"Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 149 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 2 сәуірде № 18451 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 154-156 (26973-26975) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 32-бабының 2) тармақшасына сәйкес";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесінде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      1. Осы Қағидалар:

      1) мәмілелерді куәландыру;

      2) мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарды куәландыру;

      3) келісулерді куәландыру;

      4) мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды куәландыру;

      5) неке шарттарын куәландыру;

      6) өсиеттерді куәландыру;

      7) конвертті ашу және құпия өсиеттің мәтінін жариялау;

      8) сенімхаттарды куәландыру;

      9) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландыру;

      10) мұраны сенімгерлік басқарушыны тағайындау;

      11) мұрагерлікке құқық туралы куәлік беру;

      12) жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығы негізінде мүлкі бар өзге адамдардың ортақ мүліктегі үлесіне меншік құқығы туралы куәлік беру;

      13) құжаттардың көшірмелері мен олардың үзінді көшірмелерінің дұрыстығын куәландыру;

      14) құжаттардағы қойылған қолдардың төлнұсқалығын куәландыру;

      15) құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының дұрыстығын куәландыру;

      16) фактілерді куәландыру;

      17) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға беру;

      18) ақшаларды депозитке қабылдау;

      19) вексельдер наразылықтарын жасау;

      20) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау;

      21) теңіз наразылықтарын жасау;

      22) дәлелдемелерді қамтамасыз ету;

      23) атқарушылық жазбаларды жасау кезінде мемлекеттік нотариустардың және жеке практикамен айналысатын нотариустардың (бұдан әрі - нотариус) нотариаттық іс-әрекеттер жасау тәртібін белгілейді.

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде нотариустар жасайтын өзге де нотариаттық іс-әрекеттер көзделуі мүмкін.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Егер нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген жеке тұлға дене кемістігі салдарынан немесе әлде бір өзге себептермен өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша және оның қатысуымен, сондай-ақ нотариустың қатысуымен нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адамның, бұл туралы құжаттың өзіндегі мәтінде және нотариус тексерген, куәландырған жазбасында белгі жасауды құжатқа қол қоя алмау себептерін көрсете отырып, мәмілеге, өтінішке немесе өзге құжатқа басқа адам қол қоя алады.

      Нотариус қол қойған адамның әрекетке қабілеттілігін оның жеке басын куәландыратын құжатын берген кезде анықтайды.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартқанда, тоқтата тұрғанда, кейінге қалдырғанда, бас тарту, тоқтата тұру немесе кейінге қалдыру туралы қаулы шығарады (бұдан әрі - қаулы).

      Нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы қаулыда мыналар көрсетіледі:

      1) қаулы шығарған күні;

      2) нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лицензияның нөмірі мен берілген күні;

      3) нотариаттық іс-әрекет жасауға келген тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер бар болса), оның тұрғылықты жері (немесе заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері), өтініш жасаған күні;

      4) қаулы шығарған нотариаттық іс-әрекеттің атауы;

      5) нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту не тоқтата тұру не кейінге қалдырудың себептері (заңнамаға сілтемесімен);

      6) бас тарту не тоқтата тұру не кейінге қалдыруды шағымданудың тәртібі мен мерзімдері.

      Қаулы екі данада жасалынып, нотариустың қолы және мөрімен расталады және шығыс құжаттарды тіркеу кітабында тіркеледі. Бір данасы нотариаттық іс-әрекетті жасаудан бас тартылған, не тоқтата тұру не кейінге қалдырған тұлғаға беріледі немесе жолданады. Қаулының екінші данасы қаулы тапсырылған адамның қолы қойылған немесе бас тартылған немесе нотариаттық іс-әрекет жасау тоқтатыла тұрған не кейінге қалдырылған адамға пошта арқылы жіберілгені туралы белгісі бар нотариустың істерінде қалдырылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мәмілелерді куәландыру";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мүлікті иеліктен айыру туралы шарттарды куәландыру";

      43, 44, 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Меншік иесінің ортақ бірлескен немесе үлестік меншік құқығындағы мүлікті иеліктен айыру, барлық қатысушылардың келісімімен жүргізіледі.

      Нотариаттық куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді талап ететін мәмілелерді жасау кезінде, нотариус ортақ меншіктің басқа қатысушыларының мәмілелерді жасауға берген келісімі туралы нотариалды куәландыруға жататын келісімді талап етеді.

      44. Жұбайлардың біреуі жұбайлардың ортақ мүлкіне билік ету жөніндегі мәміле жасасқан кезде, егер неке шартымен мүліктің өзге тәртібі белгіленбеген болса, екіншісінің келісімі керек болады.

      Жұбайлардың некеге дейінгі кезеңде өтеусіз мәміле негізінде алған немесе мұраға алу тәртібімен алғанды қоспағанда, сондай-ақ жұбайлардың неке шарты негізінде бөлек меншік ретіндегі жұбайына тиесілі болған мүліктерді қоспағанда, жұбайлардың біреуі жылжымайтын мүлікке билік ету жөніндегі мәмілені және белгіленген тәртіппен нотариаттық куәландыруды және (немесе) тіркеуді талап ететін мәмілені жасасу үшін жұбайлардың екіншісінің нотариаттық куәландырылған келісімін не иеліктен айыруға жататын мүлік иесінің некеде тұрмайтыны туралы өтінішті талап ету қажет. Соңғы жағдайда нотариусқа неке шарты ұсынылды.

      Бұл туралы шарт мәтініне мүлік жұбайының келісімі негізінде иеленіп жатқандығы, мүлік иесінің тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы, айы, күні толық көрсетіледі, не болмаса, мүлік иесі шартты жасау кезінде некеде тұрмайтындығы, ал неке шарты болған жағдайда неке шартын куәландырған нотариустың тегі, аты, әкесінің аты, куәландырған күні және орны тізілім нөмірі мен мүліктің құқықтық тәртібі көрсетіледі.

      Ерлі-зайыптылардың неке қатынастарын нотариус неке туралы куәлік бойынша немесе Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе (бұдан әрі-БНАЖ) арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында, "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде тексереді, бұл туралы келісімге жазба жасайды және куәліктің нөмірін, берілген күнін және құжатты берген органның атауын көрсетеді.

      Мүлік иесі берген сенімхаттың негізінде мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілені куәландырған кезде, егер оған осы нотариаттық іс-әрекетті жасауға уәкілеттік берілген болса, сенім білдірілген өкілден некелік қатынасының жоқтығы туралы өтініш алынады.

      Егер жұбайының біреуі Қазақстан Республикасында ықтиярхаты жоқ шетелдің азаматы болса, сондай-ақ неке шартында жұбайлар арасында бөлінетін меншік режимі белгіленбеген болса, пәтерлер, тұрғын үйлер ("Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы), жер учаскелерін (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 23-бабында көрсетілген) сатып алу жөніндегі шарттар, нотариаттық куәландыруға жатпайды.

      45. Егер мүлікті иеліктен айыруға келісім өтініште мүліктің кімге иеліктен айырылып жатқаны, оның бағасы мен басқа да шарттары көрсетілген жағдайда нотариус осы шарттардың сақталуын тексереді.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру шартын куәландырған кезде нотариус жер учаскесіне құқығын белгілейтін, сәйкестендіру құжаттарын талап етеді және жер учаскесін меншіктенушінің (жерді пайдаланушының) оған тиісті құқықтарды иеліктен айыру жөніндегі өкілеттіктерін анықтайды.

      Бұл ретте нотариус құқық иесі туралы және құқығын белгілеуші құжатында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамалары туралы мәліметтерді құқық иесі болып табылатын жеке тұлғалардың жеке бастарын куәландыратын құжаттарымен, сондай-ақ "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" және "Заңды тұлға" мемлекеттік деректер қорының мәліметтерімен салыстырады.

      Олар құқық иесі және сәйкестендіру сипаттамалары туралы өзгерген жағдайда мәліметтері "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес міндетті мемлекеттік тіркелуі тиіс. Өзгерістерді тіркеу тіркеуші органның құқықтық белгілеуші құжатта тиісті жазба жасау арқылы жүргізіледі және қолтаңба және мөрмен бекітіледі.

      Нотариус кондоминиум құрамында тұрған тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды иеліктен айырған кезде жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын талап етпейді.

      БНАЖ арқылы "жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында нотариус мәліметтерді тексереді және жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының (МТК) тіркеу коды бар мекенжай бойынша тіркелген тұлғалардың саны туралы алушыға хабарлайды.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Нотариус рента және өмiр бойы асырауда ұстау шарттарын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 517-539-баптарына сәйкес куәландырады.";

      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Кепіл шарт мәтініне мүлік жұбайының келісімі негізінде салынып жатқандығын оның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы және жері, не болмаса кепіл беруші мүлікті иеленген уақытта некеде тұрмағандығы туралы, ал егер неке шарты болған жағдайда неке шартын куәландырған нотариустың аты, тегі, әкесінің аты, куәландыру уақыты, тізілім нөмірі және мүліктің құқықтық реті көрсетіледі.";

      3-1-тараумен мынадай мазмұнда толықтырылсын:

      "3-1-тарау. Келісулерді куәландыру";

      68-1, 68-2, 68-3, 68-4, 68-5-тармақтармен мынадай мазмұнда толықтырылсын:

      "68-1. Нотариус заңдармен мiндеттi нотариаттық куәландыру белгiленген мәмiлелердi куәландырады.

      Мұндай мәмілелерге мыналар:

      ортақ бірлескен меншікке қатысушылардың мәміле жасауға келісімі;

      басқа жұбайдың жылжымайтын мүлікке билік етуі жөніндегі мәміле және нотариаттық куәландыруды және (немесе) заңда белгіленген тәртіппен тіркеуді талап ететін мәміле жасауы үшін жұбайының келісімі;

      жұбайының суррогат ана болу шартын жасасуына екінші жұбайының келісімі;

      ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін пайдалануға жұбайының келісімі;

      бірлескен кәсіпкерлікті жүзеге асыру кезінде егер іскерлік айналымда ерлі-зайыптылардың атынан олардың біреуінің әрекет етуіне жұбайының келісімі;

      кәмелетке толмағандардың немесе әрекетке қабілетсіз адамдардың заңды өкілдерінің тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алуға келісімі);

      гемопоэздік бағаналы жасушаларын қоспағанда, адамнан тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алуға келісім;

      банктік қарыз шартын қамтамасыз етуге берілген кепілдің туындауын және өзгеруін тіркеуге кепіл берушінің келісімі;

      жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде жіберілген қателерді түзетуге мүдделі тұлғалардың келісімі;

      ата-аналардың, асырап алушылардың, қорғаншылардың немесе қамқоршылардың Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматының әуе көлігімен алып жүрусіз кетуіне келісімі;

      он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасы азаматының ата-анасының біреуімен (қорғаншысымен, қамқоршысымен) бірлесіп шетелге тұрақты тұруға кетуіне, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-анасының келісімі;

      егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болып табылған жағдайда, жеке тұлғаның заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде үй-жайды беру туралы келісімі;

      14 жастан 18 жасқа дейінгі баланың Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға келісімі;

      қорғаншы және қамқоршы органның жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгіленген кезде он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы шешімін беру кезінде некеде тұрған жағдайда, баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау кезінде жұбайының (зайыбының) келісімі;

      егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру олардың мүдделерін қозғайтын болса, өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) аралас үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің келісімі және заңнамада көрсетілген басқа да келісімдер жатады.

      68-2. Келісімді куәландыру мәмілелерді куәландырудың жалпы ережелері сақтала отырып жүргізіледі.

      68-3. Келісімде:

      - "Келісім" құжатының атауы;

      келісімді куәландыру орны мен күні; келісімге қол қойған адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні мен жері, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері көрсетілуі тиіс.

      Заңнама өкілге келісім беруге жол берген жағдайларда, мұндай келісім өкілдің өкілеттігі тиісті құжаттармен расталған жағдайда куәландырылады.

      68-4. Келісімді нотариус екі данада куәландырады, оның біреуі нотариустың істерінде сақталады. Оған қол қойған адамдардың санына қарамастан бір келісімді куәландыру бір нотариаттық іс-әрекет болып табылады.

      68-5. Заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, келісім беруден бас тартуға немесе оның шарттарын өзгертуге жол берілмейді.

      Заңнамада кәмелетке толмағандардың немесе әрекетке қабілетсіз адамдардың заңды өкілдерінің тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алуға медициналық араласу басталғанға дейін кез келген уақытта келісімін жою көзделген.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды куәландыру";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Мүлікті бөлу туралы шартты куәландыру";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Некелік келісім-шарттарды куәландыру";

      84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың некедегi (ерлі-зайыптылықтағы) және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм неке шарты деп танылады.

      Неке шарты жазбаша түрде жасалады және міндетті түрде нотариалды куәландырылуға жатады.

      Неке шарты "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 39-43-баптарының нормаларына сәйкес жасалады.";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Өсиеттерді куәландыру";

      86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Өсиеттерді куәландырған кезде өсиет қалдырушыдан өсиетке қалдырып жатқан мүлігіне құқығын растайтын дәлелдерді талап етілмейді.

      Өсиет жазбаша нысанда оның жасаған жері мен уақытын көрсетіп жасалынады және міндетті нотариалды куәландыруға жатады.";

      88, 89, 90-тармақтарды мынадай редакцияда жазылсын:

      "88. Өсиеттi өсиет қалдырушының өзі жазады не өсиет қалдырушының айтуымен куәлардың қатысуы арқылы нотариус жазады.

      Өсиетте оны жасаған жері, күні және уақыты көрсетіледі.

      Өсиет куәнің қатысуымен жасалса, өсиеттің мәтіні мен тізілімде куәнің тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), туған күні мен жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ тұрақты мекенжайы көрсетілуге тиіс. Өсиетке өсиет қалдырушының орнына қол қойған тұлғаға қатысты ұқсас мәліметтер өсиетте және тізілімде көрсетіледі.

      Өсиет жасалған кезде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1050-бабының 4-тармағында көрсетілген тұлғалар куәгер бола алмайды.

      Өсиетті нотариус өсиет қалдырушының сөзімен жазған кезде немесе нотариус қолымен жазса, жалпы қолданылатын техникалық құралды (жазу маш инкасы, дербес компьютер) пайдаланады.

      Өсиетке өсиет қалдырушы мен куәгер қол қояды (өсиетті куәгердің қатысуымен жасаған жағдайда).

      Өсиетті нотариус өсиет қалдырушының сөзімен жазған кезде өсиет қалдырушы өсиетке қол қойғанға дейін оны нотариустың және куәгердің қатысуымен оқиды.

      89. Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетті жеке өзі оқи алмайтын жағдайда болса, ол үшін оның мәтінін нотариустың қатысуымен куә жария етеді, бұл туралы өсиет қалдырушының жеке өсиетті оқи алмауының себебі көрсетілген куәландырған жазбаға дейінгі өсиет мәтініне тиісті жазу жазылады.

      Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өз қолымен қол қоя алмайтындай жағдайда болса, оның өтініші бойынша нотариустың өсиет қалдырушының және куәгердің қатысуымен өсиетке басқа адамның қолы қойылады. Бұл ретте өсиет қалдырушының өсиетке өзі қол қоя алмауының себебі көрсетіле отырып, өсиет мәтінінде және куәландыру жазбасында тиісінше жазу жазылады.

      Нотариус өсиетті куәландыруға қатысушы адамдарға, мұраны ашқанға дейін өсиеттің мазмұнына, оны жасауға, жоюға немесе өзгертуге қатысты мәліметтерді жария етпеу міндетін түсіндіреді.

      90. Өсиет қалдырушының қалауы бойынша нотариусты оның мазмұнымен таныстырмай, нотариус құпия өсиетті бір данада куәландырады.

      Құпия өсиет, оның жарамсыз болып қалу қаупі ескеріліп, өсиет қалдырушының өз қолымен жазылады және қолы қойылады, екі куәнің және нотариустың қатысуымен куәлар өз қолдарын қоятын конвертке желімденіп салынады, куәлардың қатысуымен куәлар қол қояды, нотариус куәландыру жазбасын қойып, басқа конвертке бекітіледі. Конверт нотариустың ісінде қалады.

      Құпия өсиетті куәландырған кезде нотариус өсиет берушіге Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1050-бабында көзделген өсиет нысанына қойылатын талаптарды түсіндіреді.

      Нотариус өсиет қалдырушыға құпия өсиетті қабылдау туралы куәлік береді.";

      7-1-тараумен мынадай мазмұнда толықтырылсын:

      "7-1-тарау.Конвертті ашу және құпия өсиеттің мәтінін жариялау";

      100-1, 100-2, 100-3, 100-4, 100-5, 100-6, 100-7, 100-8, 100-9, 100-10- тармақтармен мынадай мазмұнда толықтырылсын:

      "100-1. Конвертті ашуды және құпия өсиет мәтінін жария етуді өсиет қалдырушы қайтыс болғаннан кейін ғана құпия өсиет сақталатын нотариус жүзеге асырады. Өсиет қалдырушының қайтыс болу фактісі өсиет қалдырушының қайтыс болуы туралы куәлікпен расталады.

      Өсиет қалдырушының қайтыс болғаны туралы куәлік берген адам құпия өсиет сақталатын нотариусқа конвертті ашу және құпия өсиет мәтінін жария ету туралы өтініш береді, оны нотариус кіріс құжаттарын тіркеу кітабына келіп түскен күні тіркейді.

      Өтініште заң бойынша белгілі мұрагерлер туралы мәліметтер де көрсетіледі.

      100-2. Құпия өсиетті сақтаған нотариус, өсиетті жария ету күнін, орнын және уақытын және мазмұнын ашуды тағайындайды. Нотариус конверттерді ашады және өсиет қалдырушының қайтыс болуы туралы куәлік берілген күннен бастап он күннен кешіктірмей өсиетте қамтылған мәтінді жария етеді.

      Құпия өсиеттің ашылу және мазмұнының жария ету күні, уақыты мен орны туралы нотариус тұратын жері өзіне белгілі заң бойынша мұрагерлерге хабардар етеді. Егер мұрагерлердің тұрғылықты жері белгісіз болса, нотариус бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.

      100-3. Конвертті ашу және құпия өсиеттің мәтінін жариялау кезінде мұрагерлердің қатыса алмауы немесе негізсіз қатыспауы не нотариуста мұрагерлер немесе олардың тұрғылықты жері туралы мәліметтердің болмауы конвертті ашуды және құпия өсиеттің мәтінін жария етуді тоқтата тұру немесе бас тарту үшін негіз болып табылмайды.

      100-4. Конвертті ашу және құпия өсиеттің мәтінін жариялау кезінде кемінде екі куәнің болуы міндетті. Куә ретінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1050-бабының талаптарына жауап беретін нотариус, сондай-ақ өсиет қалдырушының қайтыс болуы туралы куәлікті ұсынған адам немесе заң бойынша мұрагерлер шақырған кез келген азамат бола алады.

      100-5. Құпия өсиетті жариялағаннан кейін нотариус бір данада хаттама жасайды.

      100-6. Хаттамада: құпия өсиетті ашу және жария ету туралы хаттаманың жасалған күні, уақыты және орны; құпия өсиетті куәландыру және сақтауға қабылдау күні; жария ету кезінде қатысқан адамдардың, оның ішінде куәлардың тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса); құпия өсиеттің жай-күйі (мысалы, сызылған орындардың, түзетулердің немесе өзге де кемшіліктердің болуы); Құпия өсиет болған конверттің жай-күйі, сондай-ақ құпия өсиеттің толық мәтінінің мазмұны көрсетіледі.

      100-7. Куәлар нотариус жасаған құпия өсиетті ашу және жария ету хаттамасымен танысады, содан кейін куәлар мен нотариус қол қояды.

      100-8. Ашылған конверттен шыққан құпия өсиеттің түпнұсқасы, ашылған конверттермен бірге нотариус жасаған хаттаманың түпнұсқасы, сондай-ақ өсиет қалдырушының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі нотариустың мұрағатында сақталады.

      Құпия өсиетте көрсетілген мұрагерлерге құпия өсиетті ашу және жария ету хаттамасының нотариалды куәландырылған көшірмесі беріледі.

      100-9. Нотариус конвертте өсиетті емес, мазмұны бойынша өзге құжатты анықтаған жағдайда, оның мазмұнын жария етеді. Конвертте табылған құжаттың мәтіні нотариус және куәлер қол қоятын хаттамада толық көрсетіледі.

      100-10. Егер ашылған конверт бос болса,сондай-ақ онда таза парақтар табылған жағдайда нотариус хаттама жасайды, онда өсиеттің мазмұнының орнына конверттен дәл табылғаны (немесе конвертте ештеңе табылмады) көрсетіледі.";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Сенімхаттарды куәландыру";

      101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "101. Нотариус пен нотариаттық әрекеттерді жасайтын лауазымды адамдар бiр адамның (сенім білдірушінің) атынан басқа адамның (сенім білдірілген адамның) атына cенiмхатты куәландырады.

      Өкіл тікелей өзіне қатысты, бір мезгілде өзі өкіл болып табылатын басқа адамға қатысты сенімхат бойынша іс-әрекеттер жасай алмайды.";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктердің құрылтай құжаттарын куәландыру";

      10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мұраны сенімгерлік басқарушыны тағайындау";

      115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "115. Нотариус мұраны ашқан жері бойынша, заң бойынша бір немесе бірнеше мұрагерлердің жазбаша өтініштері бойынша, сондай-ақ мұрагерлер заң бойынша болмаған немесе белгісіз болған кезде – жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша мұраға сенімгерлік басқарушы тағайындайды.

      Заң бойынша мұрагерлер келген жағдайда, сенімгерлік басқарушыны оған қажетті шығыстардың орны толтырыла және мұраның есебінен қисынды сыйақы төлене отырып, олардың талабы бойынша кері шақырылады.";

      11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мұраға құқық туралы куәліктер беру";

      121-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "121. Мұраны қабылдау:

      1) мұрагердің мұраны қабылдағаны туралы өтінішті немесе мұраға құқығы туралы куәлікті беру туралы мұрагердің өтінішін мұраның ашылған жері бойынша нотариусқа беруі арқылы.

      2) мұрагердің мұрагерлік мүлікке немесе оның бір бөлігіне нақты иелік етуі (басқаруы) арқылы жүзеге асырылады.

      Өтініш нотариалды куәландыруға жатады.

      Мұрагерлік мүлікке нақты иелік етудің дәлелдемесі:

      мұрагерлік мүліктің иеленуге немесе басқаруға түсуі;

      мұрагерлік мүлікті сақтау, оны қол сұғушылықтан немесе үшінші тұлғалардан қорғау жөнінде шаралар қабылдау;

      мұрагерлік мүлікті ұстауға кететін шығыстарды өзінің есебінен төлеу;

      мұра берушінің қарыздарын өзінің есебінен төлеу немесе үшінші тұлғалардан мұра берушіге тиісті ақшаны алуы болып табылады.";

      133-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "133. Өсиет бойынша мұраға құқығы туралы куәлікті бергенге дейін, өсиетті басқа нотариус куәландырған жағдайда, өсиет бойынша мұрагер өсиеттің сақталған жерінен өсиеттің өзгермегені және жойылмағаны туралы мәліметті нотариусқа ұсынады. Аталған мәліметтер күні қойылып, құзыретті тұлғаның қолымен және мөрімен бекітіліп, өсиетте өзінде және бөлек құжатта (өсиет мұрағатта сақталғанда) жазылуы тиіс.

      Егер өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлік құпия өсиет негізінде берілсе, онда мұра ашылған жердегі нотариусқа мұрагер мұраға құқық туралы куәлікті алу үшін құпия өсиетті ашу және жария ету хаттамасының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады.

      Конвертті ашу кезінде онда өсиет табылмағанда не табылған құжат өсиет болып табылмаған деп көрсетілген мазмұндағы құпия өсиеті бар конвертті ашу хаттамасы мұралық құқықтарды куәландыруға қабылданбайды.";

      135-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "135. Өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлік беру кезінде нотариустың мұрагерлік ісінде өсиет не құпия өсиетті ашу және жария ету хаттамасының нотариалды куәландырылған көшірмесі қалады.";

      138-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "138. Мұраға құқық туралы куәлікті беру кезінде нотариус басқа мемлекеттік нотариаттық кеңселерден, нотариустардан немесе аумақтық нотариаттық палатадан мұраның ашылған жері бойынша мұрагерлік істің және өсиеттің бар/жоқтығы туралы ақпараттық анықтаманы сұратады.

      Мұрагерлікті қабылдағаны не қабылдаудан бас тарту туралы өтінішті бірнеше нотариус қабылдаған жағдайда мұраға құқығы туралы куәлік мұрагерлік істі тіркеу кітабшасына сәйкес бірінші бастаған нотариус береді.";

      139-тармақ орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді;

      140-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "140. Мұраға құқық туралы куәлік (заң бойынша да, өсиет бойынша да) барлық мұрагерлерге бірге не олардың қалауына қарай әр мұрагерлік мүлікке әрқайсысына жеке-жеке беріледі.

      Мұрагерлік мүлікке ауыртпалықтар болған жағдайда мұраға құқық туралы куәлікті беру кепіл ұстаушының немесе ауыртпалық салған құзыретті органдарға хабарлау арқылы жүргізіледі.";

      12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығында мүлігі бар басқа адамдардың ортақ мүліктері үлеске меншік құқығы туралы куәліктер беру";

      148-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "148. Жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік берген кезде нотариус мыналарды:

      1) неке қию туралы куәлігін, егер неке бұзылған жағдайда, не бұзу туралы куәлік немесе уәкілетті органнан неке қиылған күні көрсетілген анықтама;

      2) жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарын;

      3) автокөлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін (техникалық төлқұжаты);

      4) жұбайлар мүлкінің құрамы мен мөлшерін растайтын өзге де құжаттарды талап етеді.";

      13-тарау "Мүлікті иеліктен алуға тыйым салу және тыйымды жою" алып тасталсын;

      165, 166-тармақтар алып тасталсын;

      14-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-тарау. Құжаттар көшірмесінің және олардың үзінділерінің дұрыстығын куәландыру";

      15-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Құжаттардағы қолдардың түпнұсқалылығын куәландыру";

      16-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-тарау. Құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының дұрыстығын куәландыру";

      17-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-тарау. Фактілерді куәландыру";

      18-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға беру";

      19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-тарау. Ақшаларды депозитке қабылдау";

      189-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "189. Заңнамада көзделген жағдайларда нотариус ақшаларды борышкерден депозит жағдайында, ал бағалы қағаздарды нотариустың атына сақтау жағдайында қабылдайды. Ақшаларды депозит жағдайында енгізу немесе бағалы қағаздарды нотариустың атына сақтау міндеттемені орындау болып табылады. Нотариус ақша түскені туралы кредиторға хабарлайды және оның талабы бойынша оған тиесілі ақшаны береді.

      Егер депозитке ақша енгізу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 291-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылса, нотариус кредиторға оның тараптары арасындағы шартта белгіленген тәртіппен ақша береді.";

      194-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "194. Нотариус банкте ағымды шот ашады. Шоттың ашылу және қызмет көрсету шығындарын нотариусқа жүгінген борышкер төлейді.

      "Нотариустың депозитіндегі ақша нотариустың меншігі және (немесе) оның табысы болып табылмайды.";

      197-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "197. Депозитке ақша салған адамға оны қайтаруға:

      1) пайдасына жарна жасалған адамның жазбаша келiсiмiмен;

      2) соттың шешiмi бойынша;

      3) егер ақшаны қайтару мүмкіндігі тараптардың келісімінде көзделсе, тараптардың бірі өз міндеттемелерін орындамаған кезде жол берiледi.";

      20-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Вексельдер наразылықтарын жасау";

      21-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-тарау. Құжаттар мен бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау";

      22-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-тарау. Теңіз наразылықтарын жасау";

      23-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      23-тарау. Дәлелдерді қамтамасыз ету";

      24-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Суррогат ана болу шарты";

      215-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "215. Суррогат ана болу шартын куәландырған кезде суррогат ана медициналық ұйым қорытындысының түпнұсқасын, нотариустың істерінде қалатын баланың (балалардың) денсаулық жағдайы туралы анықтаманың түпнұсқасын және баланың (балалардың) туу туралы куәліктерінің түпнұсқасын, нотариустың істерінде қалатын олардың көшірмелерін ұсынады. Егер суррогат ана некеде тұрса, онда жұбайынан осындай шарт жасасуға және суррогат ананың суррогат ана болу бағдарламасына қатысуына келісім талап етіледі, ол нотариалды куәландырылады.

      Егер суррогат ана некеде тұрмаса, бұл туралы нотариус қолдың түпнұсқалығын куәландыратын арыз іріктеледі.";

      25-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "25-тарау. Атқарушылық жазбаларды жасау".

      218, 219, 220-тармақтар мынадай мазмұнда жазылсын:

      "218. Атқарушылық жазбалар негізінде берешекті өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізілетін талаптар тізбесі Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" 92-1-бабының 2-тармағында белгіленген.

      219. Атқарушылық жазбаны:,

      егер ұсынылған құжаттар борышкердің өндіріп алушы алдындағы берешегінің даусыз екендігін растаса;

      егер талап қоюға (өтінішке) құқық туындаған күннен бастап үш жылдан аспаса, нотариус жасайды.

      Атқарушылық жазба берілетін талап үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге ескіру мерзімі белгіленген жағдайда, атқарушылық жазба осы мерзім шегінде беріледі.

      Атқарушылық жазба, егер заңнамада өзге мерзімдер белгіленбесе, ол жасалған күннен бастап үш жыл ішінде мәжбүрлеп орындатуға ұсынылады. Атқарушылық жазбаны ұсыну үшін өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      220. Борышкерден ақша сомаларын өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету үшін өндіріп алушы нотариусқа өндіріп алушы мен борышкердің тегін, атын, әкесінің атын (егер бар болса), олардың жеке сәйкестендіру нөмірі мен тұрғылықты жерін, телефон нөмірлері мен электрондық почтасының мекенжайын (олар болған кезде) қамтитын атқарушылық жазба жасау туралы өтінішті (бұдан әрі-өтініш) ұсынады.

      Егер өндіріп алушы және/немесе борышкер заңды тұлға болса, өтініште заңды тұлғаның толық атауы, оның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жерінің мекенжайы, банк деректемелері көрсетіледі, сондай-ақ бірінші басшының немесе оның өкілінің қол қоюға және өтінішті беруге өкілеттігі расталады.

      Өтініште өндіріп алушы атқарушылық жазбаны жасау кезінде борышкермен міндеттемелерді орындау және берешекті өтемеу туралы сот дауының болмауы туралы мәліметтерді де көрсетеді.

      Жеке тұлғаның өтінішіндегі қолдың түпнұсқалылығы нотариалды куәландырылады. Заңды тұлғаның атынан берілетін өтінішке бірінші басшы қол қояды, заңды тұлғаның мөрімен (болған жағдайда) бекітіледі.

      Егер заңды тұлға (шағын кәсіпкерлік субъектісі) мөрсіз жұмыс істесе, өтініш беруші қойған қолдың төлнұсқалығын нотариат куәландырады.

      Жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және олардың басшылары туралы мәліметтерді нотариус БНАЖ арқылы салыстырып тексереді.

      Өтініш кіріс құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі.

      222, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230-тармақтар мынадай мазмұнда жазылсын:

      222. Өтінішті берген кезде өндіріп алушы атқарушылық жазба жасау үшін негіз болған құжаттарды, сондай-ақ берешек есебін ұсынады. Заңды тұлға атынан ұсынылатын берешек есебіне бірінші басшы мен бас бухгалтер қол қояды.

      Ұсынылған құжаттардың негізінде нотариус борышкердің өндіріп алушы алдындағы берешегінің даусыздығын, берешек мөлшерін, мәлімделген талап бойынша мерзімнің өтіп кетуін тексереді.

      223. Атқарушылық жазба мынадай құжаттарды:

      1) нотариат куәландырған мәмілеге негізделген міндеттеме бойынша берешекті өндіріп алуға: нотариат куәландырған шарттың (келісімнің) төлнұсқа данасы не оның телнұсқасы (ақшаны қарызға aлу шартын қоспағанда);

      2) орындау мерзімі басталған және міндеттемені орындамау борышкер деп танылатын, оның ішінде дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен өндіріп алушыға жіберілген наразылыққа жауап ретінде, жазбаша мәмілеге негізделген міндеттеме бойынша берешекті өндіру үшін:

      төлнұсқа шарттар (сатып алу-сату, жеткізу, мердігерлік, тасымалдау, қызметтерді өтеулі көрсету, сақтау және т.б.);

      шарттар бойынша (тауарға ілеспе құжаттар, тауар-көліктік жүкқұжат, тауар жүкқұжаты, жүк жүкқұжаты, коносамент немесе өзге де құжат) берешекті төлеу жөніндегі борышкердің міндеті туындағанын растайтын құжаттар, екі тарап та қол қойған мүлікті (тауарды) беру туралы құжатты (қабылдау-тапсыру туралы акт, мүлікті (тауарды) беру туралы акт, мүлікті (тауарды) саны мен сапасы бойынша қабылдау туралы акт), екі тарап қол қойған атқарылған жұмыстарды (көрсетілген қызметтерді) қабылдауды куәландыратын құжат (атқарылған жұмыстарды (көрсетілген қызметтерді) қабылдау және басқалар), заказ-наряд, шот-фактура және т.б.;

      борышкердің берешек сомасын жазбаша тануын растайтын құжаттар (өндіріп алушы мен борышкер қол қойған және мөрлермен (олар болған жағдайда) бекітілген есеп айырысуларды салыстыру актісі, борышкер ақша қаражатын төлеу жөніндегі міндеттемені, акцептелген төлем талабын немесе заңнама талаптарына сәйкес ресімделген және уәкілетті тұлға қол қойған өзге де құжатты мойындайтын талапқа жауап);

      3) нотариус жасаған төленбеген төлем, акцептелмеген және сауалнамаға күн қоймау векселінің наразылығына негізделген міндеттеме бойынша берешекті өндіріп алуға: төлнұсқа вексель және нотариус жасаған төленбеген төлем, акцептелмеген және акцептке қол қойылмаған құжаттар;

      4) лизинг шартына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лизинг нысанасын талап ету үшін:

      лизинг шарты;

      лизинг алушыға өтініш бергенге дейін кемінде бір ай бұрын жіберілген лизинг нысанасын талап ету мүмкіндігі туралы жазбаша ескерту;

      лизинг алушының лизинг төлемдерін нақты төлегенін растайтын құжаттар табыс етіледі.

      Лизинг беруші "Қаржы лизингі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес мынадай жағдайларда лизинг нысанасын даусыз талап етуге құқылы:

      егер лизинг алушының лизинг нысанасын пайдалануы лизинг шартының талаптарына немесе лизинг нысанасының мақсатына сәйкес келмесе;

      егер лизинг алушы лизинг берушінің лизинг нысанасына қол жеткізуін шектесе;

      егер лизинг алушы шартта көзделген мерзімде қатарынан екі және одан да көп рет лизинг шарты бойынша лизинг төлемін белгіленген көлемде төлемесе;

      5) ломбард ұсынған кредитті қайтару мерзімі өткеннен кейін кепіл нысанасын өндіріп алу үшін борышкерге-кепіл берушіге кепілдік билеті ұсынылады;

      6) қосымша шығыстарды өндіріп алу туралы талаптарды қоспағанда, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға міндетті шығыстарға қатысуға жалтаратын, үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы міндеттеме бойынша берешекті өндіріп алу үшін:

      өндіріп алушы куәландырған қызмет көрсету шартының көшірмесі (егер өндіріп алушы басқарушы компания болса);

      тарифтерді белгілеу туралы құжаттардың көшірмелері (хаттама, үй-жайлар (пәтерлер) иелері кооперативінің жалпы жиналысының шешімінен үзінді);

      қызметтер үшін төлем бойынша берешек сомасын есептеу туралы құжат (өндіріп алушы куәландырған берешек сомасының есебімен жеке шоттың көшірмесі немесе өндіріп алушы куәландырған жеке шоттан үзінді көшірме) ұсынылады.

      Құжатта берешекті төлеу мерзімі туралы, төлем енгізу жөніндегі міндеттің пайда болу күні туралы, берешек сомасы туралы мәліметтер болады.

      7) нақты тұтынылған көрсетілетін қызметтер (электр-, газ-, жылу-, сумен жабдықтау және басқалар) үшін жария шарттар, сондай-ақ белгіленген тарифтерге сәйкес төлеу мерзімі басталған көрсетілетін қызметтер үшін өзге шарттар негізінде берешекті өндіріп алу туралы міндеттеме бойынша берешекті өндіріп алуға атқарушылық жазбаны жасау үшін:

      өндіріп алушы куәландырған жеке шарттың көшірмесі не өндіріп алушының ресми сайтында орналастырылған жария шарт (оның мазмұнымен танысу үшін), қызметтер үшін төлем бойынша берешек сомасын есептеу туралы құжат (өндіріп алушы куәландырған берешек сомасының есебімен жеке шоттың көшірмесі немесе өндіріп алушы куәландырған жеке шоттан үзінді).

      Құжатта берешекті төлеу мерзімі туралы, төлем енгізу жөніндегі міндеттің пайда болу күні туралы, берешек сомасы туралы мәліметтер болады.

      8) жалға беру шартында белгіленген мерзімде төлемдерді төлемеуіне орай жалға беру төлемдерін өндіріп алу туралы міндеттеме бойынша берешекті өндіріп алуға атқарушылық жазбаны жасау үшін: жалға беру шарты, берешекті өтеу туралы наразылық ұсынылғанда жасалады.

      9) қызметкерге есептелген, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алуда атқару жазбасын жасау үшін: еңбек шартының немесе еңбек кітапшасының көшірмесі; жұмыс берушінің бірінші басшысы, бухгалтері қол қойған және ұйымның мөрімен (болған жағдайда) расталған есептелген жалақы мөлшері туралы анықтамасы, есептелген жалақының төленбеуіне дәлел (төлем ведомосының, 1-С есептік парақтың көшірмелері, кешіктіру туралы анықтама немесе т.б.) ұсынылады.

      224. Борышкерден ақша сомасын өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету үшін нотариус түпнұсқа ұсынылған жағдайда берешекті немесе оның көшірмесін белгілейтін түпнұсқа құжатта атқарушылық жазба жасайды. Егер атқарушылық жазба берешекті белгілейтін құжаттың көшірмесіне жасалса, онда борышкердің міндеттемесін растайтын түпнұсқа құжатта, нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде тіркелген күні мен нөмірі көрсетілген атқарушылық жазбаның жасалғаны туралы белгі қойылады. Атқарушылық жазбаның жасалғаны туралы белгі нотариустың қолымен расталады және оның мөрімен бекітіледі.

      Атқарушылық жазбаның жасалғаны туралы белгі нотариустың қолымен расталады және оның мөрімен бекітіледі. Егер атқарушылық жазба құжатта сыйыспайтын болса, ол осы Ереженің 21-тармағында белгіленген тәртіппен құжатқа бекітілген парақта жазылады.

      225. Осы борыштық міндеттеме бойынша берешекті өндіріп алу бөлек-бөлек жүргізілген жағдайларды қоспағанда, әрбір борыштық міндеттеме бойынша бір атқарушылық жазба жасалады немесе тиісті қаулы беріледі.

      226. Атқарушылық жазбада:

      1) атқарушылық жазбаны жасаған нотариустың тегі және аты-жөні;

      2) өндіріп алушының атауы, оның туған күні, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефон нөмірі және электрондық адресі (болған жағдайда);

      3) борышкердің атауы, оның туған күні, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол өтініш берушіге белгілі болса), заңды тұлғаның деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі телефон нөмірі және электрондық адресі (болған жағдайда);

      4) өндіріп алу жүргізіліп отырған мерзімнің көрсетілуі;

      5) өндіріп алуға жататын соманың немесе талап етуге немесе айналысқа жататын сәйкестендіру сипаттамаларын көрсете отырып, талап етуге жататын заттардың белгіленуі;

      6) өндіріп алушы төлеген мемлекеттік баж сомасының немесе жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттеріне төленген соманың көрсетілуі;

      7) атқарушылық жазба жасалған күні (жыл, ай, күн);

      8) атқарушылық жазбаның тізілімде тіркелген нөмірі;

      9) атқарушылық жазбаны жасаған нотариустың қолтаңбасы мен мөрінің бедері қамтылады;

      10) атқарушылық жазбаның күшін жою туралы өтініш беру мерзімі мен тәртібі

      227. Нотариус атқарушылық жазба жасалғаннан немесе тиісті қаулы шығарылғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей олардың көшірмесін электрондық почта мекен-жайы бойынша немесе борышкердің соңғы белгілі тұрғылықты (орналасқан) немесе тіркелген жері бойынша беру туралы хабарламамен жеткізуді тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып, борышкерге табыс етеді немесе жібереді.

      Егер атқарушылық жазбаның немесе тиісті қаулының көшірмесі борышкерге:

      1) тараптар арасында жасалған шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайына;

      2) соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберілген болса, оның ішінде кәмелетке толған отбасы мүшелерінің бірі, көрсетілген мекенжай бойынша адаммен тұрып жатқан басқа адам алған болса;

      3) жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберілген болса, ол алынды деп есептеледі.

      Хабарламаны қабылдаудан бас тартуға байланысты курьердің ол жөнінде белгісімен хабарлама қайтарылған жағдайда, атқарушылық жазбаның көшірмесі тиісті түрде жіберілді деп есептеледі.

      Ілеспе хат шығыс құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі.

      Жеткізу бойынша шығындарды өндіріп алушы дербес төлейді.

      228. Атқарушылық жазбаның немесе пошталық хабарламаға сәйкес тиісті қаулының көшірмесін табыс еткен не өзге де байланыс құралдарын пайдалану кезінде жеткізуді тіркеген күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін және борышкер тарапынан қойылған талаптарға қарсылықтар туралы жазбаша өтініш болмаған кезде нотариус оны сот орындаушысына орындауға ұсыну үшін атқарушылық жазбаны немесе өндіріп алушыға тиісті қаулыны борышкердің тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бойынша береді;

      229. Егер борышкерден он жұмыс күні ішінде өзіне қойылған талапқа жазбаша қарсылық келіп түссе, нотариус мәлімделген талапқа қарсы қарсылық алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық жазбаның немесе тиісті қаулының күшін жою туралы қаулы шығарады;

      230. Борышкердің қарсылығы нотариусқа жеке беріледі не хабарламамен жіберіледі және кіріс құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі.

      Жеке тұлғаның өтінішінде қойылған қолдың төлнұсқалығын нотариат куәландырады.

      Заңды тұлғаның атынан берілетін өтінішке бірінші басшы қол қояды, заңды тұлғаның мөрімен (болған жағдайда) бекітіледі. Егер заңды тұлға (шағын кәсіпкерлік субъектілері) мөрсіз жұмыс істесе, өтініш берушінің қолының түпнұсқалылығы нотариалды куәландырылады.";

      232-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "232. Атқару жазбасының немесе тиісті қаулының күшін жою туралы қаулының көшірмелері өндіріп алушы мен борышкерге ол шығарылғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      Атқарушылық жазбаның немесе тиісті қаулының күшін жою туралы қаулы дау айтуға жатпайды.

      Егер жасалған атқарушылық жазба немесе тиісті қаулы борышкердің қарсылығы бойынша нотариустың қаулысымен күшін жоймаса, оларға дау айту сот тәртібімен жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.