Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, банк холдингіне, сақтандыру холдингіне не банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 261 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қаңтарда № 19945 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі № 262-VI Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, банк холдингіне, сақтандыру холдингіне не банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаға тиесілі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ сенімгерлік басқару кезеңінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің әрекеттерді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Банктік емес ұйымдарды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 261 қаулысымен
бекітілді

Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, банк холдингіне, сақтандыру холдингіне не банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаға тиесілі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің сенімгерлік басқару кезеңінде әрекеттерді жүзеге асыру қағидалары

      1. Осы Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, банк холдингіне, сақтандыру холдингіне не банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаға тиесілі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) не ұлттық басқарушы холдингтің сенімгерлік басқару кезеңінде әрекеттерді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Сақтандыру туралы заң), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, банк холдингіне, сақтандыру холдингіне не банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаға тиесілі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің сенімгерлік басқару кезеңінде әрекеттерді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) қаржылық ұйым - қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) қаржы ұйымының акциялары – банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысы не банк холдингі белгілеріне ие тұлғаға тиесілі банк акциялары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғаға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына не ірі қатысушысының белгілеріне ие инвестициялық портфельді басқарушының акциялары;

      3) сенімгерлік басқарушы – уәкілетті орган немесе ұлттық басқарушы холдинг.

      3. Қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқару Банктер туралы заңның 47-1-бабының 3-тармағында, Сақтандыру туралы заңның 53-4-бабының 3-тармағында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-3-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда және 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – Кодекс) 44-тарауының және Қағидалардың талаптарын ескере отырып, уәкілетті органның шешімі негізінде тағайындалады.

      4. Уәкілетті органның қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы шешімінде:

      1) сенімгерлік басқаруды тағайындау негізі;

      2) сенімгерлік басқарушының атауы;

      3) сенімгерлік басқаруға берілетін қаржы ұйымы акцияларының саны мен түрі;

      4) сенімгерлік басқару тағайындалатын мерзім;

      5) сенімгерлік басқарушы қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқарушының функцияларын жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша барлық мекемелер мен ұйымдарда оның мүдделерін білдіруге, сенімгерлік басқарушының мүдделері үшін барлық қажетті іс-әрекеттер жасауға (қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды уәкілетті орган жүзеге асырған жағдайда) уәкілетті еткен тұлғаның (тұлғалардың) тегі (тектері), аты (аттары), бар болса – әкесінің аты (әкелерінің аттары), жеке басын (жеке бастарын) куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері, жұмыс орны және атқаратын қызметі (қызметтері) көрсетіледі.

      5. Қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы шешім қабылданған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік тілде және орыс тілінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және:

      1) қаржы ұйымының;

      2) сенімгерлік басқару тағайындалатын қаржы ұйымының акциялары меншік иелерінің;

      3) уәкілетті орган қаржы ұйымының акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдаған жағдайда ұлттық басқарушы холдингтің;

      4) қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқару тағайындалатын орталық депозитарийдің және (немесе) номиналды ұстаушының;

      5) қор биржасының (қаржы ұйымының сенімгерлік басқаруға берілген акциялары қор биржасының ресми тізімінде болған жағдайда) атына жазбаша хабарлама жіберу жолымен жіберіледі.

      6. Сенімгерлік басқарушы қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы шешім қабылданған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей (егер ұлттық басқарушы холдинг сенімгерлік басқарушы болып табылған жағдайда – қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы шешімді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей) қаржы ұйымының акцияларын ұстаушылар тізілімдерін жүргізу жүйесіне (номиналды ұстау жүйесіне) сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізу операциясын тіркеу үшін орталық депозитарийге (номиналды ұстаушыға) құжаттар береді.

      7. Орталық депозитарий (номиналды ұстаушы) сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізу (алып тастау) операциясын уәкілетті органның қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы шешімі және сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны қаржы ұйымы акцияларының меншік иесінің жеке шотына (шоттарына (шоттарынан)) енгізу (алып тастау) туралы бұйрығы негізінде жүргізеді.

      8. Сенімгерлік басқарушы қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқару кезеңінде осы акциялардың меншік иесі жасауы мүмкін әрекеттерді жасайды және өз өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

      Сенімгерлік басқарушы үшінші тұлғаларға ақпаратты жария етуді Кодекстің 830-бабына, Банктер туралы заңның 50-бабына, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 43-бабына сәйкес жүзеге асырады.

      9. Қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқару кезеңінде, бірақ сенімгерлік басқару мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 45 (қырық бес) күннен кешіктірмей уәкілетті органға қаржы ұйымының сенімгерлік басқаруға берілген акциялары меншік иесінің өзіне тиесілі қаржы ұйымының сенімгерлік басқаруға берілген барлық акцияларын сату туралы өтінішхатын (бұдан әрі – өтінішхат) ұсынуға жол беріледі.

      Өтінішхатта қаржы ұйымының сенімгерлік басқаруға берілген акцияларын сатып алуға ниет білдірген тұлға (тұлғалар) туралы және осы тұлға (осы тұлғалар) сатып алуға ниет білдірген акциялардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі.

      10. Өтінішхат уәкілетті органға мыналар:

      1) Банктер туралы заңның 17-1-бабының, Сақтандыру туралы заңның 26-бабының және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-1-бабының талаптарына сәйкес өтінішхатта көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі не сақтандыру холдингі) мәртебесін алуы үшін құжаттар;

      2) Банктер туралы заңның 47-1-бабының 2-тармағына, Сақтандыру туралы заңның 53-4-бабының 2-тармағына және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-3-бабының 2-тармағына сәйкес өтінішхатта көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) уәкілетті органның талаптарын орындағанын растайтын құжаттар;

      3) қаржы ұйымының сенімгерлік басқаруға берілген акцияларының меншік иесі мен өтінішхатта көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) арасында жасалған, өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда оның күшіне енуін көздейтін сатып алу-сату шарты қоса беріліп ұсынылады.

      11. Уәкілетті орган өтінішхатта көрсетілген акцияларды иеленушілер Банктер туралы заңның 47-1-бабы 2-тармағының, Сақтандыру туралы заңның 53-4-бабы 2-тармағының және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-3-бабы 2-тармағының талаптарын орындаған жағдайда өтінішхатты қанағаттандырады.

      12. Өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда және өтінішхатта көрсетілген тұлға (тұлғалар) уәкілетті органның қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк немесе сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісімін алғаннан кейін өтінішхатта көрсетілген тұлғаға (тұлғаларға) ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта қаржы ұйымының акцияларын өткізу жүзеге асырылады.

      Қаржы ұйымының акцияларына ақы төлеу өтінішхатта көрсетілген тұлғаға (тұлғаларға) Банктер туралы заңның 17-1-бабында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-1-бабында және Сақтандыру туралы заңның 26-бабында көзделген жағдайларда уәкілетті органның қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк немесе сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісімін растайтын құжат жіберілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей жүргізіледі.

      Сенімгерлік басқарушы өтінішхатта көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) акцияларға ақы төлегенін растайтын құжаттың көшірмесін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей сенімгерлік басқарушы қаржы ұйымының сенімгерлік басқаруға берілген акцияларын олардың меншік иесінің шотынан есептен шығару және көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) шотына (шоттарына) аудару туралы бұйрықты (бұйрықтарды) орталық депозитарийге (номиналды ұстаушыға) береді.

      Егер өтінішхатта көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) акцияларға ақы төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі сенімгерлік басқару тағайындалған мерзім аяқталғаннан кейін ұсынылған жағдайда, қаржы ұйымының акцияларын олардың меншік иесінің шотынан есептен шығару және көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) шотына (шоттарына) аудару уәкілетті органның немесе ұлттық басқарушы холдингтің бұйрығы (бұйрықтары) негізінде жүзеге асырылады.

      13. Қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруға беру негіздері сенімгерлік басқару тағайындалған мерзім аяқталғанға дейін жойылмаған, уәкілетті орган Қағидаларда белгіленген тәртіпте өтінішхатты алмаған не қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда, осы акцияларды өткізу ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында ашық сауда-саттық әдісімен жүзеге асырылады.

      Бұл ретте акцияларды дауыс беретін акциялардың жалпы санының 10 (он) және одан көп пайызы мөлшерінде сату кезінде сауда-саттыққа қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк не сақтандыру холдингі) мәртебесін алуға уәкілетті органның алдын ала келісімін алған тұлғалар қатысады.

      14. Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген қаржы ұйымының акцияларын сату мәмілесінің (мәмілелерінің) өлшемдерін, сондай-ақ қызметтерін пайдалану арқылы акцияларды сату жүзеге асырылған брокерді уәкілетті орган немесе уәкілетті органмен келісім бойынша ұлттық басқарушы холдинг айқындайды.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 261 қаулысына
  қосымша

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, банк холдингіне, сақтандыру холдингіне не банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаға тиесілі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ сенімгерлік басқару кезеңінде уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің әрекеттерін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 32 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7519 болып тіркелген, 2012 жылғы 23 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 339-345 (27419) жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 212 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8805 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2013 жылғы 27 қарашада № 179 (2380); 2013 жылғы 28 қарашада № 180 (2381) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 265 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14733 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 246 қаулысымен ("ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" АЖ 2018 ж. 26 желтоқсанда; "Егемен Қазақстан" 2019 жылғы 13 ақпан № 29 (29508) жарияланған) бекітілген, өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 4-тармағына өзгерістер мен толықтыру енгізілуде.