Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 ақпанда № 7447 тіркелді

Жаңартылған

      "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесі бекiтілсін.
      2. Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Имашев

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің  
2012 жылғы 31 қаңтардағы 
№ 31 бұйрығына   
1-қосымша       

Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау
тәртібі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже мемлекеттік нотариустар мен жекеше практикамен айналысатын нотариустардың (бұдан әрі - нотариус) нотариаттық іс-әрекеттер:
      1) мәмілелерді куәландыру;
      2) мүлікті иеліктен алу туралы шарттарды куәландыру;
      3) мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды куәландыру;
      4) некелік келісім-шарттарды куәландыру;
      5) өсиеттерді куәландыру;
      6) сенімхаттарды куәландыру;
      7) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландыру;
      8) мұрамен сенімгерлік басқарушыны тағайындау;
      9) мұраға құқық туралы куәліктер беру;
      10) жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығы негізінде мүлкі бар басқа адамдардың ортақ мүліктегі үлесіне меншік құқығы туралы куәліктер беру;
      11) мүлікті иеліктен алуға тыйым салу және тыйымды жою;
      12) құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландыру;
      13) құжаттардағы қолдардың түпнұсқалығын куәландыру;
      14) құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының дұрыстығын куәландыру;
      15) фактілерді куәландыру;
      16) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға беру;
      17) ақшаларды депозитке қабылдау;
      18) вексельдер наразылықтарын жасау;
      19) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау;
      20) теңіз наразылықтарын жасау;
      21) дәлелдерді қамтамасыз етуді жасау тәртібін белгілейді.
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде нотариустар жасайтын өзге де нотариаттық іс-әрекеттер көрсетілуі мүмкін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      2. Нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттық кеңсенің үй-жайында, үй-жайдан тыс жерлерде де жасалуы мүмкін. Егер нотариаттық іс-әрекеттер мемлекеттік нотариат кеңсесі немесе жекеше нотариустың үй-жайынан тыс жерлерде жасалса, онда құжаттағы куәландыру жазбасында және нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімде, Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің (бұдан әрі – БНАЖ электрондық тізілімі) электрондық тізілімінде нотариаттық іс-әрекеттер жасалған орынның мекен-жайы және уақыты көрсетіле отырып жазылады.
      Нотариаттық іс-әрекеттер сапарға шығып жасалынғанда мүдделі тұлғаның өтініші негізінде жасалады және ол тұрақты сипатта болмайды.
      3. "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 40-бабына сәйкес нотариаттық iс-әрекеттер бұл үшiн барлық қажеттi құжаттар табыс етiлiп, мемлекеттiк нотариус немесе осы Заң арқылы нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлдiк берiлген адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасаған жағдайда мемлекеттiк баж төлеген не жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттерiне ақы төленген күнi жасалады.
      Нотариаттық іс-әрекеттер жасау Заңның 41-бабындағы негіздер бойынша кейінге қалдырылуы немесе тоқтата тұруы мүмкін.
      4. Баланың заңды өкілі оның ата-аналары (ата-анасы), асырап алушылары, қорғаншысы немесе қамқоршысы, патронат тәрбиешісі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамқоршылықты, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыратын өзге де алмастыратын адамдар (бұдан әрі – баланың заңды өкілдері) болып табылады.
      5. Заңның 42-бабына сәйкес нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаған кезде нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адамның жеке басын анықтайды.
      Нотариаттық іс-әрекет келесі жеке басты куәландыратын құжаттарымен жасалады:
      1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
      2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
      3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;
      4) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
      5) туу туралы куәлік;
      6) шетелдік паспорты.
      16 жасқа толмаған, кәмелетке толмаған адамның жеке басын баланың заңды өкілдерінің бірі кәмелетке толмаған адамның туу туралы куәлігінің және баланың заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжатының негізінде растайды.
      16 жасқа толмаған, кәмелетке толған адамның жеке басын баланың заңды өкілдерінің бірі жеке басын куәландыратын құжатпен анықтайды, сондай-ақ, кәмелетке толмаған адамның туу туралы куәлігінің және баланың заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжатының негізінде растайды.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.01.2014 № 22 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. БНАЖ арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында нотариаттық іс-әрекет жасауға келген адамдар мен олардың Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары берген заңды өкілдерінің құжаттары салыстырылып тексеріледі.
      7. Заңның 43-бабына сәйкес нотариус мәмілелерге қатысушы жеке тұлғалардың іс-әрекетке қабілеттілігін және заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін анықтайды.
      Жеке тұлғалардың әрекетке қабілеттілігі оның жеке басын куәландыратын құжатын берген кезде анықталады.
      Заңды тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдіктің құқық қабілеттілігі оның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі және заңды тұлғаның Жарғысы (Ережесі) бойынша, сондай-ақ БНАЖ арқылы "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында айқындалады. Егер ол заңды тұлғалардың Жарғысында (Ережесінде) көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге қайшы келетін болса, нотариаттық іс-әрекет жасалынбайды.
      Заңды тұлға басшысының өкілеттіктері Жарғысы (Ережесі), заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігі, оны қызметіне тағайындау туралы бұйрығы (шешімі) бойынша тексеріледі.
      Заңды тұлға өкілінің, сондай-ақ филиалдың (өкілдіктің) басшысының өкілеттілігі оның басшысының, оның құрылтай құжаттарымен уәкілетті тұлғаның қолымен берген, осы ұйымның мөрімен бекітілген сенімхат бойынша анықталады.
      Жеке тұлға өкілінің өкілеттігі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша анықталады.
      Нотариус БНАЖ арқылы Қазақстан Республикасындағы нотариустар куәландырған сенімхаттарды беру фактісін тексереді.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      8. Ата-аналардың өздерінің кәмелетке толмаған балаларының мүдделерін білдіру жөніндегі өкілеттіктері баланың тууы туралы куәлігі бойынша, қамқоршылыққа алынушыға (қорғаншылыққа алынушыға) қатысты қамқоршының (қорғаншының) өкілеттілігі - қамқоршы және қорғаншы органдардың шешімімен анықталады. Ата-аналардың, қамқоршының (қорғаншының) жеке басы осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде белгіленеді, сондай-ақ "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында және "АХАЖ" ақпараттық жүйесінде БНАЖ арқылы салыстырылады.
      Нотариус неке туралы мәліметті "АХАЖ" ақпараттық жүйесінде БНАЖ арқылы тексереді.
      9. Нотариус куәландыратын мәмілелерге, өтінішке қатысушылар нотариустың қатысуымен қол қояды, онда тек қол қойып қана қоймай, тегін, атын, әкесінің атын (бұдан әрі – аты-жөні) (болған жағдайда) өз қолымен жазып қояды.
      10. Егер нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген жеке тұлға дене кемістігі салдарынан немесе әлде бір өзге себептермен өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша және оның қатысуымен, сондай-ақ нотариустың қатысуымен нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адамның, бұл туралы құжаттың өзіндегі мәтінде және нотариус тексерген, куәландырған жазбасында белгі жасауды құжатқа қол қоя алмау себептерін көрсете отырып, мәмілеге, өтінішке немесе өзге құжатқа басқа адам қол қоя алады.
      Нотариус басқа адамның әрекетке қабілеттілігін оның жеке басын куәландыратын құжатын берген кезде әрекетке қабілеттілігін анықтайды.
      11. Егер нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адам керең, мылқау немесе керең әрі мылқау болса, онда нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде мәмілеге қатысушы керең, мылқау, керең әрі мылқау адаммен түсінісе алатын кез-келген адам қатысады және мәміленің мазмұны нотариаттық әрекет жасауға келген адамның ниетіне сәйкес екендігін өзі қол қоюмен куәландырады.
      12. Егер адам сауатсыздығынан немесе дене кемістігінің (нашар көруі немесе мүлдем көрмеуі) салдарынан нотариаттық куәландырылатын құжаттың мазмұнымен таныса алмаса, онда нотариус оған құжаттың мәтінін оқып беруге міндетті, ол туралы құжатқа белгі қойылады.
      13. Егер адам нотариаттық іс жүргізу тілін білмесе, онда нотариаттық куәландырылатын құжаттың мәтінін осы тілді білетін нотариус немесе аудармашы аударылған болса, ол туралы құжатқа белгі қойылады.
      14. Нотариаттық куәландырылатын мәтінде немесе куәландырылатын құжатта оның мазмұнына қатысты күні кемінде бір рет сөздермен жазылуы тиіс.
      15. Егер нотариаттық іс-әрекет жасауға заңды тұлға жүгінсе, оның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі және тұрған жері көрсетілді.
      Нотариаттық іс-әрекет жасауға жеке тұлға келген кезде, жеке басты куәландыратын құжаты бойынша ол туралы мәлімет, оның тұратын жерінің мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
      Мәмілелерді шетелдік азаматтың атынан куәландырған кезде олардың азаматтығы жоқ адамдарға қатысты азаматтығы – ол туралы мәлімет көрсетіледі.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      16. Нотариус нотариаттық іс-әрекет жасауға нотариаттық іс жүргізу тілінен өзгеше тілде жасалған, аудармасы тиісінше ресімделмеген, сондай-ақ өшірілген, қосылып жазылған, сызылған немесе өзге де келісілмеген түзетулері бар, қарындашпен жазылған құжаттар, сондай-ақ мөр бедерлемесі анық көрінбейтін құжаттарды қабылдамайды
      Егер ұсынылған құжаттар екі не одан көп парақтардан тұрса, олар бауланады, парақты нөмірленеді, ал бауланған парақтардың саны құжат беруші ұйымның лауазымды адамының қолымен және мөрімен расталады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      17. Нотариаттық куәландырылған құжатта нотариус азаматтық құқықтар мен міндеттерді өзгертуді, тоқтатуды болдырмайтын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың мүдделерін заңмен қорғайтын құқықтарына қатысты емес орфографиялық, грамматикалық немесе техникалық қателіктерді түзетуі мүмкін, куәландыратын жазбаның соңында нотариустың қолы мен мөрі қойылады.
      18. Нотариус нотариаттық іс-әрекеттерді жасау үшін келген тұлғаға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, сондай-ақ заңдық хабарланбауы оған зиянын тигізбеуі үшін жасалынатын нотариаттық іс-әрекеттердің салдарларын ескертеді (Заңның 18-бабы 1-тармағының 2 тармақшасы).
      19. Мәмілелерді куәландырғанда, нотариаттық куәландырылған құжаттардың телнұсқасын бергенде құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын, құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын, құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын, құжаттардың берілген уақытын куәландырғанда тиісті құжаттарға нотариустың жеке қолы қойылып куәландыру жазбасы жасалады және оның мөрі басылады.
      20. Куәландыру жазбасының мәтіні техникалық құралдармен (жазба машинасымен, дербес компьютермен) немесе қолдан анық жазылып орындалады, өшірулерге жол берілмейді. Куәландырушы жазбаларды жасау үшін тиісті жазбасы бар мөртабан қолданылуы мүмкін. Құжаттағы куәландырушы жазба осы бетте немесе құжаттың артқы бетінде азаматтардың қолтаңбасынан кейін қойылады.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      21. Егер куәландыру жазбасы тиісті құжатқа сыймай қалса, ол құжатқа қосылған парақта жалғастырылуы немесе толық жазылуы мүмкін. Бұл жағдайда құжаттың мәтіні көрсетілген беттер және куәландыру жазбасы бауланып тігіледі және нөмірленеді, парақтардың саны нотариустың қолымен расталып, мөрімен бекітіледі.
      22. Мұрагерлік құқық, меншік құқығы, азаматтың тірі екендігі және белгілі жерде орналасу фактісін, жеке және заңды тұлғалардың басқа жеке және заңды тұлғаларға өтініштер беруін, құжаттар сақтауға қабылданғанын куәландырған кезде куәліктер беріледі.
      Сенім білдірілген басқарушы мұраны тағайындаған кезде, нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартылғанда, нотариаттық іс-әрекет тоқтатылғанда немесе кейінге қалдырылғанда нотариус тиісті қаулы шығарады.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      23. Барлық нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде және БНАЖ электрондық тізілімінде тіркеледі.
      24. Нотариаттық іс-әрекеттерді нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде және БНАЖ электрондық тізілімінде тіркеу тек куәландырушы жазбаға немесе берілетін құжатқа нотариус қол қойған соң ғана жүргізіледі.
      25. Негізінде нотариаттық іс-әрекеттер жасалынатын құжаттар куәліктің не мәміленің нотариуста қалатын данасына қоса тігіледі. Түпнұсқалы құжаттарды оларды алып келген тұлғаларға қайтару қажет болған жағдайда нотариус олардың көшірмелерін өзіне қалдырады. Нотариустың істерінде қалатын құжат көшірмелерінің дұрыстығы түпнұсқамен көшірмесі дұрыс келетініні көрсетіліп, күні мен нотариустың қолы қойылып, нотариустың жазбасымен куәландырылады.
      26. Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер Заңның 3-бабына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мақсатта және тәртіппен ұсынылады.
      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 22.08.2014 № 257 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      27. Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, нотариаттық куәландырылған көшірмелер, сондай-ақ нотариустар берген құжаттар жеке және заңды тұлғаларға тапсырмасы бойынша нотариаттық іс-әрекет жасалынған адамның немесе олардың уәкілетті адамдарының атынан беріледі.
      Нотариус куәландырған немесе берген құжаттар жоғалған жағдайда заңды және жеке тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша олардың атынан немесе тапсырмасы бойынша осы нотариаттық іс-әрекет жасалған, не олардың уәкілетті адамдарының жоғалған құжаттардың телнұсқалары беріледі.
      Құжат телнұсқасы куәландырылған немесе берілген құжаттың барлық мәтінін, нотариустың куәландырылған жазбасымен қоса қамтуы тиіс.
      Егер, нотариус телнұсқаны сенімді тұлғаға сенімхат негізінде берген жағдайда, куәландырылған жазбада дубликат алушы адамның аты-жөні жазылады.
      28. Өсиеттер, өсиеттердің телнұсқалары мен көшірмелері туралы мәліметтер мұрагерлерге тек өсиет қалдырушы қайтыс болғаннан кейін қайтыс болғаны туралы куәлікті тапсырған кезде беріледі. Өсиетте көрсетілген мұрагерлер қайтыс болған жағдайда өсиеттің телнұсқасы олардың мұрагерлеріне олар өсиет қалдырушы мен өздері одан кейін мұрасын иеленетін, сондай-ақ мұрагерлiктi қабылдау үшiн негiз болып табылатын туыстық және басқа да қарым-қатынасты дәлелдейтiн құжаттар қайтыс болған мұрагердің қайтыс болғаны туралы куәлікті ұсынған жағдайда беріледі.
      29. Қайтыс болу фактісі, мұрагерлікті қабылдауға негіз болатын туысқандық қатынастар нотариусқа ұсынылған құжаттар бойынша айқындалады. Егер нотариусқа берілген құжаттарды Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары берген жағдайда "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында, "АХАЖ" ақпараттық жүйесінде БНАЖ арқылы мәліметтер тексеріледі.
      30. Нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаудан Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекет жасауға алкогольдік, есірткілік, токсикологиялық масаю халінде келген адамдар келген кезде бас тартады.
      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      31. Нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
      Нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы қаулыда мыналар көрсетіледі:
      1) қаулы шығарған күні;
      2) нотариустың аты-жөні, мемлекеттік нотариаттық кеңсенің атауы, лицензияның нөмірі мен берген күні;
      3) нотариаттық іс-әрекет жасауға келген тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), оның тұрғылықты жері (немесе заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері);
      4) нотариаттық іс-әрекеттің атауы;
      5) нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартудың себептері (заңнамаға сілтемесімен);
      6) бас тартуға шағымданудың тәртібі мен мерзімдері.
      Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      32. Егер нотариус жіберілген қатенің салдарынан өзінің жасаған нотариаттық іс-әрекеті қолданылып жүрген заңдарға қайшы келгенін немесе заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаның анықтаса, онда ол бұл туралы мүдделі тұлғалардың назарына жеткізеді және сотқа жүгіну тәртібін оларға түсіндіреді (жасалынған нотариаттық іс-әрекеттердің күшін жою үшін).
      Жіберілген қателер фактісі туралы нотариус ол анықталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органдарына және аумақтық нотариаттық палатаға хабарлайды.
      33. Нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде нотариус Заңның 100-105-баптарына сәйкес басқа да елдердің құқық нормаларын қолданады.
      34. Нотариус жылжымайтын мүліктермен мәмілелерді куәландырған кезде және мемлекеттік тіркелуге жататын мұраға құқық туралы куәлікті берген кезде - "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" - мемлекеттік деректер қорында БНАЖ арқылы жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және олардың техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы сұратады немесе анықтаманың бірегей нөмірі бойынша оның алынғандығын тексереді.
      Нотариустың - "Жылжымайтын мүлік тіркелімі"- мемлекеттік деректер қорынан БНАЖ арқылы алынған жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және олардың техникалық сипаттамалары туралы анықтама, тіркеуші органның басшысының, оны алмастырушысының (белгіленген қызметтік міндеттерін бөлуге сәйкес) цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама тіркеуші мемлекеттік органның мөрімен куәландырылған анықтамамен тең қабылданады.
      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

2. Мәмілелерді куәландыру

      35. Нотариус тараптарға олар табыс еткен мәмілелер жобасының мазмұны мен мағынасын түсіндіреді, сондай-ақ оның мазмұны тараптардың шын ниеттеріне сәйкес келетінін және заң талаптарына қайшы келмейтінің тексереді.
      36. Кәмелеттік жасқа жетпеген немесе қорғаншы немесе қамқоршысы бар басқа тұлғалардың мүлкінің кемуіне әкеп соқтыратын кез-келген мәмілелерді жасаған кезде осындай мәмілені жасауға қорғаншы және қамқоршы органның келісімін талап ету қажет.
      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      37. Мемлекеттік тіркеуден өткен жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру туралы шарт бұзылған жағдайда нотариус шартты бұзу туралы келісімді куәландырады.
      38. Мемлекеттік тіркеуден өткен жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру туралы шартты бұзу туралы келісімді нотариус жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманың негізінде шарт бұзылған сәтте куәландырады, оны қағаз нұсқасында және нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде тіркейді және құқық белгілейтін құжатты мүліктің иесіне қайтарады, келісімнің данасының көшірмесі шартқа қоса тігіледі.
      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      39. Тіркеуші органда тіркеуден өтпеген шарт оның барлық даналарында, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде және БНАЖ электрондық тізілімінде жазба жасау арқылы тараптардың бірлескен жазбаша өтініштері негізінде бұзылады.
      Бұл ретте құқығын белгілеуші құжаттар мүлікті иеленушіге қайтарылуы тиіс. Тараптардың қалауы бойынша нотариус шартты бұзу туралы келісімді куәландырады.
      Көрсетілген шарттарды бұзған кезде бұрын алынған мемлекеттік баж және осы шарттарды куәландыру үшін құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтердің төлемдері тараптарға қайтарылмайды.
      40. Сыйға тарту шартында егер сыйға тартушы сыйлық алушыдан кейін тірі қалатын болса, сыйға тартудың күшін жою құқығы көрсетілуі мүмкін.
      Бұл ретте, сыйлық алушы қайтыс болған жағдайда нотариус сыйға тартушының жазбаша өтініші бойынша құқықты белгілеуші құжаттарды сыйлық алушының қайтыс болғаны туралы куәліктің негізінде қайтарады. Өтініш пен сыйлық алушының қайтыс болғаны туралы куәлік нотариустың істерінде сақталатын сыйға тарту шартының данасына қоса тіркеледі. Сыйға тарту шартының барлық даналарында, сондай-ақ тізілімде сыйға тартуды жойғаны туралы белгі жасалынады.
      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      41. Соттың заң күшіне енген шешіміне сәйкес мәміле жарамсыз деп танылған кезде, нотариус бұл туралы нотариалдық әрекеттерді тіркеу тізілімінде, БНАЖ электрондық тізілімінде белгі қояды, сот шешімінің көшірмесін қоса тіркейді және құқықты белгілеуші құжаттарды мүлік иесіне қайтарады.
      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      42. Мәмілелердің мазмұны баяндалатын құжаттар данасының саны нотариаттық іс-әрекет жасауға өтініш берген адамдардың санымен белгіленеді, бірақ екі данадан кем болмауы тиіс, құжаттардың бір данасы нотариустың ісінде қалады.

3. Мүлікті иеліктен айыру туралы шарттарды куәландыру

      43. Меншік иесінің ортақ бірлескен меншіктегі немесе үлеске меншік құқығындағы мүліктің үлесін алуы барлық қатысушылардың келісімімен жүргізіледі. Нотариаттық куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді талап ететін мәмілелерді жасау кезінде нотариус мәмілелерді жасауға ортақ бірлескен меншіктің басқа қатысушыларының келісімі туралы өтінішті талап етуге міндетті.
      44.  Жұбайлардың біреуі жұбайлардың ортақ мүлкіне билік ету жөніндегі мәміле жасасқан кезде, егер неке шартымен мүліктің өзге тәртібі белгіленбеген болса, екіншісінің келісімі керек болады.
      Жұбайлардың некеге дейінгі кезеңде өтеусіз мәміле негізінде алған немесе мұраға алу тәртібімен алғанды қоспағанда, сондай-ақ жұбайлардың неке шарты негізінде бөлек меншік ретіндегі жұбайына тиесілі болған мүліктерді қоспағанда, жұбайлардың біреуі жылжымайтын мүлікке билік ету жөніндегі мәмілені және белгіленген тәртіппен нотариаттық куәландыруды және (немесе) тіркеуді талап ететін мәмілені жасасу үшін жұбайлардың екіншісінің нотариаттық куәландырылған келісімін не иеліктен айыруға жататын мүлік иесінің некеде тұрмайтыны туралы өтінішті талап ету қажет. Соңғы жағдайда нотариусқа неке шарты ұсынылды.
      Бұл туралы шарт мәтініне мүлік жұбайының келісімі негізінде иеленіп жатқандығы, мүлік иесінің тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы, айы, күні толық көрсетіледі, не болмаса, мүлік иесі шартты жасау кезінде некеде тұрмайтындығы, ал неке шарты болған жағдайда неке шартын куәландырған нотариустың тегі, аты, әкесінің аты, куәландырған күні және орны тізілім нөмірі мен мүліктің құқықтық тәртібі көрсетіледі.
      Жұбайлардың некелік қарым-қатынастарын нотариус неке туралы куәлік бойынша тексереді, бұл туралы өтініште белгі жасайды және куәліктің нөмірін және берілген күнін, құжатты берген органның атауын көрсетеді.
      Мүлік иесі берген сенімхаттың негізінде мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілені куәландырған кезде, егер оған осы нотариаттық іс-қимылды жасауға уәкілеттік берілген болса, сенім білдірілген өкілден некелік қатынасының жоқтығы туралы өтініш алынады.
      Егер жұбайының біреуі Қазақстан Республикасында ықтиярхаты жоқ шетелдің азаматы болса, сондай-ақ неке шартында жұбайлар арасында бөлінетін меншік режимі белгіленбеген болса, (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 23-бабында көрсетілген) пәтерлер, тұрғын үйлер, жер учаскелерін сатып алу жөніндегі шарттар ("Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы), нотариаттық куәландыруға жатпайды.
      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      45. Егер мүлікті иеліктен айыруға келісім өтініште мүліктің кімге иеліктен айырылып жатқаны, оның бағасы мен басқа да шарттары көрсетілген жағдайда нотариус осы шарттардың сақталуын тексереді.
      46. Ортақ үлестік меншіктің үлесі сатылған кезде нотариус Кодекстің 216-бабының нормаларын басшылыққа алады.
      Ортақ үлестік меншіктің басқа қатысушыларын үлесінің сатылатыны туралы хабарлаудың дәлелдемелері мыналар болып табылады:
      1) ортақ үлестік меншік қатысушысының басымдықты сатып алу құқығынан бас тарту, қолтаңбасының түпнұсқалы екендігі нотариалды куәландырған өтініші;
      2) қолтаңбасының түпнұсқалығы нотариалды куәландырылған, нотариусқа ортақ үлестік меншік қатысушыларын үлесті сату ниеті туралы хабарландыру үшін берілген үлесті сатушының өтініші, сондай-ақ осы өтініш ортақ үлестік меншік қатысушысына берілген пошталық немесе өзгедей хабарлама.
      Ескерту. 46-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      47. Жер учаскесіне меншік құқығын (жерді пайдалану құқығын) тиісті иеліктен айырусыз жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен айыруға жол берілмейді.
      48. Жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру шартын куәландырған кезде нотариус жер учаскесіне құқығын белгілейтін, сәйкестендіру құжаттарын талап етеді және жер учаскесін меншіктенушінің (жерді пайдаланушыны) оған тиісті құқықтарды иеліктен айыру жөніндегі өкілеттіктерін айқындайды.
      Бұл ретте нотариус құқық иесі туралы және құқығын белгілеуші құжатында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамалары туралы мәліметтерді құқық иесі болып табылатын жеке тұлғалардың жеке бастарын куәландыратын құжаттарымен немесе заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерімен және объектінің техникалық паспортымен салыстырып тексереді.
      Олардың мәліметтері өзгерген жағдайда "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес міндетті мемлекеттік тіркелуі тиіс. Өзгерістерді тіркеу тіркеуші органның тиісті жазбасын құқықтық белгілеуші құжатта қою арқылы жүргізіледі және қолтаңба мен мөрмен бекітіледі.
      Нотариус кондоминиум құрамында тұрған тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды иеліктен айырған кезде жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын талап етпейді.
      49. Нотариус мыналарды:
      1) шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды (мемлекеттiк емес) тұлғалардың тауарлы ауылшаруашылық өндiрiсiн жүргiзуге және орман өсіруге арналған жер учаскелердi (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 23-бабы);
      2) шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, ауылшаруашылығы мақсатында шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 24-бабы) арналған жер учаскелерiн;
      3) мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың шаруа (фермер) қожалығын, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысына арналған жер учаскелердi (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 23-бабының, 34-тармақтары);
      4) шетелдiк жер пайдаланушыларға тұрақты жер пайдалану құқығын (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 34-бабы);
      5) егер жер учаскесiнде орналасқан жылжымайтын мүлiктi не оның кепiлiн белгiленген тәртiппен иелiктен шығаруға қатысты болғанда мемлекеттiк жер пайдаланушының өзiне тиесiлi жер пайдалану құқығын (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 39-бабы) иелiктен айыруды куәландырмайды.
      50. Нотариус тараптарға жер учаскесін иеліктен алудың осы учаскеге ауыртпалық әкелмейтінін түсіндіреді (сервитут).
      51. Нотариус жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шарттарын куәландыру кезінде осы мүліктің тиесілігін құқықты белгілейтін құжаттың негізінде тексереді.
      52. Бір жылдан аса мерзімге пайдалану құқығымен жылжымайтын мүлікті иеліктен алуға мына жағдайларда, егер:
      1) мүлікті иеліктен алушы мен аталған құқық иегері арасындағы бір жылдан асатын мерзімге пайдалану құқығын беру туралы шарттың жағдайларымен осындай иеліктен алуға тікелей тыйым салмаса;
      2) ауыртпалықты мүлікті иеліктен алуға бір жылдан аса мерзімге жылжымайтын мүлік құқығын пайдалану құқығына иегердің келісімі болса жылжымайтын мүлік меншік иесінің шартында мұндай келісім тікелей көзделген жағдайларда;
      3) жылжымайтын мүлікті бір жылдан аса мерзімге пайдаланудың ауыртпалық құқығын сатып алушы нотариус арқылы алынатын мүлікті пайдалану құқығының барлығы және оның тоқтатылуы туралы хабарландыруға жол беріледі.
      53. Бір жылдан аса мерзімге пайдаланудың ауыртпалық құқығымен жылжымайтын мүлікті иеліктен алу туралы нотариаттық куәландырылатын шарттың мәтінінде, шарттың мәні осындай құқық ауыртпалығын көтеретіні және сатып алушы құқықты пайдалану иесімен қарым-қатынаста иеліктен алушының құқықтық мұрагері болып табылатыны туралы белгі жасалады.
      54. Нотариус мына шарттарды сақтай отырып, кепілмен (ипотекамен) ауыртпалық салынған жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шартын мына жағдайларда:
      1) мұндай иеліктен алуға заң актілерімен, кепіл шартымен тыйым салынбаса және кепілдің болуынан туындамаса;
      2) кепіл ұстаушының жазбаша келісімі болғанда;
      3) кепіл ауыртпалығы бар жылжымайтын мүлікті сатып алушыны нотариус кепіл шартының шарттарымен хабарландырғанда куәландырады.
      55. Кепіл ауыртпалығы бар жылжымайтын мүлікті иеліктен алу туралы нотариаттық куәландырылатын шарт мәтінінде шарт мәні кепіл ауыртпалығы бар екендігі туралы белгі соғылады.
      Нотариус кепілі бар мүлікке меншік құқығын иеліктен айыру мүлікті иеленуші үшін барлық міндеттердің ауысатынын түсіндіреді.
      Ескерту. 55-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      56. Құқық белгiлейтiн жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамада көрсетiлген мүліктің техникалық сипаттамасы туралы мәлiметтер иеліктен айыру сәтіндегі жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамада көрсетiлген мәлiметтермен сәйкес келмесе, нотариус осындай өзгерiстердің тiркелгенiн растайтын құжатты талап етедi.
      57. Нотариус өмір бойы асырау шартын Кодекстің 530-539-баптарына сәйкес куәландырады.
      58. Айырбастау шартын нотариус тараптардың таңдауы бойынша жылжымайтын мүліктің кез-келген объектісінің тұрған жері бойынша куәландырады, бұл ретте нотариус ауыртпалықтың жоқ екендігі фактісін анықтайды.
      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      59. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктi иеліктен айырған кезде (үлескердің тұрғын құрылыста қатысу үлесі туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру шартын куәландыру) нотариус мыналарды:
      1) мүліктің меншіктенушіге тиесілі екендігін растайтын құжаттары;
      2) "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган берген заңды, жеке тұлғаны, жеке кәсіпкерді салық төлеуші ретінде тіркеген жері бойынша жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзіндісін;
      3) құрылыс салушының үлестік қатысу шарты бойынша толық есебі туралы, оның ішінде мүлікті меншіктенуге беру туралы құжатқа қол қоймағаны, құрылыс салушының иеліктен айыруға келісімі туралы мәліметтерді;
      4) тараптардың жұбайларының осы мүлікті иеліктен айыруға (егер ол бірлескен некеде тұрған кезінде сатып алынған мүлік болса) немесе иеленуге нотариаттық куәландырылған келісімі немесе меншік иесінің және (немесе) сатып алушының иеліктен айыратын мүлікті сатып алған кезде некеде тұрмағаны не болмаса тұрғандығы туралы нотариаттық куәландырылған өтінішті талап етеді.
      Осы Ереженің 59-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжат шартты куәландырғаны туралы белгісімен иеленушіге қайтарылады, оның көшірмесі нотариустың сақтауында қалдырылады.
      Тараптар беру актісін немесе үлестік құрылыс объектісін беру туралы өзге құжатына қол қойғанға дейін олар шарттың бағасын төлеген соң ғана үлестік құрылыс қатысушысының шарт бойынша талаптар құқығын басқаға беруіне жол беріледі.
      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      60. Жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерін иеліктен айыру шартын куәландырған кезде нотариус "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес ауыртпалықтың бар/жоқ екендігі туралы уәкілетті органның анықтамасын талап етеді.
      Егер жылжымалы мүліктің тиесілігі міндетті мемлекеттік тіркелуге жатпайтын болған жағдайда, қандай-да бір құжатпен анықталмаса, шарт мәтініне оның тиесілігін тараптардың айтуы бойынша көрсетеді.
      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      61. Көлік құралын иеліктен айыру шартын куәландырған кезде нотариус мыналарды талап етеді:
      1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
      2) тіркеуші органдардың кепілдерінің және өзге де ауыртпалықтарының жоқ екендігі туралы анықтамасы не тіркеуші органның көлік құралын тіркеуден шығарғаны туралы белгісі;
      3) тараптардың жұбайларының иеліктен айыруға (егер ол бірлескен некеде тұрған кезінде сатып алынған мүлік болса) немесе осы мүлікті сатып алуға нотариаттық куәландырылған келісімі немесе меншік иесінің және (немесе) сатып алушының иеліктен айыратын мүлікті сатып алған кезде некеде тұрмағаны туралы нотариаттық куәландырылған өтініші.
      62. Жеке меншіктегі жылжымайтын мүлікті ақысыз пайдалануға не жалға беру туралы шарттарды куәландыру кезінде нотариус жылжымайтын мүлікке құқықтарын белгілейтін құжатын талап етеді.
      Бұл ретте нотариус істе құқығын белгілейтін құжаттардың көшірмелерін қалдырады.
      63. Заттай құқық негізінде жалға берушіге жататын мүлікті өтеусіз пайдалану немесе бір жылдан астам уақытқа жалдауға беру туралы шарт мемлекеттік тіркелуі тиіс.
      Бұл ретте, нотариус шартты мемлекеттік тіркеу қажеттігі туралы түсіндіреді, ол туралы шарттың мәтінінде атап өтеді.
      64. Ортақ меншіктегі үлесте тұрған мүлікті уақытша ақысыз пайдалану немесе жалға беру мүліктің барлық иелерінің келісімі бойынша жүргізіледі.
      Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      65. Қосалқы жалға алу, бірге жалдау, кейінгі жерді өтеусіз пайдалану мерзімі жалға беру, жалдау, бастапқы жерді пайдаланудан аспауы немесе одан кейін тоқтатылмауы тиіс.
      66. Жылжымайтын мүлікке тыйым салынған жағдайда нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартады, ол жөнінде нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
      67. Мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын және жылжымалы мүлікті иеліктен айыруды куәландырған кезде нотариус шарттың мемлекеттік тіркеудің қажеттігін түсіндіреді, ол жөнінде шарттың мәтінінде белгі жасайды.
      68. Кепіл шартын куәландырған кезде нотариус Заңның 75-бабының 2-тармағына сәйкес жылжымалы және жылжымайтын мүлікті тіркеу органдарында мүлікті иеліктен айыруға тыйымның салынғаны туралы кепіл туралы шарттың көшірмесін қоса тіркей отырып, хабарлайды.
      Бұл туралы кепіл шарт мәтініне мүлік жұбайының келісімі негізінде салынып жатқандығын оның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы және жері, не болмаса кепіл беруші мүлікті иеленген уақытта некеде тұрмағандығы туралы, ал егер неке шарты болған жағдайда неке шартын куәландырған нотариустың аты, тегі, әкесінің аты, куәландыру уақыты, тізілім нөмірі және мүліктің құқықтық реті көрсетіледі.
      Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

4. Мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды куәландыру

      69. Нотариус жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ортақ (бірлескен немесе үлестік) меншігіндегі мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды куәландырады.
      Нотариус тараптардың келісімімен белгіленген ортақ мүлікті пайдалану тәртібі туралы шартты куәландырады. Дау болған жағдайда нотариус сотқа жүгіну тәртібін түсіндіреді.
      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      70. Әрбір қатысушыға қатысты пайдалану тәртібі туралы шартта оның техникалық құжаттамаға сәйкес пайдалануға құқылы жылжымайтын мүліктің нақты бөлігі, олардың реттік нөмірі мен мөлшері көрсетіледі.
      Мүлікті пайдалану тәртібі туралы шартты куәландыру кезінде тараптар жер учаскесін пайдалану тәртібін айқындап та, айқындамай да жер учаскесіндегі тұрғын үйді пайдалану тәртібін белгілеуге құқылы.
      Мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттың пайдалану тәртібі белгіленетін ортақ мүліктегі үлесті сатып алушы тұлға үшін міндеттейтін күші болады.
      71. Жылжымайтын мүлікті пайдаланудың тәртібі туралы шарт дербес құқық белгілеуші құжат болып табылмайды, ол құқық белгілеуші құжатқа қосымша ретінде жүреді және заңмен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуге жатады.
      72. Егер ортақ (үлестік немесе бірлескен) меншікке қатысушылар ортақ меншік тәртібін тоқтатқысы келсе, нотариус оларға мүлікті пайдалану тәртібі мен мүлікті бөлу шартын бекітудің құқықтық салдарының айырмашылығын, сондай-ақ соңғының жасалу шарттары мен тәртібін түсіндіреді.

5. Мүлікті бөлу туралы шартты куәландыру

      73. Нотариус ортақ (бірлескен немесе үлестік) меншіктегі мүлікті бөлу туралы шарттарды куәландырады.
      Ортақ мүліктің бөлек (жеке) меншікке ауыстырылу шарты мүліктің бөлінетін бөлігін құқықтың дербес нысаны ретінде қарау мүмкіндігі болып табылады (Кодекстің 218221-баптары).
      Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      74. Тұрғын үйді (пәтерді) сол тұрған қалпында бөлу үй-жайдың тұрғын жайы да, қосымша жайлары да бөлінгеннен кейін уәкілетті органымен берген ұсынылған құжаттарға сәйкес бірнеше тұлғаның ортақ меншігінде (пайдалануында) қалмайтын болады. Бөлінген бөлікте (бөліктерде) жеке есік шығарудың және қажетті қосымша үй-жаймен қайта жабдықтаудың техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайларда, нотариус мүдделі адамдарға олардың мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарт жасауы мүмкіндігі туралы түсіндіреді.
      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      75. Ортақ меншікке қатысушылар арасындағы келісім бойынша тұрғын емес үй-жайды бөлу шартын бекіту кезінде ортақ пайдаланудағы басқа да орындар (дәліздер, баспалдақтар және т.б.) қалдырылуы мүмкін.
      76. Тұрғын үй-жайды бөлу туралы шарттың мәтінінде әрбір бұрынғы меншік иесіне ауысқан жиынтық пайдалы алаңның, тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы пайдалы алаңына қатынасы арифметика тілімен көрсетілуі керек, сондай-ақ жалпы үлестік меншікте қалатын объектілер көрсетілуі керек.
      Ескерту. 76-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      77. Тұрғын емес үй-жайды бөлу туралы шарттың мәтінінде әрбір бұрынғы меншік иесінің меншігіне ауысқан үй-жайлардың (негізгі, сондай-ақ қосымша үй-жайлар), барлық үй-жайдың жалпы жиынтық ортақ ауданына (оның ішінде үлестік меншікке жатқызылғандар) қатысы арифметика тілімен көрсетілуі керек, сондай-ақ үлестік меншікте қалған объектілер көрсетілуі керек. Егер ортақ үлеске дәліздер, баспалдақ аралығы және т.б. жатса, нотариус арифметика тілімен олардың жалпы ауданының барлық үй-жайдың жалпы жиынтық ауданына, сондай-ақ бұрынғы қосалқы меншік иелерінің бөлуден кейін олардың жеке меншігіне жатқызылған жылжымайтын мүліктің мөлшерінде пара-пар есептелген жалпы пайдалану орындарына жалпы үлестік меншігіндегі үлестерінің мөлшерін көрсетуі керек.
      78. Нотариус ортақ мүліктен заттай үлесін бөлу туралы шартты куәландырады, ол бойынша жалпы (үлестік немесе бірлескен) меншікке қатысушылардың барлығының келісімі бойынша қатысушылардың біреуі (немесе бірнешеуі) жалпы мүліктің нақтылы бөлігін, оның ішінде тұрғын үйдің (пәтердің) жеке бөлігін меншікке ала алады, ал басқа бөлігі қалған қатысушылардың жалпы (бірлескен немесе үлестік) меншігінде қалады.
      79. Жұбайлардың мүлкін бөлгенде нотариус некені бұзылғанда мүліктік салдары және ортақ мүліктік меншік режимі белгіленген некелік шартының бар немесе жоқ екендігін анықтайды. Некелік шарт болған жағдайда мүлікті бөлу оның шарттарына сәйкес жүргізіледі.
      Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      80. Жылжымайтын мүлікті бөлу туралы шартын, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті бөлу шартын куәландырған кезде нотариус құқық белгілейтін құжатты талап етеді.
      Мүлікті бағалау туралы есепті нотариус, егер ол тараптардың келісімімен көзделген жағдайда талап етеді.
      Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      81. Мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжитын мүлікті бөлу туралы шартты куәландыру кезінде нотариус осы мүліктің тараптарға тиістілігін растайтын құжаттарды талап етеді.
      Ескерту. 81-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      82. Мүлікті бөлу (үлесті бөлу), оның ішінде жылжымайтын мүлікті бөлу тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.
      Үлесті бөлу кезінде құқық белгілеуші құжат үлестің бөлінуі туралы белгі соғылып, құқық иесіне (құқық иелеріне) қайтарылады.

6. Некелік келісім-шарттарды куәландыру

      83. Нотариус некелік шарт туралы мәмілелерді куәландырудың жалпы ережелеріне сәйкес куәландырады.
      84. Некелік шартта тараптардың мүліктік құқығы мен міндеттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа шарттар да реттелінеді.
      Некелік шарт міндетті нотариаттық куәландыруға жатады.
      Некелік шарт Неке туралы кодекстің 40-44-баптарының нормаларына сәйкес жасалады.
      85. Нотариус жұбайларға мүлік жөнінде мәмілелер жасағанда нотариустың сонымен қатар басқа да мүдделі адамдардың осы шарттың жағдайларымен танысуы тиіс екенін түсіндіреді.

7. Өсиеттерді куәландыру

      86. Өсиеттерді куәландырған кезде өсиет қалдырушыдан өсиетке қалдырып жатқан мүлігіне құқығын растайтын дәлелдерді талап етілмейді.
      Өсиет жазбаша нысанда оның жасаған жері мен уақытын көрсетіп жасалынады.
      87. Бірнеше адамдардың немесе өкілдің атынан өсиетхатты куәландыруға жол берілмейді.
      88. Өсиетті өсиет етуші жазады немесе өсиет етушінің айтуымен куәгерлердің қатысуымен нотариус жазады.
      Өсиетте оны жасаған жері, күні және уақыты көрсетіледі.
      Егер өсиет куәнің қатысумен жасалса, өсиеттің мәтіні мен тізілімде куәнің тегі, аты, туған жылы мен жері, сондай-ақ тұрақты мекенжайы көрсетілуге тиіс. Өсиетке өсиет қалдырушының орнына қол қойған адамға қатысты да нақ осындай мәліметтер қосылуға тиіс.
      Өсиет жасалған кезде Кодекстің 1050-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдар куәгерлер бола алмайды.
      Өсиетті нотариус өсиет қалдырушының сөзімен жазған кезде жалпы қолданылатын техникалық құралды (жазу машинкасы, дербес компьютер және т.б.) пайдаланады.
      Өсиетке өсиет қалдырушы мен куәгер қол қояды (өсиетті куәгердің қатысуымен жасаған жағдайда).
      Өсиетті нотариус өсиет қалдырушының сөзімен жазған кезде өсиет қалдырушы өсиетке қол қойғанға дейін оны нотариустың және куәгердің қатысуымен оқиды.
      Ескерту. 88-тармаққа өpгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      89. Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетті жеке өзі оқи алмайтын жағдайда болса, ол үшін оның мәтінін нотариустың қатысуымен куә жария етеді, бұл туралы өсиет қалдырушының жеке өсиетті оқи алмауының себебі көрсетілген куәландырған жазбаға дейінгі өсиет мәтініне тиісті жазу жазылады.
      Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өз қолымен қол қоя алмайтындай жағдайда болса, оның өтініші бойынша нотариустың өсиет қалдырушының және куәгердің қатысуымен өсиетке басқа адамның қолы қойылады. Бұл ретте өсиет қалдырушының өсиетке өзі қол қоя алмауының себебі көрсетіле отырып, өсиет мәтінінде және куәландыру жазбасында тиісінше жазу жазылады.
      90. Өсиет қалдырушының қалауы бойынша нотариусты оның мазмұнымен таныстырмай, нотариус құпия өсиетті бір данада куәландырады.
      Құпия өсиет, оның жарамсыз болып қалу қаупі ескеріліп, өсиет қалдырушының өз қолымен жазылады және қолы қойылады, екі куәнің және нотариустың қатысуымен куәлар өз қолдарын қоятын конвертке желімденіп салынады, куәлардың қатысуымен куәлар қол қояды, нотариус куәландыру жазбасын қойып, басқа конвертке бекітіледі. Конверт нотариустың ісінде қалады.
      Құпия өсиетті куәландырған кезде нотариус өсиет берушіге Кодекстің 1050-бабында көзделген өсиет нысанына қойылатын талаптарды түсіндіреді.
      Ескерту. 90-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      91. Өсиет бір немесе бірнеше жеке тұлғалардың пайдасына, сондай-ақ заңды тұлғалардың және мемлекеттің пайдасына да жасалады. Егер өсиет бірнеше адамдардың пайдасына жасалса, өсиет қалдырушы әрбір мұрагердің үлес мөлшерін, немесе олардың әрқайсысына тиісті мүлікті немесе барлық мұрагерлердің мұрадағы үлестерінің тең екенін көрсетуі керек.
      92. Егер көрсетілген өсиеттегі мұрагер мұра ашылғанға дейін қайтыс болатын, оны қабылдамайтын не одан бас тартатын немесе лайықсыз мұрагер ретінде мұрадан шеттетілетін жағдайда, сондай-ақ мұрагердің мұра қалдырушының құқықтық шарттарын өсиет бойынша орындамаған жағдайда өсиет қалдырушының басқа мұрагерді тағайындай алады.
      93. Өсиетті куәландыру кезінде нотариус өсиет қалдырушыға заң бойынша жасы кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз мұрагерлердің өсиеттің мазмұнына қарамастан міндетті үлесін алуға құқықтары туралы түсіндіреді.
      94. Нотариус өсиеттік бас тартуды, міндеттерді жүктеуді, мұрагерді қосымша тағайындауды, өсиет орындаушыны тағайындауды қамтитын талаптардың өсиетке енгізілуі мүмкіндігін өсиет қалдырушыға түсіндіреді.
      95. Өсиеттің мәтініне өсиетті орындаушыны тағайындау туралы шарттың қосылуы мүмкін. Өсиетті орындаудың мұрагер болып табылмайтын адамға жүктелуі мүмкін. Бұл жағдайда осы адамның өз қолымен жазылған өсиеттің өзінде, не өтінішке қоса берілген өтінішінде білдірілген келісімі қажет.
      Өсиет орындаушы болып әрекет қабілеті жоқ адам, сол сияқты өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қойған адам тағайындалмайды.
      "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында БНАЖ арқылы өсиетті орындаушының (жанға бұйрық етуші) жеке басын куәландыратын құжаттары тексеріледі.
      96. Куәландырылған өсиеттер туралы мәліметтерді нотариус өсиеттерді есепке алу алфавиттік кітабына енгізеді.
      97. Нотариаттық палатада нотариус берген куәландырылған өсиеттер туралы мәліметтер енгізілетін өсиеттерді есепке алудың алфавиттік кітабы жүргізіледі.
      98. Өсиеттің:
      1) өзі бұрын жасаған өсиеттен толық бас тарту туралы нотариусқа өтініш беру;
      2) жаңа өсиет жасау жолымен күшінің жойылуы мүмкін.
      Өсиеттің:
      1) өзі бұрын жасаған өсиеттің белгілі бір бөлігін өзгерту туралы жазған өтінішті нотариусқа беру;
      2) бұрын жасалған өсиетті өзгертетін жаңа өсиет жасау жолымен өзгертілуі мүмкін.
      99. Өкіл арқылы өсиеттің күшін жоюға немесе өзгертуге жол берілмейді. Өсиеттің күшін жою немесе өзгерту туралы өтініш нотариаттық куәландырылады.
      100. Нотариус нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде және БНАЖ электрондық тізілімінде өсиетті жою, өзгерту туралы белгі жасайды.
      Өсиет жойылған жағдайда нотариус өсиет қалдырушыдағы данасын алып қояды, оған жазба жасайды және нотариус істерінде сақталатын данасына тігеді.
      Бұрын жасалған өсиет өзгерген жағдайда оның өзгергені туралы өтініш нотариуста сақталатын өсиеттің данасына тігіледі.

8. Сенімхаттарды куәландыру

      101. Нотариустар бір немесе бірнеше адамның атынан бір немесе бірнеше адамның атына сенімхаттарды куәландырады.
      Өкіл тікелей өзіне қатысты, бір мезгілде өзі өкіл болып табылатын басқа адамға қатысты сенімхат бойынша іс-әрекеттер жасай алмайды.
      102. Сенімхат мәтінінде оның жасалған жері мен куәландырылған күні, сенім білдірушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) мен туған жері, тұратын жері (заңды тұлғалар үшін - заңды тұлға органының атауы мен орналасқан жері) және сенім білдірілген адамның тегі, аты, әкесінің аты мен тұратын жері көрсетіледі.
      БНАЖ электрондық тізіліміне сенім білдіруші адамның ЖСН мен оның жеке басын куәландыратын деректері, сондай-ақ заңды тұлғаның БСН енгізіледі.
      Ескерту. 102-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.01.2014 № 22 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      103. Сенімхаттың қолданылу мерзімі жазбаша көрсетіледі және үш жылдан аспауы керек.
      Егер сенімхатта мерзім көрсетілмесе, ол жасалған күннен бастап бір жылға дейін күшін сақтайды.
      Сыйға тарту сенімхатында сый алушы және сыйға тарту заты көрсетіледі.
      Ескерту. 103-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      104. Нотариаттық куәландыру талап етілетін мүлікті басқаруға, мәмілені жасауға арналған сенімхат, сондай-ақ қайта сенім білдіру тәртібімен берілетін сенімхат (Кодекстің 167-бабының 4, 6-тармақтарында көрсетілген сенімхаттан басқа) нотариаттық куәландыруға жатады.
      105. Автокөлік құралын басқару және иелік ету құқығына сенімхат оның техникалық паспорты (автокөлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) болған кезде куәландырылады.
      106. Заңды тұлға берген сенімхат нотариаттық куәландырылуы мүмкін.
      Мемлекеттік органның, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың атынан ақша немесе басқа да мүліктік құндылықтарды алуға немесе беруге берілген сенімхатқа осы ұйымның бас (аға) бухгалтері қол қоюы тиіс.
      107. Қайта сенім білдіру тәртібімен берілетін сенімхат қайта сенім білдіру құқығы көрсетілген негізгі сенімхат ұсынылған кезде ғана куәландырылуы тиіс.
      Сенімхатты куәландыру кезінде сенім білдірілген адамнан оның сенім білдірілетін мүлікке құқығын растайтын дәлелдемелер талап етілмейді (автомотокөлік құралдарына берілген сенімхаттардан басқа).
      Қайта сенім білдіру тәртібімен берілген сенімхат негізінде одан әрі қайта сенім білдіруге жол берілмейді.
      108. Қайта сенім білдіру тәртібімен берілген сенімхатта негiзгi сенiмхатты куәландырған нотариустың тегі, аты, әкесінің аты, куәландыру уақыты мен орны, тiзiлiм нөмiрі, негізгі сенімхат берілген адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған және тұратын жері немесе негізгі сенімхатты берген заңды тұлғаның атауы мен тұрған жері, сондай-ақ өкілеттіктер берілетін адамдар, тиісті жағдайда олардың қызметі көрсетіледі. Негізгі сенімхатта қайта сенім білдіру туралы белгі соғылады. Негізгі сенімхаттың көшірмесі нотариуста қалатын сенімхаттың данасына қосылады.
      Сенім білдірілген адам негізгі сенімхат бойынша өкілеттіктерін толық ауқымда берген жағдайда қайта сенім білдірілген деген белгісі бар бастапқы сенімхат қайта сенім білдіру тәртібінде берілген сенімхатқа тігіледі және үшінші тұлғаға беріледі.
      Негізгі сенімхатта көрсетілген жекелеген өкілеттіктер немесе бірнеше адамдарға қайта сенім білдірілген кезде қайта сенім білдірілгені туралы белгісі бар бастапқы сенімхат сенім білдірілген адамға қайтарылады, ал бастапқы сенімхаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі және қайта сенім білдіру тәртібімен берілген сенімхат үшінші тұлғаға беріледі.
      Ескерту. 108-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      109. Сенім білдірілген адамның (ұсынылған) оған берілген сенімхаттың жойылғаны туралы өтініші нотариатты куәландырылуы тиіс.
      Бұл ретте нотариус сенім білдіруші сенім білдірушіге және сенім білдірушіге мәлім үшінші тұлғаларға, сенімхат берілген өкілдікке, сондай-ақ сенімхатты куәландырған нотариусқа сенімхаттан бас тартылғаны туралы хабарлауға міндетті екендігін түсіндіреді.
      110. Нотариус нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде және БНАЖ электрондық тізілімінде берілген сенімхаттың жойылғаны немесе одан бас тартқаны туралы белгі жасайды.

9. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктердің
құрылтай құжаттарын куәландыру

      111. Нотариус шаруашылық жүргізуші серіктестіктердің құрылтай құжаттарын: құрылтай шартын және Жарғысын куәландырады.
      112. Жарғысын куәландырған кезде "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылтайшылардың қолдарының түпнұсқалылығы куәландырылады.
      113. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің құрылтай құжаттарына сенімхаттың негізінде жұмыс істейтін олардың құрылтайшысы (-лары) немесе олардың өкілі (-дері) қол қояды.
      114. Құрылтай шартын куәландырған кезде нотариус мәмілелерді осы Ереженің талаптарына сәйкес куәландыру үшін жалпы ережелерді басшылыққа алады.

10. Мұраны сенімгерлік басқарушыны тағайындау

      115. Нотариус мұраны ашқан жері бойынша, заң бойынша бір немесе бірнеше мұрагерлердің өтініштері бойынша, сондай-ақ мұрагерлер заң бойынша болмаған немесе белгісіз болған кезде – жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша мұраға сенімгерлік басқарушы тағайындайды.
      Заң бойынша мұрагерлер келген жағдайда, сенімгерлік басқарушыны оған қажетті шығыстардың орны толтырыла және мұраның есебінен қисынды сыйақы төлене отырып, олардың талабы бойынша кері шақырылады.
      Ескерту. 115-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      116. Егер мұрагерлердің арасында тұратын жері нотариусқа белгісіз адамдар бар болса, нотариус олардың тұратын жерін анықтауға қисынды шаралар қабылдайды.
      Егер мұрагерлердің тұратын жері немесе жұмыс орны белгісіз болса, нотариус бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мұраның ашылғаны туралы хабарлама жасайды.
      117. Сенімгерлік басқарушыны тағайындау туралы нотариус қаулы шығарады.
      Қаулыда:
      1) қаулының шығарылған күні, уақыты мен жері;
      2) қаулыны шығарған нотариустың тегі, аты, әкесінің аты, оның лицензиясының нөмірі не мемлекеттік нотариаттық кеңсенің атауы;
      3) тағайындалатын мұраны сенімгерлікпен басқарушының тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы мен жері, оның тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжатының деректері;
      4) мұра қалдырушының тегі, аты мен әкесінің аты (болған кезде), сондай-ақ қайтыс болған күні, соған қатысты қорғау шараларын қабылдау қажет болатын мүліктің атауы мен тұрған жері көрсетіле отырып, мұралық мүлікті қорғауға қабылданған шаралар туралы тапсырманың мазмұны;
      5) мұраны сенімгерлікпен басқарушының өкілеттігін түсіндіру жөніндегі жазба;
      6) тізілім нөмірі мен нотариусқа төлеген сомасы;
      7) нотариустың қолы, мөрі болуы тиіс.
      Ескерту. 117-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      118. Мұралық мүлік сақтауға берілген сенімгерлікпен басқарушы мұралық мүлікті ысырап еткені, иеліктен айырғаны немесе жасырып қалғаны үшін және мұрагерлерге келтірілген шығындар үшін жауапкершілігі жөнінде қолхат алына отырып ескертіледі. Қолхат сенімгерлік басқарушыны тағайындау туралы қаулыда баяндалады.

11. Мұраға құқық туралы куәліктер беру

      119. Нотариус мұраның ашылған орны бойынша мұраға құқық туралы куәлік мұрагердің өтініші бойынша береді.
      Мұраға құқық туралы куәлік заң бойынша, сонымен бірге өсиет бойынша да беріледі.
      120. Мұраға құқық туралы куәлік мұра ашылған күні қолданылып келген заңнамада белгіленген мерзімде беріледі.
      Өсиет бойынша, сондай-ақ заң бойынша мұра қалдырылған кезде, егер нотариуста куәлік алуға өтініш етушілердің арасында тиісті мүлікке не бүкіл мұраға қатысты басқа мұрагерлердің жоқ екендігі туралы сенімді деректері болса, куәліктің мерзім біткенге дейін берілуі мүмкін.
      Бұрын белгіленген мерзімде мұраға құқық туралы куәлікті беру кезінде нотариустың мұраға берілетін мүлікке қатысты басқа да мұрагерлердің жоқтығын растайтын дұрыс мәліметтері, құжаттары болуы тиіс. Ондай мәліметтері болмаған жағдайда нотариус Кодексте белгіленген мерзімде мұраға құқығы туралы куәлікті береді.
      121. Мұраны қабылдау:
      1) мұрагердің мұраны қабылдағаны туралы өтінішті немесе мұраға құқығы туралы куәлікті беру туралы мұрагердің өтінішін мұраның ашылған жері бойынша нотариусқа беруі арқылы;
      2) мұрагердің мұрагерлік мүлікке немесе оның бір бөлігіне нақты иелік етуі (басқаруы) арқылы жүзеге асырылады.
      Мұрагерлік мүлікке нақты иелік етудің дәлелдемесі:
      мұрагерлік мүліктің иеленуге немесе басқаруға түсуі;
      мұрагерлік мүлікті сақтау, оны қол сұғушылықтан немесе үшінші тұлғалардан қорғау жөнінде шаралар қабылдау;
      мұрагерлік мүлікті ұстауға кететін шығыстарды өзінің есебінен төлеу;
      мұра берушінің қарыздарын өзінің есебінен төлеу немесе үшінші тұлғалардан мұра берушіге тиісті ақшаны алуы болып табылады.
      122. Нотариус мұрадан бас тарту туралы өтінішті куәландыру кезінде нотариус мұрагерлерге мұрадан бас тартудың қайтарымсыз, шартсыз екендігін, бұндай арызды мұраның ашылған жері бойынша нотариуске беру қажеттігін түсіндіреді, ол туралы өтінішке тиісті жазба жасалады.
      Мұраны қабылдаудан бас тарту туралы өтінішті нотариус мұраның ашылған орны бойынша мұра ашылған күннен бастап алты айдың ішінде қабылдайды.
      Нотариус мұрагердің өтінішін Кодекстің 1074-бабының 4-тармағымен көзделген негіздер бойынша мұраны қабылдаудан бас тарту құқығынан айырылған жағдайда, сондай-ақ қамқоршылық пен қорғаншылықта тұрған адамдардың мұрада бас тартуы кезінде қамқоршылық пен қорғаншылық органдары алдын-ала рұқсат бермеген жағдайларда қабылдамайды. (Неке (ерлі-зайыптылық) туралы Кодекстің 125-бабы 2-тармағы).
      Мұра қалдырудан айырылған мұрагерлерді қоспағанда, мұрадан бас тарту өсиет бойынша немесе заң бойынша кез келген кезектегі мұрагерлердің арасынан басқа адамдардың пайдасына, сондай-ақ ұсыну құқығы бойынша мұраға шақырылмаған мұрагердің пайдасына жасалуы мүмкін.
      Ескерту. 122-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      123. Егер өтініш басқа нотариусқа (нотариат органына) берілетін болса, онда мұрагер қолының растығы нотариаттық түрде куәландырылады және өтініш иесіне берілетін данаға мұра ашылған орындағы нотариусқа өтініш беру тәртібі мен мерзімі түсіндірілгені туралы жазылады.
      124. Мемлекеттің атынан өсиет бойынша мұраны беру жөніндегі өтінішті аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары мұраның ашылған жері бойынша береді.
      125. Мұрагерліктен бас тартқаны немесе мұраға құқық туралы куәлікті беру туралы жазбаша түрде алынған өтініштер (мұраны қабылдау туралы) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтар № 32 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7445 тіркелген) Нотариаттық іс жүргізу нұсқаулығының талаптарына (бұдан әрі - Іс жүргізу жөніндегі ереже) сәйкес Мұралық істерді тіркеу кітабы мен мұралық істерді есепке алудың Алфавиттік кітабына тіркеледі.
      Егер өтініште мұрагердің қолтаңбасы нотариаттық куәландырылмаған болса немесе өтініште (нотариусқа пошта арқылы немесе басқа нотариустан берілген болса) қате табылған болса нотариус өтінішті қабылдайды, оны Мұрагерлік істерді тіркеу кітабында және мұрагерлік істерді есепке алудың Алфавиттік кітабында тіркеледі. Бұл ретте нотариус мұрагерге тиісті ресімделген өтінішті жіберуді немесе нотариусқа жеке өзі келіп жолығуды ұсынады.
      Ескерту. 125-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      126. Мұра қалдырушылар мен мұра қабылдаушы мұрагерлер арасындағы туыстық және некелік қатынастар өтініш беру кезінде немесе мұраға құқық туралы куәлік берілгенде тексеріледі.
      Ескерту. 126-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      127. Мұра өсиет бойынша мұралық ету тәртібімен мемлекетке өткенде мұраға құқық туралы куәлік тиісті мемлекеттік (салық) органына табыс етіледі, ол алты ай мерзімнен бұрын берілмеуі тиіс.
      128. Нотариус мұраға құқығы туралы куәлікті берген кезде заң бойынша және өсиет бойынша Заңның 7172-баптарында белгіленген шарттардың болуын тексереді.
      129. Егер мұрагерлік құқық туралы өзін мұра қалдырушының асырауындағы адаммын деп есептейтін адам сұрайтын болса, онда нотариус кемінде бір жыл уақыт бойы оның қайтыс болғанға дейін мұра қалдырушының асырауында болған болмағанына, сондай-ақ оның мұра ашылғанға дейін еңбекке жарамды, не жарамсыз болғанына қажетті жағдайларды көзін жеткізуі керек.
      130. Мұрагерлік мүліктің құрамы мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы және жылжымайтын мүлікке мұрагерлер ұсынған құқық белгілеуші құжаттардың, сондай-ақ мұра берушіге тиесілі бағалы қағаздардың, жинақтаушы кітапшалардың және басқа да құжаттардың негізінде тексеріледі.
      Ескерту. 130-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      131. Егер мұралық жиынтыққа мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы және жылжымайтын мүлік (соның ішінде жарғылық капиталдағы үлестер) кірсе, аталған мүліктің мұра қалдырушыға тиесілі екендігін құқық белгілейтін құжаттардың негізінде тексеріледі.
      132. Мұра қалдырушының қайтыс болу фактісін, мұраның ашылу уақыты мен орнын, мұралық мүліктің құрамы мен тұрған жерін растау үшін нотариус құжаттарды, мұрагерлік іске тігілетін көшірмелерді талап етеді.
      Ескерту. 132-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      133. Өсиет бойынша мұраға құқығы туралы куәлікті бергенге дейін, өсиетті басқа нотариус куәландырған жағдайда нотариус өсиеттің сақталған жерінен өсиеттің өзгермегені және жойылмағаны туралы мәліметті талап етеді. Аталған мәліметтер күні қойылып және құзыретті адамның қолымен және мөрімен бекітіліп өсиеттің өзінде және бөлек құжатта (өсиет мұрағатта сақталғанда) жазылуы тиіс.
      Ескерту. 133-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      134. Мұрадағы міндетті үлеске және жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске құқығы бар адамдар шегі мыналар негізінде анықталады:
      1) өсиет бойынша мұрагердің (мұрагерлердің) жазбаша өтініші;
      2) мұрадағы міндетті үлеске құқығы бар адамның жазбаша өтініші;
      3) жұбайлардың некеде болу кезінде жинаған ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік беру туралы көзі тірі жұбайының жазбаша өтініші;
      4) туыстық фактісін және/немесе некелік қатынасын растайтын құжат.
      Міндетті үлесінің мөлшерін анықтаған кезде, егер мұраға ие болу тәртібі өсиетте өзгертілмеген болса, нотариус мұраға ие болатындарды барлық мұрагерлер қатарынан заң бойынша кезектілікпен шақыруы тиіс.
      Ескерту. 134-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      135. Өсиет бойынша мұраға құқығы туралы куәлікті берген кезде өсиет нотариустың өсиет ісінде қалады.
      136. Егер мұрагер (заң бойынша да, өсиет бойынша да) мұраны қабылдаған болса, алайда өзінің мұрагерлік құқықтарын ресімдеп үлгермеген болса, мұраға құқығы туралы куәлік (заң бойынша да, өсиет бойынша да) оның мұрагерлеріне беріледі.
      137. Егер заң және өсиет бойынша мұрагер мұра ашылған соң алты ай ішінде заңда белгіленген мерзім ішінде оны қабылдауға үлгермей қайтыс болып кетсе, мұраның оған қатысты үлесін қабылдау құқығы оның мұрагерлеріне ауысады (мұрагерлік трансмиссия).
      138. Мұраға құқық туралы куәлікті беру кезінде нотариус басқа мемлекеттік нотариаттық кеңселерден және аумақтық нотариаттық палаталардан немесе нотариустардан мұраның ашылған жері бойынша мұрагерлік істің жоқтығы туралы ақпараттық анықтаманы сұратады.
      Мұрагерлікті қабылдау не бас тарту туралы өтінішті бірнеше нотариус қабылдаған жағдайда мұраға құқығы туралы куәлік мұрагерлердің таңдауы бойынша беріледі, мұрагерлер мұраға құқығы туралы куәлікті алғысы келетін нотариусқа мұрагерлік істі беру туралы өтініш алынады. Егер мұрагерлер арасында келісім болмаған болса, мұраға құқығы туралы куәлікті мұра ісін бірінші бастаған нотариус береді.
      Ескерту. 138-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      139. Егер мұрагерлер мұраны ресімдеу үшін қажетті құжаттарды (құқық белгілейтін құжаттар, туыстықты дәлелдейтін құжаттар) нотариусқа көрсету мүмкіндігінен айырылса, нотариус олардың жазбаша сұрау хаты бойынша қажетті құжаттарды талап ету жөнінде жәрдемдеседі. Егер тиісті органдарда аталған құжаттар сақталмаса, нотариус мүдделі адамдарға сотқа жүгіну тәртібін түсіндіреді.
      Ескерту. 139-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      140. Мұраға құқық туралы куәлік (заң бойынша да, өсиет бойынша да) барлық мұрагерлерге бірге не олардың қалауына қарай әрқайсысына жеке-жеке беріледі.
      Мұрагерлік мүлікке ауыртпалықтар болған жағдайда мұраға құқық туралы куәлікті беру кепіл ұстаушының немесе ауыртпалық салған құзыретті органдарға хабарлау арқылы жүргізіледі.
      Ескерту. 140-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      141. Заң бойынша да, өсиет бойынша да мұраға құқық туралы куәлік берілген ретте нотариус белгіленген тәртіпте тіркелген жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды талап етеді.
      Өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлік беру кезінде мемлекетке барлық жағдайларда нотариус бағалау актісі (жылжымалы сияқты, жылжымайтын мүлікке де) талап етеді.
      142. Мұрагер нотариусқа жүгінген сәтте жылжымайтын мүлікке құқық ресімделген не мұра қалдырушының атына ресімдеу сатысында болған, алайда бұл құқықты мұра қалдырушы заңнамада белгіленген тәртіппен тіркемеген жағдайда, нотариус ҚР АК (Ерекше бөлім) 1040-бабына сәйкес, мұрагерге мүліктік емес құқықтардан, соның ішінде мұра қалдырушыға меншік құқығын тіркеу үшін тіркеуші органға өтініш жасау құқығынан, құрылыстарды пайдалануға беру құқығынан, құқық белгілейтін құжаттардың телнұсқасын және басқа да құжаттарды алу үшін уәкілетті органға жүгіну құқығынан тұратын мұраға құқық туралы куәлік береді.
      Ескерту. 142-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      143. Мұралық мүліктің белгілі бір бөлігіне қатысты мұраға құқық туралы куәлік алған мұрагерлерге кейінірек бұрын берілген мұраға құқығы туралы куәлікте көрсетілмеген мүлікке мұрагерлік құқық туралы қосымша куәлік беріледі.
      Қосымша куәлік берілген кезде бұрын берілген куәлікке қосылған құжаттар қайтадан талап етілмейді.
      144. Кәмелетке толмаған немесе әрекет қабілеті жоқ адамға мұраға құқық туралы куәлік берілген кезде (заң бойынша да, өсиет бойынша да) нотариус осы куәліктің көшірмесін мұрагердің тұратын жеріндегі қамқоршы және қорғаншы органға оның мүліктік мүдделерін қорғау үшін хатпен қоса жолдайды.
      145. Мұраны қабылдау туралы немесе мұрадан бас тарту туралы немесе мұраға құқық туралы куәліктер беру туралы өтініштер негізінде мұрагерлік іс қозғалады және реттік нөмір беріледі. Басқа мұрагерлердің одан кейінгі өтініштері, оның ішінде қосымша өтініштер іс жүргізу ережесінде көзделген нысан бойынша Мұрагерлік істерді есепке алу кітабына да тіркеледі. Барлық өтініштерде оның түскен күні көрсетіледі, мұралық іс нөмірі, бірінші келіп түскен өтінішке берілген нөмір сақталады.
      Ескерту. 145-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      146. Мұралық істе мұрагерлердің мұраға құқық туралы куәлік беруі үшін ұсынған құжаттары сақталады.

12. Жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығында
мүлігі бар басқа адамдардың ортақ мүліктері үлеске
меншік құқығы туралы куәліктер беру

      147. Мүлкі ортақ бірлескен меншікте тұрған адамдардың бірлескен жазбаша өтініші бойынша нотариус ортақ мүліктегі үлесті алуды қалаған адамға немесе адамдарға осындай үлеске меншік құқығы туралы куәлік береді.
      148. Жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік берген кезде нотариус мыналарды талап етеді:
      1) неке отбасылығын (ерлі-зайыптылық) куәландыратын құжат;
      2) жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарын;
      3) көлік құралына техникалық төлқұжаты;
      4) жұбайлар мүлкінің құрамы мен мөлшерін растайтын өзге де құжаттар.
      Ескерту. 148-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      149. Жұбайлардың бірі қайтыс болған жағдайда ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәлікті нотариус мұраны қабылдаған мұрагерлерді хабарлай отырып, көзі тірі жұбайының жазбаша өтініші бойынша мұраның ашылған жері бойынша береді.
      150. Жұбайлардың бірі қайтыс болған жағдайда жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік беру туралы көзі тірі жұбайдың өтінішін алған жағдайда, нотариус қайтыс болған жұбайдың мұраны қабылдаған мұрагерлеріне хабарлайды, онда көзі тірі жұбайының меншік құқығы туралы куәлік беру туралы үлесіне жұбайлардың ортақ мүлкінің құрамы көрсетіледі.
      Ескерту. 150-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      151. Нотариус қайтыс болған жұбайының некеде тұрған кезде жинаған ортақ мүліктегі үлесіне меншік құқығы туралы куәлікті көзі тірі жұбайының не оның мұрагерлерінің өтініші бойынша беруі мүмкін.
      Мұрагерлер осындай куәлікті беру мәселесі бойынша жүгінген кезде оны нотариус көзі тірі жұбайының келісімімен береді.
      152. Осындай куәлік беруге келісім беруге жасы жетпеген жағдайда нотариус сотқа жүгіну тәртібін түсіндіреді.
      153. Жұбайлардың екеуі де қайтыс болған жағдайда жұбайлардың үлесін бөлу сот тәртібімен шешіледі.
      154. Егер қайтыс болған жұбайдың мұрагерлері нотариусқа өздері келсе, оларға нотариус осы Ереженің 151-тармағында көрсетілген мән-жайлар туралы ауызша түрде хабарлайды, бұл жөнінде жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік беру жөніндегі көзі тірі жұбайлардың өтінішіне мұрагердің қолы қойылып, белгі соғылады.
      155. Көзі тірі жұбайына жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске құқық туралы куәлік берген кезде нотариус осы Ереженің 152-тармағында аталған құжаттардан басқа қайтыс болу туралы куәлікті талап етеді.
      156. Егер көзі тірі жұбайы мұраға құқық туралы куәлік берілген соң жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік беру жөнінде жүгінсе, нотариус оған сотқа бару тәртібін түсіндіреді.
      157. Жекешелендірілген тұрғын үйдегі үлеске меншік құқығы туралы куәлікті берген кезде нотариус:
      белгіленген тәртіппен тіркелген құқық белгілеуші құжатты талап етеді.
      Ескерту. 157-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      158. Шаруа (фермерлік) қожалығындағы үлеске меншік құқығы туралы куәлік берген кезде нотариус мыналарды талап етеді:
      1) шаруа (фермерлік) қожалығын бірлесіп жүргізетін адамдар шеңберін растайтын шаруашылық кітаптан алынған үзінді;
      2) тіркеуші органда тіркелген, жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттар;
      3) ауылшаруашылық техникасына техникалық құжаттама.
      159. Егер мүдделі адамдар шаруа (фермерлік) қожалығы мүлкінің құрамында жұмыс малын, құсты, көп жылдық көшеттерді, тұқым қорын, астықты, егістіктерді, басқа мүлікті, сондай-ақ шаруа (фермерлік) қожалығының шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған басқа да өнімді атаса, онда мұндай мүлікті нотариус тараптардың келісімі бойынша бағалайды, не олардың қалауы бойынша бағалаушы-маман тізімдеме жасай отырып жүргізеді.
      160. Мүлікті иеліктен алуға тыйым салынған кезде мүлікке меншік құқығына куәліктер тек ауыртпалық қойған органның рұқсатымен ғана беріледі.
      Ескерту. 160-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      161. Жұбайлардың ортақ бірлескен мүлкіндегі үлесіне меншік құқығы туралы куәлік немесе ортақ бірлескен мүлкіне құқығы бар басқа адамдардың меншік құқығы туралы куәлік бөлінген үлеске құқық белгілеуші құжат болып табылады.
      Ескерту. 161-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      162. Куәлікті беру туралы белгісі бар құқық белгілеуші құжат қайтарылады, бұл жағдайда нотариустың ісінде құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі қалдырылады.
      Ескерту. 162-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      163. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы берілетін куәлік тіркеуші органда тіркеледі, ол туралы куәлікке белгі қойылады.
      164. Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы туралы куәлік осы Ереженің 149-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұрған жері бойынша беріледі.
      Ескерту. 162-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

13. Мүлікті иеліктен алуға тыйым салу және тыйымды жою

      165. Несие (кредит) шартын, өзге де міндеттемелерді қамтамасыз ету мақсатында жасалынған жылжымайтын немесе жылжымалы мүлік кепілі шартының негізінде, сондай-ақ кепіл туралы шартты нотариаттық куәландырған кезде нотариус тіркеуші органға тиым салуды шарттың көшірмесімен бірге жібереді.
      Ескерту. 165-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      166. Кепіл ұстаушының алынған несиені (кредитті) өтегені туралы немесе кепіл ұстаушының кепіл шартының тоқтатылғаны туралы хабарламаны алған кезде нотариус иеліктен айыруға тыйым салуды жояды, ол туралы тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.

14. Құжаттар көшірмесінің және олардың
үзінділерінің дұрыстығын куәландыру

      167. Нотариус құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын егер ол Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмеген және заңдық мәні болған жағдайда куәландырады.
      168. Нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ газет баспаларының, кітаптардың, мақалалардың, монографиялардың, заңдық мәні жоқ жеке хаттар мен басқа да құжаттарының көшірмелерінің және үзінділерінің дұрыстығы куәландырылмайды.
      Заңды тұлғалар ұсынған, факсимиле бедерлемесімен куәландырылған құжаттардың көшірмелерінің дұрыстығын куәландыруға рұқсат етілмейді.
      Ескерту. 168-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.01.2014 № 22 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      169. Өсиеттің көшірмесінің дұрыстығы өсиет қалдырушының қайтыс болғаны туралы куәлік көрсетілген кезде ғана куәландырылады.
      170. Тазартылған, қосымша жазу жазылған, сызып тасталған сөздері, сондай-ақ ескертілмеген өзге де түзетулері бар құжаттың және одан алынған үзінділердің дұрыстығын, не егер құжат қарындашпен жазылса, мәтіні түсініксіз болса, тиісті түрде нөмірленбеген, бауланбаған және бекітілмеген бірнеше бетке жазылса, немесе мөрдің бедерлемесі анық болмаса куәландырылмайды.
      Ескерту. 170-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.01.2014 № 22 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      171. Нотариалды куәландырылған көшірмеде түпнұсқа құжаттың дәлме-дәл мәтіні болуға, лауазымды адамдардың қолдарының бар екендігі көрсетілуге, сондай-ақ құжат бекітілген мөрдің нақты мәтіні болуға тиіс. Көшірмеде нотариустың куәландыру жазбасы, оның қолы және мөрдің бедерлемесі қойылады.
      172. Бірнеше бетке жазылған құжат көшірмесі және одан алынған үзінді осы Ереженің 21-тармағының ережелері сақталып жасалуға тиіс.
      Ескерту. 172-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.01.2014 № 22 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      173. Шетел мемлекетінің ресми мекемелері берген құжаттың көшірмесінің және одан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландыруды құжатта заңдастыру немесе апостиль қойылғаны туралы белгі болғанда ғана жүргізеді. Егер Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеті арасында тиісті келісім болған жағдайларда құжатты заңдастыру немесе апостиль қою талап етілмейді.
      Ескерту. 173-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.01.2014 № 22 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      174. Көшірменің дұрыстығы көшірме жасалатын құжатта өзара байланысты емес жеке бөлек мәселелер туралы мәліметтер болған жағдайда куәландырылады.
      Үзінді құжаттың мәтінінен механикалық түрде жазба машинасымен, компьютермен, қолдан қайта жазу арқылы, ксерокөшірмеленіп және сканерленіп жүзеге асырылады.
      Келесі құжаттардың үзінділері ксерокөшірме және сканерлеу арқылы жүзеге асырылады:
      1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
      2) Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты;
      3) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;
      4) шет ел паспорты;
      5) әскери билеті;
      6) еңбек кітапшасы.
      Осындай құжаттардың үзінділері ұсынылған құжаттың үзіндісіне тиісті екенін анықтауға мүмкіндік беретін мәселе мен мәліметтерді айқындау бойынша құжаттың бір бөлігінің толық мәтінін қайталауы тиіс.
      Азаматтың қалауы бойынша жоғарыда аталған құжаттардың барлық беттерінің көшірмелерінің дұрыстығын куәландыруға болады.
      Ескерту. 174-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.01.2014 № 22 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      175. Азамат берген құжаттың көшірмесінің және одан алынған үзінділердің дұрыстығы азаматтың қолының дұрыстығын нотариус немесе нотариаттық іс-әрекет жасауға уәкілеттік берілген лауазымды тұлға куәландырған жағдайда, куәландырылады.
      Ескерту. 175-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.01.2014 № 22 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      176. Құжаттың көшірмесінен алынған көшірменің дұрыстығы бұрын нотариаттық тәртіпте куәландырылған болса және оны түпнұсқа құжатты берген заңды тұлға берген болса ғана куәландырылады.
      Соңғы жағдайда құжаттың көшірмесі аталған заңды тұлғаның бланкісінде жасалуға, оның мөрімен бекітілуге және оның түпнұсқасы құжатты берген заңды тұлғада жатыр деген белгісі болуға тиіс.
      177. Құжаттың көшірмесінен алынған көшірмені куәландыру тәртібі құжаттың көшірмесін куәландыру ережелеріне ұқсас. Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімде құжаттың мазмұны, деректемелері, құжаттың көшірмесін алғаш куәландырған орган туралы жазу жазылуға тиіс.

15. Құжаттардағы қолдардың түпнұсқалылығын куәландыру

      178. Нотариус мазмұны заң актілеріне қайшы келмейтін және мәмілелерді баяндамайтын болса, құжаттағы қолдың түпнұсқалығын куәландырады.
      179. Қолдардың түпнұсқалылығын куәландырған кезде нотариус осы Ереженің 4, 5-тармақтарының талаптарына сәйкес азаматтардың іс-әрекетке қабілеттілігін анықтайды.
      180. Егер онда куәландыру, растау құқығы міндеттемелері мемлекеттік органға жататын болса, азаматтың құжаттағы қолының түпнұсқалылығы куәландырылмайды.

16. Құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының дұрыстығын куәландыру

      181. Егер нотариус тиісті тілдерді білген жағдайда, ол бір тілден екінші тілге жасалған аударманың дұрыстығын куәландырады.
      182. Егер нотариус құжат жазылған тілді немесе құжаттың оның ішінде нотариаттық куәландырылған мазмұнын аудару қажет болған тілді білмесе аударманы аудармашы жасайды.
      Бұл ретте нотариус осы Ереженің 5-тармағының талаптарына сәйкес, аудармашының жеке басын анықтайды.
      Аудармашының өкілеттілігі мына құжаттардың бірімен расталады:
      жоғары білімі туралы дипломы, жоғары білімі туралы дипломға қосымшасы, аудармашы біліктілігін растайтын сертификаты, еңбек шарты, аудармашы қызметіне қабылданғаны туралы бұйрығы.
      183. Егер аударманың дұрыстығын куәландыру үшін шетел мемлекетінің ресми мекемелері берген құжат ұсынылса, мұндай нотариаттық әрекет құжатта оның заңдастырылғаны немесе апостиль қойылғаны туралы белгісі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
      184. Егер нотариаттық әрекет жасау кезінде (мәмілені куәландыру, көшірменің дұрыстығын куәландыру) бір мезгілде басқа тілге аудару да жүзеге асырылса, онда аударма түпнұсқамен бір бетте жазылады, түпнұсқа сол жақта, аударма оң жақта тұратындай етіп тік сызықпен сызылған бір бетте аударма түпнұсқамен бірге, екі мәтін қатар орналастырылады немесе жеке параққа тігіледі. Аударма аударылатын құжаттың бүкіл мәтінінен жасалуға (соның ішінде куәландыру жазуы, құжатты заңдастыру туралы жазба және т.б.) және қойылған қолдармен аяқталуға тиіс. Аударма астына аудармашының қолы қойылады. Куәландыру жазбасы құжат мәтінінің және оның аудармасының астына жазылады.
      Газет басылымдарының, кітаптардың, мақалалардың, монографиялардың, Қазақстан Республикасының заңдары мен заңға тәуелді актілерінің аудармаларымен нотариаттық іс-әрекеттер жасау авторлық құқықтар сақтала отырып және заңмен белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      Аударма аударылған құжаттың түпнұсқалы данасына, ол мүмкін болмаған жағдайда оның көшірмесіне қоса тігіледі.
      Ескерту. 184-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      185. Түпнұсқадан бөлек мәтінде орналастырылған аударма түпнұсқа құжатқа бекітіледі, нөмірленеді, бауланады, нотариустың қолымен және оның мөрімен бекітіледі.

17. Фактілерді куәландыру

      186. Нотариус азаматтың тірі екендігі, азаматтың белгілі бір жерде екені туралы куәлік береді және Заңның 818283-баптарына сәйкес құжатты ұсынған уақытын жазбаша өтінішінің негізінде куәландырады.
      Ескерту. 186-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

18. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға беру

      187. Нотариус жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Заңның 84-бабына сәйкес басқа жеке және заңды тұлғаларға береді.
      Куәлікте өтінішке алынған жауаптың мазмұны немесе белгіленген мерзімде жауаптың түспегені туралы мәлімет көрсетілуі мүмкін.
      188. Өтініш пен куәлік 3 данада ресімделеді, олардың бірі адресатқа жіберіледі, бірі тиісті өтініш пен куәліктің адресатқа жіберілгені туралы белгісімен жолдаушыда қалады, ал үшінші данасы нотариустың ісінде қалады.

19. Ақшаларды депозитке қабылдау

      189. Кодекстің 291 және 301-баптарына, Заңның 85-бабына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2000 жылғы 18 шілдедегі № 1199 тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік шоттарын ашуын, жүргізуін және жабуын нотариус ақша депозиті жағдайында, ал бағалы қағаздарды – нотариустың атына сақтау жағдайында қабылдайды.
      Ақшаларды немесе бағалы қағаздарды депозит жағдайында енгізу немесе нотариустың атына сақтау міндеттемені орындау болып табылады.
      Ақшаларды немесе бағалы қағаздарды депозит жағдайында қабылдау немесе нотариустың атына сақтау Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен реттеледі.
      Нотариус оларды кредиторға беру үшін борышқордан депозитке ақша қабылдайды.
      190. Борышкердің өтініші бойынша ақша жарнасы жөніндегі жазудың берешекті белгілейтін құжатта жазылуы мүмкін.
      191. Депозитіне ақшалар (міндеттеме) қабылдай отырып, нотариус жарна негіздерін (яғни несие беруші құқықтарының және борышқор міндеттерінің пайда болу негіздерін) тексермейді.
      192. Депозиттен ақша беру депоненттің өтініші бойынша жүргізеді.
      Депоненттің жеке басын анықтау туралы жазуды оның жеке басын куәландыратын құжат деректемелерін көрсете отырып, нотариус өтініште жазады, сондай-ақ депозиттік ақшаны алуға оның құқығын растайтын құжаттың атауы көрсетіледі.
      Ақша заңды тұлғаларға төлемдік тапсырмалармен олардың шоттарына аударылады.
      193. Егер борышқор несие берушінің мекенжайын (тұрған жерін) көрсетпесе немесе көрсетілген мекенжай бойынша депонент болмаса, нотариус несие берушінің ақша жарнасы туралы хабар беру оның міндетіне жататындығын хабарландыруы туралы борышқорды ескертеді.
      194. Егер ақшалар нотариаттық органға почтамен немесе несие мекемесінен келіп түссе, онда түскен ақшалардан тиісті мемлекеттік баж салығы ұсталып қалады (жекеше нотариустың нотариаттық әрекеттеріне ақы), ал қалғаны депозитке қабылданады.
      195. Ақшаларды депозитке қабылдау міндеттемені орындау жерінде, яғни несие беруші - жеке тұлға міндеттеме пайда болған сәтте тұрақты немесе көбінесе тұратын жерде жүргізіледі. Заңды тұлға үшін бұл жер мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте аталған оның органының орналасқан жері болып табылады.
      196. Ақшаларды депозитке енгізген адамға қайтаруға тек несие берушінің жазбаша келісімімен немесе заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жол беріледі.
      Нотариус ақшаларды нотариустың депозитіне енгізген адамдардың қолының түпнұсқалылығын, ақшаларды қайтарғаны туралы куәландырады.
      197. Нотариустың депозиттiк есебiндегi ақша нотариустың табысы болып табылмайды.

20. Вексельдер наразылықтарын жасау

      198. Төлемеу, акцептемеу және акцепті даталамауда вексель наразылығын нотариус Қазақстан Республикасының аударылатын және қарапайым вексельдері туралы заң актілеріне сәйкес жүргізеді.
      199. Акцептемеу немесе төлем төлемеу туралы наразылық білдірілген жағдайда, нотариус вексельдегі бар не наразылық жасалуын талап еткен адамдардан алынған мекенжайларға сәйкес оларға жазбаша хабарлама жібере отырып, вексель бойынша барлық міндетті тұлғаларды бұл туралы ескертеді. Мұндай хабарламаның шығындары наразылық жөніндегі шығындарға қосылады.

21. Құжаттар мен бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау

      200. Нотариус Заңның 93-бабына сәйкес құжаттар мен бағалы қағаздарды жазбаша өтініш негізінде сақтауға қабылдайды.
      Ескерту. 200-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      201. Нотариустар сақтауға тапсырылатын құжаттар мен бағалы қағаздарды олардың мазмұнына, сондай-ақ белгілі адамға (адамдарға) тиесілігіне қарамастан қабылдайды. Куәліктің данасы нотариустың істерінде сақталады.
      202. Сақтауға қабылданған құжаттар мен бағалы қағаздарды қайтару Заңның 94-бабына сәйкес жүргізіледі.
      Құжаттарды немесе бағалы қағаздарды сақтауға тапсырған адам қайтыс болған жағдайда құжаттар немесе бағалы қағаздар мұраға құқық туралы куәліктің негізінде мұрагерлерге беріледі.

22. Теңіз наразылықтарын жасау

      203. Кеме иесінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін дәлелдерді қамтамасыз ету мақсатында нотариус Заңның 95, 96-баптарына сәйкес теңіз наразылығы туралы өтінішті қабылдайды.
      204. Нотариус капитаны өтінішінің, кеме журналы негізінде, сондай-ақ капитанның өзінен және мүмкіндігінше, кеменің командалық құрамындағы кемінде екі куәдан және кеме командасындағы екі куәдан жауап алу негізінде Заңның 97-бабының ережелері бойынша теңіз наразылығы туралы акт жасайды.

23. Дәлелдерді қамтамасыз ету

      205. Мүдделі адамдарға қажетті дәлелдер беру кейін олар үшін мүмкін емес немесе қиын тиеді деп болжауға негізі бар мүдделі адамдардың өтініші бойынша нотариус сотта немесе өзге құзыретті органда іс қозғалғанға дейін дәлелдерді қамтамасыз етеді.
      Мүдделі тұлғалар нотариуске өтініш ету сәтінде сот өндірісінде немесе басқа құзыретті органда болса, нотариус іс жөніндегі дәлелдемелерді қамтамасыз етпейді.
      206. Егер дәлелдер шетел мемлекеті органына берілетін болса, осы Ереженің 205-тармағында аталған ереже қолданылмайды. Бұл жағдайларда, мүдделі адам жүгінген сәтте іс шетел мемлекеті органдарының іс жүргізуінде жатқанына қарамастан, дәлелдер қамтамасыз етіледі.
      207. Мүдделі адам нотариусқа дәлелдерді қамтамасыз ету талап етілетін жағдайларды баяндап, дәлел болатын объектіні немесе жағдайларды көрсетіп, өтініш береді, сондай-ақ сотта немесе қандай да бір құзыретті органда қозғалған іс жоқ деген мағлұмат беріледі. Өтініш қабылдаған кезде нотариус мүдделі адамның өтініштегі қолының дұрыстығын куәландырады. Нотариус мүдделі адамға егер дәлелдерді қамтамасыз ету сотта немесе өзге құзыретті органда іс қозғалған соң жүргізілсе, мұндай қамтамасыз етудің заң талаптарына сәйкес күші болмайтындығын түсіндіреді.
      208. Дәлелдерді қамтамасыз ету туралы мәселені нотариус әрбір кезде нақты жағдайларды ескере отырып шешеді. Дәлелдерді қамтамасыз ету қажеттілігі туралы мәселені шешу кезінде нотариус болашақта дәлел алуды қиындататын немесе мүмкін емес ететін мән-жайларды анықтайды. Егер нотариус дәлелді қамтамасыз ету туралы өтініштің негізсіздігі туралы қорытындыға келсе, ол аталған нотариаттық әрекетті жасаудан бас тартады және бас тарту туралы қаулы шығарады.
      209. Нотариус дәлелдерді қамтамасыз ету тәртібінде азаматтардан жауап алады, құжаттар мен заттарды қарауды жүргізеді.
      210. Нотариус барлық мүдделі адамдарға дәлелдерді қамтамасыз ету уақыты мен орны туралы хабарлайды, алайда олардың келмей қалуы дәлелдерді қамтамасыз ету жөніндегі әрекеттерді орындауға кедергі болып табылмайды. Мүдделі адамдарға хабарламай, дәлелдерді қамтамасыз етуге кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда, немесе кейіннен іске кімнің қатысатының алдын-ала белгілеуге болмайтын кезде жол беріледі.
      Мұнда мүдделі адамдарға хабар бермеу себептері жауап алу немесе жазбаша және заттай дәлелдерді қарау хаттамасында көрсетілуі тиіс.
      211. Нотариус хаттама жасайды, онда мыналар көрсетіледі:
      1) жауап алу күні, уақыты және орны;
      2) жауап алушы нотариустың тегі мен аты-жөні, лицензиясының нөмірі мен күні, мемлекеттік нотариаттық кеңсенің атауы;
      3) жауап алуға қатысушы адамдардың тектері, есімдері және әкелерінің аттары, туған жылы мен тұратын жері;
      4) куәнің тегі, аты, әкесінің аты, оның туған жылы, тұратын жері;
      5) әдейі жалған мәліметтер беру үшін және мәліметтер беруден бас тарту үшін жауапкершілік туралы ескертілгендігін көрсету;
      6) куә жауаптарының мазмұны (қойылған сұрақтар және оған берілген жауаптар).
      Хаттаманың әрбір бетіне жауап берген адам қол қояды, ал соңғы бетке жауап алуға қатысушы адамдар мен нотариус қол қояды.
      212. Жазбаша және айғақты заттар оларды қарау жолымен қамтамасыз етіледі. Қарау нотариусқа алып келу мүмкін емес дәлелдердің тұрған жерінде жүргізіледі.
      213. Жазбаша және айғақты заттарды қарау нәтижелері туралы хаттама жасалады, онда мыналар көрсетіледі:
      Жазбаша және заттай дәлелдерді қарау кезінде хаттама жасалады, онда мыналар көрсетіледі:
      1) қарау жүргізілген күн және орын;
      2) қарауды жүргізген адам;
      3) қарауға қатысқан адамдар туралы мәліметтер;
      4) нотариаттық іс-әрекет жасауға жүгінген адамның өтінішінің мазмұны, дәлелдемелерді бекітуді кейінге қалдыруға болмайтыны туралы қорытынды жасаған нотариустың дәлелдері, қажет болған жағдайларда болжанып отырған тараптар мен мүдделі адамдар алдын ала хабарланбаған нотариаттық іс-әрекеттер жасалынған негіздемелер;
      5) дәлелдемелерді қараудың нәтижелері.
      Дәлелдемелерді қарау хаттамасына қарауға қатысушылар, нотариус қол қояды және нотариустың мөрінің бедерімен бекітіледі. Хаттаманың бір данасы өтініш берушіге беріледі, екіншісі – нотариаттық мұрағаттық қорда қалады.
      Бір беттен артық бетке жазылған хаттама нөмірленеді, бауланады және нотариустың қолымен және мөрдің бедерімен бекітіледі.

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің  
2012 жылғы 31 қаңтардағы
№ 7447 бұйрығына    
2-қосымша        

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылды деп танылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасында нотариаттық iс-әрекеттердi жасау тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 564 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 1998 жылы 30 қарашада № 8 жарияланған);
      2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы № 527-к бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1300 тіркелген);
      3. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4059 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2006 жылы 2 ақпанда № 17 (997) жарияланған);
      4. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы № 175 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2058 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2002 жылы 11 желтоқсанда № 50 жарияланған);
      5. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 7 шілдедегі № 206 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2949 тіркелген);
      6. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 271 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6512 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2010 жылы 29 қазанда № 44 (514) жарияланған; "Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 3 қарашадағы № 456 (26299), "Казахстанская правда" 16.10.2010 ж. № 274-275 (26335-26336), Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2003 ж, № 1, 758-құжат);
      7. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 29.01.2000 жылғы № 7 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1036 тіркелген);
      8. "Қазақстан Республикасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы, сондай-ақ кейбір бұйрықтарының күшін жойды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 47 қарашадағы № 325 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3191 тіркелген);
      9. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына нотариат мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 10 тамыздағы № 215 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3785 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2005 жылы 16 тамызда № 149 жарияланған).