"Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы Нұсқаулықты бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқар

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 81 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 25 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4211. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 212 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы Нұсқаулықты бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 71  қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2802 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы Нұсқаулықта:
      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 331 қаулысымен бекітілген (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3346 тіркелген) Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру  ережесінің 2-тармағында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 175 қаулысымен бекітілген (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3384 тіркелген) Жинақтаушы зейнетақы қорларының ай сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы  Нұсқаулықтың 3-тармағының 3), 4) тармақшаларында көзделген есеп беру ерікті таратылып отырған қордың зейнетақы активтері басқа қорларға аударым жасалғанға дейін;";

      7-тармақта:
      6) тармақшадағы "активтері" сөзінің алдынан "ерікті таратылатын қордың" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) тармақшадағы "төлемдері" сөзінің алдынан "ерікті таратылатын қордың" деген сөздермен толықтырылсын;

      29-тармақтың 3) тармақшасы "активтер" сөзінен кейін "ерікті" деген сөзбен толықтырылсын;

      5-қосымшаның 2-реттік нөмірі бар жолдағы "оның ішінде берешектер" деген сөздер "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешектер," деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-қосымшаның кестесінің атауы "тарату комиссиясы" деген сөздердің алдынан "ерікті таратылатын" деген сөздермен толықтырылсын;

      16-қосымшаның кестесінің атауы "тарату комиссиясы" деген сөздердің алдынан "ерікті таратылатын" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      3. Қаржылық ұйымдарды тарату департаменті (Мұқашева А.М.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулының Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға