"Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 406 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 26 желтоқсанда № 8230 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 961 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 41-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

41

«Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңінің жобасын әзірлеу және енгізу

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы

ККМ, МАМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері

2012 жылғы 1 қараша

2012 жылғы 1 желтоқсан

»;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 41-1-жолмен толықтырылсын:

«

41-1

«Ақпараттық Қазақстан – 2030» мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңінің жобасын әзірлеу және енгізу

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы

ККМ, МАМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері

2019 жылғы 1 қараша

2019 жылғы 1 желтоқсан

».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов