Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 26 қыркүйекте № 7204 тіркелді

Жаңартылған

      «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 13-бабының 10) тармақшасына және халықаралық автомобиль тасымалдары туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес БҰЙРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдауға рұқсат беру қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н.Барменқұлов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С.Дүйсенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     Б. Камалиев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
      төрағасы (Монополияға қарсы агенттік)
      М.Т. Есенбаев ___________________
      2011 жылғы «___» _______________

Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрінің
2011 жылғы 24 тамыздағы 
№ 523 бұйрығымен    
бекітілді       

Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат ету қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат ету (бұдан әрі – Қағида) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.
      2. Қағида Қазақстан Республикасының автомобильмен тасымалдаушыларына халықаралық автомобильмен тасымалдауларды жүзеге асыруға рұқсат ету куәлігін және рұқсат ету карточкасын беру тәртібін айқындайды, олар мынадай автокөлік құралдарының иелері үшін міндетті:
      1) Жүк автомобильдері (тіркемені қоса алғанда рұқсат етілетін пайдалы жүктемесі 3,5 тоннадан асатын);
      2) Жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған мамандандырылған автомобильдер.
      3. Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауға мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткен автокөлік құралдары жіберіледі.
      3.1. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін – Қазақстан Республикасының автомобильдік тасымалдаушыларына халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беретін құжат (бұдан әрі - Рұқсат);
      2) автокөлік құралына рұқсат карточкасы – автокөлік құралын халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруда пайдалануға рұқсат беретін құжат (бұдан әрі – рұқсат карточкасы).
      Ескерту. Қағида 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 22.12.2012 № 904 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Рұқсат және рұқсат карточкасы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – ХКО) не www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-портал арқылы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары осы) Қағидаға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша бередi.
      Рұқсат (Рұқсат телнұсқасын) және рұқсат карточкасын алу үшін отандық тасымалдаушы:
      1) Халыққа қызмет көрсету орталығына;
      2) www.elicense.kz «Е-Лицензиялау» веб-порталы арқылы жүгінеді.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.12.2013 № 1030 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Рұқсат етуді және Рұқсат ету карточкасын беру тәртібі

      5. Автокөлiк құралына Рұқсат (Рұқсат телнұсқасын) және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшiн отандық тасымалдаушылар мынадай құжаттарды:
      1) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшiн өтiнiштi;
      2) автокөлiк құралдарын жалға алу шарттарының көшiрмесiн (болған кезде);
      3) тахографты тексеру туралы сертификаттардың көшiрмесiн (жүргiзушiлердiң еңбек және тынығу режимiн тiркеудiң бақылау құрылғысы) ұсынады.
      4) Рұқсат немесе оның телнұсқасы берілгені үшін мемлекеттік бажды төлеуді растайтын құжатты.
      Аумақтық органдар Рұқсат (Рұқсат телнұсқасын) және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшiн өтiнiштi үш жұмыс күнi iшiнде қарайды.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.12.2013 № 1030 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасын алуға өтініш жеке кәсіпкердің және заңды тұлғаның тіркеу орындары бойынша аумақтық органдарға беріледі.
      7. алып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 22.12.2012 № 904 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. алып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 22.12.2012 № 904 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Аумақтық органдар Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету Аумақтық органдар Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын беруден мынадай:
      1) осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес пакетін ұсынған;
      2) сол бір автокөлік құралына қолданыстағы рұқсат карточкасы бары анықталған жағдайларда бас тартады.
      Бұл ретте отандық тасымалдаушыға өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап жіберіледі.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 22.12.2012 № 904 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      10. Автокөлік құралдары паркі ұлғайтылған кезде отандық тасымалдаушы осы Қағиданың 5-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 22.12.2012 № 904 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. Осы Қағиданың 14-тармағында көзделген жағдайларда жаңа Рұқсат (Рұқсат телнұсқасын) және (немесе) рұқсат карточкасын алуға арналған өтiнiштi аумақтық орган өтiнiш берілген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қарайды.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.12.2013 № 1030 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      12. Рұқсат ету және рұқсат ету карточкасының мерзімі шектелмеген. Жалға алынған автокөлік құралының мерзімі жалға алу шартының мерзіміне байланысты айқындалады.
      13. Рұқсат ету карточкасы әрбір автомобиль тартқышқа және жартылай тіркемеге (тіркемеге) бөлек ресімделеді.

3. Жаңа Рұқсат етуді және рұқсат ету карточкасын беру

      14. Отандық тасымалдаушыға жаңа Рұқсат (Рұқсат телнұсқасы) және (немесе) рұқсат карточкасын мынадай:
      1) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, атауы, орналасқан жері өзгерген;
      2) заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгерген және қайта ұйымдастырылған;
      3) Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасы жоғалған, бүлініп қалған (зақымдалған);
      4) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін ауыстырған;
      5) автокөлік құралын сатып алған немесе жалға алған жағдайларда беріледі.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.12.2013 № 1030 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      15. Осы Қағиданың 14-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда жаңа Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшiн отандық тасымалдаушы осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш ұсынады.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.12.2013 № 1030 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16. Осы Қағиданың 14-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда жаңа Рұқсат (Рұқсат телнұсқасын) алу үшiн отандық тасымалдаушы осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi және мыналарды ұсынады:
      1) жоғалған жағдайда – бұқаралық ақпарат құралдарында Рұқсаттың жоғалғаны және жарамсыз деп тану туралы хабарландыру орналастырылғанын растайтын құжатты;
      2) бүлiнiп қалған (зақымдалған) жағдайда – бүлiнiп қалған немесе зақымдалған Рұқсатты;
      3) Рұқсат немесе оның телнұсқасын берілгені үшін мемлекеттік баж салығын төлеуді растайтын құжат.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.12.2013 № 1030 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16-1. Осы Қағиданың 14-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда жаңа рұқсат ету карточкасын алу үшiн отандық тасымалдаушы осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi және мыналарды ұсынады:
      1) жоғалған жағдайда – бұқаралық ақпарат құралдарында рұқсат карточкасының жоғалғаны және жарамсыз деп тану туралы хабарландыру орналастырылғанын растайтын құжатты;
      2) бүлiнiп қалған (зақымдалған) жағдайда – бүлiнiп қалған немесе зақымдалған рұқсат карточкасын.
      Ескерту. Қағида 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.12.2013 № 1030 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17. алып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 22.12.2012 № 904 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      18. алып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 22.12.2012 № 904 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Сондай-ақ осы Қағиданың 8-тармағында көрсетілген мерзімде басқа аумақтық органдарға өтініште көрсетілген автокөлік құралдарынан басқа рұқсат ету карточкасы бар болуы туралы сұрау салу жіберіледі.
      19. Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасының қолданысы мынадай жағдайларда тоқтатылады:
      1) заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесінде жеке кәсіпкердің қызметі таратылғанда немесе тоқтатылғанда;
      2) автокөлік құралдарының тіркеу деректері өзгергенде;
      3) автокөлік құралдарының жалға алу мерзімі өткенде.
      20. Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасы басқа отандық тасымалдаушыларға берілуге жатпайды.

4. Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасын есепке алу 

      21. Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасы қатаң есептегі бланкі болып табылады, типографиялық әдіспен дайындалған нөмірі, есептік сериясы, кемінде үш қорғау дәрежесі болады.
      22. Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасын жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға, Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4815 нөмірімен тіркелген, «Бастапқы есеп құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 216 бұйрығының 6-қосымшаға сәйкес нысандағы бекітілген сенімхат болған кезде тауар құжаттамасы бойынша беру жүзеге асырылады.
      23. Аумақтық органдар берілген Рұқсат ету және рұқсат ету карточкасын есепке алуды жүзеге асырады.

Халықаралық автомобиль жүк
тасымалдауды жүзеге асыруға
автомобильмен тасымалдаушыға
рұқсат беру қағидасына
1-қосымша

___________________________________
(көліктік бақылау органының атауы)

Қазақстан Республикасының елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Халықаралық жүк тасымалын автомобильмен жүзеге асыруға

РҰҚСАТ БЕРУ КУӘЛІГІ

Тіркелу № ________ 20___ жылы ______________

Куәлік иесі__________________________________________________________
      (ұйымдастыру–құқықтық нысаны және заңды тұлғаның атауы;
_____________________________________________________________________
      құжаттың атауы мен деректері
_____________________________________________________________________
      жеке кәсіпкердің жеке куәлігі)
_____________________________________________________________________
      (сериясы, нөмірі, кіммен және қашан берілген),
Орналасқан мекенжайы_________________________________________________
                       (заңды тұлға үшін – заңды мекен-жайына _____________________________________________________________________
      жеке кәсіпкер үшін – тұрғылықты жерінің мекен-жайы)
_____________________________________________________________________

Осы куәлік иесі халықаралық жүк тасымалын автомобильмен жүзеге асыруға жіберілгенін растайды.

МО ______________________________________ _____________
     (мемлекеттік органның басшысының қолы) (Т.А.Ж.)

Халықаралық автомобиль жүк
тасымалдауды жүзеге асыруға
автомобильмен тасымалдаушыға
рұқсат беру қағидасына
2-қосымша

________________________________
(көліктік бақылау органын атауы)

---------------------------------------------------------------------
Алдыңғы жағы ---------------------------------------------------------------------

АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА РҰҚСАТ БЕРУ КАРТОЧКАСЫ (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮК ТАСЫМАЛЫНА)

№ 000000 сериясы

---------------------------------------------------------------------

Басқа жағы

---------------------------------------------------------------------

Тіркеу № 000000

      Рұқсатқа тіркелу куәлігіне № ____ от ________ 20 __ жыл
      Жарамды _____ ________ 20 __ жыл
      Жүк автомобилінің маркасы: ____________________________________
      Тіркелу белгісі № _____________________________________________
      Куәлік иесі: __________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ МО ____________________________________ _______________________
      (мем. орг. басшысының қолы) (Т.А.Ж.)

---------------------------------------------------------------------

      Ескертпе:
      Жолды толтыру кезінде «Жарамды» жалға алу шарты бойынша – оның қолданыс мерзімінің аяқталуы, жүк автомобилін пайдаланған жағдайда рұқсат беру карточкасының қолданысының аяқталуы қойылады. Рұқсат карточкасының тіркелу нөмірі Куәліктің толық қолданыс мерзімінде сақталады.

Халықаралық автомобильмен жүк
тасымалдауды жүзеге асыруға
автомобильмен тасымалдаушыға
рұқсат беру қағидасына  
3-қосымша        

нысан
_________________________________
(көліктік бақылау органының атауы)

Рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын алуға
ӨТІНІШ

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 22.12.2012 № 904 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)._____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) немесе
                          заңды тұлғаның атауы)

      Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру
куәлігін және рұқсат карточкасын мынадай автокөлік құралдарына беруді өтінемін:

р/с

Автокөлік құралының маркасы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Ескертпе

















ЖСН/БСН _____________________________________________________________
Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
_____________________________________________________________________
                        (№ және қашан берілген)
Мекенжайы ___________________________________________________________
           (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, № үй, телефон,
                                 факс)
Қоса берілетін
құжаттар:____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

__________________                  _________________________________
   (қолы)                               (Тегі, Аты, Әкесінің аты)

Мөрдің орны:
20 ___ жылғы «____» __________
20 ___ жылғы «____» __________ өтініш қарауға қабылданды
_____________________________________________________________________
       (Мемлекеттік органның жауапты адамның Т.А.Ә., қолы)

Халықаралық автомобильмен жүк
тасымалдауды жүзеге асыруға 
автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат
беру қағидасына     
4-қосымша        

нысан           
________________      
(көліктік бақылау органының атауы)

Рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын алуға
ӨТІНІШ

      Ескерту. Қағида 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 22.12.2012 № 904 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

_____________________________________________________________________
      (дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
                           немесе заңды тұлғаның атауы)

      Мынадай автокөлік құралдарына:
      1) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, атауы, орналасқан жері өзгеруіне;
      2) заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгеруіне және қайта ұйымдастырылуына;
      3) Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасы жоғалуы, бүлініп қалуына (зақымдалуына);
      4) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін ауыстыруға;
      5) автокөлік құралын сатып алуға немесе жалға алуға (қажетінің
астын сыз) байланысты жаңа Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге
асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беруді өтінемін.

р/с

Автокөлік құралының маркасы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Ескертпе

















ЖСН/БСН
_____________________________________________________________________

Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
_____________________________________________________________________
                        (№ және қашан берілген)
Мекенжайы ___________________________________________________________
                  (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, № үй,
                              телефон, факс)
Қоса берілетін
құжаттар: ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

__________________                  _________________________________
   (қолы)                               (Тегі, Аты, Әкесінің аты)

Мөрдің орны:
20___ жылғы «____» __________
20___ жылғы «____» __________ өтініш қарауға қабылданды
_____________________________________________________________________
      (Мемлекеттік органның жауапты адамның Т.А.Ә., қолы)