Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидалары және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптар бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Г. Марченко |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысымен бекітілген |
Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидалары және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптар
Ескерту. Талаптар жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидалары және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ӘРПК), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 17-1-бабының 2-тармағына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң) 26-бабының 2-тармағына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі − Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 72-1-бабының 3-тармағына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, 11-бабының 1) тармақшасына, 12-бабының 9-1) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі − Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына (бұдан әрі - Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - өтініш беруші, көрсетілетін қызметті алушы) банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы (бұдан әрі – қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу тәртібін және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды белгілейді.
Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, тиісті нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.08.2025 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Қағидаларда Банктер туралы заңда, Сақтандыру қызметі туралы заңда, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңына, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда, Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңда, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" және "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында көрсетілген мәндерде қолданылатын ұғымдар қолданылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-тарау. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру тәртібі
3. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар және талаптар тізбесі, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі, сондай-ақ өзге де мәліметтер (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.
Көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерін жүзеге асыруға келісім беру Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге өтініш талап етілетін құжаттарды қоса бере отырып, еркін нысанда www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде ұсынылады.
Банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініш (жеке тұлғалар үшін) 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады және Банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініш (заңды тұлғалар үшін) талап етілетін құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы электрондық түрде ұсынылады.
Өтініш беруші өтінішті портал арқылы жіберген кезде "жеке кабинетте" нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.08.2025 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері білдірген жағдайда өтініштерді қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті алушының банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге құжаттарын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтінішті бұдан әрі қараудан бас тарту туралы оны көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдау арқылы дәлелді бас тарту дайындайды және жібереді.
Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтерді немесе цифрлық құжаттар сервисін көрсету үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерден:
Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын;
Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлғаның алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын;
Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6. Ұсынылған құжаттардың толық болуы фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімше құжаттарды 36 (отыз алты) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру (беруден бас тарту) туралы көрсетілетін қызмет берушінің Басқармасы қаулысының жобасын дайындайды және көрсетілетін қызмет берушінің Басқармасының қарауына жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің Басқармасы қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде, өтінішті қарау мерзімі көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен тиімді мерзімге, бірақ өтінішті дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты жағдайларды анықтау қажеттілігіне байланысты 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға ӘРПК-нің 76-бабының үшінші бөлігіне сәйкес мерзімі ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарланады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Жауапты бөлімшенің қызметкері жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қаулысы келіп түскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің шегінде) Басқарма қаулысының электронды көшірмесін қоса берумен, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында, қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру туралы хабарламаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылып тұрады.
9. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының (бұдан әрі – қаржы ұйымы) акцияларына тікелей немесе жанама иелік ету үлестерін қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі орналастырылған (артықшылық берілген және сатып алынғанды есептемегенде) акциялардың көлемінен тиісінше банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беруші акцияларының санына есептейді.
10. Тұлға мыналар қаржы ұйымының акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иеленген (шарттың күшімен немесе басқа жағдайда оның дауыс беруге, шешімдері анықтауға және (немесе) қабылданған шешімдерге ықпал етуге мүмкіндігі бар болған) жағдайда оны жанама иеленуші (дауыс беруші) болып танылады:
1) қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі немесе сақтандыру холдингі) болып табылатын тұлға (тиісінше қаржы ұйымының акцияларының он (жиырма бес) және одан да көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар);
2) бірлесіп қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк немесе сақтандыру холдингі) болып табылатын тұлғалардың ең болмағанда бірі;
3) қаржы ұйымының (банк немесе сақтандыру холдингі) ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар акцияларының (қатысу үлесі) жиырма бес және одан да көп пайызымен тікелей және (немесе) жанама дауыс беруді иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) немесе қаржы ұйымының акцияларының он (жиырма бес) және одан да көп пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар тұлғалар.
Сондай-ақ мына тұлғалар қаржы ұйымының (дауыс беруші) акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын (жарғылық капиталында қатысу үлесімен) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар бірлесіп иеленген (шарттың күшімен немесе басқа жағдайда оның шешімдерді анықтауға және (немесе) қабылданған шешімдерге ықпал етуге мүмкіндігі бар болған) жағдайда қаржы ұйымының акцияларын жанама иеленуші (дауыс беруші) тұлғалар болып танылады:
оның басшы қызметкері болып табылатын заңды және жеке тұлға;
жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, толық туысатын және толық туыспайтын інілер (ағалар) мен сіңлі-әпкелер (қарындастар), атасы, әжесі, немерелері), жұбайы (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар;
осы заңды тұлғаның басшы қызметкерінің жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, толық туысатын және толық туыспайтын інілер (ағалар) мен сіңлі-әпкелер (қарындастар), атасы, әжесі, немерелері), жұбайы (зайыбы) болып табылатын заңды және жеке тұлғалар.
Осы тармақтың екінші бөлігінен басқа заңды тұлғалардың (жарғы капиталында қатысу үлесімен) акцияларын жүйелі иелену арқылы қаржы ұйымының, қаржы ұйымының ірі қатысушысының, банк немесе сақтандыру холдингінің немесе қаржы ұйымының бірлескен ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі болып табылатын тұлғалардың шешімдерін анықтауға мүмкіндігі бар тұлға қаржы ұйымының (дауыс беруші) акцияларын жанама иеленуші тұлға болып танылады. Бір заңды тұлғаның қаржы ұйымының акцияларын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғы капиталында қатысу үлесімен) жүйелі иелік ету арқылы жанама иелену (дауыс беру) үлесі көрсетілген заңды тұлғалардың бірінің екіншісіндегі осы жүйелілікте тікелей қатысу үлестерінің туындысы ретінде анықталады.
Егер бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғадағы акцияларды (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иелену (дауыс беру) үлесі елу пайыздан астам болған жағдайда, онда қаржы ұйымының акцияларын жанама иелену (дауыс беру) үлесін есептеу мақсатында коэффициент бірге тең деп қабылданады.
Егер заңды тұлғаның бес пайыздан кем акцияларын (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иеленген тұлғалардың үлесі осы тұлғаның акцияларының (жарғы капиталында қатысу үлесімен) жалпы санынан жиырма пайызға асатын болса, заңды тұлғаның бес пайыздан кем акцияларына (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иелік ететін тұлғалардың иелігіндегі акцияларды қоспағанда (жарғы капиталында қатысу үлесімен) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иеленген (шарттың күшімен немесе басқа жағдайда оның дауыс беруге, шешімдерді анықтауға және (немесе) қабылданған шешімдерге ықпал етуге мүмкіндігі бар болған) жағдайда, онда тұлға қаржы ұйымының акцияларын жанама иеленуші (дауыс беруші) болып танылады.
Заңды тұлға банк холдингінің немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленген жағдайда, заңды тұлға Банктер туралы заңда және Сақтандыру қызметі туралы заңда көзделген тәртіппен бір мезгілде банк немесе сақтандыру холдингінің еншілес ұйымын құруға немесе иеленуге рұқсат алуға немесе банк немесе сақтандыру холдингінің ұйымның капиталына қомақты қатысуына рұқсат алуға өтініш береді.
11. Жеке және заңды тұлғаларға Банктер туралы заңның 13-бабының 1-тармағында және Сақтандыру қызметі туралы заңның 27-бабының 3-тармағында көзделген тәртіпте банк ашуға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру кезінде тиісінше, банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге бір мезгілде келісім беріледі.
12. Қаржы ұйымының немесе банктің немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алғысы келетін Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлғада тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген, "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен (бұдан әрі – № 385 қаулы) белгіленген халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген талап етілетін ең төмен рейтингтің болуы Банктер туралы заңның 17-1-бабы 1-тармағының үшінші бөлігінде, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 1-тармағында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда талап етілмейді.
Банк холдингі мәртебесін алуға уәкілетті органның келісімін алғысы келетін Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы болып табылатын өтініш берушіге тізбесі № 385 қаулымен белгіленген халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген талап етілетін ең төмен рейтингтің болуы және уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің болуы Банктер туралы Заңның 17-1-бабының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда талап етілмейді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 19.07.2024 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.13. Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабы 11-тармағының екінші бөлігіне және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-1-бабы 11-тармағының екінші бөлігіне сәйкес банк конгломератының құрамына кіретін банктің банк холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының бейрезидент банкіне банк холдингінің мәртебесін берумен бір мезгілде банк конгломератының құрамына кіретін және Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жататын тиісті қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесі беріледі.
14. Өтініш берушіге банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім берген кезде бір мезгілде банктің капиталына қомақты қатысуға не Банктер туралы заңда көзделген тәртіппен еншілес банк құруға немесе иеленуге рұқсат беріледі.
Банк холдингі немесе банк болып табылмайтын тұлғаға сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім берген кезде бір мезгілде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуға не Сақтандыру қызметі туралы заңда көзделген тәртіппен еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға (иеленуге) рұқсат беріледі.
15. Уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуі жағдайында мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу үшін ұсынылған өтініш пен құжаттарды қарау мерзімін, егер оларды қарау процесінде аталған құжаттарда өтініш беруші және оның қызметі туралы жалған мәліметтер, ұсынылған құжаттардың заңнама талаптарына сәйкес келмеген, сондай-ақ уәкілетті органға ұсынылған мәліметтердің шынайылығын тексеру қажеттілігі жағдайында тоқтата тұрады.
Өтініш беруші ескертулерді жойған және құжаттарды ұсынғаннан кейін оларды қарау мерзімі жаңартылады. Уәкілетті органның құжаттарды келесі қарауы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 3-тармағында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
16. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру кезінде алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
17. Өтініш беруші алған, өтініш берушінің банктік шотындағы банктің акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын:
1) жеке тұлға үшін:
кәсіпкерлік, еңбек және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шет мемлекеттің заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтен түсетін кірістер ретіндегі;
банктің сатып алатын акциялары құнының 25 (жиырма бес) пайызынан аспайтын мөлшерде сыйға тарту, мұра, ұтыстар және (немесе) өтеусіз алынған мүлікті, мұра ретінде алынған мүлікті сатудан түскен;
2) заңды тұлға үшін:
кәсіпкерлік, еңбек және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шет мемлекеттің заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтен түсетін кірістер ретіндегі;
өтініш берушінің жарғылық капиталына салым түріндегі ақша қаражат көздері болып табылады.
Қаржы ұйымы болып табылатын заңды тұлға үшін банктің акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаржы көздері банктің акцияларын сатып алу қаржы ұйымының меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерін, өтімділік коэффициенттерін немесе қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген өзге де нормативтерді (лимиттерді) бұзуына әкеп соқпауы талабымен қаржы ұйымының активтері болып табылады.
Заңды тұлға – Қазақстан Республикасының резиденті Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген, "Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысының талаптарын сақтайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаржы көздері мыналар:
кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақы төленетін қызметтен алынған кірістер;
өтініш берушінің құжаттамамен расталған ақшалай жинақтары.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздеріне қосымша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының сатып алатын акциялары құнының 25 (жиырма бес) пайызынан аспайтын мөлшерде сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған ақша пайдаланылуы мүмкін.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.08.2025 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.18. Өтініш берушінің Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасына ірі қатысуын растайтын құжаттардың көшірмелерін және өтініш берушінің акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан да көп пайызына тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін және банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алғысы келетін өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну бөлігіндегі талап Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасы болып табылатын өтініш берушіге төмендегі талаптардың бірін орындаған кезде қолданылмайды:
1) өтініш берушіде тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8318 болып тіркелген, "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің "А-"-дан төмен емес кредиттік рейтингінің болуы;
2) өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының интернет-ресурсында өтініш беруші ірі қатысушы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент- заңды тұлғалары туралы, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтердің болуы.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.08.2025 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.19. Сақтандыру холдингі мәртебесін иеленгісі келетін өтініш беруші тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты бөлігінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №198 болып тіркелген, "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 198 қаулысымен белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.08.2025 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.20. Бұрын қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алған тұлға заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда, сондай-ақ заңды тұлғаның әділет органдарында немесе Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Қағидалардың 31-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтердің өзгеруі немесе Қағидалардың 31-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтерде өзгерістер пайда болған жағдайда көрсетілген өзгерістерді растайтын құжаттарды қоса берумен уәкілетті органды хабардар етеді.
Берілген өзгерістерге және қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге бұрын берілген келісімге өзгерістер енгізуге уәкілетті органның келісімін алу талап етілмейді.
21. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алған тұлға уәкілетті орган аталған келісімді берген күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімінен немесе эмиссиялық бағалы қағаздарды номиналды ұстау жүйесінен қаржы ұйымының акцияларын сатып алуды растайтын үзінді-көшірме ұсынады.
Жаңадан құрылған қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алған тұлға қаржы ұйымының акцияларын мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімінен немесе эмиссиялық бағалы қағаздарды номиналды ұстау жүйесінен қаржы ұйымының акцияларын сатып алуды растайтын үзінді-көшірме ұсынады.
Осы тармақта белгіленген мерзімде үзінді-көшірме ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган берген келісім өз қолданысын тоқтатады.
22. Бұрын банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алған және кейіннен тек банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының белгілері ғана бар тұлға аталған сәйкессіздік орын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде уәкілетті органның алдында банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті орган бұрын берген келісімінің қолданылуын тоқтату туралы және аталған өзгерістерді ғана растайтын құжаттарды ұсынумен банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы өтінеді.
23. Бұрын қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алған және кейіннен қаржы ұйымының ірі қатысушысының, банк немесе сақтандыру холдингінің белгілері жоқ тұлға аталған сәйкессіздік орын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде уәкілетті органның алдында аталған өзгерістерді растайтын құжаттарды ұсынумен уәкілетті орган бұрын берген келісімінің қолданылуын тоқтату туралы өтінеді.
Қаржы ұйымының ірі қатысушысының (банк немесе сақтандыру холдингінің) өтініші бойынша қаржы ұйымы акцияларының саны қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылық берілген және қаржы ұйымы сатып алған акциялары шегеріле отырып) санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы қаржы ұйымының ірі қатысушысына (банк немесе сақтандыру холдингіне) тиесілі он (жиырма бес) пайыздан кем болатын санға дейін өзгерген жағдайда не уәкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді дербес анықтаған жағдайда, уәкілетті органның бұрын берілген жазбаша келісімінің күші уәкілетті орган көрсетілген өтінішті алған не уәкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді анықтаған күннен кейінгі күннен бастап жойылды деп саналады.
24. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне шағымдану жазбаша түрде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды көрсетілетін қызметті берушінің жоғары тұрған лауазымды адамы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты: 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша Бірыңғай байланыс орталығына хабарласу арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" жіберген кезде, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу кезінде жаңартылатын өтініш туралы ақпаратқа (жеткізілім, тіркеу, орындау туралы жазбалар, қарауға жауап немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қол жеткізуге болады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету туралы көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен шағымы ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы ол тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.02.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.25. Шағымда:
1) көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы не көрсетілетін қызметті алушының толық атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің атауы және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
3) шағым беруші тұлға өзінің талаптары мен дәлелдемелерін негіздейтін жағдайлар;
4) шағымның шығыс нөмірі және берілген күні;
5) шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетіледі.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі болып табылатын тұлға қол қояды.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.02.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.26. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.02.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3-тарау. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар
27. Өтініш беруші ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалар бойынша мәліметтер Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Өтініш беруші - жеке тұлға туралы мәліметтер (қысқаша деректер), өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректер Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
Өтініш берушінің кірістері мен мүлкі туралы ақпарат, сондай-ақ барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешек туралы ақпарат өтініш берушінің қаржылық жай-күйін талдау үшін жеткілікті, растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
Өтініш берушінің Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын басшы қызметкерлері бойынша, олардың мінсіз іскерлік беделін растайтын мәліметтер Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады. Осы мәліметтерді Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын басшы қызметкерлерге қатысты банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алған кезде өтініш беруші - заңды тұлға ұсынады.
Өтініш беруші акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар және өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтер мынадай ақпаратты қамтиды:
1) заңды тұлғалар үшін:
заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері;
заңды тұлғаның жарғысында көзделген қызмет түрлерін көрсете отырып, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер (қызметтің негізгі түрлерін атап өту);
жарғылық капиталға қатысу сомасы (иеленген акциялардың құны (мың теңгемен);
акциялар санының дауыс беретін акциялардың жалпы санына арақатынасы немесе жарғылық капиталға қатысу үлесі (пайызбен): жеке (тікелей немесе жанама) немесе бірлесіп иелену (пайыз, заңды тұлғаның атауы (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
2) жеке тұлғалар үшін:
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;
жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса);
жарғылық капиталға қатысу сомасы (иеленген акциялардың құны (мың теңгемен);
акциялар санының дауыс беретін акциялардың жалпы санына қатынасы немесе жарғылық капиталға қатысу үлесі (пайызбен);
жеке (тікелей немесе жанама) немесе бірлесіп иелену (пайыз, заңды тұлғаның атауы (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса).
Көрсетілген ақпараттың тексерілгені және дұрыс әрі толық болып табылатыны туралы растамасы бар осы мәліметтерді өтініш беруші - заңды тұлға заңды тұлғаның акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғаларға және осы заңды тұлғаға қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алған кезде ұсынады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.08.2025 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.28. Қаржы ұйымының қаржылық жағдайы ықтимал нашарлауы жағдайларында қаржы ұйымын қайта капиталдандыру жоспары мынадай ақпараттан тұрады:
қаржы ұйымының ағымдағы жай-күйін бағалау;
қаржы ұйымының қаржылық жай-күйінің болжамды нашарлауының есебі және нашарлауына әсер ететін өлшемшарттар (пруденциялық нормативтердің өзгеру серпіні, қаржы ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, қаржы ұйымының қаржылық және өзге де көрсеткіштерінің нашарлау жағына қарай өзгеруі);
қаржы ұйымын қаржылық қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың (шығыстарды төмендету бойынша шаралар, қаржы ұйымының меншікті капиталын пруденциялық нормативтер және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттер орындалатын шамаға дейін қалпына келтіруге бағытталған қосымша қаржылық салымдар (ақша салымының сомаларын және көздерін көрсете отырып), қосымша кірістер алу жөніндегі іс-шаралар және басқа іс-шаралар) егжей-тегжейлі сипаттамасы;
қаржы ұйымын қаржылық қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды орындаудың күнтізбелік мерзімдері;
қалпына келтіру іс-шараларының болжанған экономикалық әсері (пруденциялық нормативтердің өзгеру серпіні, қаржы ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, қаржы ұйымының қаржылық және өзге де көрсеткіштерінің өзгеруі).
Егер өтініш беруші банк немесе сақтандыру холдингі не басқа қаржы ұйымының ірі қатысушысы болса, онда уәкілетті органға ұсынылатын қайта капиталдандыру жоспары осы қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес өтініш берушінің міндеттемелері ескеріле отырып жасалады.
Қаржы ұйымының қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайында қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспары:
1) өтініш беруші жеке тұлғаның;
2) өтініш беруші заңды тұлғаның бірінші басшысының, сондай-ақ, егер өтініш беруші заңды тұлғаның ірі акционерінің (акционерлерінің) қаржы ұйымының, банк немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алуы талап етілмеген жағдайда, өтініш беруші заңды тұлғаның ірі акционерінің (акционерлерінің) қолдармен расталады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.09.2023 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.29. Бизнес-жоспар мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) төмендегілермен шектелмей, мынадай ақпаратты қамтиды:
қаржы ұйымының мақсаттары мен міндеттерін және көрсетілетін қызметтер түрлерін сипаттау;
қаржы ұйымының қызметін талдау (сыртқы және ішкі ортаны талдау);
қаржы ұйымы қызметінің таяудағы 5 (бес) қаржы (операциялық) жылындағы даму стратегиясы және ауқымы;
таяудағы 5 (бес) қаржы (операциялық) жылға арналған толық жылдық қаржылық жоспар (негізгі қаржылық көрсеткіштердің есебі, бюджет, бухгалтерлік баланс, пайда мен зиян туралы есеп, бизнес-жоспарды қаржыландыру көздері мен көлемдері);
тәуекелдерді басқару жоспары (қаржы ұйымының қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдердің сипаты және алдағы 5 (бес) қаржы (операциялық) жылында оларды басқару тәсілдері);
таяудағы 5 (бес) қаржы (операциялық) жылында еңбек ресурстарын тарту жоспары;
өтініш берушінің және қаржы ұйымының болжалды есеп айырысу балансын қоса алғанда, қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін алғаннан кейін иеленудің қаржылық салдарын талдау, егер мұндайлар бар болса, іс-шаралар жоспарын және ұйымдық құрылымын қоса алғанда, қаржы ұйымының активтерін сату, қайта ұйымдастыру немесе қаржы ұйымының қызметіне немесе басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстары және жоспарлары.
Егер өтініш берушінің банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуі тиісінше банк конгломератының немесе сақтандыру тобының қалыптасуына әкелген жағдайда, банк немесе сақтандыру холдингінің қатысушысы мәртебесін иеленудің қаржылық салдарын талдау банк конгломератының немесе сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерді сақтауын тексеруді қамтиды.
Осы тармақшаның тоғызыншы абзацында және Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының он бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келмеу қаржы ұйымының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әкеледі;
егер өтініш берушінің банк немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуі тиісінше банк конгломератының немесе сақтандыру тобының қалыптасуына әкелген жағдайда, банк конгломератының немесе сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің болжамды есебі;
2) мына:
өтініш беруші жеке тұлғаның;
өтініш беруші заңды тұлғаның бірінші басшысының, сондай-ақ, егер өтініш беруші заңды тұлғаның ірі акционерінің (акционерлерінің) қаржы ұйымының, банк немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алуы талап етілмеген жағдайда, өтініш беруші заңды тұлғаның ірі акционерінің (акционерлерінің) қолдармен расталады.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.09.2023 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.30. Шет мемлекеттердің құзыретті органдары немесе лауазымды тұлғалары берген құжаттар (Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке тұлғасының жеке басын куәландыратын құжаттарды қоспағанда) Қазақстан Республикасы заңнамасының немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес заңдастырылуға немесе апостильдендірілуге тиіс. Шет тілінде ұсынылатын бұл құжаттар қазақ және, қажет болған кезде, орыс тілдеріне аударылады және Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес нотариалды куәландырылуға жатады.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.08.2025 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.31. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініштерде:
1) өтініш беруші - жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі не өтініш беруші - заңды тұлғаның бизнес - сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер;
2) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), орналасқан жері туралы мәліметтер;
3) қаржы ұйымының иеленетін акцияларының саны, олардың құны, қаржы ұйымының иеленуге болжамдалған акциялары санының қаржы ұйымының орналастырылған (артықшылық берілген және сатып алынғандарды қоспағанда) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер;
4) қаржы ұйымының, оның ішінде бұрын иеленген акцияларын иелену талаптары мен тәртібі туралы мәліметтер, сондай-ақ растайтын құжаттармен қоса, акцияларды иелену үшін пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипаты;
5) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім (өтініш беруші - жеке тұлға үшін) және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтер көрсетіледі.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.08.2025 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.32. Ұсынылған құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган оларды қараудың Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 3-тармағында көрсетілген мерзімі ішінде өтініш берушіге пошталық, факсимильдік байланыс, электрондық пошта және (немесе) портал арқылы өтініш берушіге оларды жою үшін ескертулермен және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін, пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсыну туралы хат жолдайды. Бұл ретте уәкілетті органның келісім беруге арналған құжаттарды қарау мерзімі үзілмейді.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4-тарау. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк және сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісімді қайтарып алу тәртібі
33. Уәкілетті орган Банктер туралы заңның 17-1-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-1-бабында көрсетілген негіздер бойынша қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге берілген келісімді кері қайтарып алады.
Бұл жағдайда осындай шара қолданылған адам, Банктер туралы заңның 17-1-бабының 15-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 13-тармағында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-1-бабының 13-тармағында көрсетілген талаптар орындалған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күннің ішінде уәкілетті органға осы талаптардың орындалуын растайтын мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.08.2025 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Банктің және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының және (немесе) банк және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру | |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы |
Банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру; | |
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Порталға өтініш берген күннен бастап 50 (елу) жұмыс күні ішінде. |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса берумен қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алым жинау мөлшерлемесі: |
7. | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін; |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар және мәліметтер тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш берген кезде: |
9. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру бойынша: |
10. | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар. |
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. |
Банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініш (жеке тұлғалар үшін)
Ескерту. 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.08.2025 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
жылғы "___" __________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке идентификаттау нөмірі
(бар болса), азаматтығы бар елі, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын
құжаттың деректері),
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
______________________________________________________________________
(банктің атауы, банктің бизнес-идентификаттау коды)
ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге рұқсат беруді сұрайды.
Банктің иеленетін акцияларының саны, олардың құны, иеленуге болжанатын банк акциялары санының орналастырылған акциялар (артықшылықты және сатып алынғандарды шегергенде) санына және (немесе) банктің дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________.
Банк акцияларын, оның ішінде бұрын иеленген акцияларды сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер, сондай-ақ акцияларды иеленуге пайдаланылатын ақша көздері мен қаражаттардың сипаттамасы:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
________________________________________________________.
Өтінішке қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығын, сондай-ақ осы өтінішті қарауға байланысты сұратылатын ақпаратты қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға уақтылы ұсынуды растаймын.
Дербес деректерді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Қосымша (жіберілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақтардың санын көрсету):
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
___________________ (күні)
Банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініш (заңды тұлғалар үшін)
Ескерту. 1-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.08.2025 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
жылғы "___" __________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса), өтініш беруші -
Қазақстан Республикасы бейрезидент-заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу), орналасқан жері туралы мәліметтер)
__________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасының не оның бас ұйымының кредиттік рейтингі туралы мәліметтер, тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген, "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен (бұдан әрі - № 385 қаулы) белгіленетін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген, ең төменгі рейтингтің болуын растайтын мәліметтер орналастырылған интернет-ресурсқа сілтеме)
___________________________________________________________________
(банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингінің мәртебесін иеленгісі келетін заңды тұлғаның уәкілетті органы шешімінің деректемелері)
жылғы ___ №_ шешіміне сәйкес
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(банктің атауы, банктің бизнес-сәйкестендіру коды)
банктің ірі қатысушы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге рұқсат беруді сұрайды.
Банктің иеленетін акцияларының саны, олардың құны, иеленуге болжанатын банк акциялары санының орналастырылған (артықшылықты және сатып алынғандарды шегергенде) акциялар санына және (немесе) банктің дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________.
Банк акцияларын, оның ішінде бұрын иеленген акцияларды сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер, сондай-ақ растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, акцияларды иеленуге пайдаланылатын ақша көздері мен қаражаттардың сипаттамасы:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________.
Өтініш берушінің акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар туралы мәліметтер:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________,
өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының интернет-ресурсына сілтеме*________________________________.
Өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтер:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________,
өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының интернет-ресурсына сілтеме*________________________________.
Өтініш беруші ірі қатысушы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғалары туралы мәліметтер:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________,
өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау
органының интернет-ресурсына сілтеме*________________________________.
Өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімі орналастырылған**:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________.
Өтініш берушінің ________ жыл үшін қаржылық есептілігі мына сілтеме бойынша орналастырылған:
__________________________________________________________________
Өтініш берушінің ________ жыл үшін қаржылық есептілігі мына сілтеме бойынша орналастырылған:
___________________________________________________________________
Өтініш берушінің ________ жылғы ______ тоқсан үшін қаржылық есептілігі мына сілтеме бойынша орналастырылған және қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде қолжетімді***:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Өтінішке қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығын, сондай-ақ осы өтінішті қарауға байланысты сұратылатын ақпаратты қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға уақтылы ұсынуды растаймын.
Дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Қосымша (жіберілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақтардың санын көрсету):
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
___________________ (күні)
*интернет-ресурсқа сілтеме "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 17-1-бабының 6-1-тармағында көзделген жағдайда көрсетіледі;
** интернет-ресурсқа сілтеме Банктер туралы заңның 17-1-бабы 5-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда көрсетіледі;
*** интернет-ресурсқа сілтеме Банктер туралы заңның 17-1-бабының 5-тармағы 6) тармақшасында, 6-1-тармағында көзделген жағдайларда көрсетіледі.
Өтініш беруші олардың ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар туралы мәліметтер
№ | Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері | Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеуі) туралы деректер, жарғылық қызмет түрлері (негізгі қызмет түрлері көрсетілсін) | Жарғылық капиталға қатысу сомасы (сатып алынған акциялардың құны (мың теңгемен) |
1 | 2 | 3 | 4 |
кестенің жалғасы
Акциялар санының дауыс беруші акциялардың жалпы санына арақатынасы немесе жарғылық капиталға қатысу үлесі (пайызбен), | |||
Жеке иелік ету | Бірлесіп иелік ету | ||
тікелей | жанама | пайыз | заңды тұлғаның атауы (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) |
5 | 6 | 7 | 8 |
Осы ақпарат тексерілгенін және ол дәйекті және толық болып табылатынын растаймын.
Өтініш беруші
__________________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)
______________________
(қолы)
Өтініш беруші - жеке тұлға туралы мәліметтер (қысқаша деректер), өтініш беруші – заңды тұлғаның басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректер
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Өтініш беруші ірі қатысушы, банктік немесе сақтандыру холдингі мәртебесін
иеленетін қаржы ұйымының толық атауы
____________________________________________________________________
2. Тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)
____________________________________________________________________
3. Өтініш беруші- заңды тұлғаның лауазымы және толық атауы (өтініш беруші – заңды
тұлғаның басшы қызметкері толтырады)
____________________________________________________________________
4. Жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)
_____________________________________________________________________
5. Азаматтығы ________________________________________________________
6. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері (шетел азаматтарына,
азаматтығы жоқ тұлғаларға)
____________________________________________________________________
7. Тұратын жері және заңды мекенжайы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
8. Телефон нөмірі (үй, жұмыс)
____________________________________________________________________
9. Өтініш беруші ірі қатысушы, банктік немесе сақтандыру холдингі мәртебесін
иеленетін қаржы ұйымының және онымен үлестес заңды тұлғалардың жарғылық
капиталында қатысуы туралы мәліметтер:
№ | Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері | Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы деректер, жарғылық қызмет түрлері (негізгі қызмет түрлері көрсетілсін) | Құрылтайшы – жеке тұлғаның иелігіндегі акциялар санының жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен) |
1 | 2 | 3 | 4 |
10. Өтініш беруші ірі қатысушы, банктік немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін қаржы ұйымының және онымен үлестес заңды тұлғалардың жарғылық капиталында оның жұбайының, жақын туыстарының (ата-аналары, аға-інілері, апа-қарындастары (сіңлілері), балалары) және жекжаттарының (жұбайының (зайыбының) ата-аналары, інілері (ағалары), апа-қарындастары (сіңлілері), балалары) қатысуы туралы мәліметтер:
№ | Тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) | Туған жылы | Туыстық қатынасы | Жұмыс орны және лауазымы | Заңды тұлғаның атауы | Жарғылық капиталға қатысу сомасы (сатып алынған акцияларының құны (мың теңгемен) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
кестенің жалғасы
Акциялар санының дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы немесе оның жарғылық капиталына қатысу үлесі (пайызбен) | |||
Жеке иелік ету | Бірлесіп иелік ету | ||
тікелей | жанама | пайызы | заңды тұлғаның атауы (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) |
8 | 9 | 10 | 11 |
11. Білімі:
№ | Оқу орнының атауы | Түскен жылы - аяқтаған жылы | Мамандығы | Білімі туралы дипломының деректемелері (бар болса күні және нөмірі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
12. Еңбек қызметі туралы мәліметтер
№ | Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)* | Жұмыс орны** | Лауазымы | Тәртіптік жазалардың болуы | Жұмыстан шығу, лауазымынан босатылу себептері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ескертпе: осы тармақта өтініш беруші-жеке тұлғаның немесе өтініш беруші-заңды тұлғаның басшы қызметкерінің еңбек қызметi, (сондай-ақ басқару органындағы мүшелігі), оның iшiнде өтініш беруші – заңды тұлғадағы лауазымын көрсете отырып, жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап еңбек қызметi туралы мәліметтер, сондай-ақ өтініш беруші-жеке тұлға немесе өтініш беруші-заңды тұлғаның басшы қызметкерінің (күнтізбелік 14 (он төрт) күннен артық еңбек қызметін жүзеге асырмаған жағдайда көрсетіледі) еңбек қызметі жүзеге асырылмаған кезең көрсетіледі
* қаржы ұйымдарындағы (оның ішінде шыққан елінің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктері бар Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымдарындағы), банк немесе сақтандыру холдингтеріндегі, халықаралық қаржы ұйымдарының біріндегі, аудиторлық ұйымдардағы, қаржы қызметтерін және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдарда еңбек қызметі туралы мәліметтер, сондай-ақ қаржы ұйымдарының (оның ішінде шыққан елінің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру жөніндегі өкілеттігі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымдарының) басқару органдарына, банктік немесе сақтандыру холдингтеріндегі мүшелігі туралы мәліметтер көрсетіледі, күні, айы, жылы көрсетіледі. Қалған жағдайларда жылы көрсетіледі.
** егер қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда, қаржы ұйымының тіркелген елі көрсетіледі.
13. Өтініш беруші – жеке тұлға, өтініш беруші-заңды тұлғаның басшы қызметкерінің бұдан бұрын Қазақстан Республикасының бейрезидент- банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органы немесе қаржылық қадағалау органы банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, банктердің филиалдары санатына жатқызу туралы немесе банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға әкеп соққан лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін, немесе қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін, немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент- банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп танығанға дейін, немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, оның орынбасары немесе атқарушы органның мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы, басшының орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, ірі қатысушы - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі) - заңды тұлғасының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымының басшысы еншілес ұйымның басшы қызметкері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидат) болып табылғандығы туралы мәліметтер.
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________ (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі көрсетілсін)
14. Өтініш беруші - жеке тұлға немесе өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкері бұдан бұрын қаржы ұйымының басшысы, басқару органының мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қатарынан төрт және одан астам кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша дефолтқа жеткізген не дефолтқа жеткізілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселік және (немесе) одан астам мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлем жасау күніндегі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын эмитент – заңды тұлғаның – ірі қатысушысы (ірі акционердің) жеке тұлғасы, ірі қатысушысының (ірі акционердің) басшысы, басқару органының мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болғандығы туралы мәліметтер
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін)
15. Өтініш беруші-жеке тұлғаға, өтініш беруші-жеке тұлғаның басшы қызметкеріне қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) немесе оның негізінде мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнаулы құқықтан айырылған сот шешімі бар ма.
____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ (иә (жоқ), заңды күшіне енген сот шешімінің күні мен нөмірі көрсетілсін)
16. Өтініш беруші – жеке тұлға, өтініш беруші – заңды тұлғаның басшы қызметкері уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беру туралы өтініш берген күніне дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысты жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды ма
_________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________ (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаты, ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ жауапкершілікке тартудың негіздерін көрсете отырып).
17. Өтініш беруші-жеке тұлға, өтініш беруші-заңды тұлғаның басшы қызметкері ірі қатысушы немесе басшы қызметкер болған кезеңде заңды тұлғаның қаржылық жағдайының нашарлауының немесе банкроттық фактілерінің болуы:
________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________
18. Өтініш беруші ірі қатысушы - банктік немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін қаржы ұйымымен үлестес болуы (болмауы):
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
______ (иә (жоқ), үлестестік белгілері көрсетілсін)
19. Өзге де ақпарат (бар болса):
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Осы ақпарат тексерілгенін және ол дәйекті және толық болып табылатынын растаймын, сондай - ақ өтініш беруші - жеке тұлғаға, өтініш беруші-заңды тұлғаның басшы қызметкеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін және мінсіз іскерлік беделінің болуын растаймын.
Дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)
__________________________________________________________________________
(өтініш беруші – жеке тұлға, өтініш беруші – заңды тұлғаның басшы
__________________________________________________________________________
қызметкерінің өз қолымен баспа әріптерімен толтырылады)
Қолы _________________
Күні____________________
Өтініш берушінің кірістері мен мүлкі туралы мәліметтер, сондай-ақ оның барлық міндеттемелері бойынша нақты берешегі туралы ақпарат
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.04.2021 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2. Есепті кезең
____________________________________________________________________
______________________________
3. Өтініш берушінің кірістері мен мүлкі, сондай-ақ оның барлық міндеттемелері бойынша бар берешегі туралы ақпарат:
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | Өткен есепті кезең үшін | |
Саны | Кірістер (берешек) сомасы Актив құны (теңге) | |||
1. | Есепті кезеңде алынған кірістер: | X | ||
1.1 | Жалақы | X | ||
1.2 | Ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінен (акцияларынан) түскен дивидендтер мен кіріс | X | ||
1.3 | Салымдар бойынша сыйақы | X | ||
1.4 | Мүлікті жалға беруден түскен кіріс | X | ||
1.5 | Кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс | X | ||
1.6 | Мүлікті өткізуден түскен кіріс | X | ||
1.7 | Кірістің басқа түрлері (талдамасымен) | X | ||
2. | Мүлік: | |||
2.1 |
Ақша: |
Х | ||
2.2 | Бағалы қағаздар (эмитенттің атауын көрсете отырып), оның ішінде жай акциялар, артықшылықты акциялар, облигациялар | |||
2.3 | Қаржы ұйымының ірі қатысушысына тиесілі акциялар санының ұйымның (атауын көрсете отырып) дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы немесе олардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің жарғылық капиталына қатысу үлестері (пайызбен) | X | ||
2.4 | Жылжымайтын мүлік (атауы мен орналасқан жерін көрсете отырып) | |||
2.5 | Өзге де мүлік (талдамасымен) | |||
2n | X | |||
3. | Барлық міндеттемелер бойынша берешек | X | ||
3.1 | Өтелмеген қарыздар | X | ||
3.2 | Қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек | X | ||
3.3 | Міндеттемелер бойынша өзге берешек (талдамасымен) | X | ||
3n | X |
кестенің жалғасы
Есепті кезең үшін | Есепті кезеңдегі өзгерістер | ||
Саны |
Кіріс (берешек) сомасы | Саны |
Кіріс (берешек) сомасы |
X | X | ||
X | X | ||
X | X | ||
X | X | ||
X | X | ||
X | X | ||
X | X | ||
X | X | ||
X |
X | ||
X | X | ||
X | X | ||
X | X |
Ескерту: Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену үшін "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынатын айдың 1 (бірінші) күнінің алдындағы 12 (он екі) айға тең кезең есепті кезең болып табылады.
Осы ақпарат тексерілгенін және дәйекті және толық болып табылатынын растаймын.
Өтініш беруші
_______________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)
______________________
(қолы)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысына 5-қосымша |
|
Нысан |
Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын өтініш берушінің басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделін растайтын мәліметтер
Ескерту. Талаптар 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 19.07.2024 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Өтініш беруші - заңды тұлғаның - Қазақстан Республикасының резиденті не өтініш беруші - заңды тұлғаның – Қазақстан Республикасының бейрезиденті не өтініш беруші – қаржы ұйымының – Қазақстан Республикасының бейрезидентінің толық атауы
____________________________________________________________________
2. Өтініш беруші – заңды тұлға – Қазақстан Республикасының резиденті не өтініш беруші - заңды тұлға – Қазақстан Республикасының бейрезиденті не өтініш беруші – қаржы ұйымы – Қазақстан Республикасының бейрезиденті банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленген банктің толық атауы
____________________________________________________________________
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Өтініш беруші - заңды тұлғаның - Қазақстан Республикасының резиденті не өтініш беруші - заңды тұлғаның – Қазақстан Республикасының бейрезиденті не өтініш беруші – қаржы ұйымының – Қазақстан Республикасының бейрезидентінің басшы қызметкерінің лауазымы | Жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) | Азаматтығы | Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар үшін) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Өтініш беруші - заңды тұлға - Қазақстан Республикасының резиденті не өтініш беруші - заңды тұлға – Қазақстан Республикасының бейрезиденті не өтініш беруші – қаржы ұйымы – Қазақстан Республикасының бейрезиденті (қажеттісін таңдау)
__________________________________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)
Қазақстан Республикасының бейрезиденті (бейрезиденттері) болып табылатын өтініш беруші-заңды тұлғаның аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 3-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайды.
Азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін), сондай-ақ осы басшы (басшы) қызметкер (қызметкерлер) соңғы 10 (он) жыл ішінде тұрақты түрде тұрған елдің алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын өтініш беруші - заңды тұлға - Қазақстан Республикасының резиденті не өтініш беруші - заңды тұлға – Қазақстан Республикасының бейрезиденті не өтініш беруші – қаржы ұйымы – Қазақстан Республикасының бейрезиденті тексереді (қажеттісін таңдау)
____________________________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)
Осы ақпаратты өтініш беруші - заңды тұлға - Қазақстан Республикасының резиденті не өтініш беруші - заңды тұлға – Қазақстан Республикасының бейрезиденті не өтініш беруші – қаржы ұйымы – Қазақстан Республикасының бейрезиденті тексерді (қажеттісін таңдау) және ол анық әрі толық болып табылады.
Атқарушы органның басшысы (атқарушы органның қызметтерін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) немесе оның міндетін атқарушы тұлға.
____________________________
(қолы)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысының қосымшасы |
Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, банк холдингiнiң iрi қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингiнiң iрi қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге келiсiмдi беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5165 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, банк холдингiнiң iрi қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингiнiң iрi қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге келiсiмдi беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 7 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы № 174 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5397 тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, банк холдингiнiң iрi қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингiнiң iрi қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге келiсiмдi беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 7 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 27 ақпандағы № 33 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5618 тіркелген).
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2010 жылғы 29 наурыздағы № 49 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6204 тіркелген, 2010 жылдың 3 қарашасында № 456 (26299) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер тізбесінің 9-тармағы.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, банк холдингiнiң iрi қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингiнiң iрi қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге келiсiмдi беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 7 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 29 қарашадағы № 172 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6720 тіркелген).