"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған кейінгі жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Лицензиялау департаменті (Н.Қ. Қасқаманова):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.
Төрайым | Е. Бахмутова |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық Банкі | |
Төраға Ә.Ғ.Сәйденов | |
2008 жылғы 11 желтоқсан | |
___________________________ | |
(қолы, күні, елтаңбалы мөр) |
| Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 182 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.03.2026 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.