«Жинақтаушы зейнетақы қорларын әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олард

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 124 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 мамырда № 7640 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 212 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4237 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесінде:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесі (бұдан әрі - Ереже) жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату тәртібін айқындайды.»;
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ереже Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң), «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген.
      2. Ережені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) барынша төмен баға - лот бұдан төмен бағамен сатылмайтын баға;
      2) бастапқы баға - әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын және лоттың бағалау бағасынан төмен болмайтын баға;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторы - таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорына азаматтық-құқықтық және өзге міндеттемелерден туындайтын мүлiктiк талаптары бар тұлға;
      4) көзделмеген шығыстар - мөлшері елу айлық есептік көрсеткіштен аспайтын кідіртуге болмайтын қажеттілікке арналған тарату комиссиясының жоспарланбаған шығындары;
      5) кредиторлар комитеті - кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлары құрамынан құрылып отырған орган;
      6) кредиторлар талаптарының тiзiлiмi - уәкiлеттi орган бекіткен, белгіленген мерзімде жарияланған және тарату комиссиясы таныған, кредиторлардың талап етулерін көрсететін құжат;
      7) құндылықтар - Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтары, банкноттары және монеталары, бағалы қағаздар, қатаң есепті бланктер және құнды заттар;
      8) лот - сату үшін бөлiнбейтiн бiрлiктерге бөлiнiп, аукционға шығарылған мүлiк;
      9) мерзiмдi баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және кемiнде жарты жылда бiр рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы;
      10) сату бағасы - сауда-саттық нәтижесiнде белгiленген лоттың соңғы бағасы;
      11) сату объектiсi - таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорының сауда-саттыққа жеке (дербес) бiрлiк ретiнде немесе бiрнеше бiрлiктермен бiр лотқа шоғырландырып, өзге мүлiк ретiнде шығарған мүлкі;
      12) сатушы - таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы;
      13) сатып алушы - сатушымен сатып алу-сату шартын жасасқан сауда-саттық жеңімпазы;
      14) сауда-саттық жеңімпазы - сауда-саттықта лот үшін барынша жоғары баға ұсынған қатысушы;
      15) сауда-саттықты жүргiзудi ұйымдастырушы (аукционшы) - таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы немесе сауда-саттықты өткізу жөнінде тарату комиссиясымен қызмет көрсету туралы шарт жасасқан және оның қорытындысының қандай болатынына мүдделi емес жеке немесе заңды тұлға;
      16) сауда-саттыққа қатысушы - сауда-саттықты ұйымдастырушы белгiлеген тәртiппен сауда-саттыққа қатысу туралы өтiнiш берген және сауда-саттықты ұйымдастырушы оны қатысушы ретiнде тiркеген жеке немесе заңды тұлға;
      17) сауда-саттықтың ағылшын әдiсi - лоттың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадам бойынша лот үшiн қатысушылардың бiрi барынша жоғары баға берген сәтке дейiн көтерiле беретiн сауда-саттық әдiсi;
      18) сауда-саттықтың голланд әдiсi - лоттың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадаммен лот үшiн қатысушылардың бiрi жарияланған баға бойынша сатып алуға келiсiм берген сәтке дейiн төмендей беретiн сауда-саттық әдiсi;
      19) тарату комиссиясы - жинақтаушы зейнетақы қорының тарату рәсiмдерiн жүргiзу барысында жинақтаушы зейнетақы қорының iстерiн аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз ету мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктi жүзеге асыратын, жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған жағдайда тағайындалатын (босатылатын) орган;
      20) тарату комиссиясының шығыстары - жинақтаушы зейнетақы қорының мәжбүрлеп таратылу барысындағы тауарлардың, жұмыстың және қызметтің тұтынылуына байланысты шығындар (бұдан әрi - тарату шығыстары);
      21) тарату, конкурстық масса - жинақтаушы зейнетақы қорының iстерiн аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз етуге арналған таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорының активтері;
      22) тарату массасын мақсатсыз жұмсау - уәкiлеттi органмен келiсiлген немесе кредиторлар комитеті бекіткен, тарату шығыстары сметасында көзделмеген шығындарды жүзеге асыру;
      23) тарату шығыстарының бекiтiлген сметасы - тарату комиссиясының төрағасы уәкiлеттi органмен келiсе отырып бекiткен немесе кредиторлар комитетiмен бекiткен, тиiстi уақыт кезеңiне арналған смета;
      24) тарату шығыстарының сметасы - белгiлi бiр уақыт кезеңiндегi тарату комиссиясы болжамдап отырған шығындарды көрсететiн құжат;
      25) тарату өндiрiсi - жинақтаушы зейнетақы қорының iстерiн аяқтаушы және оның кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз етушi заңды тұлға ретiндегi жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн тоқтату рәсiмi;
      26) таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қоры - сот шешiмi заңды күшiне енуiне байланысты мәжбүрлеп тарату барысында болып отырған жинақтаушы зейнетақы қоры;
      27) таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкi - құндық бағасы бар және тарату, конкурстық массаға енгiзiлген мүлiктiк игiлiктер мен құқықтар жиынтығы;
      28) уақытша әкiмшiлiк (уақытша әкімші) - жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлген лицензияны қайтарып алу туралы шешiм күшiне енген күннен бастап және уәкiлеттi орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде жинақтаушы зейнетақы қоры мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн және жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыратын орган;
      29) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмiнiң заңды күшiне енген күннен бастап:
      1) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 45-2-бабының 6-тармағында көзделген салдарлар туындайды;
      2) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 45-2-бабының 6-тармағының екінші бөлігінде көзделген шаралар іске асырылады;
      3) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының атынан немесе соның есебінен жүзеге асатын іс-әрекеттер егер оларды жинақтаушы зейнетақы қорының таратылатын комиссиясының төрағасы не осы іс-қимылдарды жасау үшін ол берген сенімхат бар тұлға жасаған жағдайда заңды күші болады;
      4) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүліктік талаптарына қатысты соттың атқарушы құжаттарын тарату комиссиясы Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда белгіленген кезектілік тәртібімен орындауға береді.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап оған жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін және ісін басқару жөніндегі өкілеттіктер өтеді.
      Тарату комиссиясы жинақтаушы зейнетақы қорының басшылығынан немесе уақытша әкімшіліктен (уақытша басқарушыдан) он жұмыс күні ішінде зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру (осындай бар болса) құқығына берілген лицензиялардың түпнұсқаларын және жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттарын және мүлкін қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдап алады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының лицензияларының түпнұсқалары тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қайтарылуға тиіс.
      Тарату комиссиясы кредиторлармен және акционерлермен есеп айырысуды аяқтауды қамтамасыз ету жөніндегі істі қоса алғанда, жинақтаушы зейнетақы қорының ісін аяқтау үшін шаралар қабылдайды.»;
      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «94. Тарату комиссиясы аралық тарату балансын және оған қосымшасын, оның ішінде кредиторлар талабының тізілімін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде» 2004 жылғы 15 наурыздағы № 71 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2802 тіркелген) бекітілген нысандар бойынша жасайды.»;
      107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «107. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторларының талаптарын, оның ішінде банкрот болуына байланысты қанағаттандыру Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 45-бабы 7-тармағының екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде белгіленген тәртіп пен кезектілік бойынша аралық тарату балансы бекітілген күннен бастап жүргізіледі.»;
      161-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «161. Жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі нәтижесінде пайда болған құжаттардың сақтау мерзімі көрсетілген тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларында сақталуға жататын негізгі құжаттардың тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін белгілеу туралы» 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 377 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3422 тіркелген) белгіленеді.»;
      мынадай мазмұндағы 170-1-тармақпен толықтырылсын:
      «170-1. Жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін тоқтатуды тіркегеннен кейін тарату комиссиясы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін тоқтатуды тіркеу туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы                                   Г. Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Қазақстан Республикасының
      Мәдениет және ақпарат министрлігі
      Министр ________ Д.Қ. Мыңбай
      2012 жылғы 4 мамыр