Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі N 539 Бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Әділет Министрлігінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 7 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 2 қаңтарда N 1036 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Жергілікті қаржы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 шілдедегі N 934 P990934_ қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "2-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен келісім бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен аумақтық қаржы органдарының мүлкін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің коммуналдық меншігіне беруді қамтамасыз етсін.
      2-2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің аумақтық қаржы

 

органдары таратылсын.

     2-3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген

тәртіппен аумақтық қаржы органдарын таратуды жүзеге асырсын.".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


     Оқығандар:

     Қасымбеков Б.А.

     Омарбекова А.Т.