың (атқарушы органның) бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушысы – ірі қатысушысы жеке тұлға, қаржы ұйымының (банк немесе сақтандыру холдингінің) ірі қатысушысы заңды тұлға – қаржы ұйымы заңды тұлғаның қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік органы қаржы ұйымын, банк холдингін консервациялау туралы, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте оны банкрот деп тану туралы шешімді қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бірінші басшысы болғандығы туралы мәліметтер.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә/жоқ, қаржы ұйымының атауы, лауазымы, жұмыс кезеңi көрсетiледі).
11. Уәкілетті органның басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алу және қаржы ұйымының, холдингтің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының қызметтік мiндеттерiн орындаудан шеттетуі туралы деректердің болуы.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә/жоқ, ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алуға негіздеме және осындай шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы көрсетiлсiн).
12. Қаржы ұйымының, холдингтің басшысы ретiнде қаржы ұйымы қызметiнiң мәселелерi бойынша сотта iстi қарау кезiнде жауап берушi ретiнде тартылды ма:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә/жоқ, күнiн, сотта iстi қарау кезiндегi жауап берушi – қаржы ұйымының атауы, қаралған мәселе және сот шешiмi көрсетілсін).
Осы ақпаратты мен тексердiм және оның толық және дәйекті болып табылатындығын растаймын.
Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
_____________________________________________________________________
(баспа әрiптерiмен)
Қаржы ұйымының, холдингтің тәуелсiз директоры лауазымына кандидат толтырады: |
Күні ___________________________
Қолы __________________________».
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 212 қаулысына
2-қосымша
Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілер тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде» 2004 жылғы 15 наурыздағы № 71 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2802 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 79 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4237 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 6 наурызда № 35 (1632) және 2009 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 5 жарияланған).
3. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде» 2004 жылғы 15 наурыздағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 81 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4211 тіркелген, 2006 жылы «Қаржы хабаршысы» журналында № 5 (29) жарияланған).
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау кезеңінде тағайындалатын уақытша әкімшіліктің (уақытша басқарушының) қызметі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4592 тіркелген).
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау қағидаларын бекіту туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 123 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4736 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылғы 20 шілдеде № 110 (1139) жарияланған).
6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкес сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 тіркелген, 2007 жылғы мамыр-шілдеде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 19-тармағы.
7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде» 2004 жылғы 15 наурыздағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 24 қыркүйектегі № 237 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5000 тіркелген).
8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік-құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 182 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5478 тіркелген, 2009 жылғы 17 ақпанда «Заң газеті» газетінде № 24 (1447) жарияланған) Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 3-тармағы.
9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 79 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 4 қаулысы(«Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5548 тіркелген, 2009 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 5 жарияланған).
10. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде» 2004 жылғы 15 наурыздағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 27 ақпандағы № 24 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5630 тіркелген).
11. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 49 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6204 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер тізбесінің 2-тармағы.
12. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкес сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 тіркелген, 2010 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар актілерінің жинағының № 14 және «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған) Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 16 және 19-тармақтары.
13. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 58 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6282 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 4-тармағы.
14. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі № 111 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6393 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған) Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 3-тармағы.
15. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 124 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7640 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 11 тамызда № 495-500 (27573) жарияланған).
16. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 79 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 131 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7700 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 15 тамызда № № 510-515 (27588) жарияланған).
17. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті түрде тарату жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 132 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7635 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 15 тамызда № 510-515 (27588) жарияланған).
18. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 124 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8009 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 21 қарашада № 763-767 (27839) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 4 және 8-тармақтары.
19. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2013 жылғы 23 шілдеде № 107 (2308),; «Заң газеті» газетінде 2013 жылғы 24 шілдеде № 108 (2309), «Заң газеті» газетінде 2013 жылғы 25 шілдеде № 109 (2310), «Заң газеті» газетінде 2013 жылғы 30 шілдеде № 111 (2312), «Заң газеті» газетінде 2013 жылғы 31 шілдеде № 112 (2313), «Заң газеті» газетінде 2013 жылғы 2 тамызда № 114 (2315), «Заң газеті» газетінде 2013 жылғы 6 тамызда № 115 (2316) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 20 және 33-тармақтары.