Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 257 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 тамызда № 9710 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 649 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 833 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 28.12.2015 № 649 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.12.2015 № 833 (01.01.2016 бастап күшіне енеді) бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 10 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2012 жылғы № 1):
      нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесінде:
      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер Заңның 3-бабына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мақсатта және тәртіппен ұсынылады»;
      2) «Нотариаттық қызмет саласындағы тексеру парағының нысанын және тәуекел дәрежесінің бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 245 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7100 тіркелген, 2012 жылғы 15 мамырдағы № 236-241(27315) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
      мемлекеттік нотариустардың қызметін тексеру парағының нысанында:
      4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

4

«Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын мемлекеттiк нотариустардың сақтауы



                                                                 »;
      жеке практикамен айналысатын нотариустардың (жекеше нотариустар) қызметін тексеру парағының нысанында:
      5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

5

«Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын жекеше нотариустардың сақтауы



                                                                 »;
      нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесінің өлшемдерінде:
      6-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылғаны үшiн «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшiн - 5 балл, "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшiн - 5 балл, «Жекеше нотариустарды азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң келiсiм-шарты болмағандығы анықталғанда - 10 балл;».
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымге жүктелсін.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                                     Б.Имашев